ЭССЕ
Тақырып: Нарықтық экономикадағы бизнес жоспарлаудың маңыздылығы.
Бизнес-жоспар инвестицияны негіздейтін қорытынды құжаттардың бірі, ол жоспарланған өнім номенклатурасы және өнім шығару көлемі туралы, өнім өткізу және шикізат базасының сипаттамасы туралы, жер, энергетика және еңбек ресурстары туралы деректерді қамтиды, сондай-ақ,қарастырылатын жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі туралы көрініс береді және ең біріншіден, жобаның инвесторлары үшін салынатын инвестицияның тиімділігін негіздейді.
Бизнес-жоспар интеллектуалдық меншік объектісі, коммерциялық құпия пәні болып табылады және сәйкес қорғауды қажет етеді.
Қазіргі нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы экономикалық жағдай кәсіпорындарға ішкі фирмалық жоспарлауға жаңа тәсілімдеме қолдануды талап етеді. Жоспарлау болашақта әрекет етуді көздейтін кез-келген ұйымға қажет. Кәсіпорындар барынша тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау нысандары мен модельдерін іздеуге мәжбүр болады. Мұндай шешімдерге қол жеткізудін, оптималды варианты -бизнес-жоспар болып табылады.
Бизнестің табысты дамуының шешуші элементі — сауатты басқару және жоспарлау. Жоспарлау — табысқа қол жеткізудің қажетті шарты, алайда ол жеткіліксіз. өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлайтын көптеген кәсіпорындар сәтсіздікке ұшырайды, сондықтан жоспарлаудың өзіне де ұтымды көзқараспен қарау керек
Бизнес-жоспар коммерциялық кәсіпорынның барлық негізгі аспектілерін қамтитын құжат, ол алда тұрған мүмкін болатын проблемаларды талдайды, осы проблемаларды шешу тәсілдерін анықтайды.
Сонымен, бизнес-жоспар — бұл бизнестегі қол жеткізуді көздеген мақсаттың қағаз жүзіндегі жазылған моделі және осы алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық ресурстарды тиімді пайдалануға жағдай жасайтын кұрал. Жақсы құрылған бизнес-жоспар — жоспарланған іс-әрекеттерінің схемасы. Ол бизнестің болашақ жай-күйін айқындауға көмектеседі. Алға қойылған мақсаттарды белгілеуден бастап, ол мақсатттарға қол жеткізуге қажетті барлық ресурстар мен кезеңдерді қамтиды.
Бизнес-жоспарды құру өнерін меңгеру бүгінде себептерге байланысты қажет:
− экономикаға қазір кәсіпкерлердің жаңа ұрпағы келіп жатыр,
олардың көпшілігі бұрын коммерциялық құрылымдарды басқарып
көрген емес, сондықтан нарықтық экономика жағдайында оларды
күтетін проблемалардың барлық шеңберін олар алдын-ала көріп
біле алмайды;
− шаруашылық проблемалар үнемі өзгеріп тұрады және тәжірибелі
жетекшілердің алдында болашақтағы шараларын жаңаша
көзқараспен қарау қажеттілігін тудырады;
− Инвестиция алу және әкономиканы көтеру үшін инвесторларға
жоспарлардың өміршендігін және тиімділігін дәлеледеу керек;
− Бизнес жоспардың мақсаты – кәсіпорын басқармасына келесі негізгі міндеттерді шешуге көмектесу:
− Болашақ өткізу нарығының сыйымдылығын және даму
перспективасын айқындау;
− Осы нарыққа қажетті өнімді өндіруге қажетті шығындарды
бағалау және оларды тауарды қолайлы бағамен сатудан түсетін
түсіммен салыстыру арқылы жоспарланған істің табыстылығн
анықтау;
− өнімді өткізу алдында кездесуі мүмкін кедергілерді алдын-ала
айқындау;
− өндіріс көлемінің көтерілуі мен құлдырауын анықтауға мүмкіндік
беретін бақылау көрсеткіштерін анықтау;
Бизнес-жоспар қазіргі нарықтық экономикада кәсіпкерлік көлеміне, қызмет ету өрісіне және формасына байланыссыз қолданылатын менеджменттің арнайы құралы.
Батыс елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы іскерлік жоспарлаудың бірқатар ерекшелігі бар. Қазақстандық заңдылық бойынша қазіргі кезде бизнес жоспарды құру міндетті емес. Ол көптеген қазақстандық кәсіпорындар үшін жаңа құжат. Бизнес-жоспарды құруға кіріспес бұрын, ең алдымен, қажетті ақпарат кешенімен жабдықталып алу керек.
Бизнес-жоспардың қажеттілігін дәлелдейтін бірнеше аргумент:
− Бизнес-жоспар құру арқылы бизнесменге батыл назарды айналысқалы отырған ісіне шоғырлануға мүмкіндік береді, бұл жекеленген ұсақ аспектілерге көңіл аудармауға жағдай жасады. «Бизнес әлеміне ұшпас» бұрын, кәсіпкер өз бизнесіне әсер ететін барлық маңызды шарттарды көзден таса қалдырып алмас үшін, болашақтағы іс-әрекеттің қоршаған ортамен үйлестіріп қарастыруы керек.
− Бизнес-жоспар жаңа кәсіпкерлік идеяны нақты бағалауға
көмектеседі. Егер бизнес жоспар жақсы құрылса, ол идеяның жүзеге
асырылуына негіз болады.
− Бизнес-жоспар істі жүргізуге көмектесетін құрал болып табылады.
Кәсіпорынды жоспарсыз басқару машинаны құралсыз жөңдеумен
тең. Жоспардың болмағанынан болғаны жақсы.
− Бизнес-жоспар фирманың бизнес-идеяларын фирмадан тыс
тұлғаларға жеткізіділеді, бұл қаржыландырылған көздерін тарту
немесе бірлескен кәсіпорын құру үшін қажет.
Инвесторлар, банкирлер, потенциалдық серіктестер келесі деректерді білгісі келеді:
− Сізге қанша ақша қажет?
− Ол сізге қашан қажет болады?
− Қаражат сізге не үшін қажет?
− Оны сіз қайтара аласыз ба және қашан қайтарып бере аласыз?
Сіздің жоспарыңыз осы сұрақтарға жауап бере алуы керек.
− Бизнес-жоспар құру арқылы жүзеге асырылатын істер жоспарсыз оқиғаларға жауап беру арқылы жүзеге асырғанға қарағанда
табысқа әкеледі. Өйткені бизнес-жоспар басты мақсатқа зер
салуды, соған қол жеткізу үшін қажетті міндеттерге басты назарды
шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |