сканер кӛмегімен датчик сигналы ӛлшенеді (оның деңгейі — жоғары
немесе тӛмен);
■
газ талдағышпен катализаторлық нейтрализатор алдындағы арнайы тесік
арқылы СО, СН және О
2
концентрациясы ӛлшенеді, ал мотор-тестер
немесе сканер кӛмегімен арнайы тест бойынша қозғалтқыш жұмысының
әртүрлі тәртібінде оттегі (Х-зонд) датчигінің шығысында кернеу ӛлшенеді;
■
осциллограф және мультиметрмен қозғалтқыштың білігі әртүрлі жиілікпен
айналған кездегі ауа датчигінің сымындағы сигнал кернеу ӛлшенеді;
■
сканермен контроллерді реттеу бағдарламасы тексеріледі;
■
сканер, мотор-тестер және стробоскоп кӛмегімен оталдыру жүйесінің
кӛрсеткіштері, оның ішінде разряд ұшқынының ұзақтылығы, қосалқы
кернеудің мәні, оталдыру білтелерінен ӛтетін кернеу және оталдыруды
ерте тұтату бұрыштары ӛлшенеді;
■
орнында от алып тұру реттегішінің, дроссельді қақпағы күйі датчигінің
жұмыс қабілеті мен электр кӛрсеткіштері және оны дроссельдік келте
құбырға дұрыс орнату анықталады;
■
ауа шығынын ӛлшейді, датчигі арқылы сорылатын кӛлемді ауа шығыны
ӛлшенеді және «СО кӛлемі» реттейтін реттеуіштің бұрандасы тексеріледі;
■
ақаулар кодтарын оқу жолымен электрондық блоктың ӛзін-ӛзі
диагностикалау қондырғысы тексеріледі;
■
қызмет кӛрсетілгеннен кейін және қажетті ағымдағы жӛндеу
орындалғаннан кейін контроллер жадысынан ақау кодтары жойылады.
Сканер болмаған кезде ақау кодтарын диагностикалық қалыптың белгілі
шығыстарын тұйықтап, аспаптар тақтасындағы жарық табло немесе
сигнализатор қосылыстарының саны бойынша оқуға болады. Мысалы, ГАЗ
қозғалтқыштары үшін бұл шығыстар «10» және «12» (2.3-сурет). Сонымен бірге
бастапқыда 12 коды 3 рет, содан кейін жүйенің
ақауын кӛрсететін кодтар пайда болуы тиіс, мысалы:
■
15 немесе 13 — жоғары қысым датчигі
тізбегіндегі қысқа тұйықталу;
■
16 — жоғары қысым датчигі тізбегіндегі үзілу;
■
21 немесе 14 — салқындатқыш сұйықтықтың
температурасы датчигі тізбегіндегі қысқа
тұйықталу;
Достарыңызбен бөлісу: