Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі – жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған рухани жетілген азамат ретінде қалыптастыру, оның бойында ұлттық намыс пен ұлттық сананы орнықтыру, әлеуметтік ортадағы, ӛзін қоршаған дүниедегі, табиғат пен адам ӛміріндегі, тұрмыс пен салт-дәстүрдегі адамгершілік пен парасаттылықты түсініп, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Бiздiң қоғам ӛмiрiнде руханиадамгершiлiк бастамалардың ролi барған сайын артып, iзгiлiк, имандылық, мейiрiмдiлiк сияқты рухани-адамгершiлiк құндылықтардың ықпал аясы кеңейiп келедi.
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың ӛзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік мәдени мұрасы.