Бекет қатынастырғыш УКП -1-71, СО
2
+ О
2
газ қоспасын алу
үшін қолданылады, бұл қоспа баллондардан алынады. Бұл газ
қоспасы алдын ала берілген құрамын сақтайды және оның
шығысын бақылайды, құрамында ДКП-1-65 редукторы, қысым
реттегіші және газ араластыру түйіні болады. Алынған қоспаны
түрлендіру үшін қатынастырғыштағы шүмектер ауыстырылады.
Рампалы қатынастырғыш УКР-1-72 баллон рампаларынан
оттегіні іріктеу арқылы СО
2
+ О
2
газ қоспасын алуға, ал
көмірқышқыл газын құрамында сұйылтылған аса суытылған
көміртегі диоксиді бар изотермикалық сыйымдылықтан алуға
мүмкіндік туғызады. Бұл қатынастырғыш 10-50 дейін пісіру
бекетін газбен қамсыздандырады.
Газ қақпақшасын қорғаушы газын үнемдеу үшін қолданылады.
Оны
мүмкіндігінше
пісіру
жанарғысына
жақынырақ
орналастырады, доғаны қосудың алдында жағып, доға үзіліп жік
кратеріндегі темір толықтай қатқан кезде сөндіреді.
Электромагниттік газ қақпақшалары кеңінен қолданылуда.
Қайта өткізу рампасы пісіру цехына қорғаныш газды жеткізу
үшін қолданылады. Егер қорғаныш газы едауір көп қолданылса,
кезек қосылатын екі баллон тобынан, газ жабдықталған
коллектордан және пісіру бекеттеріне қорғаныш газ жеткізетін
құбыр желісінен тұрады. Көмірқышқыл газ және оның қоспаларын
жеткізетін құбыр желілерін қара түске бояйды
.
Достарыңызбен бөлісу: