Әр адам өзін тура айтады, мәселен «Өзім жайлы 100 факттегідей» Бірақ мамандар адамның дене қимылдарына қарап қандай жауап айтар екен. Мына дене қозғалыстары арқылы адамның мінезін байқауға болатын тест жақсы құрастырылған екен



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#5303
1   2

Сіз қандай педагогсыз?


Дата: 2011-09-22 19:19:32

1.     Тәрбиеленушілеріңізбен әңгімелесуге уақыт бөлесіз бе?

2.     Тәрбиеленушілеріңіздің жіберген қателіктерін түзетіп, байыбына жеткізе түсіндіресіз бе?

3.     Тәрбиеленушілеріңіздің даму процессін қадағалайсыз ба?

4.     Тәрбиеленушілеріңіздің сұрақтарына мұқият жауап бересіз бе?

5.     Тәрбиеленушілеріңізді шектен тыс мақтап жіберетін кезіңіз бола ма?

6.     Тәрбиеленушілеріңізбен әңгімелескен кезде беттеріне тіке қарайсыз ба?

7.     Тәрбиеленушілеріңізді өз балаңдай жақсы көре, аласыз ба?

8.     Тәрбиеленушілеріңіз қателік жіберсе қатты жазалайсыз ба?

9.     Тәрбиеленушілеріңіздің қандай тәрбиеде өсіп жатқанына көңіл бөлесіз бе?

10.Тәрбиеленушілеріңіз сізге қатты ауыр сөз айтса, кешіре аласыз ба?

 

  Жауабы:



Ия  - 2 ұпай, Кейде – 1 ұпай,  Жоқ, қарсымын - 0 ұпай.

 

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:



0-7 ұпай: Тәрбиеленушілеріңіз мейіріміңізге зәру. Әңгімелесуге, сабағын қадағалауға уақыт таба бермейтініңіз өкінішті. Оқушыларыңыздың санасында өзіңізге деген салқындық орнатпай тұрғанда, олқылықтың орнын толтыруға асығыңыз.

 

8-16 ұпай:Тәрбиеленушілеріңізбен қарым- қатынасыңыз жақсы. Әрбір олардың болмашы жетістіктеріне жаныңыз марқайып қалады. Бірақ тәрбиеленушілеріңізді тым қорғаштай бермей, біліміне көңіл бөлгеніңіз артық емес.

 

17-20 ұпай:Тәрбиеленушілеріңізбен тіл табысуларыңыз, қарым-қатынасыңыз қандай тамаша. Тәрбиеге, ой- сапасының дамуына, талабын арттыруға көңіл бөліп, бар жағдай жасайтыныңыз сүйсіндіреді. Тәрбиеленушілеріңіз мейірім шуағына бөленуде.

Сіз қандай ата-анасыз?

 

         Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым-қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгілеңіз:



1. Саған қанша рет қайталап айтамын.             2 ұпай

2. Маған ақылыңды айта қойшы.                     1

3. Мен сенсіз не істер едім!                             1

4. Сонша кімге тартқансың!                             2

5.Сенің достарың қандай тамаша адамдар!       1

6. Түу, кімге ұқсағансың!                                 2

7. Мен сенің кезіңде ...                                    2

8. Сен менің тірегім мен көмекшімсің ғой!      1

9. Сенің достарың өзі қандай адамдар ...          2

10.Сен тегі не ойлап жүрсің ?!                         2

11. Сен менің ақылшымсың!                            1

12.Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың ...         1

13. Басқаның баласы бала сияқты да,  ...           2

14. Сен қандай ойлап тапқышсың!                   1

        

         Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине,Сіздің қандай ата – ана екеніңізді Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға ғана беріліп отыр.

         7 – 8  - Сіз балаңыз екеуіңіз бір-біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.

         9 –10 ұпай – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол Сізді сыйлағанмен әрқашан Сізге сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін.

         11 –14  ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдаймыз. Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі жасайды.

 

Ата-аналарға арналған тест

         Балаларды ата-аналар тәрбиелейді. Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі.

         Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз.

а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай).

б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай).

в) қолымнан келмейді (1 ұпай).

         Тест сұрақтары:

1.     Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын.

2.     Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін.

3.     Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын.

4.     Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын.

5.     Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім.

6.     Баламның орнына өзімді қоя аламын.

7.     Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын.

8.     Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын.

9.     Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын.

10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын.

11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін.

12.  Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін.

13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын.

Тестің кілті:

     30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз.

     16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет.

     16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.

 

Cіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?

(Қолыңыздан келе ме?)

 

         Шарты: зейін қойып сұрақтарды оқыңыз және шын мәніндегі жауапты беруіңізді сұраймыз.



а) қолымнан келеді және әр кезде солай жасаймын

ә) қолымнан келеді, алайда әр кезде солай істей алмаймын

б) қолымнан келмейді

1.        Кез-келген жағдайда жұмысыңыздың барлығын тастап, балаңызбен айналысу қолыңыздан келе ме?

2.        Баланың жас ерекшелігіне назар аудармай, ақылдасу қолыңыздан келе ме?

3.        Баланың алдында жасаған қателігіңізді мойындау қолыңыздан келе ме?

4.        Өзіңіз қателескеніңіз үшін баланың алдында кешірім сұрау қолыңыздан келе ме?

5.        Егер баланың қылығы Сіздің ашуыңызды келтірсе, өзіңізді ұстау қолыңыздан келе ме?

6.        Өзіңізді баланың орнына қою қолыңыздан келе ме?

7.        Бір уақытқа өзіңізді ертедегі қайырымды ханша немесе би ретінде елестете алу қолыңыздан келе ме?

8.        Бала кезіңізде болған оқиғаны тәрбиелік мәнімен айтып беру қолыңыздан келе ме?

9.        Баланың жүрегіне ауыр тиетін сөздерді әрқашан айтпау қолыңыздан келе ме?

10.    Баланың жақсы тәртібі үшін оның арманын орындап беру қолыңыздан келе ме?

11.    Не істесе дағы өз білгенін жасауына балаға бір күн бөлу қолыңыздан келе ме?

12.    Егер де Сіздің балаңыз басқа бір баланы ұрып не итеріп жіберсе немесе күнәсіз жазаласа, елеп-ескермеу Сіздің қолыңыздан келе ме?

13.    Балаңыз егер де бір нәрсені алып бер деп жылап сұрап тұрса, Сіз осыған ұстамдылық ете білу қолыңыздан келе ме?



Кілті: а – 3 ұпай; б – 2 ұпай; в – 1 ұпай

16 ұпайға дейін – баланы тәрбиелеуде Сізде үлкен мәселелер бар. Сізге не білімділікке, не ойға жиі мән бермейсіз. Не ұстамдылық жеткіліксіз. Баланы тұлға ретінде қабылдауға назар аудару қажет. Ұстаздар мен психолог мамандарға баруды ұсынамыз.

16-30 ұпай – Сізде ең бірінші дәрежеде тұратын мәселе – ол балаға деген қамқорлық. Сізде тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ іс жүзінде Сіз оны әрқашан қолдана алмайсыз. Кейде Сіз тым қаталсыз, кей жағдайда – тым жұмсақсыз. Баланы тәрбиелеуге мән берген өте қажет деп ойлаймыз.

30-39 ұпай – бала – Сіздің өміріңіздегі ең үлкен құндылық. Сіз баланы түсінуге және білуге тырысасыз. Балаға сыйластықпен қарап, тәрбиелеудегі ең тиімді әдістерді қолдануға ынталысыз. Басқаша айтқанда, Сіздің іс-әрекетіңіз түзу және ісіңіздің жемісті болуына үміттенеміз.

 

 

 



 

Ата-аналарға арналған тест

“Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?”

 

1.Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды Сіз қалай байқадыңыз?



         а) ол өзі маған бұл туралы айтты

         б) ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады

         в) мен ана болғандықтан бұны сездім

         г) бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым

2.Сіздің балаңыздың досы Сізді:

         а) екінші анасы сияқты сезінеді

         б) Сіз кіргенде үндемей қалады

         в) құрметпен, бірақ салқын қарайды

         г) құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды

3.Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз Сізді шақыра ма?

         а) кейде

         б) жоқ, ешқашан

         в) шақырды, бірақ мен келіспедім

         г) олардың жиналатын орны маған ұнамайды

4.Көптеген ата-аналар балалары олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:

         а) бұлай болмайды, себебі олар үшін бұл заттар модадан шығып қалған

         б) бұлай болмайды, себебі оған сәйкес (шақ) келмейді

         в) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді

         г) рұқсат бермеймін, себебі әрбір адам өз затын пайдалануы қажет

5.Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:

         а) оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ

         б) балаңыздан “саған бұл хабар ұнай ма?”- деп сұрайсыз

         в) ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін

         г) біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын

6.Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: “біздің кезімізде бұлай ... болмаған”:

         а) 1 немесе 2 рет, бірақ мен бәрі өзгеретінін мойындаймын

         б) қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ

         в) аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын

         г) мен бұлай оған айтқан жоқпын

 

 



Тестің қорытындысы:

         4-6 рет “а” жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Ең дұрысы Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.

         3 немесе одан аз “а” жауабы - өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

 

 



 

Ата-аналарға арналған тест

Сіз қандай тәрбиешісіз?”

 

1.Бала сыныптасымен төбелесіп қалды, Сізді тез арада мектепке шақыртып жатыр, не шара қолданасыз?



         а) ызалықпен жазалайсыз

         ә) жөнін сұрап, қай себеппен төбелес шыққанын анықтайсыз, содан кейін шешім қабылдайсыз

         б) ең алдымен сынып жетекшісімен сөйлесесіз

2.Үйді жинап жатқанда, бала кездейсоқ вазаны сындырып алды, Сіздің әрекетіңіз:

         а) ең біріншіден, желкеден бір қоясыз

         ә) ашу үстінде: “Жоғал! Сенің көмегіңсіз-ақ істеп аламын”-деп айғайлайсыз

         б) баланы жұбатасыз, ол әдейі істеген жоқ қой

3.Егер Сіз баланы жазаладыңыз, содан кейін өзіңіз дұрыс істемегеніңізді сездіңіз, онда:

         а) өз беделіңізді түсірмейін деп, үндемейсіз

         ә) кешірім сұрайсыз

         б) қатеңізді түсініп, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз

4.Бала Сізді сұрақпен жаудырып, сұрап жатыр, Сіз шаршап тұрсыз... Сіздің әрекетіңіз:

          а) итеріңкіреп: “Бір сәт сенен демалайыншы”

         ә) ойланбастан, амалсыздан жауап бересіз

         б) шаршағаныңызды түсіндіресіз, бұл сұрақты басқа уақытқа қойып, уақытын белгілейсіз

5.Бала Сізден шығарма жазуға көмек сұрайды. Сіз не істейсіз?

         а) жазасыз, оған тек қана шығарманы көшіріп алу қалады

         ә) қатаң айтасыз: “өзің жаз, сонда ғана үйренесің”-деп

         б) мазмұнына көмектесіп, әдебиетіне нұсқау беруге қол ұшын бересіз. Одан кейін өз ойымен жазады

6.Бала анасына – “аквариум сатып алып, балық ұстайықшы”-дейді. Сіз не деп жауап бересіз?

а) бірден: “Ол сенің уақытыңды алады”,-дейсіз

         ә) “Жарайды, сен соны қаласаң, мен саған аквариумда балық ұстауға көмектесемін”-дейсіз

         б) “Егер сенің ынтаң терең болса, мен саған сатып алып берем, бірақ есіңде болсын, өзің қарайсың”-дейсіз

 

Тестің кілті:

         Егер Сіз барлық 6 сұраққа да “б” әрпімен жауап берсеңіз, Сіз жақсы тәрбиешісіз.

         Егер Сіздің жауабыңыз “б” әрпінің 3-еуіне ие болса, Сізге өз әдет-қылығыңызға назар аударғаныңыз артық емес.

         Егер одан да аз жауап берсеңіз немесе жауапты ойланбай белгілесеңіз, өз психологиялық әдістеріңізге тереңірек ой салуыңызға тура келеді.

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін ойын арқылы оқыту ерекшеліктері


Адам бала кезінен қалыптасады. Мектепке дейінгі жастан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі — Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып, олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры — өз халқының тілінде.

Қазақстан Республикасында тұратын әрбір ұлттар мен ұлыстардың тілдік қызмет саласына ешбір кедергі қойылмайды. Сондықтан да кез келген халықтың ана тілі рухани мәдениетінің өзіне тән ұлттың ерекшелігінің көрсеткіші болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды қазақ тіліне үйрету маңызды міндеттерді шешуге көмектеседі:



  • адамдардың рухани өмірінің үйлесімді болуы барлық халықтың қазақ халқының мәдени құндылығына қол жеткізуі үшін мүмкіншіліктерді кеңейтеді;

  • білім мен мәдениеттің одан әрі көтерілуін қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың жақындасуының жан-жақты дамуына, Қазақстан халқының тарихи қауымдастық ретінде ынтымақтастығының нығаюына мүмкіндік туғызады.

Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі — тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру. Бұл тіл дамыту қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты ретінде ғана болады дегенді білдіреді, алайда сабақта шешілетін міндеттер бұл мақсатпен шектеліп қалмайды.

Қазақ тілі — әлеуметтік, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Балалардың сөйлеу мүмкіншіліктерінің даму барысында қазақ тілінің оқыту мен тәлім-тәрбие берудегі рөлі күннен күнге арта түсуде. Қазақ тілін (кез келген басқа да тілді) сөздерді, сөйлемдерді, диалог, монолог үлгілерін механикалық қайталай беру жолымен емес, жалпы белсенді түрде сөйлеу арқылы үйрету керек.

Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ..

Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Заман талабы екі тілде сөйлеуді одан әрі орнықтыру, қазақ тілін үйренгісі келетін басқа ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сол сияқты балабақшаларда қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері қойылады: Қазақ тілі сабақтарында көздейтін-мақсат балаларға жалаң сөз жаттау емес әрбір сабақта үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйрету.

Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.

Қазақ тілін оқытудағы рөлдік ойындардың орны


Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор.Ойын — балалардың тілді үйренуге деген сенімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де,бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп,сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тындап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал тәрбиеші тек бағыттаушы болады.

Рөлдік ойындардың негізгі талаптары


  1. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады.

  2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.

  3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады.

  4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді.

Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай?


Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

  1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

  2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

  3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын.

  4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.

  5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.

  6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.

Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет.

Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды.


Драматизацияланған ойындар


Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды.

Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады:

а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою;
б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою.

Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады.



  1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамыту.

  2. Балаларды сөйлеуге үйрету.

  3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету.

Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн.

Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды.

Сіз қандай ата-анасыз?


  1. Кез келген өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып баламен айналыса аласыз ба?

  2. Балаңыздың жасын ескермей онымен ақылдаса аласыз ба?

  3. Балаңызбен қарым — қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

  4. Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

  5. Өзіңізді балаңыз жасаған ісі ашу шақыртқан кездің өзінде ұстай және игере аласыз ба?

  6. Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

  7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

  8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айта аласыз ба?

  9. Балаңыз уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып уәдеңізді орындайсыз ба?

  10. Баланың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

  11. Балаға өзіңіз қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамайтындай бір күн еркіндік бересіз бе?

  12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба?

  13. Баланың көз жасына еркелеген дөрекі мінезіне уақытша екенін көре тұрып, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

  1. Әрқашан жасаймын, келісемін — 3 ұпай

  2. Кейде ғана келісемін — 2 ұпай

  3. Келіспеймін — 1 ұпай

Сауалнаманы бағалау өлшемдері:

0-16
Бала тәрбиесі сіз үшін үлкен мәселе. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30
Сіз үшін балаға қамқорлық жасау бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті бар, бірақ тәжірибеде бір қалыпты ретпен, бір қалыптағы мақсатпен қолдануды әрқашан жасайсыз. Кейде қатал, кейде мүлде жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39
Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

Баланың мектепке дайындалуына қалай көмектесу керек?


Әр ата — ана баласының темпераментін білу керек.

Бұл баланы оқытуда негізгі кілті болуы мүмкін.Егер бала флегматик болса, балаға барлығын көрсетіп, қайталатып отыру керек.

Егер бала холерик болса, ата — аналар әрқашан жаңа тапсырмалар беріп отыруы керек. Егер тапсырмаларды бермей, жаңартып отырмаса баланың білімге деген құштарлығы сөніп , бала босап кетуі мүмкін.

Егер бала меланхолик болса, ол бәрін баяу және жете орындайды.Ата — ананың міндеті: уақытында баланы қолдап, мадақтап отыру.

Сангвиник — балалар алаңғасар болып келеді.Бұндай балаға ата — анасы оның зейінін әр бөліктерге әрқашан аудартып отыру керек.

Тест тапсырушы баланың ата — анасына кеңес


Бірінші. Күйгелектенбеу. Ата — ананың кернеулік жағдайы балаға ауысуы мүмкін.

Екінші. Ата — ананың бағдары көп кедергі келтіруі мүмкін.Бала анасының айтқан жауабынан аса алмай, өз жауабын ұмытып қалуы мүмкін.

Үшінші. Баладан жоғары нәтиже көрсетуін талап етпеу керек.

Кеңес


Баламен тест алдында мектепке бару, мектепті аралау, мұғалімдермен таныстыру. Бұл баланың тест беру барысында өзіне -өзі сеніп , жайлы сезінуіне көмектеседі.

Кейбір ата — аналар өз балаларын данышпан деп бағалайды, кейбіреуі балаларының жетістіктеріне көп көңіл бөле қоймайды.



Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Сіздің балаңыз ерте оқып үйренді, алты жасқа дейін: өздігінен — 7 ұпай, біреудің көмегімен 5-ұпай.

  2. Тез және көп оқиды — 2 ұпай.

  3. Өздігінен немесе біреудің көмегімен сөздік, энциклопедия оқуға қызыға бастады — 2 — ұпай

  4. Тез оқып үйренді ме? Бірақ оқу барысында қиындықтар туындайды — 1- ұпай

  5. Есікті жауып алып оқи ма? Оның достары өзінен жасы үлкен — 2 ұпай

  6. Ересектермен еркін сөйлеседі — 2 ұпай

  7. Көптеген тақырыптарда сұрақтар қоя ма? Сұрақтарға жауаптары әрқашан дайын ба? Күтпеген сұрақтар — 1 ұпай

  8. Кейде алаңғасар бола ма? Бірақ, қорытынды жасай алады ( мысалы, өзінің көрген киносы бойынша ) — 2 ұпай

  9. Қоршаған ортаға байланысты әңгімені жалғастырып әңгімелесуге тез араласады және өз бағасын бере алады — 1 ұпай

  10.  Әділетсіздіктер өзіне қатысты болмаса да, әділетсіздіктерді тез сезінеді — 2 ұпай

  11. Әзілді түсінеді және әзілдесе алады -2 ұпай

  12.  Сөздік қоры мол , сұхбаттасу барысында қолдана алады — 2ұпай

  13.  Интеллектуалды қиын ойындарды ойнағанды жақсы көреді — 2 ұпай

  14. Музыканы қабылдауы жақсы дамыған — 2 ұпай

Жиналған ұпай санын қосып санаңыз 10-12 ұпай — Бойында жақсы қабілеттер бар және оқуға деген ынтасы жоғары. Ол сізден оқытуды сауатты, толық ұйымдастыруыңызды талап етеді.

Бірінші сыныпқа қабылдау Үй тапсырмасы


Егер үйде төмендегі тапсырмаларды балалармен орындап отырсаңыз, онда бірінші сыныпқа қабылданар алдындағы тест сұрақтарынан ойдағыдай өтеді.

  1. Үстел, орындық, диван — бұлар ……. Қызыл, жасыл, көк — бұл…….. Артық сөзді тап: аю,мысық, түлкі, арыстан, жолбарыс;

  2. Мына сөздерде неше дыбыс бар: орман, көктем;

  3. Бестен бір санға төмен санды атап айт.

  4. Қай заттың саны көп: алты дәптер — жеті қалам. Суретке қарап әңгіме құр.

  5. Мына суретті жеті бөлікке бөліп қиып, кейін қайта жина.

  6. Он айырмашылығы бар екі суретті тауып көрсет.

  7. Үйдің суретін қайталап сал.

  8. Графикалық диктант өткізу: «Тор көзге нүкте қойып, екі тор оңға, бір тор жоғары т.с.с.»

  9. Баланың есте сақтау қабілетін арттыру: заттардың санын есіңде сақта, орналасу ретін есіңе сақта.

Ата-аналарға арналған сауалнама

  • Баланың аты-жөні

  • Туған жылы,күні

  • Қызығушылығы

  • Мекен-жайы.Үйінің телефоны,көршілерінің немесе туған-туыстарының телефоны.Білімі.

  • Ата-анасының жұмыс орны,қызметі,телефоны.Білімі.Қызығушылығы.

  • Отбасы құрамы.18 жасқа дейінгі балалардың туған жылы.

  • Әлеуметтік жағдайы

  • Тұрғын үй жағдайы

Құрметті ата-аналар!


Ата-аналар,балалар және мұғалімдермен тығыз ынтымақтастық байланыста болу үшін төмендегі сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінеміз.

  1. Балабақшадан нені күтесіз?

  2. Балабақшада не көңіліңізден шықпайды?

  3. Балаңыздың мінезіне тән қандай ерекшеліктер бар?

  4. Тәрбиешілер тарапы жағынан қандай ерекше жеке көңіл бөлуді талап етеді?

  5. Балаңыздың бойында қандай қабілеттер бар?

  6. Оның жасында ата-аналарының бойында қандай қабілеттер болды? Одан әрі қалай ақталды?

  7.  Сіз баланыздың қандай пәнге бейімділігін байқадыңыз?

  8. Қай пән бойынша қиналады?

  9. Балаңыз бос уақытында немен айналысқанды ұнатады?

  10. Психологтың көмегі керек пе? Қандай сұрақтар бойынша қажет?

  11. Жақсы білім деп нені есептейсіз?

  12. Мектепке, сыныпқа қандай көмек көрсетер едіңіз?

Басқару саласындағы қызығушылыққа қайсысының рөлі басым Сіз мейірімді адамсыз ба?

                                                (психологиялық тест)



   Әркім-ақ өзін кеңпейілді, мейірімді адаммын деп есептейді немесе сондай жандардың қатарында болғысы келеді. Кімнің болсын өзі туралы жақсы ойлауға қақысы бар емес пе? Бірақ шын өмірде қандайсыз, міне  мәселе осында. Қазір сіздің қаншалықты мейірімді екеніңізді байқап көрелік. Мына сұрақтарға "иә" немесе "жоқ" деп жауап беріңіз:

1. Сіз әжептәуір ақша таптыңыз.Осы ақшаға түгел дос-жаран мен жақын-туысқа сыйлықтар алып беруіңіз мүмкін бе?

2. Бір дос-жаран адам келіп Сізге мұңын шақты. Оның қайғысы жаныңызға батқан жоқ, осыны сіз ымдап байқатар ма едіңіз?

3.Сіз картаны немесе биллиардты керемет ойнайсыз. Ал танысыңыз нашар ойнайды. Ол қуанып қалсын деп Сіз анда-санда ұтыласыз ба?

4. Адамдар қуанып қалсын деп, оларға үнемі әзіл-қалжың, жақсы сөз айтып отырасыз ба?

5.Мысқылдап, кекеткенді жақсы көресіз бе?

6. Сіз кекшілсіз бе?

7. Өзіңіз ұнатпайтыни нәрсені асқан сабырмен тыңдап тұра аласыз ба?

8. Өзіңіздің қолыңыздан келетін дүниені ешкімге жалынбай істеп кете бересіз бе?

9. Жеңіліп бара жатқыныңызды сезсеңіз қандай да бір сылтаумен ойынды тоқтатасыз ба?

10. Егер өзіңіздің ісіңіздің ақ екеніне сенсеңіз, оппонентіңіздің сөзін тыңдаудан бас тартасыз ба?

11. Біреулердің өтініштерін бұлжытпай орындайсыз ба?

12. Жиналғандарды көңілдендіру үшін бір адамды құрбандыққа шалып келемеждейсіз бе?

Қортынды:

1,3,4,7,11 - сұрақтарға "иә" деп жауап берсеңіз, ал 2,5,6,8,9,10, 12- сұрақтарға "жоқ" деп жауап берсеңіз, әр жауапқа 1 ұпайдан жазыңыз.

8-ден жоғары ұпай жинасаңыз,онда сіз мейірімді жансыз, маңайыңызға ұнайсыз, адамдармен тіл табысып, сөйлесіп кету сізге оңай. Біздің ойымызша, сіздің досыңыз көп. Бір нәрседен ғана сақтаңыз: ешқашан жұрттың бәріне ұнаймын деп жалбақтай бермеңіз.Адамның бәріне жағу мүмкін емес.

4-8 арасында болсаңыз, онда сіздің көңіліңіз істің сәтіне, жағдайдың ретіне қарай кеңейіп, тарылып отырады. Сізді елдің бәріне бірдей жайылып жастық, көсіліп көрпе болады деу қиын. Кейбір жанмен арқа-жарқа араласа кетесіз. Кейбіреумен 2 минут сөйлесудің өзі мұң болады. "Бірде көл, бірде шөл"деген осы. Бірақ бұл сонша қайғыратын іс емес. Тек, адамдарды алаламау үшін бәріне бірдей қарауға тырысыңыз.

Сіз 4 ұпайдан төмен жинасаңыз, кешірерсіз, сізбен араласу ең жақын туыстардың өзіне де қиын соғады. Мейірімді болыңыз. "Кең болсаң, кем болмайсың" дейді. Дос сонда ғана көбейеді. Өйткені достыққа ең қажетті дүние - мейірім.

                                     

  1. а) ананың, б) әкенің?

Отырғанда: 
Тізеңізді бірінің үстіне бірін қоюға «әуес» болсаңыз, өзіңізге өте сенімдісіз. Қандай қиындықты да жеңе алатыныңызға, қандай істі де тындыра алатыныңызға шүбә келтірмейсіз. Расында да солай: жұмыста да, тұрмыс-тіршілікте де сіз қандай тығырыққа тірелсеңіз де қиналмай шешесіз.

Екі аяғыңызды бір-бірімен орап «тастауға» дағдылансаңыз, өзіңізге  сеніміңіз жоқ, не нәрсені де қолыңыздан келмейтіндей, шама-шарқыңыз жетпейтіндей көріп, тайсақтап, қорғаншақтайсыз да жүресіз. Бүгін шешетін, бүгін іске асыратын шаруаны ертеңге қалдыруды «жан тыныштығының» бір жолы сияқты көресіз. «Ажалдан басқаның бәрі тезірек болғаны жақсы» деген қағида сізге жүрмейді. Бірдеңелерге қол жеткізгіңіз келсе, шираңыз, батылданыңыз. Әйтпесе, бәрінен қорқып-үрке берсеңіз, қамшының сабындай қысқа ғұмыр өтеді де шығады.

Аяқты айқастырып, алға созып жіберуді әдет қылсаңыз, мінез-құлқыңыз өктем, маңайыңызды өзіңіздің айтқаныңызбен жүргізіп-тұрғызғыңыз келеді. Қашанда, қай жерде де, қай ортада да өзіңіз басшы, өзгелер қосшы болғанын қалайсыз. Жұртпен тіл табысып, тіршілік ету сіз үшін қиынның қиыны.

Екі тізенің арасын қосып, табаныңызды жерге қойып отырсаңыз:
Маған кім не істер екен деп үнемі қорғаныста жүретініңіз болмаса, өз тарапыңыздан бастама көтеруге, ара-тұра болса да әлдебір істің басында, тізгін ұстап отыруға жоқ адамсыз. Жұрт өзіңізді сабырлы көреді, бірақ сізде одан гөрі тұйықтық, жасқаншақтық басым. Ешкімге қосылмай, өзіңізбен өзіңіз жүретініңіз де содан.

Табанның ұшын қосып, өкшені алшақтатып отыруға әдеттенсеңіз, кінәмшіл, шамшылсыз. Сізге қай істе де кесімді пікір айтудан қиын нәрсе жоқ. Көптен танитын адамдар болмаса, ешқандай ортаға сіңісіп, біреулермен емен-жарқын араласып кете алмайсыз.
Тұрғанда:

Табандарыңызды қатар қойып, түзу тұрсаңыз, қандай жағдайда да өз қалпыңызды жоғалтпайтын, мінез-құлқыңыз салмақты жансыз. Туыстарыңыз бен достарыңыздың артық-ауыс сөзіне, іс-әрекетіне кешіріммен қарайсыз. Бұл қасиетіңізді үйдегілер де, түздегілер де жоғары бағалайды. Сондықтан да маңайыңызға ағайын-тума, дос-жараныңыз әрдайым үйіріліп жүреді.

Салмақты бір аяққа салып, екінші аяғыңызды бос ұстасаңыз, біреулермен пікір таластыруға бейім, ойдағыңызды ашық айтып тастайтын қызуқандысыз. Мақсатыңызға жетпей  тыным таппайсыз. Көпшіліктің көңіл аударғанын, халықтың назарында жүргенді жаныңыз сүйеді.

Екі қалтаңызға қол салып, екі аяқтың арасын алшақ қойып, төңірекке нығыздана көз тастауды ұнатсаңыз, алған бетіңізден қайтуыңыз қиын, өзіңізге аса сенімді жансыз. Бірдеңені мақсат етсеңіз, соны қалайда орындап шығуға тырысасыз. Дегенмен тым бірбеткейлік жақсылыққа апармайды.

Айналаңыздағылармен  қалыпты қарым-қатынас жасағаннан ұтылмайсыз.



Мінез. Қимыл. Ой.

Психологтар адамдардың кейбір әрекеттері мен қимылы оның ойы мен мақсатын да білдіретіндігін айтады.

Аяқты айқастырып отыру қорғанысқа көшуді білдіреді. Мұны көбінесе әйелдер жасайды.

Сұқ саусағын көтеріп сөйлейтіндер — жасырын түрде қарсы алдындағы адамға ескерту жасап жатқаны. Тіпті, жаңадан тағайындалған басшы күлімдеп тұрып өз қызметкерлеріне: «Біздер әлі бірге көп жылдар бойы жұмыс істейміз», — деп тұрып, жоғарыдағдай қимыл жасаса, ол оның: «Аяқтарыңды байқап басыңдар!» дегені.

Қолдарын айқастырып отыру жағымсыз көрінгенімен, ол — қамығу, қиналудың белгісі.

Қолдарын артқа байлап тұру — сенімділік және қарсыласын «жекпе-жекке» шақырғандық.
Қолмен жақты сипау — бір шешім қабылдауға іштей дайындалудың белгісі. Алдыңдағы адам сенің сөзіңді тыңдап отырғанында қолымен жағын сүйеп отырса, қолының бас бармағы жағының астында болса, онда оның сізді сынап отырғаны, тіпті қарсы пікірде екендігі.

Өтірік айтып тұрғандар бетіңе тура қарамай, екі көзін алып қашады. Ер адамдар өтірік айтқанда, көбінесе, жағасын ұстап, көйлегінің алқымын кеңейтіп жатады.



Тамақ және мінез-құлық

Тәттіге әуес адамдар — мақсат-мүддесі айқын адамдар. Олардың милары ақаусыз жұмыс істейді.

Алайда шамадан тыс көп жеудің салдары семіздік пен қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін.



Етті өте көп жейтіндер мейірімсіздер деп есептеледі. Олар өз мақсаттарына жету үшін неден болса да тайынбайды. Отбасында мазасыз, күдікшіл.
Мұндай адамдар көбіне миокард, инфаркт, жүрек талмасы, инсульт ауруларына шалдығады.
Ұннан дайындалған тағамдарды ұнататындар — жұрттың әрекеттерін талқылап отыруға бейім. Жұмыс орнын көп өзгертеді. Отбасында момақан, үйдегілердің айтып жатқан сын-ескертпелерін жүре тыңдайды.

Жүйкелері ауырады, депрессияға ұшырайды.



Экзотикалық жемістерді, ащы тұздықтар мен дәмдеуіштерді ұнататындар —  ақылсыз, ұшқалақ, кірпияз. Өтірікке бейім келеді. Сын көтермейді, өкпешіл, фантастикалық кітаптар оқиды, саяхатшыл. Ақшаны жақсы табады, бірақ ұқсата алмайды. Сонымен қатар жақсы дос та,  жақсы басшы да бола алмайды. Мұндай кісілердің, көбінесе, сүйектері сынады.

Картопты жақсы жейтіндер — жалқаулар. Бірақ қолға алған істері өнімді. Кітапқұмар болады. Олардың сырқаттары — подагра, тас байлану науқастары, остеохондроз.
Тамақ талғамайтындар жан-жақты келеді. Олар — еңбекқор. Балаларын да солай тәрбиелейді. Ұзақ өмір сүреді, ауырса тез жазылып кетеді.

Күлкі

Күлген кезде аузыңызды алақаныңызбен көлегейлесеңіз, ұяң, именшек, өзіңізге сеніміңіз аз адамсыз. Қай істе де тасада, қағаберіс қалуды, көзге түспеуді қалайсыз. Түкке тұрмайтын, келіп-кетер ештеңесі жоқ нәрселер үшін жиі мазасызданып, дегбіріңізді бостан-босқа қашырасыз. Сізге іс-әрекетіңіздің бәріне мән беріп, саралай беруден, өзіңізге өзіңіз тым кінәмшіл, сыншыл болудан бой тартқан жөн.

Басыңызды шалқайтып, шалқалақтап күлсеңіз, кісіге сенгіш, тез алданғыш жансыз. Ойыңызға келгенді еш іркілмей-ақ жүзеге асырып тастауға бейімсіз. Сезімді ақылға жеңдіріп, байсалдырақ болсаңыз ұтылмайсыз.

Бетіңізді қолыңызбен көлегейлеп күлсеңіз, арманшыл, қиялшылсыз. Бұл, әрине, жақсы. Бірақ құр қиялдың жетегіне ергеннен пайда жоқ екенін ескеріңіз.

Жарқын жүзбен қарқылдап қатты күлсеңіз, жағдайға, ортаға бейімделгіш, мейірбан, ақпейіл болғаныңыз. Сезіміңізді де, іс-әрекетіңізді де қадағалай білесіз. Біреуді ренжітетін, кісінің көңіліне қаяу салатын кезіңіз сирек.

Мұрныңызды тыржитып күлсеңіз, сезімге берілгішсіз, мінез-құлқыңыз құбылмалы. Бір басыңызға жететін қырсық, қыңырлығыңыз бар.

Иегіңізді ұстап күлсеңіз, байыпты, ұстамды мінездің, өзіңізге сенімділіктің, екі аяқты нық басып тұрғаныңыздың белгісі. Сізге іскерлік, табандылық тән.

Шынашағыңыздың ұшын ерніңізге тигізіп күлсеңіз, басқаларға әсер-ықпалыңызға көп көңіл бөлесіз, жұрт көзіне қалай көріну жөнінде өз түсінігіңіз бар. Үнемі назарда болуға ұмтыласыз.

Белгілі бір қалып сақтамай, әр кезде әртүрлі мәнерде күлсеңіз, өзгенің не ойлағанына бас қатырмайтын, тек өз пікір, өз түйсігімен жүретін өзімшілдеу адамсыз. Мұныңыз жұрттың бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін.

Біле жүріңіз!

Бас терісі қалың адам — ұйқышыл. Шашы қатты кісі — қайратты. Желкесі шұқыр адам — кесір. Бойы ұзын адам — ақкөңіл. Қалың қабақты кісі —  дөң, бүкпе мінезді. Ерні жұқа кісі — сөзшең. Көзі кішкене адам — қу. Көзі үлкен адам —  қорқақ. Көзі көк адам — мылжың. Саусақ саласы ұзын кісі —  береген, саусақ саласы қысқа кісі — сараң. Қалқан құлақ —  сөзге ергіш.



Мінез. Көңіл күй. Денсаулық

Жайдары жүрмесеңіз, бүйрегіңіз ауырады, ішкі құрылысыңыздың жұмысы нашарлайды.

Мейірімді, қайырымды болмасаңыз, бұлшық еттеріңіз бос болады, әсіресе, іш-құрылысының, жүректің бұлшық еттері босайды.

Қатыгез адамдарда тас пайда болады, ісік ауруына шалдығуы да мүмкін.

Өкпелегіш, кінәмшіл, кешірімсіз болсаңыз, асқазан асты безінің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады.

Сараң болсаңыз, ағзада жиналған улы заттар сыртқа шықпай, өзіңізді улайды. Болашаққа сеніміңіз болмаса, өкпе ауырады.

Үмітіңіз үзілсе, туберкулезге шалдығасыз.

Сабырлы, қарапайым болмасаңыз, қалқанша бездерінің шеміршектері зақымданады.

Пайдакүнем, қанағатсыз адамның қан қысымы көтеріледі.

Жақсылық ойлайтын адамның, жақсы іске тілектес адамның иммунитеті күшті болады.

Сезімталдық —  ақыл-ойды топтастыра алатындарда кездеседі. Дәмді жақсы  сезу — қанағатшылдарға тән.

Ешкімге сенбейтіндер көбіне буын ауруына шалдығады. Ал өз-өзіне сенбейтін адамдардың сүйегі ауырады, тістері тез түседі.

Біреудің арқасында күн көргілері келгендердің ішінде үлкен құрттар пайда болып, ағзаны улайды.

Шаш түсу —  қиыншылықтан қорқудың белгісі. Көп уайымдаған адам қаназдыққа   шалынады.

Отбасы – қасиетті ұғым. Үйленіп үй болғаннан кейін отбасының барлық ауыртпалығын көтере білу ердің де әйелдің бұлжымас парызы. Ер адам табыс тауып әкелуге міндетті. Ал, жары оны ұқсата білуі қажет. Алайда отбасының тұтастығы, әсіресе бала тәрбиесіне келгенде екеуі бірдей жұмыла әрекет еткені жөн. Көп жағдайда еркектер “мен ақша әкеліп берсем болды, қалғаны әйелдің шаруасы” деп түсінеді. Ол дұрыс емес. Ал, сіз қандай отағасысыз? Өзіңізді тексеріп көріңіз: әрбір “иә” жауабына 1 ұпай, “жоқ” жауабына 0 ұпай.

1.Жұмыстан соң үйге қайтуға асығасыз ба?


иә
жоқ

2. Күнде кешкісін әйеліңізге бірер минутыңызды бөліп, онымен пікір алысып, ойларыңызды бөлісуді қажет деп санайсыз ба?


иә
жоқ

3. Балаңыздың немесе қызыңыздың сынып жетекшісінің аты-жөнін білесіз бе?


иә
жоқ

4. Отбасының керек-жарағы үшін аптасына қанша қаражат жұмсалатыны сізге мәлім бе?


иә
жоқ

5. Әйеліңіз сіздің қызметіңізден хабардар ма?


иә
жоқ

6. Жұбайыңыз сіздің қызметіңіздің маңызын түсіне ме?


иә
жоқ

7. Ол сіздің қанша табыс табатыныңызды біле ме?


иә
жоқ

8.Әйеліңіз сіздің іскерлік қарым-қатынастағы достарыңызбен таныс па?


иә
жоқ

9. Сіз іскерлік кездесуден, жарыңызбен бірге киноға немесе қонақтыққа бару үшін бас тартып көрдіңіз бе?


иә
жоқ

10. Сіз әйеліңіздің достарын жақсы танисыз ба?


иә
жоқ

11.Сіз әйеліңіздің соңғы оқыған кітабын білесіз бе?


иә
жоқ

12.Оның таңертең ұйқыдан қай уақытта тұратыны сізге мәлім бе?


иә
жоқ

13. Жарыңызбен бірге демалысты қайда өткізетіндеріңізді жоспарлайсыз ба?


иә
жоқ

14.Болашақтағы жоспарларыңызды әйеліңізбен бөлісесіз бе?


иә
жоқ

15.Ол сіздің жоспарларыңызбен келісе ме?


иә
жоқ

16.Әлі күнге бір-бірлеріңізді сүйетіндіктеріңізге сенімдісіз бе?


иә
жоқ

Жауабы:
11-16 ұпай:


Сіз жақсы қызметкер, әрі адал жар, үлгілі әке екенсіз. Өзіңізді қызметте де, үйде де еркін ұстай аласыз. Айналаңызды қоршаған адамдардың бабын таба білу сізге қиынға соқпайды. Сіз жақсы отағасысыз.

6-10 ұпай:


Сіз өте жұмысбасты адамсыз. Мұрныңыздан су кеткенше жұмыс жасауға әзірсіз. Сіз үшін отбасы мәселелері екінші орында. Отбасының ортасында көбірек болуға уақытыңызды қимайсыз. Ол уақытты жұмысқа арнағанды артық санайсыз. Әрине қызметіңізде мін болмағы жөн. Дегенмен жарыңыз бен балаларыңызға да жиі көңіл бөлуіңіз қажет. Әйтпесе, жалғыз қалуыңыз ғажап емес.

0-5 ұпай:


Сіз қызметтен кейінгі уақытыңызды сыртта өткізгенді ұнатасыз. Көңілді кештер мен түнгі клубтар сіздің тұрақты мекеніңізге айналған секілді. Көп уақытыңыз серілік құрумен өтіп жатқанға ұқсайды. Бір мезет отбасыңыз бар екенін ойланып көріңіз. Ақыл тоқтататын уақыт жетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет