даналық пен білікке қол жеткізу үшін ізден,оқы жəне өзіңді өзің құрметтейтіндей қылықты таңда . Сонда ғана өзіңе деген сенім зорайып, өзің аңсаған
тілектерге жете аласың.
Өзімнің ұзақ та,жемісті ғұмырымда ашқан қабысқан əмиянға арналған
жеті дауа осы еді, бұларды байлықты аңсағандардың бəріне пайдалануға
кеңес берем.
Бабылдағы алтын сендер ойлағаннан да мол, шəкірттерім. Ол бəрімізге
де жетеді.
Барыңдар да, осы айтылған ақиқатты өздеріңнің гүлденулеріңе
қолданыңдар.
Барыңдар да, осы білімді ұлы патшамыздың қарауындағы əр адамға
беріңдер, олар да бата дарыған қаламыздың игілігінен өз үлестерін алсын.