Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы дала өркениеті Көшпелілікті зерттеу тарихы Жоспар



бет2/2
Дата06.10.2023
өлшемі3,47 Mb.
#183950
1   2
Байланысты:
Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті

Сақтар


Сақтар. Ертедегі көшпелілер – сақтар, скифтер (көне парсыша – сака, көне қытайша – сэ) мен сарматтар және Ұлы Даланың шығыс бөлігіндегі тайпалар туралы тек археологтердің деректерінен ғана емес, сондай-ақ көптеген жазба дереккөз арқылы да білуге болады. Б.з.б. VI ғасырдың соңындағы ежелгі парсы жазбалары – сақтар заманы туралы жазылған ең алғашқы дереккөз. Ежелгі парсы бедерлі суреттерінде сақтардың бейнесі де кескінделген. Екінші жазба дерек Геродоттың еңбектері мен грек-римдік тарихнама дәстүрінде кездеседі
Сақтар алғашқы нағыз көшпелі малшылар болды. Олар арба үстіне орналасқан баспаналарымен бірге көшіп жүрген. Азыққа жылқы еті мен қойды, қымыз бен қой сүтін пайдаланды.

Сақтардың әлеуметтік ұйымы

  • Қарапайым адамдардан айырмашы-лығы бар патшалар әулетінің қорғандары қоғамда әлеуметтік жіктелуді ғана емес, сақтарда патша әулеттерінің болғанын көрсетеді. Жазба дереккөздердің мәліметінше, патша-көсемдер әскери қолбасшылар болған әрі олар дипломатиялық келіссөздер жүргізген. Осындай билеу-ші тектен шыққандар (көсемдер мен ақсақалдар) әскери-тайпалық ақсүйектерді құрады. Олар күнделікті өмірде билік жүргізіп, соғыс кезінде тайпаластарының әскерін басқарды. Сонымен қатар қоғамда абыздар тобы да болды. Көптеген жәдігерлер мен жазбалар сақтар ат құлағында ойнаған жақсы садақшылар болғандығын дәлелдейді. Салт атты садақшылар қаһарлы, жеңілмейтін жауынгерлер болды. Олар әскери жорықтардан бос кезінде қарапайым көшпелі тұрмыс кешіп, мал өсірумен айналысты. Осы сақтардың әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысында егінші шаруалар тұруы мүмкін. Өйткені кейбір тайпалар егіншілікпен де айналысқан еді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет