Ф – об – 001/033 Түркістан акср-дегі білім, ғылым мәселелері


Орта арнаулы білім беру жүйесі



бет2/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,77 Mb.
#1055
1   2   3   4

1.2 Орта арнаулы білім беру жүйесі
Түркістан АКСР -гі мектептердің саны өсуіне байланысты мұнда білім беретін мұғалімдерге деген сұраныстың артуын ескерген Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссариаты 1918 жылдың 10 шілдесінде «Қысқартылған, жедел оқытатын тегін педагогикалық курстар» құру туралы шешімі шығады [17].

Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссариатының жанынан курстарды құру жөнінде комиссия құрылып ол комиссияға А.В.Попова, Н.А.Меркулович, С.Ш.Абдусаттаров, Г.Н.Черданцев сынды азаматтар мүше болып комиссия төрағасы оқу – ағарту комиссары Успенский болып бекітілді.

Комиссия курстардың жалпы ережесін бекітті


  1. Тегін білім беру.

  2. Курстар 15 шілдеден бастап 6 айлық білім беруді қамтамасыз ету.

  3. Курстағы сабақты 2 күн жіберіп алғандарды курстан шығару.

Курстардағы сабақ өту мына бағдарлама бойынша жүзеге асты.

Іс – тәжірибиелік сабақтар



  1. Экспериментальды педагогика

  2. Орыс тілі

  3. Химия және физика

  4. Жаратылыстану

  5. География

  6. Эксперименталды психология және логика

  7. Математика

  8. Шет тілдерін оқыту

  9. Графикалық өнер және ән айту

  10. Еңбекке баулу

  11. Мектепке дейінгі тәрбие беру

  12. Тәрбиесі нашар балалармен жұмыс жүргізу

  13. Ойлау/ Балалардың ойлау, адамгершілік, ерік тәрбиесі

Оқытылатын пәндер бойынша:

  1. Социология

  2. Социализм және саяси экономиканың қысқаша курсы

  3. Мәденет тарихы

  4. Бүкіл әлем тарихы

  5. Социолизм тарихы

  6. Саяси партиялар

  7. Орыс әдебиеті

  8. Түркістанның жаратылыстану тарихы

  9. Математиканы оқытудың жаңа әдістері

  10. Әдеп

  11. Гигиенаның қысқаша курсы

Қосымша пәндер:

  1. Еуропадағы революциялық қозғалыс тарихы

  2. Достоевскийдің, Л.Толстойдың дүниетанымы

  3. Кеңес үкіметінің идеялары

  4. Эволюциялық теория

  5. Жалпы химия

  6. Физиканың жалпы заңы

  7. Түркістан экономикасы18

Аталмыш білім беретін пәндер АКСР-де құрылған барлық педагогикалық курстарда оқытылуға тиісті болды.

Түркістан АКСР көлемінде ұйымдастырылған педагогикалық курстар 1920 жылы өзіндік мұғалімдер даярлап шығаруға үлкен үлестер қосты.

1920 жылы Ташкенттегі қазақ педагогикалық курсын 93 адам, өзбек курсындада 144 адам, Әндіжандағы еуропалық курстарда 42 адам, Қазалыдағы курстарда 100 адам, Верныйдағы қазақ курстарында 45, орыс курстарында 39 адам, Шымкенттегі педагогикалық курстарда 122 адам бітіріп шықты. Ташкент қаласындағы қазақ педагогикалық курсында оқыған 223 адамның ішінде 24 оқушы ең үздік деп танылып Сырдария, Жетісу облыстарында мұғалімдік қызметке жіберілді.

Педагогикалық курстарды бітіргендердің барлығы бірдей педагогикалық талаптарға жауап бере алмады және ІІ сатылы мектептерде сабақ беретін мұғалімдер жетіспеушілігі сезіліп тұрды.

1920 19 ақпанында ІІ – сатылы мектептерге мұғалімдер даярлау үшін «курстарда 6 айдан – 12 айға шейін оқыту туралы, Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссарының міндетін атқарушы Биликтің шешімі шықты [19].

Осыған орай жазғы демалыста Жаздық педагогикалық курстар ашу көзделді, аталмыш курстар жергілікті түркі халықтарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында Жаздық педагогикалық курстар жергілікті түркі халықтарының ана тілінде білім беретін болды.

1918 жылы 4 қазанда Түркістан АКСР-де тұңғыш педагогикалық училище ашылады. Училище жеті жылдық және орта мектептерде мұғалімдер даярлау мақсатында құрылып, 3 жыл білім бере отырып, 16 жасқа толған қыз, ер балаларды қабылдады.

1919 жылы қыз келіншектердің арасында мұғалімдерді даярлау мақсатында Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссары С.Ш.Абдісаттаровтың «Түрік қыздар педагогикалық училищесін құру туралы шешімі шығады [20].

Түркістан қыздар педагогикалық училищесіне 13 жастан асқан қыз – келіншектер қабылданды. Аталмыш орта арнаулы оқу орны Түркістан өлксесіндегі ең маңызды оқу орны болып танылды және Түркістан өлкесіндегі қыз келіншектер арасындағы сауаттылықты көтеруге стратегиялық мұғалімдер даярлауда елеулі үлес қосуға бағытталды. Қыздар училищесін бітірген мұғалімдер мұсылман әйелдерінің арасында білім беруге жіберіліп отырды және Түркістан қыздар педагогикалық училищені бітірген қыздар 3 жыл бойы оқу – ағарту комиссары жіберген жаққа мұғалім болып баруға тиісті болды.

1919 жылдың 24 сәуірде Самарқанд қаласында жергілікті мұсылман әйел мұғалімдерді даярлау курстары ашылды [21]. Жергілікті мектептерде мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында дайындық курстары ашылып, түркі мектептерінде білімді оқушылар шығаруға бағытталды.

1920жылы 1 наурызында ашылған бұл курста мынандай пәндер оқытылды.

1. Педагогика және физиологиялық даму ерекшеліктері.

2. Жас ерекшелік психология

3. Мектепте еңбек сабағын оқытудың әдістері

4. Мәдениет тарихы

5. Мектеп гигенасы

6. Мектеп ережелері

7. Азаматтарды сауаттандыру

8. Түркістан экономикасы

9. Түркістан географиясы

10. Түркістан тарихы

Курста мерекелік күндерден басқа уақыттың барлығында күніне 6 сағат білім берілді, яғни 6 айда 900 сағат білім бере отырып, жедел әрі білімді, білікті кадрлар даярланды. Осы курсты алғашқылардың бірі болып бітірген Ш.Белгібаев кейін Сырдария облысы оқу ағарту комиссариатының білікті маманы болып қызмет атқарды [22].

Курстың алдына қойған басты талабы ең мықты түркі мұғалімдерін даярлап шығару болды, өйткені Түркістан АКСР-ің басым көпшілігін құрайтын халықтар ретінде білімділік аса маңызды болғаны белгілі.

1918 жылы 13 қыркүйекте Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссары қарарымен бұрынғы әскери гимназия мекен жайында орыс педагогика училищесінің жанынан қазақ педагогика курсы ұйымдастырылды, бұл курста оқытушылар дайындау мақсатымен 1918 жылдың қыркүйегінен 1919 жылдың маусымына дейінгі мұғалімдер даярланды. Қазақ педагогика курсының оқу жоспарын бағдарламасын түзетуде және Жалпы ұйымдастыру жұмысына тікелей көмек көрсеткен Тұрар Рысқұловтың шақыруымен Ферғана облысындағы қызметін тастап Ташкентке келген Нәзір Төреқұлов болды. Оның басшылығымен педагогика курсының негізі қаланды.

Оқу ісіне жетекшілік қылған және орыс тілінен сабақ берген Иса Тоқтыбаев еді. Алғашқы оқытушылары: С.Қожанов ана тілінен Тәңірходжа Ходжанов тарихтан, Хамриддин Болғанбаев география және биологиядан, Фазыл Култаев математикадан, Егемберді Тоғамбаев дене шынықтырудан, Райхан Лапина бейнелеуден, Джагфар Лапин тәрбиеші, Ш.Сарыбаев ана тілінен сабақ берді. Олардың көпшілігі көп жылдық оқытушылық тәжірибеге ие болған, жастарға білім мен өнегелі тәрбие беріп келе жатқан педагогтар еді. Бұл алғашқы қазақ педагогика ұясына Түркістанның барлық жерінен оқуға ынталы жастар келе бастады.

Сырдария облысының сегіз уездіне қарысты болыстарынан, әсіресе ең үлкен Ташкент уезінің 45 болысынан Қазығұрт, Шарапхана, Ақжар, Манкент т.б. көптеген жастар келді.

Бұл ең алдымен, халықтың білім алуға деген ұмтылысының нәтижесі еді. Алғашқы кезде оқу құралдары, керекті жабдықтар жетіспеуіне қарамастан қазақ педагогика курсында болашақ оқытушылардың ғылыми негізде білім алуына жағдай жасалды. Нәтижеде бес айлық курстың алғашқы түлектері шыға бастады. 1919 жылдың басында Омар Тоқтыбаев, Кәрім Ахмедов, Шыныбай Беркінбаевтарға куәлік қағаздары беріліп, оларды қазақ бастауыш мектептеріне сабақ беруге аттандырды. Педагогика курсын бітіргендерден Ташкент қаласының өзінде қазақтың екі мектебін қамқор махаласы мен Орталық базар жанында ашты.

Қазақ педагогика курсы негізінде 1919 жылдың 1 шілде айында Қазақ педагогикалық училищесінің шаңырағы көтерілді. Оның түп мақсаты елдің алдында міндетті бастауыш оқуды енгізу қажеттігін іске асыру еді. 1919 жылы қыркүйекте училищелердің оқушылары сұрыпталынып үлкен талапқа сай келетін ана тілінен сабақ беретін Шамгелді Сарыбаев, көрнекті дәрігер ғалым Х.Досмұхамедов сияқты ұстаздармен толықтырылды. Түркістан өлкесінен тәжірибелі ұстаздар шақыртылды. Перовский қаласынан Ыбырай Қасымов, Омар Жангелдиев, Әбдірахман Мұнатбаев, Қызылордадан Тоббай Кулкекемов, Мадина Қасымова, Ферғанадан Айша Оразбаева, Шымкенттен Фатима Үмбетовалар келді.

Жалпы оқытушылар саны 53 жетті. Оқу орнының меңгерушісі Иса Тоқтыбаев болды. Қазақ педагогикалық учиищесін ұйымдастырушылардың бірі 27 жастағы қазақтың біртуар азаматы Сұлтанбек Қожанов оқу істерін күшейту мақсатында әйелі Гүлдана мен 1919 15 тамызында Түркістан қаласына кетті. 1919 жылдың 25 қазан айында Түркістан АКСР Орталық Атқару комитетінің шешіміне сәйкес Қазақ педагогикалық училищесіне сол кезде Түркістан АКСР егіншілік комиссариаты тұратын А.Пушкин мен Хиуа көшесінің қиылысындағы үйді алып берді. Қаланың дәл ортасында орналасқан оқу орнының абыройы биіктей түсті. Заман талабына сай оқытушыларға деген қажеттіліктің бір тамшы судай мейлінше өсіп тұрған кезінде бұл істің маңызы аса зор еді. Сондықтан сабақтың өз дәрежесінде жүруі үшін көптеген шаралар қолданылды.

Ана тілінен сабақ берген Шамгелді Сарыбаевтың сабақтары түрлі әдіс тәсілдермен қиуластырып өткізілуі училищеде оқитын жастардың болашақ мұғалім ретінде оқушыларға ана тілін оқытуда ұстаздары Ш.Сарыбаевтың әдістеріне сала отырып сусындатуға жол ашылды. Бір Ш.Сарыбаевтың ғана емес көптеген мұғалімдер жаңа мектептерде жаңа методологиялық оқыту тәсілдерін ұлттық ерекшеліктермен, қазақы дәстүрмен ұштастыра оқытты.

1920 жылдың бас кезінде училищенің оқу тәрбие жұмыстарының жақсаруына арифметикадан сабақ беруші және тәрбиеші жұмыстарын атқарған Ғани Мұратбаевтың кітапхана жұмыстарын ұйымдастырушы тәрбиеші А.Асфендиярованың қызметтері елеулі болды, училищеде түрлі үйірмелер жұмыс істеді, оларға оқушылар көптеп қатысып, өз белсенділіктерін танытты. Оқушылар арасындағы тәрбие жұмысына жалынды жас Ғани Мұратбаев көп еңбек сіңірді, ол әрдайым жастар арасында табылып, жастардың арасындағы мұң-мұқтаждықтарды шешіп, саналы тәрбие беруге белсене кірісті.

Ақмола уезі, Шу болысының 1 ауылынан училищеге оқытушы болып келген 20 жастағы Дінмұхамед Әділұлының еңбегі ерекше болды. Ол Омскіде еркектердің жеті жылдық гимназиясын бітірген орыс, латын,неміс тілдерін толық меңгерген білімді тәжірибесі мол ұстаз үйірмелер ұйымдастыру жұмыстарын жандандырды.

1920 жылдың 5 мамырынан 5 тамызына дейін үш айлық педагогикалық курсты бітірген 58 кісіге оқытушылық куәлік тапсырылды. Бұл мамандыққа ие болғандардың ішінде Сейдікәрім Ибрагимов, Қожақмет Есқараев, Шыныбай Беркінбаев, Палымбек Зембаев т.б.бар еді. 1920 жылдың 1 қазан айында Қазақ педагогикалық училищесі Қазақ ағарту институтына айналады.

1920 жылдың 24 желтоқсан айында Түркістан өлкесіндегі шаруашылықты ескере отырып ауыл шаруашылығы, техникалық мамандарды даярлау үшін «Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасының міндетін атқарушы С.Асфендияровтың кәсіптік-техниклық білім беретін оқу орындарын ашу және Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитетін құру туралы шешім шығарды [23].

Түркістан кәсіптік техникалық білім беру комитеті республикада кәсіптік – техникалық оқу орындар ашу, оларды тиісті жабдықтау, түрлі кәсіптік техникалық орта арнаулы училище, техникумдарға жауап беру жабылып қалған республика оқу мектептерін қайта жасақтау республика қажетті техникалық мамандар даярлау ісіне жауап бере отырып, техникалық-кәсіптік оқулықтарға ұсыныс, сұраныс беруге тиісті болды.

Кәсіптік-техникалық білімді ұлғайту үшін комитет жергілікті мекемелермен мәмлеге келе отырып техникалық оқу орындарын ашу жұмыстарын бастады.

Ташкент қаласындағы кәсіптік мектепті ұлғайтып политехникалық курсқа айналдырды, бірақ респубиликада кәсіптік – техникалық білім беретін мамандардың жоқтығы көзге ұрып тұрды.

Басты назар ауылшаруашылық мамандарын даярлау ісіне жұмылды. 1921 жылы Әулиеата қаласында ашылған Ауылшаруашылық техникумы ашылды, бірақ 1922 жылы Кәсіптік техникалық білім беру комитетінің шешімімен жабылып 1922 ж.Ташкент қаласында Орман шаруашылығы техникумы болып қайта құрылды. Ауылшарушылық мамандарын жергілікті халықтардан мамандар даярлау үлкен жұмысты қажет етті. 1922/23 оқу жылында 145 жергілікті оқушы техникумға қабылданды.

1920-23 жылдары Түркістан АКСР –гі ауылшаруашылығы және кәсіптік техникалық училищелер мен техникумдар

Сырдария облысы бойынша:



  1. Никольск ауыл шарушылығы техникумы, студент саны 39

  2. Экономикалық өндірістік техникумы, оқушылар саны 124,

оқытушы 18.

  1. Механика-техникалық техникумы, оқушылар саны 122.

  2. Инженерлік құрылыс техникумы, оқушылар саны 488.

  3. Орман шаруашылығы техникумы, оқушылар саны 211.

  4. Мамандандырылған ташкент механикалық-техникалық училищесі оқушылар саны 206.

  5. Теміржол агенттерін дайындау училищесі, оқушылар саны 160.

  6. Әулие ата ауылшаруашылық-механикалық училищесі, оқушылар саны 98.

Жетісу облысы бойынша ауылшаруашылық және кәсіптік техникалық училищелер мен техникумдар саны мен ондағы оқушылар саны 1920-1923 жылдар аралығында:

1. Алматы ауыл шаруашылығы техникумы 166 оқушы,

оқытушы саны 20.

2. Пишпек қаласындағы ауыл шаруашылық техникумы оқушылар саны 78, оқытушы 9.

3. Кәсіптік техникалық училище оқушы саны 48, оқытушы 5.

4. Ново-Алексеевск ауылындағы ауылшаруашылық машина құрлысы техникумы оқушы саны 69, оқытушы 4.

Көріп отырғанымыздай орта арнаулы оқу орындарының оқытушы жетіспеушілігі көзге ұрып тұр.

Түркістан АКСР-гі Жетісу,Сырдария облыстарында шоғырланған техникумдар мен училищелердің білім сапасы, Ферғана, Самарқанд, Түркімен облыстарындағы кәсіптік – техникалық училищелер мен техникумдарға қарағанда анағұрлым алға озып шықты.

Жалпы Жетісу, Сырдария облыстарындағы техникалық кәсіптік арнаулы оқу орындарының дамуы мен талантты жастардың шығуына сол кездегі Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Т.Рысқұлов көп еңбек сіңірді.

Үкіметтің қажырлы күшіне қарамай-ақ бұл оқу орындарындағы ұстаздар, мұғалімдер қолда бар оқу құралдарымен оқыта отырып республика керекті кәсіптік мамандар даярлап шығарды. Бұл арнаулы оқу орындардың түлектері кейін жоғары техникалық оқу орындарына білімін жалғастыруға жіберіліп отырды. Олардың арасынан кейінірек көптеген өнеркәсіп басшгылары, техника саласына сүбелі үлесін қосқан азаматтар шығып жатты, жалпы техникалық кәсіп иелері, яғни мамандары үлкен сұраныс пен қажеттілік тудырғаны мәлім.

1920 басында мұғалімдерді даярлау техникумдары мен училищелері көптеп бой көтере бастады. Бұл мектептердің санының өсуімен педагог кадрларға деген сұраныстың артуы еді.

Түркістанда орта арнаулы мектеп мамандарын даярлау ісі 3 сатыға бөлінді:

1. Техникумдар бұл оқу орындары 4 жылдық білім беру курсын бере отырып жетіжылдық бастауыш мектептерге педагог кадрлар даярлау, мектепке дейінгі тәрбиеші, сауатсыздықты жою жөнінде үгітші мұғалімдерді дайындаумен айналысты.

Педагогикалық училищелер техникумның мақсаттарымен айырмашылығы жоқ болса да мұнда 5 жыл оқу курсынан өту көзделген. 1920 жылы Түркістан АКСР-де 7 педагогикалық училище жұмыс жасады: Қазақ педагогикалық училищесі Шымкент қаласында. 1920 ашылған.

өзбек училещесі Қоқан қаласында 1920 ашылған

Қазақ ерлер педагогикалық училищесі Алматы қаласы.

Қазақ қыздар педагогикалық училищесі Алматы қаласы.

Екеуі де 1920 жылы ашылған.

Түркімен училещесі 1920 жылы ашылған.

Өзбек училищесі Ескі Ташкент қаласы 1920 жылы 15 қаңтарда ашылған. Өзбек педагогикалық училищесі Самарқанд қаласы 1920 жылы ашылған. Аталған училищелер 1920 жылы қаңтар – ақпан айларында бұрынғы педагогикалық курстардың негізінде қайта жасақталып өмірге келген арнаулы оқу орындары еді.

1920 жылдың мәліметтері бойынша мұнда 100 жуық мұғалімдер дәріс берген және бұрынғы мұғалімдердің негізінде училище оқытушылыққа қабылданып ары қарай жұмыс жасаған тәжірибелі ұстаздар болатын.

Түркістан АКСР – 1920-1923 жылдардағы Сырдария және Жетісу облыстарындағы педагогикалық техникумдар мен училищелер және оқушылар мен оқытушылардың саны.

Жетісу облысы бойынша:


  1. Алматы қаласындағы Педагогикалық техникум. олардағы оқушылар саны 121, оқытушы саны 12.

  2. Алматы қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесі, оқушылар саны 120, оқытушы саны 13.

  3. Алматы қаласындағы Қазақ ерлер педагогикалық училищесі,оқушылар саны 100, оқытушы саны 9

  4. Алматы қаласындағы Қазақ қыздар педагогикалық училищесі оқушылар саны 100, оқытушы саны 20

Сырдария облысы бойынша:

  1. Шымкент қаласындағы Қазақ педагогикалық училищесі оқушылар саны 100, оқытушы саны 18.

  2. Ескі Ташкент қаласындағы Өзбек педагогикалық училищесі оқушылар саны 65. оқытушы саны 9.

Аталған училищелер мектептік білім беру жүйесінің дамуына мұғалім кадрларды даярлай отырып жүзеге асырды.

Басқа да мамандандырылған арнаулы орта білім беру мекемелері.

Жетісу облысы бойынша:


  1. Алматы қаласындағы Көркемсурет техникумы

  2. Алматы қаласындағы Музыка училищесі

  3. Қапал уездіндегі Тігін тігу техникумы

Сырдария облысы бойынша:

  1. Ташкент қаласындағы Көркемсурет техникумы, оқушылар саны 108 оқытушылар саны 16

  2. Почта – телеграф мамандарын даярлау техникумы оқушылар саны 30 оқушы, оқытушылар саны 8

Түркістан АКСР –гі орта арнаулы оқу орындар үлкен жұмыстардың арқасында негізі қаланды дайындау курстарының базасының негізінде құрылған училище, техникумдар қоғамдық кадр сұранысына жауап беруге мүмкіндігінше тырысты, Қазақ педагогикалық училищесінің жұмысының жандануына Нәзір Төреқұлов, Х.Досмухамедов, С.Қожанов, Ғани Мұратбаев, Иса Тоқтыбаев сынды азаматтар үлкен үлес қосса, Жетісу, Сырдария облыстарындағы Жалпы Түркістан АКСР-гі кәсіптік-техникалық арнаулы оқу орындарының жұмыс істеуін және маман тапшылығын болдырмауға әрекет жасаған Түркістан АКСР Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы Тұрар Рысқұлов еді. 1924 жылы Түркістан АКСР-де 7 педагогикалық және 11 ауылшаруашылық училищелері болды. 7 педагогикалық 11 ауылшаруашылық училищелердің 1523 студенттің құрамы мынандай болды: 494 өзбек, 334 қазақ, 252 еуропалық халықтардың өкілдері, 106 түркімен 62 тәжік т.б. болды. Ауылшаруашылық кәсіптік техникалық және педагогикалық училище, техникумдары жергілікті халықтардың өкілдерін көптеп оқытты, республикадағы 32 техникалық училище техникумдар бар мүмкіншілікті 1923/24 оқу жылдары жергілікті ұлт өкілдерінің жастарынан мамандар даярлау мақсатымен түрлі мектептерден оқушыларды көптеп қабылдап инженер-техник темір жол мамандарын даярлауға көңіл бөлді. Орта арнаулы оқу орындарының ашылуы кәсіптік маман даярлауда туындаған қиындықтардың шешімі болған еді.

ІІ тарау. Түркістан АКСР жоғарғы білім беру және ғылымының дамуы.

    1. 2.1.Жоғарғы оқу орындары және олардың қызметі.

Түркістан өлкесінде патша үкіметі құлатылғанан соң Түркістан АКСР-де жоғарғы оқу орындарын құруға, халық шаруашылығының білім және мәдениет мамандарын даярлауға үлкен көңіл бөлінді. 1918 жылы Түркістан АКСР құрылғанға дейін Түркістан өлкесінде Жоғарғы оқу орындары болмады.

Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесінің шешімімен 1918 жылы 16 наурызда Түркістан халықтық

университетін құру туралы бұйрығы шығады [24].

Іле шала 1918 жылдың бірінші шілдесінде тағы бір жоғарғы оқу орны Мұсылман мұғалімдер институты ашылады [25].

1918 жылы Ташкент қаласында Халық комиссарлары кеңесінің №4 бұйрығы негізіне Түркістан шығыстану институты ашылды [26].

Бұл Түркістан республикасында Жоғарғы оқу орындарын ашуға үлкен бетбұрыс болды. Түркістан республикасында Халық комиссарлары кеңесінің 1920 жылы 2 қазан айындағы Ташкент қаласындағы Халық ағарту институттарын ашу туралы № 3 бұйрығы бойынша 4 институт ашылды

Олар: республика көлеміндегі барлық ұлт өкілдері үшін орыс тілінде сабақ жүргізетін Қ.А.Тимирязев атындағы Халық ағарту институты; тек қазақ тілінде сабақ жүргізілетін Қазақ халық ағарту институты; тек өзбек тілінде сабақ жүргізілетін өзбек халық ағарту институты; тек татар тілінде сабақ жүргізілетін Түрік – татар халық ағарту институты.

Сондай-ақ сол жылы Түркімен облысы Мерв қаласында ашылған Түркмен халық ерлер ағарту институты және Ташкент қалсында ашылған жергілікті еврей әйелдері мен өзбек әйелдері халық ағарту институттары жоғарғы оқу орындарының санын көбейтті [27].

Жоғарғы оқу орнын құру туралы бастамалар Түркістан өлкесінде патша үкіметі тұсында көтерілгенімен, Патша үкіметінің билігі ашуды керек деп таппады және мұндай бастамаларды жылы жауып қоюға тырысты.

1918 жылы жергілікті ұлт зиялылары мен білімді азаматтарының күш салуымен Ташкент қаласында «Жоғарғы оқу орынын құру жұмысшы қоғамы құрылды [28].

Бұл қоғамның мүшелері университет құру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп үлкен күш салды.

Бірінші кезекте ерекше комиссия құрылып мұғалімдерді іріктеуге, оқу бағдарламасын жасауға, жұмыс бағдарламасы, университеттің ішкі ережелерін құруға атсалысып аздаған уақыт ішінде жасап шықты.

1918 жылы 9 наурыз айында Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесі Халық ағарту комиссариатына Халық университетін құруды ұйымдастыру туралы нұсқау беріп 2 млн рубль қаржы бөлді.

Халық университетін құруға Кеңес үкіметінің төтенше комиссары Коммунистік партия Орталық комитетінің Орта Азия және Шығыс Сібірдегі өкілі П.А.Кобзев және де атақты орыс оқымыстылары А.В.Попов, В.И.Романовский, Г.Н.Черданцев, Л.В.Ошанин, А.С.Уклонский, И.А.Райкова, А.А.Семенов, Р.Р.Шредр, С.А.Коган сынды азамттар ерекше үлес қосты [29].

1918 жылдың 5 сәуірінде университетті құру тобы мен жұмысшы тобының жалпы отырысында университеттің тұңғыш ректоры етіп А.В.Поповты сайлады.

1918 жылы сәуір айының ортасына таман Халық университетін құру жұмыстары аяқталып, 1918 жылдың 21 сәуірінде Бостандық үйінде Университеттің Салтанатты ашылу рәсімі өтті [30].

Салтанатты кештің алғы сөзін П.Г.Полторацкий ашып «Университет ғылымның әулие храмы деп атап, бұл жұмысшылардың білімге бастау алар қайнар бұлағы», - деді [31].

Университетте сабақ 23 сәуірден басталды. Бұл уақытқа дейін оқуға түсушілердің жазылған саны 1200 [32].

Университет құрылған соң Түркістан республикасының басқа да қалаларында университеттің бөлімшелерін құру көзделді.

Халық университетінің ашылуы Түркістан АКСР-гі мәдени –ағартушылықтың үлкен қадамы болды. Түркістан Халық университетінің құрылуын бұқара халық қуана қарсы алды.

28 сәуірде Қоқан кеңесінің мүшелері университет басшылығына жазған телеграммасында «Жаңа өмірдің жаңа мәдени ағарту баспалдағы болады және жұмысшы табының үлкен рухани орталығына айналады деп сенеміз делінген [33].

Маман даярлау ісін жеделдету үшін жергілікті халықтарға арналған университетте мұсылман секциясын ашуды көзделген еді.

Бұл секция жергілікті халықтардың өз ана тілінде білім беруді алдына мақсат етті. Жергілікті ұлттар зиялы қауымының бастамасының 1918 жылдың 18 сәуірінде түрлі бастамашыл қоғамдардың басын қосып Халық университеінің жанынан жергілікті халықтар тілінде оқытатын секция құру бастамасын көтеріп комиссия құрылды. 15 демократиялық қоғам ұйымдарының өкілдері кіріп арнайы жұмысшы тобы жинақталды. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға мұсылман секциясына мүше болған Ғани Абдірашидов, Рустамбек Юсупбековтер жүргізді.

Жұмысшы тобы жергілікті халықтардың арасында үгіт насихат жүргізіп, жиындарда университет мақсаттарын айтып оқуға, білім алуға шақырды.

Мұсылман секцияларын құру туралы бастама 1918 жылы қолдау тауып ескі Ташкент қаласында салтанатты түрде ашылды. Салтанатқа Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы Ф.Колесов, РКФСР ұлт істері жөніндегі комиссариатының өкілі Ю.Ибрагимов, Ташкент қалалық кеңесінің төрағасы И.Тоболин, Түркістан Халық университетінің ректоры А.Попов және жергілікті халық өкілдерінің атынан оқушы Мариям Бақтияров сөз сөйледі [34].

1918 жылдың 14 мамыр айында Ескі Ташкент қаласында секцияда оқу басталды. Жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған университет хабаршысы «Халық университеті» газеті болды ол 1918 жылдың 20 сәуірден бастап шыға бастады.

1918 жылдың мамыр айында мұсылман секциясының газеті «Халқ дорил фунуни» шыға бастады [35].

1918 жылдың аяғына қарай Халық университеті Мемлекеттік атауымен алмастырылып жаңа ректоры болып Г.Н.Черданцев сайланды.

Университет құрамында экономикалық, тарих-филология, техникалық, жаратылыстану-математика және ауылшаруашылығы факультеттері кірді. Университет қиын қыстау кезеңді де басынан өткізді. Ашылған кезде 1200 оқушы болса аталған қиындықтардан соң 1919 жылдың 15 қаңтарында 640 оқушы ғана қалды. Университеттің оқытушылары мен оқушылары 1919жылы қаңтар айында болған Кеңестік жүйеге қарсы көтерліске қатысуына байланысты 1919 жылдың 30 қаңтарында Түркістан АКСР оқу-ағарту комиссариаты Халық университетін уақытша жабу туралы шешім шығарады [36].

Аздаған уақыттан соң университет қайта ашылған советтік көзқарасқа қырын қарайтын оқытушылар мен оқушылар университеттен шығарылды, орнына жаңа оқытушылар мен оқушылар қабылдау, оқу - тәрбие жұмыстарын жақсартуға күш салынды. Түркістан өлкесіндегі қалаларда университетке студенттер қабылдау үшін үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы шаралардан кейін түрлі қалалар мен өлкелерден оқуға қабылдау туралы телеграммалар келе бастады. 1919 жылдың тамыз айында университетте студент саны 482 адамға көбейді [37].

Осы уақытта түрлі кабинеттер жасақталып лабораториялар құрылды. Бірақта Түркістан Халық университеті толық жоғарғы оқу орны дәрежесіне көтеріле алмады жәй ғана әмбебап үлкен мектеп болып қалды.

Осы мақсатта Түркістан халық университетін базалы ғылыми жоғарғы оқу орнына айналандыру үшін Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесі, университет басшылығы түрлі ғылыми ұйымдар ерекше комиссия құрып оның жұмысшы тобына Г.А.Кобзев, А.Семенова, Н.Г. Белова енгізіледі.

Бұл жұмысшы тобы басқа ғылыми базалық университет жағдайымен танысып, сондағы базалық құрылымдармен алмасуға жұмыс бастады.

1918 жылы комиссия орталық базалық жоғарғы оқу орындарымен танысып пікір алмасты, атап айтсақ Мәскеу және Петроград қалаларында болды. Атақты орыс ғалымдары Түркістан халық университетінің жандануына үлкен үлес қосты «Түркістан университетінің уақытша ережесін» жасап шықты.

Коммунистік Партия Орталық Комитеті РКФСР халық комиссарлары кеңесі В.И Лениннің басшылығымен Түркістан университетін жандандыру Орта Азиядағы мәдени – ағарту жұмыстарының алғы шарты екендігін айтты [38].

В.И.Ленин университеттің басты мақсаты Түркістан өлкесіндегі халық шаруашылығын қайта құруға, мәдени-ағартушылық жұмыстарын жандандыруға сүбелі үлес қосатын маман даярлайтын базалық оқу ордасына айналуы керектігін айтты [39].

1919 жылдың аяғына таман Ташкент қалсына керекті құралдар, оқулықтар және профессор оқытушылардан тұратын 39 адам жіберілген еді. 1920 жылы 10 сәуірінде бірінші эшелон көмек қоры екінші құрал жабдықтар, оқулықтар қоры тамыз айында үшінші эшелон толы қор қыркүйек айында жетті.

1920 жылдың 7 қыркүйек айындаВ.И.Лениннің Ташкент қаласында «Түркістан Мемлекеттік университетін құру туралы декретке қол қояды [40]. Лениннің декретінен соң барлық қажетті құралдар тиелген екі эшелон қазан айының басында профессор Н.А.Димоның басшылығымен келіп жетті.

В.И.Ление Түрік комиссияға университетке қажеттінің барлығын тауып беруге нұсқау берді. Түрік комиссия университетке ең таңдаулы ғимараттарды оқу корпустарын алып берді.

Түркістан мемлекеттік университеті 1920 жылдың күз мезгілінен бастап жұмысқа кірісті. 1921 жылдың 15 қаңтар айында Түркістан АКСР Халық комиссаралары кеңесі Түркістан мемлекеттік университетінің жарғысын бекіту туралы декретке қол қойды [41].

Түркістан мемлекеттік университетінде физика-математика, ауылшаруашылығы,техникалық,медицина, әлеуметтік-экономикалық, әскери және жұмысшы факультеттері қайта жинақталып құрылды. 1921 жылдың 19 қаңтарда Түркістан АКСР Халық комиссарлары Кеңесі «Университет жарғысын» бекітіп онда университет жоғарғы оқу орны және ғылыми жаңалықтарды игеруге жоғарғы дәрежелі білікті кадрлар даярлауға және ғылыми жаңалықтарды өмірге енгізетін мекеме екендігі айтылған [42].

Жұмысшы факультетінде түрік немесе орыс тілінде сабақтар жүргізіліп, факультет студенттеріне мынандай сабақтар өтілді. Математика, тарих, физика, жаратылыстану пәндерінің түрлі салалары.

Университетке медицина факультетін ашу 1919 жылдың 27 қазан айында өлкелік медицина мектебін біріктіру арқылы жүзеге асты. Түркістан мемлекеттік университетінің шақыруы бойынша білікті медицина оқытушылары Мәскеу қаласынан келді. 1919 жылғы 29 қазанда факультет деканы болып көрнекті дәрігер профессор Н.П.Ситковский тағайындалды.

Университетте әскери факультет ашу Мәскеу қаласында әскери маман Э.С.Батенин. бас штабтың профессоры А.Е.Снесарев қатысқан мәжілісте талқыланып 1920 жылы 25 желтоқсан айынан бастап студенттер қабылдады.

Университеттің техникалық және ауылшаруашылығы факультеттерінде Түркістан өлкесіне өте қажетті мамандар даярлау тапсырылған еді. Ауылшаруашылығы факультетінде 3 жыл, техникалық факультетте 3,5 жыл болып, 1920 жылы 24 шілдедегі Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесінің декретіне сәйкес жүзеге асты.

1920 жылы Түркістан мемлекеттік университетінде оқыған студенттер мен мұғалімдер саны:

1. Ауылшаруашылығы факультеті 322 студент, 26 оқытушы.

2. Техникалық факультет 318 студент, 14 оқытушы.

3. Тарих – филология факультеті 214 студент, 12 оқытушы.

4. Әлеуметтік – экономикалық факультеті 205 студент, 14 оқытушы.

5. Медицина факультеті 166 студент, 16 оқытушы.

6. Жұмысшы факультеті 153 студент, 35 оқытушы

7. Физика – математикалық факультет 92 студент, 11 оқытушы.

1921 жылы студенттердің саны мен профессор оқытушылар құрамы өсті 1921 жылдың көктемінде 2843 студент болса, профессор-оқытушылар 482 адамды құрады.

Студенттермен оқытушыларды факультет бойынша бөлетін болсақ:

Медицина факультеті 148 оқытушы 600 студент.

Жұмысшы факультеті 41 оқытушы 500 студент

Техникалық факультеті 70 оқытушы 402 студент

Ауылшаруашылығы факультеті 53 оқытушы 820 студент

Әлеуметтік экономикалық факультеті 20 оқытушы 282 студент

Физика – математика факультеті 61 оқытушы 277 студент

Тарих – филология факультеті 29 оқытушы 276 студент

Әскери факультет 60 оқытушы 188 студент

Жалпы университетке барлық дәрежедегі қызметкерлер саны 1000 адамды құрады [43].

1923 жылы Орта Азияның мемлекеттік университеті болып өзгертілді.1918-1924 жылы аралығында университет құруда оның базалық Жоғарғы оқу орнына айналуына РКФСР Халық комиссарлары, Түркістан АКСР Халық комиссарлары кеңесі Түркістан өлкесінің зиялы қауым өкілдері тағлымы терең түркі халықтары орасан зор еңбек сіңірді.

Университет Түркістан өлкесіндегі халық шаруашылығын жақсарту, ел экономикасын нығайту, білік педагог кадрлар даярлауға өзінің оқу материалдық бар күшін салып Орта Азия түркі халықтарының тұңғыш жоғарғы оқу орыны Түркістан АКСР-гі білім мен ғылымның алтын ошағына айналды, сонау Мәскеу, Петроград қалаларынан келген оқытушы профессорлар Н.А.Димо, белгілі медицина ғалымдары Г.Н.Броверман, Л.В.Ошанин, Ф.Менецкий-Войно бойындағы бар білімін Түркістан топырағына білім тұқымын септі, киелі Түркістан топырағы себілген тұқымнан елеулі жемістер берді.

Түркістан мемлекеттік университеті 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік университеті болып құрылды. Орта Азияны мекендеген түркі халықтарының ортақ білім ошағына айналды.

Шығыстың шоқ жұлдызды жоғарғы оқу орны 3000 мыңға жуық адамы білім нәрімен сусындатқан, өмір талабына, қоғам қажеттілігін ескере отырып, озық технологиялық әдістерін шәкірттерге құлшына үйретіп жатты.

1923 жылы Орта Азия университетінде қазақ халқының 214 студенті білім алғаны қуантады. Түркістан өлкесіндегі жоғарғы оқу орындардың бірі мұсылман мұғалімдер институты 1918 жылдың 1 шілдесінен бастап ашылған институтта білікті педагог оқытушылар Исмаил Хакки, Фитрат Абдулрауф, Кемал Шамси, Ибрагим Исмагилов, Бурган Хабиб, Мукаввар Қары, абдулла Рақымбаев, Әбдірахман Ысмайлов. Хайдар Шаухи, Анна Порайкова, Александр Сергеев жұмыс жасады.

Институттың алдына училищелерге мұғалімдер даярлау болса, кейіннен жеті жылдық мектептерге мұғалім даярлажы.

Институтта2 жылдық жедел мұғалімдер даярлау және 4 жылды жоғары білікті оқытушылар даярлау курстары жұмыс жасады.

Жедел даярлау 2 жылдық мұғалімдер курсы – 27 оқушы 4 жылдық жоғары білікті мұғалімдер курсы 46 оқушы институтта оқытылатын пәндер мен пәндерді оқыту сағаттары.

Арифметика 214 сағат

Геометрия 66 сағат

Жергілікті халықтар тілі 189 сағат

География 84 сағат

Гигиена 34 сағат

Неміс тілі 8 сағат

Гимнастика 41 сағат

Жаратылыстану 136 сағат

Тарих 17 сағат

Бейнелеу өнері және сурет 36 сағат

Сауатты жазу 37 сағат

Еңбекке баулу 36 сағат

Әдеп 21 сағат

Дидактика 45 сағат

Орыс тілі 72 сағат

Ән айту 25 сағат [44].

Институтта оқитын студенттердің 90% жағдайы жоқ отбасылардың балаларынан құралған және институттың оқу ғимараты ескірген оқуға ешқандай жағдай жасалмаған, осыған орай Түркістан АКСР оқу – ағарту комиссариатының Ескі Ташкент қаласындағы бұрынғы мұғалімдер семинариясының ғимаратын беру туралы шешім қабылдайды [45].

1918 жылда ашылған тағы бір жоғарғы оқу орындарының бірі Түркістан Шығыс институты.

1918 жылдың 8 қараша айында Түркістан АКСР Халық оқу ағарту комиссариатының «Түркістан Шығыс институтының» жобасын бекіту туралы шешімі шығады [46].

Шығыстану институты жоғарғы оқу орны ретінде мына мақсаттарды айқындады.


    1. Түркістан республикасына білікті кадрлар даярлау.

    2. Түркістан республикасының Шығыс елдерімен жұмыстарын жеңілдету.

Институтқа орта мектепті бітірге кез – келген оқушы қабылданады, орта мектеп бітірмеген талапкерлерге тыңдаушылар ретінде қабылдауға мүмкіндік туғызылған және білім дәрежесі жетіп жатқан жағдайда қабылдауға мүмкіншілік қарастырылған.

Институтта оқу мерзімі 4 жыл.

Институтта пәндерді оқып қана қоймай жазғы демалыс уақытында тілдерді тереңдеп оқуға да болады.

Институттағы оқытушылар кеңесінің бағдарламасына сәйкес демалыс уақтысында бір немесе бірнеше шығыс тілдерінің курсы ашылады, тілдер курсына жазылу студенттердің өз еркінде.

1918 жылдың 25 қараша айынан бастап Түркістан Шығыс институтында алғашқы лекция оқулар басталды. Аталмыш институт Петроград университетінің шығыс тілдері факультетінің оқу бағдарламасы негізінде оқыту жүйесін қалыптастырды. Институтта шығыс тілдері теориялық оқытылып жазғы демалыста практика жүзінде қайта оқытылатын болған.

Институт ашылғанда 234 студент қабылданды. Олардың 148-і яғни 63% толық курсқа жазылса, 86-ы яғни 37% аяқталмаған курсқа қабылданды [47].

Алыс қала ауылдардан келген студенттерге Ташкент қаласында жатақхана беру көзделіп, 1919 жылы 12 қаңтар айында Ташкент қаласындағы ескі ғимаратты алып береді.

Институттің өзінің оқу ғимараты бұрынғы Ариф Ходжа үйі еді. Бұрын мұнда «Проводник» Ташкент сауда өнеркәсіп фирмасы болған еді.

Оқытылатын пәндер.

Түркі тілдері бойынша:



  1. Өзбек тілі 1-4 курсқа дейін

  2. Қазақ тілі 1-4 курсқа дейін

  3. Түркімен тілі 2-4 курсқа дейін.

  4. Татар, әзірбайжан, түрік тілі (жалпы шолу) 3-4 курсқа дейін.

Иран тілдері бойынша:

  1. Парсы тілі, а) парсы тілі мен парсы әдебиетінің тарихы 1-4 курсқа дейін.

  2. Қазіргі парсы тілі 2-3 курстарда.

Басқа да тілдер бойынша

  1. Тәжік тілі 2 курста оқыту

  2. Пуштун тілі (студенттің өз еркімен) 3-4 курстарда.

  3. Араб тілі 2-4 курстарда

  4. Урду тілі (студенттердің өз еркімен) 3-4 курстарда

  5. Ағылшын тілі 1-4 курсқа дейін.

  6. Неміс тілі (студенттердің өз еркімен) 1-4 курсқа дейін

  7. Француз тілі (студенттердің өз еркімен) 1-4 курсқа дейін

Азия географиясы пәні бойынша:

  1. Түркістан географиясы 1 курста

  2. Орыс географиясы 1 курста

  3. Қытай географиясы 1 курста

  4. Хиуа және Бұқара географиясы 1 курста аталмыш пәндер 1 курс студенттеріне толық курс ретінде оқытылды.

Шығыс тарихы пәні бойынша:

  1. Орта Азия тарихы 1-4 курсқа дейін

  2. Ислам тарихы 1-4 курсқа дейін

  3. Шығыс археологиясы 34 курстарда.

Энография пәні бойынша:

  1. Орта Азия халқы 1 курста

  2. Ауғанстан халқының этнографиясы 2 курста

  3. Парсы халықтары 3 курста

  4. Тәжік халықтары 1 курста

Қосымша пәндер.

  1. Мұсылман жазуының каллиграфиясы.

  2. Нумизматика

  3. Мұсылман құқықтануы

  4. Құқықтану энциклопедиясы

  5. Халықаралық құқықтану

Түркістан Шығыс институтында жұмыс жасаған профессор оқытушылар құрамы мықты мамандардан тұрды, маманданған білікті ұстаздардың білімі Петроград, Саратов Мәскеу сынды қалалардың маңдай алды университеттерде оқып білімді оқытушылардан тәдім алған тарландар еді.

1. Малицкий Н.Г. География (Шығыс) пәнінің оқытушысы 1895 ж. Петроградтағы Тарих – филология институтын бітірген.

2. Андреев М.С. Үндістан және Ауған географиясының оқытушысы 1913 ж. Воронеж қаласындағы Шығыстану курсын бітірген.

3. Машковцев А.Ф. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы. 1907 жылы Петроград қаласындағы Шығыстану курсын бітірген.

4. Коршун А.В. Француз тілінің лекторы. 1899 жылы Петроград қаласындағы Француз тілі жоғарғы курсын бітірген.

5. Фингер Э.Э. Неміс тілінің лекторы. 1986 жылы Юрьевск университетінің түлегі.

6. Джем Д. Ағылшын тілінің лекторы 1903 жылы Эдинбург қаласындағы Эдинбург университетін бітірген.

7. Фаизи Х.Г. Шығыс каллеграфиясы пәнінің лекторы.

8. Семенов А.А. Түркістан тарихының профессоры. 1895 жылы Петроград қаласындағы Тарих – филология институтын бітірген.

9. Успенский Л.В. Ежелгі Шығыс тарихының профессоры 1911 жылы Мәсеу университетін бітірген.

10. Диваев А.А. Қазақ этнографиясы пәнінің оқытушысы.

11. Руднеев В.С. Араб тілінің профессоры 1894 жылы Петроград қаласындағы университеттің шығыстану факультетін бітірген.

12. Николаев А.К. Исламтану профессоры 1894 жылы Петроград қаласының университетіндегі шығыстану факультетін бітірген.

13. Семенов Н.Г. Мұсылман құқықтану пәнінің профессоры 1894 жылы Петроград қаласындағы университеттің шығыстану факультетін бітірген.

14. Буденов Г.С. Үнді – Еуропа тілдерінің ерекшеліктері мен салыстырмалы грамматика пәнінің оқытушысы. 1894 жылы Петроград қаласындағы университеттің шығыстану факультетін бітірген.

15. Вундаль Н.Ф. Санскрит тілі пәнінің оқытушысы. 1900 жылы Лащеровский шығыс тілдері институтының түлегі.

16. Фадеев М. География пәнінің негіздерін оқытушы. 1906 жылы Мәскеу университетін бітірген.

17. Иванов С.К. Шығыс тарихы мен Түркістан тарихы пәнінің оқытушысы 1914 жылы Мәскеу университетін бітірген.

18. Булгаков А.С. Түркі халықтарының тарихы, Түркістан экономикалық географиясы пәнінің оқытушысы 1906 жылы Мәскеу университетінің тарих – филология факультетін бітірген.

19. Тройцкий А.А. Шығыс Түркістан географиясы, Парсы географиясы, Қытай географиясы пәнінің оқытушысы. 1913 жылы Шығыстану курсын бітірген.

20. Карботкин Д.И. Шығыс тарихы пәнінің оқытушысы. 1911 жылы Мәскеу университетінің заң факультетін бітірген.

21. Фундетцел Н.Э. Ежелгі дүние тарихы және Парсы тарихы пәндерінің оқытушысы. 1905 Мәскеу университетін бітірген. 1924 жылы Түркістан Шығыс институты Орта Азия университетінің Шығыст факультеті ретінде біріктіріледі. Бұл факультетті 1924 жылы профессор А.Э.Шмидт басқарады.

Бұрынғы Шығыс институтының профессор оқытушылары толығымен шығыстану факультетінің құрамына енді, факультетке Петроград қаласынан оқытушылар шақырылып, профессор оқытушылыққа шақырылып факультеттің ғылыми дәрежесі көтерілді. Факультетте құрметті мүше болып академиктер В.В.Бартольд, В.Л.Вяткин жұмыс жасады.48

1920 жылы 1 қазан айында Ташкент қаласында К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институты ашылды. Аталмыш жоғарғы оқу орны орыс тілінде білім бере отырып, Түркістан халықының барлық ұлтына арналды. Өлкелік маңызы бар бұл жоғарғы оқу орны І және ІІ сатылы мектептерге педагог кадрларды даярлаумен шұғылданды және К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институтының базасында мектепке дейінгі бала тәрбиесі, яғни балабақша тәрбиесін даярлау 1920 жылы 28 қараша айынан бастап қолға алынып балабақша тәрбиешілерін де даярлап шығаруға оқу бағдарламасын түзеді. К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институты тікелей Түркістан АКСР Халық ағарту комиссариатына қарап институтқа қажетті оқу құралдары, материалдық жабдықтар сияқты қажеттіліктің комиссариатпен бірге шешіп отырды.

Түркістан АКСР халық ағарту комиссариатының шешімі бойынша К.А.Тимирязев атындағы Халық ағарту институты Түркістан мемлекеттік университетінің дәрежесімен теңестірілді, мұғалім оқытушыларға да Түркістан мемлекеттік университетінің айлық жалақы көрсеткіші негізінде еңбекақы төленді.

Дәрежесі Түркістан мемлекеттік университетімен теңестірілген К.А.Тимирязев атындағы халық ағарту институты педагог кадрлар даярлаужұмысын бастап Түркістан өлкесінің жер – жерлерінен институтқа студенттер қабылдана бастады.

1920 жылдың 1 қазан айында 412 студент қабылдап мектеп сұраныстарына қажетті мамандар даярлау жұмысын бастады. Институтта 4 жылдық оқу мерзімімен оқытты.

Түркістан өлкесінде құрылған 6 оқу-ағарту институттары соның ішінде 1 әйелдер институты жұмыс істеді. Оларда 1500 аса адам білім алды [49]. Осы аталған халық оқу – ағарту институттарының ішінде ерекше атап өтетін 1920 жылдың 1 қазан айында шаңырақ көтерген.Қазақ ағарту институты.

1918 жылы құрылған Түркістан АКСР –ің орталығы Ташкент қаласына Т.Рысқұлов, С.Қожанов, Қ.Қожықов, Н.Төреқұлов, Е.Табынбаев, И.Тоқтыбаев т.б. секілді қазақ зиялылары шоғырланды. Сауаттылық деңгейі төмен елде қоғам құрудың қиын екенін ескерген Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Қожановтар Ташкентте ағарту ісіне ерекше мән беріп Қазақ институтын ашуға ерекше мән беріп, оның келешегі нұрлы екендігіне кәміл сенді. Әрине бұл институтты ашудан алдын, ең алдымен қысқа мерзімді қазақ педагогикалық курсын кейіннен педагогикалық училищесін ұйымдастыру қажет деп тапты.

1920 жылдың 21тамыз айында Қазақ ағарту институтын ұйымдастыру үшін комиссия құрылды. Оның мүшелігіне тәжірибелі педагогтар Е.Табынбаев, Б.Есенов, Х.Досмухамедов, Қ.Қожықов, В.Н.Көшербаевтар енді [50].

Арнайы құрылған комиссия оқу орталығының барлық жетістіктері мен кемшіліктерін, қажеттіліктерін айқын көрсетіп берді.

1920 жылы 1 қазан айында Қазақ педагогикалық училищесі Қазақ Халық ағарту институты болып өзгертілді [51].

Түркістан өлкесіндегі қазақ халқының арасында мұғалім мамандарды даярлау үшін Ташкент қаласында ашылған. Қазақ халық ағарту институтының құрамына 1) негізгі педагогикалық 5 жылдық курстар; 2) 1 жылдық курстар; 3) мектепке дейінгі тәрбие курсы; 4) Мектептен тыс білім алу курсы; 7) 1 сатылы тәжірибелі еңбек мектебі; 8) балалар бақшасы алынып бекітілді .

Халық ағарту комиссариатының қолдауымен құрылған Қазақ халық ағарту институтының алдына қойған талаптары мен міндеттері Қхалық ағарту институты қазақ халқының мәдени ағартушылық өмірінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылы.

Сондай-ақ біріншіден мектепке дейінгі, мектеп кезеңіндегі және мектептен тыс білім беру қызметкерлерін дайындау, екіншіден олардың жұмысын институт шеңберінде біріктіріп, олардың кең қанат жаюына, күнделікті білімдерін күшейтуге жағдай жасау.

Ағарту саласында қызметкерлерді дайындау үшін институт мына төмендегі курстарды ашуға мүмкіндік алды: 1) Мектепке дейінгі білім алудың бір жылдық курсы; 2) Мұғалімдік семинарияны бітірген мұғалімдердің білімін жетілдіру курсы; 3) мектептен тыс білім алу курсы; 4) бірінші сатылы мектеп мұғалімдерін дайындау үшін бес жылдық курстар [52].

Қазақ халық ағарту институтының ережесіне сай институтта педагогикалық, медициналық, ауылшаруашылық, физика – математикалық мамандық бөлімшелері болуы тиіс еді. Алайда институтта қазақтар арасында ғылыми, кәсіби мамандардың жетіспеуіне байланысты тек педагогикалық бөлімше ғана ашылды.Қалған бөлімшелер ашылғанға дейін Қазақ институтында ана тілінде сабақ жүргізілетін 4 жылдық курс негізінде педагогикалық бөлімше оқушылар қабылдады.

Ғылымның әр түрлі саласында мамандарды дайындау барысына Институт бағдарламасы төмендегіше түзелді:

1. Ғылыми жоспар арнайы педагогикалық тәжірибе негізінде түзілуі керек. Мәселен қазақ мектерінің түрлеріне қарай, қазақ тілінде қарастырылған оқулықтардың жоспарына қарай.

2. Еуропалық ғалымдар негізінде қазақ тілін жетілдіру.

3. Ғылыми пікір сайыстар үшін терминологиялық жоспарын дамыту.

4. Қазақтың халықтық және көркем әдебиеттуындыларын жинау.

5. Қазақ халқының тарихын меңгеру, құрастыру.

6. Қазақ халқының ескіден қалған ескерткіштерін өнерлерін жинау, жүйелеу.

7. Қазақ халықтың кешегі және бүгінгі өміріндегі әдеп – ғұрп, салт – дәстүр көріністерін үйрену.

1920 жылы 1 қазан айында Институт директоры болып Емберген Табынбаев тағайындалды.Оқу ғылыми істерге, педагогикалық курстарға, мектептік істерді қадағалауға В.Көшербаев, Қ.Қожықов, Дьяковқа бекітілді, Институт оқушыларын медициналық тексеруден өткізу Х.Досмухамедовқа тапсырылды [53].

Қ. Қожықов, Е.Табынбаев Түркістан АКСР-ің ең басты жоғарғы оқу орны Түркістан мемлекеттік университетінен келген еді. 1920 жылы С.Мангельдин 28 қыркүйекте институттың іс жүргізуші қызметіне қабылданды [54].

Бұрынғы училище мұғалімдері И.Тоқтыбаев, Ш.Сарыбаев, К.Ахмедов, О.Тохтыбаев, Р.Лапина, Ф.Құлтаев институт оқытушылар құрамына қабылданды.

Педагогикалық курс 1921 жылы шілдеде бірінші болып 15 мұғалім даярлап шығарды. Маман даярлау ісіне сабақ берген Табынбаев – педагогикадан Тоқмашев – орыс тілінен, Абланов – жаратылыстанудан, Байғурин - тарихтан, курс меңгерушісі Иманжанов қазақ тілінен географиядан сабақ берді [55].

Институт бағдарламсына сай енгізілген араб тілі пәнінен Хайруддин Байғондиев, математикадан Мұхаметжан Тынышбаев, Жоғары сыныптар үшін Есболовтың жаратылыстанудан Кәрім Жәленовтың келуі білім беру мәселесінің шешілуін тездетті.

1921 жылдың қаңтар айында институт директоры болып Бабай Есенов тағайындалды іле шала шалғай аудандарға қызмет ауыстыруымен институт директоры болып К.Жәленов тағайындалды [56].

Оқытушылардың саны көбейіп, тәжірибесі бар, оқыту деңгейі жоғары негізгі мектепте 3 оқытушы, бір жылдық курста 9 оқытушы ал институтына 25 оқытушы дәріс оқыды. 1921 жылы институтта оқытушылар саны 64 жетті.

1923-1924 жылдары Қазақ халық ағарту институтында ұзын саны 259 оқушы оқыды оларды әр сыныпқа бөлсек: 1) Тәжірибелік үлгілі мектебінің 1 сыныбында 21 оқушы, 2-ші сыныбында 21 оқушы, 3-сыныбында 49 оқушы 2) Дайындық курстарының жоғарғы сыныбына 37, орта білімді «А» сыныбында – 39 «В» сыныбында 40 оқушы, ал негізгі төрт курс бойынша, 1 курста 19, 2 курста 23, 3 курста -6. 4 курста 4 оқушы оқыды. 259 оқушының 200-і қазақтар, 51 қырғыздар 3-і өзбектер, 1-татар 4 түркімен.

1923 жылы институттың оқытушылар құрамы күшейтілді. Файзулла Ғалымжановтың математика оқытушысы болып келуі және институттың оқу бөлімін басқарды, Мадина Қасымованың ана тілінен, Мұхаметжан Тынышбаевтың тарих пәнінен Мағжан Жұмабаевтың педагогика және ана тілінен, Халел Досмұхамедованың анатомия мен гигиенадан сабақ беруінің маңызы зор болды.

Сол жылдары оқушыларға Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ әдебиетінен сабақ беруі, оқушылардың драма үйірмесіне жетекшілік етуі институттағы көрнекті оқытушылар санын көбейтті, жалпы институт ұжымының сапасын арттырды.

Сондай-ақ оқушылар институттағы қоғамдық жұмыстармен қатар, институт оқытушыларымен бірігіп оқулықтар шығару, газет – журналдар шығару ісіне араласты. Әсіресе институтқа жас оқытушы Ғани Мұратбаевтың келуі оқушылардың белсенділігін арттыра түсті. Оқу орнының жергілікті жерлермен өзара байланысы жақсы нәтижеге жеткізді. 1923 қыркүйекте институтқа Түркістан еңбекшілерінің 241 баласы қабылданды, оның ішінде 22,5% тұл жетімдер. Жалпы Сырдария облыстан 193, Жетісу облысынан 19, Ферғанадан 14, Самарқаннан 4, Хорезм республикасынан 5, Қырғыз республикасынан 5 оқушы: олардың ішінде 195 қазақ, 41 қырғыз, 5-і өзбек балалары еді. 1924 жылы 17 қаңтар айында институт өзінің алғашқы түлектерін білім ұясынан ұшырды директор С.Айзунов, оқытушылар Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев, Ф.Ғалымжанов, А.Байтасовтар студенттердің төрт жылдық курсты мерзімнен бұрын бітіргендігі туралы қарар қабылдады.

Бітіруші түлектер 1920-1924 жылдар аралығында 4 жыл білім алып 25 пәннен емтихандар тапсырып Халық оқытушысы деген куәлікке ие болды. 1924 жылы мамыр айының 12 жұлдызында директор С.Айзунов қол қойған қарар бойынша өз кезегімен тағы да 6 оқушы бітіріп шықты 1923-1924 оқу жылында оқу орнының жанынан ер жігіттер үшін «Шаш қысқарту» курсы қыздар үшін «Киім тігу» курсы ашылып онда кейін белгілі тұлғалар болған Т.Айзунов, Қ.Жандарбеков, Ә.Қоңыратбаев оқуға тілек білдірген .

Институтқа түсуге ниет еткен талапкерлердің саны жылдан жылға көбейе берді. 1924-25 оқу жылында оқуға түсушілердің саны арта түсті.1924 жылы 1 қазанда құжат тапсырушылардың саны 314-ке жетті. Соның медициналық байқау комиссиясына 240 талапкер өтті, ал сынақ емтиханнан тек қана 77-сі ғана өтті, сынақ комиссиясына Мұхамеджан Тынышбаев төрағалық етті [57].

Оқуға қабылданған оқушылар оқу орнының облыстарға бөлінген орындары бойыншатүсті. Мәселен, Сырдариядан 35, Жетісудан 22, Ферғанадан 14 Қазақ АКСР-гі жергілікті ұйымдардың жіберуімен 6 оқушы оқуға қабылданды, 47 қазақ 30 қырғыз барлығы дерлік кедей шаруалардың балалары [58].

Оқушыларды қабылдау жергіілкті қабылдау комиссиясының ережелеріне сай жүргізілді 314 талапкердің 77-ғана өтуі институт оқу базасының күшейгенін көрсетеді. Оқуға түсуші талапкерлер үшін арифметикадан барлық сандар бойынша 4 амалмен таныс болу, ана тілімен сауаттылығы тексерілді.

Оқу орнын бітіріп шыққан халық ағарту саласының қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз ету Т.Рысқұлов басқарған Халық комиссарлары кеңесінің негізгі бағыт жүктемесі еді. Қазақ институтын бітірген 13 маманды Түркістан Халық ағарту комиссариатының берген жолдамасымен төмендегі қызметтерге тағайындады.



  1. Алиев О - Әулие ата білім беру бөліміне инспектор.

  2. Бұхарбаев Ә. Ташкент халықтық білім беру институтына.

  3. Баймаханов С. Комсомол комитетіне

Тағы басқа кадр тапшылығын көрген мекемелерге жіберді.

1920 жылы 20 тамызда халықтық білім беру комиссариатының жалпы бағдарламасына сай бір апталық жүктемесіне білім берудің жергілікті ерекшеліктеріне байланысты төмендегі өзгерістерді енгізді.

а) француз және неміс тілдерінің орнына барлық курс бойынша араб парсы тілдерін енгізді ал төртінші, бесінші курста қазақ тілдерімен бірге басқа да түрік тілдері оқытылады.

б) Бес жылдық курс бойынша сабақтар апталық жүктемеде төмендегіше бөлінді:

Қазақ тілі бес жыл бойында 20 сағат, Орыс тілі 20 сағат, парсы тілі – 13 сағат

Араб тілі 13 сағат, психология 4 сағат, Математика 17 сағат, химия 6 сағат, ән салу 10 сағат, Тарих 10 сағат, физика – 12 сағат, дене тәрбиесі – 10 сағат, қол еңбегі -15 сағат [59].

Жауапкершілігі күшті бір жылдық педагогикалық курс оқу мерзімі бір жыл ішінде апталық жүктемесі 39 сағатқа негізделіп мынандай пәндерді оқып шығады: ана тілі - 6 сағат (аптасына)

Орыс тілі 6 сағат, математика 6 сағат, педагогика -6 сағат, жаратылыстану – 6 сағат, тарих – 3 сағат, география 3 сағат, дене тәрбиесі – 3 сағат.

Оқу орны институт деп аталғанымен оның түлектері арнайы орта білім алып шықты, оқу бітірушілерге 1 сатылы мектептерде ұстаз болу құқығын беретін куәлік берілді. Әйтсе де Түркістан АКСР –гі Жоғарғы оқу орындары қоғамға үлкен бетбұрыс әкелді. Дүниенің кілті оқу білімде екенін дәлелдеді. Түркі халықтарының жаппай білім алуға мәдени ағартушылыққа бойы ұруы һәм дүниені біліммен ұштастыра білуінде жатыр еді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет