Еуразиялық экономикалық комиссия алқа шеші м 2019 жылғы «26» қараша №202



бет1/8
Дата23.04.2024
өлшемі0,66 Mb.
#201181
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Решение Коллегии №202
бмк рубеж шугыл комек, Фармакология 3 курс, тест терапия сессия.

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОМИССИЯ
АЛҚА


Ш Е Ш І М
2019 жылғы «26» қараша № 202 Мәскеу қаласы
Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеулер жүргізу және тіркеу мақсатында олардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеу жөніндегі нұсқамалықты бекіту туралы

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 30-тармағына, 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің 6-бабына және Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын реттеу мәселелері жөніндегі актілерінің 2017-2019 жылдарға арналған тізбесінің 15-тармағына (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 17 мамырдағы «Еуразиялық экономикалық комиссияның Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын реттеу мәселелері жөніндегі актілері туралы» № 15 өкіміне қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ш е ш т і:


1. Қоса беріліп отырған Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеулер жүргізу және тіркеу мақсатында олардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеу жөніндегі нұсқамалық бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.
Бұл ретте көрсетілген Нұсқамалықтың ережелерін іске асыру Еуразиялық экономикалық комиссияның актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, мұндай ережелерді қолдану тиісті актілер күшіне енген күнінен бастап (қолданыла бастаған күнінен бастап) жүзеге асырылатынына сүйену керек.
Евразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы Т. Саркисян

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының


2019 жылғы 26 қарашадағы № 202 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Дәрілік препараттарға клиникалық зерттеулер жүргізу және тіркеу мақсатында олардың қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеу жөніндегі Н Ұ С Қ А М А Л Ы Қ
І. Жалпы ережелер
1. Дәрілік препараттарды Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде одан әрі тіркеу үшін олардың қауіпсіздігіне клиникаға дейінгі зерттеу жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілеу осы Нұсқамалықтың мақсаты болып табылады. Осы Нұсқамалықта клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу қажеттігі мен адамның қатысуымен клиникалық зерттеулер жүргізу арасындағы өзара байланыс көрсетілген.
2. Осы Нұсқамалық мыналарға:
жаңа дәрілік препараттарды қауіпсіз, әдепті дайындауды және енгізуді;
клиникалық зерттеулерді дер кезінде жүргізуді;
3R қағидаттарына сәйкес зертханалық жануарлардың зерттеулерде пайдаланылуын қысқартуды;
дәрілік препараттарды әзірлеу кезінде басқа да ресурстардың пайдаланылуын қысқартуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – тиісінше Одақ, мүше мемлекеттер) уәкілетті органдары (сарапшы ұйымдары) оларды тиісті валидациялаған және мақұлдаған кезде қолданыстағы стандартты әдістерді ауыстыруы мүмкін қауіпсіздікті бағалаудың жаңа баламалы in vitro әдістерін пайдалану мүмкіндігін ескеру қажет.
3. Осы Нұсқамалық дәрілік препараттардың түрлі кезеңдерінде клиникалық әзірлеме жүргізу негіздемесіне бағытталған клиникаға дейінгі зерттеулерді үйлестіру мақсатында жасалған.
4. Осы Нұсқамалық дәрілік препараттарға клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізудің және оларды тіркеудің негіздемесі ретінде клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізудің түріне, ұзақтығына және жүргізу мерзімдеріне қатысты нұсқауды қамтиды.
5. Дәрілік препараттарды тіркеу мақсатында олардың қауіпсіздігін клиникаға дейін бағалау:
а) фармакологиялық зерттеулер;
б) жалпы уыттылық қасиеттерін зерттеулер;
в) токсикокинетикалығына және клиникаға дейін фармакокинетикалығына зерттеулер;
г) репродуктылық уыттылығына зерттеулер;
д) генеуыттылығына зерттеулер;
е) ерекше қауіп тудыратын немесе ұзақ уақыт пайдалануға арналған дәрілік препараттарға қатысты канцерогендік ықтималдығына бағалау жүргізуді көздейді.
6. Фотоуыттылығын, иммунноуыттылығын, жануарлардың жыныстық жетілмегендігіне және дәріге тәуелді болуын туғызуға бейімділігіне уыттылығын бағалау мақсатында клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу қажеттігі жеке тәртіппен айқындалады.
7. Осы Нұқсамалық дәрілік препараттарды әзірлеу кезеңінде қолданылады және дәрілік препараттарды клиникаға дейін әзірлеу процесіне қойылатын жалпы талаптарды қамтиды. Клиникаға дейінгі зерттеулерді және адамның қатысуымен клиникалық зерттеулерді жоспарлау және оның дизайны ғылыми және әдептілік тұрғысынан қанағаттанарлық тәсілдерге негізделеді.
8. Биотехникалық дәрілік препараттарды зерттеуді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 89 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың биологиялық дәрілік заттарына зерттеулер жүргізу қағидаларының 5.3 және 5.4- тарауларының талаптарына сәйкес жүргізу қажет. Биотехникалық дәрілік препараттарға зерттеулер жүргізген кезде осы Нұқсамалық биотехникалық дәрілік препараттарды клиникалық әзірлеу фазасына қарай клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу мерзімдеріне қатысты ғана қолданылады.
Медициналық практикада ұзақ уақыт қолданылатын және құрамында клиникаға дейінгі зерттеулер туралы деректері шектелген немесе жоқ, әсер етуші заттары бар дәрілік препараттардың қауіпсіздігін зерттеу нәтижелерін дәрілік препараттардың аралас тіркелген дерекнамасы құрамында ғана беруге жол беріледі. Дәрілік препараттардың аралас тіркелген дерекнамасы үшін клиникаға дейінгі зерттеулер туралы құжаттарды жасау № 1 қосымшаға сәйкес талаптарға сай жүзеге асырылады.
9. Өмірге қауіп төндіретін және ауыр ауруларды (мәселен, ісік ауруы, резистентті АИТВ инфекциясы, туа біткен фермент жетіспеушілігіне байланысты жағдайы) емдеуге арналған дәрілік препараттарды оңтайландыруды және әзірлеуді жеделдету мақсатында олардың уыттылығын бағалауда және клиникалық әзірлеуде жеке тәсілге рұқсат беріледі. Бұл жағдайларда, сондай-ақ инновациялық терапевтік әдістер негізінде (мәселен, шағын интерферентті РНК (siRNA) және адъювантты вакцина) жасалған дәрілік препараттарға қатысты клиникаға дейінгі зерттеулер бағдарламасында белгілі бір зерттеулерді жүргізуді қысқартуға, бас тартуға немесе қосуға жол беріледі. Клиникаға дейінгі зерттеулер бағдарламасын өзгерту көлемі туралы мәселені шешу үшін Одақ органдарының дәрілік заттар айналысы саласындағы актілерін немесе мүше мемлекеттердің заңнамасын басшылыққа алу қажет.
10. Клиникаға дейінгі зерттеулерді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 шешімімен бекітілген Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларының (бұдан әрі – Тіркеу және сараптау қағидалары) 34 және 35-тармақтарының талаптарын ескере отырып жүргізу қажет.
11. Одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерде жүргізілген клиникаға дейінгі зерттеулер Тіркеу және сараптау қағидаларының 35-тармағының нұсқауы ескеріле отырып орындалуға, сондай-ақ осы Нұсқамалыққа және Одақ органдарының дәрілік заттар айналысы саласындағы басқа да актілеріне сәйкес келуге тиіс.
12. Осы Нұсқамалықта реттелмеген мәселелер бойынша өтініш берушілер ғылыми консультация алу үшін Тіркеу және сараптау қағидаларының 26-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына (сарапшы ұйымдарына) жүгінуге құқылы.
13. Дәрілік препаратты әзірлеу – жануарлар мен адамдар үшін оның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректерді бағалауды көздейтін кезең-кезеңімен жүргізілетін процесс. Мыналар:
нысана-органдарға қатысты уыттылық әсерінің сипатын;
дозасына қарай уыттылық әсерін;
экспозициясына қарай уыттылығын;
уыттылық әсерінің ықтимал қайтымдылығын (тиісті жағдайларда) белгілеу қауіпсіздікті клиникаға дейін бағалау мақсаттарына жатады.
Алынған мәліметтер адамның қатысуымен болатын зерттеулерде бастапқы қауіпсіз дозаны және дозаның диапазонын бағалау, сондай-ақ «пайда-қатер» арақатынасын және ықтимал тиімсіз әсерлерін клиникалық мониторинг параметрлерін анықтау үшін пайдаланылады.
14. Клиникаға дейінгі зерттеулер, клиникалық әзірлеудің бастапқы кезеңіндегі шектеулі сипатына қарамастан, негізделген клиникалық зерттеулер жағдайында туындауы мүмкін ықтимал жағымсыз әсерлерін сипаттап көрсету үшін жеткілікті болуға тиіс.
15. Клиникалық зерттеулер субъектілердің шағын сандарында болатын төменгі жүйелі экспозициядан бастап дәрілік препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігін зерттеу мақсатында жүргізіледі. Одан кейін клиникалық зерттеулер жүргізіледі, онда дәрілік препараттың экспозициясы әдетте, пациенттердің дәрілерді қолдану ұзақтығы және (немесе) популяция мөлшері есебінен ұлғайтыла түседі.
16. Егер бұрын жүргізілген клиникалық зерттеуде (зерттеулерде) дәрілік препараттың қауіпсіздігін растайтын нәтижелер алынған болса, сондай-ақ клиникалық әзірлемені орындау шамасына қарай қолжетімді болатын клиникалық зерттеулердің қосымша деректері болған кезде клиникалық зерттеулердің аясын кеңейту қажет.
17. Дәрілік препаратты әзірлеудің клиникалық және (немесе) клиникаға дейінгі кезеңінде анықталған оның өте жағымсыз әсерлері клиникалық әзірлемелерді одан әрі жалғастыруға ықпал етуі мүмкін. Дизайнын әзірлеудің және қосымша клиникаға дейінгі және (немесе) клиникалық зерттеулер жүргізудің орындылығын айқындау мақсатында бұл деректерді клиникалық әзірлеменің жалпы жоспары аясында қарау қажет.
18. Клиникалық зерттеулер әртүрлі мақсатқа ие клиникалық даму фазаларына бөлініп жүргізіледі. Клиникалық даму фазаларының бірігуіне жол берілгендіктен, осы Нұсқамалықта клиникалық зерттеулерге қойылатын талаптар клиникалық дамудың фазаларымен ғана емес, сонымен бірге клиникалық зерттеулердің сипатымен және мақсатты популяциясымен де байланысты.
19. Осы Нұсқамалықта пайдаланылатын ұғымдар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 79 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Тиісті клиникалық практика ережесінде айқындалған мағыналарында қолданылады.
II. Жалпы уыттылықты зерттеуде ең көп дозаларды таңдап алу
20. Егер токсикологиялық зерттеулерде препараттың дозалық диапазонын оның ең жоғары рұқсат етілген дозасынан (MTD) төмен енгізе отырып, барлық ықтимал клиникалық маңызды әсерлерді сипаттау мүмкін болса, әр осындай зерттеуде ең жоғары рұқсат етілген дозаны белгілеу қажет емес.
21. Организмде жоғары еселі экспозиция немесе қанықты экспозиция құрайтын дозалар не қолжетімді ең көп доза басқа (MFD) лайықты шекті дозаларға жатады. Мұндай шекті дозалар клиникалық қауіпсіздікті болжау үшін қосымша мәліметтерді бермейтін дозаны жануарларға қатысты пайдаланбауға мүмкіндік береді. Жалпы уыттылықты зерттеуде ең көп дозаны таңдау тәсілі суретте келтірілген. Бұл тәсіл шекті дозалары және (немесе) экспозициясы анықталып қойған ұрықты болуының уыттылығы мен канцерогендікті зерттеу дизайнына қатысты нұсқаулармен келісіледі.


Сурет. Жалпы уыттылықты зерттеулерде ең көп дозаны таңдау тәсілі
22. Кеміргіштер мен кеміргіш еместерге арналған тәулігіне 1000 мг дозаны бір реттік және қайталап (бірнеше рет) енгізген кезде уыттылықты зерттеудің шекті дозалары барлық жағдайларда да қолдануға болады деп танылады, бірақ мыналар оған қосылмайды:
тәулігіне 1000 мг/кг болатын доза клиникалық экспозициядан 10 есе асып кетуді қамтамасыз етпейтін, ал клиникалық доза тәулігіне 1 г-нан асатын болса. Бұл жағдайда токсикологиялық зерттеулердегі дозаны экспозицияны 10 есе арттырумен не тәулігіне 2 000 мг/кг болатын дозамен, не осы дозалардың қайсысы аз болуына қарай ең жоғары дозамен шектеу керек;
тәулігіне 2 000 мг/кг доза клиникалық экспозициядан аз. Бұл жағдайда дозаны ең көп дозаға дейін арттыру талап етіледі.
23. Клиникалық экспозицияның орташа әсерінен 50 есе асатын дозаларды, әдетте, биологиялық материалдағы дәрілік өнімнің бастапқы қосылу немесе фармакологиялық белсенді молекула желілік жағынан «доза-концентрация» болып тәуелділік белгіленген жағдайда жануарлардың барлық түрлеріне қайталап (бірнеше рет) қолданған кезде уыттылықты зерттеуде ең көп доза ретінде қолдануға болады.
Экспозицияны препаратты қабылдаған кезден бастап «плазмалық концентрация - уақыт» (AUC) қисығы астындағы ауданның топтық орташа мағынасы бойынша дәріге ұқсас заттың бастапқы қосындысы үшін немесе фармакологиялық белсенді молекуласы үшін айқындау қажет. Кейбір жағдайларда артық әсер етуді плазмалық шоғырланудың ең жоғары концентрациясының (Cmax) топтық орташа мәндерімен (мысалы, егер қосылыс немесе қосылыстар класы жедел жүрек-қан тамырлары өзгерістерін немесе орталық жүйке жүйесіне әсер етумен байланысты клиникалық белгілерді тудырса) анықтауға болады.
24. ІІІ фазадағы клиникалық зерттеулер жүргізуді негіздеу үшін, әдетте, шекті дозасы бар жануарлардың кем дегенде 1 түрінің әсер етуіне 50 еселенген дозаны шектейтін уыттылығын анықтау керек. Әйтпесе, жануарлардың бір түрінде дозалар шегі 1000 мг/кг, ең жоғары қол жеткізілетін доза немесе ең жоғары рұқсат етілген доза, осы дозалардың ең азын қолдана отырып, зерттеуді 1 ай (немесе одан да көп) уақытқа ұзақ жүргізу ұсынылады. Егер қысқа мерзімді зерттеу дозадан асып кететін дозаларда уыттылықты 50 есе арттыратын дозалардан асатын болса, мұндай зерттеу қажет болмайды.
25. Егер генеуыттылықтың соңғы нүктелері жалпы уыттылықты зерттеуге енгізілсе, тиісті ең жоғары дозаны қолжетімді ең жоғары дозаға, ең жоғары рұқсат етілген дозаға немесе тәулігіне 1 000 мг/кг тең болатын дозаның шекті деңгейіне сәйкес таңдау керек.
III. Фармакологиялық қауіпсіздікті зерттеу
26. Фармакологиялық қауіпсіздікті зерттеу мен фармакодинамикалық зерттеулер Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған медициналық мақсаттағы дәрілік заттардың фармакологиялық қауіпсіздігін зерттеу жөніндегі нұсқамалыққа сәйкес жүргізіледі.
27. Фармакологиялық қауіпсіздік зерттеулерінің негізгі жиынтығы (батарея) жүрек-қан тамыр, орталық жүйке және тыныс алу жүйесіне әсер етуді бағалауды қамтиды, ол медициналық мақсаттағы препараттардың фармакологиялық қауіпсіздігін зерттеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес клиникалық даму басталғанға дейін жүргізілуі керек.
28. Қажет болған жағдайда фармакологиялық қауіпсіздікті қосалқы және кейінгі зерттеулер клиникалық дамудың кейінгі кезеңдерінде жүргізілуі мүмкін.
29. Жануарларды фармакологиялық қауіпсіздік зерттеулерінде пайдалануды азайту үшін, бұл зерттеулерді inivo уыттылығын зерттеу аясында белгілі бір соңғы нүктелерді бағалаумен ауыстыруды көздеу керек.
30. Бастапқы фармакодинамиканы зерттеу (in vivo және (немесе) in vitro) әсер ету механизмін және (немесе) белсенді субстанцияны оның терапевтік мақсатына қатысты әсерін зерттеуге бағытталған. Мұндай зерттеулер дәрілік препараттың фармацевтикалық дамуының бастапқы кезеңінде өткізіледі, оларды жүргізуге Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 81 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың Дәрілік заттар айналысы саласындағы тиісті зертханалық практикасы қағидаларының (бұдан әрі – зертханалық практика қағидалары) талаптары ескерілместен рұқсат етіледі. Осы зерттеулердің нәтижелері клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерде дозаны таңдауды (дозалау режимін) негіздеу кезінде ескеріледі.

IV. Токсикокинетикалық және фармакокинетикалық


зерттеулер

31. Клиникалық зерттеулерді бастамас бұрын жануарларда және адамдарда in vitro метаболизм бейінін және плазма ақуыздарының байланысу дәрежесін бағалау керек, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған токсикокинетиканы зерттеу және токсикологиялық экспозицияны бағалау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес препараттың белсенді субстанциясын қайталап (бірнеше рет) енгізу кезінде қабылдаған уыттылықты зерттеу үшін пайдаланылатын жануарлардың түрлеріне жүргізілген зерттеулерге жүйелі әсер ету туралы деректерді талдау керек.


32. Субъектілердің үлкен санына немесе ұзақ уақыт бойы дәріні тағайындау алдында (әдетте дәрілік препараттарды клиникалық зерттеудің III фазасы басталғанға дейін), сынақтан өтетін жануарлар түрлеріндегі фармакокинетика (сіңіру, бөлу, метаболизм және шығарылуы туралы мәліметтерді қоса алғанда) туралы егжей-тегжейлі деректері және дәрілердің ықтимал өзара әсерлерін анықтау үшін маңызды биохимиялық in vitro туралы деректері болуы керек. Бұл деректер адамның және жануарлардың метоболиттерін салыстыру үшін, сондай-ақ қосымша зерттеулер жүргізу қажеттігін анықтау үшін пайдаланылады.
33. Адамның метаболитінің (метаболиттерінің) сипаттамаларын клиникаға дейін анықтау, егер оның әсер етуі препараттың жалпы әсерінің 10%-ынан асатын болса, ал адамдарда токсикологиялық зерттеулерде байқалатын әсерден едәуір асқан жағдайда ғана жүргізілуі керек. Мұндай зерттеулер III фазалық клиникалық зерттеулерді негіздеу үшін өткізіледі. Тәуліктік дозасы 10 мг-ден аспайтын дәрілер үшін дәрілік препараттың жиынтықты әсерінің 10%-нан асатын деңгейі бар метаболитке клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу үшін экспозицияның неғұрлым жоғары шегінің алынуын негіздеуге жол беріледі. Кейбір метаболиттер (мысалы, глутатион конъюгаттарының көпшілігі) токсикологиялық жағынан зиянды емес және зерттеуді қажет етпейді. Белгілі бір алаңдаушылық тудыратын метаболиттердің (мысалы, тек адамдарға тән метаболит) клиникалық сипаттамасы жеке қарастырылады.

V. Дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі


уыттылықты зерттеу

34. Дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі уыттылық бойынша деректерді әдетте, препараттың жалпы сипаттамаларының жобасында көрсетілген енгізудің парентеральды жолын және енгізу жолын пайдалана отырып, сүтқоректілерге екі түрін енгізу арқылы уыттылықты зерттеулерде алады. Сонымен бірге бұл деректерді жалпы уыттылық зерттеулерінде пайдаланылатын жануарларға ең жоғары рұқсат етілген дозаны анықтау үшін жүргізілетін эскомацияны дозаны жоғарылату зерттеулерінен немесе дозаның диапазонын қысқа мерзімді зерттеуден алуға болады.


35. Басқа зерттеулерді жүргізген кезде алынған дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі уыттылықтың деректері болған кезде дәрілік препаратты бір рет енгізуге жеке зерттеу жүргізу талап етілмейді. Егер дәрілік препаратты клиникалық жағдайларда енгізу Зерханалық практика қағидаларына сәйкес дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізген кездегі уыттылық тиісті зерттеулермен негізделген болса, онда дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі уыттылықты зерттеуді Тиісті практика қағидаларының талаптарын ескерместен тек осы клиникалық әдіспен және уытты зерттеу әдісімен шектеуге болады. Дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі уыттылықты зерттеулерде өлім-жітім мақсаттық нүкте болып табылмауға тиіс.
36. Дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі уыттылықты зерттеу немесе дәрілік препаратты бір рет енгізген кездегі зерттеу кейбір жағдайларда (мысалы, микродозаларды зерттеу кезінде) адамның қатысумен болатын зерттеулерді жүргізудің басты негіздемесі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ең жоғары дозаны таңдау осы Нұсқамалықтың II бөлімінде көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін, бірақ ол жоспарланған клиникалық доза мен препараттың енгізілу бағытына сәйкес келуі керек. Бұл зерттеулер Зертханалық практика қағидаларына сәйкес жүргізілуге тиіс.
37. Препаратты бір реттік енгізген кездегі уыттылық туралы деректерді адамдарда дозаны артық қолдану салдарын болжау үшін қолдануға болады және ол ІІІ фазалық клиникалық зерттеулерді жүргізуді негіздеу үшін қолжетімді болуға тиіс. Дәрілік препараттың артық дозасының салдарынан қауіп төнетін пациенттердің популяциясына (мысалы, депрессия, ауырсыну, деменция) дәрілік препаратты қолдану көрсеткіштерін амбулаторияларда жүргізілетін клиникалық зерттеу кезінде зерделеген кезде дәрілік препаратты бір енгізген кездегі уыттылықты неғұрлым ертерек бағалау қажет етілуі мүмкін.
VI. Дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізген кездегі
уыттылықты зерттеу
38. Дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізген кезде уыттылықты зерттеудің ұсынылған ұзақтығы, әдетте, жоспарланған клиникалық зерттеудің ұзақтығына, қолдану көрсеткіштеріне және бағытына байланысты болады. Сүтқоректілердің екі түріне (олардың біреуі кеміргіштер еместерге жатады) жүргізілген жануарларда токсикологиялық зерттеулердің ұзақтығы адамдар қатысатын клиникалық зерттеулердің ұзақтығына тең немесе одан көп болуы керек, бұл препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізу кезіндегі уыттылықты зерттеудің ең жоғары ұзақтығына дейін барады (№ 2 қосымшаға сай талаптарға сәйкес). Дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізу кезіндегі уыттылықты зерттеуге жарамды ең жоғары дозалар (экспозиция) осы Нұсқамалықтың II бөлімінде жазылып көрсетілген.
1. Клиникалық әзірлемені зерттеу
39. Осы Нұсқамалықтың № 2 қосымшасында көрсетілгендей, жануарлардың екі түріне (біреуі кеміргіш емес) дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) 2 апта бойы енгізу кезіндегі уыттылықты зерттеу, әдетте, осы әрбір клиникалық әзірлемені зерттеуді кемінде 2 апта бойы жүргізуге негіздеме үшін жеткілікті болады.
40. Клиникалық әзірлемені зерттеудің ұзағырақ жүргізілуін, эквивалентті ұзақтығын дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізген кездегі уыттылықты зерттеу нәтижелерімен негіздеу қажет. Дәрілік препараттың кеміргіштер еместерге 6 және 9 ай бойы қолданылуын зерттеу де осы Нұсқамалыққа № 2 қосымшада көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 6 айдан асатын клиникалық зерттеулерді дозалауды негіздеу үшін пайдаланылады.

2. Дәрілік препаратты тіркеуді негіздеу үшін зерттеулер


41. Дәрілік препаратты тіркеу үшін дәрілік препаратты қолданумен байланысты қатерге ұшырауы мүмкін нысаналы пациенттер популяциясының көбеюіне байланысты, сондай-ақ клиникалық зерттеулермен салыстырғанда препараттың қолданылу жағдайын неғұрлым азырақ бақылауға байланысты клиникаға дейінгі зерттеулер ұзағырақ жүргізілуі қажет. Ұзақтығы әр түрлі терапияны негіздеу үшін қажетті дәрілік препаратты қайталап (бірнеше рет) енгізу кезіндегі уыттылықты зерттеу ұзақтығы № 3 қосымшаға сәйкес белгіленеді. Сонымен бірге дәрілік препаратты 2 аптадан 3 айға дейін қолданудың ұсынылған ұзақтығы саны шағын болған кезде, бірақ дәрілік препаратты қолданудың ұсынылатын ұзақтығынан көп (мысалы, алаңдаушылық, маусымдық аллергиялық ринит, ауырсыну кезінде) неғұрлым кеңірек және ұзағырақ қолданылуын растайтын клиникалық тәжірибе көп болған кезде, зерттеу ұзақтығы дәрілік препаратты қолданудың ұсынылған ұзақтығы 3 айдан асып кететін жағдайларға көбірек сәйкес келеді.


VII. Адамдағы бастапқы дозаны айқындау мақсатында жүргізілетін клиникаға дейінгі зерттеулер
42. Адам үшін бастапқы дозаны анықтау адамның қатысуымен жүргізілген зерттеулерге қатысатын субъектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады.
43. Препараттың адамдарға ұсынылатын бастапқы дозасын анықтаған кезде барлық тиісті клиникалық зерттеулер, соның ішінде «доза-эффект» фармакологиялық байланысы, фармакологиялық (токсикологиялық) бейіні және фармакокинетикасы ескерілуі керек.
44. Ұсынылған бастапқы дозаны анықтаған кезде, жануарлардың қолайлы түрлеріне клиникаға дейінгі қауіпсіздік зерттеулерінде белгіленген аса жағымсыз әсер етпейтін (NOAEL) дозаның мәні маңызды болып табылады. Жоспарланған клиникалық бастапқы доза әртүрлі факторларға, соның ішінде фармакодинамикаға, ерекше молекулалық қасиеттерге және клиникалық зерттеу дизайнына байланысты болуы мүмкін.
45. Адамның қатысуымен клиникалық іздестіру зерттеулерін клиникалық зерттеулерге қажет мөлшерден гөрі клиникалық зерттеулердің аз мөлшерімен бастауға болады, сондықтан клиникалық бастапқы (және ең жоғары) доза клиникаға дейінгі зерттеулер деректерінің толық көлемі негізінде айқындалған доза мөлшерінен өзгеше болуы мүмкін. Әртүрлі клиникалық зерттеулердегі бастапқы дозаларды таңдап алу критерийлері № 4 қосымшаға сәйкес талаптарға сәйкес анықталады.

VIII. Клиникалық іздестіру зерттеулерін жүргізуді негіздеу мақсатында жүргізілетін клиникаға дейінгі зерттеулер


46. Оңтайландырылған клиникалық зерттеулер мен адамның қатысуымен жүргізілген зерттеулерде алынған деректерге ертерек қол жеткізу:
а) дәрілік заттың әсерінен адам организміндегі физиологиялық функциялардың өзгеруін дұрыс бағалауға (препараттың фармакологиялық қасиеттері);
б) зерттеліп отырған дәрілік препаратттың сипатын белгілеуге;
в) емдеу үшін берілген препараттың терапевтік қасиетін бағалауға ықпал етуі мүмкін.
47. Осы Нұсқамалықтың мақсаттары үшін клиникалық зерттеудің ерте І фазасында жүргізілетін, адамдағы экспозицияны шектеуді көздейтін және терапевтік тиімділігі мен клиникалық төзушілікке бағалау жүргізуді көздемейтін зерттеулер клиникалық іздестіру зерттеулері болып түсініледі. Бұл зерттеулер:
фармакологиялық;
фармакокинетикалық сияқты параметрлерді;
рецепторларды байланыстыруды және дәрілік заттарды ығыстырып шығаруды қамтуы мүмкін биомаркерлерды зерттеу үшін позитрон эмиссиясының томографиясы (бұдан әрі – ПЭТ) зерттелген;
басқа да диагностикалық параметрлерді зерттеу үшін жүргізіледі.
Мақсатты топтағы пациенттер де, сау еріктілер де осы зерттеу субъектілері бола алады.
48. Клиникалық іздестіру зерттеулерін жоспарлауға қажетті клиникаға дейінгі зерттеулерден алынған деректердің көлемі мен түрі пайдаланылатын ең жоғары клиникалық доза тұрғысынан емдеу ұзақтығына және енгізу жиілігіне қарай адамдардағы экспозицияның көлеміне байланысты болады. Осы бөлімде және осы Нұсқамалыққа № 4 қосымшада клиникаға дейінгі зерттеу бағдарламалары бар клиникалық іздестіру тәсілдерінің 5 түрі берілген, олар осы тәсілдер үшін, сондай-ақ осы 5 тәсіл үшін бастапқы және ең жоғары дозалармен жасауға рұқсат етілген.
49. Осы Нұсқамалықта сипатталмаған балама тәсілдерді (соның ішінде биотехнологиялық препараттарды әзірлеу стратегиясын) қолдануға болады. Мұндай балама тәсілдер мүше мемлекеттің уәкілетті органымен (сарапшы ұйыммен) келісілуі керек. Балама тәсілдер дәрілік препаратты әзірлеу кезінде жануарлардың пайдаланылуын азайтуы мүмкін.
50. Барлық жағдайларда, адамдар қатысатын зерттеулерде дозаны таңдауды негіздеу үшін осы Нұсқамалықтың III бөлімінде және № 4 қосымшасында келтірілген in vivo және (немесе) in vitro модельдерін қолдана отырып, препараттың белсенді затының фармакодинамикасы мен фармакологиялық қасиеттерін анықтау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет