3. Құрал-жабдықтар. Тігін машинасы және шағын үстел.
4. Технология. а) Жұмсақ ойыншықтарды тігу үшін төмендегі заттар қажет:
мата, тері, былғары, тағы басқа жұмсақ материал қалдықтары.
фурнитура – түймелер, ілгектер, моншақтар немесе жұмсақ ойыншықтың көздерін, мұрнын жасау үшін қолданылатын арнайы фурнитуралар;
инелер, өлшемі жұмсақ ойыншықтың көлеміне байланысты: ойыншық неғұрлым көлемді болса, ине де соғұрлым үлкен болуы тиіс;
тігін қайшысы мен оймақ;
біз, кемпірауыз, сым, картон – ойыншық каркасын жасауға және фурнитураны монтаждауға арналады;
арнайы бор, сызғыш, метр, ойыншықтың пішінін дұрыс жасау үшін көшірме қағаз;
үтік, тігудің алдында әр бөлшекті жақсылап үтіктеу үшін;
тігін машинасы мен жіптер;
қосымша материалдар, мысалы, мақта, синтепон, поролон.
Жұмсақ ойыншықтарды дайындау әдістері:
1) пішуден тігуге дейін барлығын қолмен жасау;
2) маманданған журналдар мен сайттардың кеңестері мен дайын үлгілерінің көмегіне жүгініп, бар нәрселерден ойыншық тігу;
3) жұмсақ ойыншықтар тігу үшін дүкеннен арнайы материалдар жиынтығын сатып алу – онда мата, дайын үлгілер, ойыншық ішін толтыратын арнайы материалдар, фурнитура мен тігуге қатысты нұсқаулар, кейде құралдар да болады.