Сегіз жасында ата-анасымен бірге жаңадан құрылған «Ақбұзау» колхозына көшкен Әзілхан сол колхоздың орталау мектебін бітіреді.
Әзілхан 14 жасында поэзияға құштарлығын аңғарады. Оның алғаш өлеңдері мен мақалалары аудандық, облыстық, республикалық баспасөзде жарияланып тұрған. Жас ақын Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды. 1940 жылы Жарма ауданындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды
1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталысымен 19 жастағы Әзілхан Қызыл Армия қатарына шақырылды. Соғыста 100-ші қазақ атқыштар бригадасында зеңбірекшілер командирі болып әскери міндетін өтейді. Калинин, 2-ші Балтық, 1-ші және 2-ші Белорусь майдандарына қатысып, соғысты аға сержант болып аяқтады.
Соғыс жылдарында зеңбірек командирі бозбала жігіт журналистік жұмыспен айналысуға уақыт табады, өлең жазуды да тастамайды. Жазушы майдангердің өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі
басылып тұрды.
Штат басшысымен әңгімелесуде
18.10.2011
"Ақиқат пен аңыз" роман-диалогы аты аңызға айналған
ұлтымыздың ұлы тұлғасы, жауынгер жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған. Осы "Ақиқат пен аңыз"
роман диалогы үшін Әзілхан Нұршайықовқа 1980 жылы Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.