Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,ойын ойнамағандықтан қартаямыз». Бернард шоу Көрнекілік құралдар: музыка аппараты,баяу әуенді диск, тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?»
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» атты тренинг Мақсаты:мұғалімдердің эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу,өздеріне құрметпен қарау,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту. Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз,ойын ойнамағандықтан қартаямыз». Бернард шоу Көрнекілік құралдар:музыка аппараты,баяу әуенді диск, тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» Жоспар: 1.Танысу.Бір-біріне комплимент айту. 2. «Дыбыстық жаттығу» 3.Тест «Сіз стресті бағындыра аласыз ба?» 4.Картаны аяқтау. 5. Сергіту сәті. «Гүлдер әуені» 6. Жаттығу «Сыйлық». 7.Жүргізілген жұмысты қорытындылау. Жүру барысы: -Құрметті әріптестер,бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге,өз-өзіңізге құрметпен қарауға,бір-бірімізге сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып,бүгінгі күнге байланысты бір-бірімізге жақсы тілек білдірейік.