Таза металдардың ішінде тек темір мен титан оттегімен кесу
арқылы жақсы өңделеді. Әдеттегі оттегімен кесуді никель, мыс,
алюминий, магний, хром және мырыш үшін пайдалануға болмайды.
Жылыту
жалыны
металдың
беткі
қабаттарын
тұтану
температурасына дейін қыздыруға қызмет етеді. Оттегімен кесу
кезінде газ тәрізді және сұйық көмірсутектер отын ретінде
қолданылады. Оттегі қоспасында жанар заттарды жағу кезінде
жоғары температурадағы жалын пайда болады. Жалынның жоғарғы
температурасы ацетиленмен қамтамасыз етіледі. Ацетилен - бұл
қымбат газ, себебі оның өндірісі үшін бастапқы материал кальций
карбиді болып табылады, ол өндірісте үлкен мөлшерде энергияны
талап етеді, сондықтан қазіргі кезде оттегімен кесу кезінде ацетилен
сирек қолданылады. Бұл мақсаттарда алмастырғыш газдар
қолданылады: табиғи газ, пропан-бутан қоспалары және т.б.
Газ жалынымен металды қыздыру процесі екі сатыда жүреді.
Бірінші сатыда металдың жиектері жылудың жылжымайтын көзі
болған жағдайда оттегі ағынында тұтанатын температураға дейін
қызадырылады. Берілген температураға дейін қыздыру уақыты
жылу көзінің қуатына, материалдың жылу қасиеттеріне және оның
массасына байланысты болады. Кесілген металдың қалыңдығы
артқан сайын жанар газдың шығыны өсуде. Ацетиленге қарағанда,
анағұрлым төмен жылуда жанатын жанар газды пайдалануға көшу
оның шығынының өсуін талап етеді. Металл беті әртүрлі жағдайда
ластанса (қақ, күйік) немесе кесілетін металдың үстіңгі бөлігі мен
кесік арасындағы ара-қашықтық технологиялық себептерге
байланысты ұзартылған жағдайда да жанар газдың шығыны өседі.
Екінші сатыда қыздыру жалыны алдында орналасқан металл
қабаттарын тұтану температурасына дейін қыздырып, процесті
үздіксіз жүргізу қамтамасыз етіледі.
Бірінші сатыда металды қыздыру процесінде, ереже бойынша,
құрамында оттегі көп жалын пайдаланылып, жиектердің
қыздырылуы жеделдетіледі. Кесу барысында метал қалыпты
құрамды жалынмен қыздырылады.
Достарыңызбен бөлісу: