Эстетикалық әдістеме бірлестігінің 2015-2016 оқу жылындағы жұмыс есебі



Дата13.02.2017
өлшемі45,36 Kb.
#9319
Эстетикалық әдістеме бірлестігінің 2015-2016 оқу жылындағы жұмыс есебі.

Эстетикалық әдістеме бірлестігінде 2015-2016оқу жылында 6 пән мұғалімдері кірді.Биылғы оқу жылында аталған пән мұғалімдері оқушының жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып,танымдық қызығушылығын арттыру,эстетикалық қаблеттерін арттыру және шығармашылық ізденістерін жетілдіру мәселесін алып, осы бағытта жұмыс жоспарын құрды.Эстетикалық бірлестіктің тақырыбы: «Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесін қолдана отырып оқушының рухани құндылықтарын жетілдіру» Әдістемелік жұмыстың мақсаты: «Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін ,шығармашылығын жетілдіріп, оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Міндеттері:

1.Ұлттық өнер туындыларын меңгере отырып, рухани –адамгершілік қасиеттерін баулу.

2.Ұлттық тәрбие жүйесінің тәсілдерін қолдану.

3.Ғылыми және практикалық ізденіс-тәсілдерін меңгеру. Нәтижесінде төмендегі атқарылған жұмыстарды атап өтуге болады.

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім бағдарламасының идеяларын енгізу мүмкіндіктері атты семинар өтті. аталмыш іс-шара аясында пән мұғалімдері Смагулова Кумысай Нурсихановна мен Бейсембаева Құралай Қалымжановна ашық сабақтар және тәрбиелік мәні бар мейрімділікке, қайрымдылыққа тәрбиелеу және жүрекке әртүрлі ой саларлық видео роликтер қойылды. Сәуірдің 25-нен мамырдың 5-не дейін «Біз еңбекті, өнерді сүйеміз» тақырыбында эстетикалық ӘБ онкүндігі өтті. Онкүндік аясында технология,бейнелеуөнері, денешынықтыру және БӘД пәндерінен төмендегі іс-шаралар өтті:



  1. «Гүл патшалығы» жас дизайнерлер байқауы

  2. «Әсемдік саусақ ұшында» сыныптар арасында газеттер сайысы.

  3. «Көктем келді далама» атты 1-10 сыныптар аралығында суреттер байқауы.

  4. «Жігітке жеті өнер де аз» атты 5-7 сыныптардың ұлдары арасында сайыс.

  5. «Көңілді мәре» 2-5сыныптар арасында спорттық жарыстар

  6. «Отан қорғауға әзірміз» атты 9-11 сыныптар арасында дебат.

«Кім жылдам?» 8-9 сыныптар арасында вело жарыс өтті. Онкүндік барысында жоспарға сай іс-шаралар өтті. Соның ішінде «Көктемгі түрлену» акциясының маңызына тоқтала кетуге болады Атап айтқанда оқушылардың сабақ үлгерімін қадағалау, оқу құралдарын ұқыпты ұстай білу, киім кию мәдениетін сақту, сынып бөлмелерін,мектеп ауласын гүлдендіру. Нәтижесінде осындай шара ны жүйеге кіргізуді жөн көрдік. Онкүндік соңында атқарылған іс-шаралар талданып,сараптама жүргізілді. Сонымен қатар пәндер бойынша ашық сабақтар өтті. Технология 5-сынып (қыздар тобы) «Қол тігістерін қолдана отырып, бұйымды кестелеу» пән мұғалімі: Т.К.Ибраева., 5-сынып (ұлдар тобы) «Жобалау» пән мұғалімі: Қ.М. Жақсымбетов., 3-сынып денешынықтыру пәнінен «Эстафета» пән мұғалімі: Р.А. Бакауов., 4-сынып денешынықтыру «Допты кеудеге қойып, лақтыру»пән мұғалімі: Р.Қ.Ахметов. Пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары мен әдістемелік құралдары облыстық және республикалық баспаларға жіберіліп отырады. Атап айтқанда: Технология пәні бойынша Қ.М. Жақсымбетовтің, сабақ жоспары «Ағаштарды, құстарды бейнелеу, ортақ және өзіндік сипаттары 20.01.2015. Факультативтік курс бағдарламасы «Қолөнер» 5-сынып 20.01.2015. «Кескіндеме» 5-сынып. 21.01.02015. Сабақ жоспары «Менің Қазақстаным!» сюжетін жасау. Смагулова К.Н. Инфоурок «Ынтымақты отбасы» сыныптан тыс іс-шара. Эссе тақырыбы: «Балаларға арналған жүрек» 10-сынып оқушысы Смағұл Айгерім «Твой мир» газетінде «Алынбайтын қамал жоқ» атты мақаласы жарияланды. Баспаға «Мектеп ұстаздарының әлемі» №10 Республикалық журналға 2015 ж Жақсымбетов.Қ М, «Ағашты өңдеу, ағаш бетіне белгі жасап, ою-өрнек оймасын орындау» сабақ жоспары, және Т.К. Ибраеваның «Ұстаз болу жүрек қалауы» атты эссесі жарияланды. Алтын оймақ қол өнер үйірмесі жетекшісі ретінде жұмыс істейтін мәселем: «Ұлттық қолөнерге баули отырып, оқушыларды шығармашылық ізденіске жетелеу».

Осы мәселелерді шешудегі негізгі мақсатым - өз бетінше дами алатын жеке тұлғаның белсенділігін қалыптастыру.Оқушыларға өз бетінше танымдылық іс- әрекеті әдістері мен дағдыларын меңгерту, ақыл ой – қабілетін жетілдіру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет болды.

- өнердің арнайы ерекшеліктерін ескеру;

- жас ұрпақтың ұлттық қолданбалы өнерге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту;

- имандылыққа, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу бағыттарын жүзеге асыру;

- оқыту барысында жүйелілік пен бірізділікті ұстану;

- оқушының жас ерекшеліктерін ескеру;

- политехникалық білім мен біліктілікті қалыптастыру.

Міне осы орайда халқымыздың қолөнеріне оқушыларды баулып, оларды белгілі бір өнерге үйрету керек. Негізгі мақсат оқушыларды өнерге үйрету ғана емес, өнер туындыларын жасауға және заманауи технологиясына сай шығармашылық деңгейге жетелеу.Биылғы оқу жылында жоспарға сай төмендегі іс-шаралар өтті: «Ұстаз –ұлағатым» атты мерекелік іс-шарада оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды. Қүзгі бал мерекесінде оқушылардың табиғи материалдардан сан алуан таңғажайып туындыларыкөрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар атаа-аналармен бірлесіп, «Көненің көзі-тәрбиенің негізі» атты тәрбиелік кеш өтті. Ауданда өткен «Күз тартуы» атты сайысқа «Алтын оймақ» үйірмесінің қатысушысы Анай Айерке қатысып, I-орынға ие болды. «Тұңғыш Президент» күніне орай көрмеде Ақжол Темірбек I-орынға, Саденов Мадияр II -орынға,Адай Аманбек III-орынға ие болды. Әсіресе Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тарихы шжіре-Қазақстан» атты ұжымдық( панно) өнер туындыларын атап көрсетуге болады. Сонымен қатар Мадақтама грамота Май аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі атынан Абай Эрболатқа берілді. 7 қараша 2015ж Аудандық білім беру бөлімінен «Бес күндік оқу дала жиынында» кермеде тартылу жарысында III-орынға ие болғаны үшін Нұрланұлы Бағжан марапатталды. «Мәңгілік елдің жаңа форматты мұғалімі» атты форумда Жалтыр ЖОББМ» «Болашақ» командасы дипломменмарапатталды. Биылғы оқу жылында сонымен қатар,Аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен Жақ сымбетов.Қ.М.,Құрмет грамотасымен ИбраеваТ.К. марапатталды.

Қазіргі таңда жеке тұлғаға бағытталған сабақ мұғалімнің шығармашылық орта қалыптастыру ғана емес, сондай-ақ оқушылардың субъект ретіндегі өмірлік тәрбиесін үнемі назарға ұстауы сол тәжірибеге сүйену болып табылады. Оқушының бойындағы оқуға, өнерге деген қызығушылығын арттыру арқылы олардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту керек. Осы орайда келесі оқу жылында Білім берудің иәлемдік стандарты және жастарды тәрбиелеу ісінде ғылыми, мәдени, құқықтық өмірдің салауатты көрнісін қамтыған және игерген бағдар беру, деп эстетикалық бағыттағы пәндердің ролін артыруды әрі қарай дамыту басты мақсатымыз деп есептеймін және сол бағытта жұмы жасау керек деп санаймын. . Сонымен биылғы оқу жылындағы Эстетикалық Ә.Б-жұмысы қанағаттанарлық деп есептеймін.



Эстетикалық.Ә.Б. жетекшісі: Т.К.Ибраева.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет