М4. Қазақ (орыс) тілі2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қысқартылған атауы
ІҚМТЖ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық сабақ , ОБСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
1,2 семестр
Оқытушының Т.А.Ә.
Жапбарова Г, Сариева Т.
Доцент/оқытушы:
Доцент, аға оқытушы
Жұмыс тілі
Қазақ тілінде, орыс тілінде
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Таңдау компоненті.
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Практикалық сабақтар– 60, ОБСӨЖ – 60, СӨЖ – 60
Еңбек сыйымдылығы
Всего – 180 часов
Кредиттер / сынақ бірліктері
4 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Орта мектеп көлеміндегі қазақ тілінен лексикалық, граматтикалық минимумдары игеру жөніндегі базалық білімнің болуы.
Білім беру мақсаттары/ құзіреттілігі
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.
Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.
Құжаттар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.
Студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарын сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету.
Студенттердің мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін ажырата білуге құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, олардың безендірілуін, жете меңгерту.
Мазмұны
Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.
Елімізде Тіл туралы заң қабылданып, 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы ғ 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен жасалуына байланысты Республикада мемлекеттік тіл-қазақ тілін ресми қолдану, іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп, жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту-қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздардың немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан өз орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен, мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарына байланысты.
Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз-адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелер мен мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.
Іс қағаздарының қоғамдық барлық мүшелері үшін ортақ, қолдануға лайық қалыптасқан тілдік нормасы, өзіндік белгілері бар.
Іс қағаздарының әрқайсысында нормалар мен белгілер әр түрлі болады. Сондықтан іс қағаздар сол белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады, өзіндік тиісті орындарына жұмсалады.
Мысалы: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, міндеттеме, тағы да басқа іс қағаздарының белгілері - қалыптасқан стилі (өлшемдік, жүйе, схеманың болуы).
Іс қағаздарының алдына қойған міндеті-қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселенің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.
Бұл оқу құралының мақсаты-қазіргі өмірімізде ең жиі қолданылатын ресми құжаттар туралы мәлімет беріп, оны тиісті орындарда өз тәжірибелерінде қолдана білуге жаттықтыру болып есептеледі. Ол үшін тұрмыс пен тіршілікте тілдік қатысымдағы ресми құжат мәтіндердің тілдік құралдарын, оның құрылымын таныстырып, жазу үшін үлгі жаттығулар берілді.
Ауызша және жазбаша түрде әр түрлі жанрдағы диалогтық және монологтық мәтіндердің өз ойын ұтымды жеткізе білуге, ғылыми мәтінді баяндама жасай білу қабілетті болу. Ресми іс қағаздары мәтіннің коммуникативтік прагматикалық функциясы. Ресми іс қағаздарындағы жазу мәдениеті мен этикет формулалар. Іс қағаздарын жазудың жалпы тәртібі, іс қағаздарының үлгілері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Мемлекеттік тілде іс құжаттарын сауатты толтыру.
2 семестр
Пәннің аталуы
М10. Құқық негіздері
Қысқартылған атауы
ҚН
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары(егер бар болса)
Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ
Семестр:
Семестр 2
Оқытушының Т.А.Ә.
Мусабекова М.А., Бердібеков С.О.
Доцент / оқытушы:
Аға оқытушылар
Жұмыс тілі
Қазақша, орысша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 90 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
2 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Құқық негіздері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.
Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.
Мазмұны
Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.
Практикалық сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.
2 семестр
Название дисциплины
М17. Биохимия
Сокращенное название
Б/х
Учебные мероприятия / курсы учебных дисциплин (если есть)
Лекция, лабораторные занятия, СРСП, СРС
Семестр:
Семестр 2
Ф.И.О. преподавателя:
Мамырбекова А.К., Муталиева Б.Ж.
Доцент / преподаватель:
К.х.н., ст. преподаватель
Рабочий язык
Казахский, русский, английский
Соотнесение с учебным планом
Базовая дисциплина, обязательный компонент
Форма обучения / количество академических часов
Лекции-30 час , лаб – 15 час.,СРСП-45 час., СРС –45 час.
Целью преподавания данной дисциплины является дать студентам знания по основным разделам биохимии, приобретение практических навыков исследования структуры, свойств биополимеров и их структурных компонентов.
Компетенции: иметь представление об основных разделах биохимии, о соответствующих дисциплинах, необходимых для решения теоретических и прикладных задач различных отраслей биотехнологии, владеть навыками логического, аналитического и концептуального мышления, уметь организовывать трудовую деятельность на научной основе.
Содержание
Содержание лекций: Объекты биохимических исследований. Место биохимии среди биологических дисциплин и других наук. Углеводы: классификация, номенклатура, структура, свойства углеводов, функциональная роль углеводов в клетках млекопитающих, растений, микроорганизмов.
Структура, свойства, классификация, биохимические функции аминокислот. Строение, классификация, функции белков. Ферменты: Иммобилизация ферментов. Использование ферментов в биотехнологических процессах. Нуклеиновые кислоты. Биологическая роль нуклеотидов в организме. ДНК и РНК. Общие свойства, функциональное значение, классификация и номенклатура липидов. Классификация, структура, свойства, биологическое значение витаминов для организма. Гормоны. Метаболизм. Принципы регуляции процессов метаболизма. Биоэнергетика клетки.
Содержание лабораторных:
Углеводы. Аминокислоты. Белки. Качественные реакции на белки и аминокислоты. Количественное определение белка в биологических объектах различными физико-химическими методами. Выделение и очистка белков. Выделение ферментов из биологического материала. Изучение специфичности действия, активности ферментов. Липиды: определение структурных компонентов. Изучение физико-химических свойств липидов. Обнаружение и количественное определение витаминов в различных объектах исследования. Определение химического состава нуклеиновых кислот.
Результаты учебной деятельности/ формы итогового контроля
В процессе изучения данной дисциплины и сдачи экзамена студенты должны знать основные классы биологических веществ (их строение, свойства и функционирования); познать взаимосвязь биологической функции и молекулярной структуры; познать химические основы жизнедеятельности; знать основные метаболические пути в организме; иметь представление о связи молекул живой природы с биотехнологическим производством.
Формы контроля: текущий, промежуточный, итоговый (экзамен).
2 семестр
Название модуля:
М42. Учебная практика 1
Сокращенное название модуля (если есть)
УП 1
Учебные мероприятия / курсы учебных дисциплин (если есть)
Учебная практика, СРС, СРСП
Семестр:
2 семестр
Ответственный за модуль:
Бигара Т.
Доцент / преподаватель:
К.с/х.н., ст. преподаватель, Бигара Т.
Рабочий язык
Казахский, русский
Соотнесение с учебным планом
Профессионально-практическая часть
Форма обучения / количество академических часов
2 недели
Кредиты / зачетные единицы
4 кредит
Условия приема на обучение в рамках модуля
Пререквизиты: информатика, экология, концепция современного естествознания, физика, неорганическая химия, математика, биохимия, разнообразие микроорганизмов, органическая и биоорганическая химия + физиология растений и животных, микробиология и вирусология, биофизика, селекция растений, введение в специальность, общая и молекулярная генетика.
Образовательные цели
/ компетентности
Цель учебной практики 1 – получение студентами первичных представлений о технологии и организации работ на промышленных предприятиях.
Компетенции: Иметь представление об основных объектах, методах и принципах организации биотехнологических производств, свободно владеть государственным языком, языком межнационального общения и одним иностранным языком, понимать коллективные процессы, приобрести способность работать в команде/коллективе.
Содержание
Учебная практика заключается в первичном ознакомлении студентов с технологией и типовым производственным оборудованием, с общезаводским (пара- и водоснабжение, канализация, электроснабжение, внутризаводской транспорт, механические мастерские) обеспечением. Так как студенты-практиканты попадают в обстановку действующего биотехнологического, фармацевтичекого или химического предприятия, они должны получить правильное представление обо всех сложных взаимодействиях завода, усвоить основы производственной дисциплины. В соответствии с куррикулумом данная практика должна быть использована для закрепления знаний по пройденным дисциплинам, а также получения сведений, которые необходимы для лучшего освоения дисциплин последующих курсов.
Результаты учебной деятельности / формы итогового контроля
Получение студентами первичных представлений о технологии и организации работ на промышленных предприятиях. Итоговый контроль – защита отчета по практике.
2 – курс
3, 4 – семестрлер
3,4 семестр
Пәннің аталуы
М6. Шет тілі2
Қасқартылған атауы
ШТ
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
Семестр 3-4
Оқытушының Т.А.Ә.
Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С
Доцент / оқытушы:
Аға оқытушы, оқытушы
Жұмыс тілі
Ағылшын тілі,орыс тілі
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Практ.- 60сағ., ОСӨЖ-60сағ., СӨЖ –60сағ.
Еңбек сыйымдылығы
180 сағ
Кредиттер /сынақ бірліктері
4 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі ,Шетел тілі І,
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін (оқу, жазу,сөйлеу,жазу) қолдана отырып,мамандардың кәсіби аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет тілінде қарым-қатынас жасау.
Мазмұны
Практикалық сабақ ағылшын тілін оқуды жалғастырушы топтарға қарастырылған, -онда төмендегі сұрақтар қаратырылады:ағылшын/неміс тілдерінің терминологиялық лексикасы. Тілдің ғылыми стилінің морфологиясы. Тілдің ғылыми стилінің синтаксисі. Тезистер. Реферат түрлері. Эссе. Баяндама.
Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері
Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.
3 семестр
Пәннің аталуы
М8. Экология және тұрақты даму
Қысқартылған атауы
ЭТД
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттер: «Биотехнология негіздері», «Жалпы және молекулалық генетика», «Математика», «Биоинженерия»
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Берілген пәнді оқытудың мақсаты студенттерге жалпы әдістеме бойынша білім беру және өндірісте қалаған түрдегі зерттеу жұмыстарын жоспарлау,оны жүгізе білу, түрлі зерттеулердің негізгілерін шолу, ғылыми-зерттеу жұмыстардың мағынасын көрсету: студенттерді әдістеменің негізгілерімен таныстыру; жаңа технология және құрылғылармен таныстыру, объективті нәтижелер алу, нақты шешімдер,сондай-ақ негізделген нұсқаулар жасауды оқыту.
Мазмұны
Дәрістер: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми түсінік және ғылыми шығармашылықтың негіздері. Ғылыми ілім, ғылыми әдістеме жайында түсінік. Ғылыми-зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Іздену,жинақтау және ғылыми мәліметтерді саралау,өңдеу. Ғылыми әдебиеттермен,басылымдармен жұмыс жасау. Теориялық зерттеулер, теориялық зерттеулердің әдістері мен міндеттері. Тәжірибелік зерттеулер. Тәжірибелердің міндеттері мен түрлері, классификациясы. Зерттеулердегі математикалық анализ. Көрсетілгендерді мүмкін болатын статистикалық әдістермен өңдеу. Тәжірибе жасауды ұйымдастыру және әдістемелік құралдары. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін жазу, мәліметтерді енгізу. Зерттеу нәтижелерінің экономикалық негіздерін және ғылыми жетістіктерін енгізу.
Практикалық сабақтар: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндет-тері. Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері мен перспекти-валары.Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру өндіріс жағ-дайларында ҒЗЖ енгізудің спецификалық ерекшеліктері. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жұмыс жоспарын құру және оны жүргізудің әдістемесі. Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері Ғылыми әдістеме туралы, ғылыми білім түсінігі. Ғылыми бағыт жөніндегі ғылыми түсінік. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау. Ғылыми зерттеу жұмысының этаптары. Ақпараттың жиналуы және өңдеу. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.Теориялық зерттеулер. Зерттеулерге математикалық анализ тәжірибе мәліметтерін өңдеу. Мәліметтер статистикалық тазалау әдістері. Зерттеулердің эксперименталдық зерттеулері, классификациясы, түрі мен тапсырмалары.Организациялық және әдістемелік эксперимент құрастырылымдары.Ақпарат алмасуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін безендірілуі. Кірістіру және экономикалық зерттеулер нәтижелерінің түсіндірмелері.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді оқудың және емтихан тапсыру нәтижесінде студент ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді, тәжірибелік экспериментті қоюдың әдістерін және ғылыми нәтижелерді ұштастыруды білу қажет.
Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).
3 семестр
Пәннің аталуы
М15. Физика
Қысқартылған атауы
Физ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Пререквизиттері: жоғары математика, мектеп бағдарламасының физика курсын білу.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Физика саласынан білім мен біліктілікті меңгеру. Осы замандағы әлемнің жаратылыстану ғалами суреттемесі туралы түсініктерді қалыптастыру; Физика саласындағы теориялық білімді, болашақ мамандық бойынша арнаулы пәндерді меңгеру мен жұмыс барысында практикалық есептерді шешуге қолдана білуге үйрету. Студентті физиканың әртүрлі салаларындағы жетістіктерімен таныстырып, әлемнің физикалық көрінісі туралы түсінікті қалыптастыру. Химия мамандығы бойынша оқитын студенттерге өз мамандығына қатысты тақырыптарға ерекше маңыз беріледі.
Курстың мәселелері – маманның дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, физика негіздерін меңгерудегі өзіндік жұмыстарды ұйымдастыра білуі.
Мазмұны
Дәрістің мазмұны:
Кинематика. Кеңістік және уақыт. Санақ жүйесі. Материялық нүкте түсінігі. Материялық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Материялық нүктенің және қатты дененің динамикасы. Ньютон заңдары. Механикадағы күштердің түрлері. Абсолют қатты дене түсінігі. Қатты дененің инерция моменті және күш моменті. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс дина-микасының теңдеуі. Штейнер теоремасы. Сақталу заңдары. Сақталу заңдары кеңістік және уақыттың симметриялық салдары ретінде. Импульстің сақталу заңы. Механикадағы энергияның сақталу заңы. Импульс моменті. Импульс моментінің сақталу заңы. Гироскопиялық эффект. Арнайы салыстырмалылық теориясының элементтері. Тұтас орталар механикасының элементтері. Тұтас орта түсінігі Үздіксіздік теңдеуі. Бернулли теңдеуі.. Стокс өрнегі. Пуазейл формуласы. Тербелістер мен толқындар. Қума және көлденең тербелістер. Толқындар. Толқын теңдеуі, оның сипаттамалары және оған мысалдар. Статистикалық физика және термодинамика. Молекула-кинетикалық теорияның негіздері. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Статистикалык үлестірулер. Ықтималдық және флуктуация. Максвелл үлестірілуі. Больцман үлестірілуі. Термодинамика негіздері. Термодинамиканың І бастамасы. Изопроцесстер. Карно циклі және оның п.ә.к. Клаузиус теоремасы. Энтропия. Термодина-миканың екінші бастамасы және оның физикалық мағынасы. Тасымалдау құбылысы. Жылу өткізгіштік, ішкі үйкеліс (тұтқырлық), диффузия. Реал газдар. Ван-дер-Ваальс тендеуі. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Кризистік нүкте. Метастабильді күй. Үштік нүкте. Электростатика. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электростатикалық өрістің цинкуляциясы. Потенциал. Тұрақты электр тогы. Металлдардың электрлік өткізгіштігінің классикалық электрондық теориясы. Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалды түрі. Потенциалдар айырымы, электр қозғаушы күшi, кернеу. Кирхгоф ережелерi. Газдар мен плазмадағы электр тогы. Магнит өрісі. Магнит индукция векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Холл эффектісі. Ампер күші. Магнит ағыны. Магнит өрісі үшін Гаусс теоремасы. Заттағы магнит ағыны. Магнетиктер. Магниттік гистерезис. Кюри температурасы. Электромагниттік индукция құбылысы. Фарадей заңы. Ленц ережесі. Максвелл теңдеулері. Максвелл теңдеулерінің жүйесі. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Резонанс. Айнымалы электр тогы. Электромагниттік өріс үшін толқындық теңдеу. Умов-Пойнтинг векторы. Сәулелік (геометриялық) оптика түсініктері. Фотометриялық шамалар. Жарық толқындарының қасиеттері. Жарық толқындарының интерференциясы. Толқындардың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Голография. Заттағы электромагниттік толқындар. Жарық дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы. Жарықтың поляризациясы. Жылулық сәулелену. Абсолют қара дененiң сәулеленуiнiң проблемалары. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі. Фотондар. Кванттық теориялардың негізгі идеяларытәжірибе жүзінде тұжырымдау. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Франк және Герц тәжірибелері. Атомдардың сызықтық спектрлерi. Бор постулаттары. Сәйкестік принципі.Корпускула-толқындық екіжақталық. Де-Бройль гипотезасы. Шредингер теңдеулері. Конденсацияланған күй. Металдардың электр өткізгіштігі. Ферми деңгейі. Металлдар, диэлектриктер және жартылай өткізгіштердің зоналық теориясы. Атом ядросы. Атом ядросының құрылысы. Атом ядроларының радиактивтi ыдырауы. Ядролық бөлiнудiң реакциясы. Ядролық реактор. Элементар бөлшектер
Зертханалық сабақтар. 1. Көптеген тікелей өлшеулердің нәтижелерін өңдеу. Жанама өлшеулердің нәтижелерін өңдеу.
2. Қатты дене айналмалы қозғалысы заңдарын зерттеу.
3. Максвелл Маятнигінің қозғалысын зерттеу .
4. Тербелмелі қозғалыс заңдарын физикалық маятниктің көмегімен зерттеу.
5. Дөңгелеу үйкелісі коэффицентін анықтау.
6. Айналмалы тербеліс әдісімен қатты денелердің инерция моменттерін анықтау.
7. Баллистикалық маятниктің көмегімен снарядтың ұшу жылдамдығын
анықтау .
8. Атвуд машинасының көмегімен ілгерімелі қозғалыс кинематикасының динамикасының заңдарын зерттеу .
«Жалпы және молекулалық генетика» пәнін игеру үшін жалпы, органикалық және биологиялық химия, математика курстарын меңгеру керек.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Берілген пәнді оқытудың мақсаты молекулалық генетиканың негізгі заңдылықтары мен механизмдері туралы білімнің қазіргі жағдайын таныстыру.
Компетенциялар: генетиканың даму келешегі мен қазіргі жағдайын түсіну, биотехнологиялық нысандарды зерттеудің сәйкес әдістерін таңдай және қолдана білу, гендердің өзара әсерлесу заңдылықтарын білу, алған білімді теориялық дайындық деңгейін көтеруге пайдалану, сонымен қатар іс жүзінде қолдана білу.
Мазмұны
Дәрістер мазмұны:
Генетика пәні. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік туралы түсінік. Биология ғылымдары арасындағы генетиканың орны. Клетканың бөлінуі жəне ін-өзі өндіруі. Митоз. Митоздық цикл жəне митоздың фазалары. Мейоз жəне гаметалардың түзілуі. Мейоздың фазалары мен кезеңдері. Хромосомалардың конъюгациясы. Хромосомалар санының кемуі. Гибридоло-гиялық əдіс генетикалық талдаудың негізі ретінде.Гибри-дологиялық əдістің негіздері: объектіні таңдау, шағылысты-рулар үшін “таза” материалды сұрыптау, жекелеген белгі-лердің талдануы, екі–үш ұрпақтарды зерттеу, статистикалық əдісті қолдану. Гибридологиялық əдістердің шешуші қабілеті. Генетикалық символика. Будандасудың типтері. Жынысты анықтау жəне жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауы. Жынысты анықтаудың эпигамды, прогамды, сингамды тип-тері. Жыныс хромосомалары жəне аутосомалар. Жынысты анықтаудың хромосомалық типтері. гомо- жəне гетерогаме-талы жыныс. Жыныспен тіркескен тұқымқуалаудың аутосомадан айырмашылығы. Тұқымқуалаудың молекулалық негізі. Нуклеин қышқылдарының генетикалық ролін ашу.
Практикалық сабақтар: Генетика пəні жəне міндеттері. Лабораториялық жұмыстың мақсаттарымен жəне міндеттерімен, обьектілермен, жұмыс əдістерімен, есеп беру жүйелерімен танысу. Лабораториялық зертеулердің негізгі объектілерімен u1090 танысу: бидай, Drosophіla melanogaster.Генетикалық талдау. Гибридологиялық əдіс-шағылыстыру əдісі.Генетикалық символика, шағылыстырудың жазылу ережелері. Генетикада
қолданылатын шағылыстыру типтері. Талдаушы шағылыстыру.Лабораториялық жұмыс: “Бидайдың бір, екі жəне үш жұп белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу”. (№1 тəжірибе).Тəжірибені құрастыру ережесі: тəжірибенің протоколын енгізу, жұмыс
гипотезасын құру, шағылыстыру сызба нұсқасын жəне тұжырымдау. Дрозофиламен жұмыс - белгілердің тұқым қуалауы мен өзгергіштігі заңдылығын зерттейтін негізгі обьект. Моно- жəне дигибридті шағылыстыруларға тəжірибе қою (№2 тəжірибе). абораториялық жұмыс: дрозофиламен алынған моногибридті жəне дигибридті шағылыстырулардың бірінші ұрпғына талдау, (№2) алу үшін шағылыстыру қою. Дигибридті жəне полигибридті шағылыстыру теориясын талқылау үшін семинар. Генетикалық есептер шығару.
Лабораториялық жұмыс: №2 тəжірибедегі №2-ге талдау. Жұмыс гипотезасын құру. Х2 математикалық тəсіл арқылы алынған мəліметтерге статистикалық өңдеу жүргізу.
Тақырып бойынша семинар: “Аллельді емес гендердің өзара əсері”.
Генетикалық есептер шығару. №2 тəжірибедегі шағылыстыру нəтижелеріне
талдау бойынша есеп беру. Лабораториялық жұмыс: гендердің өзара əсерімен белглердің жыныспен тіркесе тұқым қуалауына жекелей шағылыстыру қою
(№3 тəжірибе).
Лабораториялық жұмыс: №3 тəжірибедегі F1 ұрпағына талдау жəне екінші ұрпақты алу үшін шағылыстыру жүргізу. (№3 тəжірибе). Жыныс генетикасы. Табиғатта жыныстардың тепе-теңдік қатынасын алуды қамтамасыз ететін механизм. Жыныспен тіркесетін белгілердің тұқым қуалауы.
№3 тəжірибе: Екінші ұрпақты (№2 ) талдау. Жұмыс гипотезасын құру. Жұмыс гипотезасын Х2 тəсілі арқылы тексеру. Шағылыстырудың сызба нұсқасын құру. Алған мəліметтердің қорытындысы арқылы есеп беру (№3
тəжірибе). Бірінші жəне екінші реттік хромосомалардың ажырамауы.
Генетикалық есептер шығару. Тіркесе тұқым қуалау жəне кроссинговер. Тұқымқуалаудағы хромосомалық теорияның негізгі қағидалары. Кроссинговердің генетикалық жəне цитологиялық дəлелі. Кроссинговердің механизмі. Тең емес кроссинговер. Митотикалық кроссинговер. Хромосомада гендердің түзу сызық бойымен орналасуының дəлелі. Генетикалық карта құру. Тіркесу топтарын жəне тіркесу күшін анықтау
(есептер шығару).
Генетикалық материалдың гендер, хромосомалар, геном деңгейіндегі өзгергіштігі. Сыртқы орта мен жəне олардың эффектілерінің физикалық, химиялық, биологиялық факторлары. Генетикалық қауіпсіздіктің мəселелері.
Мутацияның сандық жəне сапалық тəсіл арқылы есептеу.
ДНҚ жəне РНҚ-ның құрылымы. Пуриндер жəне пиримидиндер. Рибоза жəне дезоксирибоза. Фосфор қышқылының қалдықтары. Нуклеотидтердің құрылысы - нуклеин қышқылдарының мономерлері. Біріншілік жəне ДНК-ның үш өлшемді құрылысы. РНҚ формалары (мРНҚ, рРНҚ, тРНҚ). ДНҚ репликациясы. Репликацияның жартылай концервативті механизмі.
Cтуденттерге микроорганизмдердің дамуының физиологиялық заңдылықтары мен өсіру принциптері, микроб жасушасындағы өтетін энегетикалық пен конструктивтік процестері жəне оларды реттеуші механизм туралы мəлімет беру.
Нәтижесінде: микробтардың даму теориясы негіздерін, оларды өсірудің əртүрлі тəсілдердің заңдылықтарын, зат алмасудың негізгі жəне қосымша жолдарын, микроорганизмдердің энергияны алу тəсілдерін, жасушаның негізгі құрамдарын түз амалдарын, биологиялық белсенді заттар өндірісінде микробтарды пайдаланудың мүмкіншіліктері.Студенттералған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет:микроорганизмдерге керек азот, көміртегі, фосфор көздерін, рН пен температураның қолайлы мөлшерін анықтау, биомасса мен өнімдерді алудың лабораториялық регламент тəртібін жасау. Бұл үшін микроб жасушасындағы негізгі физиологиялық процестерді зерттеп, тəжірибе жасаудан дақылдарын игеру шарт.
Мазмұны
Дәрістер: Микроорганизмдерді бөліп алу жəне өсіру. Жинақтаушы дақылдары мен элективті принциптер. Микроорганизмдердің таза дақылдары, оларды анықтаудың жəне алудың əдістемелері. Штамм, клон туралы түсінік. Моно – жəне араласқан дақылдар. Өсіру үшін пайдаланатын орталардың негізгі түрлері. Қоректік орталарды жасау принциптері. Табиғи жəне синтетикалық орталар. Аэробты жəне анаэробты жəне фототүзуші микроорганизмдерді өсіру. Үстіңгі бетінде жəне тереңде өсіру. Мерзімдік жəне үздіксіз өсіру. Үздіксіз өсіруге арналған аппараттар (хемостат пен турбидостат). Өнеркəсіптегі микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу үшін үздіксіз өсірудің əдістемесінің мəні. Микроорганизмдердің өсуі. Теңгермелі жəне теңгермесіз (басталған жəне баслалмаған) өсу. Микроорганизмдер дақылдарының өсуін анықтау тəсілдері. Вирустардың құрылысы. Позтивті геномы бар РНК-құрамды вирустар.
Негативті геномы бар РНК-құрамды вирустар. Құрамында ДНК-сы бар вирустар. Ретровирустар. Негативті, позитивті геномы бар вирустардың репродукциясы. Бір жəне екі
Бактериофагтар. Фагтардың химиялық құрамы мен құрылымы. Фагты геномдардың типтері. Фагтардың дақылдану əдістері. Фагтардың тазаланған препараттарын алу, тазалау жəне концентрация əдістері. Вирус пен клетканың өзара əсерлесуі. Репродукция этаптары. Вирус бөлшектерінің адсорбциясы. Нуклеин қышқылын егу. Бастапқы жəне Соңғы белоктардың жəне нуклеин қышқылдарының синтезі. Вирус бөлшектерін
жинақтау жəне клеткадан шығуы. Баяу жəне вирулентті фагтар. Лизогения.
Лабораториялықсабақтар: Микроорганизмдерді бетки жəне тереңгі қабатында өсіру əдістері. Таза дақылдарды алу жəне оның тазалығын зерттеу əдістері. Өсу процесін бақылау.
Микроорганизм популяцияларының өсу қисық сызығын анықтау.Жасушалардың биомассасын анықтау. Микроорганизм түрлеріне қарай олардың белсенділігін анықтау. Мутагендердің əсерін анықтау.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет
Бақылау формасы: аралық бақылау, қорытынды (емтихан).
3 семестр
Пәннің аталуы
М21. Адам және жануарлар физиологиясы
Қысқартылған атауы
А ж ЖФ
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Дәрістер, зертханалық, ОСӨЖ, СӨЖ
Семестр:
Семестр 3
Оқытушының Т.А.Ә.
Аханов У.К.
Доцент/оқытушы:
А.ш.ғ.к. аға оқытушы
Жұмыс тілі
Казақша, орысша
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Базалық пән
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Дәрістер – 30, зертханалық 15,ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45
Еңбек сыйымдылығы
Барлығы – 135 сағат
Кредиттер / сынақ бірліктері
3 кредит
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Пререквизиттер: Жалпы және молекулалық генетика, ,жануарлар биотехнологиясы, жасушалық биотехнология, микробиология пәндері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Адам жəне жануарлар пәнін оқытудың мақсаты студнеттерді организмнің өмір тіршіліктегі процестерін жəне жасушалар, субклеткалық құрылымдарын,ұлпалардың, ағзалардың ағзалар жүйелерінің тұтастығы мен қоршаған ортамен байланыстарын көрсетіп таныстыру.
Физиология ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру жəне даму болашағын көрсету;
физиологияның барлық салаларынан іргелі білім беріп, физиологиялық ой қалыптастыру, тиімді биотехнологиялық тəсілдерді зерттемелеу үшін қолдануларына жол ашуға
Мазмұны
Дәрістер: Физиология пəні, мазмұны жəне мақсаты. Қазіргі замандағы физиологияның тармақтары: жалпы жəне бөлімдер физиологиясы, салыстырмалы физиология, эволюциялық физиология, арнайы (қолданбалы) физиология. Физиологиялық зерттеу əдістері. Сүйрік тəжірибе (вивисекция). Жеке органдар қызметін зерттеу. Созылмалы Тəжірибелер. Функцияларды үлгілеу.
Жануарлардың құрылыстық жəне функционалды ұйымдасуының негізгі принциптері Ұлпалар, ағзалар, ағзалар жүйелері. Организмнің тіршілік əрекетінің негізгі көріністері жəне олардың реттелуі. Организмнің функцияларын жүйелі талдау. Гомеостаз туралы ұғым. Гомеокинез.
Қозғыштық жəне қозу. Қозғыш ұлпалардың жалпы сипаттамасы. Биологиялық мембраналарда өтетін тасымалдау процестер Активті тасымалдау. Пассивті тасымалдау.
Орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) жалпы физиологиясы. Жүйке жүйесінің эволюциясы. Нейрон - құрылымдық жəне функциональдық ОЖЖ - нің бірлігі. Жүйке орталықтары деген ұғым. Реттелудің рефлекторлық принциптері. Рефлекторлық доға. Рефлекстердің түрлері. Сезгіш ағзаларының физиологиясы Сезгіштік жүйелер. Талдағыштар. Сезгіш ағзалары Омыртқалылардың көру ағзалары. Омыртқалылардың есту жəне денені белгілі қалыпта ұстау ағзалары. Дəм сезу ағзалары. Иіс сезу ағзалары. Тері рецепциясы.
Вегетативтік жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері.
Вегетативтік жүйке жүйесінің симпатикалық жəне парасимпатикалық бөліктері. Шартты жəне шартсыз рефлекстер. Жануарлардың жүйке жүйесінің дамуы жəне іштен туып пайда болған мінез-қылқы. Мінез-құлықтың жүре пайда болған түрлері.
Адам жəне жануарлар жоғары жүйке іс-əрекетінің жалпы типтері. Ауыл шаруашылық малдардың және адамның мінез-құлқының күрделі түрлері: метаболикалық (тамақтану), қорғаныс, жыныстық, ата-аналық, əлеуметтік т.б. Мақсатты мінез-құлықтың жүйелі ұйымдасуы.
Гуморальды əсерлердің типтері. Ішкі сөл бездері, олардың сыртқыжəне араласқан бездерден айырмашылығы. Гормондар туралы ұғым. Гормондардың қызметі. Гормондардың жəне биологиялық активті заттардың химиялық жаратындысы.
Организмнің ішкі ортасы. Ішкі ағғзалар жүйесі жəне олардың реттелуі Қанның негізгі көрсеткіштері. Қанның физико-химиялық қасиеттері Эритроциттер, дейкоциттер, тромбоциттер.
Жүрек жəне қан тамырлар физиологиясы Қан айналу жүйесінің эволюциясы. Қан айналу шеңберлері. Жүректің құрылысы. Сүтқоректілердің жүрегі. Жүректің өткізгіш жүйесі.Жүректің автоматиясы. Жүрек етінің физиологиялық ерекшеліктері.
Тыныс алу жүйесінің физиологиясыТыныс алу процесінің маңызы. Тыныс алу ағзалары, олардың эволюциясы.Өкпедегі тыныс алу. Өкпе тыныс алуының механизмі. Өкпенің желденуі,өкпедегі газ алмасуы. Газ алмасу жəне газдар тасымалдануы.Тыныс алудың реттелуі. Реттелу деңгейлері.
Ас қорыту физиологиясы Ас қорыту процесінің маңызы, қызметі. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Қарындағы ас қорытылу. Ішектегі ас қорытылу.
Негізгі жəне жалпы алмасу. Азоттық баланс. Күйіс қайыратындардың азоттық алмасуының ерекшеліктері. Көмірсулар алмасуы жəне оның реттелуі.
Майлар алмасуы жəне реттелуі Минералды алмасу. Организмдегі су алмасуы. Витаминдер. Витаминдердің маңызы. Энергия алмасу жəне жылу шығару.
Иммундық жүйенің физиологиясы Сүтқоректілердің иммундық жүйесінің мүшелері. Иммундық жауап, оның типтері Иммундық жауаптың механизмі.Антиденелер, құрылысы жəне қасиеттері. Активті жəне пассивті иммунизация
Зертханалық сабақтар:
Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері.
Орта жүйке жүйесінің, психикалық функцияларының физиологиясы.
Пререквизиттер: химия, физика,ботаника, биохимия, генетика, микробиология, молекуларлық биология, өсімдік биотехнологиясы, экологиялық биотехнологиясы, генетикалық инженерия.
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Өсімдік физиологиясы пәнін оқытудың мақсаты өсімдіктер өмір сүруінің жалпы заңдылықтары туралы қазіргі кездегі мәліметтерімен таныстыру, негізгі биологиялық процестердің өзара байланысын сондай-ақ осы процестердің сыртқы орта жағдайына тәуелділігін анықтау.
Студенттер өсімдік жасушаларындағы органоидтардың құрылысын және қызметін, фотосинтездің жарықтағы және қараңғы фазасының маңыздылығы мен механизімін, тыныс алу субстраттарының тотығу жолдарын, фотосинтетикалық және тотықтырғыш фосфорлирлеуді, минералды элементтердің физиологиялық рөлін және олардың өсімдіктердегі метаболизмін, судың, минералды элементтердің өсмідік бойымен жылжуы мен жасушаға берілу механизімін, өсімдіктің өсуі мен дамуының заңдылықтары, өсімдік тұрақтылығының физиологиялық негіздерін білу керек.
Мазмұны
Дәрістер: Өсімдік физиологиясы аспектілері: молекулалы – биологиялық, экологиялық, эволюционды. Басқа ғылымдар арасында өсімдік физиологиясының алатын орны, өсімдік физиологиясының міндеттері, нысандары-ағзалар, олар ортотрофты өмір сүруді жүзеге асырады. Өсімдік физиологиясын даму кезеңдері, өзекті мәселелер. Өсімдік физиологиясының жаңа бағыттары. Өсімдік физиологиясының биотехнологиясымен байланысы. Су алмасу, фотосинтез, тыныс алу, минералдық қоректену. Өсу мен даму. Өсімдіктердің потогенді және вирусты ауруларға тұрақтылығы.
Зертханалық сабақтар:
Өсімдік клеткасының физиологиясы. Өсімдіктегі су алмасуы.
Фотосинтез.
Өсімдіктердің тыныс алуы. Өсімдіктердің зат алмасуы.
Өсімдіктердің минералдық қоректенуі.
Өсімдіктердің өсуі жəне дамуы. Өсімдіктердің төзімділігі.
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәнді меңгерумен емтихан тапсыру нәтижесінде студент өсімдік жасушасындағы оргоноидтардың құрлысы мен қызметін, фотосинтездің жарық және қараңғы сатысының механизімімен маңыздылығын тыныс алу.
Бақылау түрлері: Ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).