Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Колчакты қазақтың төбе биі етіп сайлады», –



бет56/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   242
«Колчакты қазақтың төбе биі етіп сайлады», – деп дуылдасқан большевиктер, соның ішінде бас лабашы С.Меңдешев тура осы арада неғып «Батыс Алашорданы» Бас «Алашордадан» бөліп тастады?

Демек, бұл: С.Меңдешев Халел Досмұхамедовті – «қарақшы», «монархист», «анархист» ретінде көрсетіп, оны әскери трибунал арқылы ешқандай сотсыз, табан астында атып тастауға барынша мүдделі болған, – деген жорамал жасауға негіз қалайды. Жалпы «Батыс Алашордаға» байланысты кеңестік мінездемелердің барлығында да Х.Досмұхамедовке тек қана «қара бояу» жағылып, көсем ретінде танылған Жаһанша Досмұхамедовке «немкетті мінездемелер» беріледі. Әйгілі белсенді Ә.Әйтиевтің өзі оған қарата:



«Ал Жаһанша Досмұхамедов – заңгер, шешендік қабілеті өте мықты, көзқарасы жағынан түсініксіздеу, ақ көңіл, ерік-жігері әлсіздеу, орыс тақылеттес интеллигент, саяси жағынан толысқан саналы адам», деп баға береді.

Ал С.Меңдешев болса оны:«Ал Жаһанша Досмұхамедұлы жергілікті халықты қорғап, казактардың ұрып-соғуына өзінше тойтарыс беруге тырысқан», деп қорғай сөйлейді.

Ал осы «ал», «алдың» астарында қандай сыр бар? Әлде Ж.Досмұхамедовтің Тұрар Рысқұловпен бажалығы «алдатып» отыр ма?

Қалай десек те, дәл осы кезде кеңестің құрғақ уәдесіне сеніп Мәскеуге келген бес қайраткер өздерінің шартсыз кепілдікке алынып, биресми үкімсіз мырзақамақта отырғанын түсініп, шарасыздықтан қолдарына қалам ұстады. Сөйтіп:



«Біз, Алашорда өкілдері, Москваға келіп тұрып жатқанымызға бір айдан астам уақыт өтті, осы уақытқа шейін біздің шақырылуымыздың себебін түсіндіруді, осыған байланысты мәселелерді мүмкіндігінше тезірек қарауды өтінеміз. Біздің отбасыларымыздың Орынборға жақын жерде мүлдем панасыз қалуы да бұл өтінішті жазуға себеп болып отыр, олардың арасында, біз кеткенде, өкпе ауруымен, сүзекпен (тиф) ауырғандар да болды. Егер осы баянхатта айтылған басты пікірлерді дәлелдеуге айғақтар қажет болса, біз керекті құжаттарды көрсетуге және Кеңес өкіметі басшыларының күдігін туғызбайтын адамдардың түсініктері мен жауаптарын беруге әзірміз.

Қорыта айтқанда, біз, Алашорда өкілдері, өзіміздің Қазақ өлкесіндегі саяси басшылық пен Уақытша Үкіметтің басшылығына халықтың өз таңдауымен, халықтың қалауымен келгенімізді мәлімдеуді қажет деп есептейміз. Қиын-қыстау кезеңде басшылықта болған біз, өз шама-шарқымыз бен мүмкіндігімізге қарай өз халқымыздың еркін, қалауын жүзеге асыру жолында қызмет істедік. Сеніп тапсырылған билікті өз еркімізбен Қазәскериревкомға бере отырып, біз: бұл әрекет қазақ халқының мүддесіне қайшы келмеу керек деген пікірге сүйендік, өйткені, Қазревком да біз қызмет еткен идеяға, Қазақ өлкесін автономиялық басқару идеясына қызмет етеді немесе қызмет етуге тиіс деп сенеміз. Әзірге: жалпы Мемлекеттік билік жағдайында өзін-өзі сақтап қалу мақсатымен қазақ халқының дербес мемлекеттік аппараты болуға тиіс деген саяси көзқарасты ұстана отырып, біз: Қазақ өлкесін басқаратын жоғарғы органдарға міндетті түрде қатысуымыз керек деген ниеттен аулақ екенімізді мәлімдейміз. Сонымен бірге: өлкедегі автономиялық билікті жүзеге асырушылардың қандай да болсын саяси сенім, нанымдарына қарамастан, біз өзіміздің барлық күш-жігеріміз бен білімімізді, еңбегімізді қазақ өлкесінің гүлденуі үшін жұмсауға әзір екенімізді де білдіреміз.

Біз тек: тағы да «өңін айналдырған» ұлы державалық үстемдік пен құлдықтың орнауына, сондай-ақ қазақтардың тағы да ұлы державалық ұлттың саяси қызметшісі мен қолшоқпарына айналуына барлық жан-тәнімізбен қарсымыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет