95
Нақты сөздер мен сөз тіркестеріне деген эмоционалдық
байланысты білдіру (тырнақша, сұрақ және леп белгісі);
Мәтін бөлімінің түсіп қалғандығын көрсету (көп нүкте);
Төл сөздер мен дәйексөздерді ажыратып көрсету (тырнақша);
Сөздерді қысқартуда қолданылатын белгілер (нүкте).
Жазуда тыныс белгілері пунктуациялық
нормаларға сай
қолданылады. Пунктуацияда біршама тұрақты қолданылатын жалпы
нормалардан басқа, кейде нақты бір жағдайға және мәтіннің мән-
мағынасына байланысты туындайтын ситуативті нормалар да болады.
Соңғысы сөйлеу әрекетіне ерекше мазмұндылық пен экспрессивтілік
береді [154, 16].
Ситуативті нормаға сай қолданылған тыныс белгілері түрлі
қызмет атқаруы мүмкін: логикалық-ақпараттық (әртүрлі мәтіндерде,
әсіресе ғылыми және ресми іс-қағаздарда), экспрессивті-эмоционалды
(көркем әдеби және публицистикалық мәтіндерде), сигналды (көбіне
жарнамалық мәтіндерде), т.б.
Газет мәтініндегі пунктуацияда тыныс белгілеріне жүктелетін
міндеттер екі есе салмақты. Автор шағын
тақырыпат кешенін мақала
мәтінінің «беті» ретінде ұсынумен қатар, оқырман санасына «оң» әсер
етіп, оны оқуға итермелейтін жарнамалық тұрғыдан да қолданады.
Алғашқы публицистикалық басылымдарда пунктуация тек
нақты тілдік нормаларға сай жұмсалып, оқырман тақырыпаттың мән-
мағынасын дұрыс түсіне алуы үшін қолданылса, уақыт өте келе тілдік
нормадан ауытқуға әкелетін болса да, тыныс белгілерін «жаңа»
кейіпте ұсына бастау құбылысы жиілей бастады. Әдетте,
мұндай
«ауытқуға» жазушылар қасақана барады және әдеби мәтіндерде бұндай
амал эстетикалық қызмет атқарса, публицистикадағы мақсаты –
оқырман санасына әсер ету.
Публицистикалық мақала атауларында қолданылатын осындай
экспрессивті пунктуациялық амалдарға жоғарыда аталған парцелляция
құбылысын («
Қайда болушы еді? ... жаныңызда!
» (АТ. – 02.02.1995),
лексикалық қайталамаларды («
Тазару... айыққанша тазару!
» (ЕҚ. –
07.08.2002), эллипсис («
Мемлекеттiк емес деп...
» (З-Қ. – 25.04.1997),
«
Той десе...
» (П. – 1996. №3), синтаксистік параллелизм («
Ауыл аман,
көңiл алаң
» (Ақ. – 1998. №7), қарсы мәнді сөздерді (контекстік
антонимдерді) бір-біріне шендестіру («
Ұл етем деп, құл етіпті
»
(ЖА. – 01.08.2013) амалдарын атап өтуге болады.
Тақырыпатта қолданылған тыныс белгілері оған түрлі «реңк»
береді: эмоционалдық, бұйрық, шарттылық, т.б. Заманауи публицистикада
тыныс белгілерінің шамамен барлық түрлері белсенді қолданылады.
96
Нүкте
.
1)
Бүгінгі таңда публицистикалық тақырыпаттың соңында нүкте
қойылмайды. Мұндайда нөлдік позиция орын алады: «
Жер тағдыры –
ел тағдыры
» (Ақ. – 2003. №1), «
Мұхтар Әлиев 100 баланы сүндетке
отырғызды
» (Айғ. – 16.08.2006),
«Күш атасының құпиялары»
(Айғ. –
27.08.2008).
2)
Бірнеше сөйлемнен құрастырылған күрделі тақырыпаттарда
осы тыныс белгісін кездестіруге болады: «
Путин. Соғыс»: өтіріктің
құйрығы бір-ақ тұтам»
(ЖА. – 13.05.2015), «
Украина: Саакашвили
тәртiп орнатады. Ресей: Бұл – “Шапито-шоудың” жалғасы
» (ЖА. –
02.06.2015).
3)
Экспрессивті
пунктуациялық
амал
–
парцелляциялық
құрылымдарда да негізгі сөйлем парцелляттан көбіне-көп нүкте
арқылы ажыратылады: «
Наурыз мерекесінің қазақ үшін орны да, жөні
де бөлек. Неге?
» (ЖА. – 20.03.2012), «
Дала банкирі». Бұл кім?
» (ЖА. –
28.08.2014), «
Сталин. Оның қатыгездiгiн бiлсек те, саясаткерлiгiн
бағалай аламыз ба?
» (А. – 06.05.2010).
Үтір
. Публицистикалық тақырыпаттарда үтір
көбіне тілдік
нормаларға сай, «өзіне тиісті жерде» қойылады:
1)
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасында:
«
Жүкті нар көтерер, сынды ер көтерер
» (СС. – 26.12.1996),
«
Мұнайдан баға кетсе, көп елден маза кетеді
» (СС. – 14.10.2008),
«
Ертаев та жоқ, мәлімдеме де жоқ
» (ЖА. – 09.07.2015).
2)
Қаратпа құрылымы бар тақырыпаттарда: «
Қайырлы таң,
хұқықтық республика
» (З-Қ. – 28.06.1996), «
Досым, саған айтам...
»
(З-Қ. – 10.07.1998), «
Ұлық мерекелерiңiзбен, Отандастар!
» (ЕҚ. –
24.11.2009), «
Қарттарым, аман-сау жүршi
» (ЕҚ. – 01.10.2002).
3)
Автордың ойын білдіретін қыстырма сөздер (құрылымдар) де
үтір арқылы ажыратылады: «
Сонымен, саясат сахнасында – Путин!
»
(АТ. – 2000. № 4), «
Ай қарап жүр ме, түге...
» (Айғ. – 02.04.2008).
4)
Айтылған ойға жазушының түрлі сезімін, көңіл күйін
білдіретін оқшау сөздерді бөліп көрсетеді: «
Ой-хой, шіркін, орта тап.
Қазақстандағы орташалар кімдер?
» (ЖА. – 03.11.2009),
«“Қап
бәлем, тағы да алдандым-ау“ деп өкінетін президент қайда?
» (ЖА. –
29.11.2011), «
Ай, Күлпаш-ай, Күлпаш-ай...
» (ЖА. – 22.08.2013).
5)
Құрамында бірыңғай мүше бар тақырыпаттарда: «
Таза қазақ,
шала қазақ, ада қазақ... мен осылай үш топқа бөлем
» (ЖА. – 10.11.
2001), «
Қимақ емес, Чумугунь, ол дегенiң – Шөмекей
» (Айғ. –
18.02.2009), «
Жазушы, педагог, азамат
» (СС. – 10.12.1996).
6)
Айқындауыш мүшені бөліп көрсетеді: «
Бiз, журналистер, не
жазып жүрмiз өзi?!
» (Айғ. – 14.01.2009).