№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ – ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
Есеп
Практика түрі: «Дипломалды» практика
Топ: 21 «Б»
Білім алушы:Нурдаулет Ж
Практика жетекшісі:Смагулова С.К
ЕСЕБІ
Мен ,Нұрдәулет Жансұлу 23 05-14.06 2022 жыл аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданы Көркем шағын ауданында номері 108 бөбекжай балабақшасында тәжірибе барысынан өттім .
Тәжірибе мақсаты: балалардың күн тәртібін,оқыту және еңбек шараларын бақылау .Балаларды шапшаңдыққа ,зеректікке үйрету. Бірінші күні меңгеруші,әдіскермен танысып,топқа бөліндік .Топта тәжірибе жұмыс жоспары ,мазмұны мен мақсаты ,бір күндік циклограмма және бір апталық циклограмма мен таныстым .Балалар тізімін алып ,балалармен жеке таныстым. Кәсіби талаптарға қойылатын талаптарды анықтап ,бақылау ,талдау жүргіздім .Балалармен жеке жұмыс жүргізіп,балалардың қызығушылығын ,белсенділігі мен күн тәртібімен таныстым.Балаларды ән бөлмесіне алып барып," бала бақшамен қоштасуға " дайындық барысына көмектестім және бақыладым .Дайындық барысында белсенді оқушылар бірден көзге өздерінің зеректігімен түсті , артқы қатардағы бей-сал балалармен жұмыс жүргіздім .Дайындықтан оралып балалар ,мәдени гигиеналық дағдыларды орындады. Кейін,түскі астарын ішіп ,ыдыстарын ж инауға кезекшілер көмектесті .Күндізгі ұйқыға жатар кезінде б алаларға "Кішкентай ханзада " ертегісін айтым бердім.
8 /00-ден 9/00-ге дейін қабылдау жүргізілді .Әр топ өз алаңқайында балаларды қабылдап ,ата -анасымен сөйлесті .Таза ауада сауықтыру -шынықтыру шаралары жүргізіліп ,балалар би билеп,жаттығу жасады .Топ ішіне кіріп ,мәдени гигиеналық дағдыларды талапқа сай орындауын қадағаладым .Балаларды орындарына отырғызып,таңғы асты толық ішулерін бақыладым. Таңғы астан кейін балаларға өлең жаттатқызып ,әндерін айтқыздым .Ол балалардыңзерек болуына үлкен септігін тигізеді. Балалар ән бөлмесіна барып ," қоштасуға"дайындыққа қатысты .Балалардың сапқа тұруына ,өлеңдерін мәнерлеп айтуына көмектестім .Түскі астың орнын жасауға көмектесіп ,балаларды ән бөлмесінен ,серуенге алып шықтым ."Тақия тастамақ" ойынын ойнаттым.Мақсаты : балаларды қазақша ойындарға баулу ,өздерін сергек әрі көңілді сезінулерін қадағалау . "Ізде-тап" ойынын ойнатып ,балалардың зеректігін тексердім.Топ ішіне кірген соң балалардың мәдени гигиеналық дағдыларды толық орындауын қадағаладым .Түкі ас ішер кезінде балалардың өздеріне тиесілі тамақтарын толық ішуін қадағаладым. Күндізгі ұйқы кезінде балаларға"Мақта қыз" ертегісін айтып бердім.
К үн тәртібін уақытымен орындап ,әрбайым бақылау жүргізгеннен , «қоштасуға»дайынққа бардық. Серуен уақытында түрді ойындар ұйымдастырдық.Мәселен : « Ақ қоян», « ортаға түспек»»,»мак» т.б.
Күндізгі ұйқыға "Күлмес ханша"ертегісін айтып жатқызып, сершіту жаттығумен ояттым .Балалар көйлек,ақ жейделерін киюіне көмектестім .Қыздардың шаштарын сәндеп ,ән бөлмесіне сапқа тұрғызып алып бардым .Күннің екінші жартысында балалар концерт қойды ,қойылым алып келді .Шағын көңілді театыр болды . Балалар бала бақшамен қоштасып үйлеріне қайтты.
Ж асерекшеліктоптарда күннің бірінші жартысын тәрбиешің бақылауымен ұйымдастырдым. Жаңадан бала қабылдап ,таңғы астарын бердім .Балалардың өздері ас ішуін және толық бітіруін қадағаладым .Балалар қимыз -қозғалыс ойындарын ойнады.Таза ауада "балалар күнінің "қарсаңына орай іс-шаралар ұйымдастырылды . Барлық топтарды жинап эстофета ұйымдастыржым ,ережесін түсіндірдім . Балалардың ережеге сай ойнауын қадағаладым. Қимыл-қозғалыс ойындарынан кейін ,шағын би жарысын ұйымдастырдым .Балалар көңіл күйін көтеріп биледі .Топқа кіріп ,мәдени гигиеналық дағдылар жүргізуге көмектестім . Түскі ас беру барысын қадағаладым .Балалардың төкпей -шашпай ,толық ішуі ескертілді. 2 баланы ата-анасы алып кетті .Ата-анасымен әңгімелесу жүргізілді . Күндізгі ұйқы сағат 13/10 да болды.
Практика жетекшісі : Смагулова С.К
Білім алушы : Нұрдәулет Жансұлу
Достарыңызбен бөлісу: |