Естественные и педагогические науки



бет1/24
Дата18.02.2018
өлшемі10,78 Mb.
#38003
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫ

ЕСТЕСТВЕННЫЕ И ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

NATURAL AND PEDAGOGICAL SCIENCES

________________________________________________________________________

ӘОЖ:372:51.А-17
МАТЕМАТИКА ПӘНІН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРМЕН ОҚЫТУ
Абикенова А.Т.
Жалпы білім беру кафедрасы, Жаңа технологиялар колледжі, Шымкент
Резюме
Обучить математике посредством развивающего обучения
Summary
To teach the mathematics using the developing of new technology
Бүгінгі таңда, балалардың қабілеттерін жоғарғы деңгейде қанағаттандыратындай білім беру, көптеген өркениетті елдерде саралап оқыту принципі негізінде одан әрі дамытылуда. Ол Франция, Америка, Германия, Англия, Жапония т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазіргі кезеңде жоғарғы деңгейде жүргізілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, М.М.Жанпейсованың оқытудың модельді технологиясы және Ж.А.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандырумен қатар оқушылардың өскелең оқу тәрбие үрдісін түгелдей терең дараландырып жаңаша білім алуына,өздігінен іздену сезімін ояту,дарындылық пен талапқа жол ашуға бағытталған технологияларын атап көрсетуге болады. Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн - жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгеруінің басты нысаны. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамып, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген. Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде, біз оң нәтижеге қол жеткізе аламыз. Олай болса, оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолдана білуі тиіс. Қазіргі заманғы оқыту технологияларына келесі талаптар қойылады:

- оқыту мақсатының нақты қойылуымен, оның ғылыми негізделуі, оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы;

- оқу материалын толық қабылдау мүмкіндігінің болуы;

- оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы;

- оны үнемі жетілдіріп,толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.

Оқытушының шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдісі, оқушылардың қабілеті, жас ерекшеліктеріне қарай, иллюстрация, техникалық құралдар мен дидактикалық материалдарды тиімді пайдалану. Оқытушының шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілет шығармашылық елес, шығармашылық ойлау үрдістері арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол оқытушының әр сабағында қалыптасып отырады. Қазіргі кездегі жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейтуде. Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырудың тиімді жолдары ҚР Президентінің «бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында нақты айқындалған. Оқушылардың біліктілігін, дағдыларын қалыптастыру қажеттігі еліміздегі ғылым мен техниканың және әлеуметтік мәдени жетістіктердің қарыштап дамуының айқын белгісі. Оқушыларға, жастарғаи кәсіби білім беруге, мамандарды жан-жақты даярлауға қоғам мен мемлекеттің бүгінгі таңда барынша назар аударылуы да осы себептен. Қазіргі орта білім беретін оқу орындары ғылымның жетістіктерінің әртүрлі салалардың сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы тиіс. Білім жүйесіне ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математика саласында математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда. Қазіргі кезде білім беру пәндік-мазмұндық, мазмұндық-әрекеттік және мазмұндық-тұлғалық байланысқа негізделуі тиіс.

Соңғы кездері әдістеме ғылымы оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру, сабақты жаңа технологиялармен қызықты да тартымды етіп өткізу бағытында педагогикалық зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс-тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушыларының ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады. Осындай өзекті мәселелер қатарына мектепте математиканы оқыту процесінде түрлі формадағы және мазмұндағы шығармашылық есептерді жүйелі түрде, әрі ұдайы орындау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын және дамыта оқыту технологиясы арқылы қалыптастыру мен дамытуды қоюға болады. Дамыта оқыту - оқушылардың танымдық сұранысының объективті көрінісі. Яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда білімі, біліктілік және машықтарға ие болуына бағытталған оқу танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын, қарастырылып отырған математикалық жағдайдының (әртүрлі есептердің шешімін табу, тапсырмалар, проблемалық мәселелер) шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің шығармашылық сипатында дамуына жетелейтін әдістемені жасаудың қажеттілігінің кезі келгендігін көрсетіп отыр. Бастауыш мектепте дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, В.Репкин, В.Левин) жоспарлап ұсынған [1].

Осы айтылғандардың бәрі мектепте математиканы оқыту процесінде шығармашылық және логикалық есептерді біртұтас және жүйелі пайдалану арқылы оқушылардың дамыта оқытудың әдістемесін құрудың өзектілігін көрсетеді. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың жеке басын дамыту, техникалық дамуын, ішкі потенцалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын оқушылардың тез арада дамуына бағыттау. Математика пәнін оқытуда тәжірибесі мол, алдыңғы қатарлы оқытушылардың іс тәжірибелерін басшылыққа алып, оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын толықтай қалыптастыруға болады. Сабақтың тақырыбы:  Санды  өрнектер. Әріпті  өрнектер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды   санды  өрнекпен, әріпті өрнектермен таныстыру, әріптің  мәнін өрнектегі орнына қоя  білуге  баулу, өрнектің  мәнін  таба  білуге үйрету, өрнектерді мәндері  бойынша салыстыра білуге дағдыландыру. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту. Оқуға саналы сезімге ,жауапкершілікке  өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артады, оқушының өзіндік ой-пікірін айтуына мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты - бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды түрде дамитын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы деп те айтуымызға болады. ҚР Елбасы қазақстан халқына өзінің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» деді. Ол дегеніміз, жеке адамның құндылығының артуы, оны дайындайтын оқытушының жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбектің арқасында ғана сапалы нәтижеге қол жетеді деген ұғым. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы  сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өздерінің іс-тәжірибесінде шығармашылық астастыра қолдана білуі тиіс. Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім  алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Математика - барлық халыққа ортақ ғылымның атасы. Негізі, математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. «Қызықты есептер әр баланың тапқырлығын арттырып, қызығушылығын туғызады, теориялық материалдарды меңгеруге және оны практикада қолдануға машықтандыруға себебін тигізеді, әрі оларды сергітеді, оқуға ынтасы мен белсенділігін арттырады», - [2].

Математикалық есеп дегеніміз - математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс-тәсілдер негізінде оқушылардың ой мен практикалық іс-әрекетті талап ететін және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жағдаят. Ойын есептері де ойлау қабілетін дамытуға бағытталады. Ойын есептерінде мұның барлығы ойын барысында жүзеге асырылады және бұл ойындарды оқытушы өз қалауынша өзгерте де алады. Қабілеті дами білген оқушы математика, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы мен тәжірибелік сабақтарды да толықтай үлгеріп отырады. Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады. Барлық табиғат құбылыстары сияқты баланың, оқушының психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге дамып, өтіп отырады. Оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс бар.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау. Дамыта оқыту дәрістегі ерекше хал-ахуал, оқытушы мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Оқытушы бұндай жағдайда дайын білімді түсіндіріп қана қоймайды, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы да. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл-ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады. Соңғы жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі зерттеу мәселесіне айналды. Осы ұстанымның авторлары «дамыта оқыту деп - оқытудың мақсатын, міндетін, әдіс-тәсілдерін баланың даму заңдылығына сәйкес білім беруді айтады. Оқыту арқылы баланың психологиясында жаңа құрылымдар пайда болады. Дамыта оқыту технологиясының басты мақсаты - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, тұлғалыққа бағыттау болып табылады. «Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін ерекшеліктерін жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін, одан әрі іздену қажеттігін сезуі қажет. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, тереңірек білім алуға әрекет жасайды», - [3].

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы айрықша. Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады. Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Өздерінің даму деңгейлеріне қол жеткізе алады. Жақсы, үлгілі, озат оқушы болуға ұмтылады. Үшіншіден - дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен оқытушының арасындағы жаңаша қарым-қатынасы үрдісінде ғана нәтижелі жемісін береді. Жалпы, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология болып табылады. Дамыта оқыту технологиясы арқылы математика пәнінен негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың болашағы орасан зор.



Әдебиеттер

Каталог: sites -> default -> files -> kitap
kitap -> Л. С. Динашева K. У. Қарабаева Әлемдік өркениеттер тарихы шымкент 2016
kitap -> «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәнінен (дәріс жинағы) Шымкент-2017ж
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту
kitap -> Жумадуллаева А. А.,Өтеген Қ. О.,Сыдыкова З. Е. ҚАзақ этнопсихологиясы шымкент 2016
kitap -> ТӨлеген ұ. Ш., Жанысбеков м.Ә. ҚАзақстанның Қазіргі заман тарихы пәнінен студенттердің даярлығын жетілдіру
kitap -> Р. Д. Дарібаева Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
kitap -> Қалмұрзаев қ. С, Орынбасар қ. О., Рахымбаев б. О. ҚАзақ КҮресінің ОҚыту әдістемесі
kitap -> ТҮсіндірме жазба пәнді оқыту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет