Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
Жалпы ережелерді;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Апаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |