Мақсаты: α- амин қышқылдары туралы ақпаратты, олардың жіктелуін, құрылысын, номенклатурасын және стереоизомерлерін өздігінен іздеу дағдыларын қалыптастыру.
Арнайы әдебиетпен жұмыс істеуге және ситуациялық есептер шығаруға, аналитикалық бейімділігін және дағдыларын қалыптастыру.
Оқу міндеттері: Химиялық номенклатура ережесін пайдалана отырып, ақуыз құрамында болатын 20 α- амин қышқылдарының құрылысын өздігінен құрастыру.
Реакциялық орталық болуына байланысты молекулалық ерекшелігін анықтау: қышқылдығын, негіздігін, электрофилділігін, нуклеофилділігін.
α- амин қышқылдарын кеңістік құрылысын хиральдық орталық бойынша анықтау.
α- амин қышқылдарының реакциялық қабілетін гетерофункционалды қосылыстар ретінде өздігінен іздеп анықтау.
Студенттерді арнайы әдебиетті оқу және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
Тақырып бойынша тапсырмалар: Тақырыпты келесі сұрақтар бойынша оқу:
а) α- амин қышқылдарының жәктелуі, құрылысы, номенклатурасы,
стереоизомериясы.
б) α- амин қышқылдарының гетерофункционалды қосылыстар ретіндегі химиялық қасиеттері.
2. Тақырып бойынша конспект жазу.
3. Тақырып бойынша сөзжұмбақ құрастыру.
4. Тапсырмаларды орындау
20 α- амин қышқылдары үшін (оқытушының көрсетуімен).
а) α- амин қышқылдарының (формула) құрылысын, тривиалды атауларын,
жүйелі номенклатура бойынша атауларын, қысқаша атауларын,
стереоизомериясын жазу.
б) Химиялық реакция теңдеулерін жазу: 1)амин тобы бойынша, 2) карбоксил
тобы, 3) қосымша функционалды тобы бойынша (гидроксил, тиол); Алынған
қосылыстарға атау беру
Орындау формасы:
Өздігінен іздеп материалды меңгеру, соңында оқытушаның берген тапсырмасын орындау;
Берілген сұрақтарға жауап түрінде конспект жазу;
Тақырып бойынша сөзжұмбақты құрастырып дайындау;
Орындау критерийлері: Сөзжұмбақты құрастырып, жазуға қойылатын талаптар:
Сөзжұмбақ мазмұны берілген тақырыптық негізгі сұрақтарына сәйкес болу керек;
Сөзжұмбақ 50 сөзден кем болмау керек;
Пайдаланған әдебиеттер 8-10 нан көп болмау керек;
Сөзжұмбақ талаптарға сай, сауатты түрде орындалуға тиіс;
Құрастырылған сөзжұмбақтағы сөздер көрсетілген әдебиеттердің сілтемесіне сай болуға тиіс;