Тәрбиеші балалардың назарын теледидарға аударып, әңгімелеседі.
-Мынау-отбасы мүшелері.
-Мынау ана, ол үйде не істейді?
-Ал мынау, әке, ол үйде не істейді?
-Әкесі қайсы, көрсетші. Анасы қайсы?
-Қане, көрсетші, кім киімді үтіктеді? Кім еденді сыпырды?
-Отбасы мүшелерін атайықшы?
-Қыз анасына кім болып келеді? (қызы)
-Баласы анасына кім болады? (ұлы)
-Ұл бала қыз балаға кім болып келеді? (ағасы).
Тәрбиеші отбасы мүшелері туралы мағлұмат беріп, әңгімелейді.
-Сендер өз жақындарыңа қалай көмектесесіңдер?
-Ағасы мен інісі, әпкесі мен сіңлісі өзара ешқашан сөз таластырмайды. Ұрыспайды. Олар бір-бірін сыйлайды.
-Балалар, әр отбасының өз салт-дәстүрлері болады.
Кейбір отбасылар демалыс күндері барлығы қала сыртына серуенге баруды үрдіс етіеді.
Енді біреулері әр мерекені толық отбасы болып қарсы алады.
Кейбіреулері балаларын әр демалыс сайын циркке, театрға, саябаққа апаруды үрдіс етеді.
Балалар, сендердің отбастарыңда қандай салт-дәстүрлер бар екенін айтыңдаршы?
|
Балалар өз жанұя мүшелері туралы қысқаша әңгіме құрастырады. «Мынау менің әкем. Ал мынау анам. Менің қасымдағы ағам. Бұл менің отбасым. Мен отбасымды жақсы көремін...»
Балалар,өздерінің отбастарыңда қандай салт-дәстүрлер бар екенін әңгімелейді.
|