10.2-сурет. Флюспен біріктіруді орындау барысында жік жасау сұлбасы (нұсқалар
пісіру бағытын көрсетіп тұр):
а
— қосарланған электродпен пісіру барысында;
б
— екі доғалы пісіру;
в
— «үш фазалы
доғамен» пісіру барысында
әр доғадағы тоқ реттеледі, балқытылатын электрод металлының
мөлшерін өзгерту мүмкін немесе негізгі металды балқытуды реттеу
мүмкіндігі пайда болады.
Пісірудің бұл әдісінің кемшіліктеріне, пісірудің бұл түрін тек
төменгі қалыпта орындау мүмкін, өйткені жіктің жалпақтығы
көлденең 10-15° ауытқыса балқытылған флюс металға ағып кетуі
мүмкін.
Пісіру
режимдерінің
параметрлері
жасалатын
жіктің
құрылымымен өлшемдеріне әсері әдетте, параметрлердіңм біреуінің
өзгеруіне және екіншісінің тұрақты сақталауы жағдайында
қарастырылады.
Пісіру жігінің тілімшеге балқыған металды балқытып қаптауды
орындау барысында пайда болатын кейбір заңдылықтарын
қарастырып көрейік, балқу тереңдігі бұйым қалындығыны 0,7
бөлігінен аспау керек (егер балқыту тереңдігі одан асып түссе пісіру
ваннасының төменгі жағындағы жылуды әкету төмендеуі мүмкін
және пісіру ваннасының пішіні мен жік көлемі өзгеруі мүмкін).
Пісіру тогының қуаты жоғарлаған сайын (сурет-10.3,а)
металдың балқу тереңдігі де біршама сызыққа дейін өседі. Бұл
пісіру ваннасының жалпақтығына жасалған қысымның өсіумен
түсіндіріледі, оның нәтижесінде балқытылған металл доғалардың
астына ығыстырылаы. Бұл жағдайда жіктің жуандығы аз мөлшерде
ғана өсуі мүмкін.
Пісіру тогы тығыздығының өсуі (тұрақты тоқпен қуаттандыру
нәтижесінде электрод диаметрінің азаюы) балқыту тереңдігін
біршама көбейтуге мүмкіндік туғызады, бұл доға қозғалуының
азаюымен түсіндіріледі. Ал жік жуандығы бұл жағдайда азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: