В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет101/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

1 9 2


7.4
ГАЗБЕН ПІСІРУ КЕЗІНДЕГІ ЖАЛҒАСТАРДЫҢ
ЖӘНЕ ЖІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
 
 
Газбен пісіру барысында түйіс, айқасқан, таңбалы және 
бұрыштық жалғастар пайдаланылады (7.5-сурет). 
Түйіс жалғастар (
7.5, 
а...г-сурет.)
ең төмен қалдық кернеулер мен 
пісіру кезінде деформацияланатындықтан, статикалық және 
динамикалық жүктемелерде ең жоғары төзімділігі, сондай-ақ 
бақылау жүргізуге қолжетімділігі болғандықтан ең көп тараған 
болып табылады. Түйіс жалғастарды қалыптастыру үшін негізгі 
және 
қоспа 
металдардың 
аз 
мөлшері 
шығындалады. 
Жалғастырудың бұл түрі жиектердің қиғаштануысыз, бір немесе 
екі жиектің қиғаштануымен (V-пішінді) немесе екі жиектің екі 
қиғаштануымен (X-пішінді) ашылуымен орындалуы мүмкін. 
Жиектер жіктің теріс жағын пісіру кезінде металдың ағып 
кетуіне жол бермеу мақсатында мұқалады. Жиектер арасындағы 
саңылау жік тамырының пісірілуін жеңілдетеді. 
7.5-сурет. Пісіріп біріктіру түрлері: 
а
— жиектерді өңдеусіз және саңылаусыз түйіс; 
б
— жиектерді өңдеусіз және саңылауы бар 
түйіс; 
в, г
— жиектердің біржақты және екіжақты қиғаштануымен түйіс; 
д
— айқасқан; 
е
— 
саңылаусыз таңбалы; 
ж
— саңылаумен таңбалы; 
з
— дөңбек; 
и
— бұрыштық; s— пісірілетін 
материал қалыңдығы 
1 9 3


Жоғары сапалы жалғастарға қол жеткізу үшін жіктің барлық ұзындығы 
бойынша саңылаулардың жалпақтығын бірдей, яғни жиектердің 
параллель болуын қамтамасыз ету қажет.
Айқасқан жалғастар
(7.5, 
д- сурет.)
қалыңдығы аз (3 мм-ге дейін) 
металдарды, қаптамаларды, құбыр өткізгіштің жалғастырғыштарын және 
т.б. газбен пісіру кезінде пайдаланылады. Қалыңдығы үлкен металдарды 
пісіру кезінде мұндай жалғастыру түрлері ұсынылмайды, өйткені 
бұйымның өзгеруіне соқтырады және оларға сызат түсуі мүмкін.
Таңбалы жалғастар
(7.5, е, ж-сурет.) шектеулі пайдаланылады
өйткені оларды орындау кезінде металдың қарқынды қызуы қажет.
Одан басқа, аталған біріктіру бұйымдардың өзгеруіне себеп болады.
Таңбалы жалғастарды қалың емес бұйымдарды пісіру кезінде 
пайдаланады, жиектердің қиғаштануысыз орындалады және бұрыштық 
жіктермен пісірледі.
Қапталдық жалғастар
(7.5, з-сурет.) қалың емес бөлшектерді 
пісіруге, сонымен қатар құбыр өткізгіштерін дайындау және біріктіру 
кезінде пайдаланады.
Бұрыштық 
жалғас
(7.5,и-сурет.) 
жауаптылығы 
жоқ 
сыйымдылықтарды, фланецтерді және құбыр өткізгіштерін пісіру кезінде 
пайдаланылады. Қалың емес металдарды пісіру кезінде қоспа металды 
пайдаланбай көмкеру арқылы бұрыштық жалғастарды пайдалануға 
болады.
Пісіру жалғастар түрлеріне байланысты 
түйіс
және 
бұрыштық
пісіру 
жіктерін ажыратады. Пісіру кезінде кеңістікте орналасуына қарай жіктері 
төменгі, тік, көлденең
және 
төбелік
болып бөлінеді (7.6-сурет). 
Пісірілген жіктерді
қалыптастыру және жалғастарды түзу үшін ең 
жақсы жағдайлар төменгі позицияларда пісіру кезінде пайда болады, 
сондықтан басқа позицияларда пісіру тек кеңістікте ерекше жағдайларда 
ғана қолданылуы керек.
а 
б 
в 
г
 
7.6-сурет.Пісіру кезінде кеңістікте орналасуына байланысты пісіру жіктерінің 
түрлері (пісіру бағыты бағыттауышпен көрсетілген): 
а — төменгі; б — тік; в — 
көлденең; г — төбелік
194 


7.7-сурет. Орналасуына байланысты пісіру жіктері түрлерінің қолданыстағы 
күшке 
F
қатынасы
:
а
— қапталданған; 
б
— қарсы; 
в
— құрама; 
г
— қиғаш 
Қолданыстағы күшке қатысты орналасуына сәйкес жіктер 
қапталданған (күш әсерінің бағытына параллель орналасқан), қарсы 
(күш әсерінің бағытына перпендикуляр орналасқан), құрама және 
қиғаш болып бөлінеді (7.7-сурет). 
Көлденең қиманың пішіні мен дөңестігінің дәрежесін
қалыпты, 
дөңес 
және
иілген 
жіктер ажыратып тұрады. Қалыпты жағдайда 
дөңес және қалыпты жіктер пайдаланылса, ал иілген жіктер 
негізінен тұтқыш үшін қолданылады. 
Бағытталған қабаттардың санына қарай жіктер бір қабатты және 
көп қабатты, ал ұзындығына қарай - 
үздіксіз 
және 
үзілімелі 
жіктер 
ажыратады
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет