Бабылдық сазбітіктер Ноттингемдік университет
Ньюарк-на-Тренте
Ноттингем
21 қазан 1934ж.
Британдық ғылыми зерттеу
экспедиция жетекшісіне,
профессор Франклин Колдвеллге.
Хилла, Месопотамия.
Құрметті профессорым. Сіздің Бабыл қирандысын соңғы қазу кезінде табылған бес сазбітік хатыңызбен бірге бір кемемен келіп жетті. Бұл жазбаларды бірнеше сағаттар бойы тəржімелей отырып, шексіз қуаныш лəззатын таттым. Хатыңызды алған бойда жауап жазуым керек еді, бірақ аударманы бітіріп, оны жауапқа қоса жіберуді шештім. Сазбітіктер Сіз жасаған шараның арқасында керемет қаптамамен бүлінбестен жетіпті. Онда жазылған хикаялары біздің зертхана қызметкерлері секілді Сізді де қайран қалдырары сөзсіз. Көпшілік жұрт сазға түскен тұманды өткен шағымызды «араптық түндер» секілді аңғал сезім мен қым-қуыт хикаядан тұрар деп күткені рас. Алайда, оның орнына, Табасар есімді кісінің қарызы турасындағы мəселесін алға жайып салғанда, біз күткеніміздей емес, бұдүниеде соңғы бес мың жыл бойғы жағдай соншалықты өзгеріске ұшырамағанына көзіміз жетті. Таң қаларлығы сол, тəлімгерлер айтатындай, бұл ежелгі жазбалар мені мықтап «баурап кетті». Университет профессоры бола жүріп, мен
өзімді көптеген салалар бойынша ілімді игерген, ойшыл дарагөй(индивид) ретінде көрсетуім керек еді. Алайда, Бабыл үйіндісінің шаңы басқан əлдекім, мен бұрын естіп көрмеген, қарызды қайтаруды əмиянға сыңғырлаған бақыр толтырумен қатар атқару тəсілін ұсынады. Ежелгі Бабыл кезіндегідей, бүгіндері бұл тəсіл дəл солайша тиімді болар ма екен? Əйелім екеуміз, барынша мүдделі өз жағдайымызды біршама түзеп алуға тəсіл етуді жоспарлап отырмыз. Сіздің бағалы бастамаңызға тілектеспін əрі көмектесуге де əзірмін. Шын жүректен, Альфред Шрузбери. Археология бөлімшесі.