Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;
Өт сөндiруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;
Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;
Жұмыс орнын ретке келтiру;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда
алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына
байланысты көмек көрсету.
І. Күйген жағдайда:
● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.)
беру;
● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;
● Зақымданған жерге суық су құю;
● Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа
қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір
Жағына қаратып , қырымен орналатыру керек;
● Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол
күрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;
● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
Шаршағандағы қолданылатын жаттығулар
1. Бас жаттығуларын жасау:
Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.
5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.
6. Көз жаттығуларын жасау:
Көзге арналған жаттығулар
1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,
1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет
2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.
3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.
4. 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.
® Компьютерде жұмыс iстеу үйiрмелерiн мектептегi сабақтар бiткен соң,1 сағат өткiзiп,тамақ iшiп,дем алып алғаннан кейiн ұйымдастыру қажет.
® Бастауыш мектеп оқушыларына арналған компьютерлiк техниканы қолдану үйiрмелерi аптасына 2 реттен жиi болмайды.Бiр үйiрме сабағының ұзақтығы 60 минуттан аспайды.10-15 минут компьютерде отырғаннан кейiн дене,көз гимнастикаларын жасауға арналған үзiлiс болады.
® Балалардың шаршауы компьютердегi өтетiн сабақтың сипатына байланысты болады.Ең тез шаршататын жылдамдыққа құрылған ойындар болып саналады.Сондықтан балаларды көп ойнатпауға тырысу керек.Компьютер алдында ұзақ отыру балалардың нерв жүйесiнiң жұқаруына,ұйқыларының бұзылуына,көздерiнiң шаршауына әкелiп соқтырады.Сол себептi компьютерлiк ойындарды сабақтың соңында 10 минут көлемiнде ғана өткiзсе болады.
Ақпарат жӘне информатика
1.1 Ақпараттар мен мәліметтер
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру баяндау білу деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан.
Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған дүниенің құбылыстары мен объектілерінің қасиеттері, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мәліметтер мен деректер алу.
Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы.
Ақпарат материя және энергиялармен қатар бізді қоршаған ортаның фундаментальды негізі болыт табылады.
Адам ақпаратпен не атқарады?:
Адам ақпараттарды сақтай алады;
Адам ақпарттарды шығарап бере алады; Ақпараттық процестер
Адам ақпараттарды өңдей алады.
Ақпараттың қасиеттері
Дәлдігі мен толықтылығы, бағалылығы мен қажеттілігі, анықтылығы мен түсініктілігі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын ашатын болса, оның дәл болғаны. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселер шеше алатынымызға байланысты болады. Егер ақпараты оны пайдаланатын жандар тілінде жазса, ол түсінікті болады.
Ақпарат түрлері: текст, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары және т.б.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар: қимылдар және мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка мен сөйлесу тілдері т.б. Көптеген тілдер негізі болып алфавит саналады. Алфавит – белгілі бір тілдің кез-келген сөздерін құрай алатын оның символдарының жиыны.
Табиғи сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
Екілік сандар алфавиті: 0, 1.
Информатика пәні және міндеттері
Информатика – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Информатика сегіз негізгі бағытттардан тұрады:
Информатиканың негізгі мәселелері:
кез-келген табиғаттағы информациялық процестерді зерттеу;
информациялық техниканы жасау және информациялық процестерді зерттеу нәтижелерінің базасында информацияларды өңдеудің жаңаша технологиясын жасау;
компьютерлік техника мен технологияны жасау мен ендіру және қоғамдық өмірдің барлық саласында тиімді пайдаланудың ғылыми және инженерлік проблемаларын шешу.
Достарыңызбен бөлісу: |