Мектеп
Ғ Ы Л Ы М И Ж О Б А
ТАҚЫРЫБЫ: Газдалған сусындардың зияны.
Секциясы: Адам денсаулығы және қоршаған орта
Орындаған:
Жетекші:
2021 жыл
Мазмұны.
І.Кіріспе
IІ.Негізгі бөлім
1.Тақырыптың теориялық сараптамасы
2. Газдалған сусындар. Жалпы мағұлмат. Жіктелуі.
3. Газдалған сусындардың адам ағзасына әсері.
IIІ.2. Практикалық бөлім
1.Газды сусындардың құрамымен танысу.
ІV. Қорытынды
V. Ұсыныс
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер.
Аңдатпа
І.1. Тақырыптың өзектілігі
Күн жылынғалы ішетініміз газды сусындар. Ал оның «у» екенін білеміз бе? Дүкендер мен сауда сөрелеріне бара қалсаң олардың жеті атасын көресің. Түрі мен түсі әртүрлі бұл шөлқандырар сусындардың біздің ағзамызға әсері қандай, пайдалы ма, әлде зиян ба? Ішіп тұрып, осы сұрақ мені мазалады. Осыдан кеп мен осы сусындарды зерттемекке бел будым. Ғаламтордан ең алғашқы оқыған мәліметім: әлемде 180 мың адам осы сусынның зиындығынан қайтыс болады екен. Осы мәліметті оқи отырып, зерттеу жұмысымның өзекті мәселе екеніне көзім жетіп, қызыға түстім.
Жазда сусындардың нағыз саудасы қызатын кез. Күн ыстықта шөлдеген адамның салқын сусынға деген тәуелділігі арта түседі. Жалпы ағзаның 60%-ын су құрайтыны белгілі. Ендеше бойдағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті қажетті мөлшерде су ішіп тұру қажет. Су тек сұйық зат қана емес, жасуша үшін қорек ортасы, ағзадан улы заттарды, қалдықтарды және артық тұздарды шығарады. Адамдардың өмір сүруі үшін ең қажетті зат. Сондықтан Адамзат әртүрлі сусындар дайындауға үйренді. Осылай газдалған сусындарда пайда болды.
Газдалған сусын көмірқышқыл газымен қаныққан, минералды және ароматты тәтті судан тұратын салқындатылған сусын. Газдалған су әлсіз, орта және қатты газдалған болуы мүмкін. Дүкендер мен дүңгіршектерде біздерге үнемі тәтті, түрлі түсті, газдалған сусындарды алуға ұсыныс жасайды. Сонымен бірге, телеэкраннан да газдалған сусындар туралы жарнамаларды диі көзіміз шалады. Онда сусындардың қалай шөлді қандыратыны туралы,олардың керемет дәмдері туралы айтып жатады. Газет пен журнал беттерінен де «керемет сусын» жайында жарнамалар беріліп жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |