Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Мен осы бағдарламаның теориялық білімді меңгерген соң, өз зерттеу жұмысыма кірістім. Бұл бағдарламаның негізгі идеясын, одан күтілетін нәтижені терең ұғынуда мектептегі іс-тәжірибе кезінде өз сабақтарыма өзгеріс енгізуді жоспарлап алдым. Жоспарлаудағы мақсатым: дәстүрлі сабақты өзгерту және сындарлы оқыту теориясы бойынша жұмыс жасау үшін.Өзім сынып жетекшілік ететін 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен сабақ өтуді жоспарладым. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын білу мақсатында сауалнама алдым. Ол сауалнамада төмендегі сұрақтар берілген еді: Қазақ тілі сабағы саған ұнайды ма? Қазақ тілі сабағында қиындыққа тап болдың ба? Сынып жетекшің өзіңе ұнайды ма? Қазақ тілі сабағында мұғалім саған көмектеседі ме? Қазақ тілі пәнінен мұғалімнің алып келген жаңа әдістері және топтық жұмыс ұнайды ма? Қазақ тілі сабағына өзгеріс енгізгенін қалайсың ба? Қазақ тілі сабағында белсенділік танытасың ба? Қазақ тілі сабағында топ басшы болғың келе ме? Топ басшының міндеттерін орындай аламын деп ойлайсың ба? Болашақта қазақ тілі пәні мұғалімі болғың келе ме? Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптарын қарастыратын болсам: қазақ тілі сабағында топ басшы болғың келе ме деген сұраққа оқушылар барлығы бір ауыздан болғымыз келеді деп жауап берді, және топ басшының міндеттерін орындай аласың ба?деген сұраққа орындауға тырысамын,орындаймын деген жауаптар болды. Осы сұрақтар бойынша оқушылар барлық сұрақтарға жауап жазып тапсырды. Сауалнама арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын анықтадым. Тізбектелген сабағымның біріншісін ынтымақтастық атмосферасын орнатумен бастадым,мақсатым оқу үдерісіне қолайлы орта құру еді. Себебі сабақ көтеріңкі көңілмен басталса бұл бүкіл сабақ барысында оқушыларға шабыт сыйлайтындығын түсініп жеттім. Бірінші сабағымды құрылымдауда менде толғаныс жүрді, себебі қалай жоспарласам қызықты, түсінікті болады деген сұрақ мазалады. Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық. Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын факторлар: 1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; 2) нені оқу керектігін түсінуі; 3) тізбектелген сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптастыру; 4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеру; (Мұғалімге арналған нұсқаулық 26-бет). Осы сабағымның келесі сатысында мен оқушыларды топтарға біріктірдім, себебі бұл бағдарламаның басты мақсаты топтық жұмыс ұйымдастыру болатын. Оқушыларды топқа біріктіруде байқағаным, бұл іс-әрекетті алдын–ала жоспарлау керек екен, себебі кез келген сыныпта А, Б, С деңгейлі оқушылар бар. Жоспарлаған тапсырмаларды әр топ алып шығу үшін деңгейлі оқушылар әр топқа тең түсу керектігін түсініндім. Алдында мен кей сабақтарды топтарға біріктіріп өтетін едім, енді топқа бөлуде де өзгешелік бар екенін байқадым. Топтарға біріктірудің түрі көп екенін білдім, ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты екеніне көз жеткіздім. Бірінші сабағымда мен «Мозайка» әдісі қолдандым. Осы сәтте мен өз оқушыларымның бұрын соңды байқалмаған жылдамдық пен шапшаңдығын көрдім. Оқушыларға қима қағаздардан гүл құрастыру өте қызықты болды.Тізбектелген сабақтарымның үшеуінде де мен ақпаратты-коммуникациялық технологияны қолдандым. Себебі оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 54-бет). Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында мен «Миға шабуыл» әдісін қолдандым және менің: сын есімге мысал келтір деген сұрағыма көптеген тамаша күтпеген жауаптар алдым. Тіпті Аманғали атты С деңгейлі оқушым өзінің құрдастарының жауаптарын тыңдап, өзін реттеп әдемі, сұлу деген мысалдар айтты. Мерсер (2005жыл) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 23-бет). Оқушылардың әрбір жауаптарына әрине, тамаша, өте жақсы, жарайды деген ауызша бағалау жүргізіп отырдым. Александер 2001жылы айтқандай сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49-бет). Жаңа сабақты меңгертуде қолданған «Кластер» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасады.Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік болды – бесінші тезис (Мұғалімге арналған нұсқаулық 29-бет) «ДЖИГСО» әдісінде оқушылардың рөлге бөлініп оқығандарын және сынып жүз пайыз қамтылғанан көріп қуандым. С деңгейлі өз ойларын толық жеткізе алмайтын екі оқушым параққа жазып оқып берді. Неге олай жасадыңдар деген сұраққа олар біз тобымызға кесірімізден тобымыз төмен баға алып қалғанын қаламаймыз деп жауап берді. Өйткені сабақта топтар бір –бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалап отырды. Әрбір оқушы өзіне жүктелген тапсырманың жауапкершілігін сезінгенін байқадым. Бірінші топ сан есімді сипаттаса, екінші топ сан есімнің сұрақтарын айтты, ал үшінші топ өмірмен байланыстырып мысалдар келтірді. Осы арада оқушылардың жауаптарына тоқталатын болсам Лаура атты А деңгейлі оқушым біз келесі сабақта өтетін сөйлемдегі сан есімнің байланысын анықтап айта алды. Фриман (1998жыл) талантты балаларды анықтайтын сегіз өлшемдер:ойлау қабілетінің жылдамдығы, икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 65-бет). Ребусты шешіп, шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау деп берілген тапсырмамда, (жүз екі саны шығады) менің Гүлдана атты Б деңгейлі оқушым: «Біздің тойга жүз екі адам келді» деп жауап беріп сын тұрғысынан ойлай алды. Сын тұрғысынан ойлау, бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет). Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Бұрқасын сұрақ» әдісін қолдандым. Менің тарапымнан сан есімге байланысты қойылған сұрақтарға барлық оқушылар өте жақсы жауап айта алды. Сынып оқушыларын толық қатыстыру мақсатында Ерасыл атты С деңгейлі оқушыма: сан есімге мысал келтірші? деген төменгі дәрежелі сұрақ қойдым. Ерасыл жауап беруге қиналды,сонда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың «түрткі болу» тәсілін қолдандым. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық сұрақты карапайым етіп қою, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 40-бет). «Смайликтер» әдісін қолдандым мақсатым сабағымның тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау. Бірінші сабағымның бағалау кезеңін бағалау парақшалары арқылы жүзеге асырдым. Әр топтың басшылары алдарындағы бағалау критерийлері, дискриптор жазылған парақшаларға тиісті ұпайларын қойып соңынан қорытынды шығарды. Осы кезде Блэк пен Уильям ұсынған «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс Сыныптасын және өзін-өзі бағалау жүзеге асты.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 53-бет ). Бірінші сабағымда өзім қаламаған түрде кедергілерге тап болдым. Дәлірек тоқталатын болсам тәртібі қиын С деңгейлі Бақдаулет атты оқушым өз тобындағы оқушылармен келіспей оларға жұмыс жасауға кедергісін тигізіп отырғанын байқадым және сол сәтте оған алдын ала өзім дайындап келген шағын мәтінді дәптеріне көшіруін өтіндім. Осылайша оның топқа зиянын тигізуін тоқтаттым. Келесі кедергім өзімнің немқұрайлығымнан болды деп санаймын. Себебі, жіберілген грамматикалық қателердің жөндеу ережелерімен таныстыруды естен шығарыппын. Тізбектелген сабақтарымның екіншісін шаттық шеңбер құрғызып, жүректен-жүрекке жаттығуын орындаттым, мақсатым сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. Осы іс-әрекетімнің өзі оқушыларға жаңалық болды, себебі мен дәстүрлі сабақта сабақтан тыс жаттығуларды қолданбайтын едім. Оқушылардың бір-біріне шын жүректен айтқан жылы сөздерін естіп іштей сүйсіндім. Шеңбер аясында тұрып: Көктем мезгілі айларын атайықшы? деген сұраққа жауап алып наурыз, сәуір, мамыр айларына санату арқылы топтарға біріктірдім. Топ басшыларын сайлап, бүгінгі бағалау тәсілімен таныстырып өттім. Тақтада ілініп тұрған оқушылардың аттары жазылған плакатқа назар аударуын өтіндім. Топ басшы өз тобындағы оқушыларды мұқият бақылап әрбір дұрыс жауапқа бір смайликтен жапсырып отыруын тапсырдым. Себебі бүгінгі сабақта оқушылардың қандай баға алуы топ басшының жылдамдығы мен зеректігіне байланысты болатын. Сабақтың соңында қай оқушының смайликтері көп болса сол өте жақсы деген бағаға лайық болады. Алып келген бұл әдісім оқушыларға өте қатты ұнағанын жүздерінен байқадым. Тіпті Гүлдана есімді оқушым апай бүгінгі алып келген бағалауыңыз зор екен деп кері байланыс берді. Оқушылар әрбір смайлик үшін жан күйдіріп, тапсырмаларды таласып орындағандарын,сұрақтарға белсене жауап бергендеріне куә болдым. Үй тапсырмасын сұрауда оқушылар «Серуенде» тақырыбында сан есімдер қосып шағын әңгіме құрау тиіс еді. Оқушылардың дәптерлеріне көз жүгіртіп барлық оқушылар үй тапсырмасын орындап келгендеріне көз жеткіздім. Әр оқушы бір – екі сөйлемнен оқыды, сөйлемдерді талқылап сан есімдерді анықтаттым. Сан есімді қалай анықтаймыз? деген сұрағыма Асхат атты С деңгейлі оқушым: сұрақ қою арқылы – деп жауап бергенде шыны керек таңырқап қалдым, және бұл жауап жақын арадағы даму аймағы арқылы жүзеге асқанын түсіндім. Жақын арадағы даму аймағы Выготскийдің айтуы бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 22- бет). Жаңа сабақты өздігінен меңгерту үшін мәтінді топтарға бөліп бердім. Бұл мәтінде құстар жайлы айтылғандықтан мен оқушыларды сын тұрғысынан ойлату мақсатында:бүгінгі тақырып тағы қай пәнмен байланысты? деген сұрағыма Мәулен атты А деңгейлі оқушым – дүниетану деп, мен күткен жауапты айта алды. Сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет ).Үш топтан бір-бірден ортаға оқушылар шығып өздеріне берілген сөйлемдерін талқылап,бір-бірінің жауабын тыңдап, толықтырып,пікірлесіп, жұптық әңгімелесу көрініс тапты. Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Барнс 1971 жыл (Мұғалімге арналған нұсқаулық 38-бет). «Кубизм» әдісін қолдандым, мақсатым екінші сабағымды қорытындылау болатын. Жай ғана ауызша қойылған сұрақтардан, түрлі- түсті кубикке жапсырылған сұрақтар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырғанына көз жеткіздім. Менің: санның ретін білдіретін сөздер қалай жасалады? деген сұрағыма Аманғали атты С деңгейлі оқушым –ыншы, -інші жұрнақтар жалғану арқылы жасалады деп тамаша жауап айта білді. Осы оқушым сабақтын негізгі бөлімінде ауызша мысал келтіруде, жаттығуларды талқылауда зер салып тыңдағанына көз жеткіздім. Бізде оқу пирамидасында талқылау барысында есте сақтау елу пайыз делінген (Мұғалімге арналған нұсқаулық 28-бет). Кері байланысты «Бағдаршам» әдісі арқылы алдым, мақсатым сабағымның сәтті, сәтсіз тұстарын анықтау болатын. Барлық оқушылар түсіндік, деп кері байланыс берді. Тек бір ғана үндемейтін Асхат атты С деңгейлі оқушым менің сұрағым бар деп кері байланыс бергенін байқадым. Ол қандай сұрақ дегенімде, сұрақтың сабаққа мүлде қатысы жоқ екендігі анықталды. Ол оқушы маған сіз бағдаршам плакатын неден жасадыңыз?- деп сұрақ қойған болатын. Деседе мен ол оқушыға жауап бердім, себебі бізде Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасы бар. Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалуға жол берілмеу маңызды, әсіресе, «үндемейтін» және «жеке–дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 36-бет). Сабақ соңында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырдым. Оқушылар өз топ басшыларының бағалауымен толықтай келісті.Себебі барлық оқушылар, топ басшылар сабақтың басынан соңына дейін менің қадағалау мен бақылауымда болды. Тізбектелген сабақтарымның үшіншісінде сан есімді қайталау сабағы болды. Үй тапсырмасында оқушылар Юрий Гагарин жайлы әңгіме құрастырған. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Менен сұрақ, сенен жауап» әдісін қолдандым. Оқушылардың сұрақ- жауаптарына тоқталатын болсам:Тағы қандай ғарышкерлерді білеміз? деген сұраққа Нұрдәулет есімді Б деңгейлі оқушым Белка және Стрелка деген күшіктер ұшқан деп жауап берді, теледидардан көргенін айттып ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолданудың білімді қабылдауын,түсінуін жеңілдететінін дәлелдеді. Ал Б деңгейлі Бекзат, Бегім есімді оқушыларым бірінші сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп, қайта өңдеп өзіміздің отандық ғарышкерлеріміздің есімдерін атап берді. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 15-бет), Хельга Нойс 2006 жыл «Нақтылайтын» өңдеу (Мұғалімге арналған нұсқаулық 16-бет). Жоғарыда айтып өткендей үшінші сабағым қайталау болғандықтан оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды жылдам орындап шықты. Осылай болатынын мен әрине білдім және Эллиот 1991 жылы айтқандай: мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек деген ұғымды сақтай отырып,алдын ала жоспарлап келген оқулықтан тыс тапсырмаларды бердім. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 78-бет). Оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Кім жүйрік» ойынын ұйымдастырдым. Ноутбуктан құрамында сан бар сөздерді көрсеттім оқушылар өте жылдам жауап беруі тиіс. Бұл тапсырма көңілімдегідей шықты, оқушылар барлығы белсене хормен жауап берді. Сабағымның келесі кезеңінде мен оқушылар арасында диалогті өрбітуді жоспарладым. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады және Мерсер (2000 жыл) сипаттағандай, білімді бірлесіп алу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет ). «Үш қадамды сұхбат» әдісін қолдандым мақсатым сабақты қорытындылау. Әр топ бір- біріне сұрақтар қойды. Сұрақтар қайталанбасын деп ұсыныс айтқанымда үшінші топтағы Мәулен есімді А деңгейлі оқушым оқулықтан тыс осы тақырыпты қандай пәндермен байланыстырдық? деп сыни ойлап сұрақ қоя алды.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет). Үшінші сабағымда кері байланысты «Желкенді кеме» әдісі арқылы алдым, мақсатым тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау. Бағалау сабақтың басынан ауызша түрде «Басбармақ» әдісі арқылы жүзеге асып отырды. Сонымен бірге топ басшылары бағалау парақшаларына бағалап отырды. Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа-әдіс тәсілдермен тығыз байланыста. Ең алдымен мен үшін тиімді сабақ ол, әрине, нәтижелі сабақ.Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту бастапқыда қиын болды. Бірақ балаларыма қатты ұнады. Олардың жүздерінен күнделікті мұғалім бүгін тағы да қызықты не дайындап әкелді екен? Бүгінгі сабақ қалай өтеді? Қызықты тапсырмалар көп болса екен дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме өзгеше бір құлшыныс пайда болды. Алдағы уақытта менің осы уақытқа дейін барлық үйренгенімді жинақтап, қорытып, осыдан қисынды ой түйіп болашақ ұрпақты сусындаған білім көзімен қандырмақпын. Әрине, алғашқы қадам басқан сәтте үрей мен сезіктену болған. Бірақ оқушыларды осы нұсқаулықта көрсетілген бағыт-бағдары арқылы орындалатын тапсырмалар мен әдістер қызығушылығын дәстүрлі сабақ жүйесіне қарағанда анағұрлым арттыратыны сөзсіз. Жоғарыда айтылған мәліметтердің барлығын қамти отыра, менің өз зерттеу жұмысымның қорытындысы және оны әрі қарай дамыту бойынша үлгермей қалған сәттерім мен жеке өзімнің көңілім толмаған кездерім болды. Осы аталған үлгермеушіліктерді, жіберген кемшіліктерді алдағы жұмыс барысында жібермес үшін барлық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана келе болдырмауға бар күш жігерімді салмын. Болашақта мен алдымдағы шәкірттерімді сыни ойлау мен шешімін табу әрекеттерін ұштастыруға, болашақтарын өздеріне қажетті етіп қалауға қол ұшымды беремін деген ойдамын.
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Мен осы бағдарламаның теориялық білімді меңгерген соң, өз зерттеу жұмысыма кірістім. Бұл бағдарламаның негізгі идеясын, одан күтілетін нәтижені терең ұғынуда мектептегі іс-тәжірибе кезінде өз сабақтарыма өзгеріс енгізуді жоспарлап алдым. Жоспарлаудағы мақсатым: дәстүрлі сабақты өзгерту және сындарлы оқыту теориясы бойынша жұмыс жасау үшін.Өзім сынып жетекшілік ететін 2 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен сабақ өтуді жоспарладым. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын білу мақсатында сауалнама алдым. Ол сауалнамада төмендегі сұрақтар берілген еді: Қазақ тілі сабағы саған ұнайды ма? Қазақ тілі сабағында қиындыққа тап болдың ба? Сынып жетекшің өзіңе ұнайды ма? Қазақ тілі сабағында мұғалім саған көмектеседі ме? Қазақ тілі пәнінен мұғалімнің алып келген жаңа әдістері және топтық жұмыс ұнайды ма? Қазақ тілі сабағына өзгеріс енгізгенін қалайсың ба? Қазақ тілі сабағында белсенділік танытасың ба? Қазақ тілі сабағында топ басшы болғың келе ме? Топ басшының міндеттерін орындай аламын деп ойлайсың ба? Болашақта қазақ тілі пәні мұғалімі болғың келе ме? Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауаптарын қарастыратын болсам: қазақ тілі сабағында топ басшы болғың келе ме деген сұраққа оқушылар барлығы бір ауыздан болғымыз келеді деп жауап берді, және топ басшының міндеттерін орындай аласың ба? деген сұраққа орындауға тырысамын,орындаймын деген жауаптар болды. Осы сұрақтар бойынша оқушылар барлық сұрақтарға жауап жазып тапсырды. Сауалнама арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын анықтадым. Тізбектелген сабағымның біріншісін ынтымақтастық атмосферасын орнатумен бастадым,мақсатым оқу үдерісіне қолайлы орта құру еді. Себебі сабақ көтеріңкі көңілмен басталса бұл бүкіл сабақ барысында оқушыларға шабыт сыйлайтындығын түсініп жеттім. Бірінші сабағымды құрылымдауда менде толғаныс жүрді, себебі қалай жоспарласам қызықты, түсінікті болады деген сұрақ мазалады. Мұғалімдердің көпшілігі, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық. Сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін анықтайтын факторлар: 1) балалардың қалай оқитынын түсінуі; 2) нені оқу керектігін түсінуі; 3) тізбектелген сабақтар топтамасын қалай құрылымдау туралы ұғым қалыптастыру; 4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау мүмкіндігін игеру; (Мұғалімге арналған нұсқаулық 26-бет). Осы сабағымның келесі сатысында мен оқушыларды топтарға біріктірдім, себебі бұл бағдарламаның басты мақсаты топтық жұмыс ұйымдастыру болатын. Оқушыларды топқа біріктіруде байқағаным, бұл іс-әрекетті алдын–ала жоспарлау керек екен, себебі кез келген сыныпта А, Б, С деңгейлі оқушылар бар. Жоспарлаған тапсырмаларды әр топ алып шығу үшін деңгейлі оқушылар әр топқа тең түсу керектігін түсініндім. Алдында мен кей сабақтарды топтарға біріктіріп өтетін едім, енді топқа бөлуде де өзгешелік бар екенін байқадым. Топтарға біріктірудің түрі көп екенін білдім, ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты екеніне көз жеткіздім. Бірінші сабағымда мен «Мозайка» әдісі қолдандым. Осы сәтте мен өз оқушыларымның бұрын соңды байқалмаған жылдамдық пен шапшаңдығын көрдім. Оқушыларға қима қағаздардан гүл құрастыру өте қызықты болды.Тізбектелген сабақтарымның үшеуінде де мен ақпаратты-коммуникациялық технологияны қолдандым. Себебі оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруге көмектесетін маңызды құрал болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 54-бет). Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында мен «Миға шабуыл» әдісін қолдандым және менің: сын есімге мысал келтір деген сұрағыма көптеген тамаша күтпеген жауаптар алдым. Тіпті Аманғали атты С деңгейлі оқушым өзінің құрдастарының жауаптарын тыңдап, өзін реттеп әдемі, сұлу деген мысалдар айтты. Мерсер (2005жыл) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 23-бет). Оқушылардың әрбір жауаптарына әрине, тамаша, өте жақсы, жарайды деген ауызша бағалау жүргізіп отырдым. Александер 2001жылы айтқандай сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды (Мұғалімге арналған нұсқаулық 49-бет). Жаңа сабақты меңгертуде қолданған «Кластер» әдісі арқылы оқулықпен жұмыс жасады.Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік болды – бесінші тезис (Мұғалімге арналған нұсқаулық 29-бет) «ДЖИГСО» әдісінде оқушылардың рөлге бөлініп оқығандарын және сынып жүз пайыз қамтылғанан көріп қуандым. С деңгейлі өз ойларын толық жеткізе алмайтын екі оқушым параққа жазып оқып берді. Неге олай жасадыңдар деген сұраққа олар біз тобымызға кесірімізден тобымыз төмен баға алып қалғанын қаламаймыз деп жауап берді. Өйткені сабақта топтар бір –бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалап отырды. Әрбір оқушы өзіне жүктелген тапсырманың жауапкершілігін сезінгенін байқадым. Бірінші топ сан есімді сипаттаса, екінші топ сан есімнің сұрақтарын айтты, ал үшінші топ өмірмен байланыстырып мысалдар келтірді. Осы арада оқушылардың жауаптарына тоқталатын болсам Лаура атты А деңгейлі оқушым біз келесі сабақта өтетін сөйлемдегі сан есімнің байланысын анықтап айта алды. Фриман (1998жыл) талантты балаларды анықтайтын сегіз өлшемдер:ойлау қабілетінің жылдамдығы, икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 65-бет). Ребусты шеш және шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау деп берілген тапсырмамда, (шешуінде жүз екі саны шығатын болатын) менің Гүлдана атты Б деңгейлі оқушым: «Біздің тойга жүз екі адам келді» деп жауап беріп сын тұрғысынан ойлай алды. Сын тұрғысынан ойлау, бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс- әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді. ( Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет). Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Бұрқасын сұрақ» әдісін қолдандым. Менің тарапымнан сан есімге байланысты қойылған сұрақтарға барлық оқушылар өте жақсы жауап айта алды. Сынып оқушыларын толық қатыстыру мақсатында Ерасыл атты С деңгейлі оқушыма: сан есімге мысал келтірші? деген төменгі дәрежелі сұрақ қойдым. Ерасыл жауап беруге қиналды,сонда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың «түрткі болу» тәсілін қолдандым. Түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық сұрақты карапайым етіп қою, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 40-бет). «Смайликтер» әдісін қолдандым мақсатым сабағымның тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау. Бірінші сабағымның бағалау кезеңін бағалау парақшалары арқылы жүзеге асырдым. Әр топтың басшылары алдарындағы бағалау критерийлері, дискриптор жазылған парақшаларға тиісті ұпайларын қойып соңынан қорытынды шығарды. Осы кезде Блэк пен Уильям ұсынған «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс Сыныптасын және өзін-өзі бағалау жүзеге асты.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 53-бет ). Бірінші сабағымда өзім қаламаған түрде кедергілерге тап болдым. Дәлірек тоқталатын болсам тәртібі қиын С деңгейлі Бақдаулет атты оқушым өз тобындағы оқушылармен келіспей оларға жұмыс жасауға кедергісін тигізіп отырғанын байқадым және сол сәтте оған алдын ала өзім дайындап келген шағын мәтінді дәптеріне көшіруін өтіндім. Осылайша оның топқа зиянын тигізуін тоқтаттым. Келесі кедергім өзімнің немқұрайлығымнан болды деп санаймын. Себебі, жіберілген грамматикалық қателердің жөндеу ережелерімен таныстыруды естен шығарыппын. Тізбектелген сабақтарымның екіншісін шаттық шеңбер құрғызып, жүректен-жүрекке жаттығуын орындаттым, мақсатым сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. Осы іс-әрекетімнің өзі оқушыларға жаңалық болды, себебі мен дәстүрлі сабақта сабақтан тыс жаттығуларды қолданбайтын едім. Оқушылардың бір-біріне шын жүректен айтқан жылы сөздерін естіп іштей сүйсіндім. Шеңбер аясында тұрып: Көктем мезгілі айларын атайықшы? деген сұраққа жауап алып наурыз, сәуір, мамыр айларына санату арқылы топтарға біріктірдім. Топ басшыларын сайлап, бүгінгі бағалау тәсілімен таныстырып өттім. Тақтада ілініп тұрған оқушылардың аттары жазылған плакатқа назар аударуын өтіндім. Топ басшы өз тобындағы оқушыларды мұқият бақылап әрбір дұрыс жауапқа бір смайликтен жапсырып отыруын тапсырдым. Себебі бүгінгі сабақта оқушылардың қандай баға алуы топ басшының жылдамдығы мен зеректігіне байланысты болатын. Сабақтың соңында қай оқушының смайликтері көп болса сол өте жақсы деген бағаға лайық болады. Алып келген бұл әдісім оқушыларға өте қатты ұнағанын жүздерінен байқадым. Тіпті Гүлдана есімді оқушым апай бүгінгі алып келген бағалауыңыз зор екен деп кері байланыс берді. Оқушылар әрбір смайлик үшін жан күйдіріп, тапсырмаларды таласып орындағандарын,сұрақтарға белсене жауап бергендеріне куә болдым. Үй тапсырмасын сұрауда оқушылар «Серуенде» тақырыбында сан есімдер қосып шағын әңгіме құрау тиіс еді. Оқушылардың дәптерлеріне көз жүгіртіп барлық оқушылар үй тапсырмасын орындап келгендеріне көз жеткіздім. Әр оқушы бір – екі сөйлемнен оқыды, сөйлемдерді талқылап сан есімдерді анықтаттым. Сан есімді қалай анықтаймыз? деген сұрағыма Асхат атты С деңгейлі оқушым: сұрақ қою арқылы – деп жауап бергенде шыны керек таңырқап қалдым, және бұл жауап жақын арадағы даму аймағы арқылы жүзеге асқанын түсіндім. Жақын арадағы даму аймағы Выготскийдің айтуы бойынша, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 22- бет). Жаңа сабақты өздігінен меңгерту үшін мәтінді топтарға бөліп бердім. Бұл мәтінде құстар жайлы айтылғандықтан мен оқушыларды сын тұрғысынан ойлату мақсатында:бүгінгі тақырып тағы қай пәнмен байланысты? деген сұрағыма Мәулен атты А деңгейлі оқушым – дүниетану деп, мен күткен жауапты айта алды. Сын тұрғысынан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет ).Үш топтан бір-бірден ортаға оқушылар шығып өздеріне берілген сөйлемдерін талқылап,бір-бірінің жауабын тыңдап, толықтырып,пікірлесіп, жұптық әңгімелесу көрініс тапты. Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер етеді. Барнс 1971 жыл (Мұғалімге арналған нұсқаулық 38-бет). «Кубизм» әдісін қолдандым, мақсатым екінші сабағымды қорытындылау болатын. Жай ғана ауызша қойылған сұрақтардан, түрлі- түсті кубикке жапсырылған сұрақтар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырғанына көз жеткіздім. Менің: санның ретін білдіретін сөздер қалай жасалады? деген сұрағыма Аманғали атты С деңгейлі оқушым –ыншы, -інші жұрнақтар жалғану арқылы жасалады деп тамаша жауап айта білді. Осы оқушым сабақтын негізгі бөлімінде ауызша мысал келтіруде, жаттығуларды талқылауда зер салып тыңдағанына көз жеткіздім. Бізде оқу пирамидасында талқылау барысында есте сақтау елу пайыз делінген (Мұғалімге арналған нұсқаулық 28-бет). Кері байланысты «Бағдаршам» әдісі арқылы алдым, мақсатым сабағымның сәтті, сәтсіз тұстарын анықтау болатын. Барлық оқушылар түсіндік, деп кері байланыс берді. Тек бір ғана үндемейтін Асхат атты С деңгейлі оқушым менің сұрағым бар деп кері байланыс бергенін байқадым. Ол қандай сұрақ дегенімде, сұрақтың сабаққа мүлде қатысы жоқ екендігі анықталды. Ол оқушы маған сіз бағдаршам плакатын неден жасадыңыз?- деп сұрақ қойған болатын. Деседе мен ол оқушыға жауап бердім, себебі бізде Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасы бар. Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалуға жол берілмеу маңызды, әсіресе, «үндемейтін» және «жеке–дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 36-бет). Сабақ соңында қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырдым. Оқушылар өз топ басшыларының бағалауымен толықтай келісті.Себебі барлық оқушылар, топ басшылар сабақтың басынан соңына дейін менің қадағалау мен бақылауымда болды. Тізбектелген сабақтарымның үшіншісінде сан есімді қайталау сабағы болды. Үй тапсырмасында оқушылар Юрий Гагарин жайлы әңгіме құрастырған. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Менен сұрақ, сенен жауап» әдісін қолдандым. Оқушылардың сұрақ- жауаптарына тоқталатын болсам:Тағы қандай ғарышкерлерді білеміз? деген сұраққа Нұрдәулет есімді Б деңгейлі оқушым Белка және Стрелка деген күшіктер ұшқан деп жауап берді, теледидардан көргенін айттып ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолданудың білімді қабылдауын,түсінуін жеңілдететінін дәлелдеді. Ал Б деңгейлі Бекзат, Бегім есімді оқушыларым бірінші сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп, қайта өңдеп өзіміздің отандық ғарышкерлеріміздің есімдерін атап берді. Ұзақ мерзімді жады қажет кезеңінде алып пайдалану үшін ұзақ мерзімді сақтауға жіберілген ақпарат. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 15-бет), Хельга Нойс 2006 жыл «Нақтылайтын» өңдеу (Мұғалімге арналған нұсқаулық 16-бет). Жоғарыда айтып өткендей үшінші сабағым қайталау болғандықтан оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды жылдам орындап шықты. Осылай болатынын мен әрине білдім және Эллиот 1991 жылы айтқандай: мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек деген ұғымды сақтай отырып,алдын ала жоспарлап келген оқулықтан тыс тапсырмаларды бердім. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 78-бет). Оқушыларды сергітіп алу мақсатында «Кім жүйрік» ойынын ұйымдастырдым. Ноутбуктан құрамында сан бар сөздерді көрсеттім оқушылар өте жылдам жауап беруі тиіс. Бұл тапсырма көңілімдегідей шықты, оқушылар барлығы белсене хормен жауап берді. Сабағымның келесі кезеңінде мен оқушылар арасында диалогті өрбітуді жоспарладым. Бірлесіп ойлау оқушылармен диалог құру арқылы іске асады және Мерсер (2000 жыл) сипаттағандай, білімді бірлесіп алу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет ). «Үш қадамды сұхбат» әдісін қолдандым мақсатым сабақты қорытындылау. Әр топ бір- біріне сұрақтар қойды. Сұрақтар қайталанбасын деп ұсыныс айтқанымда үшінші топтағы Мәулен есімді А деңгейлі оқушым оқулықтан тыс осы тақырыпты қандай пәндермен байланыстырдық? деп сыни ойлап сұрақ қоя алды.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 43-бет). Үшінші сабағымда кері байланысты «Желкенді кеме» әдісі арқылы алдым, мақсатым тиімді, тиімсіз тұстарын анықтау. Бағалау сабақтың басынан ауызша түрде «Басбармақ» әдісі арқылы жүзеге асып отырды. Сонымен бірге топ басшылары бағалау парақшаларына бағалап отырды. Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа-әдіс тәсілдермен тығыз байланыста. Ең алдымен мен үшін тиімді сабақ ол, әрине, нәтижелі сабақ.Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады. Бір сарынды оқуға қалыптасқан баланы топтық жұмыспен еркін ұстау, жаңа тәсілдермен оқыту бастапқыда қиын болды. Бірақ балаларыма қатты ұнады. Олардың жүздерінен күнделікті мұғалім бүгін тағы да қызықты не дайындап әкелді екен? Бүгінгі сабақ қалай өтеді? Қызықты тапсырмалар көп болса екен дегенді жанарларынан оқып маған да сабақ беруіме өзгеше бір құлшыныс пайда болды. Алдағы уақытта менің осы уақытқа дейін барлық үйренгенімді жинақтап, қорытып, осыдан қисынды ой түйіп болашақ ұрпақты сусындаған білім көзімен қандырмақпын. Әрине, алғашқы қадам басқан сәтте үрей мен сезіктену болған. Бірақ оқушыларды осы нұсқаулықта көрсетілген бағыт-бағдары арқылы орындалатын тапсырмалар мен әдістер қызығушылығын дәстүрлі сабақ жүйесіне қарағанда анағұрлым арттыратыны сөзсіз. Жоғарыда айтылған мәліметтердің барлығын қамти отыра, менің өз зерттеу жұмысымның қорытындысы және оны әрі қарай дамыту бойынша үлгермей қалған сәттерім мен жеке өзімнің көңілім толмаған кездерім болды. Осы аталған үлгермеушіліктерді, жіберген кемшіліктерді алдағы жұмыс барысында жібермес үшін барлық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдана келе болдырмауға бар күш жігерімді салмын. Болашақта мен алдымдағы шәкірттерімді сыни ойлау мен шешімін табу әрекеттерін ұштастыруға, болашақтарын өздеріне қажетті етіп қалауға қол ұшымды беремін деген ойдамын.