В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет44/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

3.5-кесте. Пісіру тогының вольфрамдық электрод диаметріне
және пісіру тогының түріне (қорғаушы газы — аргон)
тәуелділігі
Электрод 
типі 
Пісіру тогының 
түрі 
Пісіру тогы, А, электродтың келесідей 
диаметрі кезінде, мм 






Таза 
вольфрам 
Тұрақты, тура 
полярлық 
50 
170 
370 
470 
560 
— 
Тұрақты, кері 
полярлық 
30 
40 
55 
65 
85 
110 
Айнымалы 
20 
50 
80 
220 
260 
310 
Лантан 
оксиді бар 
вольфрам 
Тұрақты, тура 
полярлық 
150 
250 
500 
710 
1 000 
— 
Тұрақты, кері 
полярлық 
35 
45 
60 
80 
100 
125 
Айнымалы 
100 160 220 280 
340 410 
Айнымалы токпен пісіру үшін вольфрамдық электродтың 
жұмыр ұшын жарты сфера түрінде, ал тұрақты токпен пісіру үшін 
60° бұрышта 2-3 диаметр ұзындығында немесе төрт қырлы 
пирамида түрінде ұштайды. Вольфрамдық электродтың шығыны 
үлкен емес, оны азайту үшін қорғаушы газының берілуін доға 
қызғанша, 10-15 с бұрын бастап, электродты газ ағынында суыту 
мақсатында, доға үзілгеннен соң 5-10 с-тан кейін аяқтаған жөн. 
Вольфрамдық электродтың ластануын алдын алу үшін, электрод 
ұшын бұйымға тигізбей, доғаны тұтану үшін осцилляторларды 
немесе конденсаторлардың разрядын пайдалана отырып, доғаны 
қоздырады. 
Болаттан жасалған пісіру сымы
. Болаттарды пісірген кезде, 
негізінен суықтай созылған болат пісіру сымын пайдаланады. 
МЕСТ 2246 — 70 стандарты осындай сымның жетпіс бес 
маркасының өндіріс көздейді. 
Легирлеу деңгейіне байланысты МЕСТ 2246—70 стандарты 
бойынша өндірілген пісіру сымы төмен көмiртектi, легирленген 
және жоғары легирленген деп бөлінеді. 
Төмен көмiртектi сымның алты маркасы өндіріледі: Св-08, Св-
08А, Св-08АА, Св-08ГА, Св-ЮГА және Св-10Г2. Легирленген 
93 


сымның отыз маркасы өндіріледі. Жоғары легирленген сымның 
отыз тоғыз маркасы өндіріледі. 
Мақсатына байланысты, болат пісіру сымды пісіруге (балқытып 
қаптауға) арналған сым және электродтарды өндіруге (шартты 
белгіленуі – Э) арналған сым деп бөлінеді. Сымды пайдалану 
мақсатына қарай бөлу электродтарды өндіруге арналған сым 
диаметрі бойынша шекті ауытқуларының одан да қатаң 
талаптарымен шартталған. 
Үстіңгі бетінің түрі бойынша төмен көмiртектi және 
легирленген сымдар мысталмаған және мысталған (М) деп бөлінеді. 
Сым бетінің мысталуына (мыстың жиынтық мөлшерін қоса 
алғанда) қойылатын арнайы талаптар техникалық шарттармен 
белгіленеді. 
Тұтынушының талабы бойынша сым электрқожды (Қ) немесе 
вакуум доғалы (ВД) қайта балқыту арқылы немесе вакуумдық-
индукциялық пештерде (ВИ) қорытылған болаттан өндірілуі тиіс. 
Бұл жағдайда сым металына қойылатын қосымша талаптар (зиянды 
және бөгде қосындылардың мөлшері бойынша нормалардың 
күшеюі, газдардың, металл емес кірінділер бойынша шектеулердің 
енгізілуі және т.б.) тараптардың келісуі бойынша белгіленеді. 
Пісіру сымның шартты белгіленуінде оның диаметрі мен 
маркасы; болатты қорытып шығару тәсілін сипаттайтын индекстері; 
мақсаты; сым бетінің түрі; стандарттың белгіленуі көрсетіледі. 
Төмен көмiртектi және легирленгенн сымда күшәланың
мөлшері 0,08%-дан артық болмау тиіс. Тұтынушының келісуімен 
Св-08 және Св-08А маркалы сымда алюминийдің 0,05%-ға дейінгі 
қалдықты мөлшеріне рұқсат етіледі. Св-08ГА, Св-ЮГА және Св-
10Г2 маркалы төмен көмiртектi сымда және легирленген сымда 
(алюминиймен легирленбеген) алюминийдің қалдықты мөлшері 
0,05%-дан аспауы тиіс. 
Мысталмаған беті бар сымды орамдарға оралған күйде 
жеткізеді. Орамдардың өлшемі мен массасы 3.6-кестесінде 
келтірілген деректерге сәйкес келу керек. 
Мысталған беті бар сымды тікбұрышты қималы бар орамдарда 
жеткізіледі. 1,6-3,0 мм диаметрлі сымдарға қатысты, орамдардың 
талап етілетін өлшемдері тапсырыста келісіледі. 
Жоғары легирленген сым өңделген және ағартылған күйде 
немесе майлау материалының ешбір іздерінсіз, ақшыл, ақшыл-
күңгірт немесе сұр беті бар инерттік атмосферада термиялық 
өңдеуден кейін жеткізілу тиіс. 
94 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет