Ф-жоокб-01/018 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


I-ТАРАУ ҚАРАПАЙЫМ ЭКОНОМИКА ЕСЕПТЕРІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ



бет5/41
Дата30.06.2020
өлшемі1,47 Mb.
#74729
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Дуйсенбаева Айнур

I-ТАРАУ ҚАРАПАЙЫМ ЭКОНОМИКА ЕСЕПТЕРІНІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ
Кез келген ғылым саласында есептеу техникасы мен математикалық зерттеу тәсілдерін қолдану үшін (мысалы, экономикада) алдымен зерттелінетін құбылыстың математикалық моделін құрастыру қажет. Математикалық модель деп есептің мақсаты мен шаpттарына сәйкес құрастырылған оның негізгі параметрлерін байланыстыратын математикалық фрмулалардың (теңдеулер, теңсіздіктер, интегралдар және т.б.) жиынын атаймыз. Математикалық модель математикалық есепті қарастыруға мүмкіншілік жасайды.[3]

Есептің математикалық моделі қандай болуға тиіс?-деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл жерде ол туралы екі түрлі көзқарасты қарастырайық. Кез келген қарапайым есептің өзі көптеген факторларға байланысты болады; ал олардың тек белгілі біреулері ғана есепке алынуы мүмкін. Кейде, барынша көп факторларды есепке ала отырып, құбылысты аса дәл сипаттайтын модельді қарастыруға тырысу нәтижесінде өте қиын, әрі әрбір фактордың құбылысқа тигізетін әсерін анықтауға мүмкіншілік бермейтін есепке келтірілуі мүмкін. Екіншіден, көпшілік фактоpларды есепке алмау математикалық есепті оңайлатқанымен оның шешіміне ешқандай мағына болмайтын жағдайға келтірілуі мүмкін. Сондықтан кез келген құбылысты зерттеу ісінің табысты болуы оның математикалық моделін сәтті құрастыруға байланысты.



Енді әртүрлі қарапайым экономика есептерінің математикалық модельдерін қарастырайық. Төменде қарастырылған есептердің барлығына тән қасиетберілген шарттар бойынша теңдеу- немесе теңсіздіктер күйінде жазылған шектеулер мен есепті шешудің критерийін (белгісін) анықтайтын мақсат функциясы құpастырылады. Бұл жерде критерийі мақсат функциясының экстремаль мәндерін табуға арналған математикалық бағдарламалау есептері қарастырылады; олар вариациялық есептер класына жатады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет