ӘӨЖ
АҚША, НЕСИЕ ЖӘНЕ БАНКТЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ
Баймагамбетов Н. М. ЮМ-18-1к7
Жетекшісі: Аталыкова Г.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті
Несие жүйесінің негізгі буыны-банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардардың, акционерлік қоғамдар мен ЖШС-дің , мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар банктер төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және тағы да басқа көптеген сан алуан операциялар жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. Банк деген ұғым италиян сөзі bank-орындық, айырбас орындығы-айырбас орны деген мағына береді. Тарихта банктың ең жай қызметі, мысалы,тұқым сатып алуға несие алған жағдай б.э.д.VIII-Vғғ Вавилонда кездескен. Сол сияқты ақшаны несиеге алып ертедегі Египетте, Грецияда, Римде зәулім ғимараттар салған.
Капитализмнің алғашқы даму сатысында комерциялық банктер банкнота шығаруды капитал шығарудың бір көзі ретінде кеңінен қолданды.Дегенмен несие жүйесінің даму барысында ақша шығару сенімді ірі банктерге шоғырланды.Бұл банкноталардың төлем айналымында кең қолдануын қамтамасыз етті.Сөйтіп тарихи орталық банктердің пайда болуы коммерциялық банктердің банкнота шығаруының бір жерге шоғырлануынан пайда болды.Алғашқыда ол эмиссиялық банк,кейіннен орталық банк деп аталды.Мұндай атақ оның несие жүйесіндегі басқаруына сай беріледі.ХIХ-ХХғғ көптеген мемлекеттерде банкноталарды шығару бір эмиссиялықбанкте шоғырланып,ол мемлекеттің неси жүйесінің түйіні ретінде экономиканы реттеудің орталық қызметін атқарады.
Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді:
мемлекеттік орталық банктер,яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мысалы,Англия,ГФР,Франция,Канада,Ресей)
акционерлік қоғамдар(мысалы,АҚШ,Италия)
аралас акционерлік қоғам,капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде(Жапония,Бельгия)
Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік(Германия,Ресей),кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып кейін ұлттық банк болып қайта құрылды(Ұлыбритания,Франция). Капитал мемлекет иелігіндн ме,жоқ па оған қарамастан тарихи банкпен мемлекет арасындағы тығыз байланыс қалыптасқан,ол әсіресе нарықтық жағдайда күшеюде. Үкімет өзінің экономикалық саясатын несие-банк жүйесі арқылы жүргізетін болғандықтан орталық банкпен байланысын нығайтуға аса мүдделі.Дегенмен мемлекет оны шексіз басқарады деуге болмайды.Орталық бантың атқарушы биліктен тәуелсіздік дәрежелері де әр елде әр турлі.
Орталық банктың үкіметтен белгілі бір тәуелсіздігі-оның ақша-несиелік және валюталық тұрақтылықты сақтаудағы іс-әрекеттерінің тиімділігіне қажетті жағдай. Дегенмен орталық банктың үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі мүмкін емес.Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі элементтері- ақша-несиелік және қаржы саясатын мүлтіксіз орындау орталық банк жуйесінің қызметінің түйіні.Сондықтан үкіметтің макроэкономикалықбағыты орталық банктің ұзақ мерзімдегі саясатын анықтайды.Сайып келгенде кез-келген орталық банкте әрі банктің,әрі мемлекеттік органның белгілері тоғысқан.
Кез-келген орталық банктің міндеті-ұлттық ақша өлшемінің төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету,банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын,төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету.Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк мынвдвй қызметтер атқарады:банкноттарды монополиялы түрде эмиссиялау,ақша-несиелік қатынастарды реттеу,сыртқы экономикалық қатынастарды жүргізу,үкімет банкісінің қызметі.Осы аталған қызметтер орталық банктің балансында көрініс табады.
Орталық банктің ең алғашқы қызметі-ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде-банкнота шығару. Ол-елде төлем міндеттемелерін өтейтін,халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы.Кейбір мемлекеттерде орталық банк монополиялы түрде монета шығарады.
Орталық банктің бнакнота мен монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге душар болда.Мысалы,ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коммерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе,қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етіледі.сондықтан,банкноталарды шығарудың тауар айналымымен тікелей байланысы айтарлықтай азайды,ал оны алтынмен қамтамасыз ету мүлдем жойылды.
Экономиканы ақша және несие айналымына әсер ету жолы мен реттеу-үкіметтің экономикалық саясатының құрамдас элементі.Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына,инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі деңгейіне және төлем балансының тепе-теңдігіне қол жеткізу болып табылады. Дегенмен орталық банк ұдайы өндірісиің заңдылықтарынан туындайтын шаруашылық механизміндегі дағдарыс тағы басқа үйлесімсіздікті жоя алмайды. Орталық банктің әр түрлі мақсатқа бағытталған іәрекеттеріне қарама-қарсылықтар тән.Оның несиені арзанднту мен өндірісті ынталандыру әрекеті,әдетте,шаруашылықтың бір қалыптылығын бұзып,инфляцияны күшейтеді.Ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді,себебі инфляция тек ақша қатынастарымен тежеуге мүмкіндік бермейтін көп факторлы процесс.Валюта дағдарысы және валюта курсының төмендеуі кезінде орталық банк елдің төмен балансын процентті жоғарылату мен елге капитал тарту жолымен жақсартуға ұмтылады.Бірақ несиені қымбаттату өндірісті өрістетуге кері әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |