Шайғыштан ацетилен шұра
12
, шланг пен қауіпсіздік сұқпасы
13
арқылы тұтынуға жеткізіледі.
Газ түзгіште кальций карбидын ажырату процесін реттеу бір
мезетте екі әдіспен жүзеге асады: кальций карбидымен кәрзеңкені
тік қозғау арқылы суға жылжыту арқылы және ығыстырғыштың
жұмысы нәтижесінде.
Газ түзгіште қысымның жоғарылауына қарай
5
мембранды
серіппемен байланған карбидті кәрзеңке жоғарыға қарай қозғалады,
карбидты суға малу деңгейі азайып, ацетиленді өндіру шектеледі
және қысымды арттыру тоқтатылады.
Газ түзгіште серіппе күшіменен қысымды төмендету кезіне
5
мембрана мен карбидті кәрзеңке суға батырылады. Осылай
серіппелі мембрана күшіменен генераторда ацетиленнің қысымын
автоматты реттеу жүзеге асырылады.
Сонымен бірге генераторда қысым газ түзгіштен суды келте
құбыр
11
бойымен ығыстырғышқа және керісінше ығыстыру
арқылы реттеледі. Ацетиленді бөлу шамасына қарай газтүзгіште
қысым көтеріліп, су ығыстырғышқа кері құйылады. Газтүзгіште су
деңгейі төмендеп, карбидты кәрзеңке су деңгейінен жоғарыда
қалады. Бұл ретте кальций карбидының сумен ыдырату реакциясы
тоқтатылады.
Газтүзгіште қысым төмендетілгенде су ығыстырғыштан
жоғарыға көтеріліп, қайтадан газтүзгіште карбидты суға малу іске
асады.
Қауіпсіздік клапаны
9
ацетиленнің артық қысымын алып
тастауға арналған. Клапанды корпусқа кірігетін жерінде карбид,
қақ пен басқа ластарды ұстап қалу үшін торкөз орнатылған.
12 шұра ацетиленнің тұтынушыға беруді және қосуды
реттеуге арналған. Газтүзгіштегі ацетиленнің қысымы 18
манометрмен қадағаланады. Газтүзгіштен балшықтың төгілуі
мен балшықты судың шайғыштан шығарылуы тиісінше 16
және
14
штуцерлер арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: