Пәннің аталуы
|
Физика I, II
|
Қысқартылған атауы
|
Физика
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Дәрістер, зертханалық сабақтар, СӨЖ, ОБСӨЖ
|
Семестр:
|
2,3 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Хамза А.Қ.
|
Доцент/оқытушы:
|
аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ , орыс тілдерінде
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Базалық пән, міндетті компонент
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Дәріс-15 сағ., зертханалық - 15 сағ. прак. – 15, СӨЖ-45 сағ.,
ОСӨЖ –45 сағ.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы –135 сағ.
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: жоғары математика, мектеп бағдарламасының физика курсын білу.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Физика саласынан білім мен біліктілікті меңгеру. Осы замандағы әлемнің жаратылыстану ғалами суреттемесі туралы түсініктерді қалыптастыру; Физика саласындағы теориялық білімді, болашақ мамандық бойынша арнаулы пәндерді меңгеру мен жұмыс барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білуге үйрету. Студентті физиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктерімен таныстырып, әлемнің физикалық көрінісі туралы түсінікті қалыптастыру. Химия мамандығы бойынша оқитын студенттерге өз мамандығына қатысты тақырыптарға ерекше маңыз беріледі.
Курстың мәселелері – маманның дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, физика негіздерін меңгерудегі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыра білуі.
|
Мазмұны
|
Дәрістің мазмұны:
Кинематика. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте түсінігі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Механикадағы күштердің түрлері. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс дина-микасының теңдеуі. Штейнер теоремасы. Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялық салдары ретінде. Импульстің сақталу заңы. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі.. Стокс өрнегі. Пуазейл формуласы. Тербелістер мен толқындар. Қума және көлденең тербелістер. Толқындар. Толқын теңдеуі, оның сипаттамалары және оған мысалдар. Статистикалық физика және термодинамика. Молекула-кинетикалық теорияның негіздері. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Статистикалык үлестірулер. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл үлестірілуі. Больцман үлестірілуі. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың І бастамасы. Изопроцесстер. Карно циклі және оның п.ә.к. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодина-миканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия. Реал газдар. Ван-дер-Ваальс тендеуі. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күй. Үштік нүкте. Электростатика. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электростатикалық өрістің цинкуляциясы. Потенциал. Тұрақты электр тогы. Металлдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күшi, кернеу. Кирхгоф ережелерi. Газдар мен плазмадағы электр тогы. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер күші. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Заттағы магнит ағыны. Магнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей заңы. Ленц ережесі. Максвелл теңдеулері. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Умов-Пойнтинг векторы. Сәулелік (геометриялық) оптика түсініктері. Фотометриялық шамалар. Жарық толқындарының қасиеттері. Жарық толқындарының интерференциясы. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Голография. Заттағы электромагниттік толқындар. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененiң сәулеленуiнiң проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Кванттық теориялардың негізгі идеялары тәжірибе жүзінде тұжырымдау. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Франк және Герц тәжірибелері. Атомдардың сызықтық спектрлерi. Бор постулаттары. Сәйкестік принципі. Корпускула-толқындық екіжақталық. Де-Бройль гипотезасы. Шредингер теңдеулері. Конденсацияланған күй. Металдардың электр өткізгіштігі. Ферми деңгейі. Металлдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының радиактивтi ыдырауы. Ядролық бөлiнудiң реакциясы. Ядролық реактор. Элементар бөлшектер
Зертханалық сабақтар. 1. Көптеген тікелей өлшеулердің нәтижелерін өңдеу. Жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу.
2. Қатты дене айналмалы қозғалысы заңдарын зерттеу.
3. Максвелл Маятнигінің қозғалысын зерттеу .
4. Тербелмелі қозғалыс заңдарын физикалық маятниктің көмегімен зерттеу.
5. Дөңгелеу үйкелісі коэффицентін анықтау.
6. Айналмалы тербеліс әдісімен қатты денелердің инерция моменттерін анықтау.
7. Баллистикалық маятниктің көмегімен снарядтың ұшу жылдамдығын
анықтау .
8. Атвуд машинасының көмегімен ілгерімелі қозғалыс кинематикасының динамикасының заңдарын зерттеу .
5. Больцман тұрақтысын анықтау.
6. Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлығын анықтау .
7. Газдың жылу сиымдылықтар қатынасын табу.
8. Сақинаны ажырату әдісімен сұйықтың беттік керілу коэфицентін анықтау.
9. Электр өрісін модельдеу.
10. Электр кедергісін анықтау әдістері.
11. Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау .
12. Кирхгоф ережелері арқылы тармақталған тізбекті есептеу.
13. Тұрақты ток тізбегіндегі қуатты анықтау
14. Катушканың индуктивтілігін анықтау .
15. Электронның меншікті зарядын магнетрон әдісімен зерттеу.
16. Үлкен сиымдылықтар мен кедергілерді релаксациялық тербелістер көмегімен анықтау.
17. Электр лампасының меншікті қуатын табу.
18. Рефрактометрдің көмегімен сұйықтың сыну көрсеткішін анықтау.
19. Дифракциялық тордың көмегімен кәдімгі жарықтың лазер сәулесінің толқын ұзындыктарын табу.
20. Малюс заңын тексеру.
21. Фотоэлектрлік эффект құбылысын зерттеу.
22. Жылулық сәулелену заңдарын тексеру.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Теориялық білім алу және практикалық есептерді шешу дағдысын меңгеру. Білім деңгейі: ағымдағы аралық және қорытынды бақылау (емтихан)
|