Эссе емтиханы туралы нұсқаулық
2022 жылдың 29 сәуірі күні «Білім-Инновация» қорына қарасты мектептердің қазақ сыныптарының 9,10,11-сынып оқушылары «Эссе емтиханын» жазады.
Емтиханның мақсаты: Оқушылардың эссе жазу бойынша шынайы деңгейін, сауаттылығын анықтау, мемлекеттік емтиханға дайындығын тексеру.
9-сынып оқушыларына белгілі бір тақырыпқа байланысты екіжақты пікірге сүйенген мәтіндер беріледі, соның негізінде аргументативті эссе жазады. (Мемлекеттік емтихан үлгісінде).
10-11 сыныптарға 3 түрлі тақырып беріледі, соның біреуін таңдап, талапқа сай дискуссивті, аргументативті немесе әдеби эссе жазады.
Емтиханға дейін:
«Эссе емтиханының» ұйымдастырылуына жауапты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі тағайындалуы керек. (Мүмкіндігінше бірлестік жетекшісі)
Тағайындалған жауапты мұғалім 22.04.2022 күні сағат 16.00-де «Эссе емтиханын ұйымдастыру және өткізу» бойынша өткізілетін жиналысқа міндетті түрде қатысуы керек.
Оқушыларға «Эссе емтиханының» уақыты, үлгі тақырыптары туралы алдын ала хабар берілу керек.
Оқушылар эсселерін A4 қағазға жазады, сондықтан алдын ала оқушылар санына сай дайындап қою керек. Ыңғайлы болу үшін эссе жазу парағын шығарған дұрыс.
Емтихан барысында:
Эссе тақырыптары мен бағалау критерийлері емтиханнан бір күн бұрын (28.04.2022) сағат 15.00-де лицей әкімшілігіне жіберіледі.
Эссе жұмыстарын тексеру критерийлері, жұмыстарды ауыстыру кестесі, нәтижені толтыру хаттамасы ұйымдастырушылар тарапынан жұмыспен бірге жіберіледі.
Емтихан 29.04.2022 күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10.00-де басталады.
Оқушылар өз сыныптарында отырады, емтихан үшін ауыспайды. Оқушылардың түгел қатысуы қамтамасыз етілу керек.
Емтихан басталмастан 5 мин бұрын тапсырмалар таратылып беріледі (9-сынып мәтіндері) немесе тақтаға жазылады/көрсетіледі. (Әр мектептің мүмкіндігіне қарай)
9-сыныптардан талап етілетін эссе көлемі – 170-200 сөз. Эссе жазуға 90 минут беріледі.
10/11-сыныптардан талап етілетін эссе көлемі – 200-250 сөз. Эссе жазуға 120 минут беріледі.
Оқушы сөз санын өзі жазады. Бағалаушы ішінара кейбір жұмыстарды қайта санап шығуына болады.
Емтиханнан кейін:
Оқушылардың жұмыстары жазып болған бойда жиналып, әр сыныптың тізімі мен жұмысы бөлек папка/конвертке салынып, мөрмен бекітіледі. (Эссе жазған мектептің мұғалімдері тарапынан тексеру, қатені жөндеу жұмыстарына жол берілмеу керек).
Жұмыстарды тексеру үшін алдын ала белгіленген мектептерге сол күні жіберілу керек.(Алыс аймақтар жұмысты сканерлеп немесе көлікпен/пойызбен (жақын лицейлер қолма-қол).
Жұмыс ауысатын мектептерге оқушылар тізімінің электронды нұсқасын жіберу керек.
Жұмыстарды тексеруді ұйымдастыру жауапты мұғалімнен сұралады. (Мектептегі барлық қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерін тарту ұсынылады).
Жұмыстарды тексеруге 4 жұмыс күні беріледі. (05.05.2022 дейін)
Нәтижелерді жұмысты тексерген тарап арнайы жіберілген сілтемеге толтырады.
Сауатты, сапалы, әділ бағалауды қамтамасыз ету жауаптылардан сұралады.
Достарыңызбен бөлісу: |