Алғашқы таяныш шешімді анықтау
Алғашқы таяныш шешімді анықтау үшін алдымен (4.2) теңдеулер жүйесінің негізгі матрицасын қарастыру қажет.
а11 а12 а13 . . . а1n
а21 а22 а23 . . . а2n
A= ... ... ... ...
а m 1 а m 2 а m 3 . . . а m n
Егер бұл матрицадан ранг дәрежесі m-ге тең бірлік матрицаны бөліп жазуға болатын болса, онда алғашқы таяныш шешімді бірден табуға болады. Коэффициенттері бірлік матрица құрайтын айнымалылар базистік деп, қалғаны еркін айнымалылар деп аталады. Есептеуге жеңіл болу үшін еркін айнымалыларды нөльге тең деп, базистік айнымалыларды (4.2) теңдеулер системасынан, табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |