В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет10/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

Шашырап тарауы көп трансформатор. 
Магниттік ағынның 
шығындарын азайтуға тырысатын қалыпты мақсаттағы ток күші 
трансформаторларына (пісіру емес) қарағанда, ұлғайтылған 
шашырап тарауы бар пісіру трансформаторларында керісінше, 
магниттік шығындар ағыны ұлғайтылады. Бұл магниттік 
ағындардың бір бөлігі магнитөткізгіштен тыс ауада тұйықталатын 
және шашырайтын, алғашқы және екінші орамдарды бір-бірінен 
барынша алшақ орналастыру есебінен қол жеткізіледі. Нәтижесінде 
жүктеме тогының ұлғаюымен екінші орамның магниттік ағыны 
төмендейді. Бұл трансформатордың тік құламалы сыртқы 
сипаттамасының 
құрылуын 
анықтайды. 
Әдетте 
мұндай 
трансформаторлардың цилиндрлік (дискілік сирек) алғашқы және 
екінші орамдары және өзекшелі магнит өткізгіші болады. 
Ұлғайған 
шашырап 
тарауы 
бар 
трансформаторлар 
электрмагниттік сұлбасына және реттеу тәсіліне қарай қозғалмалы 
магниттік шунты бар, үстеме магниттелетін шунты бар және 
реактивті орамы бар болып бөліненді. 
Ұлғайтылған шашырап тарауы бар трансформаторлардың жұмыс 
режимін реттеу олардың алғашқы және екінші орамдарының 
айналымдар санын өзгерту көмегімен жүргізіле алады, бұл жерде 
бос жүрістің кернеуі және оған пропорционал екінші (пісіру) тогы 
өзгеріске ұшырайды.
Алғашқы орамның айналымдар санын өзгерту көмегімен жұмыс 
режимін реттеу барысында магнит өткізгіштің қимасын өсіруге тура 
келеді, ал екінші орамның айналымдар санын өзгертумен реттеу 
барысында— ораушы сымның қимасын өсіру керек, сондықтан да 
24 


айналымдық реттеу сирек және өзге тәсілдерге қосымша ретінде 
пайдаланылады. 
Магнит өткізгіштің биіктігі бойынша орамдарды ажырату 
есебінен магниттік ағындарды өзгерту немесе магнит өткізгіштің 
терезесіне магнит материалдан жасалған қозғалмалы шунттарды 
енгізу көмегімен пісіру тогын реттеу неғұрлым кең таралған. 
Автоматты және электрқожжы пісіру үшін пайдаланылатын 
неғұрлым қуатты трансформаторларда магниттік шунттармен – 
магнит өткізгіштің терезесінде орналастырылған және төмен кернеу 
тогымен 
басқарылатын 
арнайы 
дроссельдермен 
реттеу 
пайдаланылады. 
Қозғалмалы орамдары бар трансформаторлардың 
1.12-суретте 
келтірілген неғұрлым кең таралған құрылымдық сұлбасы өзекшелі 
магнит өткізгіштен 3, әрқайсысы екі катушкаға бөлінген цилиндрлік 
алғашқы 

және екінші 

орамнан тұрады. Қозғалмалы орам (әдетте 
екінші) бұрандалы жетекпен 

жылжытылады. Трансформатордың 
негізгі ағыны Ф
т 
магнит өткізгіш бойымен тұйықталады, ал 
шашырап тарау ағындары Ф
1р 
және Ф

— алғашқы және екінші 
орамдар арасындағы кеңістіктегі ауаның бойымен тұйықталады. 
Қозғалмалы орамдары бар трансформаторда пісіру тогын реттеу 
оның индуктивті кедергісін өзгерту есебінен жүзеге асырылады: 
бірқалыпты — орамдарды жылжытуменс атылы - катушкалардың 
1.12-сурет. Қозғалмалы орамдары бар трансформатордың құрылымдық сұлбасы: 
1
— цилиндрлік алғашқы орам; 
2
— цилиндрлік екінші орам; 
3
— өзекшелік магнит өткізгіш; 
4
— бұрандалы жетек 
25 


жалғастарын айырып қосумен (параллель немесе бірізділікпен). 
Жылжымалы магниттік шунты бар трансформатордың 
құрылымдық 
сұлбасы 
1.13-суретте 
келтірілген. 
Мұндай
трансформатордың қозғалмайтын алғашқы 

және екінші 

орамдары, өзекшелік магнит өткізгіш 

және қозғалмалы магниттік 
шунты 

болады. 
Әр 
орамның 
әртүрлі 
өзекшелерде 
орналастырылған екі катушкасы бар. Шашырап тарау ағындары Ф
1р 
және Ф
2р 
магниттік шунт арқылы тұйықталады. 
Магниттік шунты бар трансформаторда пісіру тогын бірқалыпты 
ретеу магниттік шунтты жылжытумен жүзеге асырылады, ал 
сатылық — катушкалардың жалғасын айырып қосумен жүзеге 
асырылады.
Флюс астында механикаландырылған пісіру үшін өзекшелік 
магнитөткізгіші 
3
және өзекшелік типті жылжымайтын шунты 

бар
трансформаторлар 
(1.14-сурет) 
қолданылады. 
Шунттың 
магниттік өткізгіштігі тұрақты токпен нәрлендірілетін басқару 
орамының 

көмегімен реттеледі. Екі параллель жалғасқан алғашқы 
орам 

жоғарғы мойындырыққа бекітілген. Екінші орам үш 
катушкадан тұрады, олардың әрқайсысы екі параллель жалғасқан 
секциядан тұрады. Катушка 
2а 
алғашқы ораммен қатар орналасқан, 
ал 
2б 
және 
2в 
катушкалар алғашқы орамнан магниттік шунтпен 
бөлінген. 
1.13-сурет. Қозғалмалы магниттік шунты бар трансформатордың құрылымдық 
сұлбасы: 
1
— қозғалмайтын алғашқы орам; 
2
— қозғалмайтын екінші орам; 
3
— өзекшелік магнит 
өткізгіш; 
4
— магниттік шунт; 
5
— шунт жетегі; S
m
— шунт алаңы 
26 


а 
б 
1.14-сурет. Үстеме магниттеу шунты бар трансформатордың құрылымдық (а) және 
жеңілдетілген қағидаттық (б) сұлбасы: 
1
— алғашқы орам; 
2а, 2б, 2в
— екінші орам катушкалары; 
3
— өзекшелік магнит өткізгіш; 
4
— қозғалмайтын шунт; 
5
— басқару орамдары 
Үстеме магниттеу шунты бар трансформатордағы пісіру тогын 
реттеудің негізгі тәсілі шунттың магниттік кедергісін өзгертуден 
тұрады. 
Реактивті орамы бар трансформаторлардың 
тар реттеу 
дипазонына ие, алайда төмен құндылығының салдарынан 
монтаждау жағдайларында және тұрмыста пайдаланылады. 
Реактивті орамы бар қарапайым трансформатор (1.15-сурет) 
өзекшелік магнит өткізгішке 3, әртүрлі өзекшелерге таратылған 
алғашқы 
1
және екінші орамға 

ие. Нәтижесінде шашырап тарау 
ағындары тек маңдай беттерінің бойымен және магнит өткізгіштің 
терезелерінде ғана емес (Ф
1ок
және Ф
2ок
), сонымен қатар жоғарғы 
және төменгі мойындырықтар арасындағы ауаның бойымен (Ф
1яр
және Ф
2яр
) де тұйықталады. Мұндай құрылымды мойындырықты 
шашырап тарауы бар трансформатор деп атайды. 
Пісіру тогын реттеу үшін мойындырықты шашырап тарау 
ағындарымен өзара әрекеттесетін реактивті орамды 
4
пайдаланады. 
Бұл орам қарсы қосу барысында пісіру тогын азайтады, ал 
келісімдік барысында - арттырады. Реактивті орамы бар 
трансформатордың мысалы төменкөмітекті және төменлегирленген 
қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісіруге арналған кіші 
габаритті пісіру трансформаторы ТДМ-169 болып табылады
.
27 


1.15-сурет. Реактивті орамы бар трансформатордың құрылымдық (а) және
жеңілдетілген қағидаттық (б) сұлбасы: 
1
— алғашқы орам; 
2
— екінші орам; 
3
— өзекшелік магнит өткізгіш; 
4
— реактивті орам; 
I...III— реактивті орам секциясы; S1, S2 — реактивті орамның өзек темірлері 
Бұл трансформаторда пісіру тогын реттеу көлденең орындалған 
магниттік шунтты қолмен жылжыту арқылы қамтамасыз етіледі. 
Шунттық реттеу механизмі пісіру режимін өзгертуге қажетті 
уақытты күрт азайтады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет