Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет39/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70
3 курс
5 семестр

Пәннің аталуы

Конструкциялау негіздері және машина бөлшектері

Қысқартылған атауы

КНжМБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, лабораториялық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Үмбетов О.

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, лаборат. – 15, практикалық–15, ОСӨЖ–45, СӨЖ–45.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пән пререквизиттері: Пәнді игеру үшін студент математика, физика, сызба геометриясы, материалдар кедергісі, теориялық механика пәндерінен алынған білімдерін пайдалануы қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттердің осы пәнді оқып игергендегі білімі жаңа техниканы игеруде, жаңа жоғары сапалы технологияларды жобалауда, инженерлік кәсібі қызыметтерінде қажет болады

Мазмұны

Дәрістер: Машина бөлшектері және конструкциялау негіздері. Негізгі түсініктер, анықтамалар. Жалғамалар, түрлері. Дәнекерленіп пісірілген жалғамалар. Жіктердің конструкциялары. Жалғастырылған жіктер. Жоспарланған жіктер. Пісірілген жалғамаларды есептеу. Қазнақты (бұрандалы) жалғамалар. Бұранда түрлері. Қазнақты жалғамаларды беріктікке есептеу. Шпонкалы, штифтік және шлицалық жалғамалар. Шпонкалық жалғамаларды беріктікке есептеу. Редукторлар. Жалпы түсініктер. Редукторлар түрлері. Тісті редукторлар. Механикалық берілістер. Жалпы түсініктер. Цилиндрлік тік тісті берілісті иілу және жанасу беріктіктеріне есептеу. Конустық тік тісті берілістер және оларды беріктікке есептеу,
Конструкциялау. Конустық тік тісті берілістер және оларды беріктікке есептеу, Конструкциялау. Доғал тісті берілістер. Доғал тісті берілістерді берікке есептеу. Икемді байланыстық берілістер. Белдікті берілістерді беріктікке есептеу. Тізбекті берілістер. Тізбекті берілістерді жобалау. Біліктер, өстер. Біліктердің беріктігін есептеу. Тіреулер. Тіреулердің топтасулары. Шарикті және мойынтіректер. Мойынтіректерді жылжымалы жүк көтергіш қаблеті бойынша таңдау. Керулі жалғамалар. Негізгі конструкциялар. Керулі жалғамалар , беріктігін есептеу. Муфталар. Саңылаусыз муфталардың есептелуі. Қатты теңестіруші. Муфталардың есептелуі.
Практикалық сабақтар: Пісірілген жалғамаларды есептеу. Қазнақты жалғамаларды беріктікке есептеу. Шпонкалық жалғамаларды беріктікке есептеу. Шлицалық жалғамаларды есептеу. Цилиндрлік тісті берілісті иілу және жанасу беріктіктеріне есептеу. Цилиндірлік қисық тісті берілісті беріктікке есептеу. Конустық тісті берілісті беріктікке есептеу. Доғал тісті берілісті беріктікке есептеу. Белдікті берілісті беріктікке есептеу. Тізбекті берілістердің параметрларын есептеу. Біліктердің беріктігін есептеу. Мойынтіректерді таңдау. Керулі жалғамалар. Муфталарды беріктікке есептеу.
Зертханалық сабақтар
№1 Зертхана. Қазнақтық жалғамалар. №2 Зертхана. Цилиндрлік тік тісті редуктордың конструкциясымен танысу. №3 Зертхана. Доғал тісті берілістер.
№4 Зертхана. Тік тісті және доғал тісті берілістердің бөлшектері және олардың тозуы. №5,6 Зертхана. Білікті берілістердің тарту қабілеттілігі. ПЭК-ті анықтау.
№7 Зертхана. Шарикті мойынтіректердің конструкциясымен танысу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқытудың мақсаттары инженер-механик кәсібін алатын студенттердің ой-өрісінің деңгейін көтеріп, оларды машиналар мен механизмдерді тораптары жобалауда, жұмыс атқартуда құнды шығармашылық үлес қосатын маман ретінде қалыптастыру.
Студент машина бөлшектерінің жұмыс қабілеттілігін, есептеу теориясы мен практикасын, МемСТ-тарды қолдану жолдарын білуі қажет.
Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет