Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


«Түрік-татарлардың «Алашорда» үкіметін мойындамау керек, оларды тек қана мәдени автономия ретінде тануға тиіспіз»



бет64/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   242
«Түрік-татарлардың «Алашорда» үкіметін мойындамау керек, оларды тек қана мәдени автономия ретінде тануға тиіспіз»,– деп «Алашорда» үкіметінің почта байланысын тегін пайдалануына тыйым салды, Р.Марсеков қазақ комитетінің төрағасы, жалпыалаш сотының бас соты ретінде :

«Егерде үкімет мекемелері «Алашорданы» мойындамаған жағдайда онда қазақ халқы Сібір үкіметінің ешқандай талабын да, өкімдерін де орындамайды. Сібір үкіметінің бірде бір өкімі жергілікті жерде таратылмайды»,– деп мәлімдеп, жергілікті байланысты үзіп тастады.

Армияны жасақтауға қатты кедергі келтіретін мұндай қатаң шараға орай Министрлер кеңесі арнайы тексеру ұйымдастырды, Крот Ішкі істер министріне құпия ілеспе хат жолдап, өзінің Р.Марсековпен ешқандай жеке басының араздығының жоғын айтып, онымен татуласудың амалын қарастыруды өтінді. Большевиктердің ықпалындағы семинария оқытушысы Н.Құлжановтың арнайы жарғысы жасалмаған қазақ сотын сынаған мақаласына орай «Жалақорға жауап» атты мақал жазып, онда:



«Заңның күрделі мәселелеріне жолбикелердің жол көрсетуі ортақ іске пайда әкелмейді... Меніңше, Құлжанов, бүкіл бір халықтың құқықтық кодексін жазып шығуды – газет үшін сүйкете салған жалақорлық мақала сияқты жеңіл іс деп ойлайтын болуы керек... Төңкеріс тұсында неше түрлі қылмыстылар бас көтерді, қыр еліндегі мұндай жағдайға қарсы шұғыл күресуді қажет етеді, комиссия шақырып, кодекстің баптарын, айлап, жылдап талқылайтын уақыт жоқ. Сондықтан да осы уақытқа дейін елімізде қолданылып келген заңдарға сүйене отырып уақытша ұлттық сот құрылды»,– дей келіп, Н.Құлжановтың пікірлерінің тиянақсыздығын дәлелдеп, оның большевиктердің пайдасына тыңшылық еткен қызметі үшін айыптады.

Ұсақ-қарыз мойынсеріктігін жолға қойып, одан түскен пайданы оқу ағарту, денсаулық, мал емшілігі ісіне жұмсауды ұсынды және оған қол жеткізу үшін:



«Жер басқармасы мәслихаты: осы жылдың 6 ақпан күнгі тұрғындарды астықпен, күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуді басқарманың қарауына беру туралы ұсынысынан бас тартпайды, өйткені, ерекше өкілдердің құзыры тұрғындардың талабына жауап бере алмайды. Жоғарыда аталған өкілдердің тұрғындарды қамтамасыз етуге атсалысатынын ескере отырып, тұрғындардың сұранысын қанағаттандыратын шараға жер басқармасы тікелей айналысуы тиіс, сондықтан да облыстық басқарманың жанынан азық-түлік бөлімін ашу, оған мойынсеріктер мен өзге де қоғамдық ұйымдарды тарту ерекше қажетті шара болып табылады»,– деген (Д.Аманжолова. На изломе. Стр:180-381) ұсыныс айтып, қаулы қабылдатты.

Өйткені, азық-түлік мәселесі, ол кезде өмір мен өлімнің құнымен пара-пар еді. 1922 жылы кеңес өкіметі «Алашорда» қайраткерлерін жаппай қуғынға алып, Ә.Бөкейханов пен М.Дулатовты түрмеге қамаған тұста Р.Марсеков те жауапқа тартылады. Ол өзіне қойылған:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет