Әож 378: 34. 07 Педагогикалық Қ Ұзыреттілікті студенттерде қалыптастыру мүмкіндіктері



Дата18.03.2017
өлшемі108,13 Kb.
#11984
ӘОЖ 378:34.07

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ СТУДЕНТТЕРДЕ

ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Байдыбекова Е.И., Есназар А.Ж.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент



Резюме

В статье рассматривается возможности формирования педагогической компетенции у студентов

Summary

The article discusses the formation of pedagogical competence at students
Жаһандық ғаламданудың кеңеюіне, ақпараттық технологиялардың өріс алуына, білім беру нəтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Ұлтымыздың əлеуетін оятуға жəне оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді 2011-2020 жылдары дамытудың мемлекеттік бағдарламасы сапалы білімді қолжетімді ету арқылы адами капиталды дамытуға түбегейлі бетбұрыс жасады. Сапалы білімнің нәтижелері құзыреттілік арқылы көрінеді, олар жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық, экономикалық және ұйымдастыру-басқару, арнаулы құзыреттіліктерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасады, сондай-ақ заманауи контексте білім беру үрдісін жетілдіру, ұстаздарды талаптарға сай, бәсекеге қабілетті маман ретінде шыңдай түсудің қажеттігін негізгі құндылық ретінде көрсетеді.

Құндылық дегеніміз адамзаттың мақсат-мүдделері арқылы жинақталған тәжрибесін, бүкілхалықтық мəдениеттің мəні ретінде тарихи деңгейде жүзеге асыруға негіз болатын көрсеткіштер. Олар білім мазмұнының өзегі бола отырып, білім алушының – болашақ мұғалімдердің тұлға ретінде, əлеуметтік ортаның барлық көріністерінде өзін жүзеге асыру қабілетін дамытуы қажет. Ұстаздар ұлылар тəжірибесін, бүгінгі əлеуметтік орта ерекшеліктеріне сәйкес өркениет жетістіктерімен білім мазмұнын толықтыра алғанда ғана, болашақ тұлға болмысын қалыптастыра алады. Бұл әрине бүгінгі ұрпаққа осы əлемдік мəдениеттерді жеткізуге құзыретті мұғалімдерді тəрбиелеумен байланысты.

Сонымен бірге құзыреттілік педагогикалық категория болғандықтан логиканың, диалектиканың заңдары арқылы педагогикалық ұстанымдар, заңдылықтар арасындағы байланыс негізінде ашылады және дамиды. Құзыреттілік ұғымының енуіне байланысты жаңалық пен ескіліктің қатар өмір сүруі бірінші кезекке шыққанымен, құзыреттіліктің жаңалық қыры ескілікті теріске шығару ретінде жүзеге асырылады(2,95).

Білім берудегі жаңалықтарды зерттеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрінің бірі екендігін және ол көп жағдайда білім беру саласы қызметкерлері арқылы таратылатынын ескерген жөн. Білім берудің барлық құрамдас бөліктеріне жаңалық енгізу қиын. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және осы ұйымның жұмыс істеу әдістемесімен өзара сабақтастықта болады.

Әдетте, педагогикалық инновация тұжырымдамасы пайда болған соң, оның қандай да бір нысанға немесе рухани өнім-үлгіге айналуы және оны іс-жүзінде қолданысқа енгізілуі болады. Қолданысқа енгізілген жаңалық қайта өңделеді, нақтыланады және осы жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Сонда ғана жаңалық өз бетінше өмір сүріп оны пайдалану кезеңі, яғни оның үстемдік етуі кезеңі басталады.

Құзыреттілік – бүгінгі күннің шынайы белгісі ретінде диалектиканың «қарама-қарсылықтар бірлігі мен күресі», «терістеуді терістеу» заңдарын басшылыққа алу арқылы дамып ашылады. Демек, жаппай қолданысқа енгізілген жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үрдісі қарастырылады. Бұл педагогиканың негізгі заңдылықтары мен ұстанымдары ақыл-парасат пен фактілердің ақиқаттығынан туындай отырып, педагогикалық құзыреттіліктің категория ретінде дамуы мен қалыптасуына негіз болатынын көрсетеді.

Қазіргі білім беру форматы күрделі әрі қарама-қайшылықтарға толы. Соның бірі оның уақыт талабын қанағаттандыра алмауы. Сондықтан еліміздегі жоғары оқу орындарында білім мен ғылымдағы ең алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Оған оқытудың кредиттік жүйесін, қашықтан оқыту формасын енгізуді, маман даярлаудың көпсатылы құрылымына көшуді, оқу үрдісінде қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен сабақ берудің озық әдістерін қолдануды атап айтуға болады.

Сондықтан жоғары педагогикалық білім беруде студенттерді өзінің пəнін үздік білуімен шектемей, білім беру ісі болашақ ұстаздың өмірлік тəжірибесімен ұштаса отырып, оған қажеттілігіне қарай əлеуметтік астар енгізу арқылы, өркениет үрдістерін сезінуге, білуге жетелейтіндей және осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білуге алып келу керек.

Педагогикалық құзыреттілікті қалыптастырудың бір мүмкіндігі – оны инновациялық білім беру үрдісімен байланысты қарастыру. Ұстаздар үшін инновациялық білім беру үрдісінің мән-маңызы, оның инновацияны бастауы, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындауы, және одан әрі қолданысқа енгізуі жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.

Жоғары оқу орындарында оқитын болашақ ұстаздар белгілі бір инновациялық білім беру үрдістерімен нақты танысып, оларды жоғарыда аталған іс-әрекеттер тізбегіне жіктеуді үйренсе, олардың жалпы білімділік құзреттілігі, ұйымдастыру-басқару құзыреттіліктері және арнаулы құзыреттіліктері қалыптасуына мүмкіндік ашылады. Осы мақсатта, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Бастауышта оқыту әдістемесі» кафедрасында Математиканы оқыту әдістемесі, Информатиканы оқыту әдістемесі пәндерін жүргізуде аталған тәсілдер қолданылды.

Инновациялық білім беру үрдісінің тиімділігін оның шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы, ресурстық қамтамасыз етілу мен таралу мүмкіндігі, басқарылғыштығы, ізгілігі, өңделетіндігі құрайды. Оқу орындарында инновациялық білім беру үрдістерін енгізу:

1) инновациялық білім беру үрдістері жұмыс істейтін оқу және білім беру ортасының ғылыми әрі оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуін;

2) инновациялық білім беру үрдісінің кезеңдері құрылымның жүзеге асыратын функциялармен сәйкестігін;

3) оқу материалдарының көлемін және пәндік дайындықтың мерзімін ескере отырып, оқыту әдістері мен түрлерінің ең оңтайлы үйлесімділігін;

4) оқу материалының кәсіптік бағдарлану, өзекті мәселеге бағытталу және мәселені ашып көрсету деңгейінің қамтамасыз етілуін т.б. қамтиды.

Осы үрдістердің негізінде оқытудың өнімсіз дәстүрлі стилін ығыстыру және студенттердің танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық бағыттарының бірі екендігі ескерілді де, білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды.

Осыған орай білімнің жаңартылу бағыттары төмендегідей белгіленді:


  • студенттердің өз бетінше білім алуға, оны тәжірибеде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;

  • білім мазмұнын студентерді өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау;

  • білімдік парадигмадан әрекеттік парадигмаға көшу;

  • “өмір бойы үйрену” қағидасын ұстану.

Осы бағыттар оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылатын сабақты жүргізуге жаңа талаптар қоятыны айқын. Ал қазіргі сабақ – біртекті және бірегей емес құрылымдық-мазмұндық нысан. Бұл болашақ мұғалімдерді заманауи талаптарға сай сабақты ұйымдастыру мен жобалауға үйрету қажеттілігін арттырады.

Сондықтан әрбір болашақ мұғалім, өзі үшін анағұрлым ыңғайлы, өзі жұмыс істеуді жөн көретін парадигмаға сай нысандарды таңдайды. Сабақ жобасын таңдап алу үшін оқушылардың білімділік деңгейінің қазіргі заманғы өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі түйінді дағдарысты анықтап жою, педагогикалық қызметтің мәдени және ізгілік мәнін құрастыру, зерделейтін білім мазмұнын іріктеп қайта құру, жеке тұлғаның өзін ұйымдастыруының негізі ретіндегі оқушы сана сезімінің жеке тұлғалық құрылымын қолдайтын және дамытатын шарттар мен құралдарды үлгілеу және құрастыру әрекетін жобалауы қажет.

Сабақтың тиімділігі мен өнімділігін арттыруда мұғалімнің жоспарлау-жобалаушылық икемділігінің де маңызы жоғары, бұл оның игерілетін білім мазмұнын тиімді түрде іріктей алуы мен оқыту мақсаттарын дұрыс айқындай білуінен байқалады. Сондықтан интерактивті оқыту теориясын зерттеуші ғалымдардың білім мазмұнын білуге міндетті материал, білу керек материал, білуге болатын материал деп үшке бөлетінін ескеріп, оқу материалдарын студенттердің осы тұрғыда логика-дидактикалық талдау жасауға үйренуі де маңызды.

Әр сабақ – педагогикалық, психологиялық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілері өзара тығыз байланыста болатын кешенді амал болғандықтан, қазіргі заманғы педагогикалық үрдіс – сабаққа қойылатын талаптарды анықтай отырып, дәстүрлі сабақ пен заманауи сабаққа төмендегідей салыстырмалы талдау жасауға болады.




Дәстүрлі сабақ

Заманауи сабақ

Бәрін үйретуге болады.

Бәрін үйренуге болады.

Белсенді қызмет орталығы мұғалім.

Белсенді қызмет орталығы оқушы.

Оқушы пассивті қадағалаушы.

Оқушы белсенді қадағалаушы.

Мұғалім тер төгіп жұмыс істейді.

Оқушы тер төгіп жұмыс істейді.

Мұғалім пәнін меңгерген.

Мұғалім тиісті материалды оқушының қабылдау ерекшеліктеріне бейімдей біледі. Пәнді өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру үшін пайдалана біледі.

Мұғалім білімді жеткізуші.

Оқыту үдерісі орталықтандырылған емес

Сабақ – моноспектакль, мұғалім осы спектакльдің режиссері әрі білім беру ролін орындайды.

Мұғалім – ұйымдастырушы, жоспарлаушы, режиссер және бірге қатысушы. Оқу деп аталатын пьесаның басты әрекет етуші тұлғасы – оқушы.

Сабақтың құрылымы қалыптасқан.

Мұғалім – сабақтың менеджері. Мұғалімнің функциясы – процесті оқушы білім алуға мүмкіндігі болатындай етіп ұйымдастыру.

Мұғалім оқу материалын құрылымдау іскерлігін меңгерген.

Мұғалім педагогика мен психология білімдерін меңгерген.

Сабақ жақсы өтті – бұл мұғалім өзіне риза болғанда.

Сабақ жақсы өтті – бұл әрбір оқушы өзінің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттері шегінде барынша әрекет етіп, өзі үшін пайдалы әрі маңызды мәлімет алғанда.

Сабақта оқушы диалог жүргізеді, бірақ мұғалім сұрақ қоюға, ықпал етуге және анықтауға құқылы.

Мұғалім мен оқушы серіктестер. Оның өз оқушысының позициясында болуы, сонда ғана мұғалім мен оқушы сұхбаттасуда нағыз серіктестер бола алады. Мұнда әрқайсы–сының сұрауға, жауап беруге, ықпал етуге, анықтауға құқы да, жауапкершілігі де бар.

Сыныпта мүлгіген тыныштық болуға, оқушылар бір-бірден сөйлеуге тиіс-тәртіп болуы керек.

Сабақта сырттай қарағанда тынышсыз, тіпті шулы ахуал болуы мүмкін, көп нәрсе стихиялы түрде болжамсыз жүріп жатыр, мұғалім тәртіп сақтау, бір-бірден сөйлету туралы ойламайды деген әсер қалуы мүмкін.

Дәстүрлі сабақ пен заманауи сабақтың көрсетілген өзгешеліктерімен қатар оларға педагогикалық менеджмент тұрғысынан салыстырмалы талдау жасауға болады.




Дәстүрлі сабақ

Заманауи сабақ

Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.

Ұйымдастыру кезеңі –2 минут.

Үй тапсырмасын тексеру - 5-7 минут.

Жаңа ақпаратты өз бетінше меңгеру – 5-7 минут.

Жаңа материалды түсіндіру-10 минут.

Оқу тапсырмаларын орындау - 33-35 мин.

Орындалған тапсырмаларды талдау және бағаларды хабарлау-20 минут.

Сабақты қорытындылау -3 мин.

Үйге тапсырма беру - 3-5 минут.



Заманауи сабақты ұйымдастыру мен жобалауға студенттерді үйрету олардың инновациялық білім беру үрдістеріне қызығушылығын артырып, инновациялық білім беру үдерістерін басқару іскерліктері мен дағдыларын меңгергендігіне көз жеткізу үшін тәжірибелік-эксперимент қойылды. Онда студенттердің инновациялық білім беру үрдістерін кәсіби басқаруының құрылымдық-мазмұндық үлгісі мен арнайы бақылау тапсырмалары арқылы білімді меңгеру деңгейлері, олардың сапасының негізгі көрсеткіштері арқылы педагогикалық құзыреттілік қалыптасу деңгейі анықталды. Бұл оқытудың кредиттік жүйесі негізінде жүргізілді.



Қазіргі кездегі жоғары білімді педагог мамандарды даярлаудың басты стратегиялық бағдары - өмірге жауапкершілікпен қарайтын, шығармашылық ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең, әлеуметтік-этикалық құндылықтарды құрметтейтін, іскерлік қабілеті биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық іліммен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол, заманауи техниканы қолдану дағдысы жетілген, географиялық және әлеуметтік ұтқырлыққа дайын, экономикалық білім негіздерін игерген, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б. жөнінде ғылыми түсінігі бар білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру. Осы стратегиялық бағдарды басшылыққа алып болашақ ұстаздарға білім беру үдерісі, педагогикалық құзыреттілік қалыптасуын əлеуметтік орта сұранысы мен білім алушы арасындағы жəне мақсат пен нəтиже арасындағы байланыс арқылы жүзеге асыруға жол ашады.
Пайдаланылған əдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020ж.ж. арналған Мемлекеттік Бағдарламасы.- Астана.- 2010

2. Құдайбергенева К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретінде дамуының заңдылықтары//Білім берудегі менеджмент.-2012.№3, 94-98 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет