Әож 37. 0 Кбж 74. 00 Н32 Баспаға



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі1,85 Mb.
#54219
түріСборник
  1   2

ӘОЖ 37.0

КБЖ 74.00

Н32
Баспаға Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің ғылыми-әдістемелік кеңесі үсынған.
Редакция алқа мүшелері

С.О.Алматова– Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры;

Б.А. Турманова – директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;

Р.Е.Мамбетов – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

Ж.С.Турганова – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

Г.П.Дьячкова – бастауыш білім беру бөлімінің меңгерушісі;

Б.А- Нургазиева – педагогикалық тәжірибие меңгерушісі;

К.Т.Елеупова - жоғарғы санатты оқытушы;

Г.С.Космухамбетова - жоғарғы санатты оқытушы;

А.А.Сайболова – кітапхана меңгерушісі;



Басылымға жауапты:

Булекова А.Е., Халыкова Г.А.


Н 32 «Нәзипа Құлжанованың ғылыми еңбектерін, қазіргі педагогикалық тәжірибеде пайдалану әдістері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы (Арқалық, 04 мамыр, 2017 жыл) – Арқалық, 2017.

Сборник материалов областной научно-практической конференции «Методика использования научных трудов Назипы Кулжановой в практике современной педагогики» посвященной 130 летию Н. Кулжановой (Аркалык, 04 мая, 2017 год) - Аркалык, 2017.

ISBN 978-601-321-308-8

Жинаққа «Нәзипа Құлжанованың ғылыми еңбектерін, қазіргі педагогикалық тәжірибеде пайдалану әдістері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары енгізілген. Материалдар қазіргі таңдағы білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелері мен даму бағыттары туралы авторлардың көзқарастарын білдіреді.
В сборник вошли материалы областной научно-практической конференции «Методика использования научных трудов Назипы Кулжановой в практике современной педагогики» посвященной 130 летию Н.Кулжановой. Материалы представляют авторские взгляды видения актуальных проблем и перспективы современного образования и воспитания.
ISBN 978-601-321-308-8


ӘОЖ 37.0



КБЖ 74.00
©Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, 2017 ж.
Құттықтау сөз
Алматова Сандуғаш Орекенқызы

Нәзипа Құлжанова атындағы

Торғай гуманитарлық колледжінің директоры
Қадірменді қонақтар!

Құрметті конференцияға қатысушылар!
ХХ ғасырдың басында өз халқын білімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекі ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш – журналист- публицист Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде өткізіліп отырған, «Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесі – ұлы даланың ұлағатты тарихы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларды шын жүректен құттықтаймын.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарға артылатын жүк ауыр. Ол үшін ұстаз өзі білімді, жан-жақты болуы керек.

Нәзипа Құлжанованың ұлтқа қызмет етудегі қайыспас қайраткерлік тұлғасы- әрқайсымызға да үлгі-өнеге. Білімділігімен, парасаттылығымен, ұлтжандылығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген саусақпен санарлық қазақ қыздарының бірі, әрі бірегейі Нәзипа Құлжанованың өмірін, еңбектерін, саналы ғұмырындағы мұрасын зерттеу біздің парызымыз деп білеміз.

Елбасымыз «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», - деп атап көрсеткен болатын. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осыған орай, қазіргі таңда ғылымға көп көңіл аударылуда. Ғылымға бетбұрыс кеңінен қолға алынып келеді. Жас ұрпақты ғылымға жетелеу, жол сілтеу, ізденімпаздығын ояту, ой-өрісін дамыту, қабілетін шыңдап, бағдар беру ұлағатты ұстаздың құзіретінде. Жастардың ғылымға деген қызығушылығын, құштарын арттыру ұстаздың терең біліміне тікелей байланысты осы деп білеміз. Осы мақсатта аталған оқу орнында ұлағатты ұстаздардың тәжірибесін жалғастыру мақсатында, ғылыми-практикалық негізінде жастарымыз бен ұстаздардың ізденіспен жасап жатқан еңбектерін жинақтауды жөн көрдік.

Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы. Бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екені баршамызға мәлім. Сондықтан бүгінгі мен ертеңгіні жалғап, сонау Нәзипа бастаған үрдісті жалғастырып, қазіргі таңдағы ғылыммен ұштастырып, ғылымды дамыту өз қолымызда. Ғылым - бізді жаңа әлемге, ашылымдарға, биіктерге, ойымыздың тереңіне үңілуге жетелейді.

Конференция материалдарының өзектілігі барлық білім беру салаларының буындарын қамтиды: тарихқа үңілу, Нәзипаны кеңінен зерттеп ғылымға зейін қою, жастарды осындай білімге тәрбиелеуге жетелеу басты міндетіміз деп қараймыз.



АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛИЗАЦИИ ЯЗЫКОВОЙ ЛИЧНОСТИ В КОНТЕКСТЕ СОВРЕМЕННОГО КОММУНИКАТИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Колдасбаева Зинаида Шакировна,

к.п.н.,доцент, АркГПИим.И.Алтынсарина
В своем январском Послании народу Казахстана «Третья модернизация Казахстана: глобальная конкурентоспособность» Глава государства Н.А. Назарбаев определил одним из значимых приоритетов улучшение качества человеческого капитала [1,с.3], под которым понимается комплекс внутренних возможностей личности, определяющих возрастание интеллектуального и творческого потенциала, профессионального опыта, превращающегося в искусство деятельности, всестороннее развитие способностей. Формирование же человеческого капитала в обществе возможно только на основе образования и напрямую зависит от качества образования, которое может и должно быть ориентировано на развитие способностей, на потребности квалификационного и компетентностного роста человека.

Актуальность проблем развития коммуникативного образования обосновывается глобализацией интеграционных процессов, происходящих во всех сферах общественной жизни. Перспективные тенденции развития коммуникативного образования обусловливают объективную необходимость акцентировать особое внимание на повышении статуса обучаемых в образовательном процессе, осознание ими личной ответственности за результаты обучения, повышение мотивации в преподавании и изучении языков и культур, усиление когнитивных аспектов обучения неродному языку, связанных с формированием у обучаемых прежде всего языковой и концептуальной картины мира [3]. Все это позволяет нам основываться на принципах деятельностного и личностно-ориентированного подходов, активно развиваемых в современной педагогике и психологии.

Личностно–ориентированный подход воздействует на все компоненты системы образования (образовательные и воспитательные цели при обучении каждому учебному предмету, содержание обучения, методы и приемы, технологии обучения) и на весь учебно–воспитательный процесс в целом (взаимодействия учителя и учащегося, ученика и средств обучения и т.д.), способствуя созданию благоприятной для школьника обучающей и воспитывающей среды [2 с.11.].

Ведущим методологическим принципом, лежащим в основе обучения языкам с ориентацией на теоретические положения межкультурной коммуникации (по терминологии Н.Д.Гальсковой) при этом явится антропоцентрический принцип. С позиций данного подхода язык понимается не только как продукт развития общества, но и как средство формирования его мышления и ментальности, а такие категории, как «человек в языке», «способность понимать и порождать речевые высказывания», «языковая личность», «вторичная языковая личность», «языковое и когнитивное сознание» и др. становятся исходными при рассмотрении процессов научения языку [3 ].

Антропоцентрический подход к определению содержания коммуникативного образования способствует формированию и становлению у языковой личности способности быть «эффективным участником межкультурной коммуникации в ходе его подключения через различные каналы общения к новой для него социальной действительности» [4,c.19], усиливая тем самым, по мнению Н.Д.Гальсковой и Н.И.Гез, развивающие аспекты образовательного процесса [5].

Коммуникативное образование связано с обращением к межкультурной парадигме исследования процессов преподавания и изучения языков и культур, что, в свою очередь, требует переосмысления, уточнения и корректировки понятийно-терминологического и категориального аппарата методики обучения языкам, содержания и сущности современных методов и приемов обучения языкам, специфических особенностей функциональной нагрузки преподавателя, который выступает не только «транслятором» нового языкового кода, но и организатором социального взаимодействия коммуникантов [5].

Социальное взаимодействие, по мысли Ю.А.Сорокина, есть активность коммуникантов, направленная на регуляцию, координацию (в широком смысле) их совместной деятельности, способ реализации социальных отношений, неличностный аспект совокупных действий коммуникантов [6,c.33]. С позиций вышеназванного подхода процессы порождения и восприятия речевых высказываний исследуются в широком социальном контексте, включая структуру социального взаимодействия коммуникантов. Следует особо отметить, что предметом теории речевой коммуникации, одной из частей теории речевой деятельности, являются психосоциальные факторы речевого общения. Теория речевой коммуникации ориентируется на социологию и социальную психологию, имеющих понятийно-терминологический аппарат для исследования общающихся, взаимодействующих личностей. Ю.А.Сорокин, Е.Ф.Тарасов, А.М.Шахнарович выделяют в социальном взаимодействии, описывая его в терминах теории речевой деятельности, такие элементы, как коммуниканты, взаимодействующие друг с другом, объект взаимодействия, орудия взаимодействия, отдельные действия (в том числе и речевые), из которых складывается взаимодействие, способы осуществления действий (операции), зависящие целиком от условий деятельности, мотивы взаимодействующих коммуникантов, которые могут совпадать и не совпадать, смысл и условия взаимодействия. Осуществление подобного психологического анализа социального взаимодействия и речевой коммуникации находится в компетенции психолингвистики, теории речевой деятельности. Что же касается социальной интерпретации вышеназванных элементов социального взаимодействия, то ее можно осуществить, используя понятийный аппарат теории ролей [6 с.33-34].

С социальным взаимодействием тесно связано широко распространенное в педагогике, социологии, психологии и других науках понятие «социализация личности». В социологическом аспекте процесс социализации со стороны личности – это адаптивный процесс, особенно на первых этапах социализации, когда интериоризация социального опыта преобладает над экстериоризацией, общество является субъектом социализации, хотя при этом не отрицается, а, наоборот, предполагается социальная и особенно психологическая активность развивающейся личности [6]. В педагогике под социализацией понимают взаимодействие человека с обществом, в процессе которого происходит интеграция личности в социальную среду, приспособление (адаптация) к ней; усвоение человеком норм, установок, образцов поведения, присущих в данное время данному обществу, социальной общности, группе и воспроизводство им социальных связей и социального опыта[7, с.20].

Как справедливо замечают Н.В. Бордовская и А.А. Реан, социализация не ограничивается только лишь передачей знаний об основах наук, а предполагает и развитие человека как личности и субъекта деятельности, включающее в себя: 1) развитие интеллекта, 2) развитие эмоциональной сферы, 3) развитие позитивного отношения к миру и принятия других, 4) развитие устойчивости к стрессорам, 5) развитие уверенности в себе и самопринятия, 6) развитие самостоятельности и автономности, 7) развитие мотивации самоактуализации, самосовершенствованиях [10,c.74].

Согласно позиции В.В. Краевского, содержание социализации, выходя за рамки собственно педагогических представлений, с одной стороны, принадлежит более широкому философскому и социологическому контексту, абстрагируется от конкретных характеристик педагогической действительности, с другой – оставляет в тени то важнейшее для педагога обстоятельство, что существенной стороной включения человека в жизнь общества должна быть персонализация, т.е. становление личности. Именно личность способна проявлять самостоятельное отношение к жизни и творчество [8,c.28].

Социализация языковой личности с точки зрения современной лингводидактики представляет собой процесс формирования социальной роли личности в условиях приобретения опыта социального взаимодействия и усвоения социальных ценностей, а также создает условия для формирования коммуникативной компетенции [Р.П.МильрудИ.Р.Максимова], структура которой состоит из способностей человека осуществлять различные виды речемыслительной деятельности и использовать разного рода коммуникативные роли в условиях социального взаимодействия людей друг с другом и окружающим их миром. Следовательно, делают резюме Н.Д. Гальскова и Н. И. Гез, вторичная языковая личность есть категория, имеющая выход на такие качества личности индивидуума, как раскрепощенность, творчество, самостоятельность, способность строить взаимодействие и взаимопонимание с партнерами по общению (социальное взаимодействие), умение включаться в современные мировые процессы развития цивилизации, совершенствовать человеческое общество [5].

Процесс социализации осуществляется через различные институты социализации, куда входит и система образовательных учреждений – детские сады, школы, средние профессиональные и высшие учебные заведения. Последние два готовят индивида к исполнению профессиональных ролей, руководят процессом освоения специфического, профессионального языка, необходимого для выполнения ролей, к которым готовятся студенты вузов и учащиеся средних профессиональных учебных заведений. В данном случае появляется объективная необходимость привлечь понятие «ролевой репертуар» личности, который является своеобразным индикатором межкультурной компетенции языковой личности, «складывающейся из многослойного и многокомпонентного набора языковых способностей, умений, готовностей к осуществлению речевых поступков разной степени сложности, поступков, которые классифицируются, с одной стороны, по видам речевой деятельности (имеются в виду говорение, аудирование, чтение, письмо), а с другой – по уровням языка, т.е. фонетике, грамматике и лексике» [9,c.29].

В контексте развития коммуникативного образования основой успешной профессиональной деятельности явится высокий уровень межкультурной и коммуникативной компетентности языковой личности. Социализация же языковой личности в условиях развития коммуникативного образования будет служить своеобразной образовательной стратегией языковой политики, под которой принято понимать совокупность целенаправленных и взаимосвязанных идеологических принципов и практических мероприятий, проводимых с целью решения различных языковых проблем в социуме, государстве [3,c.24].
Список используемой литературы:

1. Послание народу Казахстана Президента Республики Казахстана Н.А. Назарбаева «Третья модернизация Казахстана: Глобальная конкурентоспособность»// Казахстанская правда. 31 января 2017 года №20 (28399). – С. 2-3.

2.Бим И.Л. Личностно –ориентированный подход – основная стратегия обновления школы // Иностранные языки в школе. 2002. № 2 –11с.

3.Гальскова Н.Д.. Современная методика обучения иностранным языкам: Пособие для учителя. – 3-е изд. перераб. и доп. – М.: АРКТИ, 2004.- 192с.

4. Дридзе Т.М. Язык и социальная психология // Под ред. А.А. Леонтьева. – М.: Высшая школа, 1980. – 224 с.

5.Гальскова Н.Д.,Гез Н.И.Теория обучения иностранным языкам: Лингводидактика и методика: Учеб.пос. для студ. лингв. ун-тов и фак. ин.яз. высш. пед. учеб. заведений. – М.: Изд. центр « Академия». 2004. – 336 с.

6.Сорокин Ю.А.,Тарасов Е.Ф.,Шахнарович А.М., Теоретические и прикладные проблемы речевого общения.- М.: Наука, 1979. – 327с.

7.Крившенко В.П, Педагогика. Учебник для студ. высш. пед. учеб. завед. – М.:Владос, 2004. – 367 с.

Нәзипа Құлжанованың дара жолы

Камалова Болтай Мураткалиевна

Нәзипа Құлжанованың немерелес туысы

Нәзипа Сегізбайқызы 1887 жылы қазіргі Жангелдин ауданының «Торғай» кеңшарында әйдеркенің қожагелді тармағынан Сегізбай атты кедей кісінің шаңырағында дүниеге келген баласы екен. Нәзипа өсіп, ержетіп жасы оқу жасына толған соң оқығысы келіп анасын мазалай бастайды. Анасы «кедейміз оқытуға жағдай бола қоймас» дейді. Дегенмен қызының зор ынтасын сезген ол шалы Сегізбай екеуі кеңесіп қыздарын оқыту қамымен Торғай қаласына көшіп келеді. Сегізбай пәтер жалдап, бір татарға отын-сушы болады. Нәзипа 1898 жылы әйгілі Ыбырай Алтынсарин ашқан төртжылдық қазақ-орыс мектебін өте жақсы бітіреді. Оқудың дәмін татқан Нәзипаға мектеп директоры сол жылы Қостанай халқының жинаған қаржысына ашылған «Русско-киргизская женская прогимназияға» түсу үшін жолдама мен мінездеме жазып береді.

Осы аралықта жоқшылықтың көп тауқыметін тартқан Нәзипаға қолдау көрсетіп материалдық және моральдық тұрғыдан көмектескен Нұрғали Құлжанов болды.(ол кісінің атастырылып қойылғаны, қалың малын қайтару, бас бостандығын алу үшін уезге хат жазып жолығу деген сияқты жұмыстарды Нұрғали өзі тамамдаған)

Сонымен Нәзипа прогимназияның барлық төртжылдық курсын (1898 жылдың тамыз айынан 1903 жылдың мамыр айына дейін) бірінші оқушы болып үздік бітіріп шығады. Бірден ол Торғайда ашылған әйелдер училищесі директорының көмекшілігіне жолдама алады.Білімді қос жас қол ұстасып –Нұрекең екеуі 1903 жылы мұғалім болып орналасады. Алайда, бұл Торғайда тұрақтауға реті келмейді.

Қос жастың шаңырақ көтерген қуанышы ұзаққа созылмайды.Нұрғалидың үлкен ағасы Зейнолла: «Сен кедейдің қызына үйлендің. Орысша киінген шоқындыны қоя бер. Ауылдағы келіндерімізді бүлдіреді. Өзіміз сияқты текті жерден қыз әпереміз» десе, ауыл жандайшаптары: «Құлжанның шоқынды баласы келіп елге іріткі салып, Ленин идеясын таратып жүр» деген хабар Торғай уезіне жетіп, екі жақты қуғынға түседі.

Ресей оқу министрлігінің жолдамасымен елден жырақ, саяси көзқарасы анық орыстардың шоғырланған жері ғой деп 1905 жылы екеуі қол ұстасып қашып Семейден бірақ шығады.(Бұл жерде қазақтың көзі ашық көкірегі ояу оқымысты сауатты азаматтары шоғырланған еді ).

Семейде Құлжановтар тұңғыш рет Абайды қазақ пен орыс халқына бірдей насихаттауымен тарихта есімдері алтын әріппен жазылуда. 1914 жылы 26 қаңтарда ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 10 жыл толуына арналған әдеби-сазды кеште екі тілде бірдей жасаған Нәзипаның баяндамасы жоғары бағаланды. «Нәзипа сөзінің аяғында «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді білігін, одан да артық данышпандар туғызар» депті.

1915 жылғы ұлттық өнерімізді паш ету үшін Семей губернаторына арыз беріп, сахна төрінен «Біржан-Сара» айтысы мен Ы. Алтынсариннің өмір жолдары жайлы өткізген кеші сонымен қатар осы кеште ұлтымыздың салт дәстүрі жайлы да көріністер көрсетіледі.

Екінші бір құнды еңбегі ұстаздық ғылымның дарынды өкілі өзінің «Мектептен бұрынғы тәрбие» (Орынбор, 1923 ж.), «Ана мен бала тәрбиесі» (Қызылорда, 1927 ж.) кітаптары. ( Италия, Швейцария, Шотландияның, Жапония)

Одан соң «Баланы аурудан сақтандыру» дейтін еңбегінде ана мен оның перзентінің дерттен сақтану жолдарын, табиғи ерекшеліктерін елеп, ескеру мәселелерін, баланы бағу, күту, тамақтандыру, табиғи емшілерді (күннің сәулесі, таза ауа, табиғи тамақ) пайдалану турасында сол кездің өзінде ғылыми тұрғыдан ой толғайды.

Н. Құлжанова өмірінің шығармашылық беттері «Әйел теңдігі» журналымен тығыз байланысты. 1925-29 жылдары осы журналдың жауапты хатшысы болды. Ол орыс географиялық қоғамының мүшесі ретінде қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты. 1920-24 жылдары А. Вимбоэс пен қазақ музыкасының әйгілі зерттеушісі А. Затаевичке Абайдың бірнеше әндері мен қазақтың халық әндерін айтып, нотаға түсірткен.

Мұның бәрі Нәзипаны шын мәніндегі сан қырлы талант иесі ғана емес,орысша білім алып, қоғамдық жұмыстарға араласқан қазақ әйелі ретінде мақтан тұтуға дәлел.

Қазақтың өнер мен білімдегі таңшолпаны атанған Нәзипаның аяулы жары Нұрғалидың «халық жауы» деп ұсталынып кеткеннен соңғы өмірі бәсеңси бастайды. Сөйтіп, енді бұл жерде тұрудың жөні болмас дейді, елге барудың да реті жоқ. Қос қайғыны арқалап әуелде қуылып шыққан елге не бетімен барамын деп қазақтың мәдениеті мен әдебиетін дамыту жолына толық бетбұрыс жасайды. Қоныс аударып Ақмолаға келеді. Бұнда да басын тауға да, тасқа да ұрғанымен, «халық жауы» күйесі өз дегенін істетеді. Қайда бармаса да соңына шам алып түсіп, қызметін жалғастыруға тұсау болады. Соның салдарынан табыс табудың барлық жолы қысқарады. Жоқшылықтың зардабын шегіп, айықпас дертке ұшыраған Нәзипаға әділетсізділікпен ешқандай моральдық және материалдық көмек көрсетілмейді.

Қазақтың жарық жұлдызы Н. Құлжанова 1934 жылы Алматыда небары 47 жасында тып-тыныш хәлде артында сөнбес сәуле қалдырып мәңгілікке көз жұмады.

–Әділін айту керек, Нәзипаны бүгінгі ұрпақтың ұлықтауы үшін, оның есімін туған топырағында ардақтау арқылы егеменді еліміздің тарихында қалдыру мақсатында көп ізденіп, үлкен үлес қосқан – соғыс және еңбек ардагері Мұратқали Камалұлы.

Құлжанова кәсіпқой жазушы болуды алдына мақсат етіп қоймаған. Алайда, аса білімді журналист ретінде қаламы төселген жан бойындағы жазуға деген икемінің зор екендігін жоққа шығармаған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Жұлдыз» журналы, № 9 саны, 1984 жыл

2. Хакімжанова. М. Нәзипа Құлжанова. Қазақ әдебиеті, 1967, 11 тамыз

3. Қасымбаев Ж. История города Семипалатинска (1718-1917 г.г.).- Алматы: «Өлке»,1998




Н.ҚҰЛЖАНОВА - МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

ТӘРБИЕНІҢ ЖАНАШЫРЫ
Абдилкасенова Мейрамкул Хабиболлаевна

«Золотой ключик» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Адамзат тарихындағы ұланғайып дүрбелең оқиғаларға толы ХХ ғасыр қазақ қоғамында да ірі тұлғалардың бірнеше буынын тарих сахнасына шығарды.

Қазақ халқының өз алдына тәуелсіз ел болуын көксеген Алаш ардагерлері аяулы есімдерінің туған еліне қайта оралуы да ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының еншісінде.

Білімділігімен, парасаттылығымен, ұлтжандылығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген саусақпен санарлық қазақ қыздарының бірі, әрі бірегейі Назипа Сегізбайқызы Құлжанова.

Назипа Құлжанова 1887 жылы А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде туды. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы- педагогі, демократ, ақын-жазушы Ы.Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп,өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Кейін Орынбор мұғалімдер семинариясын бітіріп, ұлы М.Әуезов білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905-1920 жылдары ұстаздық етеді [1].

Назипа Құлжанова қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған. ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында ағартушылық жолын бекем ұстаған, оқыту,тәрбиелеу ісінің теориясына да, практикасына да Назипа Құлжанова аянбай еңбек сіңірді.

Оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолға қоюда бетбұрыс жасаған «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» кітаптары және ана мен бала денсаулығына байланысты циклдық мақалалары Назипа Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық еңбегінің нәтижесі жүйелі құбылысқа ұласқандығын дәлелдеп берді. Бұл жолда оның қызметі қазақ зиялылары, оқымысты тұлғалары А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. ағартушылық ойларымен, ұстанған жолдарымен тоғысып, үндесіп жатты.

Назипа Құлжанованың рухани мұрасы ХХ ғасырдың бас шеніндегі қазақ тарихын танудың дерек көзі бола алды.

Н.Құлжанова – заманында ірі мәдени-қоғамдық істердің ұйымдастырушысы, ұйтқысы болған қайраткер. Назипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағлымды болуын ескерткен. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы адамның келешегіне сенімділігі мен қоғамның жаңа адамды тәрбиелеуі- мемлекеттік маңызды іс [2].

Мемлекет пен ата –ана тәрбиешіге өзінің ең қымбатты асылын, халқының болашағын, барлық ықылас ниетімен сеніп тапсырады. Мұндай сенім тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүгін артады. Назипа Құлжанова тәрбиешінің ұстаздық бейнесін өте жоғары бағалаған. Соның ішінде педагогикалық кәсіби мамандықтың негізге алатын түп нұсқасы адамгершілік қасиеттерін үлгі тұтты. Бұл жағынан алғанда Назипа Құлжанованың пайымдауынша балабақша тәрбиешісіне жеке тұлға ретінде өте жоғары талап қоя білді. «Тәрбиеші бүгінгі заман талабына сай, өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр кекшіл емес, тапқыр, еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жандүниесін сезе білетін, кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болған дұрыс». Бала үшін де бақшадағы басты кейіпкер- тәрбиеші. Әр бала өз тәрбиешісіне ұқсағысы келеді де оның сөйлеген сөзін, істеген «әрекетін айналасындағылармен қарым-қатынасында түгелдей қайталап, айнытып салады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларда еліктеуге қабілеттілік өте жақсы дамыған. Сондай-ақ, Н.Құлжанова ауылдық жерлердегі жұмыс жасайтын балабақша кадрларын даярлау мәселесіне ерекше көңіл бөліп, олардың ғылыми тұрғыда тереңірек білім алуына ерекше мән беріп, жағдай жасаған. Тәрбиешінің терең жан-жақты білім алуы үшін мемлекеттік арнаулы және орта, жоғары оқу орнында оқығанда ғана баланың әрбір қойған сұрақтарына терең ғылыми тұрғыда жауап бере алады деген [3].

Назипа Құлжанованы толғандырған бір мәселе- мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің кәсіби ептілік-дағдылары қалай?- деген ой. Жалпы алғанда тәрбиешінің педагогикалық әрекеті баланы мектепте үздік оқуға дайындап, оқытып, жан-жақты тәрбиелеу, баланың жан дүниесін жете түсініп, балабақша бағдарламасының мазмұнын игеру.

Н.Құлжанованың еңбектерінде ерекше маңызды орын алатын мәселе- тәрбие жұмысының күрделі динамикалық құрылысы. Ғалым өз еңбегінде бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Тәрбиеші өз әрекетінде ұйымдастырушылық қабілетімен де ерекше көзге түсу керек деп есептейді, соның нәтижесін де балаларды да ұйымдастыра алады. Тәрбиешілік мамандыққа тек педагогикалық-психологиялық білім ғана емес, арнаулы кәсіби дағдылары да болуы керек деп есептейді.

Педагог-ғалымның пікірі бойынша тәрбиеші педагогтік іс-әрекетке қабілетті болуымен қатар, арнайы әртістік, музыкаға білімділік, бейнелеу өнеріне икемі бар жан-жақты болғаны дұрыс. Осының бәрі өзара қарым-қатынас негізінде жүзеге асады.

Н.Құлжанованың көзқарасы бойынша мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің бойынан мынандай бірнеше мәнді сапаларды байқауға болады: балаға деген сүйіспеншілік, байқағыштық, педагогикалық қарым-қатынас шеберлігі. Тәрбиеші әр топтағы балалармен қарым-қатынас жасағанда жеке басының даңқы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек те, олардың өзара бірліктерінің, достық, жолдастық қарым-қатынасына, өзара сыйластығына көңіл бөлген дұрыс.

Н.С.Құлжанова тәрбиешілер мен ата – аналардың бүлдіршіндердің мінезі, дүниені тануы, қалыптасуы төңірегінде қандай мәселелерді білулері керек, мектепке дайындау барасында қадағалайтын жәйттар нелер – бұлардың баршасын жауапсыз қалдырмайды. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ескерілетін проблемаларды тізбектеп көрсетеді:

1) Қимыл мүшелерін дұрыс билеу, жүру, жүгіру қағып алу, осының бәріне ыңғайланып ептіленеді;

2) Көру, есту, иіс сезу, түр түсті ажырату қабілеттері қалыптасады;

3) Сөйлеу, өз ойын шағын сөйлемдермен жеткізуге дағдыланады;

4) Ойлау қабілеті күшейіп, тіпті шағын қорытындылар жасауға ұмтылады;

5) Өлең, әңгіме, сурет, ойын арқылы өз түсінігін қоршаған ортаға жарыққа шығарады;

6) Өз дегеніне жетуге тырмысады, ойына алған ісін басқа жұрттың да орындалуын қалайды;

7) Таза, ұқыпты, жинақы болуды үйренгісі келеді;

8) Бала табиғаты шындықты ұнатады.

Көрсетілген дағдылар мен әдеттерді игерген бүлдіршін мектепке барғанда, бала бақшасында тәрбие көрмеген балаларға қарағанда, ерекшеленіп, тәрбиеге көнбіс, білімге ынталы келеді.

Н.Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын.Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген- білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Сол себептен де Назипа Құлжанова жаңа заман тәрбиешілерінен зор үміт күтті, олардан жаңаша өмір сүріп, жаңалықтан хабардар болып, үнемі білімін көтеріп отыруда, жаңашыл педагогтардың еңбегімен танысып, оны өздерінің күнделікті тәжірибесінде пайдалана білуін талап етті. Н.Құлжанованың есімі ұстаз, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, ағартушы, қайраткер, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгі есте қалды.

Назипа Құлжанова –қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Г.А.Кәрібжанова «Назипа Құлжанова» Семей,2012 ж.

2.«Ұлт тағлымы» журналы, 2010 ж.

3.«Қазақстан мектебі» журналы.




БІЛІМНІҢ БАСТАУЫ – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ

Абузара Айнур Сагинбековна

Бастауыш сынып мұғалімі «Әулиекөл ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің № 2 Қазанбасы орта мектебі»
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыты болып табылады. Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы- балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру және олардың қабілеттерін дамыту қоғам үшін де өте маңызды.

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және жаңа, тиімді психологиялық-педагогикалық тәсілдерді жедел іздестіруді көздейді.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарының білім беру процесінде «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» негізгі білім беру бағдарламалары қолданылуда.

Республиканың мектепке дейінгі білім беру мазмұнының мониторингі көрсеткендей, аталған бағдарламалар мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістерді қамтамасыз ететін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың бірыңғай үлгілік оқу бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі пайда болды.

Үлгілі оқу бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибелердің жетістіктерін ескере отырып әзірленген.

Бағдарлама меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдары үшін ҚР «Білім туралы» заңының 5 және 14 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген және бекітілген.

Бағдарлама мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып, әзірленген.

Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың тәрбиелік, дамытушылық, білімділік міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етеді.

Бағдарламаның ерекшелігі қолайлы әлеуметтендіруге және балалардың қажетті дағдыларды игеруіне ықпал ететін, мектеп жасына дейінгі балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кешенді дамуын қамтамасыз ету үшін Назипа Құлжанованың жасаған еңбектерінің алар орны ерекше.

Нәзипа Құлжанова 1888 жылы Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Торғай өңірінде дүниеге келген. Ол Торғайдағы Ы.Алтынсарин мектебінде білім алған. 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары Торғай қаласына келіп әйелдер училищесінде еңбек еткен. 1905-1920 жылдар аралығында Семей мұғалімдер семинариясында қызмет атқарған.

Нәзипа Құлжанова Қырғыз АКСР комиссиясының кітаптарды шығарумен баспасөз істері жөніндегі комиссия мүшесі болып жүрген кезде арнайы тапсырыспен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітап жазған. Бұл кітабы 1923 жылы жарық көрген. Аталған оқу-құралына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған. Автордың «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегі бес тараудан тұрады. Олар « Күллі жер жүзінде», «Мектеп жасына толмаған бала», «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?», «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі» және «Балабақша деген не?. Осы кітаптың мазмұнынан сол кездердің өзінде шет елдерде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарын зерттеу жүргізілгенін аңғаруға болады.

Нәзипа Құлжанова осы кітабында елімізде мектепке бейінгі тәрбиемен айналысатын мекемелердің аздығын, бар болсада мемлекеттік талаптарға сай еместігін, білікті тәрбиешілердің жетіспейтінін елеу еткен. Нәзипа Құлжанованың айтуынша бала психологиясын дұрыс меңгермеген тәрбиеші баланы дұрыс тәрбиелей алмайды.

Сондай-ақ автор кітабының алғашқы тарауында дамыған елдердегі балабақшалардың өмірі туралы баяндап, өзіміздің елімізде сондай бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде атқаратын қызметі зор екеніне сеніммен қараған. Сонымен қатар осы еңбегінде автор Италия, Европа, Шатландия бала бақшаларының құрал-жабдықтары бала тәрбиелеуде талапқа сай екенін, Швейцарияда мектеп жасына толмаған балалардың үйі бар екенін, осы балабақша балалардың жас ерекшелігіне сай жабдықталғаны туралы баяндаған. Осы еңбегіндегі көңіл бөлген басты мәселелерінің бірі балалардың бірігіп ойын ойнау, еңбек ете білуге дағдыландыру, тазалыққа, ұйымшылдыққа, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, сурет салып, өлең айту, шығармашылыққа тәрбиелеу жағы қаралған.

Нәзипа Құлжанова өз еңбектерінде мектеп жасына толмаған бала тәрбиесіне басты назар аударып жас ерекшеліктеріне сай жұмыстар жасау керектігіне мысалдар келтіріп түсіндірген. Балаға берілген тапсырма мөлшерден шамадан тыс ауыр болмауы, аған көрсеткен қимыл, үйретілген тағылым да шамадан тыс болмауы ескеру керек дейді. Бала үнемі мұғалім мен дәрігердің қадағалауында болуы керек. Мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп, ойында бала көргеніне еліктейді, үйренгендерін нығайтады, бекітеді деген.

Нәзипа Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.

Нәзипа Құлжанованың дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы.

Мен жұмыс атқарып келе жатқан мектебімде де «Мектепке дейінгі мекеме» жұмысы бағдарламаға сай жолға қойылған. Мектепке дейінгі мекеме «Зерек» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Сондай - ақ «Зерек» бағдарламасына сәйкес денсаулық сақтау, тілдік-қатынас, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік сияқты құзыреттіліктер қалыптасқан. Заманға сай балалардың бірігіп ойнауы, тазалыққа, ұжымда жұмыс істей білуге, сурет салып, шығармашылыққа тәрбиелеу жағы қарастырған. Ата-аналармен үздіксіз қарым-қатынас жағдайы жасалған. Отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып, баланың бойындағы ерекшеліктер мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Кәрібжанова Г.А. Н.С.Құлжанованың өмірі және қоғамдық-ағартушылық қызметі (1887-

1934) [Мәтін] Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның авторефераты / Кәрібжанова Г.А. - Алматы : Б.ж., 2003.

2.Құлжанова Н. Халқыма деп іс қылдым [Мәтін] : Педагог, журналист, әдебиетші Нәзипа

Құлжанованың мұрасы / Құлжанова Н. - Алматы : Рауан, 1993. - 168 б

3.«Зерек бала бағдарламасы» Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко,Н.И. Матвиенко,

Г.Ю. Жигайло


ЫБЫРАЙ ІЗБАСАРЫ – НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА
Алдабергенова Айнагуль Батталгозиевна

Қайыңды жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін

ең алдымен азаттық пен білім қажет".



Шоқан Уәлиханов.
Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысында өр тұлғалы қазақ қыздарының да үлесі зор болғаны белгілі. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет оның қайтпас қайсарлығы, өжеттігі, тіпті керек кезде ел үшін Отан үшін отқа түсуге дейін баруға батылы жететіндігі дәлелденген. Тарихта ел намысын ерлерше қорғап, қайрат көрсеткен қазақ әйелдері де баршылық. Солардың бірі Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова.

Аса талантты педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының мәдениет пен экономика жағынан мешеу кезінде өмір сүріп, халқымыздың демократиялық мәдениеті мен өнердің бір сыпыра саласында жаңадан өсіп өркендеуіне айқын жол ашып, баянды негіз жасады. Халықты өнер-білімге жетелеген, өзінен кейінгі буын ағартушылық жолдағы ізбасары-Нәзипа Құлжанова апамыз болатын.

Нәзипа Құлжанова қазақтан шыққан тұңғыш қаламгер әйел, талантты аудармашы, ұстаз. Қазақ топырағындағы журналистика өнерін тұңғыш меңгерген, әнші, мәдениет қайраткері, халықтың ауыз әдебиеті мен му- зыкасын зерттеп, оны А.Затаевич пен А.Бимбоэске нотаға түсірткен үлкен талант иесі Нәзипа Құлжанова 1887 жылы Торғай облысы, Жангелді ауданы қазіргі «Торғай» кеңшары жерінде сатушы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген.

Талантты жас Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы- педагогы, демократ, ақын-жазушысы Ы.Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебінен тәлім алып, Ахмет Байтұрсыновтың қамқорлығы мен қолдауын көрген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан, 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің қөмекшісі болып қызмет еткен. Елдің қоғамдық саяси қызметіне белсене араласып, өзінің зерделігімен, қабілеттілігімен көзге түседі. Ленинград қаласындағы архив мәліметтеріне қарағанда, гимназияда 5 қазақ қызы оқыған. «Сағызбаева Нәзипа прогимназияның барлық 4 жылдық курсын бітіріп шықты, сабақты өте жақсы оқыды, тәртібі тамаша еді. Курстың бірінші оқушы болып аяқтады» делінген, бұл деректер Н.Құлжанованың гимназияны үздік бітіргендігін айқындап тұрғандай [1].

Нәзипа өзінің жұбайы Нұрғали Құлжанов екеуі Семейде 1905 жылы мұғалімдер семинариясында жұмыс істейді. Нұрғали Құлжановтың да өмір тарихы Нәзипаныкіне ұқсас. Нұрғали Құлжанов 1870 жылы Жангелдин ауданына қарасты Қошалақ ауылында дүниеге келген. Ыбырай мектебін аяқтап, Орынбордағы мұғалімдер мектебін 1893 жылы бітірген.

Ерлі-зайыпты Құлжановтар 1905-1920 жылдары Семей қаласындағы оқытушылық қызметке халық-ағарту, мәдени-әдеби жұмыстармен айналы-сады. Білікті де, сауатты мамандар осында орыс географиялық қоғамына мүше болып кіреді. Белгілі жазушы Сапарғали Бегалин «Құлжановтар семинариядан қолы бос уақытта түрлі қоғамдық жұмыстар мен айналыса жүріп те, бір-екі сағат үйдегі біздерге сабақ беріп үлгеруші еді» - деп еске алады. Шығыс әйелдері съезін ұйымдастырушылардың бірі. Семейде әдебиет және мәдениет саласындағы істерге жетекші болды.

Нәзипа Құлжанова көшпелі қазақ елінде бұрын - соңды айтылмаған, жазылмаған бала тәрбиесінің жаңа түрін айтып берді. Оның бұл еңбектері «Қазақ балалар педагогикасының» алтын қорына қосылды. Бұл жайт ұстаздың «Бала күтімі», «Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары» кітабында балалардың табиғи қалпын бұзбай мінсіз баулу, оған өскен ортасының әсері, балдырғанның мінез-құлқын, іс-әрекетін қалыптастыру, оның сезім мүшелерінің ақаусыз дамуы, баланың жаратылысқа еркін қызықтауын өркендету, зейін, зерде, қабілет, түйсік туралы жан-жақты, терең, әсерлі баяндалған. Ол «Баланы аурудан таза ауада ойнату қажеттілігі, баланың еркіндігін, табиғилығын дамытудың мәні зор екендігі дәлелді баяндалған. Оның педагогикалық еңбектері 1993 жылы толық жинақталып, «Халқыма деп іс қылдым» деген атпен жарияланды. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. Ұстаз балалар сахнасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, кештер мен кездесулер, қойылымдар ұйымдастырды.

Нәзипа Құлжанова Еуропа елдеріндеі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірліігін де әңгімелейді. Автор өзінің еңбектерінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі.

Болащақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп, былай деген: «Балаға керегі-ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген – білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді». Н.Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге,ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған [2 ].

Нәзипа Құлжанованың дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көпте- ген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұлағатты ұстазы.

Ол алғашқы Абайтанушылардың бірі. Оған дәлел- 1914 жылы 26 қаңтарда Семей қаласында Абай Құнанбаевтың қайтқанына 10 жыл толуына орай ұлы ақынды еске түсіру кешін ұйымдастырды. Кеште ақын өмірі мен шығармашылығы жөнінде баяндаманы Нәзипаның өзі жасап, одан кейін Абай өлеңдері оқылады. Бұл кеш туралы «Айқап» журналында да жазылды. Нәзипа ханым осы кеште сөйлеген сөзінің аяғында Абайды туғызған қазақ даласы, тағыда талай Абай секілді, бәлки одан да артық данышпандарды туғызар дегенде тыңдаушы қазақтардың жүйесі босап, көзіне жас алғандарды болды, деп хабар берді. «Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне жасалған алғашқы әдебиет кеші болып һәм бірінші қазақ әйел (Нәзифа ханым Құлжанова жамағатының) майданға түсіріп берген өрнегі» - деп жазды 1914 жылы «Қазақ» газетіне Міржақов Дулатов. Қазақтың ұлттық ойындарының кешін өткізуге әскери губернатордан рұқсат сұрап, 1915 жылы 13-ақпанда Нәзипа тағыда бір сауық кешін өткізеді. «Ойын-сауық ұйымдастырушы

Нәзипа ханымның ондағы мақсаты қазақ әйелдерінің бетін ашып, мәдени-ағарту жұмыстарына қатысу бастамасы еді» дейді Мұхтар Әуезов. Мақтаса мақтауға тұрарлық Нәзипаның игі істерінің бірі жағдайы төмен оқушыларға көмек көрсеткені еді.

Нәзипа ханым екі тілде бірдей жүйріктігімен де көзге түсті. Оның орыс тіліне жетіктіінің арқасында орыс және Еуропа әдебиетінің кейбірі қазақ тіліне аударылды. Сонымен қатар, Абай, Ыбырай, Ғабиттердің шы-ғармаларын тұңғыш рет орыс тіліне аударған да Нәзипа ханым еді.

Қазан төңкерісінен соң қазақ әйелдерінің арасынан суырылып шығып, өз халқына өнер-білім сәулесін шашқан алғашқы қарлығаштар - Алма Оразбаева, Мадина Бегалиева, Мүбина Ниязова, Шолпан Иманбаева сияқты қазақ халқының мақтанышына айналғандардың қатарында көпшілікке белгісіз себептермен аты осы уақытқа дейін көп аталмай, халықтың жүрегінен өзінің лайықты орнын ала алмай келген алғашқы педагог-ғалым, журналист-публицист қазақ қызы Нәзипа Құлжанова да бар еді[3].

Туған халқы үшін өшпес із қалдырған Н.Құлжанова 1933 жылы 21 тамызда Алматы қаласында дүниеден өтті. Қазақтың аяулы қызының ең-бектері ғылыми - педагогикалық еңбектердің қатарында алар орны өзгеше, Қазақ зиялыларының бірі ретінде Нәзипа Құлжанованың рухыни, тарихи танымының жоғары екендігін байқаймыз. Семей оқытушылар семинариясында мұғалімдік қызметте болған кезі ізденістерге толы жылдар еді, ұстаздық ісінің бегілі бір жүйеге иеленіп, қомақты істерді бел шешіп атқаруға ойысқан шақ еді.

Семей семинариясында ұстаздық істі жемісті атқарған білімдар жанның өз ісіне шынайы берілгендікпен қарауы, өнегелі істің ұрқын себуі кейініректе жемісін де берді. Төңкерістен кейінгі жылдары бұрыннан бастаған ұстаздық ісін осы саладағы ағартушылық, қайраткерлік дәрежеге жеткізді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құраст.



Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29 б.

2. Ш.Ахметов. «Қазақ балалар әдебиеті», Алматы,1974.

3.Алтынсарин Ы. «Қазақ хрестоматиясы», Оқу құралы. Алматы, 2003.

ЗИЯЛЫ, ҚОС ҚАРЛЫҒАШ
Абдуллина Ардақ Әмірханқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі
Тобықты елімен Торғай жұртының қашаннан есте қаларлықтай ұмытылмастай байланыстары болған. Алаш баласының басына бұлт үйірілген – «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Сыр бойынан ауған Тобықты елі Ырғыз,Торғай, Кеңгір бойын қыстап, Шыңғыс тауларына жеткен.

Абайдың ХVIII ғасырда біздің елде дүниеге келген аталары Торғай,Топай,Көтібақ,Ырғызбай есімдерін иеленіпті. Кеңестік кезеңнің кесапат саясаты – «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» ұжымдастыруынан кейін ашыққан Торғай еліне алдымен қол созған Семейліктер болды.

Көркем сөз шебері, қаламгер Жүсіпбек Аймауытов бастап келіп,Торғайлықтарға мың шақты ірі қараны үлестіріп береді. Ашыққан елге деп «жылу малын» жинасқандардың бастамашылары: Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Міржақып Дулатов, Нұрғали Құлжановтар болады. Аштықтан жеген құйқасын Торғай елі ұмытпақ емес

Өткен ХХ ғасыр басында оқыған қазақ зиялылары Семейге көптеп жинақтала бастады. Солардың сапында Міржақып Дулатов, Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар да болды. Әрі бұлар Алаш Тәуелсіздігі жолында қайсар ісі, уытты сөзі, ерлік істерімен көзге түсті. Абай елі, сонымен, зиялы Алаш оқығандарының мекеніне айналды. Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Кәрім Тоқтабаев, Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар Семейде кездесіп, қажырлы кезеңдері мен қызықты шақтары осы қалада сабақтасады. Туған жерлері - Торғайдан қашықта жүріп те олар бір-бірінен қол үзбеген,ауыр істерде иықтаса білген. Бұл ойымыздың басты айғағы ретінде Ахаң мен Нәзипа арасындағы туысқандық шынайы сыйластық пен рухани түсіністікті айтуға болар еді. Ахаң болса Міржақып, Нұрғали, Кәрімнің істерінен қолдаушыларын көрді, өзінің қорғаушыларын таныды. Орынбордың мұғалімдер гимназиясын бітірген Нұрғали Қостанайдың орыс-қазақ гимназиясында оқыған Нәзипамен жұптасып Торғайына келеді. Бұдан бұрын Н.Құлжанов Жетіқараның Шұбар болысында ұстаздық жасап,бала оқытып жүрген-ді. Ерлі-зайыптылар Торғайдың қыздар училищесінен орын табады. Бірақ оларды туысқандары суық қарсы алады. Құлжан бидің әулеті, Нұрғали ағайындары: «Кедейдің қызын алдың. Біздің теңіміз емес»,-деп кергиді. Нәзипаның әкесі Сағызбайдың кедей екендігі рас-ты. Сағызбай күн көріс қамымен Бесқопа бойынан отындық қамыс орып таситын, жазда қала тұрғындары үшін шөп шабатын. Орысша киініп,бала оқытып,еркін жүретін Нәзипадан келінді «шоқынды» санайтындар да табылды. 1905 жылғы төңкеріс лебі шет аймақтарға да жете бастаған шақта төңкерісшіл Нұрғалидың Торғайда қызмет істеуі би-болыстарға да жақпайды. Ауқатты отбасында дүниеге келген Нұрғали еркін өсті.

Нұрғали Құлжанов 1874 жылы мамыр айында дүниеге келеді. Атан бидің баласы Құлжан ақсақал Нұрғали туғанда бірнеше күн бойына той жасайды.Қошалақтың «Қызылша құмы» бойында 37 жерден ошақ қазылып, 37 қазан көтеріледі. Той өткеннен кейін қысырақтың тайын сойып, Құлжан ауыл ақсақалдарынан бата алады,балаға ат қойдырады. «Мамыр айымен таласа туған бала есімі – Нұрғали болсын!»,-деген бәтуаға келеді Қошалақ ақсақалдары.Торғай елі есімдері қатар аталатын «Құлжан-Төке» билігіне қанық. Торғай арғындарының Әйдерке тармағына жататын Түгелбай, Мерген руынан шыққан қос бидің шешімді билік,төреліктері,әлі күнге жыр болып айтылады.Құлжан мен Төке иықтаса дауға араласып,болыс,оязға да қарсы тұра білген,ел қорғаны бола білген. Бұлардың аттары Торғайда ғана емес Қостанай,Көкше өңіріне де танылған.Ел өмірінің ішкі жай-жапсарына еркін араласып жүрген Құлжан би де баласының орысша білуіне көбірек көңіл аударды. Торғай қаласы тұрғындарының орыс тілді жастарымен үйірсек болуына, Нұрғалиының солармен үйірсек болуына қарсылық білдірмеді.Қаланың екі сыныптық орыс-қазақ училищесінде оқып жүріп достасқан балаң достары Қанапия Қойдосов, Кәкімбек Токиндермен қатар Александр Токарьев, Николай Никитин сынды орыс достары болды. Александр қалада ертеден тұратын,қазақшаны жақсы білетін,Халық бостандығы теңдік тақырыбындағы Әліби Жангелдиннің әңгімелерін естіп өскен Қанапия, Кәкімбек, Александрлар коммунистік саясатты қолдады.Тіпті өздерін халық бостандығы жолындағы күреске арнаған, өздерін коммунистерміз деп сенген жастар саяси ұйымның асқақ үні «Интернационалды» жаттап жүрді. Коммунистер гимнін хормен айтуға Торғай шіркеуін пайдаланды. Александр Токарьев бас болып шіркеу хорына қатысып жүргендер араында Нұрғали да болды.Сонымен өзін халық жолындағы күреске арнаған балғын жас Нұрғали Құлжаноытың таңдауы елдегі бірден-бір саяси ұйым коммунистік партияға түсті.Торғайда коммунистік саясатты алғаш қолданушылар қатарында Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов, Қанапия Қойдосов, Александр Токарьев,Нұрғали Құлжанов болды. «Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан...» Нұрғали бұл бағытынан айнымады.Осы жолда мерт те болды.

Нұрғали Орынбордың мұғалімдер училищесінде 1891-1893 жылдары оқиды. Орыс тіліне әбден төселген. Ұстаздық білім алған Нұрғали елге оралуға асықпай Жітіғараның Шұбар болысында мұғалімдікке орналасады.Қазақтың ескі жуан тұқымы Түгелбайдан шыққан Құлжан би болса Нұрғалидың елге оралуын қолдамайды. Оған басты себеп,баласының саяси көзқарасында болса керек. Әліби, Амангелді, Қанапия тобының айтары:теңдік еркіндік болып алған. Орысша оқып білім алған Нұрғали да солардың сөзін сөйледі. Сондықтан да әке ойы ұлының елден қашықта жырақ жүруін орынды көрді.

Нәзипа Сағызбайқызы 1888 жылғы Ақпан айында Торғай өңірінің «Бесқопа» бойында дүниеге келді.Сағызбай мен Уазипаның көп балалы отбасында дүниеге келген Нәзипа балалардың шешек індетінен бір қыста жалғыз болып қалады. «Бесқопа» бойы қыстақтарынан індеттен бой көтеріп,аман қалғандарының бірі – Нәзипа болды. Содан да бұл қыз,осы үйдің бары да нары болып өсті. Ата-ананың өмірге сенім артар көзайымы болды. Атымтай әулетінің Сабынбай, Сағызбай ағайындары ғана малын күйттеген шаруа адамдары болатын.Қалаға қатынайтын жаз:шөп шауып,құрақ баулайтын,қыс малға суат,отын шаруасында болатын.Шай пұлдығын алуға қалаға Сағызбай жиі қатынайтын.Мұндайда шөптің үстіне,өгіздің арқасына мінген Нәзипа да ере жүретін. Қызықтайтыны -Торғайдың жеті көшесі,қалаға өтетін кең ағаш көпір. Биікте алыстан көз тартар ауқымды Ыбырай мектебі,кәсіби білім беру училищесінің орамы Нәзипаның назарын өзіне еріксіз тартатын. Тезірек осында оқуға армандайтын. Қызының оқуға деген ынтасын сезген атымтай ағайындары Жаңғабылдың бас болумен дуан басшысы мен мектеп жетекшілеріне қолқа салады. «Үйде хат танып қалған,оқуға ынталы қызды оқытуға басшылық та қарсы болмайды». Бұрын Ыбырай мектебінде Аққағаз Досжанова да да оқыған. Аққағаздың ағасы Сағындық Ырғыздан қызмет бабымен ауысып келеді. Сағындық Досжанов та төңкерісшіл сипатта болған жас. Аққағаз болса болашақ қазақтан шығатын жоғарғы білімді дәрігер. Халық қаржысы есебінен осы негізін Ыбырай Алтынсарин қалаған орыс-қазақ мектебіне Нәзипа Сағынбайызы да оқуға түседі. Мектепте жақсы оқиды,тәртіпті тәрбиелігімен көзге түседі. Білуге,оқуға деген ынтасымен көзге түскен Нәзипаны мектеп басшылығы енді Қостанайдың орыс-қазақ қыздар гимназиясына оқуға жолдама береді. Қостанайда сапарда болған сол кезеңнің бір орыс жазушысының жазғаны бар: демалыс кезеңінде алыстағы елі – Торғайына жете алмаған «даланың бозторғайы» Нәзипаның көзі жәудіреп терезеге қарап отырады. Дала бозторғайының еліне жетуге жол қашық,қаражат та жоқ. Осындай жабырқау күйде жүрген Нәзипаға тағы бір суыт хабар жетеді. Қысқа жібі шырмауына жетпей журген Сағызбай кіші жүздің бір байының ұлына қызына құда түсіп,қалыңмалын алып та қояды. Жігіт жағы қалыңдығын іздейді. Қиналғанда гимназия басшыларының кеңесімен Нәзипа жақын жер Шұбарда ұстаздық құрып жүрген жерлесі Нұрғали Құлжановпен хабарласады. Арашаға Торғайдан ояз бастығы Құлжан да түседі. Бидің көмегімен қыздың алып қойған қалыңдығы төленеді,қыздың оқуын жалғастыруға рұхсат етіледі. Аққудың көгілдіріндей оқыған қызға – Нәзипаға Нұрғалидың да көзі түседі. Оқуын еш алаңсыз жалғастыруына қолын жеткізуге қамқоршы болған Нұрғалидан қыз да кетәрі емес еді

Нәзипа оқуын тәмамдаған. Бұлар ерлі-зайыпты Нұрғали мен Нәзипа елге оралады. Екеуі де Торғайдың қыздар училищесіне мұғалімдікке орналасады. Бірақ туған елдерінде ұзақ тұрақтай алмайды. Ұстаздың формалы сәнді киімін киіп, барынша салмақты да сәнді жүріп, таза орысша сөйлейтін Нұрғалиды қазақы жұрт шоқындыға санайды. Татарша сәнімен киініп, қызметінде ашық жарқын тілдесетін Нәзипа келінді көпшілік көре алмайды, еркіндігін қызғанады. Қалды коммунистік көзғарастағы Нұрғалидың дуанбасшылығымен аралас-құралас жүруі де әнгімеге арқау болады. 1905 жылғы орыстың төңкерісшіл оқиғасы таяп келе жатты... Бұлар-ерлі-зайыпты Нұрғали мен Нәзипа елге қалай келді, солай қол , Семей асады.

Екі бірдей күрескер, ағартушы, ізденісті жастар Семейде белсенді қызмет істеп, көптің ықылас, құрметіне бөленеді. Алғашқыда олар Семей семинариясына оқытушы болып орналасады. Кейін Нұрғали сол семинарияның директорлығына дейін өседі. Қаланың төңкерісшіл жастар жұмыстарын жасырған жағдайда араласып жүреді. Олар Нұрғали мен Нәзипа орыс тілін жетік білген орыс әдебиетіне таныс болған. 1913-1914 жылдары Құлжановтар Қарқаралы уезінде болып, қазақ ауылдарында сауық кештерін өткізеді.

Семейдің қазақ, орыстарына Абайдың кім екендігін алғаш рет таныстырғандар Құлжановтар болды. Нәзипа Абайды «қазақтың жазба әдебиетінің көш бастаушысы» деп атайды. Ал, Абайдың ақындық бұлақ көзін ашқан шығыс, сонан соң орыс әдебиеті деп атап көсетеді.

Генерал - губернатор Тройницкийдің рұқсатымен 1915 жылдың 13 ақпанында Семейдің приказшиктер клубында Нәзипа ең алғаш рет «Біржан мен Сара» айтысын сахнаға шығарады.

Семейде Кеңес үкіметі орнаған кезеңде Нұрғали қалалық баспахана меңгерушісі қызметінде жүреді.Сібірде Колчак үкіметі орнайды. Мезгілінде «Халық сөзі» газетін шығарып тұру, баспахана мүлкін қорғау қажет болады. Халық үйінде қамауда ұстап отырғандары - Нұрғалидың сау басы ғана. Оның қызылдарды қолдайтыны, большевик екені белгілі. Қаншама ұрып соғып қорласа да одан жөндеп жауап ала алмайды. Баспахана меңгерушісі Нұрғали Құлжанов көзсіз комvунист, дініне берік жанды. Ақтың әскерлері Нұрғалиды «Большевиктерді қолдаушы» ретінде азаптап өлтіреді. Кешікпей 1919 жылдың желтоқсан айының соңында Семейде Кеңес үкіметі қайта орнайды.

Нұрғали көрші ауылдағы Шеген ұрпағын жақсы білген. Ыбырай Алтынсарин ашқан Торғайдағы мектептің сыныптарында Нұрғали Қорғанбек Бірімжановпен қатар оқиды. Тосын болса Бесқопамен шектеседі. Демек, Шеген бидің ұрпақтарын Нәзипа да танитын. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қызған шағында көтерілісшілер қыпшақ, арғын руларына Әбдіғапар мен Оспанды хан сайлап алады. Ханның сардар басшылығына Амангелді Имановпен Қасымхан Алтынсаринді сайлайды. Сол Оспан ханның сардары болған Қасымхан тәңірдің тәлкегімен «халық жауы» танылып Семейге жер аударылады. Сол Қасымханның туған топырағы Тосынына жетіп қалуына қол үшін созған Нәзипа Сағызбайқызы болады. Семейдің губерниялық сотына Міржақып Дулатов мүше де Нәзипа жерлесін іздеушісі болатын.

Кейін Нәзипа Құлжанова жалғыз қызы Гүлжиһанды ертіп республика астанасы Алматыға келеді. Мұнда Нәзипа баспасөз жұмысына белсене араласады. Оның қаламынан туған еңбектер «Әйел теңдігі», «Еңбеші қазақ» сияқты басылымдарда жиі басылып тұрады. Жазбаларының негізгі тақырыбы- әйел теңдігі, оқу-ағарту жәйі, бала тәрбиесі төңірегінде болады. «Мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі» деген кітап та шығарады. Оның бұл еңбегін Ахаң да - Ахмет Байтұрсынов жоғары бағалаған. Сондай-ақ Нәзипа Құлжанова аудармашылық жұмыспен айналысып, Горькийдің, Короленконың, Куприннің ірі-ірі шығармаларын орысшадан қазақшаға аударған.

1930 жылы Н.Құлжанова Мәскеуге арнайы сапар шегеді. Онда Нәзипа Надежда Крупскаямен кездеседі.

Нәзипа Құлжанова 1934 жылы дүние салады.

Нәзипа ұйымдастырушылық жұмыстармен қатар,әдеби шығармашылық еңбектер де жазады, артында оның қаламынан туындаған мол мұра қалды. Нәзипа Құлжанованың шығармашылық еңбегі Абай еңбегімен тығыз байланысты. Ерлі-зайпты Құлжановтар Семей қаласына қызметке ауысқанға дейін Абай аты оларға беймәлім еді.Олар Семейге Абайдың дүние салғанына бір жыл толған кезеңде көшіп келеді. «Дала уәлаяты» газетінен Абай Құнанбайұлы – 1988 жылдың мамыр айынан Семей облыстық статистикалық комитетінің толық мүшесі туралы және оның балалары Ақылбай мен Мағауия жайлы бірер хабар оқиды. Кейіннен Абайдың өмірі мен творчествосы жайлы көбірек баяндайтын азалы ғұмырнаманы Мемлекеттік географиялық қорының Семей бөлімшесі жазбаларының 1907 жылғы үшінші кітабында жарияланады. Ерлі-зайыптылар болса сол хабарды оқығаннан кейін ғана, Абайдың ойшыл ақын,өрелі азамат болғанына көзін жеткізеді. Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері халқымыздың екінші бір жарық жұлдызы Абай Құнанбайұлымен осылайша танысып,ақын творчествосымен осылайша достасады.

Құлжановтардың Семейде жүргізген ағартушылық жұмыстарына Сапарғали Бегалин белсенді араласады. Мұғалімдік семинарияда жұмыс істей жүріп, Нұрғали мен Нәзипа Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин туралы әдеби-сазды кештер өткізеді.

Кезінде кемеңгер Абай да мүше болған орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөліміне қарасты Семей бөлімшесіне Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар 1913 жылдан мүше болған. Демек ,олардың белсене баспасөзге араласуы да сол жылдардан басталады.

Өмірден қыршын өткен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров та Нәзипаны өлеңге қосып,әділ бағасын берген болатын.

«Айқап» журналының 1914 жылғы төртінші санында сол жылғы 25 қаңтарда өткен Абай Құнанбайұлының қайтыс болуына 10 жылдығына орай өткен кештен есеп берілген. Нәзипа Құлжанованың ұйымдастыруымен өткен бұл кештің географиялық қоғамның Семей бөлімшесі пайдасына жасалғаны жазылған.

Құлжановтар қалада өткізілер келесі бір кешті қазақ тілінде өткізуге қам жасайды. Бұратана халық саналатын қазақ тілінде жиын,кеш өткізу қиынның-қиыны болатын. Бұл жолғы ағартушы,ғалым Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен шығармашылығына арналған кеште Нәзипа Құлжанова баяндама жасайды. Осы орайда, «Қазақ ССР тарихының» үшінші томының «Халықтың ауызша творчествосы және музыкалық мәдениеті» деген тарауында Қазақстанның ХХ ғасырдың басындағы мәдениет майданы қайраткерлері қатарында Нәзипа Құлжанованың да есімі аталады. Онда былай делінген:Қазақ әндерінің қоғамдық өмірге қатысуына тиым салып,шектелген семъялық өмірдің қатаң ережелеріне қарамастан,олардың кейбіреулері кертартпа жұмыстың кедергілеріне қарсы төтеп бере алды. Бұлардың арасында есімдері неғұрлым белгілі белсенді мәдени қайраткер, әрі әнші Нәзипа Құлжанова (1887-1933) әнші композитор Майра Уәлиқызы (1896-1926) күйші композитор Дина Нұрпейісова (1863-1955) және басқалары болатын.»

Осы орайда Нәзипа Құлжанова мәдени қайраткер,әнші,әрі жан-жақты талант иесі болғандығын атау ләзім. Ол ағартушылық қызметімен қоса туған халқымыздың сарқылмас мұрасы – ауыз әдебиеті мен сазынан да молынан хабардар болған.1919-1922 жылдарда кең байтақ Қазақ өлкесінде болып,халқымыздың ән-күйлерін жинастырып, олардыры нотаға түсірген өнер зерттеушілері А.В.Затаевич пен А.Э.Бимбоэсқа Нәзипа өзінің орындауында көптеген әндер жаздырады.

Халқымыздың ән мұрасының жанашыры,орыс оқымыстысы А.В.Затаевич әнші Нәзипа Құлжанованың орындауында халық әндері «Ғайни-ау,сәулем», «Қыздардың зары», «Жылқыбай» жазып алады.А.Затаевич қойын кітапшасына былай деп жазыпты: «Құлжанова Нәзипа Сағызбайқызы – қазақ қыздарының арасынан шыққан интеллигент, педагог, жазушы және аудармашы. Халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері. Семей қаласында өткізілген қазақша музыкалық кешті және Абай Құнанбайұлының қайтыс болуының он жылдығына байланысты кештерді ұйымдастыруда ерекше белсенділік көрсеткен. Өзі ақынның шығармашылығы туралы баяндама жасаған.» Балалар педагогикасы, ғылыми-методикалық еңбектерімен,тәрбие жұмысының жәй-жапсары, мақсат-мүддесі жайлы мәселелерді жұртшылыққа насихаттауда – «Әйел теңдігі» журналы кезеңінде елеулі еңбек етті. Сол басылымның мектепке дейінгі тәрбие бөлімін Нәзипа Құлжанова басқарады. Журналдарда оның методикалық мақалалары жиі басылып тұрды. Н.Құлжанованың қаламынан 1923 жылы Орынбордан «Мектептен бұрынғы тәрбие»,1927 жылы Қызылордадан «Ана мен бала тәрбиесі» атты еібектері шығады.Оның бұл еңбектері қазақ балалар педагогикасының алтын қорына қосылатын туынды ретінде бағаланады.

Журналист қаламгер ретінде Нәзипа Құлжанованың арнайы сөз етерлік еңбегі «Қоса жоқтау» мақаласы. Бұл В.И.Лениннің қайтыс болуына орай жазылған туынды. Мақала «Қызыл Қазақстан» журналының 1924 жылғы бірінші санында басылады. Н.Құлжанова сол кездегі Қазақ-кеңес әдебиетінің негізін қалаушылар,танымал күрескер,даңқты жазушылар:Сәкен Сейфуллин,Сәбит Мұқановпен бірге «Еңбекші қазақ» газетінің («Егемен Қазақстан») редколлегия мүшелерінің бірі болып сайланады. Ақын Мәриям Хакімжанова Нәзипаның қаламгерлік қызметі туралы былай деп жазады: «Назекең көркем шығарма мен әдеби сын жазу,аударма жасау,зерттеулер жүргізуде қабілетті де,білімді де,тілі де,мәдениеті де елең еткізетін талантты да талапты саңлағымыздың өзі еді. Бірақ денсаулығы мен білген кезде өте нашар болатын...» («Жұлдыз» 9 саны,1984 ж.)

Нәзипаның «Қоса жоқтау» публицистикасы көпшілікке түсінікті шұрайлы тілі,ұтымды ойымен әсерлі жазылған. В.И.Ленинді бүкіл Кеңес елі пір тұтқан кезеңіне орай, Нәзипа да көсемді солай дәріптейді: «Адамзат дүниесінің ұстазы,басшысы Владимир Ильич(Ульянов) Лениннен айрылып,адам баласы риясыз терең қайғыда... Иә,дәстүр қысымында тұншығып келген Күншығыс елінің сорлы әйелі бола тұра,мына жоғалтып отырған асылымыз туралы бірауыз ойымды айтпай кете алмадым. Ленин жолдастың өткен хабары құлаққа тигенде,бейне жүректің шың етіп қатты бұралған бір нәзік тамыры үзіліп кеткендей болды.Біз сияқты қиналғандардың қиядағы сақтаушысы, ұстазы ғайып болды деген ой найзағайдай жарқ етіп,жүректі жарып өте шықты...»

Осы «жоқтауында» Н.Құлжанова Сәкен Сейфуллиннің де есімін атайды. Оның себебі, советтердің ІІ съезінің делегаты С.Сейфуллиннің «Известия» газетінде «Ленин һәм оянып келе жатқан Күншығыс» деген мақаласы басылады. Шамасы,соны оқыған Н.Құлжанова былай деп жазады: «Қоса жоқтауда»: «Известия» газетінің 20 санындағы Сәкеннің сөзі рас. Халық елдегі көзі ашылмай күндікте келген қазақ әйелі Лениннің өлімін үндемей қалмас-ау..."

Қалайда, Нәзипа Құлжанова заманына қарай оқығаннан түйгені мол,ізденісі көп қаламгер болған.Тек, өкініштісі жазушы,журналист Нәзипа Құлжанованың артына қалдырған мол мұрасы шығармаларының әлі күнге жеке кітап болып шықпауы, атының да Қазақ-Совет энциклопедияына енбей қалуында. Нәзипа Құлжанованың Абайды іздегеніндей жоқтаушысы болмағаны өкінішті-ақ.

Дегенмен, оның ғұмыр сүріп, еліне қызмет еткен кезеңінде құрметтеушілері, іздеушілері де аз болмаған. Солардың бірі де бірегейі Ахаң – Ахмет Байтұрсынов еді. Ахаң Нәзипа қарындасының талантын қатты бағалап,өзін барынша қатты құрметтеген, нәзік қиын шақтарда кеңесіп те отырған. Ахаң мен Нәзипа арасында туысқандық сыйластық пен рухани терең түсіністік болған. Қарқаралы қаласындағы екі сыныптық училищенің меңгерушісі болып істеп жүрген Ахаң 1909 жылдың 1 шілдесінде Семей түрмесіне қамалады. Семей облыстық губернаторы Троиницкийдің жарлығы бойынша, әуелі Ахаңның үйі тінтіледі. Өмір,тәуелсіздік,тіршілік, әділет жолында күресіп жүрген, жастарды ел егемендігі жолында үндеген Ахаң түрмеге түсіп,бір жылдай жазықсыз жапа шегеді. Ахаңның түрмеге түсіп, қамалуына араша түсіп: Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сұтанмахмұт Торайғыровтар жүреді. Ахаң қамалған Семей түрмесінде жиі болып, хал-жағдайын біліп тұрған ерлі-зайыптылар Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар болған. Түрме қапасында жатқан Ахаң Нәзипаға «Н.Қ. ханымға» және «Анама хат» өлеңдерін жасырын табыс етеді.

Енді негізгі әңгіме желісіне Нәзипа Құлжановаға қатысты желіге қайтып оралар болсақ. Ахаңның ерлі-зайыпты Құлжановтардың азаматтық-рухани достық қатынастары ертеден басталады. Нұрғали Құлжанов Торғай арғындарының Әйдерке тармағынан, түгелбай-жаңқара руынан.Елде әкесі Құлжан мерген Төкемен бастас,дос-жаран болған. Олардың есімдері ел-аралық билік, шешілмес дауларда «Құлжан-Төке» болып қатар аталып жүрген.Құлжан-Төке иықтаса сөз айтып,патша мен болыс билерге де қарсы тұра білген,ел қорғаны болған. Құлжан-Төке ағайын арасы ғана емес,Қостанай-Көкше өңірлеріне де танымал тұлғалар болған. Нұрғали болса осындай текті тұқымнан шыққан оқыған азамат. Сағызбайқызы Нәзипа болса Торғай тұрғындарына қыс отындық қамыс тасысып, жаз құрақ баулап,шөп орған. Бесқопаның қалаға жақындығы Сағызбайдың отын, шөппен шай сулығын табуына оңтайлы болған.

Ахаң мен Нұрғалиды достастырған Орынбордың мұғалімдік мектебінде екеуінің қатар оқуы болса керек. Жітіқараның Шұбар ауылында болыстық мектепте мұғалім болып істейді. Бұған дейін Нұрғали Құлжанов 1889 жылы Орынбордың мұғалімдер мектебіне оқуға түсіп оны 1893 жылы бітіреді. Ахмет Байтұрсынов болса,бұл мектепке 1891 жылы оқуға келеді.Демек олар мұғалімдер мектебінде екі жылдай қатар оқиды.

Кезінде Торғай облысы бойынша Орынбор екі сыныптық училищесі қазақ мұғалімдерін даярлайтын бірден-бір оқу орны болған. Ахаң мен Нұрғалидан бұрын осы оқу орнын:С.Ізтелеуов, О.Асауов, Д.Тоқтабаев, А.Шотаев, Ғ.Балғынбаевтар бітіріп шығады. Оразалы Асауов - халық бостандығы жолындағы күрескер, Досжан Тоқтабаев – үлгілі ұстаз ағартушы, Міржақып Дулатовтың ұстазы. Ахметқали Шотаев пен Ғабдуғали Балғымбаев та Ыбырайдың ұстаздық ісін алға жалғастырушылар. Демек, Ыбырай Алтынсарин бастаған ағартушылық жолын Ахмет Байтұрсынов та, Нұрғали Құлжанов та таңдаған. Нұрғали ағартушылық жолында, коммунистік пиғылда бостандық деп мерт болды. Ахаң да қарындасы Нәзипаға жазғанындай: «Ұзақ жолға ниет қып,сол жолда» – Алаш теңдігі жолында өмірден озды. Олар қазақтың бүгінгі тәуелсіздігі жолында құрбан болды.

Семейдің қазақ зиялылары көптеп жиналған думанды шаһарында біздің жерлестеріміз Нұрғали мен Нәзипа да, Ахаң мен Жақаң да, Кәрім де ел құрметіне бөленіп,беделді болған. Өнер мен мәдениет,әдебиет пен әдет-ғұрып – жалпы зиялылықтың Нұрғали мен Нәзипа Құлжановтар Семейде «қос қарлығашы» танылды. Бұл: «Жарым жолдан қайтпаспын,қарындасым»,- деп серт берген Ахаңның рухани ниеттесі,ел егемендігі жолындағы күрестегі сенімді серігі Нәзипаның аға сеніміне адалдығынан да болар. Қалайда Ахаң мен Жахаң әлемі өнер мен мәдениет,ғылым мен әдебиетте,қазақы қалыпта да көптеген қол созар азаматтарымыздың қол созар биік нысаны,жол бастар жұлдызы болғаны ғой. Сол шоғырда жарқырай жанғаны да - Нәзипа Құлжанова болса керек.

Жазушы, журналист Нәзипа Құлжанова Абайтануда ізденісті де белсенді қызметтер атқарды. Негізгі ұстанған бағыты - балалар тәрбиесін жалғастыруда ізденісті жұмыстар атқарып, кітаптар шығарды. Нәзипаның ағартушылық жұмыстарымен қатар қаламгерлік жазушылығын журналистігін саралауға да талпыныс жасадық. Қазақтың салт-дәстүрерінің озық үлгілерін насихаттауда да ол білікті этнограф ретінде көп еңбектенген. Халықтың ән мұрасын насихаттауда да алдына жан салмаған әнші,өнерпаз болған. Нәзипаның сегіз қырлы өнеріне лайық табиғат та оған келісті көрік,тамаша сымбат та берген. Торғайдағы Ахаң мен Жақаң атындағы әдебиет мұражайында Нәзипа Құлжанованың аққудың көгілдіріндей көрінетін бюст ескерткіші бар. Керемет жасалған ескерткіш бюст белгі.

Қалайда, жаны замана талабына орай Ахаң-Жақаң бастаған оқыған-тоқыған қазақ зиялылары арасында Нәзипа Құлжанова жазушы, журналист ретінде танымал қаламгер ізденісі - нәтижелі ағартушы болған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ ССР тарихы. ІІІ том.-Алматы: «Мектеп», 1983

2. «Жұлдыз» журналы, № 9 саны, 1984 жыл

3. Хакімжанова. М. Нәзипа Құлжанова. Қазақ әдебиеті, 1967, 11 тамыз



4. Қасымбаев Ж. История города Семипалатинска (1718-1917 г.г.).- Алматы: «Өлке»,1998


«ЖІГІТ» ГЕНДЕРЛІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ
Ауезова Шынар Сериковна

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Бүгінгі күні қазақ тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі антропоөзектік бағыттағы зерттеулер. Антропөзектік бағыт аясындағы зерттеулердің үлкен салалары гендерлік лингвистика, когнитивтік лингвистика қазіргі күні ғылыми қағидалары мен амал - тәсілдер негіздерінде өз алдына жеке ғылыми сала болып қалыптасып, дамып келе жатыр. Лингвистика ғылымындағы мәдениеттің орныққан концептілерін диахрондық және синхрондық тұрғыдан саралау, тіліміздегі поэтикалық образды сөздерге лингвомәдени - танымдық тұрғыдан түсіндірмелер беру, лингвокогнитивтік мәселелердің түйінін шешу бірден - бір өзекті ғылыми ізденістер қатарына жатады. Тіл біліміндегі зерттеулердің негізі бүгінгі таңдағы жаһандану процесіне төтеп берудің негізінде ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып түсіну үшін, тілдік бірліктерді тіл мен танымның тұтастығы, тіл мен мәдениеттің сабақтастығы тұрғысында тілдік емес лингвофилософиялық мәнділіктермен өзара сабақтастықта «ғаламның тілдік бейнесі» деген күрделі теорияның ыңғайына сай негізделіп зерттеу ісін жүргізу кеңінен етек алуда. Ал, дүниенің белгісі дегеніміз адам баласының әлемді тануының негізі болып саналады [1,62б.].

Әлемнің тілдік бейнесі, әсіресе, тұрақты тіркестерден, фразеологизмдерден, идиомалар мен мақал - мәтелдерден анық көрінеді. Өйткені, тілдің бұл қабатында халық даналығы, рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық мораль, ұлт өкілдерінің дүниеге, адамдарға және басқа ұлттарға деген қарым - қатынасы тәрізді маңызды ақпараттар жинақталған. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші В.А.Маслова: «Әлемнің тілдік бейне көріністері әр тілдің өзіне тән ерекшеліктеріне, әр халықтың әлемді өзінше тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл - тілде өзгеше болып өріледі» дейді. Тілдік бірліктердің жиынтығы тілдің семантикалық кеңістігін қалыптастырады. Концепт - концептосфераның бірлігі мағына - тілдің семантикалық кеңістігінің бірлігі. Мағына - тілдік сананың элементі, концепт - когнитивті («жалпы») сананың бірлігі. Концепт пен мағына - ойлану, когнитивті құбылыстың болмыстары. Мағына - қатысым мақсатында тілдік белгімен берілген концептінің бір бөлігі. Концепт - тілдік ақпараттарды кодтайтын оларды және оны трансформациялайтын тілдік таңбалар жиынтығы. Әлемдік ғылымда концептінің зерттелуінің ұзаққа созылған тарихының қалыптасуы, бүгінгі күнге дейін аталған тақырыпта сан алуан көзқарастағы сан алуан еңбектердің өмірге келуі бұл құбылыстың күрделілігін дәлелдейді. Сонымен қатар концептінің өзіне тән феноменіне жалаң әрі біржақты қарауға болмайды. Концепт терминінің мағынасын түсінуге таза лингвистикалық, логикалық, когнитологиялық, философиялық негізде сабақтастыра қарау керек. Қазақ халқының танымындағы "жігіт" концептісіне қатысты атаулар қазақ жігіттерінің таным - талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико - фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым - түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі т.б. "жігіт" концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеуді қажет етеді. Қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен ерлігімен, еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз табандылығымен және намысқойлығымен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сіңіре білген ер азаматтар аз емес. Қазіргі таңдағы қазақ елінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай ер азаматтардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі ер адамның шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп - зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс - бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани - мәдени құндылықтарына сәйкес ерлердің табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған жігіт концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы "жігіт" концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау мәселенің өзектілігін айқындайды. Концептінің негізгі белгісі болып танылатын сөздіктерде берілген «жігіт» сөзінің мағынасы мен түп төркіні, этимологиялық мағынасына зер салып қарайтын болсақ, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай түсінік берілген: Жігіт зат. Кәмелетке толған ер азамат; бозбала. Артыма жалт қарасам, екі жігіт түсіп, аттарын байлап жатыр екен. (Б.Майлин. «Шұғаның белгісі»). Кейбір жігіт жүреді мақтан сүйіп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық (Абай, Тол.жин.). «Жігіт» сөзі орыс тіліндегі «джигит», «детина», «юноша», «парень» сөздеріне сай келеді. Ал «менің жігітім», «сенің жігітің», «оның жігіті» дегендердегі тәуелді түрде келетін «жігіт» сөзінің (орысшасы - парень, паренек) мағынасы қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілмеген. «Жігіт» сөзінен жасалған туынды сөздер де аз емес. Олар: жігіттік (шақ), жігітсі(у), жігітсіз, жігітсін(у), жігітше, жігітшілік, жігітімсі, жігіт - желең т.б. Жігіттің бейнесі негізінен жастықтың, адамгершіліктің ұлттық өлшемдерімен егіз өріледі. Мұны сипаттайтын тілдік бірліктер жігітті рәміздейтін сөз тіркестері төңірегінде топтастыруға болады. Мысалы: «Жігіт» концептісінде бастапқы ұғым - жастық кезеңмен, жас ерекшелігімен байланысты өрбіген «жігіт» сөзімен келетін тіркестер: жігіт болу, жігіт - желең, бозбала, бала жігіт, жасөспірім жігіттер, балаң жігіт, жас жігіт, жігітше, жігітшілік құрды, жігіттіктің базары, жастықтың әуеніне салды, жігітсіну, жігіт болғансу, жігітімсу, дүр жігіт, ер түлегі, ер жігіт, сақа жігіт, қылшылдаған жігіт, жігіттік жасады, жігіт болды, т.б. Аралық ұғым - некелік және туыстық жағдайдан туындаған сөз тіркестері: бойдақ жігіт, үйленген жігіт, күйеу жігіт, күйеу бала, өкіл күйеу,күйеушілеу, үйленді, әйелі бар, көп қатын алған, талақ, әйел тастады, жігіттің үш жұрты («Балалығыңды сағынсаң - нағашыңа бар, жігіттігіңді сағынсаң қайныңа бар») т.б. Қорытынды ұғым - мәртебелік рөлін анықтайды: жігіт ағасы, ел ағасы, «ақылы асса - аға тұт» (мақал), ағалық етті т.б. Қазақ халқында жігіт сөзін жеке қолданумен бірге «жас жігіт», «ер жігіт», «ер азамат» түрінде жиірек қолданады. Мұндағы «ер жігіт», «ер азамат» ұғымдары ер адам, еркек кіндік мағынасында жұмсалады. Демек, «жігіт» сөзінің әлеуметтік ортада, қоғамда «еркек», «ер» сөздерімен мағыналас жұмсалатынын және жігіт сөзі белгілі бір жас ерекшелігіне сәйкес қолданылатынын көреміз. Жалпы жігіт немесе жігіттік сөздері жастық шақты бейнелейтін ұғымдар. Халық ұғымында он бесте отау иесі саналған бозбала есейіп жігіт жасына жеткенде жасына сай батыл, ер жүрек, бір сөзді, ақылды, білімді, яғни сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. Осы ретте мынадай мақал - мәтелдерге назар аударсақ, Жігітті жігерінен таны; Жақсы жігіт он бесінде жас емес, жүзге келсе де пәс емес; Жігіт болсаң, шоқ бол, шоқ болмасаң, жоқ бол; Жігітінде жігіт болмаған, өмір есебінен құр қалған т.б. Қазақ халқының жігітке байланысты ұғым - түсініктері, қалыптасқан көзқарасы ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінде түйінделіп, елеп - екшеліп, сұрыпталудан өткен халық даналығының мәйегі – мақал - мәтелдерде сақталған. «Жігіт» концептісінің көрінісін мақал - мәтелдер арқылы былай топтастыруға болады: 1. Жігіт - ер жеткен, кәмелетке толған ер азамат. Халық ұғымында жас жігіт, ер жігіт, батыр жігіт, нар жігіт, қайсар жігіт образында қалыптасқан. Мәселен, Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі; Нар маяның жүні - жібек, сүті - бал, нар жігіттің аймағы - ел, алды - мал; Батыл жігіт жол бастар, ақын жігіт той бастар; Ит тойған жеріне, ер жігіт туған жеріне; Жігітке ерлік те оңай, билік те оңай; Ер жігіт үш ақ үй, үш қара үй тігеді; Есебін тапқан жігітке, ердің құны сөз емес; Жігіт жерінде, жекен көлінде; Ер жігіттің өзі шығар биігі бар; Арғымақ бірде жалды, бірде жалсыз, ер жігіт бірде малды, бірде малсыз; Ай толғанын білмейді, жігіт болғанын білмейді; т.б. 2.Жалғыз жігіт туралы: Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ; Жалғыз мая қайымас, жалғыз жігіт байымас; Жалғыз жігіт би болмас, жалғыз ағаш үй болмас; Жалғыз аттың пайдасы көп, жалғыз жігіттің айласы көп; Жалғыз жігіттің басына іс түссе, ақылынан адасады, Сасқанынан қырық құмалақ алып, бал ашады; Кедей болар жігіт, биесін сатып, ат алар, Жалғыз болар жігіт, ағайынмен ұрысып жат болар; Көр көкірек жігіттен, ер көкірек егде артық; Жаралы болар жігітке, қоғалы тал тап болар, жалғыз болар жігітке, бедеу әйел тап болар. 3. Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы, яғни өнерлі, білімді, ақылды, талапты, білгір болуы керек. Осыған байланысты халық даналығындағы мақал - мәтелдердің мағынасына назар аударсақ: Ақылды жігіт атқа да қонар, таққа да қонар; Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар; Жігітке жетпіс өнер де аз; Жігітке жеті өнер де өнер, өлең де өнер; Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес; Жігіттің екі өнері бар: атқан да жыққан, ашқан да оқыған; Ақыл қонбаған жігітке,бақыт та қонбайды; Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, бітірген ісін сұра; Істің ақыры жігіттің пақырына қалады; Жігіттің түсін айтпа, ісін айт; Сегіз қырлы балықты, тоғыз қырлы жігіт алады; Арманы жоқ жігіттің пәрмені жоқ. 4. Қазақ қоғамында жігітті жүріс - тұрысы, мінез - құлқы, тәртібіне қарап бағалайды. Соған байланысты мақал - мәтелдер: Текті жігіт тек жүрер, текелес киік жай жүрер; От түтінсіз болмас, жігіт мінсіз болмас; Жігіттің жігіті - өз нәпсісіне ие болған; Жақсы туған жігітке, бүкіл ел таласар, жаман туған жігіттер, қара жолдан адасар; Би болар жігіттің, төбеде болар жұмысы, мерген болар жігіттің, жебеде болар жұмысы [2, 448 б.].

Бұл мақал - мәтелдерден қазақ жігітінің болмысын, бет - бейнесін толық көре аламыз. Тіліміздегі «жігіт» концептісін бейнелейтін мақал - мәтелдерде жақсы жігіт пен жаман жігітке қатысты халық көзқарасымен бірге жігіттің қоғамдағы орнына байланысты гендерлік таптаурындар да көрініс береді. Қорыта келгенде, «жігіт» гендерлік концептісінің лингвомәдени ерекшелігі қазақ дүниетанымында қалыптасып, тілде бекіген этномәдени, гендерлік таптаурындар арқылы ашылады. Жігіттің ойлау қабілеті, зейін - зерде ерекшелігі, парасат - пайым деңгейінің, мінезінің т.б. гендерлік тілдік көрінісі халық танымындағы жігіт бейнесімен сабақтасып жатыр.

Концептінің негізгі белгісі болып табылатын сөздіктерде берілген «еркек» сөзінің мағынасы мен түп төркіні, этимологиялық мағынасына зер салсақ, қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай түсінік берілген:

«Еркек зат.1.Ер жынысты адам. 2. Күйеу, жұбай, бай. Еркегі ашу айтса, әйелі басу айтады деуші еді.Сен тіпті ердің аузы бармайтын сөзді айттың ғой. Сонымен бірге «еркек» сөзімен мағыналас «ер» сөзінің екі мағынасы түсіндірілген:

«Ер зат. Адамның еркек жыныстылары, еркек азамат. Ер бала. Ұл.

«Ер сын. Батыр, қаһарман, жау жүрек.».

«Еркек/ер» сөзінің этимологиялық мағынасы көне дәуірлерден, яғни шумерлік кезеңнен бастау алатынына көз жеткіздік. «Ежелгі шумер тілінде «еркек» көне түркі тілінде. «1) еркек; 2) күйеу, жұбай; 3) күйеу, қаһарман, батыр» , тува тілінде. эр «1) еркек; 2) еркек жынысты», алтай тіл. эр «1) күйеу; еркек 2) батыр, жау жүрек», хакас. ир «1) еркек; 2) күйеу», чуваш.ар «еркек; күйеу», моңғол.эр «1) күйеу, еркек; 2) еркек жынысты».

ERIN (eren) «әскер» - көне түркі тілінде eran «күйеу, еркек, жауынгер/жасақшы» деп келеді.

Тіліміздегі еркек/ер гендерлектісінен туындаған сөздер мен сөз тіркестері еркек азамат; күйеу; ер, батыр мағыналарынан туындайды. Мәселен: еркек гендерлектері: еркек басыңмен, еркек бола тұрып, еркек атаулы, еркек біткен, еркек қиық көз, еркек мінез, еркексу (еркексіп қоқаңдау), еркекше, еркексіз үй, еркек болмаған жерде, еркектік іс,т.б. Ал енді келесі тобы ер гендерлектері: еңіреген ер, ер басына күн туды, ердің құны, ер жетті, ер келбетті, ер жүрек, ер мінезді азамат, ер кезегі үшке дейін, ер көкірек, ер келбетті, ер тәуекел, көзсіз ер, ердің ері, төресі, ердің сойы, ер ортасы жасқа келді, ер мұрынды, ер қара болды, ер көңіл, ер - азаматтық борыш, т.б. Сонымен ауыз әдебиетіндегі аңыздарда, ертегілерде мерген образдары көрініс береді. Олар батыр бейнесін суреттейді. (Жоя мерген). Қазақ халқының көркем шығармаларының басты типі - фольклор яғни ауыз әдебиеті. Көркем шығармаларда мифологиялық батырдың көптеген қасиеттеріне ие еркек бейнесі ерекше бейнеленіп тұрады. Аңшы - мерген бейнесінде келтірілген ежелгі еркек бейнесі кейінгі тарихи кезеңдерде батыр - еркек образымен ауыстырылды. Өзімізге белгілі «Ер Төстік», «Құйын батыр», «Керқұла атты Кендебай» ертегілерінде батырлық образдары көрсетілген [3,109б.].

«Мерген», «батыр», «ер» сөздері тілімізде осы күнге дейін тілдік санасында сақталып келеді. Тіпті еркектің - жауынгердің осы бір ментальдік образының сабақтастығы орта ғасырлардағы поэзиядан да, одан әрі XV - XVI ғасырлардағы қазақ халық поэзиясынан да жалғасын тапқан [4,116 б.]. «Еркек» концептісін танытатын ертегілер, фразеологизмдер, мақал - мәтелдер, лексика, шығармалар, суреттер де аз емес. Барлығы батырлықты дәріптейтін концепт төңірегінде топтасады.

а) «Батыр», «батырлық» концептілері - ерлік жасау, батыр болу, батылдық көрсету, ер жүректілік таныту, елін, жерін қорғау үшін жаумен шайқасу үлгісінде бейнеленеді. Тілдің бұл саладағы үлкен қоймасы қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі болып табылады. Ой - сурет формада үлгіленген тіркестер тілімізде әбден тұрақталып қалған: буырқанды, бұрсанды, мұздай темір құрсанды, бірнеше күн жол жүріп, кірпігене мұз тоңып, қоңыраулы найза қолға алып, қоңыр салқын төске алып Мұндай тілдік бейнелеулерді Махамбет ақынның шығармаларынан кездестіреміз. Мысалы, қызғыштай болған есіл ер, екі тарлан бөрі, құстан туған құмай, таудан мұнартып ұшқан тарланым, шамданса, шалқасынан түсер асау, шамырқанса, шатынап сынар болат, ақсұңқар құстың сойы, тауда ойнаған қарт марал,т.б.

Өткен дәуірлерде ер адамның ер жүректілігі, батырлық, қаһармандық қасиеттері бағаланса, көшпелі кезеңде жігіт гендерлектісінің этикалық, эстетикалық қырынан таныту басты рөл атқара бастады. Жігіт - сөзінің мағынасы кәмелетке толған ер - азамат, бозбала. Жергілікті тіл ерекшеліктерінде бозбалдақ, боздақ, дондықша жас жігіт мағынасында, қосшы бала жігіт мағынасында жұмсалады [5,129 б.]. «Жігіт» сөзінің ертедегі, алғашқы мағынасы өзгешерек болған. Орхон Енесей жазба ескерткіштеріндегі Күлтегін немесе Тоныкөк жазуларына көңіл аударсақ, «игід» сөзін оқып, қолдау, көтермелеу» деген түсінік береді. Ал Юсуп Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде «игід» - тәрбиелеу, дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие. Осы деректерге қарағанда, қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзінің алғашқы мағынасы «қолдау, көтермелеу», одан бері келе «өнеге беру, тәрбиелеу» мағынасына дейін жетіп, ең соңында, өнеге көрген, тәрбие алған, ой - өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз». Мұны сипаттайтын тілдік бірліктер жігіттікті рәміздейтін гендерлік концепт төңірегінде топтасқан. Жігіттік - жігіт болушылық, жігітке тән қасиет (ерлік, адамшылық, қайырымдылық) [6, 3 б.].

Жігіт - жас жігіт - жігіт сыны. Жігері мен талабы зор, ат құлағында ойнап, тулаған тұлпарын тақымдап, қанат қаққан сұңқарын тұмарлап ұстай алатын жігіттік шақ эстетикалық - көркемдік танымда үлгіленген. Қазақ халқында жігітті екіге бөліп «жақсы», «жаман» деп баға берген. Жақсы жігітке тән сипаттар ретінде іскерлік, адамгершілік, жайдары - жайсаң мінез, білімділік, ақыл - парасаттылық, еліне, жұртына деген адал ниет дәріптеледі. Олар туралы көбінесе ақын - жыраулардың жырларында көрсетілген:

Наркескен қайырылмастай қылыш болса,

Мінезі, ақылы, өнері дұрыс болса.

Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт

Жорғадай тілі майда, жүріс болса.

Ақылды, сабырлы ер деп соны айтамыз-

Еткені берекелі жұмыс болса... (Ақан сері)

Жігіт - күйеу жігіт - күйеу бала - күйеу. Тіліміздегі жігіттің некелік жағдайын айқындайтын гердерлектілер: бойдақ жігіт, үйленбеген жігіт, салт басты және күйеу жігіт, үйленген жігіт, әйелі бар (жігіт), күйеу бала, күйеу,т.б.

Күйеу - әйелдің ері, жұбайы. Күйеу - қызды айттырған және алған жігіттің қыз еліне туыстық қатысы [6, 278б.]. «Күйеу» гендерлектісінен күйеулік, күйеусымақ, күйеуі бар, күйеусіз, күйеуше қырындау, күйеу іздеу, күйеусіре(у), күйеу жолдас, күйеу қазық, күйеушіле(у), күйеу жігіт, күйеу түсті, айттырған күйеу, бесік күйеу, күшік күйеу, кірме күйеу, т.б. тәрізді сөздер мен тіркестер жасалған. Тілімізде «әке» концептін білдіретін тілдік бірліктер мақал - мәтелдер, фразеологиялық бірліктер, көркем мәтіндер арқылы жиі беріледі.

«Әйелдің ері, жұбайы» мағынасындағы күйеу сөзі байы, ері, гендерлектерімен синонимдес жұмсалып, көбінесе, ерлі – зайыпты жұбында белгіленеді. «Бай» сөзіне «әйелдің некелеп қосылған күйеуі, ері» деген анықтама берілген. «Бай» гендерлектісінен байлы, байсыз («Байсыз қатын – баусыз оймақ»). байсыздық, байсымақ,; «ері» гендерлектісінен ерлі – байлы, ерлі – қатын («Ерлі қатын - бір түтін»), ер жанды тіркестері жасалған. Ерлі – зайыпты жұбында еркек – үйдің отағасы, әйелінің сүйеніші, балаларының әкесі. Бұл топта әке бейнесі таптаурындаған. Тілімізде «әке» концептін білдіретін мақал – мәтелдер, фразеологиялық бірліктер, көркем мәтіндер арқылы жиі беріледі. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «әке» гендерліктісінің төрт мағынасы көрсетілген:

1.Балалы болған ер адам. 2. Малдың, т.б. жан - жануарлардың еркегі аталық мал. 3. Ауыспалы мағынада бір нәрсенің ең зоры, үлкені. 4. Сөйлем. Өзінен жасы кіші адамға қарағым, шырағым деген мағынадағы айтылатын сөз.

«Әке» гендерліктісінің концептілік мағынасы: Әке - қамқоршы, пана; Әке - ақылшы, тәрбиеші; Әке - ырыс, ризық; Әке - асқар тау құрылымдарда анықталады. Ал әке, ата сөздері өзара синонимдес сөздер. «Ата» сөзінің бірінші мағынасы «туған әке, өз әкесі» дегенді білдіреді. Екінші қатарлас жүретін мағынасы «үлкен әке, әкесінің әкесі, бергі ата». Жалпы алғанда, «ата» сөзінің концептісінің ұлттық - мәдени маңызы өте жоғары [6, 415 б.].

Жігіт - аға, жігіт ағасы, ел ағасы. Аға - ағайынды адамдардың жасы үлкені, жалпы жасы үлкен ер адам. «Аға» гендерлектісі аталған тура мағынасымен қатар «бас, басшы, ел басшысы, әскери басшы» деген мағынада да жиі қолданылып, терминдік сипатқа ие болған. Ертеректе қазақ қауымында аға сөзі басшыға оның ішінде әскери басшыға айтылатын дәреже мағынасын бергенге ұқсайды. Орта ғасырлардағы хан сарайларында есік аға, жоғары лауазым болған. Аға сөзінің бір кездегі «бас, басшы» деген ауыспалы мағынасы ертеректе қалыптасқан ел ағасы, отағасы деген тіркестердің бар екендігімен дәлелдене түседі.

Қазіргі уақытта «аға» гендерлектісінің мағынасы өте кең. Ол алдымен, еркек идеалының санадағы мәдени, рухани этикалық, әлеуметтік танымын айқындайтын бірлік ретінде танылады. Ағалық - туысқандық деген мағынада жұмсалады. Ағайын тұтты, ағайынды; Ағалық - қамқорлық: аға - іні, аға - қарындас; Ағалық - үлкендік, үлгі - өнеге: жігіт ағасы, ел ағасы, аға ұрпақ, аға буын, аға тұтты, ағалық айтты, ағалық борыш; ағалық - басшылық, басқару, мәртебе: ауыл ағасы, аға сұлтан, болыс аға, төраға, кеңес ағасы, аға лейтенант, аға оқытушы, т.с.с. Аға - ағайынды адамдардың жасы үлкені, жалпы жасы үлкен ер адам [6, 49 б.].

Қысқасы, «еркек» ментальді образынан келіп шығатын (батыр, жігіт, күйеу, әке, ата, аға бейнелерін тұжырымдау арқылы халық танымында «еркектің» гендерлік үлгісі «батырлық», «жігіттік», «ағалық» қасиеттеріне сәйкес тұжырымданатынына көз жеткіздік. Ер адамның, жігіттің гендерлік тұлғасы батылдық қасиеттермен, ерлік қимыл - әрекетпен көріктеліп, табиғат құбылыстарының ішкі динамикасымен астасып жатады.

Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «еркек» концептілеріне айрықша тоқталған. Алтын басты еркек. Ер азамат, нағыз жігіт бейнесінде көрсетілген.

Еркек алтын зергерлік бұйымға байланысты айтылған. Төмен сапалы, өңделмеген, қоспасы бар плтын не күміс.

Еркек бала. Ер жынысты адам.

Еркек балаша. Ұл баладай, жігіт сияқты.

Еркек жіп. Этн.қолөнер. Күзуде болып, үнемі үске шығып отыратын өрмектің жібі. Кейде үстіңгісі еркек жіп, астыңғысы ұрғашы жіп деп аталады.

Еркек кіндік. Еркек атаулы, еркек біткен, еркек баласы.

Еркек қиық көз. Нағыз еркектерше қарап, тани білетін қырағы көз.

Еркек қой. Бойдақ қой. Екі жастан асқан қоздайтын қойды саулық, ал піштірілген еркегін құнан немесе қой, дөнен қой, бесті қой, бестен асқанын ақ ауыз қой немесе еркек қой, бойдақ қой дей береді.

Еркек мінез. Кесіп бір – ақ айтатын ер адамға лайық мінез.

Еркек тіс. зерг. Күміспен әшекейлеген сүйек тарақтың ірі тістері.

Еркекгүл. Жеміс бермейтін гүл. Қиярдың еркек гүлі.

Еркексу. Еркексі етістігінің қимыл атауы. 1.Еркектігін көрсету, еркек болғансу, дікіңдеу. 2.Еркекті сағыну, аңсау.

Бір еркектей намысы бар. Ер жігітке жетерлік рухы бар.

Еркек – ұрғашы. Еркек пен әйел біткен, бәрі де.

Еркек – шора.Ұл балаша киініп, еркін өскен (қыз) [7, 344 б.].

Тілімізде ер бейнесін көрсететін әр түрлі теңеулерді айтуға болады. Ер бейнесін үлкендік, ірілік ұғымымен байланыстыра қараймыз. Теңеулердің бірқатары жігіттікке тән жастық албырттықты, алғырлық пен өткірлікті ерекшелеген. Мысалы, өткір кездіктей, болаттай берік, семсердей өткір, т.б. Негізінен ер адамның бейнесін көрсетуде портреттік теңеулердің рөлі зор. Ер адамның гендерлік портреті: дене тұлғасы: оқтай түзу, сұр жебедей тіп - тік тұлға бітімі, екі иіні қақпақтай, жолбарыстай келбетті тұлға, кеудесі есіктей кең; сақал - мұрты: сақалы күректей, айғырдың қылындай сақалы, нар күмістей қара бұйра сақалы, қияқтай мұрты, тікенектей көк сақалы; мінезі: ердің көңілі күнмен тең, мінезі құйған қорғасындай салмақты деп сипаттаған.

Ер адамның бейнесін көрсететін тіліміздегі теңеулер ұлттық дүниетаныммен байланысты қарастырылған.

Қорыта келгенде, «жігіт» концептісінің лингвомәдени ерекшелігі қазақ дүниетанымында қалыптасып, тілде бекіген этномәдени, гендерлік таптаурындар арқылы ашылады. Жігіттің ойлау қабілеті, зейін, зерде ерекшелігі, парасат-пайым деңгейінің, мінезінің т.б. гендерлік тілдік көрінісі халық танымындағы жігіт бейнесімен сабақтасып жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Шоқым Г. Тілдің гендерлік жіктелім ерекшеліктері – Алматы, 2009.

2.Кейкін Ж. Қазақтың 7777 мақалы мен мәтелі. – Алматы, «Өлке», 2002.

3.Қондыбай С. Арғы қазақ мифологиясы. Екінші кітап. – Алматы: Дайк – Пресс, 2004.

4.Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвокогнитивтік аспектілері. – Алматы: Арыс, 2006.

5.Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. – Алматы, 1996. 1 том.

6.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (он томдық). – Алматы: Ғылым, 1974-1980. 1-5- том.

7.Қазақ әдеби тілінің сөздігі – Алматы, 2011. 5 том.




«ЕЕ СУДЬБА – БЫТЬ ПЕРВОЙ»
Баранова Алена Сергеевна

Воспитатель «ясли сад «Раушан»
Развитие системы дошкольного воспитания и обучения является приоритетным направлением государственной политики Республики Казахстан. Качественное дошкольное образование и развитие способностей детей имеет важное значение для общества, так как дети являются будущим интеллектуальным потенциалом страны.

Воспитание дошкольников можно назвать своеобразным фундаментом, с которого начинается строительство и развитие всего дальнейшего — характера, способностей, навыков.

Первыми теоретиками и организаторами дошкольного воспитания в начале ХХ века в Казахстане были такие видные педагоги и общественные деятели как Н.Кулжанова, О.Д. Мухля, Е.Л.Романова, М.Г. Солдатова, К.Д. Травина, М.Ф.Покровский, Ш.Бегимбетова и другие. Один из первых теоретиков, организаторов дошкольного воспитания в начале ХХ века в Казахстане, педагог-ученый Н. Кулжанова в своем фундаментальном труде 5 «Дошкольное воспитание», изданном в 1923 году в Оренбурге, приходит к выводу о необходимости создания специальных условий для раннего развития детей, с учетом физиологии и психологии детей. В третьем разделе данного труда «Особенности развития 3-х летнего ребенка» Н. Кулжанова отмечает противоречащие особенности развития, присущие для 3-х летнего ребенка: с одной стороны, он активен, любознателен, находчив, смекалист, говорлив, любит слушать, с другой стороны, у него неустойчивое внимание, не умеет обобщать полученную информацию, выражает свои мысли сжато и т.д. Работы Н. Кулжановой «Мектептен бұрынғы тәрбие» («Дошкольное воспитание»), «Ана мен бала тәрбиесі» («Воспитание матери и ребенка») вошли в золотой фонд отечественной педагогики.

Н. С. Кулжанова внесла большой, неоценимый вклад в развитие казахской педагогики, принимала активное участие в организации дошкольных учреждений.

В своей деятельности она постоянно поднимала проблемы воспитания молодежи и культурного возрождения народа.



Кулжанова Назипа Сегизбайкызы (1887-1934 гг.) – педагог-просветитель, журналист-переводчик, этнограф, член Русского Географического общества, участник движения Алаш.

Родилась в 1887 г. в г. Торгай, где училась в русско-казахской школе, основанной Ибраем Алтынсариным. В 1902 г. окончила Костанайчкую женскую гимназию. В 1903-04 гг. В возрасте 15 лет исполняла обязанности помощника учителя в Торгайском женском училище. Затем окончила Оренбургскую учительскую семинарию. В 1905-20 гг. преподавала в Учительской семинарии г. Семипалатинска.

В 1902 г. Назипа познакомилась с Нургали Кулжановым, учителем Чубарской волостной школы, за которого позже вышла замуж. В 1905 году они переехали в Семипалатинск.

В 1913 г. Назипа стала членом группы «Гражданские спутники» («Азамат серіктігі») Семипалатинского отделения Русского Географического общества.

13 февраля 1915 г. состоялся литературно-музыкальный благотворительный вечер, который был вторым огромным культурным мероприятием, организованным Назипой Кулжановой, Данному событию посвятили свои заметки журнал «Айкап» и газета «Казах».

Ее книга «Мать и дитя» посвящена проблемам материнства и педагогического образования женщины-казашки, сыграла важную роль в условиях, когда педагогическая литература на государственном языке отсутствовала.

В работе «Дошкольное воспитание» раскрываются основные задачи дошкольного воспитания в казахской степи.

Она пишет многочисленные статьи о жизни казахских женщин для газет «Казах», «Сарыарка» и «Алаш». Ее публикации высоко оценивались специалистами в области журналистики. В то же время Назипа начинает вмешиваться в политику и общественную жизнь. В 1917 году она участвует в съезде казахов Семипалатинской области и входит в Правление съезда.

Ее статьи о жизни и роли женщины в обществе, побудили многих женщин Востока стремиться к знаниям, так как она умела писать о женских проблемах как никто. Тем более тогдашнее время было очень трудным во всех ее пониманиях. Ежемесячно менялась власть и несмотря на это она смело писала обо всем.

 А в 1920 году Кулжанова вошла в состав Комиссии Народного комиссариата Просвещения Казахской автономной республики по подготовке учебников, книг, по делам издательств. В 1922 году стала членом редакционной коллегии газеты «Енбекши казах».

 С 1923 по 1925 годы она работала в журналах «Красный Казахстан», «Равенство женщин» и печатала статьи в газетах «Айкап», «Казах», «Знамя единства, «Алаш». Ее книги – «Традиционное воспитание в школе» (Оренбург, 1923), «Воспитание матери и ребенка» актуальны и сейчас.
Список используемой литературы

1.Кулжанова Назипа Сагызбаевна / Кашляк В. Семипалатинск: Их именами названы.- Семипалатинск, 2006.- С.297-298.

2. Н.С.Кулжанова «Дошкольное воспитание» (1923)

3. Н.С.Кулжанова «Дети и матери» (1927)


Этнопедагогика Назипы Кулжановой в современном контексте
Дроженко Галина Григорьевна

КГКП «Боровской профессионально – технический колледж»

Управления образования Акимата Костанайской области, социальный педагог
«Надо принимать умные слова сердцем,

всей душой так, словно бы утоляешь ими жажду»

Абай

«Все мы – молодые и старые, девушки и юноши – все

свои умения, сознание должны направить на учение»

Н. Кулжанова
В этом году казахстанская общественность отмечает 130-летие со дня рождения выдающейся журналистки, талантливого педагога – просветителя – Кулжановой Назипы Сегизбайкызы.

Назипа – не просто журналист, она первая женщина – журналист. Легко ли быть первой женщиной, в таком мужском деле как журналистика? Что бы работать в этой профессии и самое главное делать успехи на данном поприще необходимо быть как минимум незаурядной женщиной! Назипа Сегизбайкызы каким то образом даже открыла путь казахстанским женщинам в журналистику!

Назипа писала основательные, сильные статьи полезные для общества. Являясь единственной, на тот момент женщиной – журналисткой, она поднимала в своих статьях злободневные проблемы женщин. Ей написаны такие глубокие размышления как: «Общий женский праздник», в этом труде Назипа пытается определить место женщины не только в семье, но и в обществе, что для начала 20 века само по себе было новым и необычным.

Ее отношение к женщинам и их роли в обществе нашла свое отражение в простом, но очень емком высказывании: «Неграмотный человек— получеловек. Женщина- мать народа. Только образованная, умелая, свободная женщина способна вывести свой народ на уровень передовых народов».



Назипа Сегизбайкызы проявила себя и в качестве тонкой и проницательной рецензентки, переводчицы и в какой-то мере даже литературного критика. Благодаря ее стараниям русскоязычный читатель смог познакомится с Абаем, Ибраем и Габитом. А казахи узнали о Л.Толстом, М. Горьком и других писателях.

Перечисляя заслуги Назипы нельзя не отметить ее педагогическую деятельность. Ее книги о педагогике «Традиционное воспитание в школе», «Воспитание матери и ребенка» до сих пор актуальны.

Общение с такими писателями и общественными деятелями как Сакен Сейфуллин, Биимбет Майлин, Мухтар Ауэзовов, Сабит Муканови и рядом других, отложили на ее творчестве отпечаток. Назипа советовалась с ними, стараясь придать своим произведениям глубокий смысл и практическую значимость.

Назипу Сегизбайкызы очень часто называют педагог – просветитель. В самом простом понимании педагог – просветитель это человек просвещающий, несущий свет знаний, внедряющий что то новое, полезное для общества. Мы как достойные наследники Назипы должны в полной мере стараться соответствовать этому определению. В своей педагогической деятельности активно внедрять новые методы обучения, способы донесения знаний до учеников. Идти даже не в ногу со временем, а быть на пол шага впереди! Только при соблюдении этих требований у педагога есть шанс достучаться до сердец и умов учеников, достигнуть эффекта синергии, т.е. через улучшение одного фактора добиться улучшения нескольких. Например, когда на уроке мы стараемся не просто дать знания ученику, но и развить в нем моральные, нравственные качества, привить любовь к труду и т.д.

Вопрос внедрения новых методов обучения всегда остро стоял в педагогике. Накоплен огромный арсенал методов обучения, но проблема привлечения внимания, увеличения заинтересованности и повышения мотивации учеников актуальна и на сегодняшний день.

Сегодня все более популярным становится сторителлинг. За сложным названием скрывается простой и эффективныей метод обучения.

Сторителлинг (от англ. history, story – рассказ, история) пришел в педагогику из менеджмента. Метод означающий обучение через рассказывание историй. Т.е. когда обычная, скучная лекция превращается в увлекательное путешествие, где обязательно присутствует развивающийся сюжет, герои и логическое завершение которое вдохновляет, позволяет сделать правильные выводы. Этот метод широко применяется в этнопедагогике, через поэмы, рассказы, потешки и прибаутки прививаются детям понятия морали, добра и зла, справедливости.

Пример, на уроке Основы предпринимательства изучается обычная тема «Формы организации предпринимательской деятельности», акционерные общества, товарищества… скучные определения из законов и кодексов. Но представьте себе, что преподаватель начинает рассказывать о своем друге (ничего страшного, если вымышленном) или о себе самом как об активном участнике процесса. Рассказывая, что при организации товарищества у двух друзей Пети и Васи возникли сложности в разделении прибыли или в решении управленческих вопросов, как вел себя Петя, что говорил Вася (здоровый юмор – приветствуется) и что же в конце они решили. Такая история грамотно и плавно объяснит студентам различия в видах товариществ, делая выводы они поймут, важность доверия между участниками такой организационной формы, смогут самостоятельно анализировать плюсы и минусы того или иного вида товарищества. При этом студенты будут постоянно в напряжении, т.е. их внимание будет полностью сосредоточено на вас и ваших словах. Или, занятие по географии, не просто сухо рассказываем в каком году и на каком корабле Колумб открыл Америку. А стараемся придать истории форму интересного рассказа: «Ранним промозглым утром 12 октября 1492 года матрос шхуны «Пинта» – одного из трех кораблей Христофора Колумба, - увидел в подзорную трубу очертания берега и радостно закричал: Земля! Матросы набранные преимущественно из заключенных и отбывающих наказание не могли поверить своим глазам! Путешествие длиной в 3 месяца подходило к концу.»

По мимо обучения сторителлинг можно активно использовать и в воспитательной деятельности. Например, при адаптации первокурсников. Представьте себе, 1 сентября вы идете по учебному коридору и навстречу вам первокурсник (или просто новенький студент). Он растерян, возможно, немного подавлен, мимо него проносится множество фигур с книгами, бумагами. Он старается казаться «своим», но понимает, что даже не помнит имен своих одногруппников и тем более имен преподавателей. А ему еще предстоит находится на уроках, отвечать, пытаться осилить сложный материал. Конечно, можно провести с ним беседу, небольшой тест на адаптацию, сказать дежурные слова. Но, гораздо эффективнее, если Вы просто понимающе похлопаете его по плечу и начнете говорить «Это было во второй день моей работы, когда…», или «Когда я только поступила в институт со мной произошел случай…» и расскажете и о учебном заведении, и, о том как сумели разобраться в весьма непростом вопросе, или же какую то смешную историю связанную с началом вашей работы/учебы. История вдохновляет, вызывает интерес к учебе, формирует знания о колледже о его правилах, помогает лучше понять правила поведения. Интересно, действенно, увлекательно!

Но не каждая рассказанная история является действенным элементом обучения. Обучающий рассказ должен в первую очередь возбуждать эмоции и мышление. А так же отвечать следующим принципам:

  1. Если используется живой персонаж, то он должен быть или гипотетическим или же полностью реальным. Может быть целая группа или же придуманное существо.

  2. В жизни персонажа должны произойти важные перемены.

  3. История должна вызывать различные эмоции, что бы слушатели переживали и радовались вместе с героем. Слушатель должен пропустить историю через себя, что бы в последствии он мог пересказать ее другим людям.

  4. Все что происходит в истории должно быть реально, т.е. необходимо указывать место и время.

  5. История должна быть конкретной, все реально, живые примеры, а не общие дежурные фразы.

Таким способом передаются не только учебные навыки, но и ведется воспитательная деятельность, студенты вдохновляются на получение новых знаний, на хорошие поступки.

Использовать сторителлинг можно не только при вербальном общении, но и, например, в методе кейсов. Когда необходимая информация не просто распечатывается в виде текста и таблиц и дается для изучения студентам, а когда кейс написан в виде рассказа, где есть красивые, правильно подобранные картинки, где различается способ написания, шрифт, цвет и т.д. Когда кейс это не просто информационный буклет, а больше красиво оформленный рассказ, привлекающий внимание и хорошо читаемый даже при беглом просмотре.

Можно смело утверждать, что метод сторителлинга является как одним из новейших методов, так одним из старейших метод обучения. Ведь сказки и былины обучающие слушателя различать добро и зло, быть добрым и смелым это не что иное как пример сторителлинга. Даже Назипа Кулжанова организуя свои литературно-музыкальные вечера, где читались и обсуждались произведения различных авторов, использовала метод рассказов и историй, для того что бы привлечь внимание слушателей. А грамотное сопровождение музыкальными вставками только подчеркивало насыщенность таких вечеров, придавало динамичности для того, чтобы у слушателя не возникло чувство эмоциональной монотонности и рассеивания внимания. Назипа сторонник воспитания, развития фантазии, увлечения детей именно поэтому метод сторителлинг нашел отклик и в ее деятельности.

Интересные, хорошо рассказанные истории надолго запоминаются и затем распространяются с нужной моралью и побуждением к определённым действиям. Правильно продуманная и рассказанная история формирует алгоритм - «эмоция-вывод-действие». Слушатель визуализирует образы, принимает их личные переживания на себя, сравнивает с личными возможностями и опытом, делает определённые выводы, которые позже переходят в действие.
Список используемой литературы

1.Биданова, А. Союз любви и мысли : [о супругах Кулжановых Нургали и Назипе] / А.

Биданова // Казахстанская правда. - 2008. - 9 янв. - С. 12.

2.Ерсалимов, Б. Женщина - легенда / Б. Б. Ерсалимов; сост. Я. Иванченко // Наше дело. –

2012. - 4 окт. - С. 10.

3.Ерсалимов, Б. Назипа - гордость нации / Б. Б. Ерсалимов // Казахстанская правда. - 2012.

- 21 декабря. - С. 14.
Интернет ресурсы

1. http://collegy.ucoz.ru/ Сексенбаева, Р. Б. Назипа Кулжанова – выдающийся педагог-просветитель XX века(1887–1934 гг.)

2. https://www.caravan.kz/ Белякина А. Назипа Кулжанова. Ее судьба – быть первой

3. http://leanoffice.ru/ Герасименко О. Сторителлинг — как вариант обучения

4. http://nitforyou.com/ Сторителлинг в обучении


НӘЗИПА ҚҰЛЖАНВА - ҰСТАЗ,АҒАРТУШЫ, ҚАЙРАТКЕР
Дуйсенкулова Мирамкул Уакитовна,

Есжанова Анар Кошкинбаевна.

А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімдері
Нәзипа Құлжанова –XX ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жарышысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі-журналист-публицист.

Нәзипа Сығызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеңшарында дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушы Ыбырай Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен.Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған.

Нәзипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазды. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазғылған алғашқы авторлық туынды екенін атап өткен жөн.

Аталмыш кітапқа алғы сөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан,заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек». Автордың бұл еңбегі «Күллі жер жүзінде», «Мектептен жасына бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі», «Бала бақшасы деген не?» деген тараулардан тұрады. Мысалға, автор «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен дамыған елдердегі бала-бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келк, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қараған.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілген қимылда, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескрілуі шарт деген. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет санаған. Балалар бақшасының қазақ жерінде белгілі бір жүйеге түспегендігін ескртіп, оқу-ағарту саласы мен тікелей тәрбиешілер қауымына үлгі ұсынып отыр. Бұл арада Нәзипа Сегізбайқызының ағартушылық ұстанымдары мен бағдарлары шын мәніндегі қайраткерлік дәрежеге шыңдап көтерілгендігін атап айту керек. Н.Құлжанова балалар мекемелеріне әрі ортақ, әрі даралық, ұлттық сипатта. Ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына,жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәлірек бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселеріне көңіл бөлген.Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандаған.

Н.Құлжанованың аса құнттап қараған мәселесі мектеп жасына толмаған баланы тәрбиелеу проблемасы. Адамзатты ғасырлар бойы толғантып келе жатқан жас буынның қалыптасуы, бүлдіршіндердің дені сау, жаны сау азамат болуы қай ғалымды, қай ойшылды немқұрайлы қалдыра алмады?

Н.Құлжанова «Соңғы жүз жылдың ішінде ғана баланың өсуіне көз салып, ой бөліп, табиғатын тануға қам қыла бастады: баланың тіршілігі, әдеттерін, көңіл тілектерін, қызығын һәм баланың тән жасалысын, қанының өсуін, табиғатының осы сияқты құбылыстарының барлығын ақтара қарап, аудара тексеріп ғылым жолымен бір айрықша заң тудыруға бет алды.

Ойлай-ойлай бұрын бүркеулі жатқан бар пікірдің беті ашылғандай болды: бала кішкене кісі, үлкеннің кішірейткен суреті деген бекер екен, баланың тәні жасалыста, тән мүшелерінің өсуі тұсында ететін қызметтері де әм жан тіршілігі де, барша табиғатының жаратылысы үлкеннен айырықша басқа, өзгеше болып шықты» /39,6/-деп ғылыми түйінге келеді. Кітаптың жазылған мерзімі есерсек, бұл ғылыми ойды жинақтаған қазақ зиялылары арасында пайда болған жаңа ой екендігіне ризашылдықпен қол қоясыз.

Оқымысты ғалымдар зерттеу обьектісі етіп алған үш жасар баланы мысалға алады Н.Құлжанова.«Баламысың» деп атамыз қазақ тегін айтпаған.үш жасар бала! Бір тыным көрмейтін,білгісі келмейтін дүниесі жоқ жан-анау не? Мынау не? Ол не? Не? Неге? Неге? Таусылмайтын неге? Білмекке құмарлық, қолына түскен нәрсені «зерттеп», «құпиясын ашуға» құштарлық бала табиғатына тән. Тек баланың бойындағы білуге, тануға, ұғуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керек. Қайта оны жолға қойып, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажет. Ағартушы, педагог, қайраткер Құлжанова осы жағдайлардың баршасына ұсақ дүние деп қарамаған. Бала тәрбиесінде ұсақ, ірі проблемалар жоқ,бәрі де ескерілген дүниелер.Оның барлығы жас бүлдіршіндерді мектепке баруға дайындауға, кішкентай «менінің»қалыптасуына себін тигізеді.

Н.Құлжанова тәрбиешілер мен ата-аналардың бүлдіршіндердің мінезі, дүнинені тануы, қалыптасуы төңірегінде қандай мәселелерді білулері керек, мектепке дайындау барысында қадағалайтын жәйттер нелер-бұлардың баршасын жауапсыз қалдырмайды. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесіне ескерілетін проблемаларды тізбелеп көрсетеді:

1)Қимыл мүшелерін дұрыс билеу,жүру,жүгіру,қағып алу,осның бәріне ыңғайланып ептіленеді;

2) Көру, есту,иіс сезу, түр түсті ажырату қабілеттері қалыптасады;

3) Сөйлеу, өз ойын шағын сөйлемдермен жеткізуге дағдыланады.

4) Ойлау қабілеті күшейіп, тіпті шағын қорытындылар жасауға ұмтылады;

5) Өлең, әңгіме, сурет, ойын арқылы өз түсінігін қоршаған ортаға жарыққа шығарады;

6) Өз дегенініе жетуге тырмысады, ойына алған ісін басқа жұрттың да орындалуын қалайды;

7) Таза, ұқыпты, жинақы болуын үйренгісі келеді,

8) Бала табиғаты шындыққты ұнатады.

Көрсетілген дағдылар мен әдеттерді игерген бүлдіршін мектепке барғанда, бала бақшасында тәрбие көрмеген балаларға қарағанда, ерекшеленіп, тәрбиге көнбіс, білімге ынталы келеді.

Мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызметке ие екендігін Н.Құлжанова жете түсінген. «Баланың керегі – ойын.Ең мағаналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын:ойында бала көрген-білгендерін еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді.» /39,13,/-деп анықтай түседі.

Қазақ жерінде XX ғасырдың 20-жылдары мектеп жасына дейінгі баланы тәрбилеудің қыр-сырларын обьект етіп алу-тың тақырыпта барлау жасау, бұрын сөз болмаған проблемаларды қозғау ерлікке парапар батылдық болатын. Кәдімгі бала ойынының көптен ғылым салаларына өзекті тақырып боларлықтай ұланғайыр ғылыми концепция жасалатын дәрежеде екендігін танып, ұғыну заманы үшін аса озық ой-пікір еді. Сонымен қатар Н.Құлжанова мектеп жасына толмаған балаға тәрбие неге керек? -деп қана қоймай өзінің шығармаларында көрсете білген. Атап өтсек «Мектеп жасына толмаған бала не үйренеді? Белгілі бір жасқа келген соң, яғни 7-8 ден бастап,жас баланы оқыту керек екені кімге де болса анық, олай болса баланы мектепке беру керек екен, бірақ мектепке дейін балаға еш нәрсе үйретпейді ғой, бұндай балаға тәрбие керек пе? Бұрынғы қалыпта өзінен-өзі өсіп, адам болып кетпей мектептен бұрынғы тәрбиені неге керек дейді? Әрине, бала бақшасыз да, мектепсіз де өсіп адам болады ғой. Бірақ бала бақшасының тарбиесін көрмеген көп білімнен, көп жақсы әдеттерден құр қалады. Кейде сол білімдерге өмір бойы жете алмайды. Мектепке дейін бала оқымайды деген зор қате. Кішкене баланың табиғаты дамылсыз қимыл керек қылады деп айтып отырамыз. Бұрын үлкендер тыныш отыруды бұйырады. Оның үстіне тыныш бір жерде қадалып отырып, істейтін, шамасынан артық қызмет тапсырып қояды. Мәселен, қазақтың әйел баласы жасы жетіге келсе-ақ, шешесі іс тігуге отырғызып қояды, кейде мынаны қозғалмай отырып жазып шық деп, баласының атасы яғни анасы бұйырып,отырғызып қояды. Далаға шығып көбелек қуып, қозы қуып, ат болып ойнағысы келіп отырған балаға немесе құрбыларымен қосылып, «қонақ-қонақ», «мәлике тотай» ойнағысы келіп, жүрегі алып ұшып отыраған жеті жасар балаға бұлары кешірілмейтін зорлық, ондай ата-ананы тек надандығын ғана көрсетуге болады.

Қазақ журналистикасында әйелдер көшін бастауышы,театр өнерінің алғашқы қарлығашы,ағартушы қазақ қызарының топжарғаны Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың есімі тарихымызда алтын әріппен жазулы.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақ 2006 жыл

2. Н.Құлжанова / Кәрібжанова Г.А. К-25 Семей, 2012 жыл.

3. Н.Құлжанова шығармалары Алматы «Ана тілі» баспасы ЖШС 2014жыл (27-29бет )


Н.ҚҰЛЖАНОВА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕНІҢ ЖАНАШЫРЫ
Ильясова Әлия Мағзұмқызы

Әулиекөл кешкі орта жалпы білім беретін мектептің

орыс тілі және әдебиет пән мұғалімі
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында (1920 - 40 ж.ж.) Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер тұңғыш ашыла бастаған еді. 1930 жылдары бала бақша, балалар яслилерін ашу, сауатсыздар мектебін ашу сияқты күрделі де қиын мәселе болды. Оның себебі: біріншіден - мектепке дейінгі мекемелерді ашу үшін орасан мол қаржы керек болды (арнаулы үй, үй, жиһаз, оқу құрал-жабдығы, ыдыс-аяқ, ойыншықтар т.б. сатып алу қажет еді);

екіншіден - балаларға арналған жиһаз, ойыншықтар шығаратын өндіріс орындары жоқ болатын.

Сондықтан оларды шет елдерден қымбатқа сатып алуға тура келді;

үшіншіден - мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ететін маман кадрлар жоқ еді. Оларды даярлайтын арнаулы оқу орындары болмады;

төртіншіден - мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне қажетті оқу-әдістемелік құралдар мүлде жоқ еді.

Міне, осы проблемаларды шешу ісімен кеңес үкіметінің басқару мекеме басшыларымен бірлесе отырып А.Оразбаева, Н.Құлжанова, Ш.Шонанова, С.Есова сияқты көрнекті педагог-қайраткерлері айналысты. Олар бұл істі батыс елдерінің педагог-қайраткерлері К.Цеткина, Н.К.Крупская, Е.Тасова т.б. іс-тәжірибелерінен үйренді. Олардың педагогикалық еңбектерін қазақ тіліне аударды. Сөйтіп, өздері де мектепке дейінгі тәрбиемен байланысты төл оқу-әдістемелік құралдарын жазу, кадрлар даярлау істерімен шұғылданды. Мәселен, көрнекті педагог ғалым Назипа Құлжанова (1887-1934) Жангелді ауданында Ы.Алтынсарин ұйымдастырған мектепте оқып, кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1914 жылы үздік бағамен бітіреді.

Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жұмыс мазмұнын атқаратын қызметін айта келіп, баланы тәрбиелеу, өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталады. Үш пен жеті жас аралығындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін – бала әлемін сөз етеді. Әсіресе, жас баланың айналаны білуге деген құмарлығын, сөйлеуге, сұрақтар беруге бейім болатынын, сол арқылы ойы өсіп жетілетінін айта келіп, баланың ойын дамыту үшін олардың сұрақтарын жауапсыз қалдыруға болмайды. Қазақтар баламен сөйлесуге жете мән бермейді. Сондықтан олардың сөйлеу мәдениеті жетілмейді дейді. Баланы табиғат аясында тәрбиелеудің, табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады.

Баланың дүниеге келуі, өсуі, жетілуі әдепті жағдай деген түсінік қалыптасып келген. Бұл жалғыз қазақ қоғамына тән құбылыс емес. Болмысында сондай табиғи жағдай ретінде баланың өсіп-жетілуіне қарау басқа халықтар тарихында кездескен, тіпті адамзаттың бойына сіңіп кеткен әдет ретінде қабылдау да дұрыстыққа жатпайды. Ата-ана баланың жылдам ер жетіп, үлкендерге ұқсауын, үлкеннің мінезін, сөзін, іс-әрекетін қайталаса деп әрекеттенетіні бар. Баланың дүниеге шыр етіп келген шағынан мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі кезеңі өз алдына зерттеуді, жүйелеуді, жолға қоюды тілейтін ғылым екендігіне түсінікпен қарамау орны толмайтын олқылық.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіреді. Бала қалыпты дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмаса, бүлдіршіннің қабылдауына тым ауыр болмауы ескерілуі шарт. Әйтпесе мөлшерден артық тапсырмалар баланың дене құрылысының және ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Яғни, баланың қалыптасу процесі тәрбиеші педагог пен дәрігердің бақылауынан тыс қалмауы керек.

Н. С. Құлжанова тәрбиешілер мен ата-аналардың, бүлдіршіндердің мінезі, дүниені тануы, қалыптасуы төңірегінде қандай мәселерді білулері керек, мектепке дайындау барысында қадағалайтын жәйттер нелер – бұлардың баршасын жауапсыз қалдырмайды. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ескерілетін проблемаларды тізбелеп көрсетеді:

1.қимыл мүшелерін дұрыс билеу, жүру, жүгіру, қағып алу - осының бәріне ыңғайланып ептіленеді;

2. көру, есту, иіс сезу, түр-түсті ажырату қабілеттері қалыптасады;

3. сөйлеу, өз ойын шағын сөйлемдермен жеткізуге дағдыланады;

4. ойлау қабілеті күшейіп, тіпті шағын қорытындылар жасауға ұмтылады;

5. өлең, әңгіме, сурет, ойын арқылы өз түсінігін қоршаған ортаға жарыққа шығарады;

6. өз дегеніне жетуге тырмысады, ойына алған ісін басқа жұрттың да орындауын

қалайды;

7. таза, ұқыпты, жинақы болуды үйренгісі келеді;

8. бала табиғаты шындықты ұнатады.

Көрсетілген дағдылар мен әдеттерді игерген бүлдіршін мектепке барғанда балабақшасында тәрбие көрмеген балаларға қарағанда ерекшеленіп, тәрбиеге көнбіс, білімге ынталы келеді.

Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір көрінісі- “Ана мен бала тәрбиесі” 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан. Қазақстан өлкелік әйелдер бөлімінің ұйғарымымен, қолдауымен, тапсырмасымен жазылған.

Мектептен бұрынғы тәрбие ”, “Ана мен бала тәрбиесі” кітаптары мен денсаулық жайындағы топтама мақалалары Н.С. Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық қызметімен зор мағынаға ие айтулы құбылыс екендігіне дәлел.

Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбиенің басты бағыттары «Тән саулығы», «Баланың сырт сезімдерінің дамуы», «Заттың түр-түсін ажыратуы», «Бала тілінің шеберлілігі», «Баланы еңбекке дағдыландыру», «Баланың әдемілік сезімін ояту», «Бала ойындары мен ойыншығы», «Баланы көпшіл болуға баулу» деп жіктей келіп, осы мәселелердің әр қайсысының

мән-мағынасын ашып талдайды.

Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие туралы жазған еңбегінің құндылығы: біріншіден, оның Қазақстан топырағында тұңғыш мектепке дейінгі педагогика ғылымының негізін салушы педагог-ғалым болуымен ерекшеленсе, екіншіден - Н.Құлжанова мектепке дейінгі педогогиканы, биология, медицина ғылымдарының жетістіктерімен байланыстыра қарастырады, үшіншіден - ол қазақ этнопедагогикасын әлем елдерінің этнопедагогикасымен үндестіре білді, төртіншіден - Н.Құлжанованың еңбектерінде қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады. Ана мен бала тәрбиесі, әсіресе баланы мектепке дайындау жайында әдістемелік құралдар ана тілімізде күні бүгінге дейін тапшылық етуде. Олай болса бұдан 80-85 жыл бұрын жазылған Н. Құлжанованың еңбектері күні бүгінге дейін өзінің құндылығына қылау түсірмес аса құнды еңбек екені даусыз.

Сөйтіп Н.Құлжанова - тұңғыш мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы педагог, ғалым болды. 

Нәзипа Құлжанова өз дәуіріндегі саяси-әлеуметтік жайдан, экономикалық құрылыс қалпынан, медицина, педагогика ғылымдарының заман талабы алға тартып отырған міндеттерінен толық хабары бар білімді журналист, шебер педагог екенін айқын тани аламыз. Бүгінгі қолданылып отырған тәрбие түрлерінің алғашқы бастамасының негізін ана тілінде сөз етіп, түсіндіріп, жол көрсетіп кеткен – Нәзипа Құлжанова. Нәзипа бүгін де еліне сол еңбегімен құнды. Сол еңбегімен ұмытылмайтын қадірлі қалпында есте сақталады. Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы, оның алған білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасы, әдістерін, технологиясын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғаліміне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық нұсқаны кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылауымен байи түсуде;

- ақпараттық дәстүрлі әдістер ауызша және жазбаша, телефон немесе радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығыстырып орын беруде;

- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде.

Н. Құлжанованың “Ана мен бала тәрбиесі”- педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне арналған анықтамалық қойын кітапшасы, әдістемелік нұсқаулама сияқты керек мәліметті алуға мүмкіндік туғызатын кітап. “Сөз басы” аталатын шағын кіріспеде автор алдына қойған мақсатын бүкілхалықтық, ұлттық деңгейде шешуге ұмтылған. Ана мен бала ара қатынасына, тәрбиесіне байланысты Нәзипа Құжанованың еңбегін ұсынумен қатар, биік мақсаттарға жетелейтін, көмекші құрал ретінде, мұғалімдер қызметтегі азаматтарға және көпшілік жиналған жерде оқып түсіндірсе деген ниеттеміз.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Нәзипа Құлжанова. Г.А. Карібжанова. Семей 2012ж

2. Н.Құлжанова – ағартушы, қайраткер Г.А. Карібжанова. Алматы «Арна» баспасы, 2004ж

3. Тәлім тәрбиесі С.Қалиев. Қ.Жарықбаев Алматы «Жалын» 1986ж

4. 2007 жылдағы 27 шілдедегі №319-III ҚР «Білім туралы заңы»




НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

ТӘРБИЕНІҢ ЖАНАШЫРЫ

Мауленова Жумабике Абдибековна .

«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің санаторлық және жалпы дамулық типті «Золотой ключик» бөбекжай - балабақшасы» МКҚК,

ортаңғы «Құралай» тобының тәрбиешісі.
«Адамзатта ең құнды және мәңгілік болатын-тәрбие»

Халық даналығы
ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі,ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.Бала денсаулығының мықты болып,қозғалыс,дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Қазақ зиялыларынан А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов , Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б ойынның бала өміріндегі басты іс-әрекет екендігін атап көрсеткен. Ойынның тәрбиелік негіздерін адам баласының саналы ғұмыры басталғаннан әр кезеңде әр түрлі пікір айтып,өз ұрпақтарын тәрбиелеп,білім беруде іске асыру мәселесін үзбей айтып келеді.

Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.



Н. Сағызбайқызы 1887 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы

Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903–1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын бітірген. 1905–1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік қызметте болған. Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды. Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек». Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады:1. «Күллі жер жүзінде»2. «Мектеп жасына толмаған бала»3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»5. «Бала бақшасы деген не?» Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды. Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді. Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді. Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді. Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды. Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген.

Н. С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған. Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы. Қазақтың қайсар, қайраткер қызының ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жастарға аманат.

Қостанай облысы Арқалық қаласында Назипа Құлжанова атындағы гуманитарлық колледж бар. Арқалық педагогикалық училищесі Қазақ ССР Ағарту министрлігінің 1979 жылғы 17 қыркүйектегі №517 бұйрығымен ашылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 8 мамыр 1997 жылғы №814 қаулысымен Арқалық педагогикалық және музыкалық колледждерді біріктіру негізінде Торғай гуманитарлық колледжі құрылды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 3 наурыз 2005 жылғы №200 қаулысымен колледжге Нәзипа Құлжанова аты берілді.

Тәрбие берудегі жаңашылдықтың түп-төркінінің өзі осы бір оймақтай ойды басшылыққа ала отырып жүзеге асырылса керек.Десе де техника ғасырында да тәрбиенің басты құралы- адам болып қала бермек.Ұлы дала елі ұрпағының отыз дамыған елдің қатарына кіруі жолындағы теңдессіз мұрасы-тағылымды тәрбие, байлығы-білім.

Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жұмыс мазмұнын, атқаратын қызметін айта келіп, баланы тәрбиелеу, өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталады. Үш пен жеті жас аралығындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін - бала әлемін сөз етеді. Қазақтар баламен сөйлесуге жете мән бермейді. Сондықтан олардың сөйлеу мәдениеті жетілмейді дейді. Баланы табиғат аясында тәрбиелеудің, табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады. Н.Кұлжанова баланы жас кезінде көбінесе табиғат аясында тәрбиелеудің тиімділігін айта келіп, «Бала даланың кеңдігінде шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандай жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп өркендемек» дейді. Автор осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп; «Әрбір құлықты, жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбек ету, көңіл көтеру және денесі еліктегіш, талшыбықтай икемді, нәзік сезімді болып келеді» деп мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін сөз етеді. Н.Құлжанова баланы үйде, бала бақшада еңбекке бейімдей тәрбиелеудің маңызына тоқталады. Ол үшін әр бала бақша жанында биологиялық бұрыш, тәжірибе участогі болуы керек. Бала торғайды, қоянды, тоты құсты, кірпік шешенді, балықты өсіруді білсін, аулаға көкөніс, гүл отырғызып, оған су құюды үйренсін, саз балшықтан ойыншықтар жасап үйренсін дейді. Н.Құлжанова баланың санасын оятып, қиялын өсірудегі ойыншықтардың тәрбиелік рөліне ерекше мән береді. «Ойын баланың қиялын өсіреді. Ойнай білу дегеніміз, ойлай білуге үйрету» дейді.



Қазіргі таңда міне сол ұлылар үндестігімен жас ұрпақты тәрбиелеу жолында жаңашылдықпен мектепке дейінгі мекемелерде қыруар жұмыс атқарылып, қызу еңбек жүруде.Осы тұста айта кеткен абзал,кез-келген технологияның маңызы оның құрылымымен анықталады. Технология белгілі бір мақсатты жүзеге асырады. Ол үшін құралдар пайдаланылады, әдістеме жоғары деңгейге дейін жетіледі де, күтілетін нәтижеге қол жеткізіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысы, 1-қосымша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы» жалпы ережелері тәрбиелеу, дамыту және оқытудың мақсат-міндеттерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптардың, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің арасындағы жүйелілік, тұтастық, сабақтастық және үздіксіздік қағидаттарының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталды. Себебі, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұны әртүрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы кіріктіру жолдарымен іске асырылатын: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» бес білім беру саласына негізделген.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Байтұрсынов А. Шығармалары, -Алматы: “Жазушы”, 1989.

2.Байтұрсынов А. Ақ жол. -Алматы: “Жазушы”, 1991.

3.Құлжанова Н. Мектепке дейінгі тәрбие, Ана мен бала. - Алматы: “Білім”, 1993.

4.Аймауытов Ж. Шығармалары. - Алматы: “Жазушы”, 1991.

5.Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы: “Ана тілі”, 1993.

6.Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі - Алматы: “Санат”, 1995.

7.Бес арыс (құраст.Д.Әшірбеков). - Алматы: “Жалын”, 1992.

8.Тажибаева Т. Просвещение в школе Казахстана во второй половине

ХІХ в. –Алматы. 1962.

9.Қалиев С.Қ. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы.

Білім, 2003.

10. «Жас өркен Қостанай» 2016 жылғы №2

11. Құлжанова Н. «Ана мен бала тәрбиесі» Қызылорда:1927 – 117 бет.



ЖАС ҰРПАҚҚА- АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУ

Молдагулова Шолпан Ихсановна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы
Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.



Абай
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы, ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздейді. Мұның бәрі түсінгенге қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні- өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап-ақ, ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр - сыры мол, үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Балаға үй-ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамдар дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» дегендей, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру үшін, оның туған кезінен басталса керек.

Ұрпағының өсіп, қырағы, көкірегі ояу, адамгершілігі мол болуы үшін дұрыс тәрбие берудің мәні зор. Хәкім Абай өзінің оныншы қара сөзінде:

« Әуелі балаңды өзің алдайсың, әне оны берем, міне берем деп .

Бастысы балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен көресің?...» деп теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. [1] Әрине бұл отбасыдағы тәрбие мен міндет болса, білім ошағындағы білім мен тәрбиенің де ұрпақ тәрбиесі үшін алатын орны ерекше. «Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен халқымыз мың емес, милиондаған жылдар жасап келеді.

Жақсылыққа бастайтын, жарқын жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таза, көлеңке жерге дән ексең өңбейтіні сияқты жас ұрпағымызды тәрбиелемесек, өнбейді, өспейді. Сондықтан да, саналы ұрпақты тәрбиелеу, оны қоғам мүшесі ретінде таныту педагогтардың назарында.Көне заманнан ата-бабамыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Балаң жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлыңша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» деп баланың ой-өрісін, даму кезеңін ерекше бағалаған. [2] Бала қамын ойлаған бабаларымыздың айтқандарынан түйгеніміз - қай қоғамның болсын көтерген мәселесі – бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі бала - өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Сондықтан да халық баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан.

Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым – профессор. Б. Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы қараған халықтан ештеңе күтуге болмас еді» деп бекер айтпаған болу керек. Қазақта «Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілер» - деген мәтел бар. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек»- деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін - алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады . [3]

Ұлттық педагогикада «Тәрбие отбасынан басталады» деп тегін айтылмаған. Баланың тәлім – тәрбиесіне ерекше мән берген халқымыз «баланы жастан» деп мәтелдеген. Өмірдің базарын бала деп білген халқымыз «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игендей.»- демей ме? Иә, қазақ халқында сонау ежелгі заманнан бері өзіндік тәрбие мектебі, қалыптасқан дәстүрі болған. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп. Екеуі де қасиетті, әрі қастерлі. Өйткені отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп жатса, мектеп ақылы мен білімі толысқан, жан – жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, толыққанды адам етіп тәрбиелеп шығарады. Бұл екі ортаның да мақсат – мүддесі ортақ, міндеті - біреу. Демек қасиетті жерде жұмыс істеудің өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.Ол тәрбиешіден өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті талап етеді.

Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені - бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезе алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздарды өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған. Балаға тән азығы – тамақ қандай қажет болса, жан азығы - жылулық, сүйіспеншілік сондай қажет. Ал оның қажетін қанағаттандырмай түпкі мақсат ешқашан орындалмайды.[4]

Әр кәсіптің өз жемісі бар. Біздің жемісіміз – алдымыздағы шәкірттер. Олар – біздің бүкіл ұстаздық өміріміздің гүлі, мәні мен сәні десек артық айтпағандық болар. Қазақта «Ана мейірі мен ұстаз мейірі егіз»деген тамаша мәтел бар. Халық айтса қалт айтпайды. Мейірімін ана мейірімен теңестірген ұстаздың бойында қандай қасиеттер болу керек.

«Адам баласы жан жемісін татпай, өмірдің терең мағынасы мен шын мақсұтын түсіне алмайды» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, жан жемісі, ең алдымен оқу, білім, тәрбие десек, сол жемісті берер мәуелі ағашымыз – білім ошақтары. Ал тәрбие – болашаққа бағытталған үрдіс. Ендеше тәрбие беруде тек бүгінгі күн міндеттерін ғана емес, алдағы мақсаттарды да ескерген абзал. «Тәрбие мен білім беру – ажырағысыз ұғым.

Демек, тәуелсіздік туын көкке көтеріп, тек ауызбірлік тілеген халқымыздың жарастығын, еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін көздің қарашығындай сақтау – әрбір азаматтың борышы. Онсыз ешқашан да қазақстандық патриотизмді қалыптастыра алмаймыз. Оқу үрдісінде бала бойында рухани адамгершілік, құнды қасиеттерді ұялатуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажет, яғни тұлға сапаларын ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымен байыту арқылы жақсылыққа, сүйіспеншілікке баулу керек. Адамзаттың құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, білім беру ұйымдарынан бастау алған рухани-адамгершілік тәрбиесін қоғамның барлық саласында енгізілген Егемен еліміздің ертеңі айқын, болашағы жарқын болары сөзсіз.

Адамгершілік құндылығы бай адам ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімшіл, қанағатшыл, ақылды болады. Ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, тариха-әдеби мұралар арқылы жас ұрпақтың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндіктеріне барынша көңіл бөліп, ұстаз білім мен білігін тәрбие үрдісінде балалардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды дұрыс ұйымдастыру керек. Ата-аналарды оқу –тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Білім беру саласын жаңарту талаптарының бірі Қазақстан Республикасының интелектуалдық әлеуметтік дамыту болып есептеледі. Сондықтан алға қойған мақсатым мен міндетім –әрбір тұлғаның ерекшелігін айқындау және дамыту.Тұлғаның ерекшілігін дамыту, ізгі ірі қарым-қатынасқа дағдыландыру басты міндет. [5] Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуының, адамгершілік қасиеттерінің, еңбекке деген сүйіспеншілігінің жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Білім беру ісін адамгершілік тәрбиемен ұштастыра білу өте күрделі де жауапты мәселе. Ол педагогикалық шеберлікті, біліктілікті, білімділікті талап етеді. Ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетелеген. Тәрбие үрдісінде түрлі өзгерістер болып отырады. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Оларға организмнің өсіп-жетілуі, ақыл ойының дамуы, мінез-құлқының қалыптасуы жатады. «Еліміздің – күші патшада, сәбидің күші жылауында», - демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз – адамгершілігімізде болуы керек. [6]

Біздің жастар елімізді, жерімізді, тілімізді бүкіл әлемге паш етсін десек, жаңа заманға лайық етіп тәрбиелейік. Біз тәрбиелеген ұрпақ тәрбиелі де, тәртіпті, ақылды да өнегелі, рухани адамгершілігі мол Қазақстанның беделді азаматы болады деп сенемін.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Танымдық қызығуды белсендіру «Қазақстан мектебі»№6,2003 жыл

2.Бала тәрбиесі №2,2006 жыл

3.Бастауыш мектепте оқыту №4,2006 жыл

4. «Өзіндік таным»№2,2007 жыл

5.Бастауыш мектеп. №6 2003 жыл. №4 2009 жыл.

6.Қазақстан мектебі. №9 2010 жыл.

НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА - ҰМЫТЫЛМАС ҰЛЫ ТҰЛҒА
Назарова Гулмира Куандыковна
Н.Құлжанова атындагы Торғай гуманитарлық колледжінің

оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі
XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға - Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ол 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жангелдин ауданында (бұрынғы Торғай облысы Жангелдин ауданы) дүниеге келген. Ол алғаш Торғай қаласындағы гимназияны бітірген.

Нәзипа Құлжанованың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің түлегі болып қана қоймай, сонымен қатар өз бойына тұлғаға ұқсайтын шәкірттік мінезбен тәлімгерлік өнегені жете ұғынып, бар күш қуатын біліміне үздіксіз жұмсап, соңғы буынға орасан зор еңбек сіңірді.

Ыбырай Алтынсарин мектебінің буыны қатпаған шәкірттен, бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз, ғалым, ағартушы дәрежесіне дейін көтерілген. 1903 - 1904 жылдары екі жылдай Торғай қаласындағы әйелдер училищесінде ұстаздық қызмет атқарған.

1905 жылы ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар Семей қаласына келіп ұстаздық жолдарын бастаған. Құлжановтар Семейге келген кезде бұл қала Қазақстандағы ірі мәдени ағарту орталық дәрежесінде болған еді.

XIX ғасыр II – жартысында Семей қаласында түрлі мәдени, ағарту, ғылыми мекемелердің ашылуы кездей соқ емес еді. Атап айтсақ, 1902 жылы Орыс географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесі ашылып, оның «Жазбалары» жүйелі түрде жарық көрді. 1903 жылы ірі оқу орны Семей оқытушылар семинариясының ашылуы да Қазақстаның басқа өлкелерінде кездеспейтін құбылыс болатын [1,87 б ].

Семей семинариясы іргелі оқу орныны болған, онда қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың оқуы, сонымен қатар энциклопедист – ғалым Әлкей Марғұланның білім алуы зор мақтанышпен айтылатын. Семей оқытушылар семинариясы Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар ұзақ та жемісті жұмыс атқарған жері. М.О.Ауэзов атындағы педагогикалық колледж ұжымынада Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтардың ағартушылық жолындағы еңбегі мақтанышпен айтылып жүр.

1905-1920 жылдары Нәзипа апайдың Семей оқытушылар семинариясында ұстаздық қызметте болған кезі ізденіс жылдармен қатар, ұстаздық жұмыстарының жүйеленіп, қоғамдағы келеңсіз істерді оның ашық айтуға ойысқан шағы еді. XIX ғасырдың II- жартысында қазақ – орыс мектептерінің саны көбейе түскен. Семей облысындағы қазақ-орыс мектептерінің, ерлерге, қыздарға арналған гимназиялардың, қалалық училище мен мұғалімдер семинариясының жұмыс жасауы ерекше құбылыстар қатарында. Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар, негізінен алғанда орыс аудиториясында қазақ тілінен сабақ берген. Бұл арада үкмет тарапынан орысша оқитын шәкірттерге қазақ тілін оқыту ресми түрде жолға қойылуы Қазақстан бойынша алғаш Семей оқытушылар семинариясының қабырғасында кездескен. Тарихи деректерге қарасақ, Семей губернаторына қазақ тілін оқытуды жолға қоюға байланысты жер – жерлерден хаттар келіп түсіп тұрған [2, 276 б].

Құлжановтар арнайы дипломдары болмаса да орыс тілінде дәрістер оқып, өз ісімығым шәкірттер тәрбиелеген алғашқы ұлағатты ұстаздар болатын.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстан жеріндегі оқу-ағарту жүйесінде қомақты істер алдында тұрды. Қазақ мектептерінің жүйесін дамыту, мектепке дейінгі мекемелерді ашып, оның жұмысын жолға қою сияқты мәселелерді атқару қажет болатын Ана мен балаға байланысты Кеңес өкметінің тиісті шаралары да ауқымды болатын. Ұстаз, журналист Н.С. Құлжанова 1923 жылы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын шығаруы сол кез үшін жаңалық, күтпеген оқиға болатын. Бұл кітаптың кіріспесінде оқулық Н.Альмединген – Тумим кітабының ізімен деген ескерту бар еді, алайда ол аударма емес еді. Бұл мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі кітаптар мен мақалалар негізінде жазылған автордың өзінің шығармасы болған. Н.Құлжанова бұл еңбекті Қазақстан оқу комиссариятының тәрбие бөлімінің тапсыруымен жазған. 

Қарап отырсақ, Құлжанова XX ғасыр басындағы орыстың көрнекті педагог ғалымы Н. Альмединген – Тумимнің мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты көптеген еңбектерінің маңызды тұстарын ескере отырып, қазақ қоғамының ағартушылық ойларын, тәрбиенің ең қажетті саласын жаңалық ретінде оқырманға ұсынған. Қазақ ағартушылық идеяларын және педагогика тарихында мектепке дейінгі тәрбиенің іргетасын қалауға күш салғаны айрықша дәлел [3, 192 б].

Атам қазақтың ертеден келе жатқан бала тәрбиесі мен ана мәселесіне қатысты ойларын есте сақтап, сол заманға лайық, тәжиірбелік игі істерді санада ұстап, «Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле» дейтін нақылды жазу барысында ұран етіп ұстаған.

Оқулықта Н.Құлжанова қазақ тұрмысына әлемдегі дамыған елдердегі бала бақшалардың артықшылықтарын енгізсе, ұрпақ тәрбиелеуде зор үлесін тигізер еді деп санаған. Онда автор Италия мен Швейцарияның Цюрих қаласындағы бала бақшалары жөнінде жазған. Сонымен қатар Шотландияның Эдинбург қаласындағы балалар бақшасының өмірін өз алдына бөлектеп суреттеп жазды.

Н.Құлжанова әр елдің бала бақшаларындағы ерекшеліктерді көре білген. Ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа баулу, қабылдау ерекшеліктері, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау т.б. дамыту мәселелеріне көңіл бөлді. Н.Құлжанованың аса көңіл аударған мәселесі мектеп жасына толмаған баланы тәрбиелеу мәселесі. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде нақты мысалдар арқылы жас ерекшеліктеріне назар аударған. Құлжанова нақты деректерге сүйене отырып бала өлімінің артуын байқап, оны түсінген Бір жасқа толмаған жүз сәбидің Филяндияда 13-і, Скандинавияда 13-18 сәби, Ресейдің кейбір уездерінде 44-45 -ке дейін шетінеуі орын алған. Ресей құрамында болған XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында Қазақстанда да балалар өлімінің статистикасы сондай болатын. Мектептен бұрынғы тәрбиені түзеп, мыңдаған балалар бекер мағынасыз қырылып жатқанына сескенбей, тыныш қарап отыра алмайтын үкметтер керек болған. [4, 37 б].

Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі Ресейдегі балаларды тәрбиелейтін мекемелердің түр-түріне тоқтала келіп, олардың қазақ тұрмысына лайықтап енгізуді мақсат тұтады. Ресейдегі ата-анасынан айырылып қалған балаларға арналған «Жетімдер үйі» (приют), үш жасқа дейінгі балалар үшін ясли, жеті жасқа дейінгілерге «балалар бақшасын» қазақ жерінде ашу үшін ұлттық рух пен мінездің, қоршаған ортаның ерекшеліктерін есте сақтауды алғы шарт деп санады.

Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы нәрестенің өсіп, жетілуі, мектеп табалдырығын аттауға дайындау төңірегінде жаңа ойларды ұсынған алғашқы жаңалыққа толы еңбек.

Қорытып айтқанда, Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы педагогика тарихының ірі – мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша сол жылдардағы қазақ әйелдері үшін арнайы теориялық және әдістемелік нұсқау ретінде маңызды қызметтер атқарды . Еңбек 1923 жарық көргеніне қарамастан, теориялық, тәжірбиелік маңызын, өзінің құндылығын жоймаған, бүгінгі күні де көкейтестілігін жоғалтпаған дүние болып қала бермек.

Н.С.Құлжанованың ұстаздық, қайраткерлік ағартушылық еңбегінің тағы бір көрінісі – «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбегі . Бұл еңбек Қазақстан өлкелік әйелдер бөлімінің шешімімен және тапсырысымен 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан. Еңбекте- педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне арналған анықтамалық, әдістемелік нұсқауға ұқсас күнделікті қажетті нәрсені тауып алуға мүмкіндік беретін кітап. Әйелдің ежелден еншісіне тиген кең дәулет бала көтеру, бала өсіру міндеттін орындауда қазақ әйелдері көптеген қиыншылықтарға кездескен. Мәселен, баланы уақытында тамақтандыру, ұйықтату, т.б.

Ұлттық, әрі бүкілхалықтық маңызды іс ол ана мен бала мәселесі – денсаулық сақтау, оқу-ағарту, әлеуметтік қорғау ведомстваларын қамтитын, бірнеше салалар бірлесіп шешуге арналған ауқымды құбылыс.

Әйел – ел анасы: ел бастайтын ерлер, данышпандар әйелден туып, әйел тәрбиесімен өскен. Бірақ біздің әйелдеріміз елді өсіретін, көркейтетін ана бола алмай келеді . Автор оқулықтың кіріспесінде: «Бала қалай бітеді, қалай туады, әйел босанған кезде қалай күтінуі керек, жаңа туған баланы қалай тәрбиелеу дұрыс, баланы тамақтандыру тәртібі қалай болуы керек?» екендігін сөз етеді [5, 117 б].

Нәзипа Құлжанова есімі XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары кеңінен таныла бастады. Әсіресе, оның «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Бала емізудің дұрыс тәртібі» (1927, №4, 22-29б.) , «Бала ауруы» (1927, №8-9, 37-43 б.), «Баланың жұқпалы аурулары» (1927, №10-11, 70-79.) пайдалы кеңестерді баланың дені сау, тәні таза болуға бағытталған сол кездегі уақыт талабына сай еңбектер еді.

«Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» оқулықтары мен денсаулыққа байланысты топтама мақалалары Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық қызметінің зор мағынаға ие айтулы құбылыс екендігі дәлел.

Осындай игілікті істің бел ортасында Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова сияқты тұлғаның болуымен қатар тікелей ұстаздық қызметімен бірге теориялық, әдістеме тұрғысынан пайдалы істердің бастауында тұруы оның ұстаздық, ағартушылық қайраткерлік келбетінің бүгінгі ұрпақтың көз алдында асқақтата беретіндігі сөзсіз.

Ұстаз, ағартушы қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанованың сонымен қатар көп салалы, жан-жақты творчестволық еңбегінің бір қыры журналистік жолға арналған. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің XX ғасыр басында қазақ баспасөзінің қанаты қатайып, қоғамдағы маңызды болуы ерекше құбылыстар қатарында. Құлжанованың қалам тартып жарияланған дүниелерінің басым көпшілігі әйел тағдыры, олардың жағдайы мен қоғамдағы орны сияқты өзекті мәселелерге арналған. Бұл топтағы алғашқы мақала «Октярь төңкерісі және қазақ әйелі», «Қазақ әйелдеріне», «Жұма күнгі қазақ әйелдеріне кеңес», «Жалпы әйел мейрамы», т.б мақалалар.

Мақала Қазан төңкерісінің бес жылдығына арналған патшалық заман мен төңкерістен кейінгі жердегі қазақ әйелінің жағдайын сөз етеді. Сол жылдардағы Қазақстан халқының жарымынан көбін сауатсыз әйелдер құраса, ел дамуындағы шешуші фактор - сол қазақ әйелдері болып табылатын. Әйелдеріміз өнегелі, тәрбиелі болса баланы да, азаматты да тәрбиелейтін солар екені белгілі [6, 208 б].

Революциядан кейін Нәзипа апай баспада атқару қызметкері болып жұмыс істеген. Бірді - екілі мақала, әңгіме жазды. Оның қазақ әйелінің хал-жәйі, теңдік бостандағы туралы жазылған «Есіл қызы – ай!», «Маржан» деген әңгімелері «Қызыл Қазақстан» журналының 1921-1922 жылдарындағы санында жарияланған. Еңбектерінің көбі революция жылдарындағы қазақ әйелінің бостандық мен теңдігі еді.

Міне, Нәзипа Құлжанованың сөз еткен мақалалары мен көркем шығармалары артына елеулі мұра қалдырған қаламы ұшқыр журналист, әрі жазушы екендігін айқын дәлелдеп берді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Хакімжанова. М. Нәзипа Құлжанова Қазақ әдебиеті, 1967 - 87 бет, 11 тамыз

2.Қасымбаев Ж. «История города Семипалатинска» (1718-1917 г.г.) Алматы «Өлке», 1998 - 276 ст

3.Исабай Қ. Байжан –Ата С. «Қажыға барған қазақтар» Алматы: Ана тілі, 1996 - 192 бет. 

4. Құлжанова Н.Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор:1923 - 37 бет.

5.Құлжанова Н. «Ана мен бала тәрбиесі» Қызылорда:1927 - 117 бет.

6.Қойгелдиев М., Омарбеков Т., «Тарих тағылымы не дейді?» Алматы: Ана тілі, 1993- 208 бет
ҚАЗАҚТЫҢ АРДАҚТЫ ҚЫЗ - НӘЗИПА
Нургазина Гулим Сейлбековна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

қоғамдық пәндер оқытушысы
Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде өмір сүрген Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлғалардың бірі. Ол – ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы.

Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жанкелдин ауданында дүниеге келген. Ол әуелде Торғай қаласындағы приходская школада оқып, 1902 жылы Қостанайдағы прогимназияны тәмамдаған. 1903-1904 жылдары Торғайдағы әйелдер училищесінде мұғалімдік қызмет атқарған.

Ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар ұстаздық қызметтерін 1905 жылы Семей қаласында бастаған. Бұл кезде Семей Қазақстандағы ірі мәдени-ағарту орталығы дәрежесіндегі қала болатын. 1902 жылы қалада Орыс географиялық қоғамының бөлімшесі ашылып, оның «Жазбалары» жүйелі түрде жарық көре бастады. 1903 жылы ірі оқу орны – Семей оқытушылар семинариясының ашылуы, 1912 жылы «Жәрдем серіктігі» баспаханасы ұйымдастырылып, онда 8 кітаптың жарық көруі – Қазақстанның өзге өлкелерінде байқалмаған құбылыс.

Құлжановтар Семей оқытушылар семинариясында ұстаздық қызметпен айналысқан. Семей семинариясы іргелі оқу орны болған, онда қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен ұлы ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың оқуы, сондай-ақ энциклопедист-ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның білім алуы зор мақтанышпен айтылады.

Нәзипа Сегізбайқызы күнделікті мұғалімдік қызметпен ғана шектелмей қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтау, музыкалық фольклорына көңіл бөлу, қала өміріндегі маңызды мәдени-ағартушылық шаралардың жүзеге асуына ұйытқы болу жағына баса назар аударады.

Нәзипа Сегізбайқызы мен Нұрғали Құлжанұлының 1913 жылдың 25 қыркүйегінде жалпы жиналыстың шешімімен Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесіне қызметкер-мүше (член-сотрудник – Г.К.) болып сайланды. Императорлық Орыс география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің есебіне қарағанда, 1914 жылдың 1 қаңтарында барлығы 137 мүше болған, оның 4-уі құрметті мүше, 113-і толық мүше, 20-сы қызметкер-мүше. Солардың арасында сандаған ұлт өкілдерінен бірде-бір әйел болмаған, ал жалғыз қазақ қызының, Нәзипа Сегізбайқызының тізімде тұруы адамға ерекше әсер етеді. Бұл Семей зиялыларының аузына ілігіп, қайраткерлік биікке көтеріле бастаған аяулы жанның әлеуметтен алған алғашқы бағасы еді.

Нәзипаның шығармашылығы қазақ совет әдебиетінің қалыптасу кезеңімен (1917-1929 жж.) тұспа-тұс келді. Ол халықтың игілігіне жан аямай еңбек еткен Қандай заман болса да, әр кезде қазақ халқы ақсақалдардың айтқан сөздеріне құлақ асқан. Мысалы, Абылай хан қалмақтардың тұтқынына түскенде Қазыбек би қонтайшы Қалдан-Сереннің бетіне тіке қарап, сөзін айтқан. Нәтижесінде Абылай ханды құтқарып алған.

Қазіргі кезде сөздің қадірін, бағасын білетін тұлғалар – қаламы ұшқыр, ойы өткір журналистер. Бұл уақытта қалада туылған қыздардың болашақ мүмкіндіктері ауыл өңірінде туып-өскен құрбылардың келешегіне қарағанда жақсы болған. Үлкен талант иесі Нәзипа 1902 жылы Қостанай қаласындағы орыс-қазақ гимназиясын тәмамдап, 1903-1904 жж. оқытушылар семинариясында ұстаз еткен.

Нәзипа Сегізбайқызы жастайынан бері ержүрек, жігерлі кісі болған. Жұбайы Нұрғали Құлжанов – осы заманның көрнекті ағартушыларының бірі. Ол да мұғалімдік қызметін атқарған. 1905 жылы жанұя Семей қаласына көшіп келген. Құлжановтардың Семейге келуінің себебі – Нәзипаның ата-анасының ескі әдетпен біреуге атастырып, қызы үшін қалыңмал алып қойғандығы жұрттың тіліне тиек болған. Ал 1913 жылы Н. Сегізбайқызы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің «Азамат серіктестігі» ұйымының мүшесі атанған.

Дарынды Нәзипа ұлы Абайдың шығармашылығын жақсы көрген. 1914 жылдың 26 қаңтарынан бастап Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай бірнеше әдеби кеш ұйымдастырды. Кештерде Абай өлеңдері оқылды. Бұл кезеңнен бері Нәзипа қоғам және саяси қайраткері ретінде танылды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде журналистің көптеген мақалалары жарық көре бастады. 1917 жылы Семей облысындағы қазақ съезіне атсалысып, сол съезд төралқасының құрамына енген. Нәзипаның шығармашылығы қазақ совет әдебиетінің қалыптасу қезенімен (1917-1929жж.) тұспа-тұс келді. Ол әдебиет пен өнер саласында көптеген зерттеулерін жазды: «Әдебиетке көзқарас», «Қазақ әдебиеті», «Шолпан ақын қызы», «Семей театры».

Сонымен бірге, Нәзипа көптеген мақаларында әйелдер үшін маңызды мәселелер туралы қалам тартты. Қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасын Нәзипа Құлжановаға арнаған: «Ардақты бар Нәзипа деген ханым, Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім. Оқыса сондай әйел шығар ед деп, Оқығандар бағалар сөздің дәмін. Неше күн қыдырсаң да таба алмассың, Семейдің одан өтер адал жанын...», – деп Нәзипа Сегізбайқызыны сипаттаған.

Н. Құлжанова қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі ретінде танымал болып, сонымен бірге есімі педагог, ғалым, аудармашы ретінде де қазақ халқының тарихында мәңгілікке қалды. Ол екі тілде бірдей жүйректігімен де көзге түскен. Оның орыс тіліне жетіктігінің арқасында Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ғабит Мүсіреповтың шығармалары орыс тіліне аударылды. Ал қазақ оқырмандары қазақ тіліне аударылған Лев Толстой, Максим Горький, Александр Куприн, Владимир Короленконың әдеби туындыларымен танысты.

Нәзипаның өтініші бойынша орыс композиторы Александр Затаевич «Қадыр зары», «Ғайни-ау, сәулем» әндеріне музыка жазды.

1920 жылы Н. Құлжанова Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының оқулықтар, кітаптар шығару бойынша арнайы комиссияның құрамында да жұмыс істеді. Сонымен бірге, Нәзипа қазақ әліппесін дайындаған маман ретінде белгілі. 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», «Айқап» журналдарында жұмыс істеп, «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында өз мақалаларын жариялаған.

1922 жылы Сәкен Сейфуллин Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы тағайындалды. Сейфуллин Нәзипаны аталмыш газетке жұмысқа шақырды. Қызмет барысында әріптестердің арасында беделі артып, Нәзипа Сегізбайқызы тез арада танымал авторлардың біріне айналды.

Сонымен бірге педагогика саласында көптеген кітаптардың авторы: «Мектептегі дәстүрлі тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі», т.б. Қазіргі кезде де ғалымның еңбектері өзінің өзектілігінен айырған жоқ.

Нәзипа Сегізбайқызы Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Молдағали Молдабаев, Аманғали Сегізбаев секілді әдебиет және қоғам қайраткерлерімен көп араласқан. 1929 жылы Нәзипа үйде отырып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Мұрағат мәліметтерінің дерегінше, Құлжанованың денсаулығы нашарлап кетеді. Бірақ ғалымның жағдайы жайында басқа пікір де бар. Яғни, Алашорданың қайраткерлерімен қарым-қатынас орнатып жүргендіктен, патша сақшыларының «назарына ілігеді». 1934 жылдың наурызында Нәзипа Құлжанова аурудан көз жұмады.

2017 жылы ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы Н.Құлжанованың - 130 жылдық мерей тойы жер –жерлерде аталып өтпекші. Біздің Н.Құлжанова атындағы Торгай гуманитарлық колледжі де түрлі іс-шаралар жоспарлануда. Атап айтсақ, Облыс көлемінде ғылыми –тәжірибелік конференция, топ сағаттары, кездесу кештері ұйымдастырылуда.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құрасырған

Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993;

2.Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ

зиялылары // Абай.-2004;

3.Қуантайұлы Н. Қазақтың алғашқы журналист қызы // Ертіс өңірі.-2003;

4.Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007;

5.Мағауина З. Қазақтың ардақты қызы // Семей таңы.-2007;

6. «Қазақстан мектебі» журналы,№10/2007, №1/2007, №2/2007;

7. «Мектеп» журналы,№11, 2009;

8.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы-2008;

9.Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика» журналы, №6 // Алматы, 2003.



Нәзипа Құлжанова – мектепке дейінгі тәрбиенің жанашыры
Нұржанов Дархан Болатович

Торғай аграрлық-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы
Қазақстан республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайының мәжілісінде «Бүгінгі бостандықтық, бүгінгі тәуелсіздіктің өзінен-өзі келіп басымызға қона қалмағанын азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны шашылып, жаны қиналғанын жазықсыз зардап шеккенін де сіздер жақсы білесіздер. Бүгінгі күн ата–бабаларымыздың  талай ғасырлар бойы арманы еді. Отаршылдықтың темірқұрсауының, отызыншы жылдардағы ашаршылық пен Сталиндік жаппай жазалау құрбандарының, Ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған боздақтардың, кешегі желтоқсанда ұлттық намысын қолдан бермеу үшін, халықтық сағын сындырмау үшін, бел буып шыққан жастарымыздың арманы еді» - деп көрсетті.

Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысында өр тұлғалы қазақ қыздарының да үлесі зор болды. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет оның қайтпас қайсарлығы, өжеттігі, тіпті керек кезде ел үшін Отан үшін отқа түсуге дейін баруға батылы жететіндігі дәлелденген. Тарихта ел намысын ерлерше қорғап, қайрат көрсеткен қазақ әйелдері де баршылық.

ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға – Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы Н.С. Құлжанованың тағдыр талайына Қазақстанның  ХХ ғасыр басындағы аса күрделі қоғамдық–саяси істеріне араласу тиесілі болды. Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде Н.Құлжанова өз жолын тапты.

Н. Құлжанова бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданында туған.

Н. Құлжанованың бастапқы мамандығы–мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этно-граф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды.

Нәзипа Құлжанова–ұлттық педагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуына салмақты үлес қосқан салиқалы, зерделі зерттеуші.

Бұған «Мектептен бұрынғы тәрбие» туындысы толық дәлел. Баланы қалайша тәрбиелеп өсіруді, табиғи қалпын бұзбай, мінсіз баулуды, ортасының әсер-ықпалын, қалайша дұрыс, жатық сөйлеуін, көркем мінез, келісті әдет дарыту, икем-бейімін арттыру, баланың саулығы, сезім мүшелерінің ақаусыз дамуы, жаратылыс дүниесін еркін қызықтауы, зейін-зердесінің тәрбиесі жан-жақты, терең, әсерлі баяндалады.

«Бала өне бойы еркін ұнатқан нәрселерін шұқылап отырып, бұрап сындырып, мүшелеп әбден танып, қайта салыстырып, соны өзі жасамақ болады, һәм жасайды да. Бұл –баланың тағы да бір артықша қасиеті, зерттеп тану құмарлығы. Бұл- жан-жақтағы жайнаған дүниені танытып, өзі де жасауға кірісу үшін жаратылыстың көкірегіне әуелден құйған құмарлығы.

Бұл қасиетін танымайтын надандар «Тиме!», «Сындырасың», «Шықпа, жығыласың», «Таста, бүлдіресің», «Үстіңді былғайсың», «Әрі жүр, басымды ауыртпа!» деп зарлауымен баланың алайын деп отырған қанша білімін тағы да тамырынан қияды.

«Бала ойнақшыған құлын-тайдай, желкілдеп еркін өскен қызғалдақ шөптей, кеңшілікті, еркіншілікті жақсы көреді. Жаратылыстың өз дүниесінде даланың кеңшілігінде, шалпылдап суына түсіп, жүгіріп, құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандап жүгіріп өссе, көңілі де, жан-тәні де бірдей тегіс өсіп, өркендемек. Біз қала баласын суық тастың ішіне қамап, жаратылыстың шыншыл, таза, ертегідей құлпырған әдемі дүниесінен айырып, тірідей көміп, сөндіреміз»(30-31 бет) деген лебіздерінде зор мағына бар екені даусыз.

«Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие неге керек?»- деп сұрақ қояды да, түйінді тұжырым жасайды.

«Мектеп жасына толмаған бала бала бақшасыз да, мектепсіз де өсіп адам болады ғой.

Әрине, бала бала бақшасыз да, мектепсіз де өсіп адам болады ғой.Бірақ бала бақшаның тәрбиесін көрмеген бала көп білімнен, көп жақсы әдеттерден құр қалады. Кейде сол білімдерге өмір бойы жете алмайды. Мектепке дейін бала оқымайды деу-зор қате. Мектептен бұрын үйренген білімдері кейін мектепте оқып білгендерінен гөрі маңызды болады.

Мектептен бұрын баланың үйренетіні:


  • Қимыл мүшелерін дұрыс игере білу- жүру, жүгіру, қағып алу, өрмелеп жоғары шығу, секіру-осының бәріне ыңғайлануы.

  • Көру, есту, сезу, иіс білу-мұның бәрін түзу, анық әрі нәзік білу.

  • Сөйлеу-яғни сөз бен сөздң байланыстырып, сөзін, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу.

  • Ойлай білу- яғни сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару.

  • Ойға тоқығанды және оған көзқарасын жарыққа шығару (ойынмен, суретпен, әңгімемен).

  • Өз еркін өзі билеуде бір мақсатқа жетпек болып және басқалар үшін өз тілегін тежеу білу.

  • Таза, жинақы, шыншыл болу, жақсылыққа алғыс айта білу, әрі әдепті болу.

  • Басқалармен бірігіп, әрі аздап жеке де еңбек қыла білу. Бұнымен үйрететін өнер-білімнің бәрі түгендене қойған жоқ. Бала бақшасыз өзімен-өзі өсіп жетуі үшін баланың төңірегіндегі араласқан балалар, үлгі алатын үлкендер, тамақ, т.б. сол сияқты толық адам болуға қажет шарттар түгел болып тұру керек.

Нәзипа Құлжанова сындарын, пікірлерін, тұрлаулы тұжырымдарын, түйінді қорытындыларын тамылжыған, өрнекті кестелі тілмен жеткізеді.

Нәзипа мектепке дейінгі бала тәрбиесінің мән –жайын кітаптың бес бөліміне бөліп баяндайды. Октябрь революциясына дейінгі Россиядағы мектепке дейінгі тәрбиенің түрлері, еңбекші халықтың балаларының ауыр халі жайында нақтылы деректер келтіре отырып, бала бақшасы деген не, ол қандай тәрбие бере алады деген сұрақтар қойып, соған педагогика ғылымына негіздей отырып түсінік беріп, шешімін табады. Кітап совет үкіметі орнаған соң 6 жылдан кейін жазылып отырғанын, ескерсек, дәл сол дәуір үшін үлкен үгіт-насихаттық педагогикалық мәні болады. Бұл кезде қазақ елінде мектепке дейінгі бала тәрбиесі туралы ғылыми-педагогикалық мәні бар кітап жазып, бұл тақырыптың соңына түскен адам жоқ еді. Нәзипа сол олқылықтың орынын толтырып, Халық ағарту Комиссариатының сенімін ақтап, осы еңбекті жазып шықты. Кітаптың көлемі 36 бет, араб алфавитімен жазылған, араб альфавитімен басылған.

Кітаптың бірінші бетінде: «Элмедиген Тумин кітабының ізімен» деп жазуына қарағанда өзіне дейінгі жас бала тәрбиесіне арнап еңбек жазған педагогтердің кітаптарын оқи отырып, қазақ елінің ой-өрісін осы мақсатқа бұруды алдына мақсат еткен.

«Мектеп жасына толмаған балалар» деген бөлімінде Нәзипа сәбилердің туғаннан кейін оларды үлкендердің қалай тәрбиелеп келе жатқанына тоқтап, баланың жас ерекшелігіне қарай тәрбие жүргізуді ұсынды: «...қазақ жас баланы үлкендермен бірге өсіре беретін. Үлкеннен айырып бөлек өсірмейтін...Халықтар соңғы 100 жылда бөлек өсіру, тәрбиелеуге қам қыла бастады. Мән бере бастады. Ғаділ жолмен «Заң» туғызуға бет алды. Бала-кішкене кісі. Баланың тән мүшелері өсуі турасында пән жасап, жаратылысы үлкеннен өзгеше екенін айта бастады. Табиғат заңына байланысты өсуі керек екенін біле бастады. Баланың толық адам болуы олардың өзінің әрқайсысының ерекшелігіне байланысты. Балаға үлкендердің тамағын берсе өлетіні сияқты, баланың жан тәрбиесіне де әр кезеңде әр түрлі тәрбие беру керек. Оқымыстылар осыны айырып, жасын тексере отырып, зеректігіне қарай мағына бере бастады.

«Үлкендердің мектеп жасына толмаған баланы таныған түрі» бөлімінде үлкендердің баланың жас ерекшелігіне қарай тәрбиелемей отырғанын сынайды. Бала ойнақтаған құлын-тайдай, желкілдеген гүлдей өсуі керек. Көбелек қуып сайрандап жүрсе, жан тәні жақсы өспек. Тәрбиеге бөгет болатын нәрсе баланың түсінбеушілік, балалық дәуірді тез жойып жіберушілік. Баланы тез үлкен ету қате. Мектептен бұрынғы тәрбие дегеніміз баланың маңызды кезеңі: өсіп, өркендеп, танып, ойлап, сөйлеп, жаттығады. «Балапан ұяда не үйренсе, ұшқанда соны алады» дейді қазақ».

Ойын, сурет, әңгіме жолымен бала бақшасында ойлай білу, салыстыра білу, заттардың айырмашылығын табу сияқты ақыл-ой дамыту істерінің жүруінің зор мағынасын баяндайды. Балалардың басқа балалармен бірігіп әңгіме құруды үйрететіні, шыншыл, әдепті болуды үйететіні туралы ой қозғап, осының бәрі бала бақшасында жүзеге асырылатын-мұнсыз толық адам болуға қажет заттар жетіспей жатар еді деген қорытынды жасайды.

Көзін қиялға тігіп, құлашын кеңістікке жайған, пейілін кеңге, қырманын дөңге салған өзі отты, жаны жалынды қыран мінезді шынайы отаншыл, елшік, мақсаткер, білімдар, ой мен сөз зергері Нәзипа Құлжанованың «Маржан», «Есіл қыз-ай!» сияқты көркем әңгімелері болды.

Бұл шығармаларда замана ахуалы, халықтың мән жайы, кейіпкерлердің ішкі дүниесі, сөз сапасы, ойлау жүйесі, қоғамға, уақытқа көзқарасы, дәуір шындығы, ел тағдыры аса бір көркемдікпен, суреткерлік зейін-шеберлікпен, өнерпаздықпен тебіреністі сипатталған.

Сондықтан да білім-ғылыммен мұздай қаруланған Н.Құлжанова орыстың классикалық әдебиетімен етене таныстығы етене таныстығы, суреткерлік зерде-санамен қабылдауы, орыс тілінің образдық-метафоралық жүйесін, табиғатын жыға түсінуі, астарын сұңғылықпен тануы яғни түп нұсқаның рухын, сырын, сұлулығын жүйріктікпен сезініп-түсінуі ұлт тілінде соншалықты әсерлі, мәнерлі, жатық сөйлеткен.

Түйіп айтқанда, аударма өнері ұлт әдебиетінің өркендеуіне, шеберлік сабақтарының гүлдентіп тереңдеуіне, жалпы халықтық, адамзаттық, ұлттық идеялардың бір-бірлерімен жалғасып-сабақтасып біртұтас құбылысқа, ортақ игілікке айналуына қызмет еткен саңлақ тұлға Нәзипа Құлжанованың ой қисыны, сөз қолдануы және көркемдік мазмұнын «қыран көрегендікпен», білгірлікпен айшықты бажайлап кестелеуі, өрнектеп жеткізуі қызықтырады.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың әдеби мұраларын насхаттап таратуда өзіндік еңбек еткен қатарлы топтың өкілдері ішінде Нәзипа Құлжанованың есімін де құрметпен атаймыз. Нәзипа мақтаса мақтауға тұрарлық орысша білім алып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан қазақ әйелі.

Н.Құлжанова өмірінің творчестволық беттері «Әйел теңдігі» журналымен де тығыз байланысты. Ол 1925-29 жылдары осы журналдардың жауапты хатшысы қызметін атқарды. Бұл журналда да Нәзипа қаламынан туған мақала , очерк, әңгіме және аударма шығармалар басылады.

Соныменен қорыта келгенде, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің студенті ретінде, жерлесіміз қайраткер, журналист, педагог Н.Құлжанованың еңбектерін жоғары бағалай отырып, болашақ маман ретінде балабақшаларда балалармен жұмыста басшылыққа аламын.

Н. Құлжанованың осынау тың жатқан істі өз міндетіне алуы – оның қазақ қызына тән қайсарлық, батырлық, көрегендігін көрсетеді. Оған себепкер ұлтын сүйгендігі болғаны ақиқат. Қазіргі таңда болашақ ұрпақтың бойына осы білімділікті, қайсарлықты, ұлтын қадірлеуді, қастерлеуді, тілін құрметтеуде оның еңбектерінің тәрбиелік мәнділігінен көруге болады.

Нәзипа Құлжанова – атқарып кеткен мәдени-ағартушылық, ұстаздық, журналистік еңбегімен аса биік бағаға лайық тұлға.

1934 жылы небәрі 47 жаста жарық дүниемен қош айтысқан қайраткер қазақ қызының өмірі де, сол қысқа өміріндегі кездескен сан түрлі қиындықтар мен атқарған елеулі қызметі де ұмытылмайды. Қазақтың біртуар ұстазы заманның қиындығына мойымай күресіп жүріп еңбек еткен аяулы, қаһарман қызы келешек ұрпағына маңызы зор, тәрбиелік мәні бар еңбектер қалдырды.

Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаев: «Біз демократия мен нарықтық экономиканы принципті түрде сақтаймыз. Алайда, әр қоғамның өз ерекшелігі бар, ол қалайда ескерілуге тиіс, қайталанбас этномәдениетке, діни, тарихи қасиеттерге ие. Ал енді кімде-кім мұны түсінбесе, кімде-кім жақындық және рухани тұрғыда өз халқының мәдени кейпінде болмаса, онда ол өз тамырын ғана жоғалтып қоймайды, сонымен бірге одан кез келген басқа мәдениетте теріс айналады. Бұл тура мағынасындағы мәңгүрттікке бастайтын тура жол», - деп, қоғам үшін аса маңызды мәселе жөнінде орнықты пікірін айтты. Қазіргі жаһандану үрдісі еніп келе жатқан бүгінгі күнде өз тәуелсіздігіне қол жеткізген Қазақстан үшін ел Президенті ескертіп отырған өз келбетінен айрылып қалмау мәселесі өзекті  және өткір. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлтына сай ұлттық сезім, бойында патриоттық тәрбие бар ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу ұстаз бен ата-ана міндетті. Тәуелсіздік сонда ғана нәтиже береді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Ә. Назарбаев.  «Ғасырлар тоғысында».

2.Н. Құлжанова. «Мектептен бұрынғы тәрбие»

3.Н. Құлжанова. «Ана мен бала»

4.Нәзипа Құлжанова. Г.А. Карібжанова. Семей 2012ж

5.Н.Құлжанова – ағартушы, қайраткер Г.А. Карібжанова. Алматы «Арна» баспасы 2004ж




НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА- МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

ТӘРБИЕНІҢ ЖАНАШЫРЫ
Саутбаева Салтанат Мұратқызы.

Тәрбиеші. «Раушан» бөбекжай – бақшасы.
ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі – журналист -публицист.

Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова. Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдарда Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) делініп, қатар көрсетілген.

Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі «Торғай» кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында, еңбекші бұқараның ортасында өткен.

Н. Құлжанованың бастапқы мамандығы – мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этно-граф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды.

Нәзипа Құлжанова 1887 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде туды. Алдымен іргесін ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин қалаған Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, кейін оқуын Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясында жалғастырады. Оны 1902 жылы тәмамдап, Торғайда мұғалімнің көмекшісі болып істейді.Кейін Орынбор мұғалімдер семинариясын бітіріп, ұлы Мұхтар Әуезов білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905 – 1920 жылдары ұстаздық етеді.

Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет – қарымын байқатып, 1914 жылы (ұлы Абайдың қайтқанына 10 жыл болған уақыт) мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді.

Нәзипа Құлжанова кезінде Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу – ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады : 1. «Күллі жер жүзінде» 2. «Мектеп жасына толмаған бала» 3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?» 4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі» 5. «Бала бақшасы деген не?» Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен. Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында балабақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.

Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғыс сөз жазған екен.

Қайран Ахаңның қазіргі жаһандану заманы талабымен үндес осы бір сөзіне қайран қаласың. Неге десеңіз, құдіретті күш, ең басты құндылықтардың бірі саналатын – білімнің өзектілігі мәңгілік.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді.Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді.

Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.

Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектеп, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді».

Сондай-ақ, Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан.

Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстаз.

Нәзипа Құлжанова 1930 жылдардың басында Мәскеуге барып Н.К.Крупскаямен кездесіп көптеген ақыл-кеңестер алады. Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар жазбақ болған журналист, ағартушы Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден өтеді.

Нәзипа Құлжанова өз дәуіріндегі саяси-әлеуметтік жайдан, экономикалық құрылыс қалпынан, медицина, педагогика ғылымдарының заман талабы алға тартып отырған міндеттерінен толық хабары бар білімді журналист, шебер педагог екенін айқын тани аламыз. Бүгінгі қолданылып отырған тәрбие түрлерінің алғашқы бастамасының негізін ана тілінде сөз етіп, түсіндіріп, жол көрсетіп кеткен – Нәзипа Құлжанова. Нәзипа бүгін де еліне сол еңбегімен құнды. Сол еңбегімен ұмытылмайтын қадірлі қалпында есте сақталады.

Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білім сапасының көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасы, әдістерін, технологиясын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғаліміне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық нұсқаны кез келген үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Атап айтқанда:

-Білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылауымен байи түсуде;

-Ақпараттық дәстүрлі әдістер ауызша және жазбаша, телефон немесе радио байланыс қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығыстырып орын беруде;

-Баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге жол ашуда. Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік – педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды.

Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс – әрекеттердің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Ал жаңа технологияларды пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып мүмкіндік деңгейге жеткізеді. Сондықтан мұғалімнің біліктілігін көтеру мен шығармашылық педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгеруі маңызды.

Оқытуды демократияландыру, ізгілендіру арқылы экономикалық, әлеуметтік өзгерістерге бейімделе отырып, әлемдік өркениетке ұмтылған қоғамда танымдық қызығуы, біліктілігі жоғары, белсенді азамат тәрбиелеу талабы – бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіне үлкен міндет жүктейді.

Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияға сүйене отырып, баланың бойындағы шығармашылық ойлауды, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.

Білімді даралап – саралап берудің басты бағыттарының бірі дарынды, талантты жасөспірімдерді оқыту. Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикада қызығушылық бары байқалады. Соның бір айғағы – жоғары қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды. Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу, қолдау және мадақтау. Мұндай саясат Қазақстанда жүріп жатыр. Ел президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады. Оларға жағдай жасау керек» деген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Елбасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы мен «Дарын», «Болашақ» бағдарламаларында, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында балаларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы оның ресурстық мүмкіндіктері мен шығармашылық дағдыларын дамытуға қолайлы жағдай туғызу – ең негізгі міндеттер деп айқындалған.

Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі әлемдік білім беру жүйесінің алдына жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде өз мақсатына іске асыру үшін өз іс-әрекетін тиімді жоспарлай алатын, танымдық қызметінде алынған ақпараттарды орынды пайдалана білетін, түпті нәтижеге жету үшін әртүрлі топтардағы адамдармен тиімді қарым – қатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр.

Бұл мәселелерді оңтайлы шеше білу білім берудің әлемдік және ұлттық кеңістігіндегі іргелі проблема болып отыр. Оқу – тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған білім беруде әлеуметтік – тұлғалық білімділікті өзектендіру арқылы оқу үрдісін өзгертуді зерттеу-педагогика ғылымында туындап отырған қазіргі негізгі міндеттердің бірі.

Білім беру тәсілдерін жаңа технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап, саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім, білік, дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық, физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құрасырған Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29б.

2.Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ зиялылары // Абай.-2004.-61-64б.

3.Қуантайұлы Н. Қазақтың алғашқы журналист қызы // Ертіс өңірі.-2003.-9 қазан.-29б.

4.Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30 тамыз.-3б.

5.Мағауина З. Қазақтың ардақты қызы // Семей таңы.-2007.-24 мамыр.-3б.

6. «Қазақстан мектебі» журналы,№10/2007, №1/2007, №2/2007.

7. «Мектеп» журналы,№11, 2009ж.

8.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы.2008. 6-б.

9.Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика» журналы, №6 // Алматы, 2003ж.




Н.ҚҰЛЖАНОВА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕНІҢ ЖАНАШЫРЫ

Сейтен Сәуле Ізбасарқызы

«Раушан» балабақшасының тәрбиешісі



Жандилдина Роза Есентаевна

Педагогика ғылымдарының магистрі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік

педагогикалық институты
Нәзипа Құлжанова Сағызбайқызы – ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге, мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған тұңғыш педагог, әрі журналист-публицист.

Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру аясында «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітабын жазды. Бұл арнайы тапсырыспен жазылған алғашқы авторлық туынды еді. Автордың бұл еңбегінде Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін әңгімелейді. Аталмыш кітапқа алғысөз жазған Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек».

Н.С.Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылды.

Көпке дейін Н.Құлжанованың аты аталмай, еңбегі толық зерттелмей келді. Торғай өңірінде туып, оқып, білім алған, кейін ерлі-зайыпты Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалімдік қызметте жүріп, талай Алаш арыстарын қанаттандырды.

Жастайынан өжеттігімен,қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін,қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін өткізді. Қазақ, орыс тілдерінде жасаған баяндамасында «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етті.

Н.Құлжанова алғашқы кезекте алдыңғы қатарлы орыстың педагог ғалымдарының бірсыпыра еңбектерін ана тіліне аударған, сонымен қатар өз де сан алуан мақалалар жариялай отырып, ата-аналар мен тәрбиешілер арасына мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу жұмысын кеңнен таратуға жәрдемдеседі. Алғаш ашылған балабақшалардың жұмыс істеуіне теориялық басшылық жасайды.Баланың ыстық –суығына күймейтін, әрбір жетістігіне сүйсінбейтін ата-ана мен ұстаз жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, осыған қарағанда « Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекер айтылмаса керек.

Педагогикалық ғылымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да өзіндік бағыт бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие беру өнерін меңгеруіне көмектесу. Оны педагогикалық тәжірибеге ғана емес, тәрбие беру теориясы жөніндегі терең де жан-жақты білімге сүйене отырып меңгеруге болады.

Отбасы, балабақша тәрбиесі сөз болғанда, соларға арнайы еңбек жазған, мектепке дейінгі тәлім-тәрбиенің мақсат мүддесін ата-аналар, тәрбиешілер қауымына кеңінен насихаттаушы педагог, журналист Нәзипа Құлжанованың есімін ерекше атауымыз керек.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы

Тәрбиенің алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның тығыз байланысы болуы маңызды.Әр қайсымыздың басты тілегіміз-сәбилердің бақытты балалық шағы, лайықты білім алып, сүйікті Отанымыздың толыққанды азаматына айналуы.

Ата-аналармен әр түрлі шараларды ұйымдастырудағы мақсат міндетіміз балалардың бүгінгі жасаған қадамы,ертеңгі тұлға болып қалыптасуына үлкен әсерін беретінін ұғындыру.Бұл тұрғыда әрбір педагог өз ісіне жауапкершілікпен қарап,ел болашағының саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиетіміз бен білімімізді арнасақ болғаны.

Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы ата-ана болып табылады.

Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты.Бала тәрбиесі кезінде ата-ана ең алдымен қателіктерін түзеп,балаға түсіністікпен қарап,зекіп дауыс көтеру деген жаман әдеттен арылуы керек.Бала өзінің кішкентай мәселелерін өзі шешуге дағдылануы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», -десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Баланы тәрбиелеу барысында, кейбір ата - аналар материалдық құндылықтарды басты орынға қойып, өзінің негізгі міндеті баланы ішкізіп - жегізу, киіндіру деп есептейді. Тұлғаның моральдық қалыптасуына жауапкершілікті білім беру ұймының үлесіне қалдырады. Бірақ баланың айна сияқты өз ата анасының бейнесін қайталайтыны ешкімге құпия емес. Тек қана олардың қимыл - қозғалысы, іс - әрекеті мен сөздерін ғана емес, сонымен қатар көзқарасын, қызығушылығын, дүниетанымын да қайталайды. Сондықтан ата - аналардың, бала тәрбиесі тек қана отбасында басталып қана қоймай, бойы басты рөл ойнай отырып адамның барлық өмір жолында жалғасатындығын сезінуі өте маңызды.

Н.Құлжанова әр елдің бала бақшаларындағы ерекшеліктерді көре білген. Ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа баулу, қабылдау ерекшеліктері, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау т.б. дамыту мәселелеріне көңіл бөлді. Қорытып айтқанда, Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы педагогика тарихының ірі – мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша сол жылдардағы қазақ әйелдері үшін арнайы теориялық және әдістемелік нұсқау ретінде маңызды қызметтер атқарды. Еңбек 1923 жарық көргеніне қарамастан, теориялық, тәжірбиелік маңызын, өзінің құндылығын жоймаған, бүгінгі күні де көкейтестілігін жоғалтпаған дүние болып қала бермек. Тәрбиеші бала тәрбиесіне ата-анасынан кейінгі жауапты адамдардың бірі болғандықтан, біз де осы маңызын жоймаған дүниелермен жүре бермекпіз. Әрбір тәрбиеші, саналы отбасының балалары ата-анасының ізгі жолымен жүретін болса адам ұрпағымен мың жасағаны болар еді. Біздің де қиын да қызықты еңбегіміз еселенгені болар еді. Қазіргі жағдайда тәрбиешілер осы Н.Құлжанованың ізгі жолымен жүріп келеді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Құлжанова Н.Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор:1923

2. Құлжанова Н. «Ана мен бала тәрбиесі» Қызылорда:1927

3. Қойгелдиев М., Омарбеков Т., «Тарих тағылымы не дейді?» Алматы:

1993

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕР
Туйтенова Гулнур Еркиновна

«Раушан» бөбекжай-бақшасы
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру стратегиясы мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптастыру мәселелерінің ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып , басты қажеттілік ретінде қабылданған еді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып , педагогикалық кадрларға қойылатын талаптармен ,олардың біліктілігін арттырып және қайта даярлап ,бала дамуының деңгейін жүйелі бағалауды қамтамасыз етіп отыр.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған бұтақ кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. 

Сондықтан баланың бойына балабақшадан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.

2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту » туралы Жарлығына қол қойды. Бағдарламаның басты мақсаты - Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту болса, осының ішінде мектепке дейінгі тәрбие берудің басты мақсаты - 1 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен толық қамтуды, балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету. Олай болса мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа алған ауыл балабақшасы дене шынықтыру арқылы денсаулықты нығайту әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды, балалардың тілдік қатынасын жан-жақты дамытуда көркем сөзді қолдануды, «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша жобалық іс-әрекетті негізге ала отырып мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын дамытуды жүзеге асыруды нақты міндет деп санап отыр». Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын Қазақстан Республикасының жаңа білім беру стандарты негізінде жаңашылықты. Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен. Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсекеле бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшықеттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б. байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз – оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жайғана сандық көрінісі емес. Даму – бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.

Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.

Балабақшада өткізілген оқу –тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін, педагогтардың кәсіби біліктіліктерін шындау, олардың қаншалықты ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану деңгейлерін анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мониторинг айнасы» айдарында бақылау жұмысы жүргізіледі.

Тәрбиешінің басты міндеті- бойында ұлттық санасы қалыптасқан, дені сау, жан дүниесі бай жан- жақты азамат тәрбиелеп өсіру. «Ел боламын десен, бесігінді түзе» деп дана халқымыз айтқандай тәрбиелі, білімді ұрпақ әрқашан ұлт мақтанышы, беделі болатыны анық.

Бүгінгі таңдағы біздің бар мақсатымыз, іс жоспарларымыздың барлығы балабақшадағы тәрбиеленушілерге жан-жақты жағдай жасау, солардың Қазақстан Республикасының болашақ азаматы ретінде тәрбиеленіп өсуі үшін күні бүгіннен бастап негізінің берік қалануына бас назар аудару. Әрбір ісімізді балалардың болашағы үшін арнап отыруды өзімізге басты міндет санаймыз.

Тәрбие мен баланың алғашқы дені- мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Бала бойындағы жаңа қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі болып тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі. Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойған басты мақсат- баланың жас ерекшелігіне қарай балалар тарихы негізге ала отырып, ұлттық тәрбиені салт –дәстүрді бойына сіңіріп жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуына ықпал ету. Халқымыздың әдептілік, инабаттылық, мейірімділік, қарапайымдылық, ізеттілік, қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, салт дәстүрін , әдеп -ғұрыптарды жақсы меңгерген рухани дүниесі бай, жаны таза адал жан болуы керек.

Мектепке дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және белгілі бір іске бастама (инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол бермейді, баланың адамгершілік сапасының қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері – балалардың адамгершілік сезімдерін, мінез-құлықтың ізгі дағдылары мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары мен мінез-құлық түрткілерін қалыптастыру. Баланың тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады.

12 жылдық білім берудің қажеттілігі, бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізу мәселелерімен бірге, жалпы білім беретін мектептерде және балалар бақшасында білім, білімділік бағдармалардың сапасын арттырып, тәрбие жұмысын жетілдіруді көздейді. Балаларды мектепке дайындауда психологиялық өріс-еркіндік, батылдық, имандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру шешуші роль атқарады.

Балабақшадағы әрбір  тәрбиеші –педагог  оқу-тәрбие жоспарын тиімді әрі нәтижелі етіп ұйымдастыру үшін өздерінің бағдарлық біліктіліктерімен, қабілеттіліктерімен қатар, педагогикалық жаңа технологиялар негіздерін жетік меңгеруі тиіс. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу іс әрекеттері ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Мысалға алсақ астыда берілген ойындар:



«Сиқырлы қапшық» 

Ойынның мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету.

Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі ойыншықтар.

Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.

«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»

Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.

Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.

Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді.

Кеңістіктер туралы дидактикалық ойындар «Кеңістік»

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту.

Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу. Ойын осылай жалғаса береді. 

Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Ұрпақ тәрбиесі— келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени —ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу—біздің де қоғам алдындағы борышымыз.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Назарбаев Н.Ә // Егемен Қазақстан ,2 наурыз ,2006ж


2.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.

3.«Ұстаздар ұясы» Павлодар 2004ж

4.«Мектепке дейінгі білім» №1(7) қаңтар/ақпан 2007ж

5.«Мектепке дейінгі білім» №5(17) қыркүйек/қазан 2008ж

6. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. ¬– М., 1992.

7. Богуславская З.М., Смирнова Е.О. Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған дамыту.




НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВАНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ
Уахитова Алмагуль Абдуалиевна

Н.Құлжанова атындағы Торғай

гуманитарлық колледжінің оқытушысы
Білімділігімен, парасаттылығымен, ұлтжандылығымен қайраткерлік дәрежеге көтерілген саусақпен санарлық қазақ қыздарының бірі, әрі бірегейі Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова.

Нәзипа Құлжанова-ұстаз, педагог. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептерде ерлі-зайыпты Құлжановтар оқып қана қоймай, ұлы ұстаздардың жолын қуған, ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихында ағартушылық жолын бекем ұстанған, оқыту, тәрбиелеу ісінің теориясына да, тәжірибесінде де Н.Құлжанова именбей кірісіп, аянбай еңбек сіңірді.

Оқу-тәрбие жұмысын ғылыми жолға қоюда бетбұрыс жасаған «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі», кітаптары және ана мен бала денсаулығына байланысты циклдық мақалалары Нәзипа Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық еңбегінің нәтижесі жүйелі құбылысқа ұласқандығын дәлелдеп берді. Бұл жолда оның қызметі қазақ зиялылары, оқымысты тұлғалар Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, тағы басқаларының салған сара жолы әсер етпей қоймағаны белгілі.

Ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар Семей қаласына 1905 жылы келіп, ұстаздық қызметтерін бастаған. Құлжановтардың Семейге келуін зерттеушілер екі түрлі жағдаймен түсіндірді. Бірінші пікір 1905 жылы ішкі Ресейден көтерілген төңкеріс толқынының қазақ ауылына жетумен, яғни Құлжановтардың патша сақшыларының «Назарына ілігумен» байланысты. Осыны сезген Нұрғали мен Нәзипа Торғай облысынан шеткері жатқан сахара төріне қарай-Семей қаласына кетеді. Екінші пікір ұсынушылар Н.Құлжанованың ата-анасының ескі әдетпен қызы үшін қалың мал алып қойғандығына назар аударады.

Ерлі-зайыпты Құлжановтар Семейге келген кезде бұл қала Қазақстандағы ірі мәдени-ағарту орталығы дәрежесінде болатын.

Құлжановтар Семей оқытушылар семинариясына мұғалімдік қызмет атқарған. Семей семинариясы іргелі оқу орын болған, онда қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың оқуы, сондай-ақ энциклопедист-ғалым. Әлкей Хақанұлы Марғұланның білім алуы зор зор мақтанышпен айтылады. Ерлі-зайыпты Құлжановтардың ұзақ және жемісті жұмыс атқарған жері-осы Семейдің оқытушылар семинариясы. Нәзипа Сегізбайқызы күнделікті мұғалімдік қызметпен шектелмей, қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинақтау, музыкалық фольклорына көңіл бөлу, қала өміріндегі маңызды мәдени-ағартушылық шаралардың жүзеге асуына ұйытқы болу жағына баса назар аударды.Нәзипа Сегізбайқызы мен Нұрғали Құлжанұлының Орыс географиялық қоғамның Семей бөлімшесіне қызметкер-мүше болып 1913 жылдың 25-қыркүйегінде жалпы жиналыстың шешімімен сайлануы-сөзімізге толық дәлел.

Ерлі-зайыпты Құлжановтардың Ресей императорлық география қоғамы батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің мүшелігіне сайланып, ғылыми-ағартушылық, мәдени-қоғамдық істерге белсене араласуы зор оқиға. Оның үстіне Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова аталған қоғамға мүше болған тұңғыш қазақ қызы.

Географиялық қоғамның мүшесі ретінде Семей қаласында 1914,1915 жылдары Нәзипа Құлжанова өткізген екі кеш тарихи, мәдени, танымдық бағасын күні бүгінге жойған жоқ.

«Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» кітаптары, оқу ағарту ісі мен денсаулық жөнінде жазған мақалалары Қазақстандағы ғылыми-педагогикалық пікірдің қалыптасуы тарихында ендігі жерде өзінің лайықты орнын иеленуі қажет.

Нәзипа Құлжанованың рухани мұрасы ХХ ғасырдың бас шеніндегі қазақ тарихын танудың дерек көзі бола алды. «Кез келген халықтың нағыз ғылыми тарихын, ең алдымен, сол халықтың өзі жасаған деректерді толық меңгермей, жазу мүмкін емес,»-деп ғалымдар Р. Сыздықова, М.Қойгелдиев тауып айтқан тұжырым кейінгі буын жас тарихшыларға жол көрсетіп, жөн сілтейді.

Бүгінгі күні белгілі болып отырғандай, қазақ халқының ауыз әдебиетіне, географиясына, музыкалық мұрасына байланысты материалды жинақтаған, кейбір үлгілерін Г.Н.Потанин, А.В.Затаевич сияқты ғылым-жинаушыларға табыс еткен де Құлжанова Нәзипа.

1920 жылдары Нәзипа Құлжанова араб әліпбиін тастап, латын әріпіне көшуге бет бұрған Қазақстандағы саяси астары терең істің басы-қасында болды. Үкімет бекіткен комиссия құрамына енгендіктен, өзінің көзқарасына кереғар, қайшы келсе де латын әліпбиіне еріксіз күштеп көшу үрдісін амалсыз басынан өткерді. Бұл-сол кезеңдегі қазақ зиялыларының бармақтарын тістеткен көпе-көрнеу зорлықтың нәтижесі еді. Кирилл әліпбиіне көшу жолындағы алғашқы саты екендігін қазақтан шыққан ұлтжанды қайраткерлер мен ғалымдар әуел бастан ұққан болатын.

Сан қырынан сол кезден-ақ танылған Нәзипа Құлжанова-қаламы жүйрік журналист, талғамы биік жазушы. Оның «Қазақ », «Айқап», «Алаш», «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», «Жаңа мектеп» секілді мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген мақала, очерктері уақыт талабына жауап берген, оқырмандарға ой салған туындылар қатарынан берік орын алды.

«Маржан» көркем әңгімесі мен әдебиеттің сан салалы мәселелерін қозғаған еңбектері оның қаламгерлік мүмкіндіктерін әбден анықтады.

Қазақтың кең сахара жерінің бірі, рухани жан азығын нәр еткен, тарихи жер Семей топырағына ерлі-зайыпты Құлжановтардың тұрақтап қалуының астары анық. Ұлы Абайдың шәкірттерімен және Абайды көзкөргендермен жүздесулерінің өзі рухани дүниелеріне ықпал еткені айтпаса да түсінікті.

1909 жылы Кәкітай Ысқақұлы бастырып шығарған абай кітабының қолдарына тиюі Құлжановтар отбасы үшін үлкен қуаныш болды. Осы қуаныштарының өтеуіндей таза ниеттері Абайды қазақ пен орыс халқына насихаттауға қызу кіріскендіктерінен көрінеді.

Нәзипаның шығармашылығындағы бір арна-аударма саласы. Қазақта ең алғаш Абай, Ыбырай өлеңдерін, Ғабит Мүсірепов шығармаларын орысшаға аудару сол уақыт пешенесіндегі ерекше жағдай еді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі мен Ыбырайдың «Көктем» өлеңінің аударылуындағы өзіндік шеберлігі мен аудармашылық таланты өз алдына бір төбе. Автор мен аудармашының жарысындай саналатын тәржіма өнерінің қалыптасуына бір қаламгердей қолқабысын тигізді. Нәзипа Құлжанованың қаламгерлік мұрасы мен эстетикалық талғамын айқындайтын баша тұтастай қарастырғанда, жазушы қаламгерлерінің құндылығын көрсетеді.

Биылғы жылы туғанына 130 жыл толып отырған Нәзипа Құлжанованың тұлғасы, «халқым» деп соққан жүрегі, қоғам өміріне белсене араласқан қайраткер, өткір журналист, педагог-тәлімгер, оқымысты-жазушы ретінде танимыз, мақтан тұтамыз, кейінгі жастарға үлгі-өнеге етеміз. Қазіргі таңда «жергілікті ерекшеліктерді пайдалана отырып, патриоттық тәрбие беру» деген жақсы түсінік пен дәстүр қалыптасып отыр. Педагогиканың аталған дәстүрінің тиімділігінің көрінісі ретінде Сарыарқа төсінде орналасқан, Шақшақ Жәнібекұлы батыр тұлпарларының тұяғының дүбірі қалған киелі жерде жастарды білім нәрімен сусындататын алтын ұя, білім ордасы біздің оқу орнының Нәзипа Құлжанованың атымен аталуы, біз үшін үлкен мәртебе, мақтаныш.

Бүгінгі таңда педагогикалық ұжымның ертеңгі күнге жүктелетін зор міндеті-Нәзипа Құлжанова мұрасын тұтастай жинақтау, жастардың ғылыми, ізденіс жұмыстарына бастау болар соны тақырып ұсыну, сонымен қатар бүгінгі өз елі мен тарихын рухани байлығы санайтын саналы оқырманының назарын аудару.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ахметова Л «Қарлығаш қаламдастар» Алматы, 1975 жыл

2.Кәрібжанова Г.А «Нәзипа Құлжанова-ағартушы, қайраткер»

Алматы Информ-Арна 2004 жыл

3.Қазақ әдебиеті «Энциклопедия» Алматы, 1999 жыл

4.Қозыбаев М «Тарих зердесі» Алматы, 1998 жыл

5.«Қазақстан мектебі» журналы №7, 1993 жыл «Н.Құлжанова-падагог, ғалым»

6.«Қостанай таңы» газеті № 138, 2005 жыл «Нәзипа мен Мәриям»




«ОЙНАЙ БІЛУ ДЕГЕНІМІЗ – ОЙЛАЙ БІЛУГЕ ҮЙРЕТУ»
Хасенова Зайгуль Рашитовна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

Мектепке дейінгі оқытудың педагогикасы және әдістемесі пәнінің оқытушысы
Торғайым кіндік кескен,құт мекенім,

Жырласам, суреттесем жетерме ойым.

Тараған бір өзіңнен ақын,ғалым,

Айналайын дем берген туған жерім. –шабыттана отырып қолыма қалам алдым. Нәзипа Құлжанова 1887 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде туды. Алдымен іргесін ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин қалаған Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, кейін оқуын Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясында жалғастырады. Оны 1902 жылы тәмамдап, Торғайда мұғалімнің көмекшісі болып істейді.

1904 жылы Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқытушы болып кіреді. Ұлы Мұхаң (Әуезов) білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905-1920 жылдары ұстаздық етеді. Осы жылдары қоғамдық істерге белсене араласады. Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен танылған Нәзипа Семейде өзінің қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы (ұлы Абайдың қайтқанына 10 жыл болған уақыт) мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді. Бұл ақын бабамыз қайтыс болғаннан бергі мерзім ішінде тұңғыш атаулы шара болатын. Сол кезде «Айқап» журналы «Абайды қазақтардың көбі әлі толық білмейді екен. Ол кісіні бір қазаққа емес, барша Семей жұртшылығына кеңінен таныстырған Нәзипа Құлжанова» деп жазды. Нәзипа еске алу кешіне көп дайындалды. Рұқсат сұрап, губернаторға хат жазды. Оны үш ай тосады. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді.

Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы апамыз – Нәзипа Құлжанова. Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдарда Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) делініп, қатар көрсетілген.

Н. Құлжанованың бастапқы мамандығы – мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында есімі мәңгілік қалды.

Нәзипа Құлжанова кезінде Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Сол тұстағы баспасөз ісіне тікелей араласып, оның іргесінің бекуіне, ұстанған жолының бедерлі сипатқа иеленуіне қалам қайратын жұмсады Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған.

Қайран Ахаңның қазіргі жаһандану заманы талабымен үндес осы бір сөзіне қайран қаласың. Құдіретті күш, ең басты құндылықтардың бірі саналатын – білімнің өзектілігі мәңгілік.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген. Н. Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін тұңғыш салушы педагог, ғалым.

Сондай-ақ, Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, мектепке дейінгі тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан.

Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы болашақ ұрпағымыз білгені абзал. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға. Нәзипа Сегізбайқызы Ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы  тағдыр талайына Қазақстанның  ХХ ғасыр басындағы аса күрделі қоғамдық – саяси істеріне араласу тиесілі болды. Қазақ тарихындағы қайшылықтар мен өзгерістерге толы дәуірде Н.Құлжанова өз жолын тапты

Өкінішке орай, педагогика оқулықтарында ол туралы мәліметтер Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорына қосылды» және «Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог – Н. Құлжанова (1887 - 1934)» деген бірер сөйлеммен шектелген.

Осы мақалада алып тұлғаның шығармашылық қызметінің бір қыры ғана аз -кем сөз етілді.

Биыл талантты қазақ қызы, қайраткер, педагог Н.Құлжанованың туғанына – 130 жыл. Осы айтулы датаға орай оның «Мектептен бұрынғы тәрбие» құралы қайта жарық көріп жатса, бұл кейінгі буынның асыл тұлғаға деген құрметі болар еді.

Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасына бұл туындының тың серпіліс әкелері де сөзсіз.

Ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішев «Аумалы-төкпелі заманда ел ісіне араласқан Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Қаныш Сәтбаев, Сара Есова  сынды ер-азаматтардың айбынды толқындары қатарында Нәзипа Құлжанованы да атапты («ЕҚ», 27.08.2012 ж.).

Олай болса, ел ардақтаған асылдарымызға көрсетілер ізет-құрметіміз іркілмесін дейік. Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың бөліп айтарлық ерекшелігі ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің түлегі болумен қатар, ол дарынды тұлғаға лайық шәкірттік мінезді бойына сіңіріп, тәлімгерлік өнегені жете ұғынып бар күш–қуатын, білімін сарқа жұмсап, өзі де соңғы буынға ұланғайыр еңбек сіңірді.



Н. Құлжанова 1925-1929 жылдары А.М. Горький, В.Г. Короленко, А. Куприн, Б.А. Лавренко, А. Скиталец, Н.К. Крупскаялардың  еңбектерін қазақ тіліне аударды. Н. Құлжанова А. Байтұрсыновтың ұстаздық үлгісінен нәр алған адам. Ол өзі педагогикалық  бірнеше еңбек жазды. Оның біріншісі «Ана мен бала», ал екіншісі «Мектептен бұрынғы тәрбие» (1923) деп аталады.«Мектептен бұрынғы тәрбие» 1923–қазақ педагогикасында сәбилер тәрбиесіне арналған алғашқы әдістемелік құрал. Мұнда мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелердің тарихы, олардың Отандық және шетелдік үлгілері де сөз болады. Мектепке дейінгі тәрбиенің мәні мен оның қазақ жеріндегі ерекшеліктері де ашылады. Ол табиғатты сүю мен еңбекке тәрбиелеуді баса көрсетіп, екеуін де өзектес мәселе деп қарайды. Өзі де Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерді ұйымдастыру ісіне белсене араласады. Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты еңбегіне А. Байтұрсынов кіріспе сөз жазып, бұл еңбекке «Қазақстан топырағындағы жаңа тақырыпқа арналған тың туынды» деп жоғары баға берді. Н. Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің жұмыс мазмұнын, атқаратын қызметін айта келіп, баланы тәрбиелеу мен өсірудегі ұлттық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталады. Үш пен жеті жас аралығындағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін-бала әлемін сөз етеді. Әсіресе, жас баланың айналаны білуге деген құштарлығын, сөйлеуге, сұрақтар беруге бейім болатынын, осылайша ойы өсіп жетілетінін айта келіп, «баланың ойын дамыту үшін олардың сұрақтарын жауапсыз қалдыруға болмайды. Қазақтар баламен сөйлесуге жете мән бермейді. Сондықтан олардың сөйлеу мәдениеті жетілмейді», - дейді. Баланы табиғат аясында тәрбиелеудің, табиғат құбылыстары жайында үнемі әңгіме жүргізудің мәніне тоқталады. Н. Құлжанова баланы жас кезінде көбінесе табиғат аясында тәрбиелеудің тиімділігін айта келіп, «бала даланың кеңдігіне шолпылдатып суға түсіп, жүгіріп құспен бірге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқамен бірге көкорай шалғын, тоғай арасында сайрандап жүріп, көңілі де, жан-тәні де бірдей өсіп өркендемек» - дейді. Автор осы пікірін әрмен қарай жалғастыра келіп, «Әрбір қылықты жақсы адам мінезінің түпкі негізінде болатын еңбектеу, көңіл көтеру, және денесі еліктегіш талшыбықтай икемді, нәзік сезімді болып келеді» - деп, мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін сөз етеді. Баланы үйде, балабақшада еңбекке бейімдей тәрбиелеудің маңызына тоқталады. Ол үшін әр балабақша жанында биологиялық бұрыш, тәжірибе үлескісі болуы керек. Бала торғайды, қоянды, тотықұсты, кірпікшешенді, балықты өсіруді білсін, аулаға көкөніс, гүл отырғызып, оған су құюды үйренсін, саз балшықтан ойыншықтар жасап үйренсін дейді. Н. Құлжанова баланың санасын оятып, қиялын өсірудегі ойыншықтардың тәрбиелік рөліне ерекше мән береді. Ойнай білу дегеніміз – ойлай білуге үйрету» дейді. Мектепке дейінгі тәрбие туралы жазған еңбегінің құндылығы, біріншіден, оның Қазақстан топырағында тұңғыш мектепке дейінгі педагогика ғылымының негізін салушы педагог-ғалым болуымен ерекшеленсе, екіншіден, мектепке дейінгі педагогиканы биология, медицина ғылымдарының жетістіктерімен байланыстыра қарастырады, үшіншіден, ол қазақ этнопедагогикасын әлем елдерінің этнопедагогикасымен үндестіре білді, төртіншіден, өз еңбектерінде қазан төңкерісінің қарсаңындағы көшпелі қазақ елінің тұрмысы, сол уақыттағы ауыл мен қала өмірінің шындығынан алынған нақты көріністер айқын байқалады. Ана мен бала тәрбиесі, әсіресе баланы мектепке дайындау жайында әдістемелік құралдар ана тілімізде күні бүгінге дейін тапшылық етуде. Олай болса бұдан 75-80 жыл бұрын жазылған Н. Құлжанованың еңбектері күні бүгінге дейін өзінің құндылығы жоғалмаған аса құнды еңбек екені даусыз.

1934 жылы 47 жаста дүниеден өтеді, сол қысқа өміріндегі кездескен қиындықтар мен атқарған елеулі қызметі де ұмытылмайды. Қазақтың біртуар ұстазы заманның қиындығына мойымай күресіп жүріп еңбек еткен аяулы, қаһарман қызы келешек ұрпағына маңызы зор, тәрбиелік мәні бар еңбектер қалдырды. Нәзипа Құлжанова – атқарып кеткен мәдени-ағартушылық, ұстаздық, журналистік еңбегімен аса биік бағаға лайық тұлға. Қазақ қызының осынау тың жатқан істі өз міндетіне алуы – оның қазақ қызына тән қайсарлық, батырлық, көрегендігін көрсетеді. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет Нәзипа апамыздың қайтпас қайсарлығы, өжеттігі, тіпті керек кезде ел үшін Отан үшін отқа түсуге дейін баруға батылы жететіндігі дәлелденген.Оған себепкер ұлтын сүйгендігі болғаны ақиқат. Қазіргі таңда болашақ ұрпақтың бойына осы білімділікті, қайсарлықты, ұлтын қадірлеуді, қастерлеуді, тілін құрметтеуде оның еңбектерінің тәрбиелік мәнділігінен көруге болады. Бұл ақын бабамыз қайтыс болғаннан бергі мерзім ішінде тұңғыш атаулы шара болатын. Сол кезде «Айқап» журналы «Абайды қазақтардың көбі әлі толық білмейді екен. Ол кісіні бір қазаққа емес, барша Семей жұртшылығына кеңінен таныстырған Нәзипа Құлжанова» деп жазды. Нәзипа еске алу кешіне көп дайындалды. Рұқсат сұрап, губернаторға хат жазды. Оны үш ай тосады.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Н.Ә. Назарбаев.  Ғасырлар тоғысында.

2.Құлжанова.«Мектептен бұрынғы тәрбие»

3.Н. Құлжанова. «Ана мен бала», 4.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008




ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙРАТКЕР ҚЫЗЫ–НӘЗИПА
Хасенова Сауле Аскаровна

Арқалық қаласы «Ақбота» балабақшасының

орыс тілі пәнінің оқытушысы
Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова. Н. Құлжанованың бастапқы мамандығы – мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды.

Нәзипа Құлжанова 1887 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде туды. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі болып еңбек еткен.

Кейін Орынбор мұғалімдер семинариясын бітіріп, ұлы Мұхтар Әуезов білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905-1920 жылдары ұстаздық етеді. Нәзипа Құлжанова кезінде Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған.Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет Географиялық қоғамның мүшесі болған Нәзипа Құлжанова 1914 жылы 26 қаңтар күні Семей қаласында ұлы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай өмірлік серігі мәдениет қайраткері Нұрғали Құлжанов екеуі әдебиет кешін ұйымдастырып, сол кеште орыс тілінде тамаша баяндама жасап шығады. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді,бәлкім одан да артық данышпандар туғызады »- деп түйіндеп,тыңдаушыларын тәнті етеді.Ақын Абайдың өлмес даңқының сыр-сипатына терең баға береді. Алғаш рет Абай өлеңдерінің орысша аудармасынан үзінділер оқиды. Бұл Нәзипаның ең басты тарихи еңбегі болып табылады. 1915 жылдары Абай мен Ыбырай шығармаларына арнап өткізілген әдеби кештер жалғаса бергені де көпке мәлім. Осы бастаманы дер кезінде жұртшылыққа насихаттауда «Айқап» журналының рөлі зор болады. Осыдан кейін ойын-сауық, әдеби кештердің Қарқаралы мен Баянауылда, Атбасар мен Қостанайда, т.б. қалалар мен ауылды жерлерде ұйымдастырылғаны жөнінде жиі жазылып отырады.1917 жылы Семей облыстық қазақ съезіне қатысып, оның төралқасы құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) АКСР Оқу ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі комиссияның белді мүшесі болған. Осы қызметте жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі Орталық Комитеттің құрамына мүшелікке енген.Нәзипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жайлы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен жазылған алғашқы авторлық туынды.

Аталмыш кітапқа алғы сөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет Байтұрсынұлы былай деген: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау керек». Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады :

1. «Күллі жер жүзінде»

2. «Мектеп жасына толмаған бала»

3. «Мектеп жасына толмаған балаға тәрбие не керек?»

4. «Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі»

5. «Бала бақшасы деген не?» Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан айқын көруімізге болады. Мысалға, «Күллі жер жүзінде» атты алғашқы тарауында дүние жүзін мекен еткен дамыған елдердегі балабақшалардың мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.

Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швейцарияның Цюрих қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.

Шотландиядағы Эдинбург қаласындағы балалар бақшасын өз алдына ерекше етіп көрсеткен. Ол жерде күнделікті, таңертең ашық далада балалар бастары қосылғанда, кешкісін үйлеріне қайтарда бір-біріне «Амандық өлеңдерін» айтады дейді.

Н. Құлжанова Европа елдеріндегі балалар бақшаларының өмірін үлгі ете отырып, күншығыстағы Жапония мемлекетіндегі балалар тірлігін де әңгімелейді.

Автор бұл еңбегінде ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа, реттілікке, ұйымшылдыққа баулу, балалардың ойына, жас межесіне, қабылдау ерекшеліктеріне барлық жұмысты бағындыру, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау, өлең айту, сурет салу тағы басқа өнерлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөледі. Болашақтағы қазақ балалар бақшасы сондай болса екен деп армандайды.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде оның жас ерекшеліктеріне назар аудару қажеттігін нақты мысалдармен түсіндірген. Ол баланың қалыппен дамуы үшін оған айтылатын сөз де, көрсетілетін қимыл да, үйретілетін тағылым да шамадан тыс көп болмау керек және тым ауыр болмауы ескерілуі шарт дейді. Мөлшерден артық тапсырмалар баланың дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін және баланың дамуы үнемі дәрігер мен педагогтың бақылауында болуы қажет дейді. Сол кездің өзінде оқымысты ғалымдардың үш жасар баланы зерттеу объектісі етіп алғандығын мысал етеді. Үш жастағы баланың даму ерекшелігін, білімге, зерттеуге, құпия ашуға құмарлығын мәлімдейді. Назипа Құлжанова баланың бойындағы білуге, тануға, ұғынуға, көруге, байқауға, өзінше қайталауға әуестігін тыйып тастамау керектігін, оларды бағыттап, алдында тұрған сауалдарды бірігіп шешуге ұмтылу қажеттігін, бала мүмкіндігіне қарай тұқым қуалаған мінездің әртүрлі құбылуын дәлелдеп көрсеткен. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке баруға дайындауды, оларға «Мен» түсінігін қалыптастыруды және де жас шамаларына байланысты даму деңгей ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеген. Сонымен қатар, балаларды мектепке толыққанды дайындау мәселелері бойынша қойылған сауалдарды жауапсыз қалдырмаған, ғылыми тұрғыда негіздеп берген.

Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: «Балаға керегі – ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді». Н.С. Құлжанованың ағартушылық, ұстаздық, қайраткерлік еңбегінің тағы бір ірі көрінісі 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл кітап педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық кітап ретінде ұсынылған.

Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған екен.

Н.Құлжанованы 1923 жылы Орынборда жарық көрген «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітапшасының алғы сөзін ірі қоғам қайраткері, ғылым-лингвист, түрколог, әдебиет зерттеушісі, талантты ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың жазуы да көп жағдайларды аңғартып, оның мәртебесін көтере түседі. Ахмет Байтұрсыновтың Нәзипа Құлжанованың талантын танып, қадірлейтін әріптесіне өзінің ішкі сыр-мұңын шертетін мынадай бір өлеңі де бар екен:

Сондай-ақ, Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Нәзипа Сегізбайқызы дәрігерлік арнайы білімі жоқ болса да көптеген әдебиеттерді ақтара келе, бала мен ана денсаулығына қатысты пайдалы кеңестерді рет-ретімен оқушысына, қалың көпшілікке ұсынып, қазақ тарихында есімін қалдырған еліміздің көрнекті ұстазы.



Қазақ қыздарының арасында тұңғыш рет орыс Географиялық қоғамның мүшесі болған Назипа қазақ халқының тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарын, ауыз әдебиеті мен фольклорлық шығармаларын зерттеп, оларды кеңінен насихаттаумен айналысты.

Н.Құлжанова шығармаларының басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Кейіпкерлері- өзі өмір сүрген кезеңнің адамдары. Олардың біразы- дала өміріндегі озбырлық пен зорлықтың құрбаны болған, көкіректері шерге, көздері жасқа толы қорғансыз жандар. Мұндай қорлықты жағдайдан құтылудың жол оқу, өнерге талпыну деп көрсетеді ол өз шығармаларында. Бұл жөніндегі негізгі ой түйіндері «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі» деген публицистикалық мақаласында көрініс тапқан.

Халқының адал азаматы Нәзипаны қазақ қыздарына үлгі-өнеге етіп,мақтан тұтқан қазақ зиялылары кезінде аз болмаған. Соның бір айғағы ретінде қазақтың классик ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың Нәзипаға арнаған мына бір өлең жолдарын еске ала кетуге болады:

Нәзипа талантты жас Шолпан Иманбаеваның ақындық жолға түсуіне ықпал жасап, оны үнемі қолдап, әр өлеңін жариялауға қамқорлық жасап отырған.Шолпан қайтыс болған соң да оның жинағын жарыққа белсене ат салысқаны белгілі.

Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартаушылық саласында елеулі еңбектер сіңірді, қазақ баспасөзінде қызмет атқарады. «Қазақ», «Сарыарқа» және «Алаш» газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялайды.

Нәзипа 1930-жылдардың басында Мәскеуге барып Н.К.Крупскаямен кездесіп көптеген ақыл-кеңестер алады. Нәзипа орыс әдебиетінің озық үлгілерін қазақ тіліне аударуға да ат салысты. Ол М.Горькийдің «1905 жыл қаңтардың 9 күні», С. Скиталецтің «Дала соты», Г.Короленконың «Күн тұтылғанда», А.Куприннің «Лапылдап жанған крейсер» т.б әңгіме, повестерін, В. Лаврентьевтің «Қырық бірінші» атты повесін аударған. Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде, яғни біздің қолымызда. Әлі де еңбек етіп, көлемді туындылар жазбақ болған журналист, ағартушы

Нәзипа Құлжанова 1934 жылы Алматы қаласында дүниеден өтеді. Биыл аяулы қызымыз Назипаның дүниеден өткеніне 130 жыл толып отыр. Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы келешек ұрпақтың білгені абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. « Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008



2. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құраст. Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29 б.

3. Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ зиялылары // Абай.-2004.-№1.-61-64 б.

4. Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30.08


НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВА – МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕНІҢ

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
Шындаулетова Гүлбарам Құсайынқызы

«Раушан» балабақшасының тәрбиешісі

Жандилдина Роза Есентаевна

Педагогика ғылымдарының магистрі

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік

педагогикалық институты
Қостанай өңірінен шығып, есімі бүкіл қазақ еліне танылған аяулы қыздарымыздың бірі – Нәзипа Құлжанова. Әкесінің аты бірде Сағызбай делінсе, кейбір басылымдарда Сегізбай болып жазылып жүр. Қазақстан ұлттық энциклопедиясында Нәзипа Сегізбайқызы (Сағызбайқызы) делініп, қатар көрсетілген.Н. Құлжанованың бастапқы мамандығы – мұғалім. Оның есімі педагог, қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде қазақ тарихында мәңгілік қалды.

Нәзипа Құлжанова 1887 жылы А. Байтұрсынов, М. Дулатов сынды дарабоз тұлғаларды дүниеге әкелген Қостанай облысының топырағы киелі Торғай өңірінде туды. Алдымен іргесін ұлы ағартушымыз Ы. Алтынсарин қалаған Торғайдағы орыс-қазақ мектебінде білім алып, кейін оқуын Қостанай қаласындағы қыздар гимназиясында жалғастырады. Оны 1902 жылы тәмамдап, Торғайда мұғалімнің көмекшісі болып істейді.

Кейін Орынбор мұғалімдер семинариясын бітіріп, ұлы Мұхаң (Әуезов) білім алған Семей мұғалімдер семинариясында 1905-1920 жылдары ұстаздық етеді.Жастайынан өжеттігімен, қайсарлығымен та-нылған Нәзипа Семейде өзінің белсенділігін, қабілет-қарымын байқатып, 1914 жылы (ұлы Абайдың қайтқанына 10 жыл болған уақыт) мәдениет қайраткері, өмірлік серігі Нұрғали Құлжанов екеуі Абай Құнанбаевты еске алу кешін ұйымдастырып, өткізеді. Қазақ, орыс тілдерінде баяндама жасайды. Баяндамасын «Абайды туғызған қазақ даласы тағы да талай Абай секілді, бәлкім одан да артық данышпандар туғызады» деп түйіндеп, тыңдаушыларын тәнті етеді[1.88б.].

Нәзипа Құлжанова ке- зінде Қырғыз (қазақ) АКСР Оқу-ағарту халық комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару мен баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссия құрамында болған. Оқу комиссариатының арнайы тапсырысымен «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты оқу құралын жазған. Бұл еңбегі 1923 жылы жарық көрді. Аталған кітапқа ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Заман амалының жарысынан, заман көшінің қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер-білім даярлау керек» деп, алғысөз жазған екен.

Қайран Ахаңның қазіргі жаһандану заманы талабымен үндес осы бір сөзіне қайран қаласың. Неге десеңіз, құдіретті күш, ең басты құндылықтардың бірі саналатын – білімнің өзектілігі мәңгілік.

Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ес- керткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген.

Сондай-ақ, Н. Құлжанованың кейінгі ұрпақтарға қалдырған өшпес мұраларының бірі – «Ана мен бала тәрбиесі» кітабы. Бұл оқу құралы педагогтарға, тәрбие-шілерге, ата-аналар мен балалар дәрігерлеріне анықтамалық ретінде ұсынылған. Ол 1927 жылы 5000 данамен Қызылорда қаласында басылып шыққан.Жасыратыны жоқ, Н. Құлжанованың өмірі мен қызметі, мұрасы тереңірек зерттеуді қажет етеді. Оның журналистік, аудармашылық қырын ашу келешектің еншісінде деген сенімдеміз.
Нәзипа Құлжановадай қазақтың қайсар, қайраткер қызы, оның ғибратты ғұмыры, тағылымды мұрасы жайлы жастарымыз білгені абзал.Өкінішке қарай, педагогика оқулықтарында ол туралы мәліметтер «Н. Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбектері мектепке дейінгі педагогиканың алтын қорына қосылды» және «Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне қозғау салып, негізін қалауға қатысқан педагог –

Н. Құлжанова (1887 - 1934)» деген бірер сөйлеммен шектелген.

Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Балапан» бағдарламасына бұл туындының тың серпіліс әкелері де сөзсіз.
Ғалым, профессор Тұрсынбек Кәкішев «Аумалы-төкпелі заманда ел ісіне араласқан Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Қаныш Сәтбаев, Сара Есова  сынды ер-азаматтардың айбынды толқындары қатарында Нәзипа Құлжанованы да атапты («ЕҚ», 27.08.2012 ж.).Олай болса, ел ардақтаған асылдарымызға көрсетілер ізет-құрметіміз іркілмесін дейік.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстан жеріндегі оқу-ағарту жүйесінде қомақты істер алдында тұрды. Қазақ мектептерінің жүйесін дамыту, мектепке дейінгі мекемелерді ашып, оның жұмысын жолға қою сияқты мәселелерді атқару қажет болатын.

Ана мен балаға байланысты Кеңес өкметінің тиісті шаралары да ауқымды болатын. Ұстаз, журналист Н.С. Құлжанова 1923 жылы «Мектептен бұрынғы тәрбие» /4/ кітабын шығаруы сол кез үшін жаңалық, күтпеген оқиға болатын. Бұл кітаптың кіріспесінде оқулық Н.Альмединген – Тумим кітабының ізімен деген ескерту бар еді, алайда ол аударма емес еді. Бұл мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі кітаптар мен мақалалар негізінде жазылған автордың өзінің шығармасы болған. Н.Құлжанова бұл еңбекті Қазақстан оқу комиссариятының тәрбие бөлімінің тапсыруымен жазған.

Қарап отырсақ, Құлжанова XX ғасыр басындағы орыстың көрнекті педагог ғалымы Н. Альмединген – Тумимнің мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты көптеген еңбектерінің маңызды тұстарын ескере отырып, қазақ қоғамының ағартушылық ойларын, тәрбиенің ең қажетті саласын жаңалық ретінде оқырманға ұсынған. Қазақ ағартушылық идеяларын және педагогика тарихында мектепке дейінгі тәрбиенің іргетасын қалауға күш салғаны айрықша дәлел[2.47б.].

Атам қазақтың ертеден келе жатқан бала тәрбиесі мен ана мәселесіне қатысты ойларын есте сақтап, сол заманға лайық, тәжиірбелік игі істерді санада ұстап, «Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле» дейтін нақылды жазу барысында ұран етіп ұстаған.

Оқулықта Н.Құлжанова қазақ тұрмысына әлемдегі дамыған елдердегі бала бақшалардың артықшылықтарын енгізсе, ұрпақ тәрбиелеуде зор үлесін тигізер еді деп санаған. Онда автор Италия мен Швейцарияның Цюрих қаласындағы бала бақшалары жөнінде жазған. Сонымен қатар Шотландияның Эдинбург қаласындағы балалар бақшасының өмірін өз алдына бөлектеп суреттеп жазды /6/.

Н.Құлжанова әр елдің бала бақшаларындағы ерекшеліктерді көре білген. Ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа баулу, қабылдау ерекшеліктері, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау т.б. дамыту мәселелеріне көңіл бөлді.

Н.Құлжанованың аса көңіл аударған мәселесі мектеп жасына толмаған баланы тәрбиелеу мәселесі. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде нақты мысалдар арқылы жас ерекшеліктеріне назар аударған. Құлжанова нақты деректерге сүйене отырып бала өлімінің артуын байқап, оны түсінген Бір жасқа толмаған жүз сәбидің Филяндияда 13-і, Скандинавияда 13-18 сәби, Ресейдің кейбір уездерінде 44-45 -ке дейін шетінеуі орын алған. Ресей құрамында болған XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында Қазақстанда да балалар өлімінің статистикасы сондай болатын. Мектептен бұрынғы тәрбиені түзеп, мыңдаған балалар бекер мағынасыз қырылып жатқанына сескенбей, тыныш қарап отыра алмайтын үкметтер керек болған.

Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі Ресейдегі балаларды тәрбиелейтін мекемелердің түр-түріне тоқтала келіп, олардың қазақ тұрмысына лайықтап енгізуді мақсат тұтады. Ресейдегі ата-анасынан айырылып қалған балаларға арналған «Жетімдер үйі» (приют), үш жасқа дейінгі балалар үшін ясли, жеті жасқа дейінгілерге «балалар бақшасын» қазақ жерінде ашу үшін ұлттық рух пен мінездің, қоршаған ортаның ерекшеліктерін есте сақтауды алғы шарт деп санады.

Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы нәрестенің өсіп, жетілуі, мектеп табалдырығын аттауға дайындау төңірегінде жаңа ойларды ұсынған алғашқы жаңалыққа толы еңбек.

Қорытып айтқанда, Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы педагогика тарихының ірі – мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша сол жылдардағы қазақ әйелдері үшін арнайы теориялық және әдістемелік нұсқау ретінде маңызды қызметтер атқарды . Еңбек 1923 жарық көргеніне қарамастан, теориялық, тәжірбиелік маңызын, өзінің құндылығын жоймаған, бүгінгі күні де көкейтестілігін жоғалтпаған дүние болып қала бермек.

Н.С.Құлжанованың ұстаздық, қайраткерлік ағартушылық еңбегінің тағы бір көрінісі – «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбегі /5/. Бұл еңбек Қазақстан өлкелік әйелдер бөлімінің шешімімен және тапсырысымен 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан. Еңбекте- педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне арналған анықтамалық, әдістемелік нұсқауға ұқсас күнделікті қажетті нәрсені тауып алуға мүмкіндік беретін кітап. Әйелдің ежелден еншісіне тиген кең дәулет бала көтеру, бала өсіру міндеттін орындауда қазақ әйелдері көптеген қиыншылықтарға кездескен. Мәселен, баланы уақытында тамақтандыру, ұйықтату [3.69 б.].

Ұлттық, әрі бүкілхалықтық маңызды іс ол ана мен бала мәселесі – денсаулық сақтау, оқу-ағарту, әлеуметтік қорғау ведомстваларын қамтитын, бірнеше салалар бірлесіп шешуге арналған ауқымды құбылыс.

Әйел – ел анасы: ел бастайтын ерлер, данышпандар әйелден туып, әйел тәрбиесімен өскен. Бірақ біздің әйелдеріміз елді өсіретін, көркейтетін ана бола алмай келеді. Автор оқулықтың кіріспесінде: «Бала қалай бітеді, қалай туады, әйел босанған кезде қалай күтінуі керек, жаңа туған баланы қалай тәрбиелеу дұрыс, баланы тамақтандыру тәртібі қалай болуы керек?» екендігін сөз етеді.

Нәзипа Құлжанова есімі XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары кеңінен таныла бастады. Әсіресе, оның «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Бала емізудің дұрыс тәртібі» (1927, №4, 22-29б.) , «Бала ауруы» (1927, №8-9, 37-43 б.), «Баланың жұқпалы аурулары» (1927, №10-11, 70-79.) пайдалы кеңестерді баланың дені сау, тәні таза болуға бағытталған сол кездегі уақыт талабына сай еңбектер еді.

«Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» оқулықтары мен денсаулыққа байланысты топтама мақалалары Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық қызметінің зор мағынаға ие айтулы құбылыс екендігі дәлел.

Ұстаз, ағартушы қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанованың сонымен қатар көп салалы, жан-жақты творчестволық еңбегінің бір қыры журналистік жолға арналған. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің XX ғасыр басында қазақ баспасөзінің қанаты қатайып, қоғамдағы маңызды болуы ерекше құбылыстар қатарында. Құлжанованың қалам тартып жарияланған дүниелерінің басым көпшілігі әйел тағдыры, олардың жағдайы мен қоғамдағы орны сияқты өзекті мәселелерге арналған. Бұл топтағы алғашқы мақала «Октярь төңкерісі және қазақ әйелі», «Қазақ әйелдеріне», «Жұма күнгі қазақ әйелдеріне кеңес», «Жалпы әйел мейрамы», т.б мақалалар.

Мақала Қазан төңкерісінің бес жылдығына арналған патшалық заман мен төңкерістен кейінгі жердегі қазақ әйелінің жағдайын сөз етеді. Сол жылдардағы Қазақстан халқының жарымынан көбін сауатсыз әйелдер құраса, ел дамуындағы шешуші фактор - сол қазақ әйелдері болып табылатын. Әйелдеріміз өнегелі, тәрбиелі болса баланы да, азаматты да тәрбиелейтін солар екені белгілі.

Осындай игілікті істің бел ортасында Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова сияқты тұлғаның болуымен қатар тікелей ұстаздық қызметімен бірге теориялық, әдістеме тұрғысынан пайдалы істердің бастауында тұруы оның ұстаздық, ағартушылық қайраткерлік келбетінің бүгінгі ұрпақтың көз алдында асқақтата беретіндігі сөзсіз [4.33б.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Құлжанова Н.Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор:1923

  2. Құлжанова Н. «Ана мен бала тәрбиесі» Қызылорда:1927

  3. Қойгелдиев М., Омарбеков Т., «Тарих тағылымы не дейді?» Алматы: 1993

  4. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құрасырған Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29б.

НӘЗИПА ҚҰЛЖАНОВАНЫҢ ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ МЕН АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.

Ахашева Гулжазира Габитовна

Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжінің

қазақ тілі және әдебиет пәндерінің оқытушысы

XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлға – Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ол 1887 жылы 27 шілдеде Қостанай облысының Жангелдин ауданында (бұрынғы Торғай облысы Жангелдин ауданы) дүниеге келген. Ол алғаш Торғай қаласындағы гимназияны бітірген.

Нәзипа Құлжанованың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептің түлегі болып қана қоймай, сонымен қатар өз бойына тұлғаға ұқсайтын шәкірттік мінезбен тәлімгерлік өнегені жете ұғынып, бар күш қуатын біліміне үздіксіз жұмсап, соңғы буынға орасан зор еңбек сіңірді.

Ыбырай Алтынсарин мектебінің буыны қатпаған шәкірттен, бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаз, ғалым, ағартушы дәрежесіне дейін көтерілген. 1903–1904 жылдары екі жылдай Торғай қаласындағы әйелдер училищесінде ұстаздық қызмет атқарған.

1905 жылы ерлі-зайыпты Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар Семей қаласына келіп ұстаздық жолдарын бастаған. Құлжановтар Семейге келген кезде бұл қала Қазақстандағы ірі мәдени ағарту орталық дәрежесінде болған еді.

XIX ғасыр II – жартысында Семей қаласында түрлі мәдени, ағарту, ғылыми мекемелердің ашылуы кездей соқ емес еді. Атап айтсақ, 1902 жылы Орыс географиялық қоғамының Семейдегі бөлімшесі ашылып, оның «Жазбалары» жүйелі түрде жарық көрді. 1903 жылы ірі оқу орны Семей оқытушылар семинариясының ашылуы да Қазақстанның басқа өлкелерінде кездеспейтін құбылыс болатын .

Семей семинариясы іргелі оқу орныны болған, онда қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуэзов пен Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың оқуы, сонымен қатар энциклопедист – ғалым Әлкей Марғұланның білім алуы зор мақтанышпен айтылатын. Семей оқытушылар семинариясы Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтар ұзақ та жемісті жұмыс атқарған жері. М.О.Ауэзов атындағы педагогикалық колледж ұжымынада Нәзипа мен Нұрғали Құлжановтардың ағартушылық жолындағы еңбегі мақтанышпен айтылып жүр.

1905-1920 жылдары Нәзипа апайдың Семей оқытушылар семинариясында ұстаздық қызметте болған кезі ізденіс жылдармен қатар, ұстаздық жұмыстарының жүйеленіп, қоғамдағы келеңсіз істерді оның ашық айтуға ойысқан шағы еді.

XIX ғасырдың II- жартысында қазақ – орыс мектептерінің саны көбейе түскен. Семей облысындағы қазақ-орыс мектептерінің, ерлерге, қыздарға арналған гимназиялардың, қалалық училище мен мұғалімдер семинариясының жұмыс жасауы ерекше құбылыстар қатарында.

Нәзипа, Нұрғали Құлжановтар, негізінен алғанда орыс аудиториясында қазақ тілінен сабақ берген. Бұл арада үкмет тарапынан орысша оқитын шәкірттерге қазақ тілін оқыту ресми түрде жолға қойылуы Қазақстан бойынша алғаш Семей оқытушылар семинариясының қабырғасында кездескен. Тарихи деректерге қарасақ, Семей губернаторына қазақ тілін оқытуды жолға қоюға байланысты жер–жерлерден хаттар келіп түсіп тұрған. Құлжановтар арнайы дипломдары болмаса да орыс тілінде дәрістер оқып, өз ісіне мығым шәкірттер тәрбиелеген алғашқы ұлағатты ұстаздар болатын.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Қазақстан жеріндегі оқу-ағарту жүйесінде қомақты істер алдында тұрды. Қазақ мектептерінің жүйесін дамыту, мектепке дейінгі мекемелерді ашып, оның жұмысын жолға қою сияқты мәселелерді атқару қажет болатын.

Ана мен балаға байланысты Кеңес өкметінің тиісті шаралары да ауқымды болатын. Ұстаз, журналист Н.С. Құлжанова 1923 жылы «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабын шығаруы сол кез үшін жаңалық, күтпеген оқиға болатын. Бұл кітаптың кіріспесінде оқулық Н.Альмединген–Тумим кітабының ізімен  деген ескерту бар еді, алайда ол аударма емес еді. Бұл мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі кітаптар мен мақалалар негізінде жазылған автордың өзінің шығармасы болған. Н.Құлжанова бұл еңбекті Қазақстан оқу комиссариятының тәрбие бөлімінің тапсыруымен жазған.

Қарап отырсақ, Құлжанова XX ғасыр басындағы орыстың көрнекті педагог ғалымы Н. Альмединген – Тумимнің мектепке дейінгі тәрбиеге қатысты көптеген еңбектерінің маңызды тұстарын ескере отырып, қазақ қоғамының ағартушылық ойларын, тәрбиенің ең қажетті саласын жаңалық ретінде оқырманға ұсынған. Қазақ ағартушылық идеяларын және педагогика тарихында мектепке дейінгі тәрбиенің іргетасын қалауға күш салғаны айрықша дәлел.

Атам қазақтың ертеден келе жатқан бала тәрбиесі мен ана мәселесіне қатысты ойларын есте сақтап, сол заманға лайық, тәжиірбелік игі істерді санада ұстап, «Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле» дейтін нақылды жазу барысында ұран етіп ұстаған.

Оқулықта Н.Құлжанова қазақ тұрмысына әлемдегі дамыған елдердегі бала бақшалардың артықшылықтарын енгізсе, ұрпақ тәрбиелеуде зор үлесін тигізер еді деп санаған. Онда автор Италия мен Швейцарияның Цюрих қаласындағы бала бақшалары жөнінде жазған. Сонымен қатар Шотландияның Эдинбург қаласындағы балалар бақшасының өмірін өз алдына бөлектеп суреттеп жазды .

Н.Құлжанова әр елдің бала бақшаларындағы ерекшеліктерді көре білген. Ең бастысы бірігіп ойын ойнау, еңбекке дағдыландыру, тазалыққа баулу, қабылдау ерекшеліктері, дәрігерлік бақылауда болуын қадағалау т.б. дамыту мәселелеріне көңіл бөлді.

Н.Құлжанованың аса көңіл аударған мәселесі мектеп жасына толмаған баланы тәрбиелеу мәселесі. Ол мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде нақты мысалдар арқылы жас ерекшеліктеріне назар аударған. Құлжанова нақты деректерге сүйене отырып бала өлімінің артуын байқап, оны түсінген Бір жасқа толмаған жүз сәбидің Филяндияда 13-і, Скандинавияда 13-18 сәби, Ресейдің кейбір уездерінде 44-45 -ке дейін шетінеуі орын алған. Ресей құрамында болған XIX ғасырдың аяғымен XX ғасырдың басында Қазақстанда да балалар өлімінің статистикасы сондай болатын. Мектептен бұрынғы тәрбиені түзеп, мыңдаған балалар бекер мағынасыз қырылып жатқанына сескенбей, тыныш қарап отыра алмайтын үкметтер керек болған .

Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі Ресейдегі балаларды тәрбиелейтін мекемелердің түр-түріне тоқтала келіп, олардың қазақ тұрмысына лайықтап енгізуді мақсат тұтады. Ресейдегі ата-анасынан айырылып қалған балаларға арналған «Жетімдер үйі» (приют), үш жасқа дейінгі балалар үшін ясли, жеті жасқа дейінгілерге «балалар бақшасын» қазақ жерінде ашу үшін ұлттық рух пен мінездің, қоршаған ортаның ерекшеліктерін есте сақтауды алғы шарт деп санады.

Нәзипа Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» кітабы нәрестенің өсіп, жетілуі, мектеп табалдырығын аттауға дайындау төңірегінде жаңа ойларды ұсынған алғашқы жаңалыққа толы еңбек.

Қорытып айтқанда, Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» оқулығы педагогика тарихының ірі – мектепке дейінгі тәрбие саласы бойынша сол жылдардағы қазақ әйелдері үшін арнайы теориялық және әдістемелік нұсқау ретінде маңызды қызметтер атқарды . Еңбек 1923 жарық көргеніне қарамастан, теориялық, тәжірбиелік маңызын, өзінің құндылығын жоймаған, бүгінгі күні де көкейтестілігін жоғалтпаған дүние болып қала бермек.

Н.С.Құлжанованың ұстаздық, қайраткерлік ағартушылық еңбегінің тағы бір көрінісі – «Ана мен бала тәрбиесі» атты еңбегі . Бұл еңбек Қазақстан өлкелік әйелдер бөлімінің шешімімен және тапсырысымен 1927 жылы Қызылорда қаласында 5000 данамен басылып шыққан. Еңбекте- педагогтарға, тәрбиешілерге, ересектер мен балалар дәрігерлеріне арналған анықтамалық, әдістемелік нұсқауға ұқсас күнделікті қажетті нәрсені тауып алуға мүмкіндік беретін кітап. Әйелдің ежелден еншісіне тиген кең дәулет бала көтеру, бала өсіру міндеттін орындауда қазақ әйелдері көптеген қиыншылықтарға кездескен. Мәселен, баланы уақытында тамақтандыру, ұйықтату, т.б.

Ұлттық, әрі бүкілхалықтық маңызды іс ол ана мен бала мәселесі –денсаулық сақтау, оқу-ағарту, әлеуметтік қорғау ведомстваларын қамтитын, бірнеше салалар бірлесіп шешуге арналған ауқымды құбылыс.

Әйел – ел анасы: ел бастайтын ерлер, данышпандар әйелден туып, әйел тәрбиесімен өскен. Бірақ біздің әйелдеріміз елді өсіретін, көркейтетін ана бола алмай келеді. Автор оқулықтың кіріспесінде: «Бала қалай бітеді, қалай туады, әйел босанған кезде қалай күтінуі керек, жаңа туған баланы қалай тәрбиелеу дұрыс, баланы тамақтандыру тәртібі қалай болуы керек?» екендігін сөз етеді.

Нәзипа Құлжанова есімі XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары кеңінен таныла бастады. Әсіресе, оның «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Бала емізудің дұрыс тәртібі» (1927, №4, 22-29б.) , «Бала ауруы» (1927, №8-9, 37-43 б.), «Баланың жұқпалы аурулары» (1927, №10-11, 70-79.) пайдалы кеңестерді баланың дені сау, тәні таза болуға бағытталған сол кездегі уақыт талабына сай еңбектер еді.«Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» оқулықтары мен денсаулыққа байланысты топтама мақалалары Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық қызметінің зор мағынаға ие айтулы құбылыс екендігі дәлел.

Осындай игілікті істің бел ортасында Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова сияқты тұлғаның болуымен қатар тікелей ұстаздық қызметімен бірге теориялық, әдістеме тұрғысынан пайдалы істердің бастауында тұруы оның ұстаздық, ағартушылық қайраткерлік келбетінің бүгінгі ұрпақтың көз алдында асқақтата беретіндігі сөзсіз.

Ұстаз, ағартушы қоғам қайраткері Нәзипа Құлжанованың сонымен қатар көп салалы, жан-жақты творчестволық еңбегінің бір қыры журналистік жолға арналған. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің XX ғасыр басында қазақ баспасөзінің қанаты қатайып, қоғамдағы маңызды болуы ерекше құбылыстар қатарында. Құлжанованың қалам тартып жарияланған дүниелерінің басым көпшілігі әйел тағдыры, олардың жағдайы мен қоғамдағы орны сияқты өзекті мәселелерге арналған. Бұл топтағы алғашқы мақала «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі», «Қазақ әйелдеріне», «Жұма күнгі қазақ әйелдеріне кеңес», «Жалпы әйел мейрамы», т.б мақалалар.

Мақала Қазан төңкерісінің бес жылдығына арналған патшалық заман мен төңкерістен кейінгі жердегі қазақ әйелінің жағдайын сөз етеді. Сол жылдардағы Қазақстан халқының жарымынан көбін сауатсыз әйелдер құраса, ел дамуындағы шешуші фактор-сол қазақ әйелдері болып табылатын. Әйелдеріміз өнегелі, тәрбиелі болса баланы да, азаматты да тәрбиелейтін солар екені белгілі.

Революциядан кейін Нәзипа апай баспада атқару қызметкері болып жұмыс істеген. Бірді - екілі мақала, әңгіме жазды. Оның қазақ әйелінің хал-жәйі, теңдік бостандығы туралы жазылған «Есіл қызы – ай!», «Маржан» деген әңгімелері «Қызыл Қазақстан» журналының 1921-1922 жылдарындағы санында жарияланған. Еңбектерінің көбі революция жылдарындағы қазақ әйелінің бостандық мен теңдігі еді.

Міне, Нәзипа Құлжанованың сөз еткен мақалалары мен көркем шығармалары артына елеулі мұра қалдырған қаламы ұшқыр журналист, әрі жазушы екендігін айқын дәлелдеп берді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Хакімжанова. М. Нәзипа Құлжанова Қазақ әдебиеті, 1967, 11 тамыз

2.Қасымбаев Ж. «История города Семипалатинска» (1718-1917 г.г.) Алматы «Өлке», 1998 – 276 бет

3.Исабай Қ. Байжан –Ата С. «Қажыға барған қазақтар» Алматы: Ана тілі, 1996-192бет. 


4. Құлжанова Н.Мектептен бұрынғы тәрбие. Орынбор:1923 - 37 бет.

5.Құлжанова Н. «Ана мен бала тәрбиесі» Қызылорда:1927 – 117 бет.

6.Қойгелдиев М., Омарбеков Т., «Тарих тағылымы не дейді?» Алматы: Ана тілі,1993 – 208 бет


БАЛАЛАРДЫ АДАМГЕРШЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОТБАСЫ

ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
Бейсенова Айгул Тураровна

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
«Отбасы тәрбиесі» ұғымының өзі «отбасы» мен «тәрбие» категорияларының жиынтығы ғана емес, олардың синтезі де болып табылады. Оның қызметі мен рөлі, отбасындағы тәрбие толығымен қоғамдық өмір заңдылықтарына байланысты дамиды.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді:

1. отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы;

2. әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған әсер ақылы. Бұл көбінесе отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие процесі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық адамгершіліктік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде «Отбасы тәрбиесі» ұғымы былайша түсіндіріледі: «Отбасы тәрбиесі – туысқандық қарым – қатынастар мен тұрмыс –жайттары балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш табылады». Біз өз зерттеу жұмысымызда «отбасы тәрбиесінің» мәнін ашу үшін «тәрбиелеу» және «әлеуметтендіру» ұғымдарын қарастыруды қажет деп таптақ. Бүгінге дейін педагогикалық әдебиеттер мен мемлекет тарапынан жарық көрген құжат – тұжырымдамаларда «тәрбие» ұғымына әр түрлі анықтамалар беріліп келеді. 1993 жылы қабылданған тәлім – тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру» , - деп анықтама берілсе, ал қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде: «тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» делінген. Ұлы ғұлама әл – Фараби: «Тәрбие – халықтардың бойына, білімге негізелген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту деген сөз » - деп анықтама береді [1].

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана байытыла түседі. Адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады.Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда ізгіліктің, адамгершілік тәрбиесінің негізі қаланады.

Жеке тұлғаның өсіп – жетілуіне ықпалы ерекше болғандықтан отбасы тәрбиесіне әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлініп, «отбасы» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Мәселен, Р.Н.Нұрғалиев отбасы - әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі – зайыпты одаққа және тұрмыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата – аналар мен балалардың, аға – інілер мен апа – қарындастардың және бірге туып ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан – алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы деген ой айтады, ол Ж.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде отбасы – ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала ...) тобы деген анықтамаға ұласады. Ғалым – педагог өзінің зерттеуінде отбасы – баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез – құлық пен өмірге деген көзқарастың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді. Осы тұста тағы да айта кететін мәселе Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаевтардың 1998 жылы жарық көрген «Педагогика» деп аталатын оқулықтарында «отбасы» ұғымы «үйелмен» деп аталыпты [2].

Сондай – ақ соңғы кездерде орысша «семья» ұғымының қазақша аудармасы «отбасы», «жанұя», «үйелмен» деп қолданылып жүргенін жиі кездестіруге болады. Сонымен қатар, Б.Қалиевпен Ш.Күркеевтың орысша – қазақша және қазақша – орысша терминдер сөздігінде «семья» ұғымын «отбасы» деп аударған. Жоғарыдағы деректерге сүйене отырып, біз өз зерттеу жұмыстарымызда «семья» ұғымын «отбасы» деп алуды жөн көрдік. Осы айтылған анықтамаларға сүйене отырып біз отбасының мынадай белгілерін айқындадық:

1.Отбасы өзара туысқандық қатысы бар, әр түрлі жастағ және әр түрлі құқылы адамдардан біріккен ұжым.

2.Оларды ерлі – зайыптылық, ата – аналық, балалардың ата –аанларына, ересектердің кішілерге және бір – біріне деген қарым –қатынас жасау міндеттері байланыстырып тұрады.

3.Ата – аналар мен балалар бір – бірінен бірі отбасын басқарумен, екіншілері сол отбасында тәрбиеленумен ерекшеленеді.

4.Отбасы өмірі әртүрлі материалдық ( биологиялық, шаруашылық) және рухани (адамгершілік, құқықтық, психологиялық, эстетикалық) процестермен сипатталады. Ал отбасының әлеуметтік рөлі адамның өзін өсіруге, адам тегін ұзартуға тікелей қатысымен анықталады.

Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері өмір сүріп отырған өндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың сипатына, сондай – ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Өз кезегінде отбасы да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, үй шаруашылығындағы еңбегі, өз мүшелерінің күші, рухани және адамгершіліктік – эстетикалық жағынан дамуына әсерін тигізу.

Демек, тәрбие – бұл, қоғам талабына сай адамды қалыптастыруда белгілі бір мақсатқа сәйкес жүйелі әрі саналы түрде әсер ету болып табылады. Тәрбие жан – жақты дамыған адамды қалыптастыруды көздейді. Бұл процеске әсерін тигізетін факторлар көп. Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды ықпал ететін негізгі факторларды ескере отырып, тәрбиені отбасы тәрбиесі және қоғамдық тәрбие деп екі түрге бөлуге болады. Олай болса, тәрбие қоғамдық өмірдің жалпы және қажетті категориясы болып табылып, тәрбиенің мақсат – мазмұны, ұйымдастыру түрі, әдісі қоғамдық қатынастардың тарихи дамуына сәйкес өзгеріп отырады.

Кейде «тәрбиелеу» ұғымы «әлеуметтендіру» ұғымымен сәйкестендіріліп түсіндіріледі.

Соңғы жылдары жарық көрген философиялық әдебиеттерде: «Әлеуметтендіру - индивидті ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отыратын еңбек тәжірибелерін, білім мен мінез – құлық нормаларын, құндылықтармен дәстүрлерді меңгеруге және әрі қарай дамытуға бейімдеу. Сондай – ақ индивидті қоғамдық қарым – қатынас жүйесіне ендіру және оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру болып табылады», - деп анықтама берілген.

Ата – аналардың негізгі міндеттері бала тәрбиесі екенін Кеңес педагогтарының бірі – В.А Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаңыз – көрнекті жазушы немесе ғалым болу міндетті емес. Жақсы бала тәрбиелеп – ақ өзіңізге қоғамнан берік орын қалдыра аласыз» , - деп ата –ананың қоғамдағы ең бірінші міндеті бала тәрбиелеу екенін ескертеді. Олай болуын қоғамның өзі талап етіп отырғанын айта келіп: «Адам – дүниедегі барлық бағалының ішіндегі ең жоғары бағалысы. Біздің әрқайсысымыз, құрметті әке мен ана , мынаны түсінуіміз крек: тәрбие көрмеген шала сауатты, надан адам бүлінген двигательдермен, аспанға көретілген самолетпен бірдей - өзі де күйрейді, жұртқа да өлім әкеледі» деді [3].

Кеңестің гуманист педагогі В.А. Сухомлинский өзінің «Коллективтің құдіретті күші» деген еңбегінде әлеуметтендіруді былайша сипаттайды: «Адамның бойында адамгершілік қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол – қоғамдық зат. Адамның қоғамдық мәні оның басқа адамдармен байланысында, өзара қарым – қатынасында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда бола келе, бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша араласу процесін, яғни жеке адамның қалыптасу процесін әлеуметтендіру деп атайды» [4].

Шығыс ғұламаларының бірі болып саналған Жүсіп Баласағұнның дастандарында да отбасы тәрбиесі мәселелері көп сөз болады. Тұлға бойы тұнып тұрған өнегеден, тәрбие туралы толғаныстардан тұратын ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық поэмасы қазақ халқының педагогика тарихында ерекше орны бар тағылымы мол мұра. Оның әр бетінен әркімге таныс бүгінгі қаақ отбасының көптеген ішкі – сыртқы сипаттамаларын көруге болады.

Өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрапақ тәрбиеленеді. Әке мен шешенің өзара ілтипатын, қамқорлығын, жолдас – жора, ағайын – туыс, ұл – қызға деген сыйластығын көріп өскен ұрпақ қана ертең өздері де берік отбасы іргесін қалайтынын айтады. Осылайша ақын салауатты отбасын басқарудың психологиялық және педагогикалық жолдарын көрсетеді.

Я.А Коменский отбасын тәрбиенің белгілі бір мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған сатысы деп санады. Мұндағы жұмыстың мазмұны ананың белгілі бір деңгейіндегі білімділігін талап етумен қатар, тәрбиелеу мен оқытудың қарапайым әдіс – тәсілдерінен хабардар болуына байланысты. Сондықтан отбасы тәрбиесі «Ана мектебі» жүйесіне енді. Осыған сәйкес отбасында баланы тәрбиелеуді педагогикалық жағынан қамтамасыз ету жолдары жасалады.

Отбасы тәрбиесінің мәселелері Кеңес педагогтары А.С.Макаренко, А.В Сухомлинский, Н.К. Крупская және тағы да басқа педагогтар еңбектерінен де кең орын алған.

А.С Макеренко отбасындағы тәрбиенің негізгі еңбекте айта келіп, балаларды отбасы өміріне қалыптастыру ерте кезден ойын әрекетінде, соңынан еңбекке ұласу ретінде басталуы керек дейді.

Ата – аналардың негізгі міндеттері бала тәрбиесі екенін Кеңес педагогтарының бірі – В.А Сухомлинский былай түсіндіреді: «Егер сіз жер бетінде өзіңізден кейін із қалдыруды армандасаңыз – көрнекті жазушы немесе ғалым болу міндетті емес.

Қазақ ағартушылары да отбасы тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес. Оның ішінде Абай Құнанбаев ерекше орынға ие. Оның поэтикалық шығармалары, педагогикалық көзқарасымен бөліп алғысыз байланыста. Баланы шектен тыс еркелетіп, оның талап – тілектерін орындап отыру, бала ер жеткенде кері нәтижесін көрсететнінін ескертеді. Сондықтан баланы жастайынан дұрыс әрекетке қалыптастырып, дұрыс талап қоя білу қажет екенін айтады.

Отбасы тәрбиесінде ананың орнының ерекще маңыздығын М. Әуезов тәрбие түзелу үшін ең алдымен сол тәрбиені қалыптастыратын аналар жағдайының дұрыс болуын, аналардың өздерінің сол тәрбиеге лайықты болуын талап етеді.

Отбасында баларды тәрбиелеу мәселелері мен оның педагогикалық жолдарын көрсетуде осы ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ағартушылары да өз ойлары мен еңбек үлестерін қосты. Осы тұста М. Жұмабаевтың «Педагогика» деп аталатын еңбегін айта аламыз. Онда баланың тәрбиелеудің жолдары айқын жазылған. Ол : «тәрбиедегі мақсат – баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайық қылып шығару», - дейді [5].

М.Жұмабаев бұл еңбекте баланың жан–жақты жетілуінің психологиялық мәселелеріне кеңінен тоқтала отырып, ата – аналар мен тәрбиешілерге балалардың ересектерден ерекшелігін біліп, ескере отырып, тәрбиелеуін ұсынды.

Қорыта келе, бала тәрбиесі – отбасының жүйелі түрде жүргізген жұмысының нәтижесі. Өйткені уақытын дұрыс ұйымдастыра білу, оның балабақшадан алған тәлім – тәрбиесінің қалыптасып, отбасында жалғасын табуы бәрі де ата – ананың басшылығы арқылы жүзеге асады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Меңжанова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері .-Алматы:

Ғылым, 2002ж.

2. Оршыбекова К. Қазақ ауыз әдебиетіндегі адамгершілікке тәрбиелеудің идеялары. Алматы, 2008ж.

3. Әмірова Ә. Ересектер тобындағы балаларды қазақ балалар әдебиеті арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. П.ғ.к., дисс. Алматы-1994ж.

4. Ф.Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика Астана қаласы, 2007 ж.

5. Жұмабаев М. Педагогика. 3-басылым. Алматы, 1996ж.

АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҢ ЖАСАЙДЫ
Ғабдығалым Айжан Асқарбекқызы

Әулиекөл ауданы, Құсмұрын поселкесі

28 Құсмұрын орта мектебі



ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағатшуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»

С. А. Назарбаева 

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Анамның ардақты әкесі, нағашы атам жайлы айтқан әңгімесі меніде толғанысқа түсірді. Сондықтан қолыма қалам алып, атамның өнегелі өмірі жөнінде көпшілікке жеткізгенше асыққаным да рас. 1932 жылы 23 ақпанда Қостанай обылысы, Амангелді ауданы, Комунизм жолы «8 март» колхозында ұстаз, асқар таудай аяулы нағашы атам Ыбышев Қияқ Бейсенбайұлы дүниеге келген. 1938-1939 оқу жылында Жасбуын сегізжылдық мектебінің 1-сыныбына барды. Анамның айтуына қарағанда 1946-1950 жылдыры Амангелді орта мектебін бітіріп, Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1953 жылдары аяқтады. 1955 жылы Арқалық сегіз жылдық мектебінемұғалім болып келді. 1955-1960 жылдары Жасбуын сегіз жылдық мектебінде ұстаздық қызымет атқарды.

Жалпы адам бойына тектілік қасиет оның ата-анасынан жұғады деседі. Бұның растығына ешқандай шүбә келтірмеймін. Өйткені, әңгімемізге өзек болып отырған қазыналы нағашы атамның әкесі Бейсембай атамыз да бұрындары ауылдың ақылшы, тапқыр талай жастардың үлкен өмірден өз орындарын табуына тікелей ықпал еткен. Осы киелі шаңырақтың бақытын тасытып, ырыс-берекесін келтірген аяулы әжеміз Нағима дархан мінезді, ұлтымызға тән бүкіл игі қасиеттердің бәрін де тал бойына сіңірген, жылы жүзді, жомарт жүректі жан-ды. Үйдегі өздерінің ғұмырын жалғастырар балаларының тәлім-тәрбиесіне жете көңіл бөліп, нағашы атамның алаңсыз жұмыс істеуіне үнемі жағдай жасап отырған.

Нағашы атамның келесі жоғарғы оқу орнын 1961 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын аяқтап, В.И.Ленин атындағы мектеп-интернатқа оқу ісінің меңгерушісі болып қызметке орналасқан.

1958 жылы партия (КПСС) қатарына өтті. 1963-1967 жылдары Байғабыл орта мектебінде директор болып қызмет етті. 1967-1978 жылдары Жаңа ауыл орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарды. Ал, 1978-1981 оқу жылында Б.Майлин атындағы орта мектепте директор, 1981-1987 оқу жылдары Жасбуын орта мектебінде мектеп директоры болды. Нағашы атам қызметтерді де абыроймен атқарған. Атамның білім саласында атқарған көптеген еңбегі үшін «Халық ағарту ісінің үздігі» атағын алған. Аудан бойынша «Ұстаздардың ұстазы» белгісін алған алғаш азамат. Мәскеу қаласындағы мұғалімдер съезіне делегат болып барған. «Ленин» ордені және «Тың және тыңайған жерлерді игеруге үлес қосқаны үшін» медалі мен басқа да марапаттарды иеленген.

Бұл қызметтерге шын мәнінде білімі мен білігін арнаған. Мұғалім болып жүрген кездері ауылдағы барлық мәдени шаралардың ұйымдастырушысы да өзі болған. Бәрі де елімізде, облыста және ауданда болып жатқан тың жаңалықтарды ең алдымен осы кісіден біледі екен. Жанындағы дарынды жігіттер мен қыздарға үлгі көрсетіп, олардың да бойларындағы жасырын жатқан қабілеттерінің жан-жақты ашылуына ұйтқы болған. Қазақ «Бұлақ көрсең көзін аш» деп босқа айтпайды. Атамның ағалық қамқорлығы және өнерге, спортқа деген шексіз құштарлығының арқасында талай бозбалалар мен бойжеткендер өмірден өз орындарын тапқан. Нағашы атамның тағы бір басқалардан дараланып тұратын қасиеттері – еңбекқорлығы, қарапайымдылығы және ешкімді бөліп-жармайтын адамгершілігі мол жан болғандығы. Сондықтан атамның маңына үлкен-кіші жиылып, ақыл-кеңес сұрап жатады екен. Әжемнің айтуынша: ауылға бір топ цыгандар келеді. Ауылдың адамдары олардан қорқып, есіктерін жауып алады, бірақ атам, оларды аяп, үйге шақырып, анасына тастап, әжем екеуі қалаға кетіп қалады. Анам атамнан неге үйге бөтен, танымайтын адамдарды қондырдыңыз десе. Атам былай жауап қайтарыпты: «Бәріміз бір Отанда тұрған соң тату-тәтті өмір сүруіміз қажет, адамнан адамның айырмашылығы жоқ» деп жауап берген екен. Өмірде түрлі жағдайлар кездеседі ғой, сондай кездері атамның алдына өтінішпен келген кісілердің меселін қайтармай, әрқашан да жылы сөздерімен мерейлерін өсіріп отырған.

Тіршілікте ештеңе де жеңілдікпен келмейді. Оның ауыртпалығы да, қуанышы да аз емес. Сондай кездері «төзімділік танытсаң ғана өзіңнің көздеген мақсатыңа жетесің» деп ұл мен қыз тәрбиелеген кісі.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасайды. Нағашы атамның бар арманы мен мақсаты халыққа қалтқысыз қызмет етуімен қатар, өзінің көзі болып табылатын ұрпақтарын жеткізу болған. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана десек, отбасылық тәрбиені нағашы әжем екеуі бірлесіп атқарған. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер жанұяда балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. 



Досқа сыйлы, елге құрметтті болған нағашы атамның ұстаздық жолын ұрпағы жалғастыруда. Үлкен қызы Алма Қияққызытарих пәнінің мұғалімі және сегіз жыл бойы мектеп директор қызметін атқарған. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әлия Қияққызыөскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші рөл атқарып жүрген ұстаздардың бірі. Ортаншы қызы Ғалия Қияққызы жас өспірімдерді тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген ұстаздың бірі.Кенже қызы яғни менің анам Эльмира Қияққызы қазіргі таңда №28 Құсмұрын орта мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Эльмира Қияққызының алға қойған мақсаты «Бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу» Осындай мақсатпен кенже ұлы Қанат Қияққұлы Қостанай қаласындағы Затобол кентіндегі Н.Наушабаев атындағы мектебінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Сондай-ақ атамның келіндері, алты немересі, бір немере келіні ата жолын жалғастыруда. Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты. Атамның балаларына берген тәрбиесін, анам бізге үнемі айтып отырады. Анамның айтуынша атам ешқашанда балаға қатты сөйлемеген кісі дейді. Бірақ атамның көз қарасынан не айтқысы келіп тұрғанын, балалары түсінетін болған. Атам айтады екен, балаға ұрысып,ұрып ештеңе істете алмайсың, ақылмен немесе істеген жаман қылығын, қалжынға айналдырып түсіндірсең ол бала жамандықты жасамайды. Мысалы: анам әдебиет сабағынан тақпақты жаттамай барыпты, сонда атам сабақ үстінде, оқушыларға былай депті. «Бабалар білесіңдер ме, шайтандар қайда кетті десем, Эльмираның телевизорына кіріп кетіпті» - деп күліпті. Сондағысы анам кешке шейін, телевизордан концерт көрді дегені екен. Әр ұстаздың бала тәрбиелеу кезінде өздерінің әдістері бар. Атамның әдісі қалжыңды араластыра отырып, баланың кемшілігін түсіндірген. Қазіргі кезде оқушыларымыздың мінез-құлқының аумалы-төкпелі кезінде, атамның осы әдісін қолданған жөн болар деймін. Қазіргі заманда балаларға ауыр сөздер айтып, тәрбелей алмаймыз. Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты. Бала тәрбиесі кезінде ата-ана ең алдымен қателіктерін түзеп, балаға түсіністікпен қарап, зекіп дауыс көтеру, қол жұмсау деген жаман әдеттен арылуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Менің анам достарыменбала кезінде шыны ыдыстарды жуып дүкенге тапсырады екен. Анам мен нағашы ағам екеуі көшеден шыны ыдыстарды жинап жуып жатса, совхоз директордың қызы күліп мазақтапты. Сен мектеп директордың қызысыңғой не, ақша жоқпа – депті. Есік алдында газет оқып отырған атам, қызым«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген Абай атамыз. Олар маған көмектесіп жатыр, ақша тауып – деп күліпті. Анам айтуынша, атамның ерекше адам болғандығы сондай, шыны ыдыстарды өткізуге бара жатқанда, үйге кір сабын, лампочка, кір сода ала келіңдер дейді екен. Анам сол кезде, ойлайды екен үйдеосы заттардың барлығы барғой, неге әкеліңдер дейді деп ренжейді екен. Бұл атамның бала тәрбиесіндегі бір әдісі екен, бала еңбектің қадірін білуге және ақшаны дұрыс жерге қолдануды үйреткені болса керек.

Атам отбасында еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық тәрбиелеген. Атамның отбасына қойған мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болған.

Анам мен нағашы ағам мектепте бұзақылық жасаса, тәрбие жұмысының орынбасары атамның кабинетіне апарады екен. Сонда атам екеуіне қарап тұрып, барыңдар ойланыңдар, үйде сөйлесеміз дейді екен. Бұл жерде менің ойымша атам балаларына өзінің кішкентай мәселелерін өзі шешуге дағдылансын деп үйреткен. Атамның отбасындағы тәрбиесін, балалары мектепте оқушыларына қолданып келеді. Анам мектептегі оқушыларына өз балаларына қандай тәрбие берсе, мектеп- өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі қолданып жүр. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан, оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығызбайланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлері (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Олар кітап оқуды, адамдармен ізгі қарым-қатынасты, еңбекқорлықты әкелерінен үйренген. Тіршіліктегі биік шыңдарға тек қана табандылықпен, қайсарлықпен қол жеткізуге болатындығын да түйсінген.

Асқар таудай атамыз егер тірі болғанда үстіміздегі жылдың ақпан айында сексеннің бесеуіне көтерілер еді. Бірақ амал қанша, ол осыдан біраз жыл бұрын дүниеден өтті.

Осы баяндаманы Ғ. Мұстафиннің «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" деген сөзімен аяқтағым келеді. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-ана мен мектептің оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болғанда ғана қазіргі бүлдіршіннен болашақта елінің даңқын асқақтатар азамат шығатынына кәміл сенемін!

Мен де нағашы атамдай әйгілі ұстаздардың ұстазы болуға тырысамын. Атам сияқты шәкірттерге білім нәрін беріп, бар өмірін арнаған аға ұстаздарымызды жастар ұмытпауымыз керек.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Білім кілті журналы

2.Қазақстан мектебі


3.Қазақстан мұғалімі

4.Қазақстан мұғалімі



«АДАМ ҰРПАҒЫМЕН ЫҢ ЖАСАЙДЫ»
Дүбірбаева Нұргүл Какимжанқызы

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Адам-керуен, өмір-жол.

С.Сейфуллин
«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық,махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз.Сондықтан ұл – қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз,берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С. А. Назарбаева

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер жанұяда балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. 

Бірақ, көп жағдайда ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бермейді.Бала ата-анасына қарап өсетінін ескермей жатады.Мысалы: ата-ана өзі істемегенді баладан талап етеді. Ата-анасының үнемі кітап оқып отырғаның көрген бала, міндетті түрде кітапқа қызығушылығы оянады, ал ата-анасы үйінде кітап оқымай, күнде ұрыс-керіс көрген бала, көп жағдайда кекшіл немесе жасқаншақ болады.Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты.Бала тәрбиесі кезінде ата-ана ең алдымен қателіктерін түзеп,балаға түсіністікпен қарап,зекіп дауыс көтеру, қол жұмсау деген жаман әдеттен арылуы керек.Бала өзінің кішкентай мәселелерін өзі шешуге дағдылансын. 

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. 

Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. 

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. 

Балабақша мен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен бала бақшаның бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы деген қорытындыға келдік. 

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан, оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Балабақшада іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Балабақша педагогтарымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жеке жұмыс және отбасымен жұмысы. Осы жұмыстарға балабақша басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен, отбасымен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы педагогтардың негізгі міндеттері:

1. Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.

2. Отбасы мен балабақшаға, балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

3. Ата–аналар ұжымын құру.

4.Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып

отыру.


Педагогтар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық. 

Міндеттер: ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру; ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру. 

Осы баяндаманы Ғ. Мұстафиннің «Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" деген сөзімен аяқтағым келеді . Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-ана мен мектептің оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болғанда ғана қазіргі бүлдіршіннен болашақта елінің даңқын асқақтатар азамат шығатынына кәміл сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Оқыту-тәрбиелеу технологиясы.№6.2013ж


2.Қазақстан мектебі.№3.2010ж
3.Қазақстан мұғалімі.№22.2012ж
4.Қазақстан мұғалімі.№16-17.2012ж

БУДУЩЕЕ СТРАНЫ В РУКАХ

ПОДРАСТАЮЩЕГО ПОКОЛЕНИЯ
Дузенова Лейла Амирхановна

Казанбасская средняя школа № 2

учитель начальных классов
«Будущее страны в руках подрастающего поколения» является актуальной проблемой потому, что именно от них зависит будущее нашего народа.

«Наша молодёжь должна учиться, овладевать новыми знаниями, обретать новейшие навыки, умело, и эффективно использовать знания и технологии в повседневной жизни».



Н.А.Назарбаев

Глава нашего государства Нурсултан Абишевич Назарбаев, подчеркивает, что именно подрастающему поколению предстоит строить новый, независимый Казахстан. Президентом Республики Казахстан уделяется огромное внимание развитию молодежной политики в нашей стране. Каждый год в Посланиях народу Казахстана он акцентирует внимание на самых острых на сегодняшний момент проблемах подрастающего поколения, ведь «Молодежь – это будущее страны!». Именно для поддержки молодого поколения создаются многие государственные программы:

«С дипломом – в село»,

«Молодежная практика»,

возрождение отрядов «Жасыл ел».

От того, насколько развитым духовно, интеллектуально, физически будет молодое поколение, насколько будет любить свою землю, зависит и завтрашний день республики.

Каким я представляю себе Казахстан в будущем? Наше подрастающее поколение вырастет и возмужает:


  • Они будут ответственными и энергичными представителями, хорошо образованными, обладающим прекрасным здоровьем.

  • Они будут одинаково хорошо владеть казахским, русским и английским языками.

  • Они будут патриотами своей мирной, процветающей, быстрорастущей страны, известной и уважаемой во всем мире.

Свою работу хочу начать со слов Л.Ошанина

« Понимаешь, мама, я- учитель…

Видишь, я вхожу, бледнея, в класс».

Я – учитель, как будто впервые произношу это слово, и понимаю сколько в этих словах ответственности, которое когда то я выбрала сама поступая в педагогическое учреждение. Выбирая профессию учителя нужно соответствовать и постараться самореализоваться, чтобы оправдать свойственные заповеди, такие как «сеять Разумное, Доброе, Вечное…». И постараться нужно на славу, чтобы посеять в каждом ребёнке рациональное зерно, которое пригодится учащемуся в дальнейшем.

Честно сказать, я даже и представить себе не могла, что моя жизнь будет связана с учительством, хотя, я всегда с уважением относилась к людям этой профессии. Мне просто повезло, я всегда с желанием училась и встретила на школьном пути много талантливых учителей. Помню тот момент, когда училась еще в младших классах, у меня был самый красивый почерк, и мне классный руководитель всегда говорила, что я пойду на учителя, но я все время отрицала, говоря что это не моё, это ведь столько нужно терпения, чтобы объяснить каждому ребёнку ту или иную тему. И в то время я думала, что учителя все знают, все могут, всегда правы, а ведь я ничего и не знаю, как я стану учителем?

Я молодой учитель – учитель начальных классов, который не заставляет учеников учиться. Наоборот я считаю себя тем, который лишь направляет воспитанников, умело использовать свой потенциал, способствовать развитию их самостоятельности. Я стараюсь проводить уроки так, чтобы вовлечь учащихся в учебную атмосферу. Это ведь так интересно наблюдать, как твои маленькие подопечные сами ставят цели урока, планируют действия, оценивают итоги собственной деятельности и делают самостоятельные шаги к успеху.

Кроме учебного процесса, я ездила на курсы повышения квалификации тема которой актуально в наше время «Внедрение элементов ментальной арифметики в учебный процесс». На своих уроках я применяю этот элемент, т.к. оно учит детей развивать мышление.

Я, считаю себя молодым поколением, которое в своей работе должна учитывать современную характеристику школьника, модель классного коллектива начального образования, изменившиеся требования к образованию. Это комплект, который позволяет обучать учащихся разного уровня подготовленности к школе и темпа развития, выстраивать индивидуальные программы развития учащихся,  сохранять и укреплять здоровье школьников, конструировать урок в соответствии с особенностями и потребностями учащихся класса с использованием новых образовательных технологий.

Для нашего подрастающего поколения вовремя своих уроков я предлагаю оптимальные условия для развития внимания, восприятия, мышления и творческих способностей младшего школьника, так как в нем оптимально сбалансированы репродуктивная и исследовательская, творческая деятельность, индивидуальные и групповые формы активности. Мне удается обучать детей, не подавляя их, не тормозя их развитие, а несколько опережая его и тем самым, подтягивая каждого до наивысшего в данный момент уровня развития его возможностей.

Наиболее эффективными технологиями по формированию ключевых компетенций, а в частности коммуникативных я считаю, что должны присутствовать такие занятии, как:



  • учебные проекты,

  • нестандартные формы уроков,

  • игровые технологии. К игровым технологиям относятся:

  • игры-поручения,

  • игры-путешествия,

  • игры-предположения,

  • игры-загадки,

  • игры-беседы (диалоги),

  • сюжетно-ролевые игры,

  • кроссворды, загадки, ребусы, логические упражнения, шарады, задания занимательного характера.

Также в своей работе, я широко использую личностно- ориентированное  обучение, которое обеспечивает самопознание учащихся, развитие у них рефлексивных способностей, овладение способами саморегуляции, самосовершенствования и самоопределения.

Кроме этого в процессе обучения прослеживается индивидуальная ифференциация. Наиболее актуален этот вопрос в последние годы, так как уровень развития учащихся в классе различен. Технология эта знакома многим учителям, и в ней есть много положительных моментов, в числе которых назову следующие: исключаются неоправданные и нецелесообразные уравниловка и «усреднение» детей; у учителя появляется больше возможностей помогать слабым ученикам и уделять больше внимания сильным; осуществляется желание сильных учащихся быстрее продвигаться в образовании; в группе, в которой собраны одинаковые дети, ребенку легче учиться; главный ориентир - обучение каждого на уровне его возможностей и способностей.

Для младшего школьного возраста характерны яркость и непосредственность восприятия, легкость вхождения в образы. Дети свободно вовлекаются в любую деятельность, особенно в игровую. Поэтому игровая технология- самая актуальная для учителя начальной школы, особенно при работе с 1-ым и 2-ым классами. Цель игры - обеспечить переход к учебным задачам. Если ребенку интересен урок, то и усвоение материала более продуктивное.

Обязательным считаю применение здоровъесберегающих технологий:



  • использование физкультминуток (дети охотно сами проводят их),

  • психологических тренингов,

  • динамических пауз, зарядки для глаз, дыхательную гимнастику, а так же дифференцированный подход к домашним заданиям.

Особое место в образовательном процессе занимает проектная деятельность учащихся. Проектная деятельность  обеспечивает развитие познавательных навыков учащихся, умения самостоятельно конструировать свои знания, умения ориентироваться в информационном пространстве.

Детям нравятся нетрадиционные уроки. Наиболее распространенные типы нетрадиционных уроков



  • урок-сказка,

  • урок-КВН,

  • урок-путешествие,

  • урок-спектакль, урок-викторина,

  • урок-игра,

  • урок-аукцион,

  • урок-конференция,

  • урок-соревнование,

  • урок-эстафета...

Дидактический материал ИКТ разнообразный по содержанию и форме. Самыми часто применяемыми являются:

  • фотографии (репродукции) ,

  • видеоролики, клипы песен, мелодии,

  • презентации по определенной теме, различные тесты, задания развивающего характера.

Применение на уроке компьютерных тестов, проверочных игровых работ, позволяет учителю за короткое время объективную картину уровня усвоения изучаемого материала и своевременно его скорректировать. Уроки с использованием ИКТ позволяют не только разрядить эмоциональную напряженность и оживить учебный процесс, но и повышают мотивацию обучения.

В наше время учитель, который владеет компьютерными технологиями становится насущной потребностью. Технологии эти обогащают арсенал методических средств обучения, предоставляют педагогу богатый наглядный материал, позволяют разнообразить уроки, делая их интересными, и, естественно, способствуют лучшему усвоению знаний учащимися.

Я, как учитель начальных классов на своих уроках применяю различные методы и приёмы для того, чтобы наше подрастающее поколение не потерял интерес к обучению. Ведь сейчас именно они являются будущими нашей страны, от них будет зависеть всё. Исходя из этого могу с гордостью сказать то, что именно своими интересными уроками мои подопечные участвуют в разнообразных интеллектуальных конкурсах и занимают места. В этом учебном году у нас в школе были такие интеллектуальные конкурсы, как «Акбота», «Русский медвежонок», «Человек и право». Кроме этого участвуют в научных проектах.

Опыт показывает, при таком подходе к организации процесса обучения и воспитания огромную роль играет личность педагога, его профессиональная подготовка. Учитель должен в первую очередь сам владеть различными методами и приемами, уметь правильно работать с потоками информации, знать психологические и физиологические особенности учащихся, применять на практике современные образовательные технологии и, конечно, быть творческой личностью.


Список используемой литературы

1. Вестник образования. Республиканский научно-педагогический журнал. №3(32)2016.

2. Научно-теоретический журнал «Вопросы педагогики». 2/2016

3.Психолого- педагогическая компетентность учителя: дигностика и развитие/М.И.Лукьянова–Ульяновск: УИПК ПРО, 2002.




КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ – ЗАЛОГ РАЗВИТИЯ СТРАНЫ
Молдагулова Гульшат Мухтаровна,

преподаватель, ГККП «Аркалыкский медицинский колледж»
Приобрести знание – храбрость,

Приумножить их – мудрость,

А умело применять – высшее искусство.

Восточная мудрость.
В своем очередном ежегодном Послании народу Казахстана Президент особо подчеркнул, что все развитые страны имеют уникальные образовательные системы, и нам предстоит большая работа в этом направлении. Тем самым еще раз констатируется факт: наша национальная школа, несмотря на более чем двадцать лет строительства ее в условиях максимальной включенности в мировое образовательное пространство, еще очень далека от образцов, которые демонстрируют лидирующие государства, в тридцатку которых мы теперь стремимся.

«У нас нет времени на раскачку», – отметил Н.А. Назарбаев [5,8]. Тем не менее грандиозные задачи, поставленные перед народом и государством в Стратегии «Казахстан – 2050», можно решить только при наличии у нас качественной и уникальной образовательной системы. Но для этого мало создать школу, впитавшую все лучшее, что есть в мировом опыте. Она должна иметь свою неповторимую особенность, самоценность, привлекательность в глазах подрастающего поколения, всех граждан страны. А это значит, что она должна отвечать как потребностям страны, ее динамичного развития, так и каждой личности, живущей в нашем социуме, в нашей действительности, болеющей душой за настоящее и будущее Отечества. Но слишком медленно меняется психология менеджеров образования от самого высокого ранга до исполнителей идеи на местах, у нашего учительства, преподавателей колледжей и вузов, многие из которых не разобрались в новых условиях. В связи с этим особое внимание уделяется повышению квалификации педагогических кадров, что в настоящее время является наиболее гибкой и бурноразвивающейся подсистемой непрерывного образования Республики Казахстан [2,50].

Будущему специалисту для успешной реализации своей будущей деятельности в наше время недостаточно быть компетентным в той или иной области, так как быстро меняющиеся политические, социально-экономические условия общественной жизни диктуют наличие определенных личностных качеств, которые будут способствовать самореализации в сложных социокультурных условиях. Поэтому высшее образование основное внимание должно сосредоточить на развитии у студентов способности к творчеству, самосознанию, саморазвитию как необходимых для личностного роста качеств.

В этой связи современному преподавателю необходимо преобразовывать учебный процесс, внедрять новые формы, методы и технологии обучения. На современном этапе развития нового поколения учебных кадров предусматривается широкое применение в учебном процессе активных и интерактивных форм проведения занятий, удельный вес которых должен составлять не менее 30 процентов аудиторных занятий [1,7]. Основная цель современного обучения – сделать продуктивным процесс обучения, что даст возможность каждому студенту раскрыть свои задатки, развивать творческие способности и самореализоваться как личность [1,7].

Решающую роль в подготовке высококвалифицированных конкурентоспособных профессионалов играет профессиональный педагог, педагог-профессионал. Какими компетенциями необходимо владеть современному педагогу

М.И. Лукьянова профессиональную компетентность определяет как важные, необходимые в педагогической деятельности следующие личностные качества: рефлективность, эмпатичность, коммуникативность, гибкость личности, способность к сотрудничеству, эмоциональная привлекательность [3,94].

А.К. Маркова дополняет их профессионально важными качествами личности: педагогическая эрудиция, педагогическое целеполагание, педагогическое мышление, педагогическая наблюдательность, зоркость, педагогический слух, педагогическая ситуация, педагогический оптимизм, педагогическая находчивость, педагогическое предвидение, прогнозирование, педагогическая рефлексия [4,57].

Профессионализм педагога предполагает, что обновленное содержание образования превратится в процесс непрерывного развития человеческой личности в соответствии с теми ценностными компетенциями, которые актуальны в современном динамично меняющемся мире.

Именно поэтому в настоящее время повысился спрос на квалифицированную, творчески мыслящую, конкурентоспособную личность учителя, профессионального педагога. В формировании и развитии профессиональной компетентности педагога важную роль играет система повышения квалификации, для которой новые стратегии развития компетентности педагогов являются актуальной проблемой.

В системе повышения квалификации педагогов меняется парадигма обучения: от традиционного – к инновационному подходу [2,55], что является основным требованием времени, учитывая стремительные изменения в современном обществе, требующие умения быстро адаптироваться к новым условиям. Ускорение в сфере информатизации отрицательно сказалось на отношении некоторых учащихся к обучению в школе: одни считают зазорным учиться, так как, они считают, что они уже владеют нужными им знаниями, другие хотят быть успешными, но не хотят прикладывать к этому никаких усилий, а часть молодежи хотят быть успешными и идут к этой цели, прикладывая все усилия. В данном случае возникает новая проблема для образования: подготовить человека, умеющего находить и извлекать необходимую ему информацию в условиях ее обилия, усваивать ее в виде новых знаний. В связи с этим особую актуальность приобретает проблема овладения в процессе обучения не только системой знаний, умений и навыков, но и универсальными учебными действиями по их приобретению и применению.

В современном мире с развитием новых высокотехнологичных гаджетов возникли новые проблемы в системе образования: как поддержать интерес у обучающихся к изучаемому материалу и активизировать их в течение всего учебного процесса? В данном случае роль преподавателя состоит не в том, как яснее и красочнее, чем в учебнике сообщить необходимую информацию, а в том, чтобы стать организатором познавательной деятельности, где главное действующее лицо обучающийся.

Для успешного повышения эффективности обучения учитель должен, в первую очередь, находиться в непрерывном поиске новых педагогических технологий и применять их в своей практике, использовать разнообразные способы передачи знаний и нестандартные формы воздействия на личность, способных заинтересовать обучающихся и стимулировать процесс познания, не останавливаясь на достигнутом в соответствии с народной поговоркой «Век живи – век учись».

Введение новых технологий вносит радикальные изменения в систему образования: ранее ее центром являлся преподаватель, а теперь – обучающийся. Это дает возможность каждому обучающемуся обучаться в подходящем для него темпе и на том уровне, который соответствует его способностям [2,67].

Я на своих уроках использую различные технологии: игровые технологии, проблемное обучение, групповые работы и работы в парах, технологии развития критического мышления, технологии Блума. При использовании различных инновационных технологий в обучении все обучающиеся оказываются участниками процесса познания, находятся в режиме диалога, взаимодействия, что обеспечивает развитие интеллектуальных и творческих способностей; они имеют возможность понимать, высказывать свою позицию и рефлексировать, находить связь в полученном материале с жизнью, то есть нацеливаться на деятельность, стимулирующую «изобретательство» и «открывательство».

Все более актуальным становится внедрение в процесс обучения инновационных педагогических технологий, которые способствуют формированию культуры мышления, развитию воображения и фантазии, улучшению памяти и внимания, гибкости мышления и коммуникативных способностей, что позволяет человеку свободно ориентироваться не только в своей специальности, но и в широком круге смежных вопросов.

Президент в своем Послании «Стратегия «Казахстан – 2050» подчеркнул, что именно необходимо сделать для лучшего повышения качества образования:

- произвести модернизацию методик преподавания и активно развивать онлайн-системы образования, создавая региональные школьные центры;

- интенсивно внедрять инновационные методы, решения и инструменты в отечественную систему образования, включая дистанционное обучение и обучение в режиме on-line, доступные для всех желающих;

- избавиться от устаревших либо невостребованных научных и образовательных дисциплин, одновременно усилив востребованные и перспективные направления;

- изменить направленность и востребованность учебных планов среднего и высшего образования, включив туда программы по обучению практическим навыкам и получению практической квалификации;

- создать ориентированные на предпринимательство учебные программы, образовательные курсы и институты [7,113].

Современное образование – многогранный процесс, который должен идти в ногу со временем. Именно поэтому каждый день появляются новые образовательные технологии, применение которых значительно улучшает качество образования.

Качественное современное образование – это залог устойчивого развития нашей страны, стратегический ресурс Казахстана, основа для самореализации человека, для расширения социальных и экономических возможностей всех граждан страны. Только образованное общество способно противостоять всякого рода катаклизмам и вызовам современного мира.
Список используемой литературы:

1. Вестник образования. Республиканский научно-педагогический журнал. №3(32)2016.

2. Научно-теоретический журнал «Вопросы педагогики». 2/2016

3.Психолого-педагогическая компетентность учителя: дигностика и развитие/М.И.Лукьянова–Ульяновск: УИПК ПРО, 2002.

4. Психология труда учителя: книга для учителя. Маркова А.К.– М. Просвещение, 1993.

5. Путь в будущее. Послание Презадента РК народу Казахстана.

6. Стратегия «Казахстан – 2050»: новый политический курс состоявшегося государства.

ІІ том.




ОТБАСЫ БАЛА ҮШІН – МАҢЫЗДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА
Насрединова Акжаркын Есеметовна

«Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» КМҚК

Педагогика ғылымының магистрі

Мектепке дейінгі оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

пәнінің оқытушысы
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да, одан әрі балабақшамен байланыс арқылы жалғасады. Мұнда баланың жас ерекешеліктері және бейім қабілеттері назарға алынады. Көбінесе, ата-аналар жалпы өз өмірлерінде алған білімдері барысындағы кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып, балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады. Тәрбие мақсатында сондай-ақ, сол отбасының ұстанатын этикалық, діни мәдени дәстүрлері де есепке алынады. Сондықтан ата-аналар кәсіби маманданған педагогтармен жиі ақылдасып, бала тәрбиесінде көмек алып отыруы өте қажет. Нәтижесінде бала тәрбиелене отырып, ойын, оқу іс-әрекеттері барысында білім алады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі.

Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол – салауатты да, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Отбасы бала үшін – өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы – баланың эмоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саяси өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты – баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауға ықпал етеді. Қабілетті бала тәрбиешілерге отбасымен ынтымақтаса отырып, бала тәрбиесінде оң нәтижелерге жету жолында бағыт-бағдар береді.

Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде (әлжуаз, жетілуі мен дамуында ауытқушылықтары бар, көңіл күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе отырып шешім қабылдайды.

Балаға ата-анасы оны қандай болса да жақсы көретінін сезінетіндей эмоционалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру үшін ақыл-кеңестер береді.

Педагогтар баланы жан-жақты дамытуға, оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды.

Сонымен қатар, отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып, баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады [1,20б].

Тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады. Мысалы: тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер, лекциялар. Арнайы мамандар мен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау (психолог, логопед). Ата-аналарды психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып, баланың дамуындағы ерекшеліктер мен кедергілері туралы мәлімет беріп отырады. Отбасының бала тәрбиесі қиыншылықтарын, жіберген қателіктерін, ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады. Отбасының құпиясын жария етпей, қиыншылықтарды ата-аналарымен бірлесіп шешеді. Қажет болса, арнайы мамандардың қызметіне жүгінеді. Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады.

Отбасы дегеніміз ең маңызды негізі жұбайлар, ата-аналар, ұл, қыз сүйіспеншілігіне сүйенген коллектив болып саналады. Ғасыр бойы өмір сүріп, ғасыр бойы үйрен, ғасыр бойы еңбектен – ғасыр бойы сүйе біл. Сүюге де ұзақ ғасыр бойы үйрен. Өйткені сүйіспеншілік даналығы – өмірдің бәрін жеңетін қайнар көзі ғой, сарқылмайды.

«Адам махаббаты – жан мен тән, ақыл-парасат пен мұрат, бақыт пен борыш одағы. Осының бәрі арқылы ең алдымен еңбек, көрінеді – демалыссыз және мәңгілік еңбек, ол адамның рухани байлығын жасайды».

Ата-ана махаббаты дегеніміз баланың амандығын, денсаулығын және ішкі дүниесінің саулығын қолдау. Сондықтан ата-ананың басты және негізгі мақсаты – баланы жақсы көру және оны қамқорлығы туралы сенімділік туғызу. Баланың ешқашан ата-анасының махаббатына сенімсіздігі тумау керек. Ата-ананың барлық міндетінің ішінен ең табиғи және ең қажеттісі балаға кез-келген жаста сүйіспеншілікпен және ашық көңілмен қарауы.

Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке даярлайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы қажет. Тәрбиеші-педагогтың баламен өзара қарым-қатынасындағы басты міндеттері мынадай:

- балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз етеді;

-балалардың денсаулығын сақтауға, қорғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;

-өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажеттілігіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;

-балалардың отбасында, балабақщада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналармен жұмыс жүргізеді.

Ұстаз, журналист Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова 1923 жылы «Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» деген еңбектерінде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олардың отандық және шетелдік үлгілерін сөз етумен бірге қоғамдық ортадан тәрбие алатын баланы жас ерекшелігіне қарай, оның қоршаған ортасының ықпал әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді кенінең баяндаған. Нәзипа Сегізбайқызы мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оларға айтылатын сөздің де, көрсетілетін іс-қимылдың да орынды, тағылымды болуын ескерткен. Танымал педагог бала бойындағы білуге, ұғуға, көруге әуестікті тыйып тастамай, оларды бағыттап, дамытып отыру қажеттігін нақты мысалдармен түсіндіріп берген [2,18б].

Ата-аналардың педагогикалық даярлығы жеткілікті дәрежеде болу үшін олардың балалардың өсуі мен тәрбиесінің негізгі заңдылықтары, отбасының, ата-ананың ролі жайлы, яғни физиологиялық-гигиеналық, психологиялық-педагогикалық және құқық білімнен қажетті мағлұматтар болуы тиіс.

Ата-аналардың балаларды тәрбиелеуге тікелей қатынасуы педагогикалық әзірліктің болуымен тығыз байланысты, яғни олардың педагогикалық іс-әрекетімен ұштасуы тиіс.

Ата-аналардың үйлестіру істері, ең алдымен баланың жеке басын қалыптастыру ісінен, тәрбие мақсатын аңықтаудан байқалады. Бұл, А.С. Макаренко пікірінше, отбасы тәрбиесіндегі жалпы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сондай-ақ тәрбие ісін үйлесімді етіп жүргізу оның тиімді жолдары мен әдістерін таңдауды, тәрбие жұмысы бойынша өз қызметіңнің жоспарын немесе мақсатын жүзеге асыруды талап етеді [3,280б].

Егер ата-аналар өздерінің тәрбие істерін біліп қана қоймай, оған күнделікті талдау жасап, түзетіп, жоспарлы түрде жүргізіп отыратын болса, онда олардың бала тәрбиелеудегі дұрыс амал-тәсілдерді тауып отырғаны деуге болады.

Сонымен, балаларды жеке басын қалыптастырудағы отбасының толық әсерінде ата-аналардың педагогикалық мәдениеттілігі алдыңғы орындардың бірін алады екен. Сондықтан болашақ әкелер мен аналарға өздерінің педагогикалық ой-өрісін үнемі кеңейтіп отыру қажет. Мұны жүзеге асыру үшін біздің елімізде мейлінше зор мүмкіншіліктер бар. Кейбір ата-аналар өз балаларын балабақшаға немесе мектепке беріп, енді олардың тәрбиесі мен дамып жетілуіне сол мекемелердегі тәрбиешілер мен мұғалімдер ғана міндетті деп санайды. Әрине, ұстаздар өздерінің барлық тәрбиешілерінің адал, ізгі ниетпен, еңбек сүйгіш адамдар болып өсуіне қолдан келген іс-әрекеттерін аямайды. Бірақ солай бола тұра, қандай жағдай болса да, олар баланың ата-анасының әсер етудегі орнын ауыстыра алмайды. Ата-ана балаларының жас ерекшелігі мен қайда оқып, тәрбиеленуіне қарамай, олардың дұрыс тәрбиеленуі үшін, балалары алдында да, өз ары алдында да, сол сияқты қоғам алдында да негізінен жауапты.

Н.К.Крупская балабақшаны балалардың ата-аналары жұмыс істейтін ұйымдармен тығыз байланысты мәдени қоғамдық деп қарап, балабақшалар қызметкелерінің коллективтерін мектепке дейінгі тәрбие беру идеяларын жаппай насихаттауға шақырды [4,9б].

Балаға негізгі және тиімді әсер ету үшін, ата-аналарға балаларының балабақшада кіммен және қалай достасқанын жақсы біліп отырулары керек.

Балабақшаның ересек топтарының балалары мектепке баруға даярланады. Осыған байланысты балабақшада да, отбасында да баланың өзіне-өзі қызмет етудегі, арнай мінезіндегі әдептілік, әрбір нәрсені білуге құмарту сияқты дағдыларының қалыптасуына баса назар аударуы тиіс. Мектепке дейін-ақ баланың кітап оқуға ынтасын арттырып, қимыл-қозғалысты ойындарды бір орында отырып айналысатын іспен алмастырып отыруға дағдыландыру керек. Балаға өзге адамдардың айтқан сөзін зейін қоя тыңдап, қойылған сұраққа нақты жауап беруге жаттықтыру керек, әр қилы тапсырмаларды дәл және ұқыпты түрде орындауға үйрету жөн. Тәрбиешілер сияқты ата-аналар да алдын ала балаларға мұғалімдерді сыйлай білге үйретуге тырысады.

Отбасы өмірінің көзге көрінбейтін жүздеген нәзік арқауы қоғам өмірімен, Отан мүддесімен, бүкіл әлеммен ұштасып жатқаның да ұмытпаңыздар.

Балалар – отбасының тынысы, оның басты мәні, оның беріктігі негіздерінің бірі, оның таңғажайып тартымдылығының қайнар көзі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журнал №7 (37) 2011 ж

2. «Нәзипа Құлжанованың мұрасы және қазіргі ғылым» 2014 ж

3. «Семья өміріндегі әдеп және психология» Алматы «Мектеп» 1986.

4. «Мектепке дейінгі тәрбие туралы» Н.К.Крупская Алматы «Мектеп» 1988. Балабақша тәрбиешісінің кітапханасы


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІБАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫ- ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДА СЮЖЕТТІК- РОЛЬДІК

ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ
Оспанова Күлдірген Тулеубайқызы

«Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
«Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді,

ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады»

Б. БҰЛҚЫШЕВ
Балабақшаға алғаш келген бала үшін кіші топта жеке әңгіме басымырақ болады. Баланы қызықтырып, өзіне қарату өте маңызды. Көңілін аударатын ойыншықтар, ашық суреттер, табиғат бұрышындағы аңдарды көрсетуді қолдану керек. Тәрбиеші балаларды ұжымға тарта отырып, үлкендерді және бірін-бірін тыңдауға үйретеді[1.38 б.].  

Сол секілді, тіл дамыту сабақтарында да балалар халық ауыз әдебиетінің үлгілері (жұмбақтар, санамақтар, ертегілер, өлеңдер, т.б.) арқылы қарым – қатынас мәдениетінің үлгілерін игеріп отырады. Мысал әңгімелер мен ертегілерді оқығанда, сөз орамдары мен тіркестерді бала өз қарым – қатынасында қолданады және байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

Баланы тұлға етіп дамытып қалыптастыруда қарым-қатынастың алатын орны ерекше. Жалпы, қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсіністік, қоғамдық-рухани сапаларды бейнелейтін басты белгі бола тұра бірнеше қызмет атқарады. Қоғамдық өмірдегі қарым-қатынас қызметін Ресей ғалымы Б.Т. Лихачев талдау жүргізу барысында кестеде көрсетілгендей топтастырады.

Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.

Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің— ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін.

Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді[2.42 б.].

Рольдік ойындар белгілі бір мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлықты оята отырып орындаушылық қабілетке де жетектейді.Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады.Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады.Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Рольдік ойындар,негізінен,тұрмыстық,қоғамдық-саяси,ғылыми,кәсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер — баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер-өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықтарды іске асыру болып табылады.

Ролъді ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады. Оиын әрекетінде бала бір затты екінші затпен алмастыруға, өзіне түрліше рольдерді алуға үйренеді. Қиялды дамытудың негізіне осы қабілет жатады, Мектепке дейінгі ересек балалардың ойындарында балама заттардың болуы міндетті емес. Балалар затты ойша түсінуге және олармен амал істеуге және өз қиялында жаңа жағдайларды жасауға үйренеді.



Рөлдік-сюжеттік ойындар тренингтік ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің өзегі іспетті.Мұндай ойындар біздің зерттеуде коррекциялау (түзету) мақсатын көздемейді. Біз гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат еттік.

Рөлдік-сюжеттік ойындардың психологиялық әсерімен балада:

  • өз-өзіне деген сенімінің бекуі;

  • этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық жүріс-тұрыстың меңгерілуі;

  • қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.

Рөлдік ойындар міндетті түрде топтық талдаумен аяқталады. Талдау екі бағытта жүргізіледі:

1)Қарым-қатынас жағыдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінуін қамтамасыз ету;

2)Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуда сюжеттік-рольдік ойындардың екі түрін – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдануға болады. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынды. Ал басты назар әрбәр баланың импровизациялауға қабілетін яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі[3.25 б.].  

Бала үшін ойын – өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы.Ол оған «балалар» әлемінен шығып, өз әлемін құруға мұмкіндік береді. Сонымен қатар, бала өзі ойын деп атамайтын, бірақ онда да өз тілектерін жүзеге асыруда ерікті бола алатын басқа да әрекеттің түрлері бар.Ол сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру. Әйтсе де, олардың ойыннан айырмашылығы бар, мәселен, оның нәтижесі — сурет, құрылыс және т. б. Сонымен қатар, баладан осы әрекеттер барысында жоспарланған нәтижені алу үшін бірқатар күш жұмсау талап етіледі.

Ойында балаларды не қызықтырады деген орынды сұрақ туындайды. Ол түсінікті де, әрекет ету үрдісінің нақ өзі балаларды қызықтырыды. Бірақ ойындағы әрекет – ерекше болып келеді. Балалар 3 жасқа қарай ойын немесе ойын емес нәрсенің айырмашылығын түсіне бастайды, ал 4-5 жаста осы айырмашылықтарды ойын әрекетінде анық қалыптастырады: «Мен келе жатқан тәрізді болайын …», «Мен орманда жүрмін деп ойлайын … »  және т. б. «Тәрізді болайын»,  «деп ойлайын» деген қиялдағы әрекеттер ойында бала үшін өзін-өзі жетілдірудің құралы болады. Ойында ол не істегісі келеді, соның барлығын істейді және оның барлығы орындалады. Ойында бала қандай болғысы келсе, сондай болады, мәселен, қайырымды бала, әдемі ханшайым,саяхатшы; ойында бала қайда болғысы келсе, сонда болады – айда, аспанда,теңіз түбінде және т. б. Ол барлық қызықты оқиғалардың мүшесі бола алады — ауруларды емдейді, айдаһармен күреседі, өртті сөндіреді. Егер бала нағыз машинаны жүргізе алмаса, онда тұрған ештеңе жоқ. Ол орындықтардан жасалған машиналарда, «Балалар әлемі» дүкендерінен сатып  алынған рөлдермен қанша жүргісі келсе, сонша жүреді. Ол тіпті жол оқиғаларын да құрастырады, машина үшін гараж салады. Ол өзінің қояндары мен аюларын  сатады, баға қояды. Сондай-ақ өзі оқушы бола алады. Ойын балаға  өтіп  жатқан  кірпік  қағым  сәттерді тоқтатуға, қайталауға және онда әлі бірнеше рет өмір сүруге мүмкіндік береді. Мысалы, ол атасымен  қайықта немесе поезда жүрсе, оны ол күнделікті өз ойынында қанша қайталағысы келсе, сонша қайталай алады. Сонымен қатар, ойынның маңыздылығы мынада — ол балаға тек жағымды оқиғаларды «қайталаудан» қанағат алуға ғана емес, жағымсыз әсерлерден, яғни сол кездегі бір нәрсе дұрыс болмай қанағат алмаса, солардан арылуға көмектеседі.

Сөйтіп, ойын балаға эмоциялық қолдау береді, өзінің әр түрлі тілектері мен талпыныстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ең әуелі, әрине үлкен адамдар  тәрізді айналасындағы затттарды басқаруға деген тілек (расында да оның  жасында дәл қазір бағына қойматын нәрселер бар). Балаға осы бір іс-әрекет түрін қолдау мен дамытуға жоғарыда көрсетілген негіз, дәделдер жеткілікті тәрізді. Олай дейтініміз  балалар ойыны баланың дамуы үшін аса қажет. Психологтар мен педагогтардың көрсетуінше, ойында  баланың танымдық үрдістері дамиды.Ойын баланың  ақыл-ойы дамуы үшін ғана маңызды емес, ол оның тұтасымен тұлғасының дамуында маңызды[4.11 б.].  

Ойын балалардың басқа адамдармен өзара әрекетінің дамуына да айтарлықтай ықпал етеді. Бұдан басқа  бала ойында үлкендердің өзара әрекеттері мен өзара қатынастарын жаңғырта отырып, осы өзара әрекеттердің ережелерін, тәсілдерін меңгереді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойындарда ол өзара түсіну тәжірибесін жинақтайды, басқа балалармен келісімге келуге, өз әрекеттері мен ниетін түсінуге үйренеді.

Ойында бала өз қылықтарын реттеуді, құрбы-құрдастарымен біріккен ойында үлкендердің бақылауынсыз-ақ ұстамды болуға, ойын ережесін сақтауға  үйренеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.К.С.Жұмасова Психология  Оқулық Астана -2006 ж 38 б

2.Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова - Балалар психологиясы: оқулық 2012ж 42 б

3.Ф.Н.Жұмабекова, Н.М.Нұрғазиева, С.М.Жамалиева Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы Астана-2011ж 25 б

4.Г.А.Урунтаева Детская психология: учеб. пособие – 2013 ж 11б


ҰЛЫ АҒАРТУШЫНЫҢ НАҒАШЫ ЖҰРТЫ
Самыратова Ләйлә Абдрахманқызы

«Арқалық политехникалық колледжі» ҚМКҚ

Тарих және құқық пәнінің оқытушысы
Қазақтың көрнекті ақиық ақыны, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ғафу Қайырбеков өлең жырмен бастайтын болсам:

«Арғынның жалпақ жатқан сүйегінің,

Ортанғы жілігіндей ірі буын.

Әйгілі тархан Жанібектің ұрпақтары,

Көтермеген ешкімнің шіренуін» - деп суреттеген, Торғай төңірегі үшін тұғыры биік тұлға, арғын тайпасының батыры, Еңсегей бойлы Есім ханың қолбасшыларының бірі болған Шақшақ Аманжолұлынан Көшей, Көшейден Қошқар, Қошқардан атақты тархан Жәнібек туған. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан. Халық өзінің сүйікті ұлын кезінде «Шақшақ Жәнібек» , «Шақшақұлы Жәнібек», «тархан Жәнібек» деп атап кеткенімен, Шақшақ оның әкесінің де, руының да аты емес, үшінші атасының аты. Шеген бидің ұлы атасы – Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың замандасы, қатар жүрген қаруласы, қарадан шыққан хан-Шақшақ Жәнібек батырлығымен де, ел билеген саясаткерлігімен де, алдын болжай алатын көрегендігімен де, шешендігімен де алты Алашқа аты шықса, Жәнібектің ұлы, Абылай ханның қарулас серігі, қырғыздарға қарсы күрескен Абылайға көмек берген және Пугачев үндеуімен танысқан соң, соғысты қолдауға шешім қабылдаған – Дәуітбай тархан да, немересі Мұса тархан да заманында Кіші жүзбен Орта жүздің арасындағы белгілі саясаткерлердің, беделді ел билеушілері болғандары тарихтан белгілі. 1759 жылы 9 қаңтарда Ресейдің соғыс министрлігі алқасының жарлығымен тархан атағы Жәнібектің үлкен баласы Дәуітбай батырға көшіріледі. «Тархан» деген сөз өте көнеден келе жатқан тарихи ұғым. Жәнібек тарханның немересі Мұса Дәуітбайұлы да 1806 жылы мұралық жолмен тархан атағын иеленген. Ал , Жәнібек тарханның шөбересі Шеген Мұсаұлы 1847 жылдың желтоқсан айында мұралық жолмен берілуге тиісті тархандық атағын беруін сұрағанда, патша үкіметі оған Кенесары ханды қолдадың, Торғайдан әскери бекініс салуға қарсы болдың деп , тархандық атақ бермеді. Ұрпақтан – ұрпаққа берілетін тархандық құқықты заңдылықтарын патша үкіметі өзі бұзып отырғандығын осыдан байқаймыз. Ал, тархандық атақ беру Ресейдің Басқарушы Сенат жарлығымен 1986 жылы ғана жойылғаны тарихтан белгілі. Дәуітбай тарханның үш әйелінен тоғыз бала туған. Олар: Шомақ, Абылай, Абыз, Мұса, Мысық, Құралай, Шүрегей, Шүрек және Ботай. Шеген – Дәуітбай тарханның ортаншы баласы Мұса тарханнан туған. Шеген Мұсаұлы 1791 жылы атасы Шақшақ Жәнібек тархан бабамыз ту тіккен қасиетті Торғайдың әйгілі де киелі Тосын құмында дүниеге келген.

Шеген – батыр, би атанған, өз елінде өте беделді, елге қамқоршы болған адам. Оның айғағы 1845 жылы Торғайда патша өкілдері бекініс салдырады. Оны Орынбор бекінісі деп атайды. Бекіністің мақсаты дала уәлаятын басқару, патшаның алым-салығын жинап тұру болған.

Сол кезде Шеген қарамағындағы елдің орасан зор алым-салығын төлеп тұруға шамаларының жетпейтінін айтып, патша жарлығына қарсы шығады. Шеген патшаның отаршылдық саясатына да қарсы болғанын ескеріп, өш алу мақсатында, бекініс басшылары арнайы отряд жіберіп, Шегенді алдырып, 1848 жылы ең бірінші етіп, Торғайдың жаңа түрмесіне қамайды. Бірақ Шегенді патша жендеттері түрмеде көп ұстауға шамасы келмейді, ел маза бермеген соң босатып жібереді. Сол жолы бабамыз ауылына қайтып келе жатқанда Қарасай тұсында аты сүрініп кетіп, мүрдем қатады. Шеген би мұны жаман ырымға балап, «Сірә, менің көретін жарығым аз қалған шығар» деп ой топшылайды. Ол түрмеден шығып, елге келгенде, қара қыпшақ Тәйпен деген кісі:

Жыл болды-ау, қоян деген-малдың Жұты,

Базарда қымбат болды-ау ұнның қаты,

Келдің бе, есен-аман, елдің құты!-деп, жыр толғап қарысы алды. Шеген би түрмеде жатқанында оны оның замандастары Телеу, Аппақ деген аталарымыз үш мезгіл тамақты өздері тексеріп, содан кейін барып бабамызға береді екен. Амал не, тағдырдың маңдайға жазғанынан адам баласы қашып құтылған ба.

Шеген би ауылға қайтарда жаулары қапысын тауып, өздерінің қастандығын жасап үлгерді. Астындағы сәйгүлігі сүрініп, мерт болғанда күдіктенгеніндей, Шеген би ауылға оралысымен көп ұзамай қайтыс болды. Сонда оны ақыреттеп жерлеген қариялар Шеген бидің кіндігінің тұсынан үлкен қара дақты көріп, патша жендеттері бозайғырдың үзеңгісіне у жағып жіберген екен ғой деп, күрсінеді... Қазір мінекей, қайғылы осы оқиғаның бір белгісіндей болып Бозайғыр деген жердің аты қалды. Бұл жер негізінен Қарасайдың аяқ кезіндегі Сеңгір деген биік төбенің (Торғай совхозындағы Жыңғылдыға жақын жер) үстінде бүкіл ел болып жиналып, ақ жауып, арулап Түркістанға жерлеуге аттандырады. Бірақ шілденің ыстығына шыдай алмайтын болған соң осы күні Қызылорда мен Шымкент облысының шекарасында, қазіргі «Бірқазан» станциясының тұсында бір көлдің жағасында «аманат» етіп жерлейді. Кейін бұл көлді жергілікті халық «Шеген» көлі – деп атап кеткен.

Шегеннен жеті ұл – Шолақ (Кенесары батырларының бірі болған), Қазыбек (Әділ би), Бірімжан (Ел билеуші), Бектеміс (Асқан бай болған, ел аузында «Бектеміс үйіне қонақ түссе жылқы сойылады» - деген сөз қалған), Өтетілеу (Шаруа кісі, қажы), Ділдабек (Жастай қайтыс болған), Алтынсары (Батыр тұлға болған) және екі қызы Айман (алтыбас қыпшақ Балғожа бидің баласы Алтынсарыға) , Айшық (Қарабалық Қыпшаққа ұзатылады).

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин Шегеннің үлкен қызы Айманнан туады. Әкесі Алтынсары 1844 жылы Кенесарының шапқыншылық заманында қаза тауып, Ыбырайды Балғожаның қызметшісі Жетібай Өтемісов деген алып қашып, тығылып аман қалады. 4 жасында әкеден айырылған Ыбырай бірыңғай атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады.

1850 жылы Орынборда шекаралық комиссияның жанынан қазақ балаларының аудармашылар мен хаттаушылар даярлайтын мектеп ашылады. Сол мектепке Ыбырайды оқуға қабылдау жөнінде атасы Балғожа сұрау береді.Сонымен Ыбырай 9 жасында мектепке түсіп, оны 1857 жылы 31 тамызда бітіріп шығады. Мектеп бітіргеннен соң 3 жылға жуық атасының жанында хаттаушы болып қызмет істейді. Ыбырай Алтынсаринды 1859 жылы 1 тамыздан бастап Орынбордағы облыстық басқарма кіші аудармашы етіп қызметке алады. 1860 жылы облыстық басқарма Ыбырайды бастауыш мектеп ашу үшін Орынбор бекінісіне (Торғай қаласына) орыс тілінің мұғалімі етіп жібереді.

Ыбырай бала кезінде де нағашыларына жиі қатынап тұрған. Әсіресе нағашы атасы Қазыбек баланың зерделігіне баса назар аударып, тәрбиесін де аямаған.

Міне, 19 жасар Ыбырай Торғайға бір жолата келді. Ол алғашқы кезде бекініс комендантының аудармашысы, одан іс қағазын жүргізуші болып қызмет атқарады. Ыбырай келген бетте нағашылары Қазыбек, Бірімжанның көмегімен Торғайда мектеп салуға кіріседі. Торғайдағы мектеп 1861 жылы басталып 1986 жылдың аяғында салынып бітеді. Әрине, мектеп салуға Торғайдың елі түгел қатынасты, одан әлді адамдар жәрдемін де аямаған. Мектепті салу барысында қастандық та жасалды, алғашқы құрылыс басталғанда мектепті өртеп те жіберді. Бірақ Ыбырайдың қажырлығы арқасында мектеп салынып бітеді. Бұл Ыбырайдың қазақ жерінде ашқан ең алғашқы мектебі болатын.

Бізге тарихтан белгілі жәйт-1869 жылы патша үкіметі Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығында қазақтарды басқару жүйесін өзгерту жөнінде реформа жасалды. Сол реформаға сәйкес 1868 жылы Торғай облысы құрылды (орталығы Орынбор қаласы). 1869 жылы Торғай облысының көлемінде 4 уезд құрылды – Ырғыз, Елек, Торғай, Николаевск (Қостанай). Сол жылы уездердің көлемінде жаңа басқару жүйесі – болыстар құрылды. Сол жылы Тосында бірінші болыс болып Бірімжан сайланды. 1873 жылы – Бірімжан өлгеннен соң, оның ең үлкен және беделді баласы Дәуренбек 1915 жылы қайтыс болғанға дейін болыс болды. 1915жылдан 1928 жылғы конфескеге дейін Дәуренбектің баласы Жақып болыс болды. Содан кейін болыстық қысқарып, аудандар ауылдық Кеңестер құрылды.

Міне, Ыбырайға Торғайда 23 жылға жуық қызмет істегенде негізгі тірек болған осы нағашы жұрты.

Ыбырай 1869 жылы Торғайда уезд ашылған соң уезддің алғашқы іс жүргізушісі болып, кейіннен біраз уақыт уезд бастығының аға көмекшісі және уақытша уездік сот болып қызмет атқарды. Осындай жұмыста он жылға жуық жүріп, 1879 жылы Торғай облысының мектеп жөніндегі инспекторы болып тағайындалады. Бірақ, ол Орынборға, немесе басқа қалаға көшпей, Торғайда тұра берді. Сол кездегі Торғай облысына қарайтын Елек, Ырғыз, Торғай, Николаевск уездерінде екі кластық орыс – қазақ училищелерін ашады. 1886 жылы облыстық басшылардың алдында болыстарда мектеп ашу мәселесін көтеріп, шешімін табады. Ең алғашқы болыстық мектептер Торғайда – Қараторғайда, Ырғызда – Қарабұлақта, Николаевскіде – Обаған мен Жетіқарада, Електе – Бөртіде ашылды.

Ыбырай Торғайда 23 жыл тұрып, барлық саналы өмірін өткізіп, 1883 жылы Қостанайға көшті. Торғайда үйленді. 2 ұлы, 2 қызы болды. Ыбырайдың жұбайы Айғаным.

Ыбырай 1889 жылы 17 шілдеде, 48 жасында жүрек және бауыр ауруынан қайтыс болды.

Міне, осылайша қазақтың ағартушысының барлық саналы өмірі Торғайда нағашыларының қасында өтті. Оның өмірге көзқарасының қалыптасуына нағашы жұртының да әсері болғанын айтуды орынды деп есептеймін.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. С.Шүкірұлы, Қ.Салғарин,К.Ахметбекұлы «Шақшақ Жәнібек батыр» 1993ж «Отау» баспасы

2. «Біздің Торғай». 1991 жыл 16 қаңтар

3. «Торғай таңы» 1991 жыл 18 қыркүйек.

4. «Қазақ тарихы» журналдары №5,6,8

5. Ауыл қарияларының әңгімелері.




ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ – КЕЛЕШЕК

ҰРПАҚТЫҢ ҚОЛЫНДА
Смагулова Раушан Жалгасбаевна

"Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күнді жалпы білім беретін бастауыш гимназия" ММ

педагог-психолог
ХХІ ғасыр тек глобальды жаһандану кезеңі ғана емес, сонымен қатар, талантты, белсенді жастардың жұлдызды кезеңі. Қазіргі таңда елімізде жас өркендердің потенциалының дамуы мен ойлаған арман-тілектерін іске асыруға барлық жағдай жасалуда. Атап айтатын болсам, жаңа жұмыс орындары, инновациялық мекемелер ашылып, жалпы индустрияның дамуы кең етек жайып келеді. Жастардың тың идеялары мен күш-жігерін қажет ететін жүздеген, тіпті мыңдаған істер бар. Қазіргі таңда қазақ елі жан-жақты өркендеп, дамып келе жатқан алып елге айналып жатыр. Сондай елдің төсінде өмірге келіп, қазіргі таңда өмір баспалдағынан өз жолын таңдағалы отырған мен сынды перзентке тәуелсіз елімнің болашағы жастар екені,солар жайында ақ қағазбен тілдесу бұйырған сынды.

Қайсар рух пен қара күшті қару етіп,еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Жұмыр жердің иен бөлігін иемденіп, жер көлемі жағынан дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында тұрған Қазақстан Тәуелсіз Республикасы деген атақты бұдан аттай жиырма бес жыл бұрын күллі адамзаттың санасына құйды.

Жастар – еліміздің болашағы және заманауи, тәуелсіз Қазақстанды құру жастардың қолында екенін Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастармен кездесуде үнемі айтып отырады. Жас өркен алдыңғы қатарлы елдің бір «бөлігі» ретінде Отанымыздың болашақ тағдырына алаңдаушылықпен, жауапкершілікпен білек сыбана іске кіріссе ғана, қандай бастаулар болмасын өздерінен кейінгі жастарға үлгі боларына сенімім мол. Келешек ұрпақ еліміздің қоғамдық және саяси проблемаларының шешімін табуға белсене араласу үшін алдымен өз проблемаларын өздері шеше алатын жағдайда болуы тиіс. Әрине, өкінішке орай жастардың арасында өз күш-жігерлерін жағымсыз іс-әрекетке жұмсайтын, уақыттарын бағаламайтын ұл-қыздарымыз кездесіп жататыны жасырын емес. Кейбір жастар үлкендерден ұялмастан қоғамдық орындарда тәртіп бұзып жатады, тазалық пен пәктіктің белгісі, яғни болашақ аналарымыз өздерінің құндылықтарын естен шығарып, жаман әдеттерге әуестенеді . Жоғары буынның ең басты міндетіміз жоғарыда аталған негативті іс-әрекеттердің алдын алу үшін жастарымыздың жүректеріне тазалық пен жылулық ұялата отырып, келешек ұрпақтың бойында қазақстандық отансүйгіштік пен мақтаныш сезімін дарыту. Әр азамат, қандай ұлт иесі болмасын өзі мекендеген Отанының азаматы ретінде, жерінің жанашыр иесі ретінде сезінуі керек. Ал келешек ұрпақтан біз әлемдік қоғамдастықта демократиялық, мықты экономикалық мемлекет болуға өз білімдері мен күш-қуаттарын жұмсауға дайын тұратын талап пен батылдық күтеміз.

Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ Бүгінгі таңда басты мәселе бәсекелестікке қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген нақыл сөзден халқымыздың ықылым замандардан-ақ білімнің қадірін білгендігін аңғару қиын емес. Бұл күнде осы аталы сөздің өзектілігі артпаса, кеміген жоқ. Білім беруді дамыту, оқыту үрдісін жетілдіріп, оны аса жауапкершілікпен ұйымдастырып отыру керектігі туралы ойларды А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды алаш арыстары сол кездің өзінде-ақ айтып кеткен. Еліміздің өркениетті, алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің міндеті. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жиды, оның одан әрі өркендеуі қоғамымыздың әр азаматының еңбегіне, біліміне, жауапкершілігіне байланысты.

Елбасы халыққа Жолдауының басты бөлімдерінің бірінде “Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман”, -деп айтқандай, дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңгі тұтқасы болатыны даусыз. Осындай жан-жақты дамыған, білімді, көкірегі ояу, ел болашағын ойлайтын ,елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілік-пен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда. Атап айтсақ, XXI ғасырдың басты талабы - оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу екендігін ескеріп, заман талабына сай енгізілуде. Осы аталған факторларды іс жүзінде пайдалану, білім беру орындары үшін жетістіктерге толы болатынына сенім мол.

Бүгінгі таңда қазақстандықтарды біріктіретін құндылықтар-біріккен еңбек, бейбітшілік пен келісім, Отанымызға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік, оның болашағына деген алаңдаушылық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында жастардың мәселесіне көп көңіл аударады, себебі жастар еліміздің болашағы ғана емес, сонымен бірге қазіргісі. Жастарымыздың бойында шығармашылық тың идеялар, ақыл, күш-жігер және де әлеуметтік белсенділік табылған жағдайда ғана еліміздің болашағы бұлыңғыр болмайды деп сенуге болады. Себебі, жастар өзінің мақсаткерлігімен, ойының тұтқырлығымен, жаңашыл көзқараспен еліміздің дамуын жақсы жағына қарай өзгерте алатын күш болып табылады.

Ерте заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп атап өтті Елбасы. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыры делінген. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздердің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жатыр. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу-біздің борышымыз деп білемін. Жастар еліміздің әлеуметтік, эканомикалық және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор қоғамның маңызды бөлшегі. Қазіргі таңда жаңа көзқараспен қарайтын жалынды жастардың еліміздің жаңару үдерістеріне белсене қатысып келеді. Еліміздің бүгінгі жастары жаңа жағдайда заманауи мемлекеттің жасап жатқан сындарлы саясатының арқасында алысқа қол сермеп, әлемдік деңгейдегі ұстанымды игеріп, келешектің кілтін өз қолдарына алуда.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында.Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп , жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық.

Патриот болу – бұл Қазақстанды үнемі жүрегінде ұстап жүру. Бұл елбасымыздың үнемі айтатын сөзі. Біз елбасымыздан еліне деген үлкен қызметті, отансүйгіштікті үйренуіміз керек. Отансүйгіштік – бұл өз Отанына деген биік арман тілектер, өз еліне еңбек ету. Осындай арман тілектердің арқасында ғана елордамыз Астана құрылып, біз гүлденген, дамыған елде өмір сүріп келеміз. Әр қазақстандық отансйүгіштікті әртүрлі қабылдайды, болашақта еліміздің өркендеуіне үлес қосамыз деген мақсатпен мектеп оқушылары білім ала отырып, Отанға деген махаббаттарын осылай жеткізсе, студенттеріміз нағыз маман болу үшін аянбай тер төге отырып, білім алуда.

Жастық - ол ізденістің бастауы, осы жаста ғана адам өзінің күшіне сеніп, тауды да қопарып тастайтындай болып көрінеді, барлық істе - спортта, саясатта, бизнесте болсын көшбасшылық танытады. Мәселен, мәуелі жас ағашты баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриоттық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту арқылы көруге болады. Түйіндей келе жастардан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшін аямайтын патриоттарды күтеміз. Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан — 2030» Жолдау.

2.Қазақстан Республикасының Білім заңы.

3.Ж.З.Әділбекова «Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу».

4.Егемен Қазақстан 2012ж. 10-12бет.




INDEPENDENCE OF REPUBLIK OF KAZAKHSTAN :

A NEW GENERATION IS ENERGY OF DEVELOPMENT- NATIONAL SUCCESS .
Teacher of English: Zh.S. Turganova

Torgai gumanitarian college named after N.Kulzhanova
Modern Kazakhstan is this young independent state with rich history and, undoubtedly, brilliant future. Force of our state and it’s

civil society, foundation of national safety and social and political stability always based on young highly educated people. Exactly centuries-old wisdom of our people and progressive knowledge of young people helped to overcome every strafes and shocks, accompanying the heavy periods of becoming of the state system, us.

Historically folded so, that the most sacred for us concepts - Independence, Unity, Development are became indissolubly associate and sprinkled in state consciousness. It is nowise impossible to violate this harmonious sequence. If even one link of this chain will be absent, violated all construction of the state system.

Young people especially must realize all plenitude of responsibility for our people and future of country. From quality of knowledge and selfless labour of young citizens will depend - Kazakhstan will become the well-known and respected state or, figuratively expressed, our locomotive will "leave the tracks" on periphery of world development, that will be equivalent to the loss of Independence.

This large blessing, that Kazakhstan can legally be proud of the young citizens that demonstrate political maturity and "shod", freely oriented in financial economic position of country, majority from them owns three languages at least, and main - always able to protect the rights and know a price to the high intellect.

If to give a glance in a historical retrospective view - the Kazakh young people always were in the forefront of the most front-rank transformations, fought for Independence. It kind tradition attaining the apogee efforts of national elite of times of "Alash" must be continued and "caught" up by a new generation.

Modern youth of Republic of Kazakhstan is trustworthy support of President on business of construction of new intellectual nation of the XXI century.

Due to brilliant professionalism and devotion to the business, today's young Kazakhs tomorrow will become people of the state on the type of thinking, that national success, that modernization breach about that our President repeats over and over again tirelessly, will manage to create.

Despite all difficulties and adversities of the democratic sovereign becoming, Kazakhstan proved to the whole world, that can civilized decide the internal questions and accept the valuable participating in forming of international notice. The results of unity and persistent labor of the Kazakh people surpassed all expectations.

Realization of the self-weighted and balanced public policy built on principles of mutual account of interests became the to a great extent determinative of such success, search of compromise ways and to making of optimal consensus.

Blessing, that experience of joint coexistence is stopped up in genetic memory and historical consciousness of the Kazakh people. In fact Kazakhstan sheltered over one hundred people and nationalities that appeared will of fate on our sacred earth at one time. Today all of them as one work for the good of country, and some of them by the successes and high achievements with sport, art, business and other spheres are glorify our republic for the whole world. Kazakh earth is rich on talents. Their names at all on mouths and this their gratitude to Homeland.

Primary concern of young people to save and increase everything, the same valuable, that it was "made" senior generations.

Most states of the world send enormous resources to development and realization of youth initiatives. Understanding comes that support of young people is caring about the future.

Today a main motive body of social progress and economic development is young people - needs system measures on support of the initiatives and projects in foregoing spheres.

The public youth policy of Republic of Kazakhstan will have to answer the most modern requirements of time, effectively to work out the actual problems of young people and correspond to her expectations.

It is simply needed to do all possible in order that active young people indifferent to the fate of the country, became yet more, that every citizen wanted to bring in the personal contribution to development of new Kazakhstan.

Modern Kazakhstan youth - it quite different on vital looks, experience and possibilities citizens in age from 14 29 to. It is very important, that in the period of forming for them personality options, ideals and values all that can be named a world view, state in co-operating with civil society managed positively to affect this process.

Obviously, that it is necessary and farther to inoculate to the young people the basic values of Kazakhstan society - durable national unity, dynamic economic expansion, steady aspiration to get new knowledge and responsibility for the future of our Motherland.

Kazakhstan as a young sovereign republic objectively needs the citizens, infinitely devoted to the matter of service of nation, strengthening of Independence, - the most precious achievement of development of our state system.

A new generation is this generation of mature Independence and prosperous Kazakhstan. For this reason youth politics must be conducted with renewed strength, in order not to miss out time of the "opened doors of possibilities".

Kazakh young people - in an amicable way ambitious, breaking forward, ready sincerely to manage great causes. In this connection it is extremely important to carry - every personal achievement of young man, disemboguing in a single patriotic stream, forms, in final analysis, national success of Kazakhstan.

Coming forward on the first convention of youth wing "Жас Отан", First President of Republic of Kazakhstan is Leader of Nation Н.А.Назарбаев, setting the contours of new generation, marked: "I ask yourself often, what he will be, "Kazakhstan of the future". Today, looking on you, I see him. His eyes must burn thirst for new knowledge. His mind must be sharp-cut for the decision of the most intricate problems. His heart must flame selfless love to Motherland. He must be healthy, smart and strong".

Our youth politics principle - young man, his actual necessities and perspective interests must underlie.

Four base elements, on that a public youth policy will be concentrated, also marked President, it:

it is good trade education;
it is stable work with the deserving level of payment;
it is an own accommodation for creation of family;
it is a presence of possibility to conduct the healthy way of life.
Due to far-sighted politics of the state today young everybody has an access to higher education, including possibility of receipt of elite foreign education on the basis of equal competitive selection.

There are grounds in order that time came, when the citizens of Kazakhstan will be proud of that modern knowledge, innovations and NT, are generated by people that got education for us.

Realization is needed that carelessly to get knowledge and, the same, to build the future to become possible only due to the world and consent in the state.

For relatively small period of independence Kazakhstan managed to accomplish successes not simply, already there are the real victories and even triumphs. All of it became possible due to military labour of Kazakhstan.

. Herein there is a considerable merit of the young generation of our republic - they are curious, patriotic and sincerely believe in success of the country. This phenomenon needs to be done by mass, him it is needed, that is named, to "put on a stream" to cultivate.

It appears that our young people will choose the way of first and will lead becoming of new hi-tech Nation.

Thus, mainly - to do all possible, to help young Kazakhs to believe in itself, find a confidence in the forces, to prove, expose the hidden potential. It is necessary immediately to open a road to the most deserving, prepared and responsible young people. They are persons of the same age of renewed democratic Kazakhstan. In them there is his force, his freedom-loving spirit, aspiring to the new opening and performing. And coming them to prove a right for our country on high positions in the world.


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ - ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ
Хамитова Құралай .Козыкина

Нүркенова Әйгерім .Даулыбайқызы.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
«Қазақстан ұлы держава болу үшін бізге күш- қуаты,

қажыр- қайраты мол да, ойлы, тәрбиелі, дарынды жастар керек»


Бүгінгі таңда ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпақққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдары

идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн».Олай болса басты мақсат- жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:

Оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;

Жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,

мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту;

Ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін өнерін, салт дәстүрін,

рухани –мәдени мұраларды қастерлеу;

Жас ұрпақ бойында жанашырлық сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.[1]

Ұлттық тәрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселерді: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім

балалар, «қиын» балалар,қарттар үйлеріндегі әжелермен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте- бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы.

Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан- 2030» бағдарламасында:

«Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп кемелденеді, біздің балаларымызбен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.

Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады.Бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.

Кейінгі ұрпақ бейбіт жылдам өркендеу үстінде күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады.

Егер біз адамгершілігі жоғары ел, өркениетті қоғам боламыз десек,жас ұрпақтын алдындағы жауапкершілікті күшейтуіміз керек» деген болатын.

Осыған орай елімізде жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің жаңа ұлттық моделін жүзеге асыру, жаңа әдіс тәсілдер мен технология, білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық зерттеулерін қарастырып, ұлттық құндылығымызды пайдалану арқылы өз ұлтымыздың асыл қасиетін дәріптейтін білім мен тәрбие берілуі қажет екендігі айтылады. Қазіргі заманда бала дұрыс тәрбие алу үшін жағдайдың бәрі жасалған. Егеменді Қазақстанға өркениетті елдердің қатарынан көріну үшін білімді ұрпақ керек. Білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың қолында. «Бүгінгі мектеп партасындағы оқушы - ертеңгі ел болашағы»,- деп анық айта аламыз, бүгінгі таңда жас ұрпақ тәрбиесіне айрықша назар аударылуда. [2]

Ұлы ғұлама ғалым Әл- Фараби бабамыз: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі тиіс, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»- деген екен. Еліміз өркениетті ел қатарына жататын әлемдік деңгейдегі ел болсын десек, өз ұлтымызды, елімізді, тілімізді, салт- санамызды ардақтайтын, асыл қасиетімізді құрметтейтін, тәрбиелі, саналы ұрпақтардың өсіп жетілуіне басты назараударуымыз керек. Тәрбиесіз берілген білімнен нәтиже күтудің қажеті жоқ екендігін айтпаса да түсінікті. Өткен тарихымызға көз жіберсек, қаншама білімді адамдар өз білімдерін, ақыл ойларын қанды соғысқа, халықты жоюға жұмсады емес пе?

Сондықтанда, маманнан бұрын адам тәрбиелеу қай елде немесе ұлтта болмасын бірінші шешетін мәселе болуы тиіс.

Еліміздің болашағы білімді, дарынды, елжанды ұрпақ десек , дарындылық пен білімділікті ұштастырып, дұрыс тәрбие беруіміз тиіс. Ал білікті де саналы ұрпақ біздің мемлекетімізді әлемдік деңгейге дейін

танытатын дара тұлғалары болары анық. Сондықтан, еліміздің жанашыр, елжанды ұрпағын өсіреміз десек, ұлттық тәрбиемізге ерекше көңіл аударуымызқажет.

Қоғамды жасайтын, мемлекеттің ісін ілгері алып баратын, прогреске

қызмет ететін азаматтарды тәрбиелеу қай қоғамда болмасын, мақсатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Тәрбие жоқ жерде қоғамның ілгері басуы болмайды.

Жас ұрпаққа тәлім тәрбие берудің бастауы-отбасы. Отбасы арқылы халықтың ұрпақтан- ұрпаққа мұрагерлікке қалып отырған салт- дәстүрлері мен әдет –ғұрыптары жалғасын табады. Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.

Абай атамыздың жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі- ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі – білсем екен деп ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді»- дейді.[3]

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты- балада» деген екен. Кез келген адам өз өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреуі бақытты байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансаппен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты- тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағым мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам ұрпағының мәні өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата- ана алдында нәзікте, қиын, қыр- сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бұл Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да айқын « Ата – аналар алғашқы педагогтар»,- деп жазылған. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық,татулық, қайырылымдылық, әдептілік, инабаттылық саяси қасиеттер- жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді.

«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкетай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұған кейбір әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрсып жіберуі мүмкін бұл қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды.Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, олда ересектерді сыйлап, кез-келген тапсырманы орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру, немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата- ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіңе үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн.

«Көрінген таудың алыстығы жоқ » дейді, ертең ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді. Басқа өмір аңсайды немесе теріс тәрбиеге тез бой алдырып

үлгереді, егер осы теріс жолға бірден бет бұрып кетсе, онда бәйтеректің бірбұтағы қисық өсті дей беріңіз. Сонда негізгі кінәні кімнен іздейміз?

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. Иә, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамытып, дұрыс білім алуына жағдай жасау ата-ананың басты парызы. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ түйек дейтін еш нәрсе жоқ және сол нәрседенде қателесуімізге хақымыз жоқ. Осы мәселелердің алдын алмасақ, кереңдеген келінге, мәңгүрт бала мен рақымсыз ұл қызға, жем болу қауіпіміз бар. Егемендігіміз есік қағып, тәуелсіздігім тәй-тәй басып келе жатқанзаманымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуге, рухани және қауіпсіздік дамуына жағдай жасау адамгершілік жағынан қамтамасыз етуге міңдеттіміз.

Қазіргі таңда заман талабына сай бала тәрбиесіне кері әсер ететінфакторларда жеткілікті. Сонын ішінде, көкек аналарымыздың іс әрекеті,

шақалақтарының көздерін мөлдіретіп, көз жасына қарамастан есіктін алдына шырылдатып тастап кетіп, шетелдіктерге қомақты қаржыға сәбилерін сатып қылмыстың ең үлкен түрін жасауда.

Шетелдіктер қазақтың қара домалақ балаларын асырап алуы, қарқын алып өсіп келуде. Басқа елде жүрген сәбилеріміздің бет жүзі жарқырағанымен, ішкі жан дүниесінде бір мұнның болары анық. [4]

Бала- әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Атақты ғұлама ғалымдарымызда бала тәрбиесіне үлкен мән берген.

Жүсіп Баласағұн

Жетесіз ұлдан жетелі құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келіп, -

аналарға мынандай кеңес береді:

«Ұл – қызыңа үйрет білген білімді

Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді.

Сонда ұл – қызың адамдықтан таймайды

Көңілі-таза, көзі шоқтай жайнайды».

Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адам дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» дегендей, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру- шынында да оның туған кезінен басталса керек.

«Бала дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»- деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай еңселі егемен еліміздің қуатты тұтқасы саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мейірлі міндеті.

Біздің ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіріп, сол арқылы әлемдік рухани өркениеттің өріне шығып, нәр алу- бүгінгі күн талаптарының маңыздысы.

Ата- бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес өсиеттері, асыл мұрасы ұлттық рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мәдениетін ояту- баршамыздың парызымыз.

Сондықтан ұлттық сана- сезімі толыққанды жетілген, туған тілін еркін білетін, ұлттық сипаты мен ұлттық рухын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелей аламыз.

«Болашаққа жоспар құрсаң, баланы тәрбиеле», деген шығыс нақылында, жас ұрпақты патриоттық тәрбие негізінде егеменді еліміздің көк байрағы көк аспанда мәңгілік желбіремек!



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.«Тәрбие құралы» Әубәкір Қайран 2016 ж [ 7-9 б]

2.«Ұлттық тәрбие» С.Ж. Пірәлиев 2016ж [23-24 б]

3.«Сыныптағы тәрбие» Мынажадин Сермағамбетов 2016ж [3-4 б]

4.«Мектеп» Бапаев Куатбек 2015ж [16-17 б]

АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҢ ЖАСАЙДЫ
Шаяхметова Жазира Түбекбаевна

Ахметжанова Гүлдерай Хамидоллиновна
Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін

мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері
«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл – қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!»

С.А.Назарбаева
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер жанұяда балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.

Бірақ, көп жағдайда ата-аналар балаларына дұрыс тәрбие бермейді.Бала ата-анасына қарап өсетінін ескермей жатады. Мысалы: ата-ана өзі істемегенді баладан талап етеді. Ата-анасының үнемі кітап оқып отырғаның көрген бала, міндетті түрде кітапқа қызығушылығы оянады, ал ата-анасы үйінде кітап оқымай, күнде ұрыс-керіс көрген бала, көп жағдайда кекшіл немесе жасқаншақ болады. Баланың жан-жақты тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы ол ең бірінші ата-ананың мейірімі мен жан жылуына, отбасылық махаббатқа байланысты. Бала тәрбиесі кезінде ата-ана ең алдымен қателіктерін түзеп, балаға түсіністікпен қарап, зекіп дауыс көтеру, қол жұмсау деген жаман әдеттен арылуы керек. Бала өзінің кішкентай мәселелерін өзі шешуге дағдылансын.



Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы, өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Ата-бабаларымыздың қоршаған ортаны аялауы мен оған деген ізгі, мейірбан қарым-қатынасын мақтанышпен айтуға тұрады.

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы деген қорытындыға келдік.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, жеке болған мекеме болған емес. Сондықтан, оның іс-әрекеті отбасымен, қоғаммен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетаным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс, сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен, отбасымен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Ата–аналармен жүргізілетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:

Ата–аналармен тұрақты байланыс орнату.

Отбасы мен мектептің балаға қоятын талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

Ата–аналар ұжымын құру.

Ата–аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары: тәрбиелік-дамытушылық; қалыптастырушылық; бақылаушылық; тұрмыстық; хабарламалық.

Міндеттер: ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру; ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру; ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейе түсуде. Елбасы өзінің жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі»,- деп атап көрсетті.

Сонымен қатар, білім беру саласын,оқытудың әртүрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес.

Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты- білімнің жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін бақылаудың, оқу мен тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру,

Балаға сіңірген ата-ана еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды, ол өле-өлгенше суынбайтын махаббат" деген сөзімен аяқтағым келеді. Менің ойымша, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса ғана, елдің болашағы зор болмақ. Ата-ана мен мектептің оқу мен тәрбие үрдісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болғанда ғана қазіргі бүлдіршіннен болашақта елінің даңқын асқақтатар азамат шығатынына кәміл сенемін!


Пайдаланылған әдебиеттертізімі:

1.Оқыту-тәрбиелеу технологиясы. №6. 2013 ж

2.Қазақстан мектебі. №3. 2010 ж

3.Қазақстан мұғалімі. №22. 2012 ж

4.Қазақстан мұғалімі. №16-17. 2012 ж\


ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ

БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ НЕГІЗІ
Агдавлетова Анар Шамбылқызы

Қазақстан агротехникалық колледжі,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
«Адам ұрпағымен мың жасайды» ,-дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастырған адамзат мәңгілік жасап келеді. Осы ұрпақты жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- білім. «Бақыт жолы біліммен табылады» деп ойшыл- философ Ахмед Йүгінеки тұжырымдағандай, білім- адамның бойындағы қабілеттерін кеңінен тануға ашуға және пайдалануға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ететін құндылық.Білім мен оның дамуы- адамзат өркениетінің өлшемі.Олай болса білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді.Біз өмір сүріп отырған заман қазіргі кезең- жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор.Қазіргі таңдағы білім беру- сабақтастағы бар білім беру бағдарламарлары мен нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологияларды үйлестіре іске асыру жолдарының мазмұнды жүйесі.Бұл жөнінде қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8- бабында «Білім беру жүйесінің басты міндетерінің бірі- оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.

Сондықтан қазір оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс- тәжірибесі зерттеліп, оқыту орындарына енгізілуде.Ізденпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс- оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Осы тұста Ж.Аймауытовтың мына пікірі еріксіз еске түседі: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер. Осыған сай әр мұғалім өзінің сабақтарына көбірек көңіл бөліп, жаңа технологияны үздіксіз пайдаланса,сабақ тартымды да, мәнді, тиімді, қонымды болары сөзсіз.Жаңа технологияны меңгеру оқытушының орасан зор кәсіптік шеберлігінің,іздемпаздығы мен сауаттылығының жоғары дәрежеге көтерілуіне себеп болады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі -баланы оқыта отырып, оның ерекшелігін, белсенділігін қалыптастыруға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Қазіргі кезде кеңінен қолданып жүрген технологиялардың бірі- Ж.У. Кобдикованың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Бұл технологияның өзіндік ерекшелігі сабақ барысында білім алушының өзі ізденіп, өзі оқып,өзі үйренуіне жағдай жасалған. Сабақта проблемалық оқыту іске асады. Оқытушы білі алушыға бағыт бағдар беріп,басқарушылық міндеттер атқара отырып,әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтайды.

Білім алушының қызметі тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады

(интеллектуалды даму, тіл мәдениеті, дербестігі, көшбасшылығы, жауапкершілігі т.б.) Әрбір білім алушының дамуы өзге білім алушымен емес, өзімен салыстырылады.Білім алушыға өз- өзін бағалауға мүмкіндік беріледі. Бұл технологияда жеке және топтық оқыту түрлері негіз болады.Мұндай топта білім алушы өз даралығын жоғалтпайды. Қажетті жағдайда олар бір- бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттер шешеді.Жеке оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсымаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді.Бұл технологияның басты мақсаты- білім алушының оқу- танымдық әрекетін жандандыра отырып, оны алға қойған мақсатқа, жеке басының қабілетін толық пайдаланып, тиісті деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Сын тұрғысыныан ойлауды дамыту технологиясы ойлану сабақтарында оқыту,үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу арқылы жүзеге асырылады. Ұжымдық іс әрекет білім алудағы ортақ қарым- қатынасты тудырады. Оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауап табуға үйренеді,сұрақтарға тынымсыз іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Мысалы:ой қозғау арқылы өрбитін сабақта, әрекет ету, түртіп алу,салыстыру, ой толғау, түсініктеме алу, кубизм, еркін жауап, қорытындылау, жолдары,4-5 жол өлең шығару т.б. көптеген жұмыс түрлері жүргізіледі. Білім беру мен тәрбиелеудің үздіксіз процессі. Сын тұрғысынан технологиясы оқушылардың өз бетінше тұжырым жазу, қорыту, құбылыстар арасынан тиімдіні таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу, басқамен қандай деңгейде болса да қарым – қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту, топ алдына шығып өз тұжырымын айту,ойын қорғай білу қабілетін дамытады.Осының бәрі әрбір оқушының өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндігін ашады. Бір—бірін сыйлауы, тыңдап сөйлеуі дамиды.

Қорыта келе, бүгінгі таңдағы білім беру өзегіне айналып отырған мәдениет, білім, тарих бірлігі тілдің өткен тарихы мен бүгінін сабақтастыратын жол. Жаңа жүйе, жаңа бағыттар жас ұрпақтың болашақ дамуының, сапалы білім мен саналы тәрбие құралы болуына бірден бір негіз болып саналады,білім сапасының көтерілуіне негіз болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Қ.Өстеміров,А.Айтбаева «Қазіргі білім беру технологиялары» Алматы, 2006 жыл.

2.М.Байжанов «Педагогикалық ииновация және оқытудың қазіргі технологиялары»

Қызылорды,2006 жыл

3.Ж.У.Кобдикова «Үшөлшемді әдістемелік жүйе нәтижеге бағытталған білім берудің

тиімді механизмі»




ПРИМЕНЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ КАК ОСНОВА ВНЕДРЕНИЯ ПОЛИЯЗЫЧИЯ В ДОШКОЛЬНОМ ОБРАЗОВАНИИ
Айгелова Жанат Алдашевна, Койшибаева Гульмира Шегебаенва

учителя казахского языка,

Жигайло Анастасия Викторовна – учитель-логопед.

ГККП «Ясли – сад № 2 акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Тезисы: дошкольное воспитание и обучение; полиязычие в дошкольной организации; применение инновационных технологий в обучении дошкольников.

Дошкольный период является сензетивным в развитии ребенка, его эмоционально-волевой сферы, речи, коммуникативных способностей, социально-бытовых навыков. Воспитанию и обучению детей дошкольного возраста уделяется большое внимание в Казахстане на протяжении уже многих десятков лет. Большой вклад в развитие дошкольного образования Казахстана внесла педагог-ученый Назипа Кулжанова. В своей книге «Дошкольное воспитание» педагог предлагает открывать специальные учреждения с целью воспитания детей [1,5].

С целью повышения уровня воспитания детей в специально-организованных учреждениях, автор предлагает обратить внимание на обучение педагогов, которые должны знать природу ребенка, чтобы правильно воспитывать детей. Н. Кулжанова внесла неоценимый вклад в развитие дошкольного воспитания в Казахстане, была новатором создания Программы воспитания в детском саду в республике, выдвинула оригинальные требования к воспитанию дошкольников: учет половозрастных особенностей при воспитании детей дошкольного возраста и воспитание детей на родном языке [5].

В ноябре 1999 г. правительство Казахстана приняло постановление № 1762 «О вопросах обязательной предшкольной подготовки детей», согласно которому в образовательных учреждениях могут открываться одногодичные предшкольные классы для подготовки детей к школе [2]. Норма обязательной предшкольной подготовки стала одним из достижений страны в пользу детей дошкольного возраста. В настоящее время Государственная программа развития образования в Республике Казахстан определяет и углубляет основные приоритеты и принципы государственной политики в области образования, направленные на дальнейшее развитие системы образования, в том числе дошкольного воспитания и обучения [3].

Одним из приоритетных направлений современной системы воспитания и обучения детей дошкольного возраста организациях и школах является их полноценное личностное и познавательное развитие, важным аспектом которого является формирование речи и овладение языками.

Необходимость реализации образовательной и языковой политики служит стимулом для разработки системы деятельности дошкольной организации по обучению государственному языку, русскому, языку межнационального общения и английскому, языку международного общения и сотрудничества. Методологической основой системы деятельности по обучению государственному языку на конкретно-научном уровне является культурологический подход, который предполагает построение образовательного процесса с учетом культурного наследия, норм, ценностей, доминировании культурно значимого взаимодействия между субъектами образовательного процесса. В результате реализации культурологического подхода в условиях образовательного процесса детьми осуществляется освоение мировой культуры, у них формируется правильное представление о культурном наследии человечества, развиваются личностные качества, обеспечивающие создание новых культурных ценностей.

Основным видом деятельности в дошкольном периоде является игра. В связи с этим, педагогами яслей-сада активно разрабатываются и применяются на практике информационно-коммуникационные технологии. Разработаны и одобрены дидактические пособия, интерактивные игры и электронные презентации, флипчарты к лексическим темам, приведены в электронный формат дидактические задания к игровизорам Воскобовича, схемы Т.А.Ткаченко. актуальность данных пособий заключается в том, что каждое из них представлено на трех языках.

Компьютеризация процесса ОУД предполагает новый увлекательный способ обучения, который интересен детям и экономит время педагога.

В цифровых образовательных ресурсах, разработанных педагогами яслей-сада № 2, центральным звеном является формирование умения у каждого ребенка общаться на казахском, русском и английском языке в рамках требований к лексико-грамматическому и фонетическому уровню развития в старшем дошкольном возрасте. Развитие связной речи является центральной задачей коммуникативно-языкового развития детей. Это обусловлено, прежде всего, ее социальной значимостью и ролью в формировании личности. Именно в связной речи реализуется основная, коммуникативная функция языка и речи. Связная речь – высшая форма речи мыслительной деятельности, которая определяет уровень речевого и умственного развития ребенка. Для достижения этой задачи необходимо:

• развивать умения и навыки детей в устной речи и аудировании;

• широко использовать зрительную, слуховую и моторную наглядность;

• строить обучение английскому и казахскому языкам как процесс вхождения в культуру носителей языка, начиная с детского фольклора;

• применять современные технологии, электронные учебники;

• формировать потребность в совершенствовании своих знаний и умений.

В основе цифровых образовательных ресурсов «Развивайка», «Игровизор» лежит игра, как основа обучения полиязычию. Игры, формируя основу умственной деятельности, повышают интерес ребенка к изучению казахского и английского языков и имеют двойное значение – учиться, играя. Каждая игра имеет свое содержание и целенаправленные задания. В ходе игры развиваются наблюдательность, фантазия, согласованность, выдержка и самостоятельность мышления. Компьютер выступает в роли инструмента, так как включение в процесс обучения конкретных визуальных элементов способствует снятию сложностей. Когда дети видят на экране компьютера красочные картинки, схемы, анимированные образы, они лучше воспринимают и усваивают новый сложный материал. Всё это создает благоприятные условия для продуктивной организации деятельности детей в условиях применения инновационных технологий обучения.

Использование ЦОР в организованной учебной деятельности помогает специалистам дошкольных организаций развивать у детей коммуникативно-языковую компетентность детей и еще решать следующие задачи:

дидактическая — расширение кругозора, формирование компетентностей на уровне применения в практической деятельности;

воспитывающая — воспитание самостоятельности, сотрудничества, коллективизма, коммуникативности;

развивающая — развитие внимания, памяти, речи, мышления, умения сравнивать, сопоставлять;

овладение ИКТ компетентностями;

социализируюшая — адаптация к условиям среды, обучение общению.

Рассматривая ИКТ как средство, используемое при организации непосредственно-образовательной деятельности в ДО, следует помнить о том, что эта деятельность имеет свою специфику, она должна быть эмоционально-насыщенной, яркой, с привлечением качественного иллюстративного материала, с использованием аудио - и видеозаписей. Все это может обеспечить компьютерная и цифровая техника с ее мультимедийными возможностями.

Мультимедийные игры-презентации, созданные с помощью базового пакета Power Point и флипчарты, разработанные в ActivInspire позволяют представить обучающий и развивающий материал как систему ярких опорных образов, наполненных исчерпывающей структурированной информацией.

Способность компьютера воспроизводить информацию одновременно в виде графического изображения, звука, речи, видео, запоминать и с огромной скоростью обрабатывать данные позволяет создавать для детей новые средства деятельности, которые принципиально отличаются от всех существующих игр и игрушек. Использование новых непривычных приёмов объяснения и закрепления, тем более в игровой форме, повышает непроизвольное внимание детей, помогает развить произвольное внимание. Информационные технологии обеспечивают личностно-ориентированный подход [6]. Возможности компьютера позволяют увеличить объём предлагаемого для ознакомления материала. Кроме того, у дошкольников один и тот же программный материал должен повторяться многократно, и большое значение имеет многообразие форм подачи. Вне занятий компьютерные игры помогают закрепить знания детей; их можно использовать для индивидуальных занятий с детьми, опережающими сверстников в интеллектуальном развитии или отстающих от них; для развития психических способностей, необходимых для интеллектуальной деятельности: восприятия, внимания, памяти, мышления. В ходе игровой деятельности, обогащенной компьютерными средствами, повышается творческая способность ребенка [7].

Требования, предъявляемые к современной дошкольной образовательной организации, достаточно высоки. В связи с этим возникает необходимость, с одной стороны, объективной оценки ужу достигнутых результатов, а с другой—сравнение их с ожидаемыми прогнозами. Поэтому для повышения эффективности организации воспитательно-образовательного процесса важно не только овладеть системой объективных диагностичеких методик по усвоению программного содержания дошкольниками, но и прогнозировать результаты.

Применение мониторинга дает возможность педагогу решать вопрос управления качеством обучения, способствует принятию управленческих решений и оптимизации деятельности педагога [4, 71]. Использование разработанных дидактических пособий положительно влияет на динамику общего психоречевого развития дошкольников, повышает уровень качества обучения языкам, способствует развитию коммуникативно-языковых навыков, инициативы в общении со сверстниками и взрослыми.


Список использованной литературы:

1.Казахстан в женских лицах: история и реальность. Назипа Кулжанова / Отв. ред.

Сыздыкова Р. - Алматы, 1998. - 5 с.

2.Концепция предшкольной подготовки детей, утвержденная приказом Министерства

образования и науки Республики Казахстан «О вопросах предшкольной подготовки

детей» от 01.12.99 г. № 75.

3.Кусаинов А.К., Амирова А.С., Искакова А. Т. Дошкольное образование в Казахстане

(справочно-аналитический обзор). Алматы, ЖШС «ROND@A», 2011.

4.Искакова А.Т. Мониторинг состояния дошкольного образования в Казахстане и условия

его развития/ «Педагогика и психология».- №1, 2011.



http://e-history.kz/ru/publications/view/1234 © e-history.kz

5.Горвиц Ю., Поздняк Л. Кому работать с компьютером в детском саду. Дошкольное

воспитание, 1991г., № 5

6.Моторин В. "Воспитательные возможности компьютерных игр". Дошкольное

воспитание, 2000г., № 11


«Дарындылықты анықтау және қолдану технологиясы»
Ақылбекова Луиза Бекетқызы

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі

Бастауыш оқытудың педагогткасы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы

Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет. Бүгінгі таңда мемлекет пен қоғамның алдында тұрған басты мақсат Республиканың интеллектуалды әлеуетін сақтау және қазақстандық азаматтан зиялы қауымды дайындау. Білім мен ғылым кеңістігінде еліміздің білім қызметкерлері көптеген тың өзгерістер енгізді. Интеллектуалы жоғары, қоғамға жаны аши білетін азаматтарды дайындау мектеп қабырғасынан басталады. Ендеше жаңа ғасыр мектебінің алдында тұрған міндет – дарынды балалармен жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Дарындылықты дамытудың қазіргі кезде нақты бір белгіленген бағыты, жүйеленген әдістері немесе тәсілдері жоқ. Оқу мен тәрбиенің сыныптағы бала танымына лайық жолдарын сұрыптау, әр баланың даралық ерекшелігін дамытуға, қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатымызға айналуы тиіс. Ғылыми-әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады: дарынды балалар сипаттамасы, дарындылықтың факторлары.

Жалпы қабілеттілік: ерекше есте сақтау, ауызша түсіну және ойды нақты баяндау, сөйлеу шапшаңдылығы, мол сөздік қор,есептеуіш қабілеттіліктер, ойлау өткірлігі (қабылдау жылдамдығы), қабылдау кеңдігі ( объектімен кең композициялар құру), байқағыштық, когнетивті көзқарас.

Арнайы қабілеттілік: академиялық (жеке пәндер бойынша жоғары нәтижелер), лингвистикалық (тілді қолдану қабілеттілігі), қисынды-математикалық (объектілермен, символдармен, белгілермен жұмыс жасау), кеңістік (үлгілермен, фигуралармен, суреттермен жұмыс жасау).

Шығармашылық қабілет: мәселені түсінушілік (олардың танылуы, табылуы), шапшаңдылық (түрлі идеяларды генерациялаудағы шапшаңдық), икемділік (мәселені шешу мүмкіндігіне жеңіл ауысу), түпнұсқалық (объектіні дамыту, жаңа шешімдер, идеялар), елестету (фантазия), жоспарлау, шешімдерді қабылдау, шешімдерді жүзеге асыру, зерттеушілік белсенділік, эмоционалды белсенділік, сезіну, аналитикалық қабілеттіліктер (идеяларды бағалай білу дағдысы), өзін-өзі дамыту, түпнұсқалық шешімдерге жету.

Дарынды бала жайында айтылған сипаттамаларды байланыстыра келе, дарынды баланың қарапайым балалардан ерекше болып келетін белгілерін қарастырамыз. Дарындылықтың сыртқы көріністері әртүрлі интеллектуалдық және жеке тұлғалық қабілеттіліктерінде түрліше көрінеді.

Жалпы дарындылық балаға табиғатпен берілетін ерекше қабілет деп қарастырсақ, олай болса әр баланың жеке қабілетіне тұлғаның интеллектуалды дамуы, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту – дарынды баламен жұмыста басты нысана болмақ. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың дамып жетілуін зерттеп – зерделеген жөн.

«Әрбір бала – болашақ данышпан» деген қағидаға ой жіберсек, ұстаз атаулының жас шәкірттерді дарынды, дарынсыз деп жіктеуінің үлкен қателік екенін сеземіз. Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. «Туа» біткен данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе – келе қалыптасқан» данышпан деп атау негізге алынған.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік – баланы психологиялық дайындықтан өткізу. Психологиялық дайындық, яғни педагогтың психологиялық әсері шығармашылық шеберлік үшін оқушыға ұстаздың берер психологиялық әсері мынадай болмақ: «Сенің қолыңнан бәрі келеді», «Сен қабілеттісің», «Жаз», «Үйрен» деп баланың еркін билеп, сенім білдіру;

-оқушының кішкентай жетістігі болса да жоғары бағалап, мадақтап, көтермелеу, оқушылар басылымында өлең, әңгімелерінің жарық көруіне көмектесу;

-шығармашылық сәтте оқушыға құптаушылық көзқарас білдіру, сезім күйін байқау, қамқорлық таныту;

-ақын – жазушылардың, өнер адамдарының шығармашылық дәстүрінен қызғылықты оқиғаларды әңгіме ету:

-оқушылар үшін педагог өзін қарапайым жан есебінде таныта білу, оқиға, сюжет, образ жасауда оларға сенім білдіру;

-оқушының қойған сұрақтарына пейілмен жауап беру, олардың психологиялық екпіндігін қамтамасыз ету сияқты әрекеттерді мұғалім білуі тиіс.

Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және іс – әрекетін демеп, қабілетін дамытып, оның әрі қарай дамуына бағыт – бағдар бере білу– ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін танып, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны аңықтауға болады. Рейтинг жүйесі бойынша бағалау.

Тапсырма - Оқушы аты – жөні - Деңгейлік тапсырма - Танымдық сұрақтар - Теориялық тапсырма - Венн Диаграммасы - Тірек схема сызу – Мәнжазба - Сұрақ – жауап - Тест жұмысы - Ұпай саны.

Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Мұғалім оқушының қабілетін сабақ кезіннен бастап – ақ байқайды, олай дейтінім, мұғалім оқушының бойынан бір ерекшелікті байқағаннан – ақ тапсырманы күрделендіре түседі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт – бағдар беріп отырады. Оқушы тапсырманы орындағанда өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жалғастырады. Әр мұғалім бала бойындағы дарындылықты ашуды өз сабағынан бастайды. Оқытудың мәңгілік сауалы: нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? күрделеніп барады. Себебі, білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді. Таланттылық пен дарындылықты дамыту үшін жаңа ұтымды әдістерді іздеу қажет. Ол әдістердің оқушылардың белсенділігіне, ізденімпаздығына, оқиғаны сын көзбен қарауға негізделген.

Дарынды оқушымен жұмыс жасағанда оқушы жанындағы психологиялық - педагогикалық және әлеуметтік жағдайына назар аудару керек. Балаға әсер ететін орындар: ата – ана, мұғалім, қоршаған ортадағы жолдастары. Баланың жанын түсініп, ерік, күш – жігерін оятқан кезінде ізденушілікке көңіл бөлу қажет. Оқушының дарындылығын психо-диагностикалық әдістемелер жинағы арқылы анықтап, бақылау, әңгімелеу жоспарланған сұрақтар арқылы оқушының сөзді есте сақтау, өз пікіріне дұрыс шешім тауып сөйлемге толық мән беріп жеткізуін байқауға болады. дарынды оқушыны анықтап болған соң, оларды дамыту жұмыстары басталады. Яғни баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу ғылыми жоба ретінде көмек беруін мұғалім тарапынан көмек көрсетіледі. Дарынды оқушылармен жұмыс барысында мұғалім үшін қалыптасқан тұлғаны дамытуға ең тиімді жолмен кеңес серияларын ұйымдастыруға себеп туғызады. Дарынды оқушының жүрегіне жол тапқан ұстаз педагогикалық тұрғыдан шеберліктің қайнар көзіне айналады. Дарындылық табиғаттан берілген ерекше қабілет деп түсінуге болады. Мысалы: жоғарыда аты аталған дарындылықтың мынадай түрлері бар. Интеллектуалдық, академиялық, көркемдік, шығармашылық, лидерлік және спорттық. Мектеп психологы болғандықтан осы аталған топтың ішінен психо-диагностикалық тестер мен сырттан бақылау арқылы мектепте дарынды оқушылардың шығармашылық пен лидерлік топқа жататындығын анықтап байқадым. Ақыл – ой дарындылығы едәуір басым оқушыларды ойлауды бағалау диагностикасын жүргізу арқылы анықтауға болады. Диагностика арқылы оқушының ақыл – ой дамуы, танымдық әрекетіндегі тұлғалық ерекшеліктері толық мағлұмат алуға болады. сараптама жүзінде логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесі алынады.

Осындай әдістемелер арқылы оқушының қабілетін, дарындылығын, ізденушілігін анықтауға болады. Болашақ дарынды бала өз қатарынан әлде қайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі іс – әрекет бойынша асқан қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен танылатын баланы тәрбиелеу – аса маңызды талап дейміз.

Оқушылармен ізденіс жұмыстарын жүргізе отырып, табиғи дарындылығына ықпал ету.

Дарынды бала – бұл болашақта жаңа технология шығарушы, әділ саясаткер, рухы биік адам, бұл – ұлттық құндылық.

Білікті маман дарынды оқушылармен жұмыс істегенде өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:

1.Дарындылықты анықтау, дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі және сол бағытта талмай жұмыс жасай алады.

2.Олар дарынды оқушыға қосымша тереңдетілген бағдарламалар жасай алады және олардың өздігімен жұмыс жасауына, шығармашылық ізденістеріне қажетті кеңес береді.

3.Оқушыға дұрыс бағыт – бағдар беру арқылы оның ғылыми – зерттеу жұмысымен айналысуына көмек көрсету керек.

4.Педагогикалық үрдісті диагностикалау жұмысын жүргізе алады және оларды бір – бірімен байланыстыра алады.

5.Дарындылықты анықтауда әртүрлі психо-диагностикалық әдістемелерді және оқытудың әртүрлі жаңа технологияларын тиімді пайдалана біледі.

Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау, мектеп, отбасы, мұғалімнің рөлін анықтау үшін бағдарлама қажет. Бағдарламаның мақсаты – баланың жеке бас ерекшеліктерінің дамуына жол ашу, қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу. Шығармашылық қабілеттің дамуы әрбір балаға қажет екендігін, әр тұлғаның қоғам дамуында өз орны бар екендігін біле отырып дарынды балалардың тек өткенге емес, болашаққа қызығуымен де, іс – әрекеттердің жаңа тәсілдерін меңгеру қабілеттерімен де ерекшеленетіндігін атап өту қажет. Дарынды балаларды оқыту бағдарламасы олардың мүмкіндіктері мен талаптарына және осы деңгейдегі оқушыларды оқыту мақсатына сәйкес келуі керек.

Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Акменбетов Қ.Ж.  Дарындылықтың теориялық негіздері //

Педагогика мәселелері, 2009ж.

2.Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 2001ж.

3.Ахметов Ж. Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу жолдары. //

Қазақстан мұғалімі, 18 ақпан,2004ж.

4.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 2002ж

5.Бекжанова М.Б. Дарынды балалармен жұмыс – заман талабы //

Қазақстан орта мектебі, 2009ж.

6.Бектібаева З. Дарындылық  дамытудың  теориялық  негіздері //

Қазақстан мектебі, 2009ж.


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ТАБЫСТЫ ОҚЫТУДЫҢ КЕПІЛІ
Алматова Эльвира Садерхановна

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Қазанбасы орта мектебі»ММ биология пәнінің мұғалімі

Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор.

Оқытудың жаңа технология элементтерін меңгеру – қазіргі заман талабы. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда жаңа технологиялардың маңызы зор. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді.  

Сыныптарда оқып жатқан оқушы саны аз болса да мемлекеттік стандартқа сай оқу бағдарламасын орындап, оқытудың тиімді жаңа технология элементтерін пайдалану арқылы шағын жинақталған мектептің мұғалімінің құзырында. Мұғалім таңдаған оқытудың әдіс-тәсілдері алдымен оқушы үшін, жақсы нәтижеге жететіндей тиімді болуы керек. Ауыл мектептерінде биологияны оқыту тұлғаның жан-жақты қабілеттерін: фантазиялық еркіндігін, зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастырып, шығармашылығын дамытады.

Инновацияшыл мұғалімдер оқушыларды өздерінің оқуына белсенді жұмылдыра алады. Анағұрлым тиімді мұғалімдер оқу үдерісіне жалпы ықпалын тигізе отыра, өз оқушыларының тұтасымен қатысуына мүмкіндіктер береді. Дәстүрлі мектепте мұғалім сабақты жоспарлайды, оқушыларға тапсырмалар береді, орындалуын бақылайды және бағалар қояды. Балаға оқу жоспары аясында өзінің ілгерілеуі мен алға басуын өздігінен бағалауды үйрету үшін педагог оқушыға не істеу керектігін көрсетпеу қажет, ал оқушы өз еңбегінің нәтижелерін өзі бағалауды және жекелей де, сонымен бірге топтық мәнмәтінде де өзінің әрекеттері үшін, жауапкершілікті алуға үйренуі үшін онымен өзара қарым-қатынас болашақ түлекті өзекті еңбек үдерісіне дайындайды, ол басшылықтың аз болғанын, еңбек әрекетін анағұрлым жеке жоспарлауды және алынған нәтижені өзі бағалауды көздейді.

Өзін-өзі бағалау дағдысын игеруден құралатын оқу жобалары оқушылардың оқу іс-әрекетін жоспарлау және өзінің алға басуын бағалау мүмкіндігін беру үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болуы тиіс. Осындай оқу тапсырмаларының нұрқасы сыныптағы жұмыс болып табылады, сол кезде оқушылар топтарға бөлінеді, рөлдерді өздері бөледі, одан арғы әрекеттерді талқылайды және жоспарлайды. Қалаған кезде оқушылар мұғалімнің басшылығымен бір-бірімен кері байланыспен алмасады және сыныптастардың пікірлерін ескере отырып, өзінің әрекетін түзетеді.

Кері байланысты оқушылармен ұйымдастырмас бұрын мұғалім нысаны мен мазмұнын реттейді, айтарлықтай уақыт мөлшері өткен соң оқушылар, әдетте, оқу жұмысының осы түрінде үлкен сенімділік пен дербестікке ие болады. Оқушылар мұғалім соңғы бағаны қойғанға дейін өз жұмысын жақсарту мақсатында оларға көмектесу үшін алынған кері байланыс негізінде өзінің әрекетін бағалайды және түзетеді.

Кері байланыс мұғалімнен немесе басқа оқушылардан шығуы мүмкін. Оқушылар сонымен бірге өзін-өзі бағалау парақтарын немесе өздігінен бағалаудың басқа нысандарын пайдалана отырып, өз еңбегінің нәтижелерін талдай алады. «Жақсы» кері байланыс деген не? Бұл оқушының ынтамен атқарған жұмысын көрсетумен бірге жай ғана мақтау емес-кері байланыс, ең алдымен, сындарлы болуы тиіс, яғни: оқушының назарын оның жұмысының нақты жақсы жақтарына және алға жылжу үшін қолдануы керек. Оқушыға жеке оқу жоспары аясында өзінің ілгерілеуін бағалауға көмектесу. Сонымен қатар, келесі қадамдарды сапалы жоспарлауға көмектеседі.

Бірқатар мұғалімдер сабақтың әр кезеңінде қалыптастырушы бағалауды қолданғысы келеді. Мысалы: биология пәнінен тапсырмаларды орындауда бағалау критерийлерін қолдану оқушылар үшін өте жақсы басқару болып табылды. Оқушылар сабақ барысында өздерінің жұмыстарының сапасын бағалауда, келешекте бағалай білуді үйренеді.

Мен өз сабағымда оқушылармен бірлесе тапсырмалардың әр түріне бағалау критерийлерін жасап жатырмын. Критерийлер оқушылар үшін түсінікті және қолжетімді болу жағын, сонымен қатар, бір тапсырмаға үш-төрт ғана критерийлер болуын қадағалаймын.

Білім берудің ең негізгі мақсаты оқушыларды өздігінен білім алуға тәрбиелеу. Өздігінен жұмыс істеу және білім алу дағдыларын дамыту үшін мен «Өзін-өзі бағалау» және «Бірін-бірі бағалау» әдістерін жиі қолданамын. Бұл әдістер оқушылар үшін өздерінің жетістіктерін, ойларын және білімін бағалай білуге және оларды жақсарту әдістерін ойластыра алады. Менің сабағымда әр оқушы өзінің бағасын қандай жетістіктері үшін алғанын жеткізе айту, қалай жұмыс істеді, қай жерде қате жіберді білетін болды. Және де балалардың көпшілігі өздерін нақты, дұрыс бағалай білді. Әрине, өз бағаларын төмендетіп немесе жоғарлатып қойып жүргендерде кездесті, бірақ мен олардың сабақ барысында қандай жетістікке және қалай жеткенін түсіндіріп отырдым.

Өзімнің тәжірибемде бағалаудың тиімді әдістерін жетілдіру үшін, әр түрлі стратегияларды қолданамын. Кластер, «Білемін, білгім келеді, білемін» кестесін, «екі жұлдыз, бір тілек» әдісін, «бес саусақ» кері байланысы оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Оқушыларда сыни ойлау, өзін жетілдіру, белсенділігі артып, қызығушылығы пайда болды.

Критериалды бағалау арқылы оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады, өз ойын ашық айтуға қалыптасады. Критериалды бағалаудың артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз.

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделіп, нақты белгіленген, ұжымдық жасалған, процесстің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі білім мазмұны мен мақсатына сәйкес критерийлері бар процесс. Критериалды бағалау жүйесін құру үшін қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындап аламын. Биология пәнінен критериалды бағалау А,В,С,Д критерийлері арқылы жүргізіледі. Әрбір критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы бағалау үшін әрбір оқушыны жеке және топтық жұмыстарын бағалауға арналған тиімді дескрипторлер құрамын.Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз жұмысын бағалай алады. 

 

Критерий

Түсінігі

Мазмұны

Қолданатын әдіс тәсілдер

А

Түсіну

Тақырыпты түсінуге арналған критерий

Сұрақ - жауап, ой қозғау, мағынаны тану,

В

Қолдану

Түсінгенін сабақта қолдану критерйі

Білу, талдау, тапсырмалар орындау

С

Іздену

Өз бетінше жұмыс жүргізуге арналған критерий

Өзіндік жұмыстар, шығармашылық  ізденіс жұмыстары

Оқушылар өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы өз кемшіліктерін таба алады, дұрыстығына назар аудара отырып, жан -жақты ой сарасынан өткізеді.Оқушылардың білімін мұндай бағалау бастапқы кезде аздап қиындық туғызды. Бірақ келе-келе баланы қалыптастыруға болады. Оқушыларды критериалды бағалау жүйесінің жеңіл түрі алынды. Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз да болса нақты екі үш сөйлем жазып, жеке жұмыс жүргізуге талпынады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір жаңа  сабақты оқытуда тек бір «A» критериін алуға да болады. Өткен сабақтарды қайталауда «B» критериін алуға болады. Тарауды қорытындылағанда «C» критериімен бағалау тиімді. Мысалы 9сыныптың биология сабағында бұл әдісті былай қолдануға болады. «Жасушаның құрылысы» тақырыбын оқытуда оқушыларды топқа бөле отырып, олардың әрқайсысына тапсырма беріледі, сол тапсырманың орындалу барысына қарай дескриптор құрылады. Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.Мектеп №05. 2008

2.Бастауыш мектеп 2009. 01. №1

3.Педагогикалық шеберлік орталығы NIS

4.Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

5.К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

6.У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование в современной

школе» — Алматы; 2009 г.

7.А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева «ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық әдістемелік дайджест.

Алматы, 2009 ж.

5.Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.


БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТҮРЛЕРІ
Альмагамбетова Майра Алимжановна

А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия

бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстандық қоғамдағы дүбірлі өзгерістерге сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда.

Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына және оқытуды саралауға мүмкіндік туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным білім берудің мәдениет қалыптастырушы қызметінің жандануына мүкіндік береді. Осындай түрлендіру тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу бағытын анықтау; білім мазмұнын жаңарту; білім беруді ізгілендіруге сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелері маңызды болып табылады.

Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға бастауыш білім берудің Отандық және әлемдік тәжірибелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық технология арқылы жету көзделеді. [3]

Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.

Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары оларды лекциялар деп атайды.

Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Әрбір тақырып бойынша мұндай сабақтар бірнеше рет 3-5-ке дейін өткізіледі.

Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары тақырыптық сынақтар деп те аталады.

Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары олар тақырыпты , тапсырмаларды қорғау сабақтары деп аталады.

Бесінші – практикум сабақтар.

Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде; жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп – саралап оқытуды ұйымдастырады.

Онда әр түрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады. Деңгейлеу бағдарламалары деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана маңызды екі аспектіні, екі тұсты қарастырады.

а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді.

- репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін;

ә) балалардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады. Мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін. [6]

«А», «В», «С» бағдарламаларының арасында қатаң сабақтастық бар. Олардың баяндау логикасында үздіксіздікті, жартылай болса да негізгі ұғымның бүтін суретін көрсететін әр тақырыптық міндетті минимумы беріледі.

«С» бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінде өзіндік ерекшеліктер бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу білігін, есте сақтау тәсілдерін білуді т.с.с. талап етеді. Сондықтан «С» бағдарламасының мазмұнына қалай оқыту керек, неге назар аудару керек, бұдан қандай қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі.

Күрделенген тапсырмаларды бұл бағдарламадан кейінгі бағдарлама десе де болады. Орындауға кіріспес бұрын «С» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті.

«В», бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.

Сондықтан бұл бағдарламаға нақты тапсырмалармен қатар бірінші деңгейдегі – материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.

«А», бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығармашылықпен қолданатын деңгейге көтереді.

Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді.

Оқушыға мектепте алған білім негізінде шешуге болатын мәселе түйініне жетуде материалмен оның логикалық негізін тереңдете түсетін дамытушылық мәліметтер беріп, оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады.

Сондай-ақ, бұл деңгей балаға өзін қосымша жұмыста көрсетуге де мүмкіндік береді. Материалды қайталауда әр деңгейдегі тапсырмаларды еркін таңдау әдістемесі кеңінен қолданылады.

Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық және сарамандық жұмыс тапсырмалары үшін дайындалатын дидактикалық материалдардың деңгейлік нұсқасын бөлуге болады.

Бірінші /С/ нұсқасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес.

Екінші /В/ нұсқасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.

Үшінші /А/ нұсқасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.

Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылай ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына да кеңістік ашылады.

Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке жеке алынады.

Пәнішілік деңгеулеу әдістемесінің қағидалары мен мазмұны «толық меңгеру» әдістемесімен ұқсас. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылардың біліміндегі алшақтықты анықтауға мүмкіндік береді. [9]

Модульдік оқыту технологиясы.

Педагогикалық технология мазмұны:

Жалпы оқу мақсатын қою;

Жалпы тұжырымдалған мақсатты нақтылау.

Оқушылардың білімділік деңгейін алдын-ала анықтау.

Жедел кері әсер негізінде оқыту үрдісіне түзетулер енгізу.

Нәтижені бағалау.

Осындай құрылыстағы әрбір мазмұнды, бірақ құрылымы бірдей жекелеген блоктардан тұратынын оқу процесі «модульдік» сипат алады.

«Модульдік оқыту технологиясы» деп аталған педпгогикалық технология нұсқасын жасағанда «толық меңгеру» әдістемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. «Толық меңгеру» - әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 жылдарда американ психологтары Д.Ж. Кэррол және Б.Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша, бала қабілеті қолайлы жағдай жасалған кезде оның оқу темпімен анықталады.

Оқу нәтижесін тұрақты тіркеліп отыратын параметрге айналдыруды ұсынған.

Сонымен қатар жобаланатын педагогикалық технологиялардың негізгі қағидаларын негізге ала отырып, қазіргі дидактикалық талаптарға сай бірқатар өзгерістер енгізілген. Онда балаларды оқытуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық әрекеттерін ұйымдастыру, оқу процесін диалогтық қатынас негізінде құру көзделген.

Осыдан оқу процесін құруда, мұғалім жұмысында бірқатар өзгерістер пайда болады.

«Толық меңгеру» - әдістемесіне сай мұғалімнің әрбір оқу бірлігіндегі жұмысы мына кезектілікте жүзеге асады:

Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.

Берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша сыныпты жалпы оқу жоспарымен таныстыру.

Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқытуы.

Диагностикалық тест бойынша ағымдағы тексеруді жүргізу.

Тексеру нәтижесін бағалау, тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.

Тарауды толық меңгермеген оқушылармен «түзету» оқуларын жүргізу.

Диагностикалық тест жүргізу, оқу бірлігінің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім.

Диалогтық, сұхбат бөлімі.

Қорытынды бөлім.

Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі . Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты.

Мысалы, мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1сағат кіріспе бөліміне,

2 сағат қорытынды бөліміне, 6 сағат- сұхбат бөліміне арнап бөлінеді.Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай оқу материалын үш деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.

Жаңа меңгерілген білімнің, біліктің өңін өзгертпей қайталау деңгейінде материалды оқыту тақырып бойы, тарау бойы, оқу модулінің мазмұны бойы жүргізіледі. [15]

Мазмұнды ілгерілей отырып, бірнеше дүркін оралу қарапайымнан күрделіге, репродуктивті білімнен шығармашылық ізденіске (кейде зерттеу элементіне дейін) жетуге, әрбір оқушыға оқу материалын «түсіну» деңгейінен «білімді тасымалдау, көшіру» деңгейіне дейін меңгеруге мүмкіндік береді. Диалогтық, сұхбат бөлімінде танымдық процесс сыныпта 4-7 баладан тұратын топқа бөліп, оқушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру негізінде, бұл бөлімге түрлі ойын технологияларын кіргізу арқылы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы негізінде жүргізіледі. Мұғалім осылайша «ынталандырушы» рөліне ауысады.

Оқу модулін құрастырудағы екінші ерекшелік – мұғалімнің модуль құруға дайындық жүйесі. Мұғалім бір оқу модулі үшін сағат санын анықтап, оны құрастыруға кіріседі: мақсатын, мазмұны мен нәтижесін анықтайды, сонымен қатар, берілген модульдегі сабақтарды ұйымдастыру түрін ойластырады. [16]

Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі бола отырып, оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Алдына қойған мақсаттарға жетуде мектеп кез келген педагогикалық технологияларды қолдана алады. Білім стандартында белгіленген, білім беру бағдарламаларында айқындалған талаптарды нақты жағдайда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оқу түрлері мен әдістері, оқу үрдісін бақылау түрлерін таңдау- мектеп құзырындағы іс. [5]


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Бастауыш мектеп журналы №10 2005жыл

2.Республика ұстаздары журналы №12 2004жыл

3.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №3 2012жыл




МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН

КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аубакирова Толкын Утешовна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің

мектепке дейінгі оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымының магистрі

Әубәкір Алмагүл Ғабсалыққызы

А.Құнанбаев атындағы №6 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі- білім берудің жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым- катынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу- әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау калыптасуда.

Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазіргі , бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуге шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық [1].

Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Оқыту үрдісін басқарудың педагогикалық-психалогиялық мәселелерін аныктауда педагог пен оқушылардың арасындағы карым- қатынастарды ұйымдастыру мұғалімінің теориялык білімінің болуын қажет етеді. Осыған орай, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі бөлімдерінде жаңа мазмұн, оны оқыту әдістемесін студенттерге игертудің түрлі жолдарын іздестірілуде.

Ғылыми-педагогикалык әдебиеттерді зерттеу мұғалімнің инновациялық іс-әрекетіне байланысты мәселелер жан-жақты қарастырылғанын көруге мүмкіндік тудырып отыр. Жүйелері бағыттылық зерттеулерде инновациялық іс-әрекет креативті парадигманың жеке бас, регулятивтік-коммуникативтік және қорытынды жүйе бөлшегін талдауда анық айқын қарастырылады.

Соңғы он жылдықта «инновация» ұғымы кеңінен таралды. Инновациялық қозғалыстар білім беру жүйесінің жаңартуының маңызды айғағына айналды. Инновациялар бірнеше проблемалар тоғысында пайда болады және ауытқымай, жаңа мәселерді шешеді, білім беру үрдісінің үздіксіз жаңарып тұруына әкеледі.

Педагогикалық инновация- тұтас білім беру жүйесінің оның жеке бөлімдерінің компаненттерінің сипаттамасын жақсартатын және жаңалықтардан тұратын, мақсатты өзгерістер. Бұл- жаңалықты меңгеру үрдісі [2].

Бүгінгі күндегі инновациялык білім беру-оку және әлеуметтік- тәрбиелік іс-әрекеттің үрдісі мен нәтижесі, ол жеке адамның және жалпы қоғамның іс-әрекетінің жаңа түрін жоспарлайды және ынталандырады.

Педагогикалық инновацияларды сипаттайтын критерийлер:

А) оңтайлылық нәтижелер алу үшін жұмсалатын мұғалімдер мен оқушылар күші , құралдар шығынын тиімдендіру көрсеткіші;

Б) нәтижелік- мұғалімдер іс-әрекетінде алынған нәтижелердің белгілі бір тұрақтылығы;

В) жаңалықтарды жаппай тәжірибеде жасампаздықпен қолдану мүмкіндіктері болуы.

Бұл критерийлерді білу педагогикалық жасампаздық іс-әрекеттің негізі болып табылады.

Педагогтың инновациялык іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:

- өзінің жеке қасеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, кабылдау кабілеті;

- жаңа ғылыми идеалар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;

- жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзеге асуын үздіксіз тәжірибеге еңгізумен;

- педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдері өз бетінше жасаумен:

- педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.

Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялык іс-әрекеттінің көрсеткіштері мыналар:

- педагогикалық еңбектің тиімділігі:

- оқу- тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағытарының бірлігі;

- жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының калыптасуы;

- Мұғалім беделінің өсуі,

Оқушылардың істі талдау әдіс- тәсіліне, диактикалық ойларға үйренуі;

- Оқу және үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашулары [3].

Қазіргі кезде әрбір қоғам мамандарының алдына қойған талаптарына сәйкес «маман моделін» маман профессиограмасын жасау міндеті-жұртшылықтың назарын өзіне аударуда.

Бұл міндетті шешуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымдар, педагогтар,психологтар, бар (Н. В. Кузьмина, Ф. Н. Гоноболин, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков, Н.А. Сорокин). В.А. Сластениннің пікірі бойынша, мұғалім профессиограммасы мыналарды қамтиды:

1) коғамның саяси сапалары;

2) Әлеуметтік- психология этикалык- педагогикалық және ұстаздык жеке басының сапалары;

3) Психологиялық және педагогикалық даярлық.;

4) Мамандық бойынша даярлық;

5) Пән бойынша даярлайды.

Бұл сапалар мұғалімдік қызметке қойылатын жалпы талаптардан

туады.


Инновацияның мазмұндық құрлымына кіретіндер- білім беру- тәрбиелеу үрдісінде, оқу-тәрбие жұмысын және оларды меңгеріп алу,

зерттеу, мектепттегі оқу- тәрбие үрдісіне енгізу.

Болашақ ұстаздың инновациялық іс-әрекеті төрт түрлі өлшеммен сипатталады:

-новациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезінуі:

-оқу үрдісіне жаңалык енгізуде шығармашылық пен қызмет етуге даярлығының болуы;

-енгізілеттін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуы;

-белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіне қабылдап, оны енгізе білуі.

Бастауыш сынып мұғалімінің инновацилық іс-әрекеттің негізгі

міндеттері:

-жаңалықты тұтастай және жекелеген кезеңдерінің нәтижелерін болжау;

- жаңалықтың жетімсіз жақатарын анықтап, оны енгізуді ұйымдастыру кезеңді толықтыру мақсатын көздеу;

- жаңалықтарды басқа жаңалықтармен салыстырып, олардың тиімдісін

таңдап алу, мәні мен зерттелуін анықтау;

-жаңалық еңгізілетін ұйымның инновациялық қабілетін бағалау.

Бұл міндетті шешу үшін (зерттеу проблемасы бойынша) мынадай қосымша міндеттер қажет:

- арнайы әдістемелік әдебиеттерді, қосымша газет- журнал материалдарынан, жекелеген әдіскерлер еңбектерінен инновациялық іс-әрекет түрлерімен танысып, оларға талдау жасау, қолдану мүмкіндіктерін айқындау:

- өз іс-әрекетіне үнемі әдістемелік талдау жасап отыру.

1. Болашақ маманның кәсіби педагогикалық функциялары конструктивтік ұйымдастрышылық, қарым-қатынастық, дамытушылық, ақпараттық, зерттеушілік.

Бұл функцияларды іске асыруда мұғалім іс- әрекетінің түрлері бөлініп көрсетілген:

-өзін оқушының іс-әрекеті жоспарлауда оны дамыту мен қалыптастыру үрдісінде құрылыдык тұрғыда іске асыру іс- әректінің міндеттерін шешу үшін, мұғалім оку- тәрбие жұмысының бастауыш білім берудегі білім мазмұны мен кезеңдерінің әдістемесінің бірлігін сақтау;

-оқушы іс- әрекетінің кұрлысын жоспарлау және оған педагогикалық жетекшілік жасау;

-негізделген инновациялық іс- әрекетерді таңдау, анықтау;

-ұжымдағы оқушыларды жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмаларды ұйымдастыруы кажет.

Бұл кұрылымдылық тұрғыны іске асыруда мұғалім ғылымның, әдістеменің соңғы жаңалықтарын, инновациялық іс- әрекетті пайдаланып кұрылған сабақтар жүйесін жасайды. Сабақтың әр кезеңі шығармашылықпен өткізіп, оқушы іс- әрекетін ұйымдастыруда инновациялық іс- әрекетті тиімді қолдану жоспарын жасайды. Ұйымдастырушылық іс-әрекет міндеттерін шешу үшін.

оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынасын ұйымдастыру;

оқушының оқудағы психологиялық және практикалық даярлығын ұйымдастыруға жағдай жасау

оқушыларды әртүрі оқу-тәрбие жұмыстарына баулу;

шығармашылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстары ұйымдастыру;

сабақты тыңдауға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;

сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды дайындай білуі. Қарым- қатынас тұрғысындағы әрекеті іске асыру:

оқушы мен мұғалім арасында іскер қарым-қатынас орнықтыру;

оқу үрдісіндегі үжымдағы оқушылар қарым- қаттынасын жақсарту; Дамытушы тұрғыдағы іске асыру қызметі:

инноватциялық іс-әрекетті оқушының жас өспірім физиологиясына, педагогикалық, психологиялық ерекшелігіне сәйкес қолдану;

оқу үрдісіне оқушының ақыл- ой еңбегін ұйымдастыру;

оку үрдісінде педагогикалық жағдай тудыру арқылы, оқушының өздігінен ойлауымен оқылатын пәнмен шындық болмыс арасындағы байланысты білу;

оқушының білімге қызығушылығын арттыру;

алдынғы қатарлы озық тәжірибелердің оқушы білімін дамытушы әдіс-тәсілдерін қолдану.

Ақпараттық функцияны іске асыру қызметі;

оқу материалдарын еркін меңгеріп, оны жеткізе білу әдістемесімен тәсілдерін қолдана білу;

пән мазмұнына ғылыми- дидактикалық талдау енгізу;

оқытуда жаңа технологиялар элементтерін қолдану. Зерттеу функциясы қызметін іске асыруда:

проблема бойынша зерттеу жұмысын жүргізу;

педагогикалық қызмет түрлерін қайта құру мен бағалау;

- инновациялық іс- әрекетті тиімді пайдалану мақсатында оқып үйрену [4].

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Қандай сабақтың болмасын қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс – тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қ. Сарбасов, Е. Омарбеков. Ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың үздік

жұмыстарын ұйымдастыру. // Бастауыш мектеп № 4-2006, 11-12 б.

2. Қ.Көнеева, А.Қалықова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияны

ұтымды пайдалану. Педагогикалық зерттеулер: тәжірибе және зерттеулер. 22-35б.

3. Е.Дайрабаев, А.Айтуаров. Жаңаша оқытудың кейбір мәселелері.

Педогогикалық зерттеулер: тәжірибе және зерттеулер. 24-27б.

4.Жұмабекова Ф.Н. Инновациялық педагогикалық технологияларды білім беру мазмұны

сабақтастығын қалыптастыруда пайдалану. Білім. № 2-2006, 44-46б.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ЖӘНЕФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЫҚПАЛ ЕТУ
Ахмадиева Нұржамал Мұхтарқызы

Ы.Алтынсарин атындағы Обаған орта мектебі

Алтынсарин ауданы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Заманауи мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мақсаты: оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ойлауға төселдіру, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрету, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік жасау, өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.[1] Бұл мақсатты жүзеге асырудан күтілетін нәтиже-оқушылар бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал ету, танымдық қабілеттерін, алған білімдерін шығармашылық жұмыстарға қолдануын, өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруды, сөйлеу әрекеттерінің әртүрлілігі туралы түсініктері болып, ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға байланысты әр көлемдегі мәтін түрлерін қолдана білуін, қарапайым талдау, баға беру үшін сөйлеу типтерін таңдау қажеттігін қамтамасыз ету. [2,6]

Сыныптағы қарым-қатынасты зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері – зерттеушілік әңгіме, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы білім алудағы бірлескен іс-әрекет сын тұрғысынан ойлауға ықпалын тигізеді.[3,26-27] Сабақ барысында әңгіме, диалог оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы арасында әрдайым жүріп отырады, бірақ оның ұйымдастыру деңгейі қандай? Мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестік тиімді ме, қойылатын бастапқы сұрақ, жалпы сұрақтардың деңгейі одан кейінгі кідіріс яғни ойлану, зерттеу барысында білім алуға жағдай жасау керектігі жайында ескеріле ме? Оқыту-бұл мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. [3,27] Біздің қоғамда көбіне оқу үдерісіне қатысушылар: мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар оны бір актерлі театр деп түсінеді, яғни бәріне де мұғалім жауапты, ол түсіндіреді, ол сөйлейді, бәрі соның қолында, бәрін өзі жасайды. Оқу –тәрбие жұмысының талдауынан оқыту үдерісіне жаңаша көзқарас керектігі де туындайды.

Мектептегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен білім берудің негізгі түрі - сабақ. Сабақ – белгілі уақыт өлшемінде мұғалімдер мен оқушылар құрамы іс-әрекетін жүйелі түрде оқыту мен тәрбиелеудің міндеттеріне бағытталған ұйымдастыру түрі. Атақты педагогтардың зерттеу жұмыстарына сүйене келе, сабақты ұйымдастыру барысында диалогтік оқыту бағытын кеңінен қолдануға тырысамын. Яғни, сабақтың барлық кезеңдерінде сауалдар арқылы оқушылардың тілдік мәдениетін дамытуға жұмыс  жасаймын. Ұйымдастыру кезеңінің міндеті мұғалім мен оқушының мейірімді көңіл-күйі, оқушылардың іске тез арада қосылуы, сондықтан бұл кезеңде психологиялық ахуал туғызу, келесі кезеңнің жұмысына оң әсерін береді. Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңінде оқушылармен бірге сабақтың мақсатын, табыс критерийлерін тұжырымдаймыз, ол үшін «Ассоциативті қатар», «Сурет сал» әдістері арқылы шағын топтарда сабақ мақсаты проблемалық тапсырма түрінде талқыланады, өз тәжірибесіне сүйеніп, олар идеялар айтады, содан соң негізгі сөздерді тақтаға жазамын. Әрине, диалогтың әрі қарай жалғасын табуы немесе таппауы сөйлеушілердің әңгімелесу барысында «егер де, ойлаймын, мен есептеймін, бірақ сіз ойламайсыз ба, сонымен сіз айтасыз ба, иә, бірақ, сіз қайдан білесіз және мүмкін» деген сияқты және де басқа осы тәрізді мәдени лингвистикалық сөз мәнерлерін қолдануына көп байланысты болады. Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай, олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударуы керек. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда барып сыныптағы өзара әрекеттесу үрдісі  толық ынтымақтастықта дамиды. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдаланамын. Түрткі болу дегеніміз сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет. Сынақтан өткізу дегеніміз сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы керек. Қайта бағыттау дегеніміз сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау болып табылады. [3,40-41]Мысалы: «Көмектесе алатындар бар ма?» Білім беруді тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын  қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;

Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;

Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;

Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі; Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;

Оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;

Әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;

Білім беруді қиындататын қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды. [3,41]

Мұғалім өз сабағына қатысып отырған оқушыны жансыз бейне ретінде қарамай, оқушының ойымен санасуға және ойын ашық түрде жеткізе білуге мүмкіндік берсе, диалогтық оқыту осы жерде көрініс табады. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушылар жазған сұрақтарына оқулықты пайдалана отырып, жауаптар жазады. Бұл кезеңде «Дана үкілер», «Ойлан, бірік, бөліс», «Джигсо» т.б тәсілдерді қолданамын. Бекіту кезеңінде «Араның ұясы», «Сұрақ-жауап», «Елестету көрінісі», «Тыңдайтын үшбұрыштар» т.б. топтар өздерінде туындаған сұрақтарды диалогтік оқыту арқылы басқа топтарға қоя отырып түсіндірмелер жүргізеді. Мұғалімнің түсіндірмесіне қарағанда оқушы мен оқушы арасындағы диалог қызықты болады. Себебі оқушы құрдастары арасында өз ойларын ашық, әрі түсінбеген сұрақтарын еркін қояды. Топ ішінде тұлғааралық байланыс орнаумен қатар, сын тұрғысынан ойлау жүзеге асырылып жатқанын көреміз. Әрбір оқушының бойында белсенділік, қызығушылық, бәсекелестік сияқты қабілеттер көрініп, оқушылар бір-бірімен жақсы қарым-қатынас  жасайды. Диалогтік оқытуды ұйымдастыру прoблeмaлық, aқпaрaттық, түсiндiрмeлi-иллюстрaтивтi мaзмұндaу, рeпрoдyктивтi жәнe шығaрмaшылық тaпсырмaлaр мeн де кeлeдi. Ең маңыздысы берілген тапсырма оқушының білім деңгейіне, жас ерекшелігіне сай, оқушы ойланатындай, ізденетіндей, сондай-ақ оқушының білімді айналасынан іздеуіне, көре білуіне мүмкіндік туғызу керек. Баланың қиялының шексіздігін, мүмкіндігін, кез келген сұрақ жауапсыз қалмайтынын біздер, мұғалімдер мойындауымыз керек.

Жаңа үлгідегі мектептегі білім жүйесінің қазіргі дәстүрлі мектептен айырмашылығы - бұл жүйеде оқушыларға берілетін білім мазмұны ең алдымен олардың әрекеттік қабілеттерін дамытуды көздейді.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың қазақ тілінен оқу сауаттылығы деген түрі бағаланады. Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. [3,7] Бұл үдеріс оқушылардың өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.

Сабақтағы өтілген тақырыпқа байланысты сұрақ қою бір қарағанда қарапайым болып көрінгенімен, ол маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Мәселе сұрақты дұрыс қоя білуде болып тұр. Сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогтік қатынасқа түсумен қоса оның білімін тексереміз. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі бар: төменгі дәрежелі, жоғарғы дәрежелі. [3,40]

Сұрақтың дәрежесі оқушылардың түрлі мүмкіндіктеріне қарай ойластырылу қажет. Сұрақ қоюда мүғалімнің мақсаты айқын болу керек. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың техникасын білу әр мұғалімге міндетті. Өз тәжірибемде үнемі жеті модулді кіріктіріп отырамын. Білім беруде АКТ-ны қолдану модулі оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақтарда және сабақтан тыс уақытта кеңінен қолданамын, мысалы жаңа тақырып бойынша презентация көрсетуге, не болмаса оқушыларға қосымша тапсырмалар бергенде, әдебиет сабақтарында кинофильмдер көруге, әндер, монологтар, ақын-жазушылардың, белгілі адамдардың өз дауысын онлайн режимінде тыңдауға өте қолайлы. Осы модульдің оқушылардың коммуникативтік белсенділіктерін арттыруға, сөздік қорларының өсуіне, өзін-өзі реттеуіне, топ алдында өзін көрсете білуге жетелейтініне сенімдімін.

Мектептегі электронды оқыту жүйесі оқушыларға да мұғалімге де өте тиімді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында аудио жазбаларды осы электронды кітапханадан алып үнемі қолданып отырамын. Талантты және дарынды балаларға білім беру бойынша әр сабақта және сыныптан тыс іс-шараларда оқушылардың дарындылық қабілеттерінің, таланттарының ашылуына жағдай жасауға тырысамын. Сабақ барысында сұрақтарды сыни тұрғыдан ойлауға жетелейтін, зияткерлік тапсырмалар, кең көлемді жобалар беремін. Мысалы, 9-сыныпта қазақ әдебиеті сабағында Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын оқыған кезде, тереңдетілген келесі жобалар берілді: «Жамбыл Жабаевты жаңаша оқу», «Жамбылдың суырыпсалмалығы», «Халық менің шын атым». Бұл тапсырмаларды орындау кезінде оқушылар бұқаралық ақпарат құралдарынан, Интернет жүйесінен қосымша мәліметтер жинақтады. Олар кітапхана қызметкерлерімен тығыз байланыста болып көп ізденді. Нәтижесінде презентация және видеоролик түсіріп, құрбыларымен бөлісті. Ал 8-сыныпта «Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы мен қызметі» тақырыбында «Невада-Семей» тобы ақынның антиядролық қозғалыс ұйымдастырудағы рөлі, атқарған маңызды істері. Презентация жасап қорғайды. (алдын-ала берілген жоба, оқушылар бірнеше күн Интернет материалдарын, кітапханадан газет-журналдарды, көркем шығармаларды зерделеп жұмыс жасайды) Мұндай тапсырмалардан оқушылардың өзіндік жұмыс жасау, зерттеушілік, ізденімпаздық және таным белсенділіктері, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады, функционалдық сауаттылықтары артады. Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін өткенде: әкесінің айтқан ақылдарын ағаш сызбасы түрінде жазыңдар, қыста жолға шығу ережесін жалпылаңдар; өмір мен өлім туралы ойлауына не түрткі болды; жолда кездескен қызға неге алаңдады деген сыни ойлауға арналған тапсырмалар орындалды.Бұл тапсырмалардан оқушылар өмір сүруге керек қауіпсіздік ережесін, түрлі философиялық ойларды, адамгершілік, қамқорлық, сыйластық сияқты өмірлік құндылықтарды бойларына сіңіреді. Мұндай тапсырмалардың жас өспірімдерге берер тәрбиелік мәні де зор.

Әдебиет сабағында міндетті түрде ақындардың, жазушылардың шығармаларын әкеліп, тапсырмаларды сол кітаптардан беремін, ешкімге жаңалық емес, қазіргі жастар кітапханадан кітап алып оқымайды, Ғаламтор жүйесінен қысқаша мазмұнын алып оқиды, немесе оқулық шеңберінен шықпайды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушының тілін дамытуға арналған жұмыс түрлеріне көбірек көңіл бөлінеді. Бұдан күтілетін нәтиже оқушылар бойында коммуникативтік және әртүрлі деңгейдегі мәселелерді шешу құзыреттіліктері және бірте-бірте оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.«Тіл және әдебиет» білім саласы оқу бағдарламасы, Астана-2013.

2.Қазақ әдебиеті. Әдістемелік құрал. Астана-2013.

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық, НЗМ, 2013.




БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Ахметжанова Гүлнар Қалиденқызы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Әулиекөл кешкі

орта жалпы білім беретін мектебі» ММ

математика пәнінің мұғалімі.
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,

ол жаңадан жаңаны табатын өнер»



Ж.Аймауытов
Бүгінде білім саласындағы реформалар пән мұғалімдері мен оқушыларға тәлім-тәрбие және білім беруде кәсіби шеберлігін заманауи әрекеттерді қолдануды талап етеді. Осыған байланысты кез-келген оқытушы өз білім деңгейін дамытуда педагогика тарихында із қалдырған тұлғаларға, олардың еңбегіне назар аударатыны сөзсіз. Әрине бұл арада бүгінгі таңдағы жаңа технологияларды пайдалану, оны байырғы қолданылған педагогикалық тәсілдермен байланыстыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне жатады.

Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялар жан-жақтан ағылып жатқанда ұлттық педагогиканы басты орынға шығару қажеттілігін, әрі оның философиялық маңызы зор екендігін естен шығармауымыз қажет. Өйткені өркениет көшіне ілесеміз деп жүргенде ұлттық құндылықтарымыздан айрылып қалуымыз да мүмкін. Сондықтан да жаһандық өркениеттің тұңғиығына түсіп кетуден сақтануымыз керек.

Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде сипатталады. Осыған орай, бүгінгі күні білім беру мекемелері мен педагогика ғылымы алдында білім берудің философиялық негіздеріне, білім жүйесінің стратегиялық бағыттарына, мақсаты мен мазмұнына, оны орындаудың әдіс-тәсілдеріне деген жаңа көзқарастар қалыптасуда.

Педагогикалық ізденіс барысында оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа әдістемелерді қолдануды оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Сабақтың тиімділігін оқушылардың танымдық қызуғушылығын арттыру үшін тақырып материалдарын оқып үйренуде, олардың әртүрлі ізденушілік бағыттағы тапсырмаларды орындауларынан байқауға болады. Оқытудың осындай жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануда мұғалімде, оқушыда табысқа жетіп, білімін шыңдай түседі.

Менің математика пәнін оқытуда озық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім беру процесінде көмектесу. Оған: оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар ерекше орын алады.

Математика – оқушылардың ойлану қабілетін қалыптастырып және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.

Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретінде деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастыруға болады.  Оқытудан күтілетін нәтижелер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Орыстың ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын салып жол тартқан білімді көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту. Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай,әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.

Осылайша жаңа технологиялардың дамуы жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуына көмектеседі және сонымен бірге оның сапасын жоғарылатады.

Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді. «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ оқытушының ұтары мол деп ойлаймын.

Қорыта келе, кез келген оқытушы өз білім деңгейін дамытуда педагогика тарихында із қалдырған тұлғаларға, олардың еңбегіне назар аударатыны сөзсіз. Әрине бұл арада бүгінгі таңдағы жаңа технологияларды пайдалану, оны байырғы қолданылған педагогикалық тәсілдермен байланыстыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне жатады. Өкінішке орай осы арада біз көбінесе педагогика тарихынан танымал өзге елдердің, халықтардың тұлғаларына көңіл бөле жатамыз, мысалы Ушинскии, Сухомлинскии, Макаренкоға т.б. ал өзіміздің әлемге танымал Абайымызды, Ахметімізді, Ыбырайымызды ұмытамыз. Бүгінгі таңда талдап отырған тақырыбымыз қазақ халқының педагогика тарихында із қалдырған, өткен ғасырдың басында тәй-тәй басып келе жатырған қазақстандық білім жүйесіне үлесін қосқан Н. Құлжановаға арналған болса, біз барлығымыз осы тұлғаның өмір баянына, педагогика саласына қосқан үлесіне оқырмандардың, көзқарасын қалыптастыру қажет.

Қазіргі таңда мұғалімдердің назарына ондаған жаңа технологиялар ұсынылуда әрине бәрінде таза жаңа деп айтуға болмайды, өйткені барлық жаңа тәсілдер жай бос жерде қаланбайды, оның ірге тасы бар. Олай болса жаңа технологиялардың ірге тасын қолдаушылардың бірі Н.Құлжанова болғаны екені сөзсіз


Пайдланылған әдебиеттер тізімі:

1.Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру,

бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

Шымкент, 2011. – Б.6-9.\

2. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

3.Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім беруді

ақпараттандыру. –Алматы, 2007.


БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ
Байгабулова Рсалды Сатибекқызы

Әулиекөл ауданы, Құсмұрын поселкесі,№28 Құсмұрын орта мектебі

информатика пәнінің мұғалімі
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім»

Н.Ә. Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру-біздің басты мақсатымыз» - деп өзінің Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында тұжырым жасады [1]. 

Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға - мұғалім - тәрбие көзі. Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек. Бұл жерде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі мәселесіне баса назар аудару керек. Ол үшін В.А.Сластенин ұсынған кәсіби құзіреттілік ұғымына сүйенеміз. Кәсіби құзіреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі [2]. Осы тарапта білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, жаңашылдықққа құмар, инновациялық идеялар ұсына алатын іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ, себебі бұл заманның басты табанына айналды. Ақпараттық технологияларды игеру педагог мамандардың «өмір бойы білім алу» қағидасының қол жетімдігін арттырумен қатар, ауыл мен қала мектептеріндегі ұстаздардың білім деңгейін теңестіру үшін өздігінен кәсіби шығармашылық траекториясын дамытуына мүмкіндік туғызып, әлемдік кеңістікке шығуына жол ашатын маңызды көпір болып тұр және де осы ақпараттық технологиялар арқылы білім берудің сапасын жоғары деңгейге жеткізу, Қазақстандағы ІТ-саласын дамыту, әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне ену және білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту басты мақсатқа айналды. Қазіргі тарихи кезең үшін аса қажет болған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдаға арналған Мемлекеттік бағдарламасы еліміздің интеллектуалдық ұлт қалыптастыру идеясымен сабақтасып жатыр.

Ұстаздардың ақпараттық құзырлығы дегеніміз – оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті болса, ал ақпараттық-комуникациялық құзырлық дегеніміз мектеп пәндерін оқытуға ақпараттық-комуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін тиімді қолдану мен әлемдік-ақпараттық білім алу кеңістік арнасынан оқушыларға сапалы білім беру мен ақпараттық ағымнан тиімдісін, оқушы үшін түсінікті, әрі пайдалысын іріктей алуы түсіндіріледі.

Компьютер – әмбебап құрал және оның мүмкіндіктерін ұстаздар қауымы толық пайдалана білсе, жаңа ақпараттық технология құралдары оқыту құралы қызметiн де атқара алады. Дәстүрлi оқу құралдарынан басқа тыңдаушыға мына типтегi материалдар ұсынылады:



  • компьютерлiк үйрету бағдарламалары;

  • электрондық оқу құралдары;

  • компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау;

  • электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар;

  • аудио және видеоматериалдар;

  • ғаламтор желiсiндегi ақпараттық материалдар;

  • қашықтықтан оқыту [4]

Бүгінгі күні оқушылардың компьютерге және интернетке деген қызығушылығын тек информатика пәнімен шектемейді. Қазіргі таңда ғаламтор технологияларын екпінді түрде пайдалану жалпы оқу процесін жан-жақты дамытуға көп көмектесумен қатар барлық мұғалімдерді ақпараттандыру процесіне араласуға әсерін тигізуде және де оқушы бойында саналы да сапалы білім қалыптастыруға түрткі болып келеді. Тұлғаның ақпараттық-технологиялық құзыреттілігі – бұл өз бетінше іздей білу, талдау, таңдап алып өзгерте білу, ақпараттық технологияны игеру болса, осы тұрғыда заманауи ұстаздың негізгі міндеті оқушыларды «үлкен мүмкіндіктер әлемінде» дұрыс бағыттай білу. Мұндағы «үлкен мүмкіндіктер әлемі» ол – ғаламтор. Шынымен ғаламтор арқылы қазіргі таңда жаңаны үйренуге болады, басқалармен тілдесіп, ой бөлісуге болады, тіл үйрену сервистері, өз жұмысыңның құндылығын (антиплагиат) және т.б. Оқушының қызығушылығы мен ғаламтор мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану оқушыны үлкен жетістіктерге жетелейді.

Білім алуға бағытталған шетелдік сайттардан басқа еліміздің Bilimland.kz сайтында барлық пәндер бойынша және қосымша ақпараттар жинақталған үлкен білім алу кеңістігі ұйымдастырылған және ондағы ақпарат әлі де толықтырылып жатыр. Аталмыш сайтта көптеген тақырыптарға берілген бейнероликтер мен мәліметтер сапалы, оқушы үшін қызықты етіп жинақталған, оған қоса тақырыптарға берілген тапсырмалар мен тест жұмыстары өз білімін тексеруге көмектеседі. Сабақтарда Bilimland.kz ресурстарын қолдану кезінде оқушылар бұрынғысынан да қызығушылықпен ат салысатын болды, олардың бойындағы жаңалыққа құмарлық сезімі арта түседі.



Imektep.kz сайты бастауыш сынып оқушылары үшін таптырмас ресурс. Онда жинақталған оқу құралдары бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескеріліп құрылған. Сонымен қатар ұлттық нақыштағы үйретуші бейнероликтер мен flash ойындар оқушыларды білім әлеміне қызығушылықпен жетелейді.

Itest.kz сайтында оқушылар өз білімдерін сынай алу мүмкіндігін береді. Бұл сервис негізінде Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық үшін құрылған сервис. Тестілеуден өтіп өз біліміңді тексеріп қана қоймай, сол тақырып бойынша қайталауға арналған мәліметтер де жинақталған. Мұнда кірген тест тапсырмаларын дайындауға ҰБТ-ға жауапты ресми мекеменің іріктеуінен өткен кеңесші-әдіскерлер мен оқытушылар қатысты. iTest әр пәнге арналған ондаған нұсқасы бар, көп деңгейлі тест тапсырмаларынан тұрады.

Оған қоса, қатемен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін түсініктеме (комментарийлер) және тақырыптарға шолу жасайтын конспектілер мен лекциялар топтамасы бар. Электронды кешен жекелеген пәндер бойынша сынақтар тапсырып, дайындалуға жол ашады. 

Сонымен қатар, бұл оқыту кешені ҰБТ талаптарына мейлінше жақын жағдайда толық ҰБТ үлгілерін тапсыруға машықтанып, дайындықты ұштауға мүмкіндік береді. iTest –ҰБТға дайындалып жатқандар үшін пайдалы көмекші оқу құралы.

Жоғарыда атылып өткен сайттар үш тілде ұйымдастырылған. Бұл өз тарапында мемлекетіміздің енгізіп отырған үштілділік саясатын жүзеге асыруына септігін тигізуде.

Қазіргі заман оқушыларын заманауи гаджеттерсіз елестетуге болмайды. Мектеп қабырғасында оқушылардың гаджеттерін де тиімді пайдалануға болады. Ғаламтор мүмкіндіктерінің дамығаны сондай арнайы тестілеу құралдарын қажет етпей сыныпта сабақ бойынша тестілеу жұмысын осы гаджеттердің көмегімен білімдерін сынай аламыз. Бұл орайда quizizz.com, kahoot.it жүйелері көмектесе алады. Өзім қазіргі таңда kahoot.it жүйесін қолданып келемін. Бұл сервисте сұрақтарды қызықты ету үшін үйреншікті мәтін түрінде ғана емес, ол сұрақтарды суреттер мен бейнероликтер арқылы қызықты етуге болады. Тестілеу соңында әр тестілеуге қатысушының нәтижелерімен қоса, ең үздік нәтиже мен жылдамдықты көрсеткен оқушыны ерекшелеп көрсетеді. Ал бұл өз тарапынан оқушылар арасындағы бәсекелестікті туғызады және жылдам жауап беру дағдысын қалыптасуына ықпал етеді.

Мұғалімдердің жұмысында оқушылар арасында сауалнама алу және оны өңдеу көп уақыт алтын үдеріс. Соныен қатар оны қағаз бетіне басып шығару, оны аратып, қайта жинап алу да өзіндік мәелеге айналады. Сыныбыңыздың, тіпті бүкіл мектептің сауалнама нәтижесін өңдеу көп уақыт пен күш-жігерді қажет етеді. Сауалнама алу үдерісін Google сервисінің Формалар құрастыру жүйесі жеңілдетеді. Форманы құрастыру үшін мұғалімде Google аккауынты болуы шарт. Сауалнаманы қажетінше түрлендіруге болады. Сауалнама жауаптарын тіркеу үшін сауалнама сілтемесі беріледі. Сілтеме арқылы өтіп, сауалнамаға жауап беріп болған соң Жіберу (Отправить) батырмасы арқылы жауаптар жіберіледі. Жауаптар электронды кестеге тіркеледі және оны өңдеу уақыттың көп бөлігін үнемдейді. Нәтижелер кестесін сайттан Excel кестесі түрінде жүктеп алуға болады. Осы сервис арқылы мектебімізде мұғалімдер мен ата-аналарға арналған сауалнама алған болатынбыз. Сауалнамаға 45 мұғалімдер мен 200ден астам ата-ана қатысқан болатын. Сараптаманы бір күнде-ақ жүргізу мүмкін болды.

Өз тәжіриебеме тағы қосқан Learning Apps, Classtools.net сервистері оқушылардың қатты қызығушлығын туғызды. Бұл сервитер қарапайым тапсырмаларды тұрлендіруге мүмкіндік береді және де сөзжұмбақтар мен инеллект карталар құруға, фишбоуын әдісін электронды түрде қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі ақпарат көлемінің үлкендігі сондай ол қолымыздағы флеш жадына сыймай жатады, ал кейде компьютер жадысын да жеткіздірмей жатады. Бұл мәселені шешу үшін қосымша қатқыл дискіні сатып алуға болады немесе ақпарат сақтауға арналған сервистерді қолануға болады. Олар OneDrive, Google Диск, Мail Облако, Яндекс Диск және басқалары. Мұндағы ақпаратқа сіз қай жерде, қай елде болсаңыз да қол жеткізе аласыз. Оны сіз ғана өңдей аласыз және өзгерте аласыз. Бұл сервистер әсіресе құнда жұмыстарыңызды мысалы, дипломдық, курстық жұмыстар, өз баяндамаларыңызды, рефераттарыңызды, ғылыми жұмыстар мен публикацияларыңызды сақтауға тиімді. Компьютеріңіз істен шықса ақпараттың барлығы жойылып кетер еді, ал осы сервистердің біріндегі ақпаратыңыз сол қалпы сақталады және оны онлайн өңдеу, басқалармен бөлісу мүмкіндігі де бар. Яғни бұл мұғалім жұмысындағы таптырмас құрал.

Әрине ғаламтор жылдан жылға дамып келеді және өз қолданушылар қатарын көбейту үшін сервистердің мүмкіндіктері мен түрлері өзгеріп келеді. ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында» деп айтқандай қазіргі заман талабына сай мұғалім ақпараттық-коммнуникативті құзіреттілігін дамыта отырып, жаңаға әуес, әрі үйренуден қашпауы керек.

Болашақ ұрпағымыз басқа елдердің оқушылар деңгейінен қалмасын десеңіз өзіңіз де жаңа технологияларды меңгеріңіз. Заман өзгеруде, мүмкіндіктер де көбейуде. Ал осы орайда оқушыға жол ашатын, оны дұрыс жолға бағыттайтын ұстаз ғана.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана 2014 ж.

2.Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность.

М.:ИЧП Изд-во “Магистр”, 1997.

3.Мұханбетжанова Ә.М., Құзыреттілікке бағытталған білім берудің мазмұнын жобалау // Ізденіс. – 2010. – № 1. – Б. 46-50

4.Байтелеева А.Т., Аманбаева А.Н. Электрондық оқу материалдарын құрастырудың тиімділігі http://group-global.org сайты


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ
Бәйзір Асан Тұрғынбекұлы

«Ақбота»балабақшасының дене тәрбие нұсқаушысы

Жандилдина Роза Есентайқызы

«Ақбота»балабақшасының психологы
Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік стандарт бойынша денсаулық сақтау технологиясы “Денсаулық блогы” бойынша жүзеге асырылады. Денсаулық сақтау технологиясы мектеп жасына дейінгі баланың сауықтыру жүйесін құру үшін педагогикалық ұстанымдарға сүйенеміз.

-мектеп жасына дейінгі баланың қозғалыс белсенділігі интеллектуалдық дамуы, денсаулығын қорғау;

-денсаулық сақтау технологиясы бойынша балалардың жас ерекшеліктерін ескеру;

-денсаулық сақтау технологиясын жүргізуде тәрбиешінің жүргізген жұмысының әдіс-тәсілдерін белгілі бір жүйеге келтіру;

-бала денсаулығын қорғауда мекемедегі қызметкерлермен мамандардың біліктілігі қажет;

-мектепке дейінгі мекемеде мәдени-гигиеналық дағдылар күн тәртібі, дұрыс тамақтану – баланың денсаулығына әсерін тигізетін факторлар;

Мектепке дейінгі мекемеде дене шынықтыру жұмыстары денсаулық сақтау технологиясы бойынша ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың орны ерекше. Ата-аналарды түрлі спорттық жарыстарға қатыстыру. Ашық есік күндерін ұйымдастыру,педагогикалық семинар-практикум өткізу, кеңес, тренингтер өткізу.

Мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологиясын жүргізуде мынадай қайшылықтар болады.

-баланың дене және психикалық дамуында ауытқушылықты болдырмау;

-мектепке дейінгі мекемеде балалардың салауатты өмірге бейімдеу

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты балалардың денсаулығын нығайту,денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету,өйткені бұл кезде баланың дамуына қолайлы жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп , өседі.

Мектепке дейінгі щақта бала ағзасы әлсіз ,әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы түра алмайды ,сондықтан оны аурудан сақтап,денсаулығын нығайтуда қимыл әрекетін дамытуда ,мәдени гигиеналық дағдысын әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше..Дене тәрбиесі баланың денсаулығын, өмірін сақтап қана қоймай,ағзасын шынықтыруға және қимыл қабілетін дамытуға пайдалы деп түсінген жөн[1.74б.].

Міне,осындай ұлан-ғайыр мақсат көздейтін дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:

1) баланың денсаулығын сақтау және нығайту

2) мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру

3) бала денесін шынықтыру

4) балалардың жүру,жүгіру,секіру,өрмелеу,лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру негізінде мыналар жатады:балалар күтімі және оның өсуіне қолайлы мәдени –гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына, ауа райына ыңғайлы киінуі гимнастика және қимылдық ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.

Қимылдың тәрбиелік әсерін де зор: ойын,, гимнастикалық жаттығулар мен еңбек үстіндегі балалардың кеңістікті бағдарлау, шапшаңдық, дәлдік, ептілік қасиеттері ұжымдық қарым-қатынастары тәрбиеленеді. Қимылды дамытуды жоспарлағанда мынадай жалпы қағидаларды ескеру керек:

1) жаттығуларды, ойындарды, еңбек тапсырмаларын таңдағанда балалардың қолынан келетін, оларды қызықтыратын, бүкіл ағзаның дамуына ықпал жасайтын бұлшық еттердің қимыл әрекетіне әсері барын сұрыптап алу.

2) ойындар мен жаттығулар еңбек тапсырмаларын орындауға, жүгіру, жүрі, лақтыру, секіру, өрмелеу сияқты қимылдың дамуына ықпал ететін, дұрыс дағдыны қалыптастыратын болуы керек;

3) физиологиялық жағынан әлсіз бұлшық еттерді нығайту, баланың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға себепкер болуы керек;

4) ұжымда жұмыс істей білуге жетілуін қамтамасыз етуге тиіс.Мектепке дейінгі балалардың қимылың дамытудың негізгі құралдары – қимылды ойындар, гимнастикамен, спортпен шұғылдану, еңбектену.

Баланың денесін шынықтыру үшін бірте-бірте жалаңаштап, көктемде күн жылына бастасымен – ақ балаларға шолақ жеңді жеңіл көйлек, жазда шалбар кигізу ұсынылады. Суық түсе бастағанда біртіндеп жылы киімге ауысады.

Күн сәулесін дұрыс пайдалана білудің әсерінен ағзада болатын өзгерістер шапшаң өтеді, қан айналысы жақсарады, шеміршектері сүйектенеді, сүйектері бекиды, тері аурулары жазылады. Күн сәулесін дұрыс пайдаланбау да шамадан тыс ұзақ күн көзінде болу да зиян.

Тәрбиеші күнде жүру мерзімін қатаң қадағалап, бала денесінің ыстықта немесе суықта қалмауын бақылап, көлеңке мен күнде болуды алмастырып отыруы керек.Балабақшада дене тәрбиесін ұйымдастыру. Балабақша меңгерушісі тәрбиенің басқа салаларындағы сияқты дене тәрбиесін ұйымдастыру ісіне де жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне, денсаулығына, дамуына дербес жауап береді[2.31б.].

Меңгеруші мен тәрбиешінің балалармен жұмысы жәрігермен медбикемен тығыз бірлікте жүргізіледі. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болады, оларды бақылайды, байқағандары жайында дәрігермен кенесе отырып, сауықтыру шараларын жасайды. Дәрігер балалардың денсаулығына балабақшаның және оның учаскелерінің тазалығына жауапты. Ол жыл сайын тазалық сақтау шараларын: (тісін тексеру, жұқпал ауруларды алдын ала дәрі егу, науқас балаларды маман дәрігерге көрсету сияқты шаралар және балалардың дамуын үнемі қадағалау мақсатымен жүйелі түрде антропометриялық өлшілер жүргізеді).

Балаларымен жүргізілетін дене шынықтыру жаттығуларының түрі, мөлшері балаладың күш-қуатына жас ерекшелігіне байланысты белгіленеді. Мөлшерсіз көп ойын мен жаттығуларды жүргізу баланың ұйқысын бұзады, тамаққа тәбетін бұзады.Балалар өз әлін білмейді, шаршағанына қарамайды, соңдықтан үнемі үлкендер оларды бақылап, қимылды ойынан кейін отырып ойнайтын ойындар ұйымдастырулары керек. Мысалы: кітап, оқу, сурет салу, шаршыдан үй тұрғызу, үй шаруашылығына көмектесу.

Күн тәртібіне сергіту, ұйықтау, тамақтандыру, серуендету, ойнату, оқыту әр түрлі еңбекті ұйымдастыру жатады. Бұлар тұрақты түрде белгілі уақыт аралығында бір ырғақпен қайталаныа келіп отырады, ол бала ақзасындағы өзгерісті табиғат құбылыстары ауысуын асқазанның, жүректің, ми қызметің жүйеге салып бір әрекетпен екіншісіне ауысуды оңайлатады. Күн тәртібінің дұрыс орындалуы баланы жүйкесіне және ағзасындағы барлық өсу, даму процессінің дұрыс жүруіне игі әсеріне тигізеді[3.58б.].

Тұрақты күн тәртібі баланың денсаулығын жақсартады, ал күн тәртібінің бұзылуы баланың денсаулығына, мінез-құлқына кері әсерін тигізеді. Бала миының жүйке клеткаларын ұзақ қызмет етуді көтермейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібі ұйымдастырудағы үлкендердің рөлі зор. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын – тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап ақ жүйелі түрде балалардың күн тәртібің орындауға үйретеді, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтын деңгейге жеткізеді.

Денсаулық технологиясы арқылы тәрбиеші педагог ата-аналар баланы педагогикалық ықпал ету объектісі ретінде емес қорғайтын тұлға ретінде қарастырылуы керек.

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай ерекшеліктері бар.


  • Бала денсаулығының сапасы;

  • Тұқым қуалаушылықтың әсері;

  • Баланың жас ерекешелігін ескеру;

  • баланың этникалық ерекшеліктері

Денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыратын талаптар:

  • баланың денсаулығын сақтауда бала құқығын сақтау;

  • баланың ақпараттық аясын құрау;

  • баланың қозғалыс белсенділігіндегі бәсекелестілікті дамыту;

  • бала қимылындағы қабілеттілікті анықтау.

Қорытындылай келе, бәсекеге қабілетті ұрпақтың денсаулығы мықты, жан-жақты рухты ұрпақты тәрбиелеу - әр тәрбиешінің ұстаздық мәртебесі .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Александрова Е.Ю. Оздоровительная работа в ДОУ Волгоград, 2005

2.Икіманова Т.Саулық пен сымбат. – Алматы, «Қайнар» 1991жыл.

3.Чупаха И.В. Здоровьесберегающие технологии в образовательно- воспитательном

процессе М., 2006

4.В.Г. Фролов, Г.П. Юрко. Мектепке дейінгі жастағы балалармен ауада жүргізілетін дене

сабағы / М,-1993 ж.


ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ОҚУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ.
Бижанова Динара Сартайқызы

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Әулиекөл кешкі орта жалпы білім беретін мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
«Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында»



Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және де басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі –білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде.

Қай кезеңде болмасын мектептегі басты тұлға мұғалім десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білімі мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын саналы азаматты қалыптастырып, жетілдіру-мұғалімге жауапты міндет. Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.

Ұлы Абай «Тегінде адам баласы бір-бірінен ілім, білімі жағынан ерекшеленіп тұрады»,- дегендей мұғалімнің құзыреттілігі, ең біріншіден, өзін-өзі дамытып, жан-жақты көрсетуіне байланысты деп ойлаймын.

Жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттырудың бірден - бір жолы. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана, біз ұстаздар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50 - ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады.

Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз.

Жаңа технология - бұл өзіңіздің әдістемелік жүйең. Яғни, әр мұғалімнің оқыту технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс - тәжірибесінің нәтижесі.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр ұстаз алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Өзім сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің алдына қоятын ең негізгі мақсаттарыныҢ бірі – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; жазушы туындысында бейнеленген дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдау білім және біліктілікпен қаруландыру; Оқушының логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқушының оқу – танымдық әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше. Бұл әдістер арқылы өткізілген сабақтар оқушылардың жаңа білімдерді меңгеруін ғана емес, сонымен бірге жоғары нәтижеге қол жеткізуге болатынына мүмкіндік туғызады. Топтарда зерттеу жүргізіліп, әдебиеттерді өз бетімен оқуға үйренеді, талғап-талдап түсіндіре алады, жоғары дәрежеде қарым-қатынас қалыптасып, ақын-жазушылар шығармаларын талдағанда өмірмен байланыстырып өз пікірін жетік айта білуге және ойын дәлелдеуге дағдыланады. «ЕліміздіҢ 2030 жылы барысқа айналдыратын күш – мектеп партасында отырған оқушылар мен 15-20 жас аралығындағы жастар» деп Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың бірден бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мен үшін тиімді әдіс – жаңа технологияны барынша кеңінен қолдану. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білім сапасын арттырудың негізгі кепілі.

Өз басым жаңа технологиялар мен бағдарламалардың философиясын терең түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кезде ұшан-теңіз жетістікке жеттім деп толық сеніммен айта аламын.

Сабақ беретін 8-11 сынып аралығындағы оқушыларымның бойынан мына төмендегідей өзгерістерді байқадым:

- Оқушылар мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланды.

- Өз бетінше ізденуге үйренді.

- Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды.

-Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды.

-Өздеріндегі ақпаратты жаңа ақпаратпен салыстырып, тиімдісін қолдануға дағдыланды.

-Өмірді шынайы танитын, адамгершілігі мол, өзін де өзгені де сыйлаған еркін ойлы азамат болуға талпынуда.

Қандай да бір жаңа технологияны пайдаланып жақсы нәтижеге жете қою мүмкін емес.

Таңдалған технология түрінің тиімділігі сынып оқушыларының игерген білім деңгейі мен тақырыптың көлеміне, бәрінен де бұрын, мұғалімнің сол технологияны орынды, ұғынықты, біліктілікпен қолдана білуіне байланысты. Құрғақ сөз – білім де, білік те емес, сондықтан сабаққа жаңа технологияны енгізуде мұғалімнің ойлы, жүйелі шығармашылығы мен мақсатты ізденісі болуы керек.

Қорыта келе, Назипа Сегізбайқызы Құлжанова былай деген: «Мұғалім бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді, сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдарлы жүретін, қажырлы қайратты, жаңашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым –қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп, кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс» деп айтқан.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Назарбаев Н. «Қазақстан-2030» Жолдау.

2.Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал. Салауатты өмір салты. №4,

2014 жыл.

3.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.
Н. Құлжанованың 130 жылдығына

Тарту

Авторы: Бижанова Динара Сартайқызы
Көңілдерге достық гүлін екпекке,

Тойларында жыр маржанын төкпекке.

Армысыздар! Әулиекөлден кеп қалдым,

«Құлжанова» атындағы колледжге.


Арайланып атқан алдан азат күн,

Бодандықтан босатты ғой азаптан.

Алтынсарин атамыздың шәкірті,

Тұңғыш шыққан мұғалима қазақтан.


Қартқа құрмет, ізет қылған кішіге,

Еңбегі зор, алғандарға түсіне.

Қатар жүріп Ахметпен Мұхтармен,

Ат салысқан оқу-ағарту ісіне.


Кітаптарын оқыр болсаң ұғасың,

Тәрбиенің мәнін біліп шығасың.

«Өтті»- дейді соңғы демі біткенше,

Насихаттап Ұлы Абайдың мұрасын.


Зерттеген тәрбие ісін ол көптен,

Мысал іздеп ақпараттан Жер-көктен.

Аудармашы ед, таза қазақ тілінде,

Горкий менен Купринді сөйлеткен.


Ұстаз жайлы тебірене толғаймын,

Болашағын балалардың болжаймын.

Ахметтей алыптардың мекені,

Қызы еді гой қасиетті Торғайдың.


Бала-бақша жайын айтты елдегі,

Шат заманды бүгінгі әттең көрмеді.

Этнограф, аудармашы, жазушы,

Ғалымдарға жүк болардай еңбегі.




БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бошық Шолпанай Иманғалиқызы

Жангелдин ауданы Ақшығанақ ауылы Қ.Топаев орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі
Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының
негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік
көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында
басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-
тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі таңда адамзаттың ақпараттық мәдениетінің дамуы білім алуда өте маңызды рөл атқарады, оның себебі – ғылыми-техникалық ақпараттың көлемі екпінді өсуіне байланысты. Ақпараттық технологиялардың барлық жаңалықтарын ең бірінші балалар қабылдайды, сондықтан балалардың жоғары танымдық қызығушылығын пайдаланып, олардың жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру.

Ал бастауыш мектепте оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін, қызығушылығын туғыза алмаса, берген білімнің нәтижесі болмайтыны анық.

Қолдауды қажет ететін бүгінгі күні елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Инновациялық білім беру құралдарына:



  • аудио-видео құралдар;

  • компьютер;

  • интер белсенді тақта;

  • ғаламтор;

  • компьютер – мультимедиялық құрал;

  • электрондық оқулықтар мен  инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үдерісі мен сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.

Бастауыш сынып оқушыларының АКТ-ға қызығушылықтары  өте басым болғандықтан визуальды қабылдаулары  өте жоғары еске сақталады.

Пәнді оқыту барысында АКТ-ны тиімді қолдану дегеніміз не? 

Пәндік білім — оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Белгілі бір пәнді оқыту барысында тек пән мазмұнын жан-жақты білу мұғалімнің біліктілігін және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. Осы ретте, мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді. Педагогикалық білім дегеніміз-білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Технологиялық білім- оқытудың қосалқы құралдары туралы білім. Осы үш білімнің қилысуы Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімді береді. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра мен Келер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек. Пәнді оқытуда білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланысты белсенді қолдану оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіштері.

«Кім жылдам?» математикалық интеллектуалдық сайыс, «Алтын ұя мектебім» тақырыбында суреттерді бояп, құрастырады. Оқушылардың орындалған жұмыстары телефондар камерасымен қарау арқылы әртүрлі форматта қарастырылып, оқушының бойындағы қызығушылығы мен шығармашылық ой өрісін, қиялын дамытады.

Дүниетану пәнінде  бақылау жүргізгенде фотокамера немесе телефондарға  түсіру тапсырылады. Ол оқушының  бақылау арқылы зерттеу жұмыстарына қарай ұмтылғанын байқаймыз. «Жануарлардың алуан түрлілігі»   тақырыбында өткізілген сабақта оқушыларға  топта ұжымдаса отырып, бірнеше  жануарлардың фото суреттерін  түсірген. Енді топаралық  жұмыста олар жануарлардың айырмашылығы мен ұқсастығына назар аудару ұсынылғанда фотосуреттерді алмастыра отырып  бақылап, нәтижелерін қорыта айтқан оқушыларда табылды.

Мектебіміздің қаланың шеткі жағында орналасуына байланысты оқушыларымыздың көбінде үй жануарлары бар. Сондықтан бақылау-зерттеу жүргізген кезде оқушылар шынайы белсене кірісіп нәтиже шығара білді. Оқушылардың жасаған жұмыстары және олардың ұялы телефондағы, планшеттегі, ноутбуктағы бейнелер қызығушылық туғызып, табиғатқа, үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арта түсті.



Пән барысында АКТ-ны қолданудағы жалпы мақсатым оқушыларды бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу; ақпараттық мәдениеттердің алғы шарттарын қалыптастыру.

Түйінді идеялар: АКТ-ны сабақта не үшін пайдалану қажет?


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер технологиялар жаңартылып отырады. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады.

Мұғалімге қойылатын талаптар:

АКТ түрлерімен таныстыру.

Сабақта АКТ-ның қай түрін пайдалануға болады, соны анықтау.

Сабақты жаңа технологиямен өту.

Балаға шығармашылықпен жұмыс істеу үшін жаңа, тың тапсырмалар беру.

Ата-анасымен мәдениетті педагог ретінде сөйлесе білу.

Оқушы жұмысын дұрыс бағалай білу.

Оқушыға тарихи кітаптарды оқуға бергенде оның мүмкіндігін де біліп отыру.
Тапсырманың орындалу дәрежесін қадағалау.

Қорыта келе, бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізді және оның күнделікті өмірге жақын екендігін түсінді.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ә.Б. Ақбаева. Л.А. Лебедева, Т.В.Лихобабенко «Сабақтарға әдістемелік нұсқау»

Математика әдістемелік құралға қосымша электронды оқулық, Алматы кітап, 2013 жыл.

2.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

3.Ж.Бейсеков, А.Жақсыбаева, Ж.Қамбарова. Төменгі сынып оқушыларын математикалық

олимпиадаға даярлау. Шымкент, 2008 жыл.

4. Г.Абдрахманова«Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері»

5.О.Ефимова, В.Морозов, Ю.Шафрин Курс компьютерной технологии.




ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ СТО ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Булекова Айгул Егимбаевна

Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі



Химия пәнінің оқытушысы
Бүгінгі таңда Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне ену қажеттілігі көтеріліп отырған кезде білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерін инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін -білім»

Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда.Заман талабына сай білім беру оқушылардың адамгершілік, интеллектуалдық дамуының жоғары деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу үдерісінің ғылыми теорияға және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді.

Ондағы негізгі мақсат –оқушыға сапалы білім беру болып табылады.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа кез келген пәнді ұғындырудың тиімді жолы – жаңа технология негіздері болып табылады.Ел президенті Н.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп атап көрсеткеніндей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты. 

Осы орайда әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиімдісін таңдау керек.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі химия сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі- «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясы. Технология 18 елдің тәжірибесіне енгізілген. Бұл технология оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады, ойлау белсенділігін, тапқырлығын, өзіне деген сенімділігін, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді.Жалпы айтқанда, «Сыни тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді.

Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады: 

-қызығушылықты ояту; 

-мағынаны тану;

-ой- толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығынқалыптастыратынын атап өту керек.

Сабақ кезеңдері, Әр кезеңде қолданылатын стратегиялар

Қызығушылығын ояту кезеңі,Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл,Топтастыру,Мағынаны тану кезеңі,Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру,Ой толғаныс кезеңі,Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,

Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.

Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

Осылайша ұжым мүшелері бірін – бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.

Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» - білмеймін, «-» - мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.v + - ?

Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.

Сипатта (түрі, түсі, көлемі),

Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)

Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)

Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)

Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)

Ой толғау (бұл неден жасалған?)

Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды.Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай:

бірінші жолда 1 зат есім,

екінші жолда 2 сын есім,

үшінші жолда 3 етістік,

төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу,

бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.

Мысалы:Не? Темір

Қандай? Жылтыр, сұр

Не істеді? Таттанады, магниттеледі

Түйін. Шаруашылықта көп қолданылады

Синоним. Металл

Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады.

Мысалы: металл мен бейметалл, оттегі мен озон, алкан мен алкенді және т.б заттарды салыстыруға болады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.

Блум таксаномиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар.

Мысалы: - судың қатты күйі (мұз)

-озонның формуласы –О3 (ия)

Жалпақ сұрақтар – сұрақтың жауабына толық әрі түсіндіре отырып жауап беріледі.. Жалпақ сұрақтарды екінші деңгейдегі сұрақтар дейді. Сұрақтың бұл түріне сөзбен ғана емес басқа формаларда жауап беруге болады.

Мысалы: Химиялық реакция теңдеуі арқылы немесе тәжірибелер арқылы жауап беруге болады.

-неліктен алкендерге қосылу реакциялары тән болатынын түсіндіріңдер? Құрамындағы еселі байланысы болғандықтан реакцияға түскіш. Алкендердің қос байланысын бромды су мен перманганат ерітіндісінің түссізденуі арқылы анықтауға болады.

Т кестесі стратегиясы – Мақсаты: қарама – қарсы нәрселерді сөздерді тере білу. Бұл жұмыста салыстыру, салыстыра отырып топтастыру сияқты процестер жүзеге асады. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланылса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс – тәжірибеде үй тапсырмасына да беріліп жүр.

Топтастыру немесе кластер стратегиясы - ойды жинақтау, ми

қыртысында сәулеленген ойларды топтастыру, ассосациялау. Бұл стратегия топпен де жұппен де орындала береді. Сабақтың әр кезеңіне де қолайлы.

БББ немесе маркировка кестесі стратегиясы – «БББ» - білемін, білдім, білгім келеді деген сөздерден алынған. Бұл кестеде үш бөлік. Әр бөлікті мәтінді не тақырыпты оқып отырып толтыра отырады. Негізгі қойылатын талап – оқушылардағы ойлар, тезистер, фактілер дәл сол күйінде көшірілмейді, өз ойымен жазылады. Бұл әдіс мұғалімге әр оқушыны бақылауға, оған сабақ соңында баға қоюға мүмкіндік береді. Мүмкін болса кесте сабақ үстінде толтырылады. Ал, үлгермеген жағдайда әр бөлікке бір, екі ой жазылу керек. Толықтыруға үйге беруге болады.Білемін. Білдім. Білгім келеді.

ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы – тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын жазады. Оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді. Эссені 5-10 минут ішінде тоқтамай жазады. Мұғалім де отырып жазуына болады. Бұл әдісте оқушы бала өз ойын еркін жеткізе білетін болады. Шығармашылықпен жұмыс істеп, сөздік қоры дамиды.

Іс – тәжірибе көрсеткендей СТО – технологиясын қолданып жүрген сыныптың оқушыларының даму деңгейі жоғары болады, өзін ортада еркін ұстайды, жек тұлға ретінде сезінеді. Өзіндік «Мені» дамиды. Оқушының ойлау қабілеті дамыған сайын, оқушы бойында төрт параметр көрсеткіші өседі.

Жекеден жалпыға;

Дифференциалдықтан сенімділікке;

Интуициядан логикаға;

Бір перспективадан көп перспективаға қарай дамиды.Осы кезеңдерді пайдаланып, 8-сыныпта өткізілген «Оттегі: химиялық элемент және жай зат.

Оттектің қасиеттері, алынуы және қолданылуы» тақырыбындағы қолданған СТО технологиясының әдістерін ұсынамын.

Сабақтың мақсаты: Оттегі химиялық элемент және жай зат ретінде сипаттама беру

Білімділік: оттекті химиялық элемент және жай зат ретінде таныстыру,оттектіктің алынуы, химиялық-физикалық қасиеттері мен қолданылуын ұғындыру.

Дамытушылық: Өз еріктерімен ізденіп ойларын дамыту.

Тәрбиелік: жеке және топтық жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оттегі жай зат және химиялық элемент ретінде айыра алу, оның қасиеттері мен алыну жолдарын, қолдану аймағын біледі.

Қызығушылықты ояту.

«Топты бағалау». Оттегі туралы не білеміз? Деген сұраққа оқушылар

ойланып, топта талқылап, ойларын ортаға салып, әр топқа ортақ ой айтады.

1. Сұрақ бойынша ойланып, жеке түрде жазады.

2. Топта талқылау.

3. Ұжымның ойын ортаға салу.

4. Әр топтан бір оқушыдан шығып топтың ортақ ойын айтады?

«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.» оқушылар кестені толтырып, әр топ

ортақ жауаптарын айтады?

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не үйрендім?

Химиялық элементке сипаттама беру:

1. Химиялық таңбасы.

2. Салыстырмалы атомдық массасы.

3. Табиғатта кездесуі.

Жай заттарға сипаттама беру:

1Химиялық формуласы.

2.Салыстырмалы молекулалық массасы 

3. Физикалық қасиеті.

Физикалық қасиеті.

Химиялық қасиеті. Қолданылуы.

Зертханада және өндірісте алу жолдары.

ІІ. Мағынаны тану.

ДЖИГСО стратегиясы

І топ. Элементтің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы

ІІ топ. Алынуы, физикалық қасиеттері

ІІІ топ. Химиялық қасиеттері

ІУ топ Маңызы, қолданылуы

ІІІ. « Ой толғаныс»

Толықтыру кестесі.

1.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы----------тең.

2.Оттек-------,-------------,-------------газ.

3.Оттек ---------қатады,---------сұйылады.

4.Оттек----------- белсенді элемент,ол қазір белгілі------мыңдай

бейорганикалық заттардың құрамына кіреді.

5.Адам организмі----------------байланысқан оттектен тұрады.

6.Д.И. Менделеев құрастырған химиялық элементердің периодтық жүйесінде

оттек элементі-----------орында тұр.

7.Заттардың оттекпен әрекеттесуі----------реакциясы деп аталады.

Толықтыру сөздері: 65% ,химиялық, -216С, -183С , 2, 8, иіссіз түссіз, дәмсіз

,16, тотығу.

Синквейн

1. Оттегі

2. Иіссіз, түссіз

3. Жануды қолдайды, металдармен әрекеттеседі

4. Оттегіні зертханада күрделі заттарды айыру арқылы алады

5. Бейметалл

«Оттегінің маңызы» эссе жазу.

Оттегі жер шарында ең көп таралған элемент. Оттегінің тірі организмдер

үшін маңызы зор. Өйткені онымен тыныс аламыз және сұйық және қатты

отындарды жағуда қолданамыз.

Химия сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту үдерісінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты.
Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш –жігерін жұмсауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. К.Ж . Бұзаубақова «Жаңа педагогикалық технологиялар».

2. « Оқыту-тәрбиелеу технологиясы» журнал -2010 №3,5 2011 ж №5,10

3. «Химия мектепте» журналы

4. «Химия анықтамалығы» журналы.


КРИТЕРИАЛЬНОЕ ОЦЕНИВАНИЕ , КАК ФАКТОР ФОРМИРОВАНИЯ УЧЕБНО- ПОЗНОВАТЕЛЬНОЙ

ДЕЯТЕЛЬНОСТИ УЧАЩИХСЯ
Газизова Роза Амангельдеевна

Тюрикова Маргарита Леонидовна

преподаватели Торгайского гуманитарного

колледжа им.Н.Кулжановой
Развитие общеобразовательных процессов в современном обществе, огромный опыт педагогических инноваций, результаты психолого- педагогических исследований постоянно требуют обобщения и систематизации. Качество обучения в школе находиться в непосредственной зависимости от педагогической технологии, которая должна быть принята для реализации педагогической задачи и достижения поставленных целей.

Система оценивания, воплощая в себе принципы, которые положены в основу образовательного процесса, в целом должн являться главным интегрирующим фактором школьного образовательного пространства, основным средством диагностики проблем обучения и осуществления обратной связи [1]. На протяжении многих десятилетий оценивание заключалось в сравнении достижений учащегося с результатами других учащихся, и такой подход к оцениванию имеет целый ряд недостатков:



  • отсутствуют четкие критерии оценки достижения планируемых

результатов обучения понятные учащимся, родителям и педагогам;

  • педагог выставляет отметку, ориентируясь на средний уровень знаний класса в целом, а не на достижение каждым учеником единых критериев;

  • отметки, выставляемые учащимся, не дают представления об усвоенииконкретных элементов знаний, умений, навыков по отдельным разделам учебной программы, что не позволяет определить индивидуальную траекторию обучения каждого ученика, слабое развитие ключевых компетенций [2];

  • отсутствует оперативная связь между учеником и учителем в процессе обучения, что не способствует высокой мотивации учащихся к обучению.

Таким образом, мы видим, что пятибалльное оценивание является инструментом абсолютной власти учителя, закрепляя и воспроизводя авторитарный подход к образованию, согласно которому учитель –непререкаемый авторитет, носитель истины, что конечно, далеко не всегда соответствует действительности.

Критериальное оценивание - это процесс, основанный на сравнении учебных достижений учащихся с четко определенными, коллективно выработанными, заранее известными всем участникам процесса критериями, оответствующими целям и содержанию образования, способствующими формированию учебно-познавательной компетентности учащихся [3].

Функции критериального оценивания:

• обучающая

• контролирующая

• развивающая

• воспитывающая

• диагностическая

• мотивационная

Задачи критериального оценивания определение уровня подготовки каждого ученика на каждом этапе учебного процесса;

- анализ достижения учениками краткосрочных целей и результатов

обучения в соответствии с учебной программой;

- мониторинг индивидуального прогресса и коррекция индивидуальной

траектории развития ученика;

- мотивирование учащихся на устранение имеющихся пробелов в

усвоении учебной программы;

- дифференцирование значимости оценок, полученных за выполнение

различных видов деятельности;

- мониторинг эффективности учебной программы;

- обеспечение обратной связи между учителем, учеником и родителями для выявления особенностей организации учебного процесса и усвоения учебного материала.

Практическая значимость

- оценивается только работа учащегося;

- работа учащегося сравнивается с образцом (эталоном) правильно

выполненной работы, который известен учащимся заранее;

- учащемуся известен четкий алгоритм выведения оценки, по которому он сам может определить уровень своей работы и информировать родителей;

- оценивают у учащихся только то, чему учили, так как критерий оценивания представляет конкретное выражение учебных целей.

Содержание критерия

Знание и понимание учащийся демонстрирует знание и понимание изученного материала,

- способен применять полученные знания в стандартных и измененных ситуациях

Исследование

Учащийся исследует какую-либо задачу, применяя математические методы, находит закономерности, описывает с помощью языка математики взаимосвязь между ними.



Коммуникация

Учащийся способен передавать информацию, используя, соответствующую научную терминологию, условные обозначения.



Рефлексия

Учащийся размышляет о правильности и рациональности выбранного метода решения.



Учителям необходимо:

  • Разработать критерии, способствующие получению качественных результатов;

  • Иметь оперативную информацию для анализа и планирования своей деятельности.

  • Улучшить качество преподавания;

  • Выстраивать индивидуальную траекторию обучения каждого ученика с учетом его индивидуальных особенностей;

  • Использовать разнообразные подходы и инструменты оценивания;

  • Вносить предложения по совершенствованию содержания учебной программы.

Учащимся:

  • Использовать многообразие стилей обучения, типов мыслительной деятельности и способностей для выражения своего понимания;

  • знать и понимать критерии оценивания для прогнозирования результата, осознавать критерии успеха.

  • участвовать в рефлексии, оценивая себя и своих сверстников;

  • использовать знания для решения реальных задач, выражать разные точки зрения, критически мыслить.

Родителям:

  • Получать доказательства уровня обученности ребенка;

  • Отслеживать прогресс в обучении ребенка;

  • Обеспечивать ребенку поддержку в процессе обучения.

  • Технология критериального оценивания способствует снижению школьной тревожности ученика, а учителя избавляет от бремени «судьи в

последней инстанции», способствует формированию у учащихся навыков:

самоанализа, самооценивания, ответственности за результаты своего труда.

Таким образом, мы видим, что критериальное оценивание имеет большую мотивацию к активной учебно-познавательной деятельности учащихся и в сравнении со старой системой оценивания имеет следующие преимущества:

Формирующее (текущее) оценивание;

Констатирующее (итоговое) оценивание;

Определение текущего уровня усвоения знаний и навыков в процессе повседневной работы в классе. Формирующие оценки не влияют на итоговые оценки, и это позволяет снять страх у учащихся перед ошибками, которые неизбежны при первоначальном усвоении материала;

Определение уровня сформированности знаний и учебных навыков при завершении изучения блока учебной информации;

Отметки, выставленные за констатирующие работы, являются основой для определения итоговых отметок по курсу за отчетные периоды.

При критериальном оценивании нет условий для сравнения себя с другими. Ты успешен по одному критерию, а я– по другому. Появляются дополнительные возможности оценивать и наращивать свои достижения по тому или иному критерию.
Список используемой литературы;

1.Концепция 12 - летнего среднего общего образования в Республике Казахстан. Астана, 2010. 27 с.

2.Национальный план действия по развитию функциональной грамотности школьников на 2012 - 2016 годы: Постановление

3.Правительства Республики Казахстан от 25 июня 2012 года № 832.




ПРИМЕНЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ

ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКЕ
Елеупова Куаныш Темирфайловна

преподаватель Торгайского гуманитарного колледжа им. Н.Кулжановой
Люди, посвятившие себя служению музыке, музыкальной педагогике, не могут не задумываться над тем, что в их работе главное, какие задачи стоят перед ними, как лучше их выполнить. Всегда стремятся работать лучше и достичь большего.

Это особенно важно в педагогике, где центром внимания является живой человек с его сложной физической и психологической организацией. Достижение мастерства требует неустанной работы, поэтому и учитель и ученик должны уделять очень много внимания вырабатыванию огромного количества самых разнообразных навыков. Отрабатывая технические трудности, нельзя забывать, что это лишь способы, а целью является музыка.

Одна из важных задач педагога – зажечь в учащемся интерес к музыке, к музыкальным занятиям. Урок – творческий процесс.

В настоящее время музыкальная педагогика претерпевает внедрение инноваций в процесс обучения игре на музыкальных инструментах. Опираясь на традиционные методики подготовки юных музыкантов, используя личный накопленный опыт, прибегая к помощи коллег и научных разработок, мы, педагоги, получаем в итоге качественно новый продукт, который и называется «инновацией». В современное время это просто необходимо.

Изменился мир, мы вступили в эпоху информационных технологий, выросло новое поколение детей, которое требует от педагогов новых знаний, умений, быть в курсе последних тенденций.

По своим способностям учащиеся делятся на одарённых, талантливых, способных и учащихся со средними музыкальными данными. Именно для последних, в первую очередь, необходимы инновационные методические программы, специальные методики, направленные на развитие таких свойств и качеств как интеллект, эмоциональная отзывчивость на музыку, слухо-двигательная координация, музыкальный слух и музыкальное воображение.

Именно этим часто вынужден заниматься педагог на уроках специальности, поскольку недостаточное развитие отмеченных выше качеств учащегося является безусловным тормозящим фактором успешного обучения такому сложному виду деятельности как музицирование. Порой приходится разъяснять, казалось бы, и самые простые вещи: ведь то, что кажется само собой разумеющимся и понятным педагогу, не всегда представляется таким же учащемуся.

Основными целями работы педагога-музыканта являются:

• формирование основ музыкальной культуры учащихся, как части их духовной культуры;

• воспитание музыканта-исполнителя;

• ощущение значимости, красоты и важности занятий музыкальным творчеством;

Из этих основных целей педагогической деятельности вытекает ряд решаемых задач:

• стимулирование внутренней мотивации обучения;

• повышение познавательного интереса;

• формирование самостоятельности;

• развитие творческих способностей, воображения;

• формирование убеждений и эстетического вкуса;

• овладение первичными навыками исследовательской деятельности.

Возвращаясь к вопросу использования педагогических технологий, остановимся более подробно на технологии проблемного обучения.

Проблемный подход к обучению берет свое начало еще со времен Сократа. Серьезное теоретическое обоснование этот подход получил в работах американского философа, психолога и педагога Д.Дьюи (1859-1952).

Задача педагога заключается в анализе и организации самостоятельной исследовательской работы учащегося, которая выступает как необходимое условие его спонтанно возникающих интересов и потребностей. Процесс обучения определялся Д.Дьюи как деятельность обучающегося, осуществляемая в следующей последовательности ступеней (шагов):

• возникновение у обучающихся затруднения;

• обнаружение, в чем конкретно состоит это затруднение;

• формулирование предположения, гипотезы типа «если, то…»;

• логическая проверка гипотезы;

• проверка гипотезы практикой (экспериментальным путем).

Главным условием обучения становится включение ребёнка в практическую деятельность, игру, труд, в процессе которого возникают потребности в овладении чем-либо. Таким образом, учащийся становится не объектом, а активным субъектом своего обучения.

Под проблемным обучением понимается такая организация учебных занятий, которая предполагает создание под руководством педагога проблемных ситуаций и активную самостоятельную деятельность учащегося по их разрешению, в результате чего происходит творческое овладение профессиональными знаниями, умениями и навыками, а также развитие мыслительных способностей.

В теории проблемного обучения большинство исследователей выделяет следующие уровни проблемности:

• исследовательский метод – высокий уровень проблемности - учащиеся самостоятельно выдвигают проблему и решают её;

• метод эвристического диалога – средний уровень проблемности - частично-поисковый уровень – проблему выдвигает педагог, а учащийся под руководством педагога самостоятельно находит решение;

• проблемное изложение – самый низкий уровень проблемности - педагог сам выдвигает проблему, создавая у учащихся проблемную ситуацию, сам выдвигает гипотезы и сам их доказывает. Иначе этот метод можно назвать лекцией проблемного характера;

Основной категорией проблемного обучения является - проблемная ситуация. Она характеризует определенное психическое состояние учащегося, в основе которого лежит явно или смутно осознанное интеллектуальное затруднение. Ребёнок не может объяснить новый факт при помощи имеющихся у него знаний, но появляется стремление разрешить возникшие противоречия, «докопаться» до истины. Главное во всей этой ситуации – возникновение интереса, без него проблемная ситуация не существует!

В отличие от традиционных методов музыкального обучения, когда педагогом передаются готовые сведения о музыке и музыкантах и запоминании их учащимися, проблемное обучение основывается на самостоятельности музыкального мышления учащихся, их активного познания музыкального искусства, приобщение к музыкальной деятельности (восприятие музыкальных произведений, игра на инструменте, анализ музыки).

Основной элемент проблемной ситуации в музыкальном обучении – это неизвестное, новое. Занимаясь поисками ответа на проблемную ситуацию, учащийся должен иметь определённые творческие способности и достигнутый уровень знаний для самостоятельного понимания (анализа) поставленного музыкального задания. Таким образом, педагогическая технология, обозначаемая понятием «проблемная ситуация в музыкальном обучении», включает 3 основные компонента:

• необходимость, при которой возникает потребность в новом музыкально-поисковом действии;

• неизвестное, которое должно быть открыто в возникшей проблемной ситуации;

• возможность учащихся в выполнении проблемного музыкального задания. Ни слишком трудное, ни слишком легкое задание не вызовет проблемной ситуации! (т.е. не появится тот познавательный интерес, о котором говорилось ранее).

Процесс проблемного обучения оказывается, таким образом, как бы слагающимся из двух этапов:

• постановки задания, вызывающего проблемную ситуацию;

• поиска неизвестного в этой проблемной ситуации посредством самостоятельного исследования, проводимого учащимся, либо путем сообщения педагогом сведений, необходимых для решения проблемы.

Следует отметить также, что содержание учебной деятельности на уроке по фортепиано и во время домашних занятий не должно ограничиваться лишь поиском нового музыкального знания. Размышления о новой интерпретации музыкального произведения, индивидуальное понимание характера и образности музыки – все это должно опираться на те знания и умения, которые ученик перенимает в «готовом виде» из различных источников: объяснения и показа педагога, теле- и радиопередач, видеопрограмм, из музыкального справочника, учебника, книги или статьи о музыке. А в поисковой деятельности учащегося все эти музыкальные знания, успешно приобретаемые, цементируются, скрепляются в единое целое, приводя к новому уровню музыкально-творческого развития.

Всё выше сказанное используется на уроках с учащимися, готовыми принять проблемную ситуацию. Проблемные задания на уроке составляются с учетом всех видов деятельности: при игре на фортепиано, восприятии музыки, выполнении занимательных и интеллектуальных заданий.

Восприятие музыки – один из основных и важных видов деятельности на уроке. Услышать музыку – значит почувствовать и пережить чувства, по-новому размышлять об окружающей жизни, «вживаться» в музыкальный образ, пройти школу духовного, нравственного совершенства.

На каждом уроке нужна новизна, проблема, неожиданность, интригующая ситуация, актуальная и доступная для данного учащегося. С целью создания подобной ситуации необходимо использовать на занятиях некоторые приемы, активизирующие учебно-познавательскую деятельность учащегося: словесное описание музыкального образа после слушания музыки, придумывание названия произведения, анализ и сравнение двух и более вариантов исполнения одного и того же произведения (возможно как домашнее задание), выбор редакции нотного текста. Так, например, проблемная ситуация ставится при расстановке аппликатуры (если пропущена нота), обозначения динамической нюансировки (по направлению движения мелодии), определения кульминации произведения и т.д. При работе непосредственно над произведением (игре на фортепиано) – это исполнение голосов полифонии в разных регистрах, сольфеджирование (пение с названием нот) инструментального голоса. Используется также способ исполнения голосов одного произведения на двух инструментах в дуэте с педагогом, представление партии одного голоса как «вопросно-ответной» интонации двух лиц (в произведениях Баха), удвоение звучности какого-либо голоса (имитация клавесинного звучания) и другие.
Список используемой литературы

1.Сальникова Т.П. Педагогические технологии. – М.:ТЦ Сфера, 2000.

2.ЩаповА.П. Фортепианный урок в музыкальной школе и училище. М.Классика -XXI,

2001


3.Щуркова Н.Е. Диагностика воспитанности: Педагогические технологии. –Краснодар

1993


4.Гаккель А.Д. Фортепианная музыка XX века. – М.: Советский композитор,1998.


ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ КӘСІБІ
Әлиасқарова Мейрамкүл Қуанышбекқызы

Ы.Алтынсарин атындағы гимназия

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың үстіміздегі жылдың 30 қарашада «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында: «Біздің мақсатымыз - елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру» деп атап өткен болатын.[1] Ел келешегін бәсекелі елдердің қатарына қосатын өскелең ұрпақты кемел біліммен байытатын білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті тұлға даярлау болса, мәңгілік елдің заманауи мұғалімі өз елі мен жерін, мамандығын, отбасы мен оқушысын шынайы сүйетін маман болумен бірге өзгермелі заманның педагогикалық технологиясын игерген, қажеттілікке сай біліктілікті арттыруға даяр рухани қазыналы ізденімпаз, шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ғасыр қойнауында қызмет атқарған қоғам қайраткерлері, ғұлама ғалымдар өскелең ұрпақты сапалы білім мен саналы тәрбиемен тербетіп өсіретін ұстазды қанаттандыратын ойлы сөздер сырының салмағы мұғалімнен қаншалықты жауапкершілікті талап ететін аңғарту қиын емес.Мысалы, осыдан 12 ғасыр бұрын айтылған шығыс ойшылы Әбу Насыр әл Фарабидің «Ұстаз - тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешқайсын ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген сипаттама сөзінің маңыздылығы бүгінгі күні де өзекті. Ілім-білімге үйрететін ортаның жүрегі болып табылатын мұғалім білім сапасын көтерудің негізгі тетігі болумен қатар оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі заманауи талапқа сай болуы шарт.

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен тәсілін өзгертуді талап етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік – қабілетті мұғалім.

Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, «Мұғалім - болашақтың баласын да, данасын да, ғылымын да өсіреді». Сондықтан, қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп, жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-жақты бетбұрыс жасауы керек.

Жаңа формацияның мұғалімі деген кім? Жаңа формацияның мұғалімі – жаңа заманға сай өзгерген мұғалім. Қазақстан Республикасының білім беру Тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», - деп нақтыланып көрсетілген. Ал жаңа формация мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізігі талап – жаңа технологияларды меңгеру болғандықтан, жаңа формация мұғалімі кәсіби шеберлік пен бірнеше құзіреттілік түрін игеруге міндетті. Жаңа форматтағы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне тоқталсам:

-іргелі және кіріктірілген білімдердің жоғары болуы, яғни педагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу бағдарламасына сәйкес пәндерді жүргізу әдістемесі, сол пәндер арқылы оқушыларға берілетін білімдерді терең игеру;

-түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі – дидактикалық, танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық, өз білімін дамытуға деген қабілет, теория мен тәжірибені байланыстыра алу қабілеті, диагностикалық іс-әрекет, ғылыми зерттеу іс-әрекетімен айналысу;

-инновациялық технологияларды меңгеруі – мектеп мұғалімі өзінің шығармашылық  іс-әрекетінің арқасында тұтас педагогикалық үрдісті тиімді ұйымдастыруы үшін қазіргі қолданыстағы жаңашыл технологияларды толық меңгеруі тиіс. Жаңа иновациялық технологияларды ғылыми ізденіс пен тәжірибеге енгізуде өз үлесін қосуы қажет;

-кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы – бұрыннан қалыптасқан «мұғалімнің айтқаны әрқашан дұрыс» деген қағидадан аулақ болып, мұғалім тек ақпарат таратушы ғана болмай, оқушының жеке тұлға болып қалыптасуының көмекшісі болуы тиіс, оқушының даму деңгейіне қарамастан оның жеке тұлғасын құрметтеу, өзара бірлескен әрекет, қызмет, көмек, оқушының жетістігіне қуана білушілік басты назарда болумен бірге,оқушының әрқайсысын тереңірек тануға тырысу, өз мамандығын сүю;

-педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда кәсіптік, шығармашылық іскерлігі – педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік танытып, өн бойындағы білім-білік дағдыларын пайдалана отырып, оқушыларға қажетті білім жүйесін меңгерту;

-шығармашылық шеберлігі – оқу-тәрбие үдерісінде кездесіп жататын түрлі жағдаяттарда мұғалімнің шығармашылықпен ойлай білетіндігі мен шеберлігін танытуы тиіс.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсініктерін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олардың жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне ыңғайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жеке түсіне білу.

Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамыту. М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытынды жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері қағидалары, белгілі бар. [4,5 бет ]

Тиімді белгілерінің бірі – оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.

Модульдік оқыту технологиясының негізі – модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту. Оның мазмұны:

1.оқытудың жалпы мақсатын қою;

2.жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3.оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

4.оқу әрекеттерінің жиынтығы;

5.нәтижені бағалау.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау

2.Жанпейсова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде //

Алматы,2006, -4,5 бет

3.ҚР білім беру Тұжырымдамасы

4.Кәсіби даму мектебі //Алматы, 2007,93-97 б.



ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП,

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖАҢАРТУ

(Жаңа технологияларды меңгеру-білім сапасын

арттырудың негізгі кепілі)

Әліпбекова Торғын Талғатқызы.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» ММ

бастауыш сынып мұғалімі.

Өзекті мәселесі



Менің ойымша осы таңдап алынған тақырыбымның өзектілігі – білім сапасын арттырып қана қоймай ,адамгершілік пен ар – ұят бар жерде шындық пен әділдік болады және тәрбиесі бар жас ұрпақтың адамгершілік рухы жоғары болады. Қазіргі кездегі елімізді толғандыратын мәселелердің бірі –жаңа технологияларды меңгеріп, білім сапасын арттыру.Яғни, осы тұрғыда жеке тұлғаны білімге ғана шақырып қоймай, адамгершілікке, әдептілікке, адалдыққа, имандылыққа баулу. Сондықтан мен осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадым.

Аса көрнекті ұстаз, аудармашы, жан-жақты талант иесі-Назипа Құлжанованың шығармалары жылдан жылға аяқ басып зерттелу үстінде.



Нәзипа Құлжанова өз дәуіріндегі саяси-әлеуметтік жайдан, экономикалық құрылыс қалпынан, медицина, педагогика ғылымдарының заман талабы алға тартып отырған міндеттерінен толық хабары бар білімді журналист, шебер педагог екенін айқын тани аламыз. Бүгінгі қолданылып отырған тәрбие түрлерінің алғашқы бастамасының негізін ана тілінде сөз етіп, түсіндіріп, жол көрсетіп кеткен – Нәзипа Құлжанова. Нәзипа бүгін де еліне сол еңбегімен құнды. Сол еңбегімен ұмытылмайтын қадірлі қалпында есте сақталады.

Ел жұрттың болашағын ойлап, халықты ауыр тұрмыстан, азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу – білімге шақырған жанашыр алғашқы батыл да батыр әпкеміз-Назипа Құлжанова еді. Ол өз сөздерінің бірінде «Мұғалім бүгінгі заман талабына сай өзінің педагогтік мамандығының кілтін шебер ұстаған, жан-жақты терең білімді,сегіз қырлы, бір сырлы, ашық жарқын жайдары жүретін, қажырлы қайратты,инициативашыл, қатал талап қойып, оның нәтижесін тексере білетін, бірақ қазымыр емес, тапқыр еңбекқор болуы керек. Қарым-қатынас кезінде әр баланың жан-дүниесін сезініп кемшіліктерін түзетіп, жетістіктерін дамытатындай болғаны дұрыс»-деп жазған болатын. Міне, қаламы қарымды қаламгердің осы сөздері адамға жігер беріп қана қоймай, шабыттандыра түседі.Енді Торғай өңірінен шыққан ең алғаш журналист Назипа Сегізбайқызы (кейбір деректерде Сағызбайқызы) өмір жолына тоқтала кетсем...

Нәзипа Құлжанова-Алаш қозғалысы кезінде қайраткерлігімен көзге түскен қазақ қыздарының бірі, Құлжан немересі 1887 жылы 27 шілдеде Торғай қаласында туған. Аумалы төкпелі заманда ел қамы үшін күрескен қайраткерлердің бірі. Қазақ қыздарынан шыққан ұстаз, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Сағызбайқызы 1902 жылы Қостанайдағы орыс-қазақ гимназиясын, 1903-1904 жылдары Торғайдағы қыздар училищесін бітіреді. Оқып жүрген кезінен бастап өзін ұлт үшін күресуге даярлаған. Оқуын аяқтаған соң, 1905 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясында ұстаз болған. Ұстаздық жұмысты атқара жүріп, этнография тақырыбын зерттеп, мақалалар жазып, талантын танытқан ол 1913 жылы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесіне, «Азамат серіктестігі» ұйымдарына мүше болады. 1914 жылы 26 қаңтарда Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай әдеби кеш ұйымдастырады. 1915 жылы 13 ақпанда

Пертроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырады. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде әйел мәселелеріне байланысты мақалалар жазады.

1917 жылы Семей облысы қазақ сиезінің төралқа құрамына енеді. 1920 жылы Қырғыз (қазақ) АКСР Халық ағарту комиссариатының қазақ тілінде оқулықтар, кітаптар шығару, баспасөз істері жөніндегі арнаулы комиссияның құрамында жұмыс істеген. Осы жұмыста жүріп, жаңа қазақ әліпбиін енгізу жөніндегі комитеттің құрамына енеді. Н.Құлжанова - қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі. 1922 жылы «Еңбекші қазақ» газетінің редакция алқасының мұшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңдігі» журналдарында жауапты қызметтер атқарады. «Айқап», «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында оқу-ағарту мәселелері туралы мақалалар жариялаған.

Ұзақ жыл окытушы болып жұмыс істеген Нәзипа қазақ мектептері үшін оқулықтар жазған. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты әдістемелік кітаптары басылып шығады. Н.Құлжанова әнші болмаса да, қазақ әндерін нақышына келтіре орындайтын өнері болған. Ең маңыздысы - ол кісінің әншілігі емес, қазақ әндерінің нотаға түсуіне көмек көрсетуі. Ол кісі Затаевичке «Ғайни-ау, сәулем», «Қадыр зары» әндерін жаздырған. 1934 жылы ауыр науқастан қайтыс болған.

Тәжірибелік маңыздылығы

Жұмыс барысында алғашқы журналисттің білім саласына қосқан үлестері мен еңбектері жұмыстың практикалык мәні болып табылады.



Ұлылықтың бастауында ұстаз тұрады, нағыз мұғалім болу барлығының қолынан келе бермейтін , асқан кәсіби шеберлікті қажет етеді.

Ендеше, ұстазды мамандық иесі деп атасақ та, артық айтқандық болмас. Әрдайым атқаратын қызметің жан қалауыңмен жарасып, неге бейім екеніңді анық танып, шеберлігіңді шыңдай түссең, нұр үстіне нұр емес пе?

Міне, осы ұстаз жолында біршама терін төгіп, келер ұрпаққа өзінің ізін қалдыра білген Назипа Сегізбайқызы жаңалықтың жаршысы бола білген екен.

Олай дейтін себебім, оқытудағы жаңа технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімдерін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолданудың негізгі ерекшелігі ол оқытушылар мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауға көп мүмкіндік береді және оны педагогикалық мақсатта пайдалану оқушылардың зердесіне, сезіміне, көзқарасына әсер ете отырып оның интеллектуалдық мүмкіншіліктерін арттыруға көмектеседі.

Бүгінгі күндегі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін оқытушы өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, оқытушының біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, топтың типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл – күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу оқытушылар қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.



Қорытынды:

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:



  • Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

  • Тіл байлығын дамытады;

  • Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

  • Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді;

  • Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Əуезов айтқандай, білім бəсекесіне бейім шəкірт тəрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтанда жаңа жаңалықтардан қалмай жаңалық жаршысы болуымыз керек. Бұл мақсаттарға жету үшін мұғалімнің ізденісі, жаңа тəжірибе, жаңа технологиялар қолдану қажеттілігі ең басты міндет.Осы тұрғыда Назипа Құлжанова өзінің дара жолымен, артына қалдырған бай мұрасымен есте мәңгі қалары сөзсіз!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құрасырған Д.Дәуренбекова.-

Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29б.

2.Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ зиялылары // Абай.-

2004.-61-64б.

3. Қуантайұлы Н. Қазақтың алғашқы журналист қызы // Ертіс өңірі.-2003.-9 қазан.-29б.

4. Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30 тамыз.-3б.

5.Мағауина З. Қазақтың ардақты қызы // Семей таңы.-2007.-24 мамыр.-

6. «Қазақстан мектебі» журналы,№10/2007, №1/2007, №2/2007.

7 «Мектеп» журналы,№11, 2009ж.

8.Абай атындағы ҚазҰПУ, «Педагогика» журналы, №6 // Алматы, 2003ж.

 

АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ


Жакупова Асем Маликовна

Б.Майлин атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп,

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.Елдің ертеңгі өресі биік, дүние танымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шетел тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процесімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуіне байланысты.

Мәдени процестің негізгі бөліктерінің бірі әлемдік мәдениеттің құндылықтарын игеру арқылы немесе басқа елдің тілін меңгеру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білуі уақыт талабы.

Еңбек нарығында шетел тіліне сұраныстың өсуі, шетел тілінің профессионалдық маңызының өсуі оның халықаралық деңгейде меңгерудің қажеттігін туғызып отыр.

Сондықтан да, қазіргі жағдайды ескере отырып, түрлі салалардағы мамандарға олардың шетел тілдерін, әсіресе ағылшын тілін кәсіби деңгейде меңгеруіне ықпал ететін жағдай жасау қажет, бұл олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтереді, басқа елдердің өкілдерімен қарым-қатынас жасауына қол жеткізуге, сондай-ақ ғылым мен техниканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін тезірек меңгеруге мүмкіндік береді. .

Қазіргі заманда сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцзийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, орындасам түсінемін»-деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Сондықтан сабақта қолданылатын интербелсенді оқыту тәсілдерін пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқара отырып, оқушының белсенділігі артады, бір-біріне көмектесе отырып, сабаққа барлық оқушы қатыса алады. Өзінше ізденіп, өз ойын толық жеткізе алатын дәрежеге жетеді. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері арқылы интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдану барысында оқушының ой - өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.

Ал, енді интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылар орындайтын бірнеше тапсырма түрлерімен танысайық.

1. Ағылшын тілінде сөздік қорын көбейту үшін тақырыптық суреттермен жұмыс жасаған өте тиімді. Оқушыларды төрт топқа бөле отырып, оларға суреттері бар кубиктер беріледі. Суретпен жұмыс жүргізудің бір түрі - кубиктер. Кубиктің алты беті болады, сол алты бетіне тақырыпқа байланысты суреттер қоямыз. Кубикті лақтырып қалған кезде қайсы беті түссе, сол бетін суреттейміз. Топтар кезек-кезек кубик лақтыра отырып, тапсырманы орындап отырады. Мысалы, жан-жануарлардың суретін әрбір бетіне саламыз. Оқушылар сол жануардың атын, сын-сыйпатын айтып беру керек.

Келесі кубикте оқу құрал-жабдықтары жайлы болсын. Мысалы:

1. Р1-This is a school bag. It is black.

2. P2-This is a book. It is an English book.( round ,white, red)

Бұл кубиктер ағылшын тілін жаңадан бастағандарға арналған бастапқы этапта пайдаланатын кубиктер. Келесі кубиктер күрделірек. Әрбір бет бір-бір тақырыпқа арналады. Мысалы: бірінші бетте киім-кешектер болса, екінші бетте ыдыстар, үшінші бетте жеміс-жидектер, төртінші оқу құралдары, бесінші үй жиһаздары, алтыншы табиғат бейнеленеді. Кубикті лақтыру арқылытапсырмалар беріп оқушылардың барлығын дерлік сабаққа жүмылдырып,қызықты өткізуге боады. Сабақта бір сарынды ұзақ жаттығулар мен ұзақ оқытулар оқушыларды жалықтырады, сондықтан да оқыту тәсілінің бірі ойын элементтерін пайдалану оқушылардың сабаққа деген, жалпы шет тіліне деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Сабақта мен бастауыш буындарда мынадай ойын элементтерін пайдаланып өткіземін. Соның бірі:

1. Қағазға әдемі күннің суретін салып, балаларға таныстырып It is a Sun -деймін. Егер ол суретті басынан жоғары көтерсем, бұл күндіз деген мағынаны білдіреді. Осы кезде оқушыларға-Good afternoon! деген сөзді үйретемін. Күн алдында тұрса, бұл-таңертең- Good morning!. Күн бір шетте тұрса-кеш -Good evening! Егер де күнді арқама қойсам бұл - түн-Good night!

2. Мен сабақта жиі қолданатын ойынымның бірі ол жазба жұмысындағы ойындарға жатады.Мысалы:Schoolchildren. Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығаруы керек. Шығатын сөздер мыналар(he, she, side, shoe, son, nose, red, doll, line, child, school ) т.б.

3. Келесі ойын сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады. Мысалы, [әе] дыбысына. Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол жеңеді.

4. «Қатесін түзе» ойыны. Бұл ойында берілген сөздің қатесін табу керек. Яғни, қайсы әріп дұрыс қойылады.

5. «Күн сәулесі» ойыны.

Қажетті сөзді тиісті тақырыпқа пайдалану тақырыпқа (Венн диограммасы)

Бұл ойын күн сәулесіне адамның мінез-құлықтарын жазып толтырамыз. Күннің әрбір шуағына әр оқушы бір мінез түрін жазып, кеспе қағаз оқушыдан-оқушыға өте отырып, соңында өз иесіне қайтады. Бұл ойын арқылы оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

6. «Сөздерді толықтыр».Бір сөзден келесі жаңа сөз табу(зат есімнен –етістікке айналдару т.б.с.с.)

Қорыта айтқанда оқу процесін жеделдетумен байланысты шет тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолданбау керек деген емес. Қайта бұл әдістеменің дамуына негіз салады.

Сабақта кең көлемді ойын және интербелсенді оқыту тәсілдерін негізге ала отырып, оқушылардың жеке, топтық, ұжымдық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асырылуы керек. Ағылшын тілін оқытқанда ауызша тіл дамытуға және оқушының сөздік қорын байыту үшін әр түрлі ойындарды пайдаланудың көмегі өте зор.

Ағылшын тілі пәнін оқытуда ойын арқылы оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас нығая түседі. Осы ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға болады. Сондықтан да сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда интербелсенді оқыту тәсілдерін пайдаланудың әдістемелік маңызы зор.

Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:

1) стол үсті ойындары

2) дидактикалық ойындар

3) қозғалыс ойындары

4) іскерлік ойындар

5) интеллектуалдық ойындар

Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;

-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;

-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;

-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;

-сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:

-ойыннан шығады. Женген оқушы тиісті «5» бағасын алады.

Бұл жаттығуды да кезкелген пән сабағында қолдануға болады.

Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мғн берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технолдогиясын қолданамын.Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім,баспа - құралдарын оқыдым,сабақ жоспарларымды зерттедім.Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.Сонымен мынандай қорытындыға келдім.

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен,қиындықтар азайады. Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын. Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізмі:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.  2007 ж.

2.Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің міндеттеру,

бағыттары мен мазмұны. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Шымкент,

3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.



ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЭЛЕМЕНТОВ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЯЗЫКА НА УРОКАХ ИСТОРИИ В ШКОЛАХ С РУССКИМ ЯЗЫКОМ ОБУЧЕНИЯ
Жолтаев Арман Болатович

ГУ «Казанбасская средняя школа № 2 отдела образования акимата

Аулиекольского района» учитель истории

Программа полиязычного образования, внедряемая в Казахстане, является уникальной, так как обучение на трех языках будет одновременным и параллельным, одними из ключевых понятий которой являются «трехъязычие», «евразийская поликультурность, коммуникативность и технократичность»[1].

Президент страны Н.А.Назарбаев обозначил конкретные задачи перед казахстанским образованием. Оно должно стать конкурентоспособным, высококачественным, чтобы выпускники казахстанской школы могли  продолжить обучение в зарубежных вузах.

В соответствии с задачами, поставленными Президентом в Государственной программе развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 гг., Государственной программе функционирования и развития языков на 2011-2020 гг. и культурной программе «Триединство языков» к 2020 году все казахстанцы должны овладеть казахским, 95% – русским и 25% – английским языками [2].

Полагаю, что педагог обязан брать инициативу в свои руки и не ожидать поддержки от других. На сегодняшний день обучаюсь и занимаюсь самообразованием. Занимаюсь этой задачой, собираю и исследую информацию из разных источников. В дальнейшем данную задачу собираюсь выбрать в качестве своей методической темы по предмету. Казахский язык является для меня родным. Культура наших предков очень дорога мне. Не зря так много сказано слов о значимости родного языка. Родной язык-язык души, язык сердца. Исчезнет язык - исчезнет и народ. Мой родной язык - казахский, исконный язык кочевников. В нем нашли отражение культура казахского народа, его отличительные особенности, историческое развитие.

Одной из ведущей проблемы в преподавании дисциплины истории, является проблема усвоения и запоминания школьников исторических терминов. Сложность решения данной проблемы обуславливается тем, что большинство терминов используются весьма редко, помимо этого словарный запас у многих учащихся небольшой также огромное количество терминов, предлагаемых для запоминания.

Плохое овладение понятий образовывает на уроке немалое количество трудностей.

Большинство учащихся не осознают глубокой связи приобретаемых ими исторических познаний от их терминологической грамотности. Из этого следует, что необходимо для педагога весьма актуально заниматься в русле развития мотивации к усвоению исторической терминологии, в противном случае учащиеся не в состоянии усвоить предлагаемую программу по предмету.

Само слово «термин» происходит от латинского terminus-предел, конец, граница - и обозначает слова и словосочетания, обозначающие как конкретные предметы (книга, меч и т.д.) так и абстрактные – непримиримая оппозиция, идеальное общество и т.д.[3].

Целью формирования большинства исторических терминов и понятий, заключается в том, чтобы обучить учащегося ориентироваться при помощи этих терминов и понятий в определенной области деятельности – различать события и явления, сопоставлять их, находить свойства, присущие для объектов этого класса[4].

Например, при изучении темы «Установление Советской власти в Казахстане» в 5 классе.

Мы сталкиваемся с новыми понятиями такими как «империя», «монархия», «автономия», «федерация», «гражданская война» «коммунизм», «буржуазия» и др. Это выглядит следующим образом у каждого учащегося на парте будут находится карточки (Приложение № 1). При изучении новой темы в процессе урока эти термины будут встречаться и учащиеся работая с карточками поочередно будут раскрывать значение того или иного термина на двух языках. Закрепление исторических понятий и терминов проводятся путем разных заданий на соответствие, исторических диктантов. Это побудит интерес у детей к изучению и усвоению терминов посредством включение новизны, а именно использования казахского языка.

Работа над созданием терминологического словаря учащихся по истории на основе билингвизма решает ряд проблем это осмысление присутствия терминологических проблем в усвоении школьниками истории, отсутствие желания учащихся работать с понятиями и терминами, очень затруднительные и сложные сформулированные определения в учебнике.

Данный проект я подготавливаю для реализации трехъязычного образования в школах района. Планирую в этом году лицензировать методическую работу «Исторический словарь для 5 класса». Который будет включать в себя все темы курса 5 класса «Рассказы по истории Казахстана» на двух языках. Таким образом, можно решить две задачи - углубить знания учащихся по истории путем привязки к языку, на котором говорит мировая наука, и улучшить собственно знание государственного и английского языков.



Мы, учителя школ, не должны оставаться  равнодушными к  проблеме полиязычия. Сразу обеспечить все школы квалифицированными кадрами, владеющими тремя языками, невозможно. Поэтому каждый учитель, будь он языковед, историк или географ, должен стремиться к этому и иметь желание.  Наша главная цель - это формирование  поликультурной личности, знающей историю и традиции своего народа, владеющей несколькими языками и умеющими результативно применять знания языков в жизни. Важно, чтобы актуальность полиязычного обучения поняли и учителя, и родители, и общественность.
Приложение № 1

Тема: Установление Советской власти в Казахстане

Автономия - (грекше: autos - өзі, nomos - заң, тәуелсіздік) - мемлекет аумағында жинақы, топтасып өмір сүретін әлеуметтік қауымдастыққа берілетін ішкі өзін-өзі басқару мүмкіншілігі немесе мемлекеттік билікті өзінше жүзеге асыру.

Автоно́мия (греч. αὐτονομία — «самозаконие») — самостоятельность, способность или право субъекта действовать на основании установленных (сделанных, составленных им самим) принципов.

Империя (латынша іmperіum – билік, үстемдік) – император басқарған монархиялық мемлекет құрылымының түрі;

Импе́рия (от лат. imperium — власть) — могущественная держава, опирающаяся в своей внутренней и внешней политике на военные сословия (организованную армию) и действующую в интересах военных сословий.

Монархия (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.

Мона́рхия (лат. monarchia от др.-греч. μοναρχία — «единовластие»: μόνος — «одиночный, единый» и ἀρχή — «управление единолично») — форма правления, при которой верховная государственная власть частично или полностью принадлежит одному лицу — монарху (королю, царю, императору, князю, герцогу, эрцгерцогу, султану, эмиру, хану, фараону и т. д.), может быть наследственной, выборной или наследственно-выборной.

Федерация - фр. federation - бірлестік, одақ лат. federatіo – одақ, бірлестік - мемлекеттік құрылым түрі.

Федера́ция (лат. foederātiō — объединение, союз) — форма государственного устройства, при которой части государства являются государственными образованиями, обладающими юридически определённой политической самостоятельностью в рамках федерации.

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес.

Гражда́нская война́ — крупномасштабное вооруженное противостояние между организованными группами внутри государства или, реже, между нациями, входившими в состав ранее единого объединенного государства. Целью сторон, как правило, является захват власти в стране или в отдельном регионе.

Коммунизм (лат. commūnis — "ортақ") — теориялық, олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы негізделген, әлеуметтік теңдік, қоғамдық өндіріс құралдарына меншік

Коммуни́зм (от лат. commūnis — «общий») — теоретический общественный и экономический строй, основанный на социальном равенстве, общественной собственности на средства производства

Буржуази́я (Fr. Bourg француз буржуазияның; ... Ср.: Ол Burg - қала) - буржуазияның (ақша түрінде, өндіріс құралдары, жер, патенттерге немесе өзге де мүлiк) өз бірге капиталистік қоғамда билеуші ​​санатына сай келетін әлеуметтік-класс санаты, және бұл мүліктік табысы есебiнен қолданыстағы.

Буржуази́я (фр. Bourgeoisie от фр. bourg; ср.: нем. Burg — город) — социально-классовая категория, которой соответствует господствующий класс капиталистического общества, обладающий собственностью (в форме денег, средств производства, земли, патентов или иного имущества) и существующий за счёт доходов от этой собственности.

Каталог: images-new -> 000
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по учебно-методической работе г. Уральск, 2016 г
images-new -> Общее среднее образование
images-new -> Программа городского семинара заместителей директоров по методической работе Орал қаласы, 2017 Тақырыбы
images-new -> Тема урока: «Чарующий голос Гарифуллы Курмангалиева и тема Родины в творчестве Акуштап Бахтыгереевой». Урок музыки и литературного чтения
images-new -> №10 “Балапан” МдҰ-ң әдіскері: Г. С. Кадемова істер номенклатурасы 36
images-new -> Сақ патшалары. Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Қазақстан тарихы 5 сынып
images-new -> Сабақ тақырыбы А. Байтұрсынов "Өгіз бен бақа" Мақсаты
images-new -> Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)
000 -> Әож 37. 012(063) Ө71 Бас редактор


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет