Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,73 Mb.
#32866
1   2   3   4   5   6


3 семестр



Модульдің аталуы

Бұрғылау үрдістерін автоматтандыру

Модуль деңгейі (қажет болса)




Қысқартылған атауы, егер бар болса:

(оқу жоспары бойынша)

Тақырыпша, егер бар болса:




Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, СОӨЖ


Оқу семестрі:




Модульге жауапты

Тургенбаев Д.Н. аға оқытушы

Доцент




Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс – 15; ОСӨЖ – 15, СОЖ – 15

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 45 сағат.

Кредиттер / сынақ бірліктері

1 ЕСТS

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Модульмен өзара байланысы бар пәндер тізімі: математика, физика, электротехника, информатика, компьютерлік графика, технологиялық үрдістер және жабдықтар.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Аталған пәнді оқығаннан кейін студент білуі тиіс: мұнай – газ ұңғымалардағы бұрғылау үрдістерін автоматтандырудағы техникалық және бағдарламалық құрал–жабдықтарын қолдану, автоматтандыру функционалдық, типтік қызмет схемаларын рәсімдеу ережелерін және құру әдістері.

Мазмұны

Дәрістер

Автоматты бақылау жүйелері

Кіріспе. Басқару жүйелері жайлы негізгі түсініктер. Пәннің мақсаты және міндеттері. «Жүйе», «Басқару жүйелері», «Автоматты басқару жүйелері», «Технологиялық үрдістердің автоматтандырылған басқару жүйелері» түсініктері және анықтамалары. Анықталған, ықтималдық, қарапайым, күрделі, өте күрделі басқару жүйелері. Тұрақтандыру, бағдарламалық, қадағалау басқару жүйелері.

Метрология және өлшеулер жайлы негізгі түсініктер. Метрология, өлшеу, сезгіш құралдар, өлшеу приборлары, өлшеулер дәлдігі ұғымдары. Өлшеу қателіктерін есептеу. Сезімталдық, шкаланың бөліну бағасы, тексеру, бөлшектеу түсініктері.

Автоматты бақылау жүйелерінің міндеттері. Температураны өлшеу және бақылау. Температураны өлшеу принциптері. Термоэлектрлі түрлендіргіштер. Кедергі термометрлері. Температураны бақылау приборлары. Қысымды өлшеу және бақылау. Қысым, абсолютті қысым, артық қысым, кері қысым түсініктері. Манометр, вакууметр, мановакууметр, дифманометрлер. Электрлік, пьезоэлектрлік, радиоизотопты манометрлер. Шығынды өлшеу және бақылау. Шығын, массалық және көлемдік шығындар түсініктері. Айнымалы қысымдар құлауы шығынөлшегіші. Тұрақты қысымдар құлауы шығын өлшегіші. Электрмагнитті шығынөлшегіштер.

Деңгейді, тығыздықты өлшеу және бақылау. Гидростатикалық, пьезометрлік, дифманометрлік, радиоактивті әдістермен өлшеу принциптері.

Химиялық талдау әдістері. Шоғырды өлшеу және бақылау. Жылулық, магнитті, кондуктометрлі, потенциометрлік, оптикалық, электрхимиялық, химиялық, термокондуктометрлік, оптика–акустикалық анализаторлар. Хроматографтар.

Автоматты басқару жүйелері

Автоматты реттеу жүйелері. Автоматты реттеу, реттеу заңдары түсініктері. Автоматты реттеу жүйелерінің түрлері. Статикалық және динамикалық режимдер. Лаплас түрлендіруі. Беріліс функциялары. Типтік динамикалық бөлімдер. Апериодикалық, тербелмелі, дифференциалдау, интегралдау, күшейту, кешігу типтік бөлімдері.

Құрылымдық схемалар және схемаларды түрлендіру. Тізбектелген, параллель, кері оң және теріс байланыстардағы бөлімдер. Жалпы беріліс функцияларын анықтау.

Автоматты реттеу жүйелерінің орнықтылығы. Орнықтылық критерийлері түсініктері. Алгебралық және жиіліктік критерийлер. Гурвиц және Михайлов критерийлері.

Технологиялық үрдістердің автоматтандырылған басқару жүйелері, міндеттері, жұмыс істеу режимдері, құрамы және қамтамасыз ету түрлері, функционалдық құрылымы. Ақпараттық және басқару функциялары. Технологиялық басқару объектісі. Автоматтандырылған технологиялық кешен.

Бұрғылау технологиясын автоматтандырылған басқару тұрғысынан талдау. Автоматтандыру схемалары. Автоматты басқару мәселесінің қойылымы. Режимдік параметрлерді таңдау және негіздеу. Автоматтандыру техникалық құралдарын таңдау және негіздеу. Тапсырыс спецификациясын жасау.

Автоматтандыру схемалары. Алгоритмдік, құрылымдық және функционалдық схемалар.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Модульді оқып меңгергеннен кейін студент келесі білімдерді меңгеріп, дағдыланады: басқару жүйелеріндегі өлшеу әдістері және өлшеу аспаптарының жұмыс істеу принциптері жөнінде;


бұрғылау үрдістерін автоматты реттеу теориясының элементтері жөнінде; бұрғылау үрдістерін басқару объектісі ретінде қарастыру; бұрғылау үрдістерін автоматты реттеу жүйелерін есептеу және талдау әдістері жөнінде; бұрғылау үрдістерін автоматтандырудағы техникалық және бағдарламалық құрал–жабдықтары қолдану жөнінде; бұрғылау үрдістерін автоматтандыру функционалдық, типтік қызмет схемаларын рәсімдеу ережелері және құру әдістері жөнінде.

Қорытынды бақылау – емтихан.



Оқытудың техникалық құралдар түрі

Тарату материалы: лекция –15; мультимедиа – 300 МВ.

Әдебиет

  1. Тапалов Т. Технологиялық процестер мен өндірістерді автоматты басқару: Оқу құралы. Шымкент.:М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспасы., 2000.–189 б.

  2. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. 1 бөлім. Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері.–Алматы: Білім, 2001.–400б.

  3. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа: учебное пособие для вузов.Уфа: Гилем, 2002.–672 с.

  4. Бекбаев А. Автоматты реттеу теориясы: оқулық / А.Бекбаев, Д.Сүлеев, Б. Хисаров–Алматы : Дәуір, 2005.–267 б.

  5. Семенов К.Л., Афанасьев С.И. Основы теории управления химико – технологическими процессами.–М.: Химия, 2001.

  6. Лапшенков Г.И., Полоцкий Л.М. Автоматизация производственных процессов в химической промышленности. Изд.3–е, перераб. и доп.–М.Химия, 2000, 288 с.:ил.

  7. Голубятников В.А.,Шувалов В.В. Автоматизация производственных процессов в химической промышленности. – М.:Химия, 2002.

  8. Шувалов В.В., Огаджанов Г.А.,Голубятников В.А. Автоматизация промышленных процессов в химической промышленности.–М.:Химия,2001.

  9. Родионов В.Д.,Терехов В.А.,Яковлев В.В. Технические средства АСУТП. –М.:ВШ, 2001.




4 семестр



Модульдің аталуы:

М9 Экология және тұрақты даму

Сокращенное название модуля (если есть)

ЭТД

Подзаголовок (если есть)

-

Учебные мероприятия /курсы учебных дисциплин (если есть)

Лекция, СӨЖ, ОБСӨЖ.

Семестр:

4

Ответственный за модуль:

Бекжигитова К.А.

Доцент/преподаватель:

Аға оқытушы

Рабочий язык

Қазақ, орыс.

Соотнесение с учебным планом

Базалық пәндер (міндетті компонент)

Форма обучения /количество академических часов

күндізгі/

Лекция - 15сағ.

Зертхан. жұм. – 15сағ.

ОБСӨЖ - 30сағ.

СӨЖ - 30сағ.


Трудоемкость

90сағ., лекция,зертханалық, СӨЖ, ОБСӨЖ

Кредиты / зачетные единицы

3 ECTS

Условия приема на обучение в рамках модуля

Пререквизиттер: химия, биология, табиғаттану, физика

Образовательные цели /компетентности

Пәннің мақсаты – Студенттердің экологиялық білімін жоғары дәрежеге көтеріп, қоршаған ортаны қорғауға және оны көркейтуге деген оң көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру. Студенттердің экологиялық білімін арттыру мақсатында қоғамның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаның сапасын сақтауға деген жауапкершілікке дағдыландыру. Компетенттілік: экологиялық проблемаларды шешу және қоғамның тұрақты дамуы үшін профессионалдық білім алуы.

Содержание

Лекцияның мазмұны: Организм және орта. Бернальдің қазіргі заманғы теориясы, оның негізгі қағидалары. Жердің эволюциясының химиялық және биологиялық сатылары. Өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігі. Организм және оның тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Популяция туралы түсінік. Экологиялық қуыс. Негізгі құрлықтық және су экожүйелері. В.И.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі. Қазіргі заманғы глобальді экологиялық проблемалар.Қазіргі заманғы әлеуметтік – экологиялық проблемалар. Тұрақты дамудың пролематикасы. Қоғамның тұрақты моделі, оның қалыптасуының белгілері. Тұрақты дамудың негізгі мәселелері. Тұрақты дамудың әртүрлі модельдерінің қалыптасуындағы басқарудың ролі. Қазақстан тұрақты даму жолында.

Зертханалық жұмыстарының мазмұны: Судың сілтілігін және қышқылдығын анықтау. Нейтралдау әдісі бойынша өндірістік ағынды судың қышқылдығын залалсыздандыру. Күкірт қышқылының және еріткіш сульфаттардың аэрозолі. Формальдегидтің түзілу реакциясы және оның ауадағы құрамын бақылау. Топырақтың түрін анықтау. Топырақтағы аммоний азотының құрамын анықтау. Күн энергиясының өсімдіктерге әсері.



Результаты учебной деятельности /формы итогового контроля

СӨЖ, реферат, емтихан

Технические и электронные средства обучения

көрнекті құрал – лекциялар, плакаттар – 5дана.

Литература

  1. Тарасов А.О. Экология и охрана природы. Саратов, 1990.

  2. Шилов И.А. Экология. М.: Высшая школа, 2001.

  3. Радкевич В.А.Экология. Минск: Высшая школа, 1997.

  4. Стадницкий Г.В., Родионов А.И. Экология. Санкт-Петербург: Химия, 1996.

  1. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек: Учебн.пособ.М.: Фаир, 1998.

  1. Экология Под ред.В.В. Денисова Ростов-на -Дону: МарТ, 2002.

  2. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане. Серия публикаций ПРООН Казахстан. Алматы, № UNDPKAZ 06, 2004.

8.Бигон М., Дж. Харпер, К. Таунсенд - Экология. Т.1; 1989.djvu 10,38 MB 2006-02-28 3d4a34d5

9. Экология и устойчивое развитие. Респ.журн. 2003-2004г.г.



4 семестр


Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

соц

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификацияӘлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы.Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылауСаяси әлеуметтануМәдениет әлеуметтануы.Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.


Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.

4 семестр





Пәннің аталуы

Экономиқалық теория негізі

Қысқартылған атауы

ЭТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Мауленбердиева Г.А.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау.

Мазмұны

Дәрістер: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Практикалық сабақтар: Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері. Қоғамдық өндірістің негіздері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны. Қоғамдық өндірістің нышандары. Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік көзқарас. Тауарлы өндірісті ұйымдастыру. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы. Сұраныс және ұсыныс теориясының негіздері. Бәсеке және монополия. Кәсіпорын капиталының айналымы. Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен нысандары Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Макроэкономикалық тепе-теңдік. Экономикалық дамудың циклдылығы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары. Экономикалық өсу.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету


4 семестр


Пәннің аталуы

Гидравлика негіздері

Қысқартылған атауы

ГН

Оқу іс-шаралары/оқу пәдеріің курстары еер бар болса

Дәрістер, практикалық, ОҚСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Ескендиров М.З., Байысбай Ө.П.

Доцент/оқытушы

Т.ғ.д., профессор, т.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ООД ОК 1.5 (базалық пән, міндетті компонент)

Оқу түрі/ академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-15, практикалық -15, ОҚСӨЖ -30, СӨЖ -30

Еңбек сиымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер/ сынақ бірліктер

2 кредит, ECTS 5

Модуль аясыда оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: жалпы физика курсын механика бөлімін, теориялық механика, математика дифференциалдық және интегралдық есептеу тәсілдерін.

Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Гидравлика, гидростатика, газды динамика мен жер асты гидравликасының негізгі түсініктерімен, заңдарымен, теңдеулерімен таныстыру және гидравликалык есептеулер өткізудің практикалық дағдысына үйрету.

Химия өндірісіндегі сұйық пен газдың сүзілу, сұйық пен газды құбыр арқылы тасымалдау, мұнай және газды дайындау процестерімен байланысты.

Қарастырылатын процестердің бәрінде зерттеу нысаны – сұйык пен газ.


Мазмұны

Дәрістер: «Гидравликаның негіздері» курсының мазмұны және оның салалық пәндерімен байланысы. Тұтас ортаның негізгі сипаттамалары. Тұтас орта бөлшектеріне әрекет ететін күштер: массалық және беттік күштер. Гидростатика негіздері. Сұйықтың анықтамасы. Абсолют қысым, артық қысым және вакуум. Тынышталған сұйық тепе-теңдігінің теңдеуі.Архимед заңы. Сұйық кинематикасы мен динамикасының жалпы түсініктері. Көлемдік, массалық және салмақтық шығындар. Мінсіз және тұтқыр сұйық. Тұтқыр сұйық үшін Ныотонның ішкі үйкеліс заңы. Бейньютондық сұйық үшін Бингам моделі. Түтқыр сұйық ағысының ламинарлық және турбуленттік режимдері. Рейнольдстің сындарлық саны. Массаның сақталу заңы. Сұйықтың шығыны және қубырдағы ағыстың орташа жылдамдығы. Қозғалыс мөлшерінің өзгеру заңы. Ыдыстан ағып шыққан сорғаламаның реактивті күші. Кинетикалық энергияның өзгеру заңы. Бернулли теңдеуі. Гидродинамикалық ұқсастық. Құбырдағы ағыстың ламинарлық режимінің Хаген-Пуазейль кедергі заңы. Тұтқыр пластикалық сұйық агысында жылдамдықтың таралуы. Гидравликалық тегіс және кедір-бұдыр құбырлар. Никурадзе тәжірибелері. Турбуленттік ағында жылдамдықтың таралуы. Жергілікті кедергілі құбырлардағы гидравликалық есептеулер

Жергілікті кедергілер түрі және жергілікті кедергілердегі арынның ысырабын анықтау. Жергілікті кедергіні қүбырдың эквиваленттік ұзындығының гидравликалык кедергісі әдісімен анықтау. Сұйықтың тесік пен қондырғы арқылы ағуы. Сұйыктың тесік аркылы ағу жылдамдығы мен шығынын анықтау. Сұйықтың қондырғы арқылы ағу кезіндегі сығу, жылдамдық, шығын коэффициенттері және оларды анықтау формулалары. Сұйыктың қалыптаспаған қозғалысы үшін Бернулли интегралы. Гидравликалык соккы. Жуковский формуласы. Арынды кұбырларды гидравликалық есептеу.



Қарапайым құбыр. Күрделі қүбыр.

Практикалық сабақтар: «Су және мұнай қасиеттері» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Гидростатика» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Сұйық ағынының параметрлерін анықтау» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Тұтас орта механикасының негізгі зандарын қолдану» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. Қысым күші. Қысым центрі. Архимед заңы. Үзіліссіздік заңы. Идеал сұйықтар. Тірі қима. Орташа жылдамдық. «Тегіс және кедір-бұдыр қүбырлардың гидравликалық кедергісін есептеу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Жергілікті кедергілі құбырларды есептеу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. Гидравликалық кедергілер. «Құбырының сызықтық бөлікшесін гидравликалык есептеу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Бұрғылау ұңғымасын жууды гидравликалык есептеу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Тесіктер арқылы ағу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Қондырғы арқылы ағу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. «Қалыптаспаған ағыстар мен гидравликалык соққы үшін Бернулли интегралы» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару. Ұзын және қысқа құбырлардың есебі. «Күрделі қүбырды есептеу» тақырыбына бақылау сұрақтары және есептер шығару.

Оқыту нәтижесі / қорытынды бақылау түрі

Гидростатиканың, гидродинамиканың негізгі түсініктері мен зандарын меңгеру; химиялық аппараттар, жабдықтар көмегімен өңдеу, химия мұнай өндірісіндегі сұйықтарды тасымалдауды жобалауға қажет гидравликалық есептер жүргізуге практикалық дағдыны қалыптастыру. Қорытынды бақылау (экзамен).

Техникалық электрондық оқу құралы

Таратылатын материалдар – 15 лекций, плакаттар, слайдтар, Эл. оқулық.

Әдебиеттер

Негiзгi әдебиеттер

  1. Гидравлика. Сугiров Ш. Алматы, 1988

  2. Гидравлика және гидравликалық машиналар. Шыныбаев Б.Д., Аубакирова Ф.Х. Шымкент 2004.

  3. Основы гидравлики. Старк С.Б.

  4. Сборник задач по гидравлике Абрамов Д. Москва, 1987.

Қосымша әдебиеттер

  1. Гидростатиканың есеп-графика жұмыстарына арналған методикалық кеңес.Ж.Б. Сүгіров Шымкент 1990.

  2. Гидродинамиканың есеп-графика жұмыстарына арналған методикалық кеңес.Ж.Б. Сүгіров Шымкент 1990.

  3. Гиравлика. Башта Т.М. Москва, 1980.

  4. Гидравлика. Чугаев Р.Р. Ленинград, 1982

  5. Гидрогазодинамика, Деич М.Е. Москва, 1984

  6. Гидравлика. Богомолов А.М. и др. Москва, 1972






4 семестр


Пәннің аталуы

Жалпы мұнай геологиясы

Қысқартылған атауы

ЖМГ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОҚСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Нурмаматов О.Н.

Доцент / оқытушы:

к. ф.м. н., доцент

Жұмыс тілі

Орысша, қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ООД ОК 1.5 (базалық пән, міндетті компонент)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық -15, ОҚСӨЖ -45, СӨЖ -45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135часов

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пәннің пререквизиттері: жоғары математика (функция, дифференциялау, интегралдау, функция экстремумы), физика (газ және сұйық қасиеттері, жылу, энергия, диффузия), гидравлика (сұйықтың қозғалу заңдары, шекаралық қабаттар, ағы тәртібі), химия (зат құрылымы, химиялық элемент қасиеттері, химиялық элемент стехиометриясы).

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Мұнай және газдың жалпы геологиясы» пәнінің негізгі мақсаты студенттерді – болашақ кәсіпкерлерді, бұрғылаушыларды, тасымалдаушыларды, энергетикалық кешенде жұмыс істеушілерді мұнай туралы және мұнай және газды барлау кезінде оларды практикалық қолданумен танысу болып табылады. Жалпы мұнай геологиясы пәні жалпы және құрылымдық геологияны оқуда алынған білімдерге негізделеді. Сондықтан, мұнай және газдың жалпы геологиясын оқудың бастапқы кезеңдерінде жалпы және құрылымдық геологияның негізгі ұғымдарына назар салынады (литология, стратиграфия, тектоника, қатпарлар, жер қыртысының түрлері және т.б.

Мазмұны

Дәріс мазмұны: Курстың жалпы схемасы, өндіру туралы мәліметтер, мұнай және газдың болжамдық қорлары және барланған қорлары туралы мәліметтер (әлемде, РФ, ҚР). Пәнді оқу жүйесі. Мұнай және газды әлемде, РФ, ҚР өндіру динамикасы. Мұнай және газдың болжамдық қорлары және барланған қорлары. Құрылымдық геология және геокарталау. Жер қыртысының құрылымы және тау жынысының бұзылулары. Жер қыртысының құрылымын және даму тарихын көрсететін геологиялық графика. Мқнай және газдың шоғырлануын болжау және іздеу кезіндегі құрылымдар мәні.

Мұнай және газдың жалпы геологиясы. «Мұнай туралы білім» негізгі ұғымы. Мұнай және газдың коллекторлары мен жабындылары. Табиғи резервуарлар және мұнай және газдың ұстағыштары. КС шоғырлануын қалыптастырудың негізгі процестері. Мұнай және газ шоғырлануын іздеу және барлау.

Практикалық сабақтар мазмұны: жалпы және құрылымдық геология геологиялық ұғымдарын қайталау. Тау жыныстарының генезисі. Геохронологиялық шкала. Тау жыныстарының шартты белгілері. Қабаттардың көлденеңінен шоғырлануының геологиялық картасын құру әдістемесі және геологиялық профильдер. Берілген ұңғымалар бойынша құрылымдық карталарды және геологиялық профильдерді құру. Мұнай және газ кеніштерін және ұстағыштарды болжамдау.

Мұнай және газдың кеніштерінің контурларын ұңғыманы сынау мәліметтері бойынша графикалық жолмен анықтау. Геологиялық профиль бойынша КС кеніштерінің әртүрлі типтері үшін құрылымдық карталарды құру. Мұнай қорын көлемдік тәсілмен есептеу және іздеу барлау жұмыстарының геологиялық тиімділігін анықтау. Мұнай және газ объектілерінің мұнайгаздылығын және геологиялық құрылымын зерттеу (орналасу атласы бойынша).



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент жалпы мұнай геологиясының, МТЗ және ГСЗ негізгі ұғымдары мен анықтамаларын білуі керек. Геологиялық профиль бойынша КС кеніштерінің әртүрлі типтері үшін құрылымдық картаны салу. Мұнай қорын көлемдік тәсілмен есептеу және іздеу-барлау жұмыстарының геологиялық тиімділігін анықтау. Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).

4 семестр


Пәннің аталуы

Қабаттың физикасы

Қысқартылған атауы

ҚФ (ФП рус)

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Сарсенбаев Хамит Акжигитович

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Қабаттың физикасы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқытудың мақсаты. Пәнді оқытудың мақсаттарын, 050708-Мұнай газ ісі мамандығы бойынша бакалаврға тән квалификациялық мінездемелер тұрғысынан қарастыра отырып келесідегідей үйлестіруге болады: Студенттерді мұнай қабатының құрлысының дамуының негізгі бағыттары мен перспективаларын, негізгі түрлеріменен таныстыру және қажетті білімді қалыптастыру;

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Пәннің мақсаттары және байланыс басқа тәртіптермен . Тау жыныстардың қасиеттері және коллекторлар.Уақ тесіктердің түрлері.Өткізгіштік. Мұнай және газдын түзу уақ саңылау арқылы сүзілуі. Мұнай және газдын радиалды уақ саңылау арқылы сүзілуі. Бірнеше қабаттың сүзілу қабілетін бағалау .Тау жыныстардың сүзу топтары. Карбонат тау жыныстары. Тау жыныстардың механикалық касиеттері. Мұнай мен газдың құрамымен физикалық қасиеті. Жер асты судың физико-химиялық қасиеті. Мұнай, газ және судың фазалық өзгеруі. Мұнайгазсу қабатының сыртқы молекулярлық жүйенің қасиеті. Уақ тесіктерден мұнайды, газды және конденсатты ығыстыру. Мұнайды газбен, сумен ығыстыру. Мұнайдың өнімділігінің жылдамдығының мұнайды сумен ығыстыру арасындағыбайланыс.

Практикалық сабақтар: Тау жынысын зерттеуге даярлау. Кернді қаптау және белгілеу.Кернді зерттеу.Тау жынысының физикалық қасиетін зерттеу.Тау жыныстын гранулометриялық құрамын анықтау. Тау жыныстың уақ түтікшелерін анықтау.Тау жыныстың минералды тығыздығын анықтау. Тау жыныстың ашық уақ түтікшелерін анықтау. Абсолюттік өткізгіштік Тау жыныстың карбонаттығын анықтау. Тау жыныстың бойында орналасқан сұйықтықты анықтау. Мұнай өнімінің тығыздығын анықтау. Мұнайдың тұтқырлығы. Асфальтшайырлы заттарды мұнайда және битумоидта анықтау. Мұнай құрамындағы суды анықтау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қабаттың физикасына қатысты мәселелерді қоя білу; Қабаттың физикасы қатысты модельдерді тұрғыза білу.



4,5 семестр


Пәннің аталуы

Есептеу және конструкциялау

Қысқартылған атауы

ЕК

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 4,5

Оқытушының Т.А.Ә.

Садырбаева А.С.

Доцент / оқытушы:

Т.г.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–60,СӨЖ–60.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: физика; математика; теориялық механика; материалдар кедергісі; машина бөлшектері пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Бұрғылау жабдығын оның жұмыс қабілеттілігінің басты критерийлеріне: сенімділік, ұзақмерзімділік, үнемділік, жинақылық, берілген өнімділікте қауіпсіздік пен басқаруға жауап беретін есептеудің ғылыми негізделген, дәл тәсілдерін оқыту болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Бұрғылау жабдықтарын жобалау негіздері. Бұрғылау жабдығына қойылатын негізгі талаптар. Конструкциялау мәселелері мен техникалық негіздері. Бұрғылау қондырғысының схемаларын таңдау және жабдықтарын жинақтау. Бұрғылау жабдығы элементтерін есептеу принциптері. Бұрғылау жабдығын дайындауда қолданылатын конструкторлық материалдар. Көтеріп-түсіру кешені. Көтерудің орташа механикалық жылдамдығын анықтау. Көтерудің максимал және минимал механикалық жылдамдығы. Таль жүйелерін конструкциялау. Болат арқандарды таңдау. Кронблок және таль блоктарын конструкциялау. Бұрғылау ілмектері және ілмеблоктар. Бұрғылау ілмектерін конструкциялау. Бұрғылау шығырларының конструкциялары. Сораптық-циркуляциялық кешен, атқаратын қызметі, негізгі сипаттамалары. Бұрғылау сораптары мен элементтерін конструкциялау және есептеу. Бұрғылау тізбектерін айналдыруға арналған жабдықтар, атқаратын қызметі. Ұршықтар, схемалары және негізгі параметрлері. Ұршық және оның негізгі элементтерін конструкциялау, есептеу. Ротор және оның элементтерін есептеу, конструкциялау. Бұрғылау құрылыстарын есептеу және конструкциялау. Бұрғылау мұнараларының, негізінің және жабындысының конструктивтік схемаларын талдау. Фонтандық арматура, оның схемасын, элементтерін және бөлшектерінің материалдарын таңдау. Ұңғыма өнімін дайындау және сақтауға арналған жабдықтарды жобалау. Ыдыс элементтерін есептеу: цилиндрлік бөлік, әртүрлі пішімді түптер, қақпақтар. Ыдыс элементтерін есептеу - фланецтік қосылыстар. Шегендеу тізбектерінің конструкциялары және бекітілуі. Сораптық-компрессорлық құбырларды беріктікке есептеу. Роторлық бұрғылауға арналған тау жынысын бұзушы құрал конструкциялары. Бұрғылау жабдығын дамытудың негізгі тенденциялары.

Практикалық сабақтар: Бұрғылау қондырғысының ілмегінің оқпанын беріктікке есептеу. Ұршық оқпанын беріктікке есептеу. Ротордың жылдам жүрісті білігін беріктікке есептеу. Ротор столының подшипниктерін беріктікке есептеу. Сораптық-компрессорлық құбырларды беріктікке есептеу. Мұнараны құлауға есептеу. Цилиндрлік қабықты және эллипстік түпті аппаратты берікке есептеу. Саңылауларды беріктікке есептеу. Жейдешелі вакуумдық аппаратты беріктікке және тұрақтылыққа есептеу. Қаңқалардың түйісу орнын берікке есептеу. Тік, көлденең аппараттардың тіректерін есептеп, таңдау. Бағаналы аппаратты жел және сейсмикалық жүктемелерге есептеу. Білікті діріл тұрақтылыққа есептеу. Фонтандық арматура схемасын таңдау. Фонтандық арматураның фланецтік қосылысын есептеу. Пакер есебі.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Бұрғылау жабдығын есептеу және конструкциялаудың негізгі принциптері. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған жабдықтардың даму бағыттары мен песпективалары


3-курс

5, 6 семестр

5 семестр


Пәннің аталуы

Электротехника және электроника негіздері

Қысқартылған атауы




Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұратова К.А.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ

Оқу жоспарымен сәйкестігі




Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пәнді толық меңгеру үшін физика мен математика ғылымының келесі тарауларын білген жөн: а) физика- электростатика, тұрақты, айнымалы тоқ, магнетизм, электр магнитті тербелістер

б) математика- дифференциалды және интегралды есептер, векторды талдау комплексті сандар, және т.б.



Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Электртехникасы пәннің негізгі мақсаты инженер – механиктер мамандарының теориялық және практикалық дайындықтарының деңгейі айтарлықтай жоғары болып, олар болашақта электртехника қондырғыларын дұрыс таңдап және дұрыс пайдалана білуі болып табылады.


Мазмұны

Дәрістер: Тұрақты ток электртехникалық құрылғылары және электрлік тізбектері. Генерациялық және қабылдағыш құрылғылар. Тұрақты ток электртехникалық құрылғыларының орын басу схемалары. Резистивті элементтер, ЭҚК және ток көздері, олардың қасиеттері мен сипаттамалары

Бір электр энергия көзі бар тармақталмаған және тармақталған электр тізбектері.

Электр тізбектері схемаларындағы электрлік шамалардың шартты оң бағыттары. Активті және пассивті екі полюсттер және олардың орын басу схемалары. Активті екі полюстердің жұмыс күйлері. Электр тізбектерінің энергетикалық қатнастары. Активті және пассивті екі полюсттердің екі элементі орын басу схемаларының параметрлерін анықтау.

Сызықты электр тізбектерінің қасиеттері. Суперпозиция және компенсация принциптері.

Айнымалы ток электртехникалық құрылғылары және электрлік тізбектері. Айнымалы ток электрмагнитті процестері және электр тізбектерінің ерекшеліктері. өнеркәсіптік және жоғары жиіліктегі айнымалы токтың генерациялық құрылғылары туралы түсінік. Өндірістік жиіліктегі синусоидалы токтың электртехникалы құрылғыларының кең тарау себетері.

Электрлік шамаларды синусоидалы функциялармен көрсету әдістері: уақыттық диаграммалармен, векторлармен, кешенді сандармен. Синусоидалы функцияны сипаттайтын негізгі параметрлер.

Синусоидалы ЭҚК көздері. Электр энергия қабылдағыштары. Резисторлар, индуктивті катушкалар, конденсаторлар. Айнымалы токтың электртехникалық құрылғыларының шартты графикалық белгілеулері. Айнымалы ток электр тізбектерінің орын басу схемалары. Орын басу схемаларының элементтері: резистивті, индуктивті, сыйымдылықты. Синусоидалы ток тізбектері үшін Ом және Кирхгоф заңдары. Электр тізбектері схемаларындағы синусоидалы шамалардың шартты оң бағыттары

Тармақталмаған тізбектер үшін электр күйінің теңдеуі. Екі полюстердің активті, реактивті және толық кедергілері векторлық жазықтықтағы векторлық диаграммалар. Тізбек бөлшектеріндегі ток пен кернеу арасындағы фазалық қатынастары. Потенциалды диаграммалар (топографиялық)туралы түсінік.

Синусоидалы ток тізбектерінде энергия мен қуат тербелістер. Активті, реактивты және толық қуат. Қуат коффециенті және оның техника- экономикалық мәні.

Кернеу резонансы, пайда болыу шарты, практиклық мәні.

Тармақты параллель жалғанған тізбектер. Электр күйінің теңдеуі, кешенді жазықтағы векторлық диаграммалар. Активті, реактивты және толық өткізгіштер. Тармақтағы токтар параллель тармақтардың қысқыштарындағы кернеулер арасындағы фазалық қатынастары.

Токтар резонансы. Оның пайда болуы шарттары мен практикалық мәні Қуат коэффициентін жоғарлату әдістері. Қарапайым шеңберлік диаграммалар. Реттелетін және реттелмейтін фаза ығыстарушы тізбектер туралы түсінік. Синусоидалы токтың төрт иықты көпірлік тізбектерді қолданылу аумағы мен ерекшеліктері.

Активті және пассивті тармақтары аралас байланысқан тізбектердің электрлік күйін талдау туралы түсінік. Қарапайым магнитті байланысқан тізбектер мен оларды талдау. Сызықты төрт полюстер туралы түсінік.

Үш фазалы құрылғылар дың қолдану аумағы. Үш фазалы құрылғылардың құрылымы, үш фазалы тізбектердің құрылымы. Үш фазалытенератор. Кешенді жазықтықтағы векторлық диаграммалардың көмегімен генератордың шығу кернеуінің кескінделуі.

Бір және үш фазалы қабылдағыштарды үш фазалы тізбекке қосу әдістері. Үш және төрт сымды тізбектер. Үш фазалы тізбектегі электр шамаларының шартты оң бағыттары. Сызықты және фазалық токтар мен кернеулер.

Үш фазалы тізбектегі қабылдағыштардың электрлік күйін анықтау. Үш фазалы тізбектердің симметриялық күйлері. Симметриялық жүктеме кезіндегі фазалық және сызықтық кернеулер мен токтар араларындағы қатнастар.

Үш фазалы және төрт сымды тізбектердегі симметриялы емес күйлер туралы түсінік. Бейтарап сымның қызметі. Үш фазалы тізбектің қуаты. Үш фазалы қондырғылардың қуат коэффициентін жақсарту тәсілдері. Электр тізбегін пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі.

Қазіргі қоғамдағы, ғылымдағы, техникадағы және өндірістегі электроника, оның ролі мен қызметі. Қазіргі замандағы электрониканың негізгі құрылғыларының классификациясы, тарихы және оның даму жолдары. Электр емес инженердің кәсіптік қызметі үшін электроника саласындағы білімінің ролі.Аналогты электроника, аналогты электронды техника, импульсті электронды құрылғылар, сандық электроника

Жартылай өткізгішті резисторлар, диодтар, тирсторлар, транзисторлардың құрылысы, сипаттамалары, параметрлері, қызметтері. Қазіргі заманғы электрониканың приборлары мен құрылғыларының интегралды микросхемалары мен микроминиатюризациялау

Электр түзеткіштер. Басқарылмайтын және басқарылатын бір және үш фазалы электр түзеткіштердің электр схемалары мен жұмыс істеу принциптері. Кернеу мен токтың түзетілген компенсацияланған стабилизаторының пульсациялары. Түзеткіштердің сыртқы сипаттамасы.

Кернеуді реттеу көздері ретіндегі тиристорлы түрлендіргіштер. Тиристорлы түзеткіштермен басқарудың принциптері. Өрісті және өрісті транзисторлардағы күшейткіш каскадтар. Күшейткіш каскадтардыңжұмысын графоаналитикалық талдау. Күшейту коэффициенттері, беріліс сипаттамалары, амплитуда-жиілік сипаттамалары. Жұмыс күйлері мен температуралық тұрақтылық.

Бірнеше каскадты кернеу күщейткіштері жайлы түсінік. Қуат күшейткіштері. Күшейткіштердегі кері байланыстар, олардың параметрлерге әсері және күшейткіш сипаттамалары. Тұрақты ток күшейткіштері. Нөльдік ауытқуы. Дифференциялық каскадтар. Операциялық күшейткіштердің схемалары мен қасиеттері. Таңдау күшейткіштері.

Автогенераторлар. Өздігінен қозу шарттары. Синусоидалы сигналдардың автогенераторлары. Автогенераторлар мен кернеулік сызықты-өзгеру автогенераторларының қолданылуы. Компараторлар мен мультивибраторлар. Операциялық күшейткіштер негізінде, схемаларды тарату мысалдары.

Трансформатордың қызметі мен қолданылу аумағы. Бір фазалы трансформатордың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Трансформация коэффициенті. Кернеудің, токтың ЭҚК-ң және магнит ағындарының шартты оң бағыттары. Электр схемаларыннда трансформаторларды кескіндеуге қолданылатын шартты графикалық белгіленулер. Трансформатордың жұмысының күйлері. Векторлық диаграммалар және орын басу схемалары.Бос жүріс және қысқа тұйықталу тәжірбиедері, қызметі мен жүргізі шарттары. Энергияның жоғалуы. Трансформатордың паспорттық берілгендері. Сыртқы сипаттамалары.

Үш фазалы трансфоматорлар құрылысы, жұмыс істеу принципі және қолдану аумағы. Қуаты аз трансформаторлардың ерекшеліктері. Ток пен кернеуді өлшеу трансформаторлары. Қосылу схемалары, өлшеу трансформаторларын пайдалану кезіндегі өлшеудің қателіктері туралы түсінік.

Электрлік машиналардағы негізгі физикалық құбылыстар. Энергияның түрлендірілуі. Электрлік машиналарды классификациялау. Орамдардың ЭҚК-і, электромагниттік момент. Жүгіртпе және айнымалы магнит өрістері. Электрлік машиналардың шартты графикалық белгіленуі. Тұрақты және айнымалы ток машиналарынң қолданылу аумағы.

Тұрақты ток машиналары. Құрылысы және жұмыс істеу принциптері. Генератор мен қозғалтқыш күйлері. Коллектордағы ұшқындау тралы түсінік. Орамның ЭҚК мен электромагнтті момент формулалары. Электр күйінің теңдеулері мен зәкірдің орамдарының орын басу схемалары. Энергияның жоғалуы және ПӘК. Тұрақты токтың қозғалтқыштары. Қоздыру әдістері. Қозғалқышты іске қосу.Өздігінен реттеу қасиеттері. Механикалық және жұмыстық сипаттамалары. Айналу жиілігін реттеу. Тұрақты ток қозғалтқыштарының паспортық берілгендері. Асинхронды машиналар. Үш фазалы асинхронды машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі. Жылжуы мен жұмыс күйлері. Статор және ротор орамдарының электр күйлерінің теңдеулері. Орын басу схемалары. Машинаның магнит өрістері. Электромагнитті момент. Механикалық сипаттамалар.

Энергияның жоғаллуы мен қозғалтқыштың ПӘК. Қозғалтқыштың реактивті қуаты мен қуат коэффициенті. Жұмыстық сипаттамалары. Паспорттық берілгендері.

Қысқа тұйықталған және фазалық роторлары қозғалттқыштарды іске қосу. Жақсартылған іске қосу қасиеттері бар асинхронды қозғалтқыштар. Айналу жиілігін реттеу.

Синхронды машиналар. Құрылысы, жұмыс істеу принципі, жұмыс күйлері. Синхронды қозғалтқыштардың негізгі сипаттамалары. Синхронды қозғалтқышты іске қосу.

Электр жетегінің анықтамасы. Химиялық технологиядағы өндірістік процестері автоматтандыруға электр жетегінің мәні. Электр жетегінің қалыптасқан және өтпелі процестері туралы түсінігі. Электр жетегі қуатын дұрыс таңдаудың техника- экономикалық мәні.

Қозғалтқыш қуатын таңдауды анықтайтын шарттар. Қозғалтқыштың қызуы және салқындауы. Кластар және оқшаулау. Жүктеме диаграммалары туралы түсінік және оларды тұрғызу принциптері. Қосу ұзақтығы. Электр қозғалтқыштың жұмыс күйі және мейілінше таралған өндірістік механизмдер үшін қозғалтқыш қуатын таңдаудың жалпы сұрақтары. Ұзақ жүктеме және қысқа мерзімді жұмыс күйі үшін қозғалтқыш қуатын таңдау. Қайталатын қысқа мерзімді жұмыс күйі үшін қозғалтқыш қуатын таңдау. Айналу жиілігі бойыш қозғалтқышты таңдау. Беріліс жүйесін таңдау.



Зертханалық сабақтар: Техника қауіпсіздігі

1. Тұрақты ток тізбектерін зерттеу.

2. Пассив элементтері тізбектей жалғанған бір фазалы айнымалы ток тізбегін зерттеу. 3. Пассив элементтері параллель жалғанған бір фазалы айнымалы ток тізбегін зерттеу. 4. Тұтынушылары жұлдызша жалғанған үш фазалы айнымалы ток тізбегін зерттеу. 5.Тұтынушылары үшбұрышша жалғанған үш фазалы айнымалы ток тізбегін зерттеу. №6. Бір фазалы трансформаторды зерттеу. 7. Үш фазалы асинхронды қозғалтқышты зерттеу.


Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Инженер-механиктерге электртехника курсын оқытқанды жалпы мақсаттарына мыналар қатысады:

а) электр аппараттары мен қондырғылардың принципиалды электр схемаларын оқи білу,

автоматты реттеу, басқару жүйесімен, приборлармен олардың келісу мүмкіндігін анықтау.

б) тұрақты тоқ және айнымалы тоқ тізбектеріне есеп жүргізе білу, қондырғылардың параметрлері өзгергенде олардың жұмыс режимін анықтау.

в) берілген функция орындалу үшін принципиалды электр схемасын құрастырып, талдау жасай білу.




5 семестр


Пәннің аталуы

Термодинамика және жылутехника

Қысқартылған атауы

ТЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Орымбетов Әмит Махатович

Доцент / оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, практикалық–15, ОСӨЖ–30, СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пән пререквизиттері: жоғары математика (функция, диф.туындылар, интегралдау, функциялардың экстремумы); физика (сұйықтар мен газдардың қасиеттері, жылу, энергия, диффузия); гидравлика (шекаралық қабат, ағу режимдері, қозғалудың диф. теңдеулері), химия (заттың құрылысы, химиялық элементтердің қасиеттері, химиялық реакциялардың стехиометриясы).

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Термодинамиканың және жылутехникасының теориялық негіздерін, жылу мен жұмыстың бір-біріне айналу заңдылықтарын, жылукүшті машиналардың және жылугенераторларының жұмыс істеу принциптерін және оларды есептеу әдістерін үйрету.

Пәнді оқу барысында студенттер төмендегідей білім негіздерін ұғынады: идеал және нақты газдардың термодинамикалық процестерін; жылу және тоңазыту машиналарының термодинамикалық циклдарын; жылудың жылуөткізгіштікпен, конвекциямен және сәулелену арқылы тасымалдану заңдылықтарын; отынды және оның жану процестерін есептеу негіздерін; жылу генераторларының және жылу күшті қондырғылардың құрылысын, олардың жұмыс істеу принциптерін; энергия қорларын пайдалану мүмкіндіктерін.



Мазмұны

Дәрістер: «Термодинамика және жылутехника» пәні үш тарауға бөлінген. Бірінші бөлімде, техникалық термодинамикада, негізгі ұғымдар мен анықтамалар, термодинамикалық процестер мен жылу және тоңазыту машиналарының термодинамикалық циклдары қарастырылады. Сонымен қатар су буы мен ылғал ауаның термодинамикалық процестері талданады. Екінші бөлімде, жылуалмасуда, жылудың кеңістікте өздігінен таралу заңдылықтары және оларды есептеу негіздері оқытылады. Үшінші бөлімде, өндірістік жылутехникада, отын құрамы және мінездемелері, оның жану негіздері, қазандық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері және оларды есептеу негіздері, өндірістік қыздыру қондырғылары оқытылады.

Практикалық сабақтар: газдардың жылуфизикалық қасиеттерін, идеал газдың термодинамикалық циклын, су буы мен ылғал ауаның термодинамикалық процестерін, жылуөткізгіштік, конвективті жылуалмасу және сәулелену процестерін, жылуалмастыру аппараттарын, отын құрамын және оның негіздерін, қазандық агрегаттардың мінездемелері есептеу.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент термодинамиканың негізгі заңдылықтарын және жылудың жұмысқа айналу принциптерін, жылтасымалдау түрлерін, қазандық қондрғыларды және қыздыру құрылғыларын есептеуді білуі керек.

Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет