Төмен жылу беру осы пісіру режимінің артықшылығы болып
табылады. Бұл жұқа материалдарды пісіру кезінде өте маңызды.
Импульстік режим төмен көміртекті және төмен легирленген
болаттардың жоғары сапалы пісірілуін қамтамасыз етеді.
Алюминийді пісіру кезінде азырақ кеуектілікті қамтамасыз ететін
үлкенірек диаметрлі электродты сымды пайдалануға болады.
Күрделі нәрлендіру блогының болуы бұл процестің негізгі
кемшілігі болып табылады.
Шашыратусыз қысқа доғамен пісірудің циклдық режиміне
қарағанда, балқытып қапталған металға одан да жоғары жылу енгізу
коэффициентін қамтамасыз ететін импульстік режим доғаның 28-
ден 35 В-қа дейінгі кернеуі мен 300-ден 350 А-ге дейінгі токтарда
жүзеге асырылады.
3.18-суретінде металды тасымалдау уақыты мен кезеңі ішінде
пісіру тогының өзгеру графигі көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: