4
3
2
1
1
a
б
9.5-сурет. Бір жақты (а) және екі жақты (б) пісіру кезінде жіктің кері жағын ауадан
қорғауға арналған төсемдерді пайдалану сұлбасы:
1
— мыс төсем;
2
— қорғаушы газын беру арнасы;
3
— балқитын металл;
4
— қысқышқұрылғы
жік түбін жақсылап пісіру және балқытылған және ысытылған
металдың ауадан кері жағынан қорғанышын қамтамасыз ету қажет.
Бұл қорғаушы инертті газды беруге арналған жырашықтары бар
мыс немесе басқа төсемдерді пайдалануды қамтамасыз етеді (сурет
- 9.5).
Автоматтандырылған пісіру кезінде балқымайтын электрод
жалғастардың бетіне перпендикулярлы орналастырылады. Электрод
пен қоспа сымдары арасындағы бұрышта (әдетте 2-4 ммдиаметрлі)
90°- қа жақын болуы тиіс. Пісіру кезінде қоспалайтын шыбықша
доғаның алдында болуы тиіс, яғни ол пісіру ваннасының бас
жағынан берілуі керек.
Сатылы жіктерді автоматтандырылған пісіру кезінде шүмектен
электрод соңынан шығатын тұсында терең ұңғыдан 3-5 мм- ден
аспауы, ал бұрыш жіктері мен қиысқан жіктері пісіру кезінде— 5-7
мм. болуы тиіс. Доғаның ұзындығын 1,5-3,0 мм шамасында ұстану
керек. Пісірілмегендерді болдыртпау үшін жіктің басы мен
соңында қыстырма белгі тақтайшаларды қолдану ұсынылады.
Автоматтандырылған пісіру кезінде электродтың орнын
ауыстыру және электродты немесе қоспа (балқымайтын
электродпен пісіру кезінде) металды беру автоматтандырылған. Бұл
жағдайда доғалар параметрлерінің тұрақтылығы өздігінен реттеу
арқылы немесе ықтиярсыз сақталады.
Автоматтандырылған пісіру кезінде не пісірілетін бұйымға
қатысты электрод, не электродқа қатысты бұйым орнын
ауыстырады. Бірінші нұсқада пісіру сымының беру механизмі
Достарыңызбен бөлісу: