Эссе Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың бір белгісі



Дата03.02.2023
өлшемі13,99 Kb.
#167288
Байланысты:
ӘДЕБИЕТ БЖБ. Гүлдана


Эссе
Қазақ үшін қыз – ұлттық намыстың бір белгісі
Ұлттық намыс дегеніміз не? Ұлттық намыс – ар – ожданнан бастау алатын, отан сүйгіштікпен ұштас, рухани құндылық сезім. Ұлттық намыс адамның ұлттық құндылықтарының маңызын түйсінуден туындап, халқының мұң – мұқтажын түсініп, туған елін корғауымен сипатталады. Ал қыз намысы қыздың пәктігі, өрлігі мен батырлығы – ұлттың болашағының мықты болуының сенімді тірегі. Қазақ қыздарының батырлық жолы Томирис – Тұмар патшайымынан бастау алатыны белгілі. Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер көптеп суреттеле бастаса, соның бір туындысы – Шахмардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы.
Томирис б.з.д 503 жылдардағы ата – бабамыздың атамекенді қалай сүйгені, қалай қорғағаны, қалай сақтағанын суреттейді. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет бойынша парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін көрсетеді. Томирис тақырыбы талай шығарманың өзегі болды деугеде болады. Мысалы, драма жанрында сахнаның сәніне айналса, ал поэзияда ірілі ұсақты өлеңдер болып өрілді. Сонымен қатар, әдемі әңгіменің желісі, келісті шығарманың өрісі, мазмұнды мақаланың маңызы болды. Олай айтуымның себебі, бір елді табысты басқарған, затым әйел екен деп төменшіктеп жасқанбай, пасық пиғылдағы басқыншымен тайсалмай тең сөйлесіп, елі мен жері үшін қандай қиын істерге белін бекем буып, жауын батырларша жер жастандырған арудың ерлігі қалай мақтасада, қандай құрметке ие болсада лайықты деп ойлаймын. Қазақ қазақ болғалы қыздарын өте қатты құрметтеген. Әрқашанда төрінде сыйлап, үкілеп аялай білген. Жоғарыда айтқанымдай тарихымыз куә, қазақ қыздары әрқашанда ұлт намысын қорғауды батырлық пен ерліктің қайталанбас үлгісін көрсеткен.
Қорытындылай келе, Томирис ерлігі – ұрпаққа нағыз отан сүйгіштіктің, табандылықтың, қайсарлық пен намысшылдықтың үлгісі рентінде қалды. Ұлттық ерекшеліктерді сақтап ар – намысын ешкімге таптатпайтын ұрпақ болу біздің қолымызда. Әрине қай кезде болмасын қыздың орны бөлек тұрады. Қыздың намысы әрқашан жоғары қою керек. Себебі, қыздың ар – намысы қаншалықты болса, соншалықты ұлттық намысының деңгейі дне соған сай болады. Мен сөзімнің соңын осы сөздер арқылы аяқтаймын: «Ұл – ұлт болашағы, қыз – ұлт намысы».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет