Этика. Құндылықтар философиясы



бет2/3
Дата04.01.2022
өлшемі72,5 Kb.
#109525
1   2   3
Байланысты:
9 лекция

Кілт сөздер: экзистенция, тіршілік, өмір сүру және өмір мәні, этика, адамгершілік, құқық, толеранттылық, қоғамдық сана жаңғыруы, утилитаризм, пайда
1 Аксиология ілім ретінде. Адамгершілік ұғымы. Этикалық ілімдердің тарихи типтері. Құндылықтар теориясының негіздері. Аксиология бұл құндылық туралы ілім. Бұл ұғым ғылыми әдебиеттерде, әсіресе философиялық еңбектерде көп зерттелген. Аксилогия ілімі аясында адамгершілік ұғымы да қарастырылады. Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", ізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары болып табылады, яғни ол адам үшін басты құндылық болып табылады.

Құндылық мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан күрделі ұғым. Адамзаттың әр дамуы кезеңінде бұл ілімдер әр түрлі мағынада қолданылды. Құндылық ұғымын алғаш рет қолдану сонау антика заманынан басталған. Ежелгі кезеңде бұл ұғым эстетикалық идеялармен бірлесе Пифагор, Гераклит, Демокрит және Аристотель сияқты философтардың еңбектерінде кездеседі. Олар құндылықты игілік деп көрсетті. Философия тарихында «игілік деген не?» деген сұрақты алғаш қойғандардың бірі Платон. Платон "Мемлекет" деген еңбегінде әділеттілік, демократия, игілік, пайда, бақыт, ақыл, ізгілік сияқты ұғымдарды құндылық ретінде көрсетеді.

Әлем мәдениетінің бірінші ұстазы Аристотель игілік, теңдік, еркіндік, адамгершілік, ар-ождан туралы да ой пікірлерін білдіреді. Ол құндылықты қасиет деп көрсетеді. Ол өзінің "Эстетика" трактатында эстетикалық теориясының негізін қалауға тырысып, этика терминін ғылымға енгізеді. Ол этика ғылымның мақсаты адамдардың адамгершілік қасиеттерін жетілдіру әрі саяси сана сезімін қалыптастыру деп көрсетеді.

Феодализм кезеңінде этиканың орнына жалпы маңызы бар тәлім-тәртіп нормалары мен ережелер жүйесі өмірге келді. Осы кезде библияның өсиеттері неғұрлым кең тарап, ол рулық-қауымдық меншікке негізделген құндылықтар жүйесіне айналды. Орта ғасыр дәуірінде құндылықтар туралы өз пікірін ағылшын философы Ф. Бэкон еңбегінде қарастырады.

Гуманистер мен ағартушылар жан-жақты қызығушылықтары бар үйлесімді дамыған жеке тұлға қалыптастыруды көздеді. Олардың пікірінше, эстетикалық әсер етудің құралдары ретінде қоғамдық дүниетанымның рухани шынайылықтарын енгізеді.

Жаңа заманда құндылық мәселесі ағылшын философтары (Дж.Локк, Дж. Милль және тағы басқа), француз ағартушылары – Вольтер, Ж.Ж.Руссо, классикалық неміс философиясының өкілдері – И.Кант, И.Фихте, Г.Гегель, орыс ағартушы- демократтар- А.И.Герцен, В.С.Соловьев, Н.А.Бердяев еңбектерінде күрделі мәселеге айналған.

И.Канттың эстетикалық теориясы Д. Юмның субъективті-психологиялық тұжырымдамасына, А. Баумгартнердің рационалистік көзқарастарына және Д. Дидроның материалистік идеяларына қарсы қойылған. Кант адамның сыртқы ортаны игеруін зерттей келе, ол «әдемілік» және «керемет» ұғымдарын адамгершілік сезімдерінен бөліп қарастырады.

Философия ой тарихында құндылықтардың теориялары әр түрлі бағыттармен сипатталады: натуралистік психологизм, трансцендентализм, персоналистік онтологизм мәдени-тарихи релятивзм және социологизм.

Ал сонымен, құндылық ұғымы философиялық ғылым саласына ресми түрде ұғым ретінде тек XIX ғасырдың 2 жартысында Г.Лотц енгізді. Құндылық ұғымының мәнін тереңірек ашу барысында ағылшын зерттеушілері Э.Гортман мен Э.Дюркгейм „Аксиология" ұғымын тұңғыш рет қолдана келе, оның теориялық негіздерін айқындай келе, "Аксиологияға" анықтама береді. Ал бұл ұғым ғылыми термин ретінде тек 20 ғасырдың басында П.Лапи мен Э. Гартманның еңбектерінің арқасында ғылыми айналымға енді.

Аксиология құндылықтар жаратылысы, ондағы нақтылық құрылымы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлға құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім. Аксиология философияның арнайы бір саласы ретінде XX ғасырдың басында ғылыми айналымға заңды түрде енеді. Грек тілінде “аксио“- құндылық, “логос”- ілім, ғылым дегенді білдіреді. Құндылықтар – адам мен қоғам өмірінде үлкен роль атқаратын фактор.

Аксиология ғылымының басты міндеті – құндылықтың болмыс құрылымында қандай орын алатынын және олардың шынайы фактілерге қатынасын анықтау болып табылады. Аксиология – құндылықтар ілімі туралы және құндылықтар әлемінің құрылымы, олардың ақиқаттағы орны туралы философиялық ілім.

2 Құндылық ұғымы. Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік). С.Аверинцевтің редакторлығымен шыққан философиялық энциклопедиялық сөздікте құндылық - ол шынайылықтағы белгілі бір құбылыстардың адамдық, әлеуметтік, мәдени маңызын көрсететін термин. Адам әрекетінің барлық тұрғысындағы заттай құндылық болып, жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалған, әділдік пен әділетсіздік деп бағаланады. Ал бағалау үрдісін жүргізетін өлшемдер қоғамдық санада бекіп, ол «субъективті құндылыққа» айналып, адам әрекетінің бағыттаушысы болады.

Мәдениетанушы Н.Крылованың анықтауы бойынша «құндылық-ол идеалға жеткізетін және эталон туралы түсінік беретін кез келген мәдениеттің реттеуші компоненті. Олар сол мәдениетке сай материалды немесе идеалды түрде немесе нормалар, мәндер түрінде өмірде кезігеді. Олар адам үшін позитивті маңызы бар сипаттамалар.

Философ Д.А. Леонтьев құндылық ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар екенін көрсетеді. Олар: біріншіден, құндылықты атрибут ретінде түсіну, екіншіден, бір объект немесе зат оның құндылығы жоғары деген пікір білдіреді. Екінші бағыт құндылық – ол объектіге немесе затқа (кең мағынада) қатысты тұрғыдан түсіндіріліп, субъект үшін нақты маңызы қаншалықты немесе оның қоршаған ортасының қажеттіліктерін өтеуші немесе абстрактілі мәндер деген пікір білдіреді.

Құндылық ұғымы адамгершілік ұғымымен бірге қарастырылады. Адамгершілік мәселесін философияда мораль қарастырады. Мораль (лат. moralis-әдет-ғұрып) – адамдардың өзара және қоғаммен қатынастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын қоғамдық сананың формасы. Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Ол талаптар әрқашан мораль нормаларынан көрінеді.

Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді.

Қоғамдық өмірде және тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормалар арқылы реттеліп келеді. Моралдық нормалар адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынасын білдіруімен бірге олардың адамгершілік сезімін, арын, намысын, ұжданын айқындайды, адамның әрекетін ретке салады. Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.

Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе қылып жеткізу. Моральдың қоғамдағы атқаратын қызметі: реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызметтер.

Қоғам дамуы барысында адамгершлік ережелері мен құқықтық ережелер қалыптасқан. Адамгершілік ережелердің құқықтан мәнді айырмашылығы мынада: мораль – жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Ал құқықтық ережелер мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылықтар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік органдарының араласуымен жүзеге асырылады.

Құқық мемлекеттің шығуымен бірге қалыптасты, онда қоғам мүшелерінің өздерін ұстау ережелері қарастырылып, қоғамдық өмір тәртібі орнатылды, оны бұзғандарға жаза тағайындалды. Қоғам мүшелері мемлекетті нығайту үшін, құқықтық құжаттарда бекітілген міндеттері бар (салық төлеу, Отан қорғау, заңды құрметтеу, табиғатты қорғау және т.б.). Құқықтың міндеті – тәртіпті бекіту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету, ал мемлекеттің міндеті – осы құқықтар мен бостандықтарды қорғау.

Құқық моральдан кейін қалыптасқан. Құқық – нақты тұжырымдалады және оны қолданудың реттіліктері айқын көрсетіледі. Сонымен қоса, құқық және адамгершілік нормалары өзара тығыз байланысты. Көптеген адамгершілік нормалары құқықтық актілерге негіз болған.

Адамзат дамуы барысында адамгершлік ұғымдары негізгі ұғымдарға, яғни этикалық категорияларғ жинақтала бастады. Негізгі этикалық категорияларға мыналар жатады: парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік.

Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік міндеттерін білдіретін этикалық категория.

Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Мән- дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.

Қажеттіліктер - жеке адамның, әлеуметтік топтың, қоғамның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін объективті түрде керек нәрсеге мүқтаждық; белсенді әрекеттің ішкі қозғаушысы. Қажеттіліктер субъект пен оның қызметінің өзара байланысын көрсетеді, әуестіктен, мүдделерден, мақсаттардан және мінез-құлықтан көрініс табады.

Ар-ұят – қоршаған ортаның адамның құқықтарын мойындауы, оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі, құрметтеуі.



Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие.

3 Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжымас императиві (И.Кант). Конфуций (б.з.б.551-479 жж.) - ілім мен философияға, қытай, корей және жапон өмірі мен тұрысы, ойлау ғұрыпына терең ықпал еткен, әйгілі қытай ақылманы және әлеуметтік философы. Конфуций адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.



Конфуцийді ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдік максимумдарға – биік мораль, лайықты, дұрыс тәртіп, этикет эталондарына (ли) негіздеді. Конфуций мүлтіксіз, жетілген адам (цзюнь-цзы) тұжырымдамасын жасады. Мұндай адамның асылдығы, Конфуций бойынша, шыққан тегіне емес, алған тәрбиесіне байланысты болмақ. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл (жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді. Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс.

Конфуций адамдар арасындағы (отбасында, қоғамда, мемлекетте) мүлтіксіз қарым-қатынас заңын мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған: “Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”,- дейді. Бертінгі ұрпақ адамгершіліктің алтын ережесі ретінде дәріптейтін осынау Конфуций іліміндегі тұжырымдама ілгерілі-кейінгі ойшылдар пайымдауында адам мінез-құлқы мен тәртібінің іргетасы іспетте қолданылуда.

 Жалпы алғанда, Конфуций ізбасарларына қатаң әлеуметтік жіктелу идеясын, сондай-ақ, қоғам мүшелері міндеттерін отбасындағы қызмет бөлу тәрізді иерархиялық бөлініске салуды жақтау идеясын қорғау тән. Мемлекет – халық игілігін қамтамасыз ету және қажет тәртіпті орнату құралы. Солай бола тұра, мемлекет бәрін қамтитын және баршаға ортақ, бәрі орындауға міндетті, бірақ бет-бейнесіз заңға да, тиран-билеушінің озбырлығына да сүйенбеу керек, керісінше, мемлекет – билеуші мен оның көмекшілерінің даналығына, ізгілік-мейірімділігіне арқа сүйеуге тиіс. Конфуцийдің саяси доктринасына әр заманда әрдайым мұқият көңіл бөлініп отырды. Конфуций мен оның ізбасарларының ілімінде бейнеленген идеялар осы күнге дейін Қытай саяси мәдениетінің аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет