Есеналиева фариза сериковна



Дата22.06.2017
өлшемі382,54 Kb.
#19755
түріДиссертация



ӘОЖ 371.8 - 055. 1:57:631.542.32 Қолжазба құқығында



ЕСЕНАЛИЕВА ФАРИЗА СЕРИКОВНА
СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

6М011300 – Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация


РЕФЕРАТЫ

Қызылорда, 2013ж

Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және аграрлық–технологиялар институтының «Биология және география» кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы С.У. Қосанов

Ресми оппоненті: ауыл шаруашылығы ғылымдарының

докторы, И.А.Таутенов

Қорғау өткізіледі:

Диссертация 2013 жылы «7» маусымда сағат 9.00-де Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі 66, №9 оқу ғимараты. Жаратылыстану және аграрлық–технологиялар институты, 202-дәрісхана) қорғалады.

Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында (мекен-жайы: Қызылорда қаласы, К. Бәйсейітова көшесі, №100) танысуға болады.




Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның білім беру заңдары мен білім стандарттарында әрбір азаматтың сапалы білім алып, өзінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін өз бетімен жүмыс жасай білуінің маңызы зор екендігі атап көрсетілген.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаев «Еліміздің ертеңі, бүгігі жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп атап көрсеткеніндей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен міндет артып отыр. Оқу процесін дұрыс және ғылыми тұрғыда ұйымдастыру үшін мұғалімге тек биологияның теориялық негізі мен оқыту әдістемелерін білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, білім алуда ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда, ойлау мен таным қабілеттерін дамытуда оқыту үдерісінің жалпы психологиялық заңдылықтарын білу қажет.

Сондықтан, биологиядан кластан (сыныптан) тыс жұмыстар, атап айтқанда мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жұмыстар барысында оқушыларға ауылшаруашылығы жұмыстарының маңыздылығын нақтылап талдап көрсету жоғары маңызға ие болмақ. Жерге деген көзқарас өлкетану, туристік басқа да алуан түрлі мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы қол жеткізетін тәрбиелік шаралар нәтижесінде қалыптасатын туған өлкеге деген қарапайым ғана сүйіспеншілік емес. Жерге деген қарым-қатынасқа тек ақыл ғана емес, жүрек керек.

Тәжірибелік жұмыстар еңбекке баулу мен тәрбиелеудің қортындысының өзіндік көрсеткіші (индикаторы) қызметін атқарады.

Оқыту мен тәрбиелеу барысы екі жақты, ол педагогтар мен тәрбиелеушілердің біріккен күш-жігері арқылы ғана тиімділікке қол жеткізеді. Сондықтан, оқушылардың таным белсенділігінің артуы, олардың еңбек әрекетіне қатысуының ұлғаюы, шығармашылық қабілеттерінің дамуы мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу жұмысының маңызды тұсы болып табылады.

Оқушылардың қандай да бір іске қызығушылығы мектепте ғана қалыптасатынын ескеру абзал. Олай болса, оқушылардың ауылшаруашылығы бағытындағы тәжірибелік жұмыстарының мазмұны мен әдістерін түбірінен жақсарту қажеттілігі туындайды.

Мектептегі ауылшаруашылығы тәжірибелік жұмыстарын дамыту оқушыларға еңбек, адамгершілік, физикалық, экологиялық, эстетикалық тәрбие берумен тығыз байланыстырылуы шарт.

Зерттеудің мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.

Зерттеудің міндеті:


  1. Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.

  2. Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.

  3. Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.

  4. Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.

  5. Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.

  6. Ботаникалық білімнің практикалық мәні - өсімдік шаруашылығының ғылыми негізі екенін көрсету.

Зерттеу нысаны: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Абай ауылы №138 орта мектеп.

Зерттеу нәтижелерінің теориялық құндылығы және практикалық маңызы. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерінде биология пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі жасалынды. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бірнеше бағыттары анықталды.

Оның ішінде мектеп жанындағы оқу- тәжірибелік учатогінде жұмыс жасау арқылы оқушыларда агробиологиялық дағдылар қалыптастырудың алғышарттары жасалынды.

Биология пәнін оқыту үрдісінде оқушылардың сыныптан тыс зерттеу жұмыстарын қолданудың тиімділігін мақсатты да жоспарлы дидактикалық ұстанымдар мен әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болатындығы дәлелденді

Жұмыс нәтижелерінің талқылануы және мақұлдануы. Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Биология және география» кафедрасының мәжілісінде баяндалып талқыланды. Жұмыс нәтижелерінің бойынша екі мақала ағымдық баспаларда жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация компьютерде терілген текст бойынша – 87 бетке жазылған, 4 тарау, қорытынды өндіріске ұсыныстар және 8-кестемен, 5-суретпен өрнектелген. Пайдаланылған әдебиеттер саны-100
Негізгі бөлім

СЫНЫПТАН ТЫС САБАҚТАРДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ

Биология пәні бойынша оқушылардың сыныптан тыс зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі

Біздің басқа мамандықтарға қарағанда тандап алған мамандығымыз "Биолог" немесе табиғат жөніндегі ғылымды оқытушы болғандықтан да басқалардан ерекшелігі бар. Сол ерекшелік негізінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет, өйткені, өмірге, тіршілік етуге қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады. Табиғат - тілін білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп. Дала - адамды еркіндікке баулыса, таулар ерлікке шақырады, орман сергектікке, еңбекке үйретсе, өзен - көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді. Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.

Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:


  1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).

  2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.

  3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі

Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызан, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз — көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді.

Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал. Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:



  1. Күнделік дәптері.

  2. Тіркеу журналы.

Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады.

Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын, өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Топ мүшелерінің еңбек практикасын биолог мұғалімдер немесе бастауыш сынып мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Бригада мүшелері бірінші күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады. Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:


  1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.

  2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.

  3. Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.

  4. Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).

  5. Агробиологиялық тәрбие беріледі.

  6. Экономикалық білім беріледі.

  7. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тарту керек. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарға үйірме, факультатив, секция, клуб, студиялардың жұмыстарын айтуға болады.

Ауылшаруашылығы тәжірибелеріне тән ерекшеліктер

Оқу-тәжірибе участоктері оқушылардың тәжірибе жұмыстарының базасы болуы тиіс. Оқу - тәжірибе жұмыстары барысында оқушылар тапсырылған іске жауапкершілікке тәрбиеленеді, бастаған ісін аяғына жеткізуге дағдыланады.



Ауылшаруашылығы тәжірибе жұмыстары арқылы оқушылар тірі табиғатты тереңірек оқып-үйренеді, жергілікті климат жағдайын ескере отырып ауылшаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға эксперименттік зерттеу жүргізеді, табиғатты қорғау шараларын үйренеді, тірі табиғат бұрышында мектеп жанындағы тәжірибе участогінде жұмыс істеуге дағдыланады.

Мектеп оқушыларының тәжірибе жұмыстары- оқуды өндірістік еңбекпен байланыстырудың бір түрі, оқытудың теориялық және машықтану (практикалық) деңгейіндегі негізгі ұғым-түсініктерді игерудің тиімді құралы деп қарастыру керек.


1 – сурет Оқу- тәжірибе алаңының жоспары

Тәжірибе жасау арқылы – зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады.

Мектеп жанындағы тәжірибелік – машықтану (практикалық) жұмыстарын оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады.

Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің – еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.

Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.

Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.

Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.

Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері – бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.

Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.

Бақылау – қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұымдастыруға болады.

Тәжірибені қоюға кірісе отырып ерте құрастырылған жоспарға сәйкес учаскені нұсқаулар мен қайталануларға бөлдік. Біздер Қызылорда мектептерінде тәжірибелер жүргізу кезінде олардағы қайталанушылықтар саны мынадай екенін анықтадық.



1 кесте - Мектептердегі тәжірибелердің қайталану көрсеткіші

Мектептер саны

Барлық жүргізілген тәжірибелер

Тәжірибенің қайталануы %-бен

Біреу

Екеу

үшеу

3-ден артық

12

42

56,9

23

18

2,1

Себуден өнімді жинауға дейінгі күтімнің барлық түрлері (топырақты қопсыту, сирексіту, арам шөбін отау, түбін көму, суғару, үстеп қоректендіру, үзу, шырпу, өгей бұтақшаларын кесу, аурулармен күрес және т.б. тәжірибелік), сондай-ақ бақылау мөлдекшелерінде бір мезгілде жүргізіледі.

Тәжірибе нәтижелері барлық нұсқалар бойынша бір мезгілде жазылып отырады. Мысалы, егер бұл көкөніс немесе дала дақылдары болса, онда алдымен зақымдалған өсімдіктер мен қорғаныс белдеулерін тазалайды (олардың өнімі тәжірибеде ескерілмейді). Біздің зерттеулерімізде біздер учаскеде қойылған тәжірибелердің көпшілігінде қорғаныс белдеуі қарастырылмағанына назар аудардық.

Қызылорда облысы оқу-тәжірибе учаскелерінде жыл сайын үш тәжірибеден аса жүргізіледі, осы уақыт ішінде бұл тәжірибелердің ішінен шамамен орташа 14%-ның нәтижесі болмайды, өйткені өсімдіктерге күтім жасау кестесі, өнім есебі бұзылады, бақылаулар жүйелі түрде жүргізілмейді.

Әдебиетті талдау, үздік биолог-мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу және тәжірибелер жүргізудегі талдау оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелік жұмыстарды оқушыларды жүргізуі кезінде биологиялық-экологиялық білімді тиімді меңгеру үшін мына талаптарды орындау қажет екенін көрсетті:

- тәжірибе танымдық және өндірістік маңызбен іріктеледі;

- тәжірибелерді қою кезінде, зерттелінетіннен басқа шарттар бірдей болуы тиіс, яғни ғылыми-зерттеулер қағидасы – бірдей айырмашылық қағидасы сақталуы тиіс;

- тәжірибе бақылаумен салыстырылады;

- тәжірибе нұсқаларын анықтау. Орта және төмен жастағы оқушылар үшін тәжірибені екі нұсқада: тәжірибе – бақылау қойған тиімді. Өте шынайы болуы үшін тәжірибені кем дегенде екі қайтара жүргізу керек;

- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінің орналасуын, көрсететін, тәжірибе сызбасын алдын-ала белгілейді;

- жұмыстарды жүргізу түрлері мен мерзімдерін көрсетумен дәл агротехникалық жоспарды әзірлеу;

- тәжірибелік және бақылау мөлдекшелерінде өсімдіктерге жүйелі түрде фенологиялық бақылаулар жүргізу, қажетті өлшеулер мен есеп жүргізу, жазулар, суреттер, фотосуреттер түрінде бекіту;

- тәжірибе және бақылау учаскелерінде себу, күтім, өнім жинауды бір мезгілде, кесте бойынша жүргізу;

- әрбір тәжірибе барлық вегетациялық кезеңге нақты топқа бекітіледі;

- түрлі топтардың жүргізген барлық тәжірибелерімен барлық сынып оқушыларын таныстыру. Мұғалім ұйымдастырған ағымдағы бақылау жолымен және қорытынды сабақта жүзеге асырылады.

Мектеп жаны учаскелеріндегі тәжірибелік жұмыстар оқушылардың биологиялық-экологиялық білімін қалыптастыруға үлкен мүмкіншіліктер ұсынады. Оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың қызметі барысында практика мен тәжірибелік жұмысқа үлкен орын беріледі. Білімді меңгеру барысында фактілер мен көріністерді ұғымдар, пікірлер, ой тұжырымдары жүйесіне жалпы жинақтау болып табылады.

Осыған байланысты фактілерді “ой елегінен өткізу” кезеңі түбегейлі маңыз алады. Оқушылар тек жинақтау негізінде фактілерді ұғына, олардың мазмұнын сапалы және берік меңгере алады.

Бұл үдеріс тәжірибені қою кезінде айтарлықтай жеңілдетіледі.

Мектеп дамуының осы кезеңінде, дамытып оқытудың маңыздылығын арттыру жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралдарының бірі ретінде учаскедегі тәжірибе жұмысы идеясы ерекше назарға ие болады.



2- кесте – Тәжірибе жасаудың маңыздылығын анықтау

Оқушылардың ғылымға деген көзқарасының көрінісі

Бақылау сыныптары

Тәжірибе сыныптары

Ойын білдіру ниеті

102

250

Мысал келтіру әрекеті

28

57

Қорытынды жасауға ұмтылысы

20

49

Танымдық сұрақтар саны

18

46

Теріс факторлар: алаңдаулар

48

13

Бақылау сыныптарда оқу материалы тәжірибелерді қоюсыз, ал тәжірибелік сыныптарда тәжірибе жұмыстары негізінде түсіндірілді. Тәжірибелік сыныптардағы сабақтарда оқушылардың танымдық белсенділігі екі есеге артты.

Оқу-тәжірибе учаскесіндегі тәжірибелер мен бақылаулардың оқушыларға берік, түсінікті биологиялық-экологиялық білім алуына көмектесетінін зерттеу нәтижелері көрсетті. Тәжірибе жұмысы міндетті түрде оқушылардың тәжірибені түсініп меңгеруімен жүйеде жүргізілуі тиіс. Бұл жұмысты жүргізу биология мен ауылшаруашылығы еңбегі курстарының байланысын жүзеге асыруға ықпал ететін әдістемелік шарттардың бірі болып табылады. Оқушыларда олар үшін мүмкін болатын ағзалық немесе жасушалық деңгейде физиологиялық құбылыстарды түсіндіруге ұмтылысты дамыту керек.


Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

Тәжірибе жұмыстарына қойылатын талаптар

Агробиологиялық участоктегі жұмыс басталар алдында жұмыс жетекшісі оқушылармен бірлесе отырып тәжірибенің барлық сатыларын, мазмұнын мұқият ойластырып белгілеп алады және тәжірибе барысындағы агробиологиялық мәселелерді назардан тыс қалдырмайды.

Тәжірибе жұмыстарының орындалу реттілігі төмендегі үлгі бойынша іске асырылады.

3 кесте - Тәжірибе жұмыстарының орындалу сатыларының реттілік

ҮЛГІСІ


Тәжірибе обьектісін анықтау, оның агротехникасын, биологиясын зерттеп үйрену



Участокті белгілеу және оны өңдеу




Тәжірибенің тиімді үлгісін нақтылып белгілеу




Тәжірибенің мақсатына орай жол-жөнекей пайда болуы мүмкін бақылаулар жүйесін ойластыру (қарастыру)




Егілетін (отырғызылатын) материалды дайындау




Белгіленген үлгі бойынша тәжірибе қою




Өсімдіктерді күтіп баптау, бақылау жүргізу




Өнімді жинау және есепке алу, нәтижесін талдап, қорытынды жасау

Мектептегі оқу-тәжірибе участогіндегі тәжірибені жасар алдында оқушылар тәжірибеге қойылатын талаптармен танысып алу керек. Әр тәжірибе екі мөлдекте жүргізіледі - тәжірибелік және бақылау мөлдектері.

Мөлдектердің мөлшері, формасы, бетінің тегістігі, топырағының құрамы бірдей болуы міндетті.

Тәжірибелік мөлдектегі өсімдік сиретіліп, тыңайтқыш себіледі, ал бақылау мөлдегінде бұл шаралар орындалмайды. Екі мөлдектерде де топырақтың өңделуі, өсімдіктердің күтіп-бапталуы, егінін жинау бірдей етіп жүр, бір мезгілде жүргізіледі. Тәжірибе қорытындысы дәл шығу үшін, әр тәжірибе екі екіден қойылады. Әр тәжірибенің мақсаты мен тақырыбы бірдей болады және оны жүргізу жоспары белгіленеді.

Тәжірибе участогының мөлдектерінде тәжірибе тақырыбы, дақылдардың аты, тәжірибенің бақылануы жазылған тақтайша орнатылады.

Тәжірибе тақырыптарын таңдау

Мектептің оқу-тәжірибе участогындағы жасалатын тәжірибенің табысты және практикалық маңызды болуы оның тақырыбын дұрыс таңдай білуге байланысты болады.

Мектептегі тәжірибе жұмыстарының мазмұны оқу бағдарламалары аясында болады және оқушылардың қызығушылық деңгейіне, ұйымдастырушылардың қоятын мақсаттарына топырақ-климаттық жағдайларға және жергілікті ауылшаруашылықтың ерекшеліктеріне байланысты толықтырылуы мүмкін.

Оқушылар орындайтын тәжірибе жұмыстарының тақырыптарын мынадай бөлімдерге жүйелеуге болады.



  1. Өсімдіктің тіршілік ортасының топырақ – климаттық жағдайлары.

  2. Мәдени өсімдіктерді өсірудің агротехникалық әдістері.

  3. Ауылшаруашылығы дақылдарының дамуы мен өсуінің биологиялық ерекшеліктерімен танысу және сортты зерттеу.

  4. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар мен микротыңайтқыштардың астық өнімділігі мен оның сапасын жақсарту әсері.

  5. Фитоцидті өсімдіктер - өсімдіктерді зиянды насекомдардан қорғаудың құралы.

Бағдарламалық тәжірибелер зерттеудің жеке және жалпы әдістерін жасаудың негізі қызметін атқарады.

Тәжірибелердің оқу-танымдық маңызы

Оқу-тәжірибе участогында жасалатын тәжірибелердің ең әуелі оқу-танымдық маңызы болуы керек.

Оқушылар оқу-тәжірибе участогында өсімдіктер тіршілігіне бақылау жасауды, тәжірибеге қойылған өсімдіктерге сыртқы факторлардың әсерін бақылауды үйренеді, тәжірибедегі мәліметтерді талдай алуға және осылардан дұрыс қорытынды жасай білуге машықтанады.

Сондай-ақ, ол тәжірибелердің шаруашылықта да маңызы болуы керек.

Мектеп практикасында агротехникалық бағыттағы тәжірибелер маңызды орын алуда. Өйткені, ауылшаруашылығында бірізділікке (шаблонға) орын жоқ, мысалы, ұсынылған әдіс бір жағдайда оң тиімділік көрсетсе, келесі жағдайда оның зардабы ауыр болуы мүмкін.

Егін себуді қай уақытта бастау керек? Өсімдікті егудің уақытын анықтайтын тиісті нұсқаулықтар бар. Қар астында қалдырылған пияз, сәбіз, қызылша, күнбағыс дәндерінен мол өнім алынатыны да дәлелденген. Бұндай танымдық тәжірибелердің шаруашылыққа да экономикалық тұрғыдан пайдасы бар.

“Топырақты егіске дайындау” - бұл тақырып тәжірибе жүргізуші жастарға кең жол ашатын тақырып. Көптеген тәжірибе жұмыстарын сортсынау тақырыптарына арнауға болады. Оқушылар астық дақылдарымен, тамыр жемістілермен, әртүрлі көкөністермен жүргізілетін тәжірибелерін жергілікті шаруашылықтағы табиғат жағдайларымен байланыстыра зерттейтін болады.

АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНДЕ АГРОБИОЛОГИЯЛЫҚ УЧАСТОК ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Мектептегі оқу-тәжірибе участогы- оқушыларға агробиологиялық білім берудің орталығы

Оқу-тәжірибе участогын жасаудағы мақсат- ауылшаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрену, көкөністердің өзіндік ерекшеліктерін білу және көкөністерден мол өніп алып, әсем гүлдер өсіру үшін оларға қандай жағдайлар жасау қажеттілігін нақтылау.

Оқу – тәжірибе участогында мынадай бөлімдер болады:


  1. Бастауыш кластар бөлімі.

  2. Далалық дақылдар бөлімі

  3. Көкөніс дақылдары бөлімі.

  4. Коллекция бөлімі

  5. Өндірістік бөлім.

  6. Сәндік және гүлді өсімдіктер бөлімі.

  7. Дендрологиялық бөлім.

  8. Зоологиялық және үй жануарлар бөлімі

  9. Экологиялық бөлім

Табиғат жағдайына ұқсас тіршілік ортасында өсетін әртүрлі өсімдіктер бірлестігіне жататын өсімдіктер коллекциясынан тұрады. Бұл бөлімге әртүрлі жануарлар және өсімдіктер бірлестігіндегі организмдердің тіршілігін зерттейтін және биоценоздың қалыптасу барысын бақылауға арналған Дарвин алаңы да кіреді. Мектептің оқу-тәрбиесі участогында бала бақшалар тәрбиеленушілері мен бастауыш класс оқушылары экскурсия ұйымдастыруға болады.

Сондай-ақ, төменгі класс оқушылары еңбек сабағында алуан түрлі дақылдар егудің әдістерін үйренетін болады. Маусым айында 15 оқушыдан тұратын еңбек отряды жұмыс істейді. Жазғы маусым, участоктын жұмыс кестесіне сай, 5-10 класс оқушылары бесінші еңбек тоқсанын өткізеді. Ал күзде дәстүрлі көрме ұйымдастырылып, онда мектеп жанындағы участокте өсірілген дақылдар жайлы өлеңдер, жұмбақтар мен әзілсөздердің көңілді кеші ұйымдастырылады.



Оқу – тәжірибе участогындағы атқарылатын жұмыстардың перспективалық жоспары

Көктемгі кезең

Жазғы кезең

Күзгі кезең
Оқушылар жасайтын тәжірибе тақырыптары

  1. Оқу-тәжірибе участогы жағдайында сәбіз бен картоп сорттарын сынау.

  2. Ашық топырақта крестгүлді тұқымдас өсімдіктердің өсіп-өнуіне бақылау жасау.

  3. Экологиялық тәжірибелер. Өсімдік жабындыларының дамуы. Қоқыс үйінділерінің көктеп шығуы.

Қорытынды
Ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеулері мен мұғалімдер тәжірибесін талдау негізінде оқу-тәжірибе учаскесіндегі сабақтарды жетілдіру жөнінде әдістеме әзірленді.

1. Агробиологиялық дағды қалыптастыру бойынша учаскедегі сабақ әдістемесін әзірлеу:

- учаскедегі сабақ мақсаттарын анықтау;

- сабақтарда тұжырымдалатын және дамытылатын ұғымдарды талдау;

- ұғымдарды қалыптастыруда учаскедегі сабақ мүмкіншіліктерін анықтау;

- әдістер мен әдістемелік амалдардың оңтайлы үйлесімі;

- материалдық сараланған іріктеуі;

- ұғымдардың түзілуін қамтамасыз ететін құралдар;

- танымдық функцияны атқаратын, учаскедегі табиғи нысандар;

- учаскеде оқушылар іс-қимылының мазмұнын анықтау негізінде әзірлеу жүргізілді.

2. Оқу-тәжірибе учаскесі базасында оқушылардың агробиологиялық білімін тиімді қалыптастыру көптеген жағдайда оқушылардың танымдық қызметін жандандыруға ықпал ететін бақылаулар мен тәжірибелік жұмыстармен анықталады.

3. Әзірленген әдістеменің экспериментальды тексеруі оның тиімділігін көрсетті. Бұл білім деңгейін сапалы арттырудан өз көрінісін тапты (оқу материалын меңгерудің өте жоғарғы коэффициенті, ұмытып қалудың төменгі деңгейі).

4. Педагогикалық эксперимент оқу материалын өте тиімді меңгерудің жолдарын анықтауға, білімді меңгеру мен оны қолдануда танымдық белсенділік пен дербестікті арттыруға мүмкіндік берді, оқу-практикалық қызметті оңтайлы ұйымдастыруға ықпал етеді.


РЕЗЮМЕ
ЕСЕНАЛИЕВА ФАРИЗА СЕРИКОВНА
Формирование агробиологических навыков учащихся на внеурочных занятиях
6М011300 –Биология

Объект исследования: г. Кызылорда, аул Абай, средняя школа №138.

Цель исследования: подготовка учащихся с помощью внекласных работ по биологии к труду, общественной деятельности, развитие творческого отношения к труду.

Задачи исследования:


  • Формирование у учащихся применения сельскохозяйственого опыта для решения практических задач возникающих в процессе общественно полезного труда.

  • Формирование у учащихся умений и навыков для выращивания культурных растений.

  • Реализация экологического воспитания учащихся через изучение взаимоотношения с окружающей средой, знакомство с природоохранными мероприятими, связанными с сельскохозяйственными работами.

  • Реализация обучения с сельскохозяйственным трудом при выращивании на пришкольном участке растений.

  • Применение знаний учащися об основе растениеводства для профессиональной ориентации и полноценному труду.

  • Показать практическое значение ботанического знания- как научную основу растениеводства.

Методы исследования: теоретический анализ педагогической, методической литературы по теме исследования; наблюдение, обобщение передового опыта.

Апробация работы. Работа рассмотрена на заседании кафедры «Биологии и географии» Кызылординского государственного университета имени Коркыт Ата и опубликована 1 статья.

Внедрение результатов исследований. Результаты полученных исследований могут быть использованы в качестве вспомогательного материала для формирования агробиологических навыков учащихся.

Практическая значимость работы. В результате проведенных работ была разработана методика проведения внекласных работ по биологии. Были разработаны предпосылки формирования агробиологических навыков учащихся при работе на пришкольном участке. Полученные результаты могут быть использованы учителями средних школ для формирования агробиологических навыков учащихся.
SUMMARY
                              ESENALIEVA Fariza Serikovna
Formation of agro-biological skills of students to extracurricular activities
6M011300-Biology
The Object of research: Kyzyl-Orda, Abay , school № 138.

The Aims: to prepare students in an extracurricular work in biology to be social active, to develop of a creative approach to the work.

Research objectives:

- Formation of the students' application of agricultural practices to solve practical problems arising in the process of socially useful work.

- Formation of the students' abilities and skills for growing crops.

- the Implementation of the environmental education of students through the studying the relationship to the environment, familiarity with conservation activities related to agricultural activities.

- the Implementation of training in agricultural labor for growing plants on the school grounds.

- the Application of knowledge of students by learning about the crop for professional guidance and for full labor.



- to show the practical value of botanical knowledge, as the scientific basis for crop production.

The Methods: a theoretical analysis of pedagogical and methodological literature on the topic of research, observation , a compilation of best practices.

The approbation work. The work was discussed at the meeting of "Biology and Geography" of Kyzylorda State University by Korkyt Ata and was published one article.

The introduction of research results. The results of research can be used as a supplementary material for the formation of agro-biological skills of students.

The practical significance of the work. As a result of this work has been developed the technique of extracurricular works on biology. It was developed the preconditions of agro-biological skills of students while working on the school grounds. The results can be used by secondary school teachers





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет