Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» - қазақ тарихының дереккөзі



бет74/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

77 Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» - қазақ тарихының дереккөзі

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресін» бүгінгі таңда зерттеу өзекті мәселе. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабының құндылығы, онда баян етілген материалдар әлгі түсініктен әлдеқайда ауқымырақ. Шежіреде халықтың шығу тегі, даму тарихы емес, одан әлдеқайда кең мәліметтер сараланады. Өйткені, Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ һәм түркі халықтарының тарихын, олардың өткізген түрлі тарихи процестерін асқан ізденімпаздықпен жазғанын аңғарамыз. Тарихи зерттеулерді, жазба, ауызша деректерді сыни көзбен тексеріп, талдай отырып, керектісін алады. Сол кездің мүмкіншілігі шектеулі деп есептесек, Шәкәрім сынды талантты тарихшы құлашын кең сермеген. Інісінің талантын байқаған Абай оған жастайынан-ақ халық тарихына қатысты деректерді жинап, шежіре жазуға ақыл береді. Сөйтіп Шәкәрім он тоғыз жасынан шежіре жазуға кірісіп, ол еңбегін 1911 жылы Орынбор қаласында «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деген атпен кітап етіп шығарады, еңбегінің көлемі 114 бет. Шәкәрім шежіресін жазушы, әдебиетші, тарихшы, ғалымдар жете көңіл бөліп, өздерінің зерттеу еңбектерінде пайдаланып отырған. Шәкәрім шежіресінің идеялық мұраты – халықтың бұрынғы және кейінгі тарихын жалғастыра отырып, қазақ халқына ілгері өрлеу үшін, жол көрсеті үшін ақынның азаматтық, қаламгерлік келбетін саралағанда оның шығармаларын бір-бірінен бөлмей бір тұтас мұра ретінде қарастыруымыз абзал, өйткені олар кӛркем ой, асқақ идея, перзенттік көзқарас жағынан ажырамас туындылар. Ақынның шежіресін терең зерттеу, ғибрат алу келешектің еншісінде. Шәкірім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» қазақ халқының тарихи және әдеби мұрасы. Қазақ халқының түп-тамырын, шыққан тегін көрсететін асыл мұра.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет