English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)


Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері



бет13/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже



Ағылшын тілі грамматикасы. 9-сабақ: жіктеу және тәуелдеу есімдіктері


Жіктеу есімдігі (Personal Pronoun)
Ағылшын тіліндегі жіктеу есімдіктері екі септікте болады: атау септік және объективтік септік. Объективтік септік қазақ тіліндегі барыс және табыс септіктерін қамтиды. Барыс септігі: кімге? неге?; табыс септігі: кімді? нені?
Ағылшын тілінде үшінші жақта қазақ тіліндегідей тек қана бір сөз («ол» деген есімдік) қолданылмайды. Ер адамға he, әйел адамға she және жансыз заттарға (абстрактылы түсініктерге және сабиге (егер жынысы сөйлеушіге белгісіз болса), өсімдіктер мен жануарларға it есімдігі қолданылады) әр түрлі есімдіктерді қолданады. Бірақ барлығының аудармасы «ол» дегенді білдіреді.

Мысалдар:
She is my sister — Ол — менің әпкем (қарындасым).
You are my best friend — Сен менің жақын (жақсы) досымсың.
They can not swim — Олар жүзе алмайды.
I lend him my car — Мен оған машинамды (уақытша пайдалануға) бердім.
Let us (let’s) go! — Қанекей, жүрейік!
We have not seen them — Біз оларды көрмедік.
He told us about new cars — Ол бізге жаңа машиналар жайлы айтып берді.
… Arman tried to break it — … Арман оны (шөлмекті, ыдысты) сындыруға тырысты.
It is I = It is me (ауызекі тілде) — Бұл — мен.
«It is I» = «It is me» екеуінің мағыналары бір, бірақ екеуінің екі түрлі жазылуы — ескеретін жағдай. Бұл жайлы алдағы уақытта арнайы тақырыпта жазамын.
. . . . . . . . . . . .
Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun)
Әрбір жіктеу есімдігінің тәуелденген түрі (формасы) бар. Олар өз алдына «Тәуелдеу есімдіктерін» құрайды. Ағылшын тіліндегі тәуелдеу қазақ тіліндегі секілді кімнің? кімдікі? ненің? ненікі? деген сұраққа жауап іздейді. Ағылшын тіліндегі сұрағы: whose?
Тәуелдеу есімдігі (Possessive Pronoun) негізгі және абсолюттік болып екі формаға бөлінеді.

«Менікі = меніңкі» — екеуі де бірдей.
Мысалдар:
This is not my bag, mine is blue — Бұл менің сөмкем емес, меніңкі көк түсті.
Her father works for Sony Company — Оның (қыздың) әкесі Sony Company-да жұмыс істейді.
… is yours better than ours? — … сіздердіңкі біздердіңкінен жақсырақ па?
I went to him, but that house was not his — Мен оған бардым, бірақ ол үй оныңкі болмады.
Мысалдардан байқаған боларсыздар, негізгі формадағы тәуелдеу есімдігі бар жерде міндетті түрде зат есім қатар жүреді. Мысалы, бірінші сөйлемдегі «my bag (менің сөмкем)». Ал егер абсолюттік формадағы тәуелдеу есімдігі келсе, онда ол жерде зат есім болмайды. Мысалы, «mine is blue (менікі көк түсті)». Мұндағы меніңкі есімдігі сөйлемнің алғашқы бөлігінде аталған сөмкені атамай-ақ сөйлеуші адамға тәуелдеп тұр. Сол себептен де мұндай сөйлемдерде (зат есімі қатыспаған) «менің» есімдігі емес «менікі» есімдігі қолданылады. Яғни, меніңкі көк түсті = менің сөмкем көк түсті.
Қазақ тілінде өздік есімдігі бар. “Өз” деген түбірден шығатын есімдіктер солай аталады. Ағылшын тілінде қазақ тіліндегі өздік есімдігінің арасында біраз айырмашылық бар. Қазақша өздік есімдігін ағылшынша тәуелдік есімдіктермен де жасауға болады. Мысалы:
I always use my toothpaste — Мен әрқашан өзімнің тіс пастамды қолданамын.
Бұл мысалды қазақша “Мен менің тіс пастамды қолданамын” деп айту қате болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет