Учебно методический


Тапсырма №14. Нәресте физиологиясы, анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалау



бет93/199
Дата06.02.2022
өлшемі5,99 Mb.
#79374
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199
Байланысты:
УМКД Акушерство каз. 4 курс ОМ

Тапсырма №14. Нәресте физиологиясы, анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалау.

Қорытынды тест сұрақтары


1. Ұрық қанайналымына тән:
А) овалды тесіктің жабық болуы
Б) төменгі қуыс венада аортаға қарағанда қан құрамында оттегі көбірек
В) төменгі қуыс венада аортаға қарағанда қан құрамында оттегі азырақ
Г) венозды өзекте қан венозды
Д) кіндік веналарында қан венозды
2. Жаңа туған нәресте салмағы 3000,0, 5-тәулікте 2800,0 дейін төмендеді. Салмақ жоғалтуды бағала:
А) физиологиялық
Б) патологиялық
В) шекаралық
Г) болатын
Д) шамадан көп

3. Мерзімі жеткен нәрестенің туылғаннан кейін 1 мин соң тыныс алуы минутына 40-60 тең, ЖСЖ 120 минутына, тері түсі цианозды, гипотония и гипорефлексия байқалады. Апгар бойынша бағала:


А) 6 балл
Б) 7 балл
В) 8 балл
Г) 9 балл
Д) 10 балл

4. Мерзімі жеткен нәрестенің туылғаннан кейін 5 мин соң тыныс алуы минутына 40-60 тең, ЖСЖ 140 минутына, тері түсі алқызыл, рефлекстер и тонусы жақсы. Апгар бойынша бағала:


А) 6 балл
Б) 7 балл
В) 8 балл
Г) 9 балл
Д) 10 балл

5. Нәрестенің мерзімі жеткендігін көрсетеді:


А) нәрестенің жүрек соғысының жағдайы
Б) нәрестенің физикалық даму ерекшелігі
В) Биша май көлемі
Г) жүктілік мерзімі
Д) дене салмағы

6. Нәрестенің физиологиялық жағдайына жатады:


А) кефалогематома, транзиторлы дене қызуы, токсикалық эритема
Б) транзиторлы дене қызуы, токсикалық эритема, жыныстық криз
В) жай эритема, босану ісігі, везикулопустулез
Г) босану ісігі, везикулопустулез, жыныстық криз
Д) транзиторлы гипербиллирубинемия, босану ісігі, везикулопустулез

7. Қалыпты жағдайда нәрестенің гемоглобин деңгейі:


А) 100-119 г/л.
Б) 120-140 г/л;
В) 150-160 г/л;
Г) 160-170 г/л;
Д) 183-233 г/л

8. Емшекпен емізуге абсолютті қарсы көрсетілімдер:


А) шала туу
Б) жыныстық криз
В) галактоземия
Г) Даун синдромы
Д) кесар тілігінен кейінгі кезең

9. Тек емшек еметін балалар физикалық және ойлау жағынан дамудан қалмайды, себебі сүт құрамында:


А) таурин
Б) глобулиндер
В) альбуминдер
Г) триглицеридтер
Д) майда еритін витаминдер

10. Жаңа туған нәресте қызда туған соң 4 күні жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөлінділер пайда болды. Алдын ала қойылған диагноз:


А) геморрагиялық ауру
Б) жыныстық криз
В) босану ісігі
Г) туа пайда болған ақау
Д) вульвовагинит
№4 БЛОК. Босану физиологиясы.

Тапсырма №14. Нәресте физиологиясы. особенности анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Жаңа туған нәрестенің жағдайын бағалау.


Қорытынды тест сұрақтарының жауаптары:



  1. Б

  2. А

  3. А

  4. Д

  5. Г

  6. Б

  7. Д

  8. В

  9. А

  10. Б

5 Блок. Босану патологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет