Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет146/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   351
Құрал-жабдықтар. Бұл бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін бірінші кезекте Adobe Illustrator немесе CorelDraw сияқты графикалық редактор бағдарламалары бар компьютер қажет. Сонымен қатар принтер, карта кескіш және пресс-ламинатор қерек. Бұдан бөлек штрих‑коды бар пластикалық карталар жасау үшін сізде кодтаушы мен эмбоссер болуы тиіс.

  • Технология. Пластикалық карталарды жасаудың көптеген технологиялары бар, бірақ 5 000 данаға дейін тираждау үшін «қарқынды» әдісті пайдалану аса тиімді болып табылады. Бұл технология бойынша бірнеше мыңдаған пластикалық карталар жасау тапсырысын арнайы құрылғыларды пайдалана отырып екі күн ішінде орындауға болады.

    Сонымен, пластикалық карталар жасау үдерісі былайша жүзеге асады: алдымен кәдімгі компьютер көмегімен қалыңдығы 0,3 мм болатын арнайы пластикте макеттер жасалып, қарқынды (струйной) принтерден басып шығарылады. Пластикалық карталарды басып шығару үшін ақ, күміс, алтын түсті пластиктерді пайдалануға болады.
    Егер пластикалық картаға аты‑жөні, карталардың нөмірлері, кодтар, логиндер, құпия сөздер, штрих-кодтар сияқты мәліметтер енгізілуі тиіс болса, онда бұлардың барлығы бірден макетпен бірге басып шығарылады. Басып шығарылғаннан кейін кәдімгі қарапайым әдіспен, яғни қорғаныс қабаты, беткі жағы, келесі жағы және қайтадан қорғаныс қабаты етіп пластикалық карталарды жинайды.
    Жиналғаннан кейін барлық қабаттар пресс‑пеште қысым мен температура көмегімен бірігеді, бұдан кейін карталар арнайы пластикалық карталарды кесу құралымен кесіледі. Егер бұл өзіне жазылған ақпаратты сақтап қалатын кредиттік немесе қарапайым карта болса, онда оның магниттік жолағы кодталады және оған эмбоссировка жасалады (бұл картада шығып тұратын белгілер).

    1. Сату. Бұл бизнестегі негізгі міндет – тапсырыс берушілерді барынша көп тарту. Ол үшін, ең алдымен, өз қызметіңізді әлеуетті клиенттерге ұсынуыңыз қажет. Пластикалық картаны жасатуға негізгі тапсырыс берушілер түрлі ойын‑сауық, спорттық клубтар, дүкендер, мейрамханалар, барлар, дәмханалар, қонақ үйлер, қаржылық мекемелер, фитнес‑орталықтар болып табылады. Егер мұндай мекемелерден тапсырыс алуға алғашқы мүмкіндік туындаса, онда кейіннен бұл міндетті түрде клиенттер ағымын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, баспа және электронды БАҚ‑қа жарнама берудің, сондай‑ақ өзіңнің жеке сайтыңды немесе тым құрығанда интернет желісінде өз блогыңды құрудың маңызы зор.



    2. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   351




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет